Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Басты басымдық – сапалы ауыз су

Кіметке әкімдермен бірлесе отырып жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабылдауды тапсырамын. Бұл бағдарламалар елдің миллиондаған қарапайым адамдарының күнбе-күнгі мәселелерін шешуге бағытталған. Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында осындай міндеттерді жүктегені белгілі. Ол үшін Үкімет сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелеріне кең ауқымды жаңғырту жүргізіп, сондай-ақ, тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құруды қамтамасыз ету қажет. Оның ішінде ауыз су саласына ерекше көңіл бөлінген. «Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 8 жыл бұрын басталған болатын және оның оң нәтижелері бар. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік ауылды елді мекендерде 41 пайызға дейін, қалаларда 72 пайызға дейін өсті. Тасымалды суды пайдаланатын адамдар саны 4 есе азайды» делінген Жолдауда.

Десек те, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуды қажет ететін ауылдар да әлі аз емес. Әсіресе, шалғайдағы ауылдар мен халық тығыз қоныстанған қалаларда ол әлі де өзекті мәселе.
Жолдаудағы жүктелген міндеттер жүзеге асқан жағдайда, орташа алғанда республика бойынша ауыз суға қолжетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс. Ал судың сапасы бел­гіленген барлық санитарлық нормаларға сай болуы керек. Аталған мерзімде қалаларда сумен қам­тамасыз етудің орталық желісіне қолжетімділік 100 пайызға, ал ауылды жерлерде екі есе артып, 80 пайызға дейін жетуі қажет.
Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Шардара ауданының халқы біраз жылдардан бері ауыз судың азабын тартып келді. «Таза су» бағдарламасы жүзеге асқан алғашқы жылдары аудандағы елді мекендердің құбырын жаңалап, сапалы ауыз сумен жабдықтау жұмыстары ел күткендей нәтиже берген жоқ. Ауданда ауыз суға байланысты бірқатар жобалар аяқсыз қалды. Десек те, 2008-2009 жылдары облыстық бюджеттің қаржыландыруымен Шар­дарадағы елді мекендерді таза су қондырғысымен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алына бастады. Облыс басшыларының халықтың мұң-мұқтажына назар аударуының арқасында 18 елді мекенге су тазартқыш қондырғылары орнатылды. Биыл 7 елді мекенде ауыз су құбырларын қайта құрылымдары жүргізілуде. Қазір ол Ұзыната ауылында толығымен аяқталды. Оған облыстық бюджеттен 105,7 миллион теңге бөлінген болатын. Жалпы ұзындығы 29 шақырымға созылған құбырларды жөндеуді «Комби-Строй-1» ЖШС-і мерзімінен бұрын аяқтап, жұртшылықтың алғысын алды. Сондай-ақ, 615 үйге су есептегіш қондырғылары да орнатылды. Енді алдағы уақытта орталықтандырылған су жүйесімен жеті елді мекен тұрғындары ауыз суды тәулік бойы алуға қол жеткізбек.
Ауданда «көгілдір отын» мәселесі де оңды ше­шілуде. Өткен жылы Ұзынатаға жеткізілген газ құбыры биыл Алатау батыр ауылында жалғасын тапты. Бұған облыстық бюджеттен 453 миллион теңге бөлінген. Құрылысты жүргізу «Комби-Строй-1» ЖШС-іне жүктелген. Кәсіпорын бұл жұмысты да мерзімінен бұрын аяқтады. Енді 1304 отбасы «көгілдір отынды» тұтынатын болады.
Жалпы, Шардараға газ тарту одақ кезінде қолға алынғанымен, ол аяқсыз қалған болатын. Ауданды газдандыру мәселесі өткен жылы қайта басталды. Бұрындары ауыл тұрғындары қыстық отынды 10-15 шақырым жерден, тіпті кейінгі жылдары оны 100-150 шақырымнан тасымалдайтын. Табиғи газ келіп, осындай қиындықтан құтылған халықтың қуанышында шек шоқ.

 

 

Адам денсаулығына судың химиялық әсері туралы қазақша реферат

 

Мышьяк. Мышьяк мыс және қорғасын кендерін балқытқанда пайда болады. Мышьяк қосылыстарының улылығы оның химиялық, физикалық түрлеріне байланысты. Сіңірілген мышьяк мөлшері адамдардың шашында байқалуы мүмкін. Ауыз судағы 0,2 мг\лмышьяктың шоғырлануы терінің қауіпті ісігі дамуына 5 % әсер етеді. Мышьяк суда мышьяктың немесе мышьякты қышқылдардың тұздары түрінде кездеседі.

