Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бір жақты баспа платалары

Бір жақты баспа платалары – элеменеттері бір жағында ғана орналасқан пластина. Бір жақты БП-да жеке тізбектерді біріктіру үшін сымды жалғағыштар пайдаланылады. Олардың басты сипаттамасы орындалатын суреттің жоғарғы дәлдігі. Көбінесе, бір жақты БП-ын арзан тұрмыстық техникада пайдаланады. Бұл өнімнің басты кемшілігі сенімсіздігі мен элементтердің әлсіз бекітілуі, олардың диэлектриктік негізінен алынып қалу мүмкіндіктері болады. Олардың тесіктерін металдауға болады, бірақ бұл жағдайда бір жақты БП-ның бағасы екі жақты БП-нан салыстырмалы ғана айырмашылық жасайды. Металданған тесіктері конструкцияға үлкен беріктікті береді. Өндірісте әлі күнге дейін бір жақты баспа платалары осы конструкцияларды өндірудің ¾ үлесін алады. Дәл осы себепті де, олар бәсекелестікке қабілетті.

1-сурет. 1 – диэлектрик, 2 – қорғаныш қабаты, 3 – ток өткізу жолы, 4 – байланыс тесігі.

Артықшылығы: бағасының арзан болуы;

Кемшілігі: төмен жол белгілеу(трассировка) қабілеті барысынан сұлба суретін төмен жіберу қабілеті, кең өткізгіштердің бір жағында ғана және алшақ орналасуы. Сол себепті жоғарғы функционалды күрделі ЭРБ-ын бір жақты БП-да орналастыруға шек қойылған.

Бір жақты баспа платаларын фольгаланған және фольгаланбаған, жұмсақ және қатты диэлектриктерден жасайды.

       
   

 


Қатты фольгаланған негіздегі бір жақты баспа платалары

Негізгі сипаттамалары:

- Элемент базасы: дәстүрлі;

- Пайдалану аймағы: тұрмыстық техникасы, байланыс құралы;

- Дәлдік класы: 1,2;

- Қаттылық тобы: 1;

- Ұсынылған максималды өлшемдері, мм:500*500

- Негіздің материалы: фольгаланған гетинакс ГФ-1, фольгаланған стеклотекстолит СФ-1;

- Тесіктің минималды диаметрі,мм:0,8;

- Өткізгіштің минималды ені,мм:0,45;

- Өндіріс типі: ұсақ сериялы, сериялы, ірі сериялы.

Қатты фольгаланған негіздегі бір жақты баспа платаларын дайындаудың негізгі әдістері:

· Химиялық кері;

· Химиялық тура.

Бір жақты баспа платаларын жасау уақытысында берілген әдістер бойынша өндіріс типінің негізгі кезеңдері төменде көрсетілген:

Химиялық кері әдістің негізгі кезеңдері Алу мүмкіндігінің әдістері Кезеңдердің эскизі
  Кіріс бақылау мен диэлектриктің термотұрақтылығы    
  Материалды пішу   топтық жеке дайындау дайындау
  Дайындаманы алу және тесіктерді бекіту Штамптау
  Дайындаманың үстіңгі қабатын дайындау Механикалық әдіс  
  Қорғаныш рельефін алу 1. Сеткография(СГ) 2. Офсетті баспа Дайындау кезеңі: СГ үшін трафарет дайындау; офсетті пішінді дайындау
  Кептіру 1. Ультракүлгін кептіру(УК) 2. Термиялық кептіру  
  Бос орында қалған мысты улау  
  Қорғаныш рельефін жою  
  Құрастыру тесіктерін алу 1. Штамптау 2. Бұрғылау
  Дәнекерлеу маскасын жүргізу Сеткография Дайындау кезеңі: Дәнекерлеу маскасын жүргізу үшін трафарет дайындау
  Кептіру 1. УК 2. Термиялық кептіру  
  Қалайылау Розе құймасы ПОС-61
  Флюсты жуу    
  Маркерлеу 1.СГ 2. Тамшылы әдіс Дайындау кезеңі: Трафарет дайындау  
  Электрлік параметрді бақылау    
  Сыртқы сызығы бойынша кесу және бекітілетін тесіктер алу Штамптау

 

Қатты фольгаланбаған негіздегі бір жақты баспа платалары

Қатты фольгаланбаған негіздегі бір жақты баспа платаларын дайындау кезінде жеңіл әрі арзан әдісі – белсенді пастаны қолдану. Оларды жай металл негізінде жасайды. Сұлба суретімен сәйкес сеткографиялық әдіспен диэлектрикке сұрыпталып жүргізіледі. Одан кейін суретті металдайды, нәтижесінде белсенді паста мысқа алмасады, одан кейін қалың қабатты химиялық мыстану жүреді. Оларды 1-ші және 2-ші дәлдік класы бойынша алады. Біржақты баспа платаларын тұрмыстық техникада өте кеңінен пайдаланады.

Негізгі сипаттамалары:

- Элемент базасы: дәстүрлі;

- Пайдалану аймағы: тұрмыстық техникасы;

- Дәлдік класы: 1,2;

- Қаттылық тобы: 1;

- Ұсынылған максималды өлшемдері, мм:500*500

- Негіздің материалы: фольгаланбаған гетинакс;

- Тесіктің минималды диаметрі,мм:0,8;

- Өткізгіштің минималды ені,мм:0,45;

- Өндіріс типі: сериялы.

Белсенді пастасы бар бір жақты баспа платаларын жасау уақытысында берілген әдістер бойынша өндіріс типінің негізгі кезеңдері төменде көрсетілген:

Әдістің негізгі кезеңдері Алу мүмкіндігінің әдістері Кезеңдердің эскизі
  Диэлектриктің кіріс бақылауы    
  Материалды пішу   топтық жеке дайындау дайындау
  Дайындаманы алу және тесіктерді бекіту Штамптау
  Дайындаманың үстіңгі қабатын дайындау Химиялық әдіс  
  Белсенді пастамен сұлба суретін алу Белсенді пастамен сеткография(СГ) Дайындау кезеңі: СГ үшін трафарет дайындау
  Сұлба суретін металдау Белсенді пастаның мыспен алмасуы
  Қалың қабатты химиялық мыстану  
  Құрастыру тесіктерін алу 1.Штамптау 2.Бұрғылау
  Дәнекерлеу маскасын жүргізу Сеткография Дайындау кезеңі: Дәнекерлеу маскасын жүргізу үшін трафарет дайындау
  Кептіру 1. УК 2. Термиялық кептіру  
  Қалайылау Розе құймасы ПОС-61
  Флюсты жуу    
  Маркерлеу 1.СГ 2. Тамшылы әдіс Дайындау кезеңі: Трафарет дайындау  
  Электрлік параметрді бақылау    
  Сыртқы сызығы бойынша кесу және бекітілетін тесіктер алу Штамптау

 

Артықшылықтары:

1. Бос орындағы мысты уландыру керек емес;

2. Қалың қабатты мыстануға шыдамды материал пайдаланылады;

3. Жеңіл әрі арзан.

 

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 159 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Комментарий по задаче 8, которая задана не была.| Центр развития бизнеса» Байкальского банка СБЕРБАНКА России.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)