Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Читайте также:
  1. КІРІСПЕ
  2. Кіріспе
  3. КІРІСПЕ
  4. КІРІСПЕ
  5. КІРІСПЕ
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе

Леуметтану» пәні бойынша

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дюркгейм Эмиль

 

Орындаған: Тулеева.Б.Б

Тексерген: Ахметтаев.А

 

АЛМАТЫ 2012

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Э. Дюргеймнің өмірбаяны

ә) Аномия

б) Социологизм

в) Әлеуметтік факт және қауымдастық

3. Қорытынды бөлім

Кіріспе

Эмиль Дюркгейм (158-1917) Француз әлеуметтанушысы. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды,солардың арқасында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», «Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады.
Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады.Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады.Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.
Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі –оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді.Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің түтқасына айналуында.Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминацияадамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмперикалық өмірдің екі жағына айналды.Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді.Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінеді:егерде сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік нормаларда соғұрлым тиімдірек болады.
Э.Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.

Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.

Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі- әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э.Дюркгейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсінікті (елестетуді) жапқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің моралдік, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері, т.б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық саны мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс-әрекет, қимыл жасайды. Ал, бұл топтың мінез-құлқы оның әрбір жеке мүшесінің ой-сезім, іс-әрекетінен басқаша. Бұл постулатты (яғни, еш қандай дәлелді керек етпейтін жорамалдарды) Э.Дюркгейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен (адамнан) тәуелсіз, ол да табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің объективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде зерттеуге итермелейді, онда жаратылыстанудың кейбір әдістері (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза (болжам), эксперимент, т.б.) қолданылады. Әлеуметтік фактілер адам өмір сүруіндегі іс-әрекеттерінің бейнесі (суреті, образы), ал, бұл іс-әрекет белгілі және белгісіз болуы мүмкін, бірақ, олардың адамға сырттай ықпал ететін қабілеті болады. Жас өспірім бала дайын тұрған даму заңдарына жататын әдет-ғұрыптарды, діни сенімді, тәртіп ережелерін сол дайын күйінде қабылдайды. Бірақ, бұлар оның таным-түйсігінде өздерінше қызмет атқарып, объективті өмір сүреді.

Әлеуметтік фактілердің объективтік өмір сүруінің тағы бір салдары- ол адамдарға әсер етер отырып, оларды белгілі бір іс-әрекет жасауға итермелейді. Сөйтіп әрбір адам әлеуметтік мәжбүрлікке душар болады.

 

 

Дюркгейм Эмиль (Durkheim, Emile) (1858–1917) – француз ойшылы, кәсіби әлеуметтанудың негізін салушы.
Эмиль Дюргеймнің (1858-1917)- француз социялогы, сологияны ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыптастырушылардың бірі. Францияның солтүстік-шығысындағы Эпинал қаласында 1858 жылы 15 сәуірде Раввин әулетінің отбасында дүниеге келді. Париждегі Жоғары қалыпты мектепті тамамдаған кейін,провинциалды лицейлерге бірнеше жыл бойы сабақ берді.1887 жылы Бордо қаласындағы университетте әлеуметтік ғылым және педагогикаоқытушысы қызметіне тағайындалды.Он жылдан соң ол бұл жерде Фрациядағы ең алғашқы әллеуметтік кафедрасын басқарды.

1896 жылы Дюркгейм социялогия тарихында елеулі оқиға болған жаңа мерзімді басылымға басшылық ете бастады.Ол 1896 жылы – 1913 жылдар аралығында редакциялаған L`Annee BaGi Sociologique журналы, ең алғашқы рет дюркгеймдік мектеп зерттеулерінің нәтижелерін жариялай бастады.Бұл жылнама Франциядағы түрлі бәсекелесуші топтар арасындағы дюркгеймдік социалогия үстемдігінің негізгі институционалдық факторы болды.

Журнал қызметкері кәбіне оның бас редакторының идеяларына негізделген күшті ғылыми ағымды қалыптастырды.Бұ кейін “Француз социялогиясының мектебі”- деген атқа ие болып, осы елдегі социялогияныңдамуын бірнеше он жылдыққа айқындап берді.

1902 жылы Дюркгейм атақты Сорбоннаға шақырылады.Нәтижесінде оның әллеуметтік бойынша лекциялық-курсының негізінде “Тәрбие және әллеуметтану туралы ғылымдар” кафедрасы құрылып, ол оған да жетекшілік етеді.Дюркгейм тек қана француз социялогиясын қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге пән ретіндегі социялогия шеңберінен шығып, француздың интеллектуалды және тіпті саяси дағдарыстарына белсене қатысты.

Көзі тірісінде Дюркгейм Төрт кітап шығарды:”Қоғамдық еңбек белісі туралы” (1893), “Социялогия әдісі” (1895), “Өзін-өзі әлтіру” (1897) және “Діни әмірдің қарапайым формалары” (1912).