 

Хром. Шаруашылықта хромды пайдалану нәтижесінде атмосфералық ауаның, топырақтың, судың және тағамдық өнімдерінің онымен ластануы жүзеге асады. Жоғары дозаларда хром адамның ас қорыту жүйесінің қатерлі ісігінің (рак) факторларының бірі болады. Хромның жоғары дозаларымен жұмыс істеуші жұмысшыларда өкпе қатерлі ісігі болады. Судағы алтывалентті хромды организмнің сіңіру дәрежесі үшвалентті хромға қарағанда 9 есе жоғары, тыныс жолдарындағы хром сіңуі оның ерітілуіне тәуелді.

 

Кадмий. Кадмий асқазан-ішек жолдарынан немесе өкпеден қанға жақсы сіңеді. Кадмийдің қанға сіңуі адамның жас шамасына, кальцийдің, темірдің, мырыштың және белоктың тапшылығына әкеледі.

 

Қорғасын. Соңғы жылдары биосфера антропогендік қорғасынмен жедел түрде ластануда. Ол көбінесе, өнеркәсіп орындарындағы шаң тәрізді, газ тектес, бу тәрізді және сұйық қалдықтардан шығады, әртүрлі отын түрлерін (көмір, мұнай, газ) жағудан, автокөліктерден бөлінеді. Қорғасын негізінен, қан түзетін, жүйке, ас қорыту жүйелеріне және бүйрекке әсер етеді.

 

Сынап. Қоршаған ортада сынаптың негізгі шығу көзі жер қыртысының табиғи газдануы. Сынаптың антропогендік шығу көзі жер қыртысының табиғи газдануы. Сынаптың антропогендік шығу көздеріне отын жағу, электромеханикалық, целлюлозалық өнеркәсіп жатады. Сынаптың қомақты мөлшері сулардың түбіне шөгеді, онда олар ондаған жылдар сақталады. Осы жерде сынап қосылыстары микроорганизмдер әрекетімен органикалық (метилсынап) жақсы ерітілетін қосылыстарға айналады және олар суды екінші рет ластайды. Сынаппен уланудың түрі Жапонияда байқалған (Минамата ауруы). Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды, сөйлеу қабілетін бұзады, көру мен есту қабілеттерін нашарлатады.

 

Темір марганец. Ауыз судағы судың темір тотығы құбырда темір бактерияларының өсуін үдетеді.

 

Барий. Судағы барий жүрек бұлшықеттеріне және асқазан-ішек жолына әсер етеді, жүрек тамыр ауруларының өлім-жітімін көбейтеді.

 

Асбест талшықтары тағамдық өнімдермен, сумен, сусындармен жұтылады және де деммен кірген асбесттің қомақты бөлігі тыныс жолдарынан қайтып шығып, ол да жұтылады. Асбест тыныс алу жолдарына түседі. Тәжірибе жүргізілген егеуқұйрықтардың асқазанына асбестті тура енгізгенде ол ішек қабырғасынан өтіп қаңға, іш майға, миға және басқа ұлпаларға тараған.

 

.

Судың ластануының жер саулығына тигізетін әсері.

Сумен салыстырғанда құрлық одан әлдеқайда аз бөлікті алып жатыр, ал су жер бетінде өте көп бөлікте жатыр. Сондықтан судың ластануы да жер саулығына көп кері әсерін тигізеді. Улы заттар теңіз суларымен, өзен ағыстары және жел арқылы мыңдаған киломер алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер саулығына қауіп тудырады.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуыда аса қауіпті. Қалдықтардың әр-түрлі болуына сәйкес олардың тигізер әсері де әр-түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру Қабілетін төмендетеді және органикалық заттарды ыдырататын заттары құртып, балықтарды үлайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әртүрлі тұздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенолдардың зияны көп. Енді біреулері судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің арақатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмге қауіпті.

Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкүрт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. От тектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктерінің қырылуына әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасында су біртіндеп таязданады.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқы түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өңдеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар қосылып, өзенге жіберіледі.
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе, оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазір де барлық елдерде суды тазарту мәселесі бірінші орында тұр. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту үлкен мәселе.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемі мен теңіздердің көлемі әлденеше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процесстердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсірісе, құрлық жағалауының қайта ластануы үлкен зиян келтіретіні белгелі. Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара-қатынасын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне зиян әсер тигізеді.
Теңіз суларының мұнай қалдықтарының ластауда негізгі рольді танкерлер атқаратын. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі тенкерлердің күйреуі аса қауіпті. Оның әсері адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді.
Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға құстар қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады.Осының нәтижесінде тері астына қан үйіліп, ауруға шалдығады. Бұл адамға да жұғуы мүмкін.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті.Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелерінде рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде оның денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 279 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мазмұны| Су арқылы қандай аурулар тарайды?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)