Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стоматологиялық ауруды қарап тексеру.

Читайте также:
  1. Арауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды ауыстыру,тексеру.

Клиникалық диагноз бен циталогилық диагноз сайма-сай келмесе, зерттеуді сол кезде немесе біраз уақыттан кейін қайталау керек. Тәжрибе жүзінде дәлелденгендей, материалды дәрігер-цитолог өзі алғаны жақсы нәтиже береді.

Биологиялық әдіс.

Бұл әдіс диагноз қою үшін тікелей тірі тіндерді кесіп алып микроскопиялық зерттеуден өткізуге негізделген. Биопсиялық әдісі басқа әдістер арқылы аурудың диагнозын нақтылау мүмкіндігі азайған кезде қолданылады. Бұл әдісті қолдану үгіш диамтері 5-6 мм тін бөлшегі жеткілікті. Материал тірі тіндерден алынатын болғандықтан, алдын-ала инфильтрациялық жансыздандыру әдісін қолданып, құрамы жарақат ошағын және төңірегіндегі өзгермеген тіндерді қамтитын тиісті көлемді тін бөлшегін кесіп алып арнаулы ертіндісі бар шыны ыдысқа салып, гистологиялық зерттеуге жібереді. Егер жарақат ошағы шағын көлемді болса, оны түгел кесіп алып (тоталды биопсия) жібереді.

Бактериологиялық зерттеу кілегей қабық бетіндегі жарақат ошақтарынан (эрозиядан, жарадан, қақтан) алынған материалдарды микроскопиялық зерттеуден өткізіп, микробтар түрлерін, құрамдарын анықтауға арналған әдіс. Терапиялық стоматолгияда ауыздың кілегей қабық ауруларының біразының белгілі бір қоздырғыштар әсерінен дамитын белгілі (саңырауқұлақтар туымдататын аурулар, мерез, Венсан стоматиті, туберкулез).

Зертханалық тәжрибеде нативті (бекітілмеген) және бекітілген препараттарды микроскопиялық зерттеуден өткізеді. Предметтік шынылар қалыңдығы 1-1,2 мм, мөлдір, таза және майсыздандырылған болу керек. Алдымен оларды натрий бикорбанатының 1% ертіндісінде қайнатып, сумен, тұз қышқылмен және тағы бір рет сумен шайып, арнаулы банкілерді 95% этил спиртінде сақтайды. Жиірек қолданылатын әдіс – бекітілген препараттарды зерттеу. Бұл әдіс көбінесе ауыз кандидозын дәлелдеу үшін Candida тектес саңырауқұлақтар анықтау үшін қолданылады. Бұл саңырауқұлақтар ауыз ішінде аз мөлшерде дені сау адамдардың 50% сапрофит ретінде кездеседі.

Зерттеу үшін материал ашқарынға, тістерін тазалатпай тұрып алынады және белгілі бір ереже сақталуы қажет: 1) материал алғанға дейін ешқандай дәрілер ертіндісімен ауызды шаюға болмайды; 2) материал алынар алдында науқас аузын жылы сумен жууы керек; 3) егер жара болса оның бетін заласызданған мақта анжымен тазалап алады; 4) материалды жарақат ошағының терең аймағынан алады, ал егер қақ болатын болса, жақсылап қалақшамен қырып алады; 5) алынған материалды кептіріп, бекітіп, бірден бояйды немесе жеделдетіп зертханаға жібереді; 6) қажет болса, арнаулы ортаға себу шараларын да тікелей емдеу бөлмесінде орындап, материалды зертханаға жібереді.

Егер препаратта бірен-саран саңырауқұлақ жасушалары табылса, олар ауру қоздырушы болып есептелінбейді. Бұл жағдай тек саңырауқұлақ жасушылық болып саналады. Саңырауқұлақ жасушаларының өте көп болуы, олардың бүршіктене бөлінуі (почкование), мицелий мен жалған мицеоийлердің көбеюі – ауру тудырғандығының дәлелі болып саналады.

Қараңғы ортада микроскопиялық әдіспен препаратта бозғылт трепонеманың анықталуы – біріншілік мезең кезеңін серологиялық реакцияларсыз да дәлелдеп алады. Себебі біріншілік мерез (берішті шанкрсифилома) кезінде серологиялық реакция сифилома шыққаннан кейін 2-3 жетіден соң ғана оң болады. Екіншілік мерез кезінде папулалар мен эрозиялар бетінен алынған материалда бозғылт трепонемалар көптеп кездеседі.

Қызыл иек пен ауыз кілегей қабығының өліеттене-жараланып қабынуы кезінде (гингиво-стоматит Венсана) 100% жағдайда фузобактериялармен спирохеталар (фузоспирохетоз) басқа микробтармен салыстырғанда басым болады. Бактериологиялық әдіс емдеу шараларының нәтижелілігін бағалау үшін де қолданылады.

 

Серологиялық зерттеу әдістері.

Бұл әдістер иммундық жүйенің жауабына сай науқастың қан сарысуында белгілі бір антиген немесе антиденені табуға, сонымен қатар идентификациялау мақсатында микроорганизмдер немесе тіндер антигендерін анықтауға негізделген.

Вассерман реакциясы (комплементті ұйыту реакциясы), Кон және цитохолды реакция (шөктіру реакциялары) мерез ауруын анықтау үшін қолданылады.

Серологиялық сынамалардың көмегімен ЖИТС (СПИД) тудыратын вирус (вирус иммунодефицита человека - ВИЧ) жұққан адамдарды анықтайды.

Бруцеллез ауруы туралы күдік тұса, Райт немесе Хаддлсон серологиялық реакцияларын, ал туберкулез ауруына күмән болса, Пирке және Манту сынамаларын қолданады.

 

Аллергологиялық зерттеулер(ауыздың кілегейлі қабығы аурулары бөлімінде аллергиялық ауруларды қара).

Пародонтаурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері .(пародонт қабынуының клиникасынан кейін)

Пародонт ауруларының нәтижесінде (көбіне емдеу жүргілімеген немесе тиімді жүргізілмеген жағдайларда) көптеген патологиялық үрдістер дамуы мүмкін. Оларды шартты түрде жергілікті және жалпылай дамитын асқыну үрдістері деп бөлуге болады.

Жергілікті үрдістер: тістердің мойын аймақтарының ашылуы нәтижесінде дамитын тістің қатты тіндерінің аса сезімталдығы, тіс ұлпасының ретоградтық қабынуы, пародонталдық киста, шектелген остеомиелит және лимфоаденит. Сирек жағдайларда бет-жақ аймақтарында абсцесстер және флегмоналар да асқыну ретінде кездесуі мүмкін. Жергілікті асқыну үрдісіне тістер мойнында пайда болатын сынаға ұқсас ақауларды да жатқызуға болады. Бұл ақаулар пародонтоз кезінде көбірек кездеседі. Сондықтан олар пародонт тіндерін қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың қызметінің бұзылуы нәтижесінде тістердің қатты тіндерінің трофикасы бұзылуы нәтижесінде пайда болады деп ұйғаруға әбден болады.

 

Аталған асқынулардың ішінде жиірек кездесетіні – ұлпаның ретроградтық қабынуы. Ол көбінесе ұлпаға инфекцияның пародонталдық қалталардан цемент сорылуы нәтижесінде ашылған түбір аймағындағы дентин өзекшелері арқылы, түбір өзегінің тармақтары (через тельтовидные разветвления макроканала) немесе түбір ұшы тесігі арқылы өтуі нәтижесінде дамиды.

Сонымен қатар ұлпаның ретроградтық қабынуы пародонтта хирургиялық емдеу шараларын (пародонталдық қалталарды қырып-тазалау немесе кюретаждау, гингивотомия, гингивэктомия, радикалды опреациялар) жүргізгеннен кейін де кездеседі. Бұл кезде ұлпасы қабынған тістердің сауыты көбіне бұзылмаған. Сондықтан ұлпа қабынуын анықтау біраз қиындықтар тұғызады. Ұлпаның бұл қабынуын периожонттың қабынуынан, үштік нерв тармақтарының невритінен, невралгиясынан ажырата отырып, қосалқы тексеру әдістерін (температуралық тітіркендіргіштермен әсер ету, электрқозғыштығын анықтау, рентгендік тексеру) кеңінен қолдана отырып анықтауға тура келеді.

