Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұрақтар.Этиологиясы.Диагностикасы.Емі.

1. Гипопаратиреоз анықтамасы

2. Гипопаратиреозға алып келетін жағдайлар

3. Гипопаратиреоздың ең жиі түрі қандай?

4. Қандай синдром кезінде гипопаратиреоз көрініс береді?

5. Қанда қандай көрсеткіштерді бақылаймыз?

6. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз?

7. Гипокальциемиялық криз кезіндегі тағайындалатын ем қандай?

8. Сүйемелдеуші терапияны айтыңыз

9. Транзиторлы гипопаратиреоз ненің нәтижесінде дамиды?

10. Сүйемелдеуші терапия кезінде қандай витаминдер тобы қолданылады?

 

Жауаптары:

1. Гипопаратиреоз—гипокальциемия синдромымен көрінетін, ҚМБ жеткіліксіздігі нәтижесінде паратгормон тапшылығына байланысты туындайтын сырқат

2. Операциядан кейінгі, идиопатиялық (аутоиммунды); оқшауланған, І типті аутоиммунды полигландулярлы синдромда; сәулелену, инфильтративті аурулар, ҚМБ мен тимустың аплазиясы (Di George синдромы)

3. Жиі кездесетін түрі операциядан кейінгі гипопаратиреоз

4. Өте сирек жағдайда Ди Джорджи синдромы кезінде гипопаратиреоз көрініс береді (Di George): ҚМБ агенезиясы, тимус аплазиясының жүректің туа біткен ақауларымен ұштасуы.

5. Гипокальциемия, гиперфосфатемия, қанда ПТГ деңгейінің төмендеуі

6. Транзиторлы гипопаратиреоз. Тырысулық ұстамалармен өтетін басқа сырқаттар: эпилепсия истерия, гипервентиляциялы синдром, спазмофилия, гипогликемия. Гипокальциемиямен өтетін басқа да сырқаттар: ауыр соматикалық патология, жедел панкреатит, D дәруменінің ауыр тапшылығы, бүйрек жеткіліксіздігі, бірқатар дәрілерді қабылдау (цисплатин, кальцитонин, фосфаттар), бірнеше рет гемотрансфузия жасау (кальцийдің артық цитраттармен байланысуы).

7. 20 мл 10 % кальций глюконат ерітіндісін 100–200 мл физиологиялық ерітіндіге немесе 5% глюкоза ерітіндісіне араластырып көктамырға 10 минут бойы құямыз. Симптоматика сақталып немесе қайталанса кальций глюконаты ерітіндісін қайта енгіземіз.

8. Тәулігіне 1,0–1,5 г мөлшерде қарапайым кальцийді тағайындау (кальций карбонат түрінде).

9. Транзиторлы (әдетте 4-аптадан аспайды) гипопаратиреоз қалқанша

безге жасалған операциядан кейін ҚМБ қанайналымының қайтымды бұзылысы нәтижесінде дамиды. Егер операциядан кейін гипокальциемия мен паратгормонның төмен деңгейі 12 аптадан аса созылса, операциядан кейінгі тұрақты гипопаратиреоздың дамуы жөнінде ой түюге болады.

10. D дәрумендері тағайындалады: дигидротахистерол (0,5–2 мг тәулігіне; 12–40 тамшы), холекальциферол (25000–75000 БР); 1.-OH-D3 (2–4 мкг тәулігіне), 1,25(ОН)2D3 (1–3 мкг тәулігіне).

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жауаптары: Ситуациялық есеп.№1.| Музыкально-теоретический анализ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)