Дюркгейм өзінің әлеуметтік көзқарастар жүйесін құрған теориялық-методологиялық база “социологизм” деп аталды. Ол социологиялық реализмнің бір түрі деп есептеледі.Бұл бағыттың басты ерекшелігі номинализмге қарама-қарсы қойылуына болды. Социологиялық реализм өзінің парадигмасыретінде адамзат қоғамын ерекше шындық ретінде мойындау қажеттілігі мен міндеттілігін көрсетті. Социология пайда болғанға дейін арнайы оқу пән ретінде мұндай әлеуметтік шындықты зерттеумен бірде-бір ғылым саласы айналысқан емес.

Социологиялық әдіс ережелерінде Дюркгейм қоғамның психологиялық фактілерге сәйкес келмейтін өзінің жеке шындығы. Әлеуметтік шындықтың мұндай ерекше сипатын мына фактіден көруге болады, біз бұл шындықты қалауымыз бойынша жойып жібере алмаймыз.Қоғам біздің ойларымыз бен тілектерімізге қарама-қарсы тұрады, себебі ол табиғат объективттілігімен салыстыруға болатындай объевтивтілігімен ие, алайда ол екеуі бірдей емес.

Дәлме-дәл айтсақ, социологизм дербес жалпы социологиялық теория ретінде әлеуметтік өмірге қандай-да бір ерекше анықтама беруге немесе түсіндіруге талпынбайды.Бұл философиялық-социологиялық тұжырымдаманың мәні белгілі бір бастапқы позицияны тұжырымдауға саяды: яғни,адам болмысындағы әлеметтік шындықтың басты жән ерекше маңызын мойындау және де бұ болмысты түсіндіруде социологиялық әдістерді қолдану. Қоғам қарапайым өзіне тән ерекшелік ғана емес, сонымен біге доминантты, жоғарғы шындық деп мойындалғандықтан, қоршаған әлемде болып жатқаның бәрін түсіндірудін социологиялық әдісі ең дұрысы деп жарияланадыюОл өзге әдістерді не жоққа шығаруы не жеке оқиға ретінде өзіне қосып алуы тиіс.

Социологизмнің онтологиялық жағы, әлеуметтік шындықтың басқа да- физикалық биологиялық, психологиялық шындықтарға қатысты автономия орнатуы болып табылады.Ол негізделген, тұрақты және белгілі бір заңдар әрекетіне бағынады. Осылайша,социялогияны өзге ғылымдардан ерекшелейтін, сондай-ақ өзінің жеке зерттеу пәні бар ғылым салалары айналысатын фактілер түсіндірілетін және бағыланатын болғаны сияқты, оның да пәні бағыланатын және түсіндірілетін болуы тиіс.

Осыдан келіп “әлеуметтік факт теориясы” шығады. Әлеуметтік шындықтың мазмұнын, Дюркгейм бойынша болмыстың не экономикалық,не құқықтықтық және басқа да фактілерін жатқызуға болмайтын әлеуметтік фактілер құрайды.Бұл әлеуметтік фактілердің мынадай өз алдына дербес сипаттамалары бар:

Ғылым мен дін арасындағы қарым-қатынас осы ғылым саласы дамуының “классикалык” кезеңдегі барлық социологтардын дерлік зерттеу тақырыптар ішінен негізгілерінің бірі болады (бұған билік етуші таптың ұстемдігі мен ол құрған меншік формасын нығайта отырып,діни идеология әлеуметтік кұрылымнан келіп шығады деген тұжырыммен шектелген Марксті қосуға болмайды).

XIX ғасырдын аяғындағы әлеуметтік ғылымдарда діни наным мен ғылым арасындағы ымыраға келмейтін қарама-қайшылық туралы идея күш ала бастады,онын үстіне қоғамдық прогрестің дамуына қарай екіншісі біріншініңәлеуметтік әмірдегі маңызын тәмәндетіп дәйекті түрде ығыстырып шығарады. Дюркгеймге келетін болсақ ол негізінен бүл қайшылықты мойындайды,сонымен бірге,егер қоғамның барлық мүшелерін біріктіруші қандай да бір ортақ сенйм болған қоғам өз құрылымы мен оны құрайтын бөлшектер арасында жеткілікті түрде мықты байланысты сақтап қалуға болатындығына кәміл сенді.

Дюркгейм өз еңбектерінде барлық әлеуметтік институттардын функционалдықсебептілігі туралы идеясын біршамадәйекте жүргізеді.Таза ұтымды тәсіл тұрғысынан келгенде қандай да бір әлеуметтік институт немесе қарапайым дәстүр, әдет-ғұрып орхайкалық орынсыз,мәнсіз болып көрінуі мүмкін.Алайда,егер олар ұзақ уақыт бойы өмір сұрап келсе,демек олар белгілі бір әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталатындағы және егер жойылмаған болса онда оны жеткілікті түрде қанағаттырып отырғаны.

