Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары

Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері | Демалыс уақытының ұғымы және түрлері | Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері | Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы | Ылмыстық құқық түсінігі, пәні, қағидалары және қайнар көздері | Ылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы | Ылмыс істеу сатылары және жаза түсінігі, мақсаты, түрлері | Азаматтық іс жүргізу ұғымы | Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы. | Сот актілерін орындау сатысы. |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері
  2. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі
  3. Азаматтық іс жүргізу ұғымы
  4. Р Конституциялық құқығының негіздері

Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз – азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқытық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары- азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең». Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі номативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы – ҚР АІЖК-сі болып танылады.

Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерімі көрсетілмесе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚРАІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.

Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе№ Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.

10.5 Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы

Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданылатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Ааматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқытық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі| Студентің мен оқытушының өздік жұмысына арналған практикалық тапсырмалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)