Читайте также: |
|
Ұңғымадағы фонтанды арматура – өндірістік коммуникациялар мен манифольдтің көмегімен қабат сұйығын және газды жинауға арналған. Манифольдтің атқаратын қызметі келесідей: агрегаттарды құбырлы және құбыр сыртындағы кеңістіктермен қосылуын қамтамасыз етеді және мынадай элементтерден тұрады: төртжақ, үшжақ және көптеген қосалқы элементтерден тұрады. Жоғарыдебитті газ ұңғымаларында ауырлатылған күрделі манифольдтар қолданылады және олар келесі үлгілерде жасалады:
Үлгі 1. Орташа және шағын шығымды ұңғымаларда бір бұрып алу фонтанды шыршасын пайдаланады.
Үлгі 2. Жоғарғы шығымды ұңғымаларда бір көтеру тізбегі бар құбырымен екі бұрып алу фонтанды шыршасын пайдаланады.
Үлгі 3. Қабат қысымы шағын ұңғымаларда, газды құбыр сыртының аймағы бойынша жинауға арналған, бір тізбек басы бойымен бір құбыр арқылы бұрып алу.
Үлгі 4. Бір бұрып алуы бар екі нысанды газ ұңғымасы үшін бір фонтанды шырша бойынша пайдалану және екі шлейф арқылы бір тізбек басына бұрып алу.
Газды ұңғымалы фонтанды арматура манифольдінің үлгісі 2.12, а суретінде көрсетілген.
Катушканың (2) және бұрышты штуцерлі реттегіштердің (3) және (4) артындағы фонтанды арматура (1) екі жұмыс ішегі, сонымен қатар құбыр сыртындағы ішектер манифольдтің көмегімен ысырмамен, төртжақпен, үшжақпен, катушкамен, БӨП (бақылау өлшеу приборлары), сақтандырғыш клапанымен, үрлеп қысу жүйесі (5) агрегатын қосуға арналған балшықты сұйықты жинағышпен (6), сепараторды қосқышпен (7), штуцерлермен (8), (ДИКТа) (9) және факел жүйесін (10) қоса біріктіріп байланыстырады.
Манифольдтің атқаратын қызметі ұңғымаға ингибитор (қышқылдардың әсерін азайтатын зат) беруді, үрлеу - басу жүйесі арқылы ұңғыманы сөндіру, сонымен қатар ұңғыма бойынша құбырдың іші мен сыртын үрлеу; газодинамикалық зерттеулер жүргізу; сағадан алшақ жердегі сорап агрегаттарын қосу, конденсат пен газды жалында қауіпсіз жағу, игеру кезіндегі балшықты сұйықтар мен басқа да сұйықтарды жинау; сөндіру және жиналып қалған сұйық шығымын жеделдету сияқты жұмыстарды атқарады.
2.12-сурет. Фонтанды арматураның манифольді:
а-газды ұңғыманың манифольді; б-мұнай ұңғымасының манифольді
Фонтанды арматураның манифольдындағы газды ұңғыманың негізгі жабдықтарының біріне айырғыш клапан жатады. Фонтанды ұңғыманың манифольдының үлгісі 2.12, б суретінде көрсетілген. Газлифтті және айдау ұңғымаларының манифольдысы мен арматурасы келесі элементтерден жиналады: бір бөлігі арматурадан, ал қалған бөлігі фонтанды ұңғыма манифольдысынан тұрады.
Фонтанды арматура бірнеше функцияны атқарады. Олардың ең негізгісіне мыналар жатады: СКҚ тізбегінің салмағын ұстап тұру; егер тізбек екі қатарлы болса, онда ол екеуін де көтеріп ұстап тұру; құбыр сыртындағы кеңістікті герметизациялау және бір-бірінен оқшаулау; ұңғыманың берілген режиміндегі жұмысын қамтамасыз ету және оны реттеу; оның үзіліссіз жұмыс жасауы мен ішкі және сыртқы параметрлерді өлшеу мүмкіндігіне ие болу.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 201 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу | | | Ыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар |