Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жүйелі гипоплазия.

Читайте также:
  1. Тақырып: «Ауыз қуысының шырышты қабатының жұқпалы және жүйелі аурулары бар кезіндегі өзгерістері. Клиникасы, емі».

Жүйелі гипоплазияның үщ клиникалық түрін ажыратады: 1) кіреукенің түсінің өзгеруі; 2) жетілмей қалуы; 3) қалыптаспауы немесе дамымай қалуы (аплазия).

Гипоплазияның кіреукенің түсін өзгертетін және жеңіл түрі – дақты гипоплазия (пятнистая гипоплазия). Дақтардың түсі көбінесе аппақ борға немесе әкке ұқсайды, көлемдері әртүрлі, сауыт беттерінде шашыла (көбіне ерін, ұрт беттерінде) немесе тұтаса орналасады. Дақтардың жиектері анық, беттері тегіс, органикалық бояулармен боялмайды және өзгермей өмір бойы сақталып қалады.

Тіс гипоплазиясының ауыр түрі – кіреукенің құрылымын бұзатын түрі төмендегідей болып бөлінеді:

2. толқынды гипоплазия (волнистая гипоплазия);

2. сайлы гипоплазия (бороздчатая гипоплазия),

2. нүктелі гипоплазия (точечная гипоплазия);

2. тостағанға немесе шәшкеге ұқсас гипоплазия (чашеобразная гипоплазия);

2. баспалдаққа ұқсас гипоплазия (лестничная гипоплазия).

 

Толқынды гипоплазия кезінде сауыт бетінде қалыпты кіреуке аймағы мен кіреуке нашар дамыған аймақ жіңішке жолақ тәрізді алмасып отырады және тек тісті бүйір бетінен қараған кезде ғана байқалады, толқынға ұқсас көрініс туындатады. Нүктелі гипоплазия кезінде ақау ұсақ көлемді ойықтар түрінде тіс сауытының әртүрлі деңгейінде орналасады. Жүре-жүре нүктелі ақау ошағындағы кіреуке қоңыр немесе қара түске боялуы мүмкін, бірақ кіреукенің тығыздығы мен тегістігі сақталады. Сайлы гипоплазия кезінде сауыт бетінде бірлі-жарымды жіңішке науаға ұқсас сайлы құрылым кездеседі (сауытты буып қойғандай). Мұндай сайлар бірнешеу болуы мүмкін және олар қалыпты кіреуке аймағымен алмасып отырады. Егер осындай сайлар сауытты түгел жаба орналасса, тіс беті баспалдаққа ұқсап қалады (баспалдақты гипоплазия). Бұл кезде сайлар қабырғалары мен табанында жұқа кіреуке қабаты сақталған, беті тегіс және жылтыр болады.

Шәшкеге ұқсас гипоплазия кезінде сауыт беттерінде домалақ немесе сопақ пішінді диаметрлері 1,0-2,0 мм ойықтар кездеседі. Олардың табандарында кіреуке жұқа қабат түрінде кездеседі, кейде болмауы да мүмкін (аплазия эмали). Мұндай жағдайда ақаудың табаны пигменттеледі және көпшілік жағдайда тісжегімен асқынады.

Гипоплазияның сирек кездесетін түрі – оның дамымай қалуы (кіреуке аплазиясы). Бұл түрі тістер сауыттарының кейбір аймақтарында (тістеу қырларында, шайнау төмпешіктерінде, гипоплазиялық сайлардың табандарында) кіреукенің болмауымен сипатталады. Көбінесе күрек тістердің тістеу қырында кіреуке дамымай қалады. Бұл кезде тіс сауыты ішкі сауыты тарлау және шығып тұратын,сыртқы сауыты кең, бір-біріне кигізілген қос сауытты тіске ұқсайды. Сирек жағдайларда тістерде аталған гипоплазия түрлерінің бірнешеуі қатар кездесуі мүмкін. Мұндай үрдісті аралас тіс гипоплазиясы (смешанная гипоплазия зубов) деп атауға болады.

Гистологиялық зерттеулер кезінде гипоплазиялық өзгеріске ұшыраған тіс кіреукесінде призмалар аралық кеңістіктерінің үлкейгені, Ретциус жолақтарының кеңейіп, призма шекараларының анықтығы жойылғаны байқалады. Нүктелі гипоплазия кезінде дентинде де өзгерістер анықталады: шарлар аралық кеңістікті белдеу кеңейген, орынбасушы дентиннің қарқынды құрылуы байқалады. Ұлпада жасушалық құрылымдар азайған, нервтік элементтерде дегенерациялық өзгерістер анықталады.

Жүйелі гипоплазиялы тістерге Гетчинсон, Фурнье және Пфлюгер тістерін жатқызуға болады.

Гетчинсон тістері (зубы Гетчинсона) – бөшкеге немесе (бұрандаға) ұқсас орталық жоғарғы күрек тістер, мойын бөліктері тістеу қырынан кең, тістеу қырларында жартыайға ұқсас ойықтары бар. Ойықтардың табанының тереңдеу аймағы кіреукемен жабылмаған (сурет).

Фурнье тістері (зубы Фурнье) – бөшкеге ұқсас орталық күрек тістер, бірақ тістеу қырларында ойықтары жоқ (сурет).

Ертеректе Гетчинсон және Фурнье тістері туа дамыған мерез кезінде кездеседі және осы аурудың үш белгісінің (паренхиматозды кератит, тумыстан болған кереңдік, Гетчинсон тістері) бірі деп тұжырымдаған. Кейінірек дәлелденгендей, мұндай тістер мерезден басқа да организмнің созылмалы улануын туындататын аурулар кезінде орын алатыны анықталды.

Пфлюгер тістері – сауытының мойын деңгейіндегі диаметрі шайнау бетінің диаметрінен үлкен,төмпешіктері нашар дамыған, бір-бірімен бірігіп тіс сауытына конусқа ұқсас пішін беретін бірінші үлкен азу тістер. Бұл тіс те созылмалы мерез инфекциясының әсерінен дамиды деген түсініктер бар.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)