Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Терең тісжегі.

Читайте также:
  1. Орта тісжегі.

Орта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуысытың тістердің жанасу бетінде орналасқандығынан көп жағдайда байқаусыз қала беруі мүмкін. Сондықтан тісжегі қуысы тереңдеп, ұлпа маңындағы дентин бұзылады және ұлпа төбесінде аз ғана жұмсарған дентин қабаты (жедел дамыған кезде) немесе жұмсарып пигменттелген және жұқа жылтыр дентин қабаты (баяу дамыған кезде) сақталады. Бұл кезде қуыстың табаны тіс мойыны деңгейінен аз ғана жоғары орналасады. Кейде қуыстың тереңдегені соншалық, біріншілік дентин қабаттары жойылып, екіншілік дентин қабаты бұзыла бастайды. Терең тісжегі кезіндегі негізгі шағымдар: бұзылған тісте механикалық, температуралық және химиялық әсерлерден ауыру сезімінің пайда болуы және әсер етуші ықпал жойылған кезде біртіндеп басылуы. Тісжегінің басқа сатыларына қарағанда мұнда ауыру сезімі күштірек, көбіне тіс қақсап ауырады.

Қарап тексергенде терең және аумақты тісжегі қуысы анықталады, ішінде ас қалдықтары, ыдыраған дентин сақталған, қабырғасында пигменттелген кейде пигменттелмеген ақшыл-сары түсті жұмсақ дентин қабаттары анықталады.

Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе, ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауыру сезімі байқалады (жедел дамыған тісжегі кезінде). Кейде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, күштірек сүңгілеп байқағанда ғана ауыру сезімі туындайды (баяу дамыған тісжегі кезінде). Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 2-6 мка тең, кейде аздап төмендеуі де мүмкін (10-12 мка шамасында).

Терең тісжегіні орта тісжегіден, ұлпаның жартылай жедел қабынуын (острый частичный пульпит), созылмалы жай (фиброзды) қабынуынан ажырата білу керек. Ұлпаның жартылай жедел қабынуына өз бетімен пайда болатын, бірақ ұзаққа созылмайтын, сырқат тіспен ғана шектелген ауыру сезімі тән. Әртүрлі тітіркендіргіштер де ауыру сезімін туындатады немесе күшейте түседі. Тістің электрқозғыштығы 15-20 мка, кейде бұл көрсеткіштер одан да жоғары болуы мүмкін. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде ауыру сезімі әртүрлі тітіркендіргіштер әсерін туындайды, қарқындылығы аса күшті емес және ұзаққа созылып барып басылады. Сауыт қуысы көбіне тісжегі қуысымен байланысып жатады. Тістің электрқозыштығы 30-40 мка.

Кейде ауыздары тар астың қалдығы мен ыдыраған дентин ұзақ сақталатын, жұсарған дентин қабаттары қалың терең тісжегі қуыстары кезінде сырқат тісте түн кезінде өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі пайда болады және күндіз мазаламай бірнеше түн қайталануы мүмкін. Ауыру сезімі көбінесе түнге қарай тәтті тағамдар жеген кезде жиірек қайталанады. Мұндай жағдайдағы ауыру сезімі көбіне көмірсулы ас қалдықтарының ыдыруы нәтижесінде пайда болған қышқылдар және дентиннің ыдырауынан пайда болған уытты заттар мен микроорганизмдер уыттары ұлпаны тітіркендіруі әсерінен дамиды. Көптеген авторлар мұны ұлпаның гиперемиялану симптомы деп түсіндіреді. Бұл жағдайда ұлпаның жағдайын анықтау үшін тісжегі қуысын егеп-тазалап, жылы ертінділермен жуып-кептіріп, 7-10 күнге уақытша пломбымен жабады. Белгіленген уақыт ішінде өз бетімен ауыру сезімінің туындамауы – терең тісжегі деген болжамды диагноздың дұрыстығының кепілі.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 228 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)