Читайте также:
|
|
1. БҰҰ-ның құрылу тарихы, мақсаттары мен қағидалары. Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің фашизимге қарсы күресу нәтижесінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған. БҰҰ-ның Жарғысы Сан-Франциско қаласында өткен конференцияда 26 маусым 1945 ж. қабылданып, өз күшіне 24 қазан 1945 ж. еңген.
БҰҰ-ның құрылтай құжаттары әмбебап сипаттағы халықаралық шарт болып табылады және әлемдегі халықаралық-құқықтық тәртіптің негіздерін бекітеді. БҰҰ-ы келесі мақсаттарды көздейді: халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; мемлекеттер арасында ынтымақтастық қатынастарды дамыту; экономикалық, әлуеметтік, мәдени және т.б. сипаттағы халықаралық проблемаларды шешу үшін халықаралық бірлесіп жұмыстауды дамыту; ортақ мақсаттарға жету үшін, мемлекеттер қызметін үйлестіруші орталық болу.
Осы мақсаттарға жету үшін, БҰҰ-ы келесі қағидаларға сәйкес қызмет етеді: БҰҰ-м мүшелерінің егеменділік теңдігі; халықаралық міндеттемелерді адал орындау; халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу; мемлекеттердің аумақтық тұтастығы немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күш және күш қауіпін қолданбау; мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау; Жарғы бойынша жасалынып жатқан барлық әрекеттерге БҰҰ-мен көмек көрсету; БҰҰ-ның мүшесі болып табылмайтын барлық мемлекеттер Жарғыда көрсетілген қағидаларға сәйкес қызмет етуін қамтамасыз ету. Егер БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Жарғы бойынша міндеттемелері, басқа бір халықаралық шарт міндеттемелеріне қайшы келген жағдайда, басымдылық БҰҰ-ның Жарғысына беріледі (БҰҰ Жарғысының 103-бабы).
БҰҰ-ға мүше болып кез келген бейбітшіл әрі Жарғыда көрсетілген міндеттемелерді орындай алатын мемлекет бола алады. БҰҰ-ға мүше ретінде қабылдау Қауіпсіздік Кеңесінің кепілдемесі бойынша Бас Ассамблеяның қаулысы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның БҰҰ-на мүше ретінде қабылдану тарихын көрсетіңіз.
2. БҰҰ-ның негізгі органдары, олардың қызметі
БҰҰ-ның алты бас органдары бар: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңес, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқоршылық бойынша Кеңес, Халықаралық Сот және Хатшылық. Әрбір органның атқаратын функцияларын, құрамын және қызмет ету тәртібін толық түрде қарастыру қажет. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басты рөлді атқаратын Қауіпсіздік Кеңеске ерекше көңіл бөлу қажет. Оқулықтарда Қамқоршылық бойынша Кеңес көрсетілгенмен бүгінгі таңда, бұл орган өз қызметін тоқтатқанын ескеру қажет.
3. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері – арнайы салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыратын және БҰҰ-ның әмбебаптық сипаттағы мемлекетаралық ұйымдары болып табылады. Мамандандырылған мекемелерді келесі топтарға бөлуге болады: әлеуметтік сипаттағы ұйымдар (МОТ, ВОЗ), мәдени және гуманитарлық сипаттағы ұйымдар (ЮНЕСКО, ВОИС), экономикалық ұйымдар (ЮНИДО), қаржылық ұйымдар (МБРР, МВФ, МФК, МАР, МАГИ), ауыл шаруашылығы саласындағы ұйымдар (ФАО, ИФАД), көлік және байланыс саласындағы ұйымдар (ИКАО, ИМО, ВПС, МСЭ), метеорология саласындағы ұйым (ВМО).
Осы сұрақ көлемінде, Қазақстанның БҰҰ БА-ның сессиясы мен негізгі комитеттерінің жұмыстарына қатысу және БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастығын талдаңыз.
БҰҰ-ның 50 жылдан астам өмір сүруінің ішінде әлем өзгерді. БҰҰ әлемнің геосаяси қартасындағы үлкен өзгерістерге немқұрайды қарайтын қатып қалған ұйым болмау керек.
Қазақстанның БҰҰ-ны реформалауға қатысты көз қарасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1995 ж. 22 қазандағы БА-ның арнайы санатты отырысында баяндалды. Ол – Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту:
- Қауіпсіздіктің ғаламдық және аймақтық жүйелерін шешудегі оның рөлін күшейту;
- Бейбітшіл күштер қорын құру;
- БҰҰ БА-ның сессиясын арнайы күн тәртібін белгілей отырып өткізу;
- «БҰҰ-ның реформалануы – ХХІ ғасыр шақыруына тұрарлық жауп» және т.б.
Аймақтық халықаралық ұйымдар сұрағы көлемінде Еуропа Одағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылу тарихын, мақсаттарыны мен қызметінің қағидаларын және әлемдік қауіпсіздік, экономикалық жүйеде алатын орнын карастыру қажет.
4. БҰҰ-ны реформалау мәселелері
БҰҰ-ң 50 жылдан астам өмір сүруінің ішінде әлем өзгерді: ондаған жаңа мемлекеттер пайда болды, адамзат үлкен ғылыми-техникалық прогресс жасап үлгерді. Ал әлем алдында сол бұрынғы мәселелер қалып отыр: соғыс, аштық, кедейшілік және теңсіздік жер бетінен кеткен жоқ.
Қазақстан Республикасы БҰҰ-ны реформалау мәселесінде салмақты позиция ұсынып отыр. Бір жағынан, БҰҰ-ны қайта құрғанда асығушылық жасасақ, әлемнің тұрақсыздығына әкелуі мүмкін. Өйткені түрлі кіші және үлкен мемлекеттерден тұратын бұл бірегей ұйым бөлшектеніп отыр. Екінші жағынан, БҰҰ әлемнің геосаяси картасындағы үлкен өзгерістерге немқұрайды қарайтын қатып қалған ұйым болмауы керек.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 2, 5, 6, 36].
Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 12, 15, 39].
Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14, 26, 152].
Электрондық оқулықтар: [1]
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 118 | Нарушение авторских прав