Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Карл көпірі.

Прага дегенде Чехияның сырасы қатар жүреді «У Флеку» деп аталатын сыра зауытының 500 жылдық тарихы бар. Прагалықтардың мақтанышы Карл көпірі Еуропадағы жаяу жүргіншілер жүретін ең әдемі әрі ең мықты көпір.

Карл көпірінен.

Ол 1357 жылы 9 шілде де 5 сағат 31 мин. салыныпты. Орта ғасырдың алхимиктері мен астрологтары құрылысты бастаудың дәлме дәл уақытын тапты деседі. Нанбасаңыз қайталайық 13579531. Тақ сандар – бір деңіз, екіншіден сандық көрсеткіш әуелі ұлғайып барып, шегіне жетеді де, кейін қайтады. Неге тақ сандар ды қалаған екен оны ешкім білмейді. Ал көпірдің қирамай түрғанына 600 жыл, астралогиялық болжам бойынша әлі де 400 жыл ақаусыз сол қалпында тұра береді екен.

Прага өз мемлекетінің кіндігі өйткені, астаналық Прага өз қалаларының ортасында орналасқан. Кез келген қаласына санаулы сағатта-ақ жетуге болады. Ең қашығы Острава – 340 км. Қала көліктерінің іщінде метро, трамвай, автобустан өзге фуникулер дейтін де көлік жүреді. Финукерлер ылғидан дөңге, яғни қыр-қыраттарға сыммен тартылған бункер арқылы қатынайды. Прага қаласы өзінің сұлулығымен туристердің назарын аударады

Территориясы: 78, 9 мың шаршы км. Польшамен, Германиямен, Австириямен және Словениямен шектеседі

Тарихы: ежелгі замандардан бесінші ғасырға дейін қазіргі Чехияның аумағын кельт тайпалары мекендеді. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде ел аумағына батыс славян тайпалары келіп қоныстана бастады. Жетінші ғасырда князь Само басқарған бірінші мемлекеттік бірлестік құрылды. Тоғызыншы оныншы ғасырларда Ұлы Морав державасының құрамында болды. Чехтар тоғызыншы ғасырда христиан дінін қабылдады. Жаңадан құрылған Прага князьдігі чех мемлекетінің негізіне айналды. Солтүстік – батыста Праганың айналасында Моравиядан бөлінген Премысль әулеті князьдерінің басқаруында Богемия мемлекеті құрылды. 1355жылы богемиялық король Карл IV “ Қасиетті Рим империясының ” императоры болып, Чехия соның құрамына енді. Елдің Қасиетті Рим империясына бағынуы Чехияда германдану үдерісінің күшеюіне алып келді. Сондықтан елде Рим папасы мен герман ақсүйектерінің шексіз билігіне қарсы халық наразылығы пісіп жетілді. Чехиядағы Реформация қозғалысының көсемі Ян Гус он бесінші ғасырдың басында Германия мен Рим папасының үстемдігіне қарсы халықтық қозғалысты бастады. Гусшілердің соғыстары он жетінші ғасырдағы Отыз жылдық соғыстың нәтижесінде Богемия корольдігі әлсіреді. Кейіннен Габсбуртердің ықпалына түсіп, Австрия- Венгрияның бір бөлігі болып қалды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Австрия – Венгрияның ыдырауына байланысты Чехия, Словакия менКарпат Русі бірігіп, Чехословакия тәуелсіз республикасын құрды.1938 жылы қазан айында Германия Мюнхен келісімі бойыншы Судет облыстарын жаулап алды, ал 1939жылы қалған чех жерлерін де басып алып, оларды “ Богемия мен Моравия протектораты ” деп жариялады.Қарсыласу қозғалысының шарықтау шегі – чех халқының 1945 жылғы мамыр айындағы көтері Словакия бірігіп, Чехословакия мемлекеті құрылды. Бұл федерация өмір сүруін тоқтатқаннан кейін, Чехия 1993 жылдан бастап егеменді мемлекетке айналды.

Табиғаты: Чех жерлері тарихи жағынан үш облысқа: Чехия, Моравия мен Силезияға (астаналары тиісінше –Прага, Брно, Острава қалалары) бөлінеді. Елдің орталық бөлігі жазық болып келеді, шекараларын бойлай тау массивтері орналасқан: солтүстік- батысында Крушне таулары (ең биік жері Клиновец – 1244м), солтүстігінде Кроконоше (Судет) таулары (ең биік нүктесі Снежка -1602м), батысындагранитті Плехи тауы (1378м) бар. Шумава, Моравияда Грубый Есеник таулары (ең биік жері Прадед – 1491м).Ч ехия аумағынан Солтүстік, Балтық және Қара теңіздерге құятын көптеген өзендер бастау алады. Ең ірі өзендері: негізгі саласы Влтава болатын Эльба (357 км) мен Морава (329км). Чехияның көпшілік бөлігін қылқан жапырақты ормандар (әсіресе, шыршалар) мен аралас ормандар алып жатыр. Тұщы суда өмір сүретін балықтар өсіру үшін көптеген тоғандар жасалған. Ең үлкені –Рожмберг (489га). Елдің жер қойнауы емдік минералды суға бай. Чехия аумағының 12% - ын ұлттық саяжайлар мен қорықтар алып жатыр (9270 шаршы км). Тауларда аю, елік, түлкі, бұғы мекендесе, жазықтарда әр түрлі кеміргіштер, кесірткелер, құстардың көптеген түрлері кездеседі. Климатықоңыржай теңіздіктен континенттік өтпелі. Қаңтардың орташа температурасы -2 – 4С (жазықтарда) және -8 – 10С (тауларда), шілденің орташа температурасы 19 – 20С (жазықтарда) және 4 – 8С (тауларда). Жылдық жауын –шашын мөлшері 500-700мм, таулы жерлерде 1600 – 2100мм шамасында.

