Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Концепция

Читайте также:
  1. Б.2.3. Концепция современного естествознания
  2. ГЛАВА 2. ИДЕНТИЧНОСТИ НАЦИОНАЛЬНЫЕ И ПРОЧИЕ КОНЦЕПЦИЯ ИДЕНТИЧНОСТИ
  3. Диалектико-материалистическая концепция возникновения сознания как развитие форм отражения.
  4. Инновационная концепция сущности и содержания профилактики наркомании, согласно Глобальной комиссии по вопросам наркополитики
  5. Историческая концепция Тойнби
  6. Источники ювенальной юстиции. Концепция становления и развития ювенальной юстиции в Российской Федерации
  7. Концепция

Жыл

«Жас Отан» ЖҚ ішкі активін нығайтуға бағытталған «Еріктілер мектебі» жобасының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты – Жас Отан» ЖҚ ішкі активін қалыптастыру және нығайту.

Міндеттер:

- «Жас Отан» ЖҚ қызметіне еріктілерді тарту арқылы жобаларды сапалы жүзеге асыру («Ардагерлерді ардақтайық», «Жастар-Ауылға», «STOPҚылмыс», т.б.)

- «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне еріктілерді даярлау бойынша білім беру модулдерін әзірлеу;

- Практикалық және теориялық тапсырмаларды қолдану арқылы кезеңдік оқыту жолымен «Жас Отан» ЖҚ ішкі жастар активін қалыптастыру;

- Жоба еріктілерінің бірыңғай деректер базасын жасау;

- «Жас Отан» ЖҚ қолдаушылар санын арттыру.

 

Жұмыс форматы:

 

Жоба «Жас Отан» ЖҚ ішкі активін қалыптастырып, дамыту және ілгерілеу мақсатында жүзеге асырылады. Жоба «Жас Отан» ЖҚ жүйелі қызметін нығайтуды қамтиды.

Жобаға 16 - 29 жас аралығындағы көшбасшылық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі оқыту курсын өтуге ниетті кез-келген жас қатыса алады. Жобаға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.

Жобаның басты идеяларының бірі болып «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге еріктілерді даярлау бойынша білім беру модульдерді қалыптастыру табылады. Модульдерге шетел тілін және Қазақстан тарихын оқыту енеді. Осылайша, дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізу арқылы «Жас Отан» ЖҚ белсенділер топтары қалыптастырылады. Оның қатысушылары Қазақстан тарихы және ұлттық мәдени құндылықтар жайлы сапалы коммуникативті дағдылар мен білімдерге ие болады.

Жоба жұмысты жүйелі қадағалау үшін әр аймақта координатор тағайындауды көздейді. Координатор аймақта жобаны жүзеге асыруға жауап береді, жағымды жағдайлар жасап, «Жас Отан» ЖҚ ішкі активінің құрамына енгізу үшін үміткерлерді іріктеумен айналысатын болады. Жоба координаторының қызметі келесідей функциялармен айқындалады:

  1. ақпараттық (еріктілердің оларға қажетті ақпаратты уақытында алудағы жауапкершілігі);
  2. ұйымдастырушылық (жоба жұмысының ішкі кестелеріне сәйкес, жүйелі жұмыс жүргізу);
  3. коммуникативті (еріктілер арасында жағымды психологиялық атмосфераны қамтамасыз ету және қолдау);
  4. әкімшілік (бақылау);
  5. креативті-шығармашылық (жоба аясында жеке қажеттіліктері мен қабілеттеріне орай координатордың қызметінің кеңеюі).

Жобаға қатысуға үміткерлерді тарту ЖОО-лар, колледждер және мектептерде жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Іріктеу кезеңі формальді критерийлер арқылы «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалдарында сұхбаттасу форматында өтеді.

Әңгімелесу кезеңінде негізгі қаралатын критерийлер:

· Жасы;

· Білімі;

· Қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі;

· Жетістіктері;

· Үміткердің өзін-өзі қалыптыстырудағы дағдыларын дамытуы.

Әңгімелесу кезеңінен өткен үміткерлерге «Еріктінің жеке кітапшасы» беріледі. Кітапшада үміткердің қатысқан іс-шаралары тіркелетін болады. Жобаға қатысуға өткен барлық үміткерлер жоба іс-шараларына сәйкес арнайы оқыту (семинар, тренинг) шараларына қатысатын болады. Барлық практикалық қатысқан шаралары «Еріктінің жеке кітапшасына» тіркелетін болады.

Осылай түрлі семинарларға қатысу арқылы әрбір үміткер өзінің жеке белсенділігін, өз жұмысына шығармашылық көзқарасын қалыптастыратын болады. Барлық үміткерлер «Жас Отан» Жастар қанатының қатарында болады.

Жобаны жүзеге асыру механизмі

 

Әрбір жобаға қатысушының жеке дамуы үшін эмоционалды интеллектін, стресске төзімділігін өсіруге арналған өзін-өзі оқыту әдісі, сондай-ақ, мақсатқа жетуге арналған функционалды білімдерді жоғарылату және жоғары білімді азамат ретінде тәрбиелеу мақсатында түрлі семинар-тренингтер өткізілетін болады. Осы арқылы жоба кезең-кезеңімен жүретін болады.

 

1 кезең (ұйымдастыру және оқыту шаралары)

Ø Жоба жайлы барлық ЖОО\ ОАОО\ мектептерде презентация жүргізу;

Ø Үміткерлерді таңдау;

Ø Жобаның негізгі мақсатын түрлі семинар, лекция, тренигтер арқылы түсіндіру.

 

2 кезең (оқыту шаралары)

Ø семинар, трениг, лекциялар арқылы білім беру.

3 кезең (ұйымдастыру-практикалық шаралары)

Ø «Жас Отан» ЖҚ жобалары аясында өткізілетін шараларға қатысу.

 

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге белсенділерді дайындау блогы

 

Ø Қазақстан тарихы мен ағылшын тілін білу міндетті;

Ø Коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренигтер жүргізу;

Ø Практикалық тапсырмалар арқылы салт-дәстүрлер, Қазақстан Республикасының заңдары туралы білімін жетілдіру.

 

Еріктілерді көтермелеу (марапаттау) формасы

1. Үздік еріктілерді «Жас Отан» ЖҚ төсбелгілері мен арнайы дипломдармен марапаттау;

2. Ең жақсы жұмыс істеген еріктілер жайлы «Жас Отан» ЖҚ сайтында, түрлі газет-журналдарда түрлі мақалалар жариялау;

3. «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырған республикалық, халықаралық шараларға қатыстыру.

Күтілетін нәтиже

Ø «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалдары жанынан ішкі актив құрылып, Жобаға қатысушы үміткерлердің сапалық-сандық құрамы, командалық жұмыс істеу стилі қалыптастырылады;

Ø «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге еріктілер даярланады;

Ø «Жас Отан» ЖҚ жобалары сапалы жүзеге асырылады.

Медиа қолдау

Ø Республикалық, жергілікті БАҚ-тарда жариялау;

Ø Республикалық, жергілікті БАҚ-тарда жобаға қатысушы үміткерлерден сұхбат алу;

Ø Интернет кеңістігінде ақпараттандыру (блогтар, твиттер, инстаграм, фэйсбук және т.б).

 

 

 

 

 

КОНЦЕПЦИЯ

проекта «Школа волонтеров»,


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 69 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПДК вредных веществ в водной среде| направленного на укрепление внутреннего актива

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)