Пародонт қабынуынң жиі өршіп, пародонталдық абсцестердің пайда болуы альвеола өсіндісінің және жақ сүйегінің шектелген остеомиелитін (жедел және созылмалы) туындатуы мүмкін.

Жалпы асқынулар. Оларға пародонт қабынулары кезінде тиімді емдеу шараларының жүргізілмеуі нәтижесінде тістердің ерте қозғалмалы болып, жұлынуына пайда болатын тіс қатарының ақаулары әсерінен шайнау-қызметінің төмендеу салдарынан туындайтын асқазан-ішек жолының аурулары. Пародонттағы созылмалы қабыну, пародонтталдық қалталардағы жойылмаған инфекция көзі организмнің созылмалы ұлануы (уыттануы) мен сенсибилизациялануын туындатады. Сонымен қатар қабыну үрдісі жойылмағандықтан ауыздан үнемі нашар иістің шығуы, тістердің қозғалмалы болып, орындарынан ауытқулары тудыратын косметикалық қолайсыздық шайнау қызметінің бұзылуынан туындайтын ыңғайсыздық (дискомфорт) орталық жүйке жүйесінің қызметінің ауытқуын (невроз, дистония) туындатуы мүмкін.

 

Пародонт ауруларын емдеу.

Пародонт ауруларын емдеу шараларының нәтижелелігін қамтамасыз ету үшін дәрігер-стоматолог (пародонтолог) негізгі 5 қағиданы ұстанғаны тиімді. Олар төмендегілер: кешендік (комплекстность), дәйектілік немесе бірізділік (последовательность), жүйелілік (системность), жекедаралық (индивидуальность) және белсенділік (активность).

Кешендік қағида патологиялық үрдістің себебіне, даму механизміне, ауырлығына байланысты этиопатогенездік, симптоматикалық емдеу шараларын қарастырады. Сондықтан кешенді емдеу құрамына жергілікті емдеу әдістері (терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық, физиотерапиялық) және жалпылай емдеу шаралары кіргені өте жақсы нәтиже береді.

Бірізділік немесе дәйектілік қағидасы жүргізілетін емдеу шараларының белгілі бір реттілікпен орындалуын қарастырады.

Пародонт ауруларын емдеу бір ғана емдеу курсын жүргізумен тоқталмайды. Жақсы нәтижеге ие болу үшін емдеу курсын белгілі бір уақыттан кейін қайталап отыруға тура келеді және жүйелілік қағидасын сақтау арқылы жүргіледі.

Жеке даралық қағидасы пародонт ауруы бар адамның (индивидумның) жеке басындағы ерекшелігін, бойында созылмалы жүйелі сырқаттардың бар-жоғын ескере отырып, емдеу шараларын дұрыс таңдап алуға негіз береді.

Белсенділік қағидасы дәрігер мен пародонт ауруы бар адамның бір-бірімен жақсы түсінісін қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды дәрігер дұрыс сақтап, ауруды емдеу кезінде жоғары белсенділік көрсетсе, пародонт ауруы бар адамда емдеу үрдісіне қызығушылық пайда болып, әрбір тағайындалған емдеу шараларын дер кезінде қабылдауға белсенділік танытады.

Жоғарыда айталған емдеу қағидаларын дұрыс сақтап, емдеу шараларын тиімді жүргізу үшін пародонт ауруы бар адамды емдеу жоспары дұрыс құрылуы керек. Бұл жоспарға пародонттағы қабыну үрдісін жоюға, тіс-жақ сүйек жүйесінің қызметі мен эстетикалық қанағатсыздықты қалпына келтіруге, организмнің жалпы жағдайын жақсартып, қорғаныс қабілетін жоғарылатуға арналған шаралар толық енуі керек.

 

Пародонт ауруларын жергілікті емдеу.

