Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эпидемиологиясы. Пролактинома-жиі дамитын гипофиз аденомасы

Баспа тобы | ГИПОТАЛАМУС-ГИПОФИЗ АУРУЛАРЫ | ПОЛИЭНДОКРИНОПАТИЯЛАР | ГОРМОНАЛЬДЫ ЗЕРТТЕУ | АУРУЛАРЫ | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Салыстырмалы диагностикасы | ГИПОГОНАДИЗМ | Этиологиясы |


Читайте также:
  1. Эпидемиологиясы
  2. Эпидемиологиясы
  3. Эпидемиологиясы
  4. Эпидемиологиясы
  5. Эпидемиологиясы
  6. Эпидемиологиясы
  7. Эпидемиологиясы

Пролактинома-жиі дамитын гипофиз аденомасы. Аутопсия зерттеулерінің мәліметтері бойынша мәйіттердің 10%-да микропролактинома анықталған. Микропролактинома макропролактиномамен салыстырғанда бірнеше рет жиі кездеседі, сонын ішінде әйел адамдарда басым. Ал макропролактинома екі жыныста да бірдей жиілікте дамиды. Патологиялық және биохимиялық гиперпролактинемия халық арасында 1:500 жиілікте кездеседі. Гиперпролактинемия олигоменорея көрініс берген әйелдердің 8%-да дамиды. Сырқаттанатын әйелдердің орташа жасы — 25–30 жас, ер адамдарда — 45–50 жас.

 

Клиникалық көрінісі

Клиникалық көрінісі пролактин мөлшерінің жоғарылауына қарамастан симптомсыз ағымнан, айқын клиникалық көріністің дамуына дейін ауытқиды (аменорея, галакторея, бедеулік).

ГГ жиі кездесетін сиптомдары:

1. Менструальды циклдің бұзылуы: опсоолигоменореядан аменореяға дейін, жиі екіншілік.

2. Бедеулік (біріншілік және екіншілік) ГГ кездесетін басты шағым, көптеген әйелдер үшін бедеулікті жою емнің басты мақсаты болып табылады. Гинекологиялық қарау барысында жатыр гипоплазиясы, «қарашық» белгісінің, шырыштың «тартылу» белгісінің болмауы мүмкін. Науқастарда пубертатты кезеңге дейін ауырса шүртекей, кіші жыныс еріндерінің гипоплазиясы анықталуы мүмкін.

3. Патологиялық галакторея ГГ сирек алғашқы симптомдарының бірі болады (20% жағдайда ғана). Оның айқындылығы қолмен қысқанда көп мөлшерде және спонтанды түрден бірнеше тамшыларға дейін ауытқуы мүмкін. ГГ-мен сырқаттанған науқастарда популяциямен салыстырғанда фиброзды-кистозды мастопатия және сүт безінің қатерлі ісігі жиі кездеспейді. Науқастарға жасына сай келмейтін сүт безінің майлы инволюциясы тән.

4. Либидоның төмендеуі, аноргазмия, фригидтілік, қынаптағы құрғақтық науқастарда жиі кездеседі, бірақ аталған шағымдар белсенді түрде жиі анықталмайды.

5. Эректильді дисфункция - ер адамдардың басты шағымы, сонымен қатар олигоспермия болуы мүмкін; гинекомастия және галакторея өте сирек кездеседі.

6. Неврологиялық симптоматика макроаденома кезінде дамиды (хиазмалық синдром, бастың ауыруы, бассүйек-ми жүйкелерінің салдануы).

7. Басқа да мүмкін болатын симптомдар: орташа семіздік (науқастардың 80% -да), бетте, емізікшелер айналасында, іштің ақ сызығы бойымен артық түктену (науқастардың 25%-да), депрессивті бұзылыстар анықталады.

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Этиологиясы| Салыстырмалы диагностикасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)