Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Патологиялық анатомиясы.

Читайте также:
  1. Патологиялық анатомиясы.
  2. Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері.

Тіс тіндерінде байқалатын өзгерістер жедел қажалудың даму сатысына байланысты. Кіреуке тістеу қырлары мен шайнау төмпешіктерінде алғаш қажала бастағанда осы аймақтар астында орынбасушы дентиннің құрылуының қарқындылығы жоғарылағаны байқалады. Қажалудың екінші сатысында орынбасушы дентиннің қалың боп құрылуымен қатар дентин өзекшелерінің бітеліп қалуы орын алады (апатит кристалдарының шөгуі нәтижесінде). Ұлпада да өзгерістер байқалады: одонтобластар саны азайып олардың вакуолденуі, торлы атрофиялану үрдісі орын алады, ұлпаның орталық қабаттарында тұздардың шөгу әсерінен петрификаттар пайда болғаны байқалады.

Жедел қажалудың үшінші сатысында дентиннің толық склероздануы, екіншілік дентиннің қарқынды құрылуы нәтижесінде сауыт қуысының толығымен жабылуы, ұлпаның атрофиялануы байқалады. Одонтобластар саны ұлпаның қалған бөлігінде азайған, одонтобластар қабатында вакуолдену үрдісі анықталады. Екіншілік дентиннің көптеп құрылуы арқасында түбір өзектері тарылып кейбір бөліктерінде бітеліп, нашар өтетін болады.

Жедел қажалудың емі. Емдеу әдістерін таңдап алу және оны жүргізу тәсілдері патологиялық үрдістің сатысына байланысты. Қажалудың алғашқы сатысында оны тудыра бастаған себептерді жоюға тырысып, тіс тіндерінің тығыздығын арттврвп, тұрақтылығын күшейтуге, қажалу үрдісін тежеуге арналған шаралар жүргізу керек. Тістің қатты тіндерінің тығыздығын жоғарылататын шаралар ертеректе айтылған (тістердің эрозиясы, қышқылдар әсерінен некроздануы). Егер жедел қажалу тістерге түскен шайнау күшінің жоғарылығынан болса, тиімді протездеу әдісін қолданады. Сонымен қатар тістер сауытының қажалған бөліктерін композиттік материалдармен қалпына келтіріп, тістем биіктігін дұрыс қалыптастыруға болады.

Аса қиындық тудыратын қажалудың ІІІ сатысы (бұл кезде тістер сауыттары мойнына дейін қажалып кетуі мүмкін). Бұл кезде тіс сауыттарын өзекті тістер қою арқылы (бір түбірлі тістер болса), немесе жасанды сауыттар кигізу арқылы қалпына келтіреді. Егер тістің сақталған бөлігі өте қысқа және жасанды сауыт кигізуге мүмкіндік болмаса, уақытша жансыздандырғаннан кейін тістің ұлпасын алып, өзектерге анкерлі штифтер немесе металдан жасалған басқа да штифтер бекітіп пломбылық материалдардың көмегімен тіс сауытын қалпына келтіруге тырысады. Қалпына келтірілген тістердің ұзақ қызмет етуі үшін сыртынан жасанды сауыттар кигізген жөн болады. Сауыттардың түрлерін эстетикалық талаптарға, тістердің атқаратын қызметіне сай таңдап дайындайды.

Дұрыс жүргізілген емдеу шаралары жедел қажалудан туындайтын асқынулардың алдын алуға және орын алған асқынуларды (төмендеген тістем синдромы) емдеуге толық мүмкіндік береді.

Тістердің жедел қажалуының алғашқы сатысында қатты тіндерде аса сезімталдық байқалуы мүмкін. Мұның өзі ас қабылдағанда үлкен ыңғайсыздық туғызады. Сондықтан ондай сезімталдықты жоюға арнаулы емдеу шаралары жүргізілуі тиіс (аса сезімталдықты қара).

Тістердің аса сезімталдығы (гиперестезия зубов)

Тістердің аса сезімталдығы деп қатты тіндерде қалыпты жағдайда ешбір өзгеріс тудырмайтын тітіркендіргіштер әсерінен тістерде әртүрлі дәрежеде ауыру сезімінің пайда болуымен сипатталатын патологиялық үрдісті айтады.

Тістердің аса сезімталдығы тісжегі мен тістің қатты тіндерінің басқа аурулары және пародонттағы патологиялық үрдістер кезінде байқалады. Аса сезімталдық тістердің жедел қажалуының алғашқы сатысында кіреуке-дентин шекарасы ашыла бастағанда жиі кездеседі, бірақ тістері қажалуға ұщыраған адамдардың барлығанда бірдей кездесе бермейді. Кіреуке эрозиясы кезінде аса сезімталдық жиі кездессе, сынаға ұқсас ақау кезінде көп байқала бермейді.

Тістердің аса сезімталдығы тек жергілікті тітіркендіргіштер әсер еткенде ғана емес, тістерде ауыру сезімі организмнің кейбір патологиялық жағдайлары кезінде де туындайды. Тістерде ауыру сезімі психоневроздар, эндокринопатия, климакс,әртүрлі зат алмасу үрдістері бұзылған кезде, жұқпалы аурулармен және басқа жүйелі аурулармен ауырған жағдайлардада орын алады.

Клиникалық белгісі. Тістердің аса сезімталдығы кезінде науқастар тістерінде температуралық (ыстық және суық), химиялық (қышқыл, тәтті, ащы) және механикалық ықпалдардан өте күшті, бірақ тез басылатын ауыру сезімдері пайда болатынына шағымданады. Кейде суық ауа жұтқан кезде де ауыру сезімі қатты мазалайды. Сондықтан көбі жұмсақ, аса суық немесе ыстық емес тамақ қабылдауға, сыртқа щыққанда (жылдың суық мезгілінде) ауыздарын ашпауға мәжбүр болады. Ауыру сезімі кейде аздап азайып, бірде біраз уақыт мазаламауы да мүмкін. Қарап тексергенде тістің қатты тіндерінде тісжегіге және басқа ауруларға тән құрылымдық өзгерістер болады, кейде тіс түбірлері ашылуы да мүмкін.