Парасаты ойлау тұрғысынан келгенде сізде дінге көзқарасыңыз бойынша ұстанатын екі жеткілікті анық позициялар болуы мүмкін.Сіз қудайға не сенесіз,не сенбейсіз. Бірінші жағдайда сіэ адам санасы жетпейтін жоғары “Шындықтың”бар екенін мойындаймыз,Бұл “Шындық”социология зерттейтін тақырыптардан тыс тұрады.Екінші жағдайда құдайға сену -бұл ұтымды дүниеде орын ала алмайтын нәрселерге қатысты жай ғана иррационалды соқыр сенім.Алайда социолог үшін дінде маңыздырағы бұл анық екі қатынастағы -не дінге сену,не оған қарсы шығудың бірде-біреуі болып табылмайды.Үшінші балама бар.Дюркгейм діннің өзіндік айқын емес теориясын жасады.Онда дінің кілті сенім емес дінге бет бұрғандар іске асыратын әлеуметтік ритуалдар болып табылады.Дін-әлеуметтік ынтымақтастық кілті,ал діни нанымдар өзінің жеке құқығы бойынша емес,әлеуметтік топтың символы ретінде маңызды.Сондықтан да дін әлеуметтік әмірде басты ролъ атқаратындарға қатысты ұтымды емес феномен мысалы ретінде маңызға ие болады.

Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.

Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:

1. қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;

2. әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;

3. адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;

4. мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.

Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).

Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.

«Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.[1]

Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.[2]

Девиантты мінез-құлық (лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.

Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.[2]

Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

· қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

· тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

· микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.

· Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

· Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

3. Наша сату және тарату.

· Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

· жанұяда берекенің болмауы;

· ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

· тәрбие берудегі кемшіліктер;

· өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

· өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

· сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

· психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

· агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

· мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

· балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

· ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

· психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

· физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.

Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:

· оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

· мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

· әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

· криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:

· дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

· тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

· асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.

4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.

5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

· балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

· оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

· оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

· оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

· салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

· девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.[3]

 

Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті –тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдағы ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады.

Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық (теория солидарности) теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі – “Қоғамдық еңбектің бөлінуі” арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.

Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі-ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдік ережелердің жиынтығы болады. қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері менқызметтерінде басшылыққа алып отырады. Қоғам дамуының ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамдық-еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім, әдет-ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл –қоғамда адам одан біршама тәуелсіз,тыс тұрады да, - оның бостандығы мен дербестігі қамтамасыз етіледі.

Дегенмен, қазіргі қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда оның тұрақтылығын төмен, аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Э.Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриялды қоғамғаөту жолын талдай отырып, осы өтпелі кезеңде аномия құбылысының объективті орын алуын қорытындылайды. Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.

Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде соционализм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады.

Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына (түріне) байланысты болмақ. Нақтылай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмұнда жиналған материалдар негізінде мынандай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен Э.Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протестанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылылыс католиктерде бірнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанда қалаларда жоғары. Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін тұрпатын анықтап берді, олар: эгоистік, альтуристік, экономикалық және фаталистік. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілуі жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э.Дюргкеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Бірақ, Э. Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мотивтерін мойындамады.

Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э.Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді

Социологизм - әлеуметтік шындықтын ерекшелілігін және автономдылығын, оның индивидтерден басымдылығын бекіту

Әлеуметтік факт – қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларына немесе белгілі бір әлеуметтік процесстерге тән біртекті оқиғалар жиынтығы немесе бір реттік қоғамдық маңызы зор оқиға.[1] Сырттан көрінуі, мәжбүрлеу және болмай қоймайтындығы секілді қасиеттері бар күрделі ұғым. Оны Э.Дюркгеймнің ұжымдық ар-ұят пен ұжымдық өкілдік жөніндегі тұжырымдамаларының аясында түсіну керек. Әлеуметтік факт ұжым болып жасалады, сондықтан діни де, ресми нормалардан, практикалардан туындайтын қимыл тәсілдері. Нормалар мен мекемелер — қатаң пошымдағы Әлеуметтік фактінің мысалдары. Олар топ ұжымболып қабылдаған, орныққан, сондықтан адамға танылып, сіңірілетін тәртіптер. Олар ұжым болып өзірленетіндіктен инсаниятты болып табылады, сондықтан адамның қылықтарың тізгіндеп отырады. Әлеуметтану үшін қызықты проблема — міңсіз өкілдік пен материалдық қоғамдық ұйымдардың және олардың құрамдас әрекеттерінің арасындағы айырмашылық, мысалы, ұжым болып мақұлдаған нормалар мен шын практика арасындағы айырмашылық.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 439 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Исследование однофазных неуправляемых выпрямителей| Схема площадки

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.03 сек.)