Пародонт ауруы кезінде патологиялық үрдістің түріне, ауырлығына қарамай жергілікті емді тіс шөгінділерін мұқият тазалаудан бастайды. Тіс шөгінділерін механикалық әдіспен (арнаулы ілмектер мен аршығыштың көмегімен) және физикалық әдісті қолданып (ультрадыбысты пайдаланып скалердің көмегімен) алуға болады. Тіс шөгінділерін алар алдында және алып біткен соң ауызды антисептиктер ертіндісі мен жуып-шайып, қызыиек жиегін өңдейді (иодтың 2% спирттегі ертіндісімен, Люголь ертіндісімен).

Сонымен қатар тіс қатарындағы пародонт ауруын тудырушы қосымша ықпалдарды жоюға тырысу керек. Олар: дұрыс қойылмаған пломбылар мен протездер, ортодонтиялық конструкциялар, әртүрлі тістем ауытқулары, тістердің ауытқи орналасуы. Бұл ықпалдардың әсері мүмкіндігіне қарай аз уақыт ішінде (пломбыларды, протездерді ауыстыру), немесе ұзақ уақыттан кейін (тістем ауытқуларын, тістердің жиі немесе ауытқи орналасуы) жойылатынын ескерген жөн.

 

Қызылиек қабынуларын жергілікті емдеу.

Жергілікті емдеудің ерекшелігі қызылиек қабынуының клиникалық ерекшелігіне байланысты. Қолданылатын дәрілер де соған байланысты таңдалып пайдаланылады.

Қызыл иектің катаралды қабынуын емдеу.

Емдеу шаралары төмендегідей:

1. Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйрету. Ол үшін тиімді тіс тазалайтын қойыртпақтар мен тіс мәсуегінің тиімді түрлерін таңдауды үйретеді.

2. Қатты ауыру сезімі болса анестетиктерді пайдалана отырып, жергілікті себепші-тітіркендіруші факторларды жояды (тістерді тіс шөгінділерінен тазарту, тістердің түйісу орнын қалпына келтіре отырып, тісжегі қуыстарын тиімді пломбылау).

3. Қабынуға қарсы антисептиктер мен басқа дәрілер қолдану. Антисептиктер ертіндісін ауызды, қызылиек сайларын жуып-шаю үшін қолданады. Қабынуды және домбығуды тоқтататын дәрілерді жапсырма (сепликат) ретінде, жақпаларды (мази) жаға отырып қызылиекке сіңіреді немесе қатаятын таңбалардың құрамына қосып қызылиек бетіне қояды. Емдеу курсы қабыну үрдісі толық тоқтағанша жүргізіледі.

Қабынуды тоқтатуға жақсы әсер ететін дәрілер-стероидтарға жатпайтын дәрілік заттар (3% аспирин, 5% бутадион, индометацин, гепарин жақпалары). Сұйық дәрілерден сальвиннің 0,2% ертіндісін, ромазулан, хлорофиллипт, прополис тұнбасын (1:10) бастырма ретінде қызыиекке жапсырып қоюға болады. Ауызды жуып-шаятын антисептиктер ретінде 0,05-0,1% хлоргексидин, фурациллин (1:5000), марганецқышқылды калий (1:5000) ертінділерін, 0,5% сутегінің асқынтотығын, Болгария республикасы шығаратын «Пинокадинен» препаратын қолдануға болады. Қабынудың беті қайтқаннан кейін қызылиек эпителийіндегі мүйіздену үрдісін тезірек қалыпқа келтіру А,Е витаминдерінің майлы ертінділерін, солкосерил, ротокан, әртүрлі өсімдік майларын (итмұрын, шабдол, шырғанақ, зәйтүн майлары) қолдануға болады.

4. Қажет болса физиотерапиялық емдеу шараларын (электрофорездеу, дарсонвализациялау, қызылиекті сумен, қолмен, вбротордың көмегімен массаждау).

5. тістер орналасуы мен тістем ауытқуларын емдеу.

6. Жұмсақ тіндердің дамуының ауытқуларын қалпына келтіру үшін (төмен-жоғары және тарта орналасқан ерін мен тіл үзбелері, таяз қалыптасқан ауыз кіреберісі) реконструкциялау операцияларын жасау.