Ауа райы: Ауа райы шамалы жылы жаздыкүнi.Суық, бұлтты және дымқыл қыстыгүнi, теңiздегi және континенттiк ықпалдың араласуымен анықталады. ауа райы жаздыкүнi тұрақты және жағымды жеткiлiктi, өйткенi тау желдердiң енулерiне мүмкiндiк бермейдi. Бiрнеше шаңғы курорттарына жұмыс iстеуге мүмкiндiк берген қардың жеткiлiктi саны Чехия оңтүстiк сияқты қыстыгүнi жоғарылап түсiп қалады, сол сияқты елдiң солтүстiгiнде.

Ірі қалалары: Брно (380 мың), Острава (325 мың), Пльзен (171 мың), Оломоуц (105 мың).

Әкімшілік- территориялық бөлінісі: Чехия 13 облыстан тұрады. Прага ерекше мәртибеге ие.

 

* Аудан Астанасы Халқы (2004ж) Халқы (2008ж)
A Прага, столица (Hlavní město Praha)     1,170,571 1,223,368
S Среднечешский край (Středočeský kraj) органы власти расположены в Праге   1,144,071 1,214,356
C Южночешский край (Jihočeský kraj)   Ческе-Будеёвице 625,712 634,408
P Пльзенский край (Plzeňský kraj)   Пльзень 549,618 565,029
K Карловарский край (Karlovarský kraj)   Карловы Вары 304,588 308,450
U   Устецкий край (Ústecký kraj)   Усти-над-Лабем 822,133 835,260
L LЛиберецкий край (Liberecký kraj)   Либерец 427,563 435,755
H   Краловеградецкий край (Královéhradecký kraj)   Градец-Кралове 547,296 553,503
E Пардубицкий край (Pardubický kraj)   Пардубице 505,285 513,949
M Оломоуцкий край (Olomoucký kraj)   Оломоуц 635,126 641,897
T   Моравскосилезский край (Moravskoslezský kraj)   Острава 1,257,554 1,250,066
B Южноморавский край (Jihomoravský kraj)   Брно 1,123,201 1,143,389
Z Злинский край (Zlínský kraj)   Злин 590,706 591,026
J Высочина (Vysočina)   Йиглава 517,153 514,470

 

 

Халық: 10,29 млн. адам (2003 жылы). Этникалық құрамы чехтар (90,1), словактар (1,8), поляктар (0,5), немістер (0,4), сығандар (0,1).Чехтар тiл бойынша батыс славянхалықтарына жатады. XIII—XIV ғасырлардағы чех жазбаларының ерте шығармалары негiзiнде орталық Чехияның тiлiне жатады. Католик шiркеуiнiң,немiс феодалдарының елiндегi ықпалның күшейуіненчех тiлi немiс және латын тiлдерге ауыса бастады. Бiрақ чех тiлi гусит соғыстарының кезінде халық массаларының арасындасауаттылық және әдебиет кең талабастады. Содан соң (чех тiлi XIX ғасырдың ортасында 15 % тұрғын сөйлестi, славян тiлдерiнiң бiрдi алынуды мүмкiндiгiн әдеби тiл ретiнде қаралды, жеке алғанда орыс әдеби тiлi) бағынышты славян халықтар тiлi байланысудың саясат жүргiзетiн Габсбург өкiметiмен чех мәдениеттiң екi ғасырлық құлдырауы басталды. Чех тiлі XVI ғасырда әдеби тiлi, тек қана XVIII ғасырсоңында, оның негiзiмен туа бастады қазiргi чех тiлiндегi ауызшаға қарағанда архаизмдердің көп болуы,осымен түсіндіріледі.

Діні: Катол иктер (39,2), протестант (4,6), православиеліктер (3), атеистер (39,8), басқалар (3,4).

28(1998) адам 10, 3 миллион.

Экономикасы: Чехия – өнеркәсіпті ел. Өнеркәсібінің жетекші салалары отын-энергетикалық, машина жасау, (энергетика және басқа өндірістік құрал- жабдықтар, станоктар, электротехникалық бұйымдар, автомобильдер шығару), химия (пластмасса, синтет, каучук, тыңайтқыштар), жеңіл (тігін, трикотаж, тері-аяқ киім) және тамақ (қант, сыра қайнату, ет, кондитерлік) өнеркәсіптер. Қоңыр және тас көмір (Острава Карвин, сотүстік Чехия және Соколов көмір бассейіндері), темір және уран кентастарын өндіру дамыған. Жылына 58,7 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндіріледі. Негізгі өнеркәсіп орталықтары –Прага, Пльзень, Острава, Брно. Ауыл шаруашылығы үшін ел аумағының 43%-ы пайдаланылады. Шалғындар мен жайылымдар жердің 11% - ын,ормандар 33% ын алып жатыр. Етті– сүтті мал өсіру, шошқа мен құс өсіру дамыған. Қант қызылшасы, бидай, картоп, құлмақ, көкіністер мен жеміс– жидектер өсіріледі.

Сыртқы машиналар мен құрал- жабдықтар, химиякаттар, жеңіл және шыны- керамик. өнеркәсіп өнімдерін, азық -түлік шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Словакия, Австрия, Ресей, Италия.

Мемлекеттік басшысы: Президент. Парламенттік қос палатасының бірлескен сессиясында 5 жылдық мерзімге сайланады (екі мәртеден артық емес). Мемлекет басшысы халықаралық қарым- қатынастарда республика атынан өкілдік етеді, Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы. Бірақ оның өкілеттігі бейбітшілік уақытта шектеулі. Президент Парламентте Конституциялық актілерінден бекітуде вето құқына ие.

Атқару билігінің орталық органы- төрағадан, оның орынбасарларынан және министірлерден тұратын Үкімет, Үкімет депутаттар Палатасының алдында есеп береді. Үкімет Төрағасын (парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партияның лидері) және оның ұсынуымен Кабинеттің қалған мүшелерін Президент тағайындайды. Үкімет тағайындалған соң 30 күннің ішінде депутаттар Палатасына сенім вотумы қайталанған жағдайда Президент Үкімет төрағасын депутаттар Палатасы спикерінің ұсынуы бойынша бекітеді.

Заң шығарушы билік депутаттар Палатасы мен Сенаттан тұратын қос палаталы Парламенттің Құзырында. Парламент шарттарды бекітеді, соғыс жариялау мен шетел әскерін Чехия аумағында орналастыру сияқты ерекше маңызды мәселелерді шешеді. Депутаттар Палатасы тікелей жасырын дауыспен 4 жылдық мерзімге сайланған 200 депутаттан тұрады. Президенттің Конституцияда атап көрсетілген жағдайларда депутаттар Палатасы таратып жіберуге құқы бар. Сенат 6 жылдық мерзімге сайланған 81 мүшеден тұрады. Әрбір екі жылда бір рет Сенаттың үштен бір бөлігі қайта сайланып отырады. Сенат таратылмайды.

Сот билігі. Чехия Республикасында сот жүйесі Конституциялық, Жоғарғы, Жоғарғы әкімшілік, жоғары областық және аудандық соттардан тұрады.

Саяси партиялар мен бірлестіктер. Чех Социал – демократиялық партиясы, Азаматтық демократиялық партия, Христиандық- демократиялық одақ, Чехия және Моравия Коммунистік партиясы.

Экономикасы. Чехия -индустриалды-аграрлы республика. Негізгі салалары – отын –энергетикалық кешені, машина жасау (энергетикалық жабдықтар, станоктар, электротехникалық бұйымдар, машиналар мен жабдықтардың басқа түрлеріҚ, химиялық, тоқыма және тамақ өнеркәсібі. Табиғи ресурстардан көмір мен уран бар.

2005 жылы Чехияның ішкі жалпы өнімнің (ВВП) көлемі 122,3 млрд. долларды құрады.Ішкі өнім (ВВП) жан басына шаққанда 2005 жылы – 11,959 доллар болды (паритет бойынша – 18,243 мың доллар). 2005 жылы инфляция – 1,3%- ды құрады.

Елдегі саяси және экономикалық жағдайлардың тұрақтылығы, географиялық жағдайының тиімділігі, жоғары кәсіби күшінің жеткіліктілігі және өндірілген өнімдердің өзіндік құнының төмендегі арқасында Чехия Республикасы Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері ішінде инвестициялық тұрғыдан алғанда ең бір тартымды ел саналады. Ірі инвесторлар – Германия, Жапония, Швейцария, АҚШ, Нидерланды, Франция және Ұлыбритания. Инвестицияның негізгі ағыны телекоммуникациялық, автокөлік, мұнай химиясы және электрондық кәсіпорындар салаларына құйылуда.

Чехославакияның ыдыраған сәтінен (1993ж. 1қаңтар) Чехияның халықаралық тәуелсіздігін әлем толық мойындады. Ол – ББҰ, ОБСЕ, Еуропалық Кеңес, НАТО, ЕО және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Чехияның сыртқы саясаты егемендік, аумақтық тұтастық, бейбітшілік, аймақтағы тұрақтылық, сондай-ақ елдің еуропалық және еуроатлантикалық құрылымдарының түпкілікті интеграциясы принциптеріне негізделген.


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 169 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Чехия Республикасы| азақстан – Чехия қарым – қатынастары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)