Қызылиектің катаралды қабынуы кезінде жалпылай емдеуді ұмытпаған жөн.ол үшін антигистаминдік препараттар (димедрол, супрастин, тавегил, фенкарол, пипольфен), витаминдер және макро-микро элементтер жиынтығын (поливит, дуовит, триовит, макровит, уникап, олиговит және б.) тағайындау керек. Қызылиектің қанағыштығын азайту үшін алғашқы күндері аскорбин қышқылының үлкен мөлшерін (300 мг. дейін) немесе аскорутин, викасол тағайындау артық болмайды.

 

Қызылиектің өліеттеніп жаралана қабынуын емдеу.

Қызылиек қабынуынң бұл түрінің негізгі себебі микроорганизмдер болғандықтан, жергілікті емдеу шараларының құрамында бактерияларға қарсы дәрілер қолданған жақсы нәтиже береді. Қызылиегі өліеттеніп-жаралана қабынған сырқат адамды емдеу кезінде көзделетін мақсаттар: ауыру сезімін азайту, өліеттену үрдісін және қабынудың қызылектен ауыздың басқа аймақтарындағы кілегей қабыққа жайылуын шектеу, жараның жазылуын жылдадату,жергілікті және жалпылай ммунитетті көтеріп, аурудың қайталанбауын қамтамасыз ету.

Емдеу жоспары:

1. Ауыру сезімін басу (аппликациялық немесеаэрозольанестезия, қажет болса инъекциялық анестезия қолдануға болады). Аппликациялық анестезия үшін новокаиннің 2% ертіндісі, лидокаиннің 2-10% ертінділері, тримекаиннің 2% ертіндісі және 10% лидокаин-эорозоль пайдаланылады.

2. Құрамынан хлор мен оттегі иондары бөлінетін және нитрофуран қатарындағы (фурагин, фурациллин, фуразолидон) антисептиктердің жылы ертінділерімен ауыз ішін, тісаралық кеңістіктерді мұқият жуып тазалайды.

3. Тіс беттеріндегі жұмсақ және қатты шөгінділерді алып қызылиекті өліеттенген тіндерден тазалайды (антисептиктерге алынған мақса анжының немесе экскаватордың көмегімен. Қажет болса зарарсыздандырылған кішкентай өткір қайшыларды пайдалануға болады). Толық ыдырай қоймаған өліетті тіндерді ыдырату үшін ферменттер ертіндісімен (трипсим, химотрипсин, лидаза, мезоцим, лизоамимаза) аппликат жасауға болады. Осы мақсатта Ируксол жақпасын да қолдануға тиімді.

4. Өліеттен тазарған жара беттерінде құрамында антибиотиктер, антибактериалды дәрілер, кортикостероидтар бар жақпалардан аппликат қояды. Ол үшін құрамында фурациллин, синтомицин, анестезин бар «Фастин 1», «Фастин 2», фунгицидті және фунгистатикалық әсері бар 3% октатион, құрамында метронидазол бар «Метрагил-Дента», «Гиоксизон» жақпаларын пайдалануға болады. Жаралы ошақта саңырауқұлақтардың дамуына ыңғайлы жағдай туатын болғандықтан, құрамында саңырауқұлақтарға қарсы әсер ететін дәрілер бар жақпаларды да (нистатин, леворин, клотримазол, Ларинден-А жақпалары) пайдалануға болады

 

Қызылиектің өліеттеніп-жаралана қабынуын емдеу үшін құрамында норсульфазол, стрептоцид, тимол, эвкаливт және жалбыз майлары, спирт, қант, глицерин, тұрақтандырушы беткейлік-белсенді заттар бар «ингалипт-аэорозоль» қолданса, емдеу әдісі өте тиімді болады.

Ауызды жуып-шаюды, қызылиекке дәрілерден аппликат қоюды күніне 3-4 рет қайталаған жөн. Сырқат адам күніне 2-3 рет дәрігер-стоматологқа келе алмайтын болғандықтан, жергілікті емдеу шараларын мүмкіндігінше өзінің үреніп алғаны дұрыс.

Емдеу шаралары дұрыс жүргізілген жағдайда 2-3 күннен кейін-ақ қызылиектегі жаралы ошақ өліеттен тазарып, қабыну үрдісінің беті қайта бастайды. Бұл кезде құрамында кортикостероиды бар жақпаларды қолдануды тоқтатып, жараның тазалуын жылдамдататын жақпаларды (3% солкосерил, 5-10% метилурацил, 3% апилак жақпалары, 1-2% тезан, алой линименттері).

Ауруды жалпылай емдеу.

Егер ауру адамның дене қызуы жоғары болса, оны төмендететін дәрілер (аспирин, парацетомол, пирамидон және соңғы кезде әртүрлі фирмалар ұсынып жүрген әртүрлі ауырусыздандырушы және дене қызуын төмендетуші дәрілер қоспалары), антибактериалдық дәрілер (трихопол, флагил, бисептол), қажет болса аноэробтарға қарсы антибиотиктер тағайындайды. Трихополды 10 күн қатарынан қабылдау керек: алғашқы төрт күнде 0,25 г. 3 рет, қалған 6 күнде 0,25 г. күніне екі рет. Организмнің уыттануы мен сенсибилизациялануына да қарсы әрекет жасау керек. Ол үшін антигистаминдік дәрілер, гипосенсибилизациялаушы препараттар – кальций глюконатын, натрий тиосульфатын қабылдау керек. Организмнің уыттануын азайту үшін жылы минералды суды таңқұрай тоспасымен (варенье) шайды көбірек ішу керек.

Жергілікті иммунитетті көтеру үшін көпвалентті антигенді кешен – Имудон тағайындау қажет. Имудон сілекейдің фагоцитоздау белсенділігін күшейтіп, ондағы лизоцимнің мөлшерін жоғарылатады, күніне бір таблеткадан 8 рет ауызға салып сорады. Организмнің жалпы иммунитетін көтеру үшін витамин-минералды кешендер, иммунал тағайындаған тиімді болады.

5. Физиотерапиялық емдеу шараларын (лазер, ультракүлгін сәулелерін, ультражоғары жиіліктегі айнымалы ток - УВЧ) алғашқы күннен бастап тағайындауға болады.

6. Мүмкіндігінше тағамды жиі қабылдау керек, тағам көбіне быламық, сорпа, жас көкөністерден жасалған салат түрінде болғаны дұрыс және ас қабылдар алдында ауызға анестетиктер ертіндісін ұрттап алып, 5-7 минөт ұстап тұру арқылы қызылиекті уақытша жансыздандырып алған жөн.

7. Қабыну үрдісі толық басылғаннан кейін ауызды сауықтырып, сауыққан адамда ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйретіп, ақыл-кеңес беру керек.

Ескерту: қызылиектің өліеттене – жаралана қабынуының жайылған және ауыр түрімен ауырған адам аурухана жағдайында емделгені нәтижелі болады және әртүрлі асқынулар (іріңді лимфоаденит, абсцесс, флегмона) туындамайды.

Қызылиектің өсе қабынуын емдеу.

Жергілікті емдеу шаралары қабынудың түріне, ауырлығына байланысты жүргізіледі және қосалқы-себепті ықпалдарды да ескерген тиімді болады.

өсе қабынудың домбыққан түрінде тіс шөгінділерін мұқият алғаннан кейін негізгі немесе қосалқы ықпалдардың әсерін (дұрыс қойылмаған пломбылар, жасанды сауыттар, протездер, ортодонтиялық конструкциялар) жоюға тырысу керек. Жүргізілетін ем нәтижелі болу үшін қызылиегі қабынған адамды ауыз гигиенасын дұрыс сақтауға машықтандыру керек. Қызылиектегі қабыну және домбығу үрдісін тежеу үшін құрамында глюкокортикоидтар, қабынуды тоқтататын дәрілер бар жақпаларды (0,025% синафлан, гиоксизон, Лоринден-А, лоринден-С, преднизолон, гепарин, гепароид жақпалары) пайдаланады. Қызылиек домбығуы біраз басылғаннан кейін дәиекер тінді склероздайтын дәрілер қолданады. Ол үшін глюкозанның 50-60% ертіндісін әрбір ұлғайған қызылиек бүртігінің ұшына 0,1-0,2 мл. енгізеді. Емдеу курсы 3-8 сеанстан тұрады және инъекция күн сайын немесе екі күнде бір рет жасалынады.

Сонымен қатар «Мараславин» және «Полиминерал» сияқты Болгар республикасында шығарылатын препараттардың да склероздаушы қасиеті бар. Қызылиектің өсе қабынуынң домбыққан түрі көбінесе екіқабат әйелдерде, жеткіншектерде (юноши) жиірек кездесетіндіктен, көпшілік жағдайда организмдегі гармоналдық ауытқу қалпына келгенде ұлғайған қызылиек бүртіктері қайта қалпына келеді. Сондықтан өсе қабынған қызылиек дәрілермен емделгеннен кейін қалпына келмесе, белгілі уақытқа дейін (екіқабат әйел босанғанға, жеткіншек жыныстық жетілуге дейін) хирургиялық емдеу әдісін қолдануды тоқтата тұру керек.

Егер қызылиектің өсе қабынуы әртүрлі тістем ауытқуларына және тістердің ауытқи орналасуымен байланысты болса, оларды түзетуге арналған ортодонтиялық және ортопедиялық емдеу шаралары жүргізіледі. Жалпылай емдеу үшін С және Р витаминдерін және басқа витаминдер жиынтығын тағайындау қажет.

 

Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрін емдеу.

Қызылиек қабынуының бұл түрін дәрілермен емдеу аса жақсы нәтиже бере қоймайды. Сонда да дәрілерді тиімді пайдаланса, ұлғайған қызылиек бүртіктерінің көлемі белгілі бір дәрежеге дейін кішіреюі мүмкін.

Тіс шөгінділерін алып, қабынудың негізгі және қосалқы себептерін жойып, қызылиегі қабынған адамды ауыз гигиенасын дұрыс сақтауға үйреткеннен кейін дәрілермен жергілікті емдеу шараларын жүргізеді. Қызыл иек бүртіктерінің өсуін тоқтату үшін құрамында глюкокортикоидтары бар жақпаларды қызылиекке күніне 2-3 рет сіңірген тиімді. Себебі олар қабыну ошағында жаңа грануляциялық тіннің өсуін, фибробластардың көбеюін, коллагеннің құрылуын тежейді. Ол үшін Лоринден-А, Лоринден-С, оксикорд, фторокорд жақпаларын пайдаланған тиімді. Қабыну ошағында қан тамырларының қысылуынан туындаған қанның іркілуі мен ұюын жою үшін гепарин жақпасын сіңірген тиімді. Глюкокортикоидты жақпаларды 5-6 күн қолданғаннан кейін 3% апилак жақпасын қоса пайдалана бастау керек. Себебі апилак жақпасы қызылиектегі ірі және жуан коллаген талшықтарының жіңішкеріп, көлемінің кішіруіне үлкен әсерін тигізеді. Жергілікті дәрімен емдеу курсын 8-10 күндей жүргізген тиімді. Бұл кезде жалпы емдеу шараларын да жүргізу керек. Ол үшін аскорутин, витаминдер кешенін тағайындап, никотин қышқылының 1% ертіндісін тері астына, лидаза ертіндісін бұлшық етке салу (10-15 инъекция) қажет.

Физиотерапиялық емдеу шараларынан қызылиектің ұлғая қабынуын емдеу үшін Дарсонваль тогын, гепаринмен электрофорездеу, сумен массаждау әдістерін қолдануға болады.

Қызылиектің ұлғая қабынуын дәрілермен емдеу бірғана курспен шектелмеу керек, емдеу шараларын 2-3 курс қайталаған жөн (әрбір 2-3 айдан кейін).

Жүргізілген дәрілік емдеу шараларының нәтижелілігі ойдағыдай болмаған кезде (қызылиек қалпына толық келмеген жағдайда) хирургиялық емдеу әдістерін (гингивэктомия, криодеструкциялау, диатермокоагуляциялау, қуатты лазермен құру) қолданып, қызылиектің артық бөлігін (ұлғайған бөлігін) алып тастайды.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 136 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)