Кейбір кездерде тіс тіндері бұзылмаған, белгілі бір ақауларды табу қиынға соғады.

Тістердің аса сезімталдығының бірнеше жүйесі бар. Солардың ішінде Федоров Ю.А. және б. (1981) ұсынған жүйе ең ұтымды деп саналады.

А. Жайылу көрсеткіштері бойынша (по распространенности):

І. Шектелген түрі (ограниченная форма) бір немесе бірнеше тісте кездеседі (тісжегі, сынаға ұқсас ақаулар бар және ортопедиялық мақсатта егелген тістерде).

ІІ. Жайылған түрі (генерализованная форма) көптеген тістерде байқалады (жүйеге жедел кезінде, көптеген тістерде тісжегі қуыстары, кіреуке эрозиясы мен сынаға ұқсас ақаулар бар кезде, көптеген тістердің мойындары мен түбірлері ашылғанда психоневроздық ауытқулар жағдайда).

Б. Даму себебіне байланысты (по происхождению).

І. дентиннің аса сезімталдығы (тістің қатты тіндерінің жойылуына байланысты);

а) тісжегі қуысында болатын;

б) тістерді ортопедиялық мақсатта егегеннен кейін болатын;

в) тістің қатты тіндерінің жедел қажалуы және сынаға ұқсас ақаулары кезінде болатын;

г) тіс тіндерінің эрозиясы кезінде болатын.

ІІ. Тістердің қатты тіндері бұзылмаған кезде болатын дентиннің аса сезімталдығы:

а) пародонтоз және пародонттың басқалай аурулары кезінде тістер мойындары мен түбірлері ашылған кезде болатын дентиннің аса сезімталдығы;

б) бұзылмаған тістер дентиннің аса сезімталдығы (функционалдық жоғары сезімталдық).

Көбінесе организмде жалпы өзгерістер кезінде орын алады.

в) Клиникалық ағымы бойынша:

І дәрежелі аса сезімталдық – тіс тіндері температуралық тітіркендіргіштерге сезімталдық және дентиннің электрқозғыштығы – 5-8 мка.;

ІІ дәрежелі - тіс тіндері температурылқ және химиялық тітіркендіргіштерге сезімталдық көрсетеді, дентиннің электрқозғыштығы – 3-5мка;

ІІІ дәрежелі – тіс тіндері барлық тітіркендіргіштерге сезімталдық көрсетеді, дентиннің электрқозғыштығы – 1,5-3,5мка.

Тістердің аса сезімталдығын ұлпаның жедел қабынуынан ажырата білу керек. Себебі бұл кезде де ауыру сезімі ұлпа қабынуындағыдай өте күшті болады, бірақ тітіркендіргіштер әсері тоқтаған кезде басыла қояды және тістің электрқозғыштығы көп ауытқымайды және 1,5-8 мка тең.

Емі. Тістердің аса сезімталдығын жою мақсатында ертеректе көптеген дәрі-дәрмектер қолданылған, бірақ олардың нәтижелілігі шамалы болған. Тістің қатты тіндерінің органикалық құрамын бұзу үшін цинк хлориді мен күміс нитраты (азот қышқылды күміс) ертінділері, сусыздандыру үшін құрамына натрий гидрокарбонаты, натрий, калий, магний карбонаты кіретін сілтілі қойыртпақтар (пасталар) қолданылған.

Сонымен қатар тістің қатты тіндерінде құрылымдық өзгерістер тудыратын препараттар, натрий фториді,стронций хлориді және кальций тұздары да қолданылады. Қазіргі кездегі көзқарастарға сүйенсек, фтор ионы гидроксиапатит құрамындағы гидроксил тобының орнын басып, оны аса тұрақты құрылым-фторапатитке айналдырады. Егер беті кептірілген тістің аса сезімталдығы бар аймағына 75 % фторлы натрий қойыртпағын (пастасын) сүртсе, аса сезімталдық төмендей бастайды және көп ұзамай 5-7 сеанстан кейін жойылып кетеді.

Тістің қатты тіндерінің аса сезімталдығын жою үшін Платонов Е.Е. құрамында дикаин бар екі сұйық ұсынған. Бірақ бұл сұйықтардың ауырусыздандыру уақыты ұзақ емес. Осындай сұйықтардың қатарына Гартман (1936) сұйығын жатқызуға болады.

Гартман сұйығының құрамы:

Тимол 1,25

Спирт 1,0

Эфир 1,0

Тістердің аса сезімталдығын жою үшін қолданылған тиімді әдістердің бірі – Федоров Ю.А., және Володкина В.В. (1970) ұсынған әдіс. Тістің қатты тіндеріне әсер ету үшін олар кальций глицерофосфатының глицеринге араластырылған қойыртпағын 6-7 рет аппликациялау әдісімен қолданған. Сонымен қатар бір айдай кальций глицерофосфатын немесе кальций глюконатын 0,5 г. күніне 3 рет, поливитаминдерді күніне 3-4 таблетка, фитоферолактол (соткесіне 1 грамм) қабылдауды және әрбір үш айда емдеу шараларын қайталап тұруды ұсынған.

Соңғы кезде тіс тіндерінің аса сезімталдығын жою үшін қайта минаралдандырып емдеу әдісі кең қолданылады. Ол үшін тістің бетіндегі қақты жақсылап тазалап, сілекейден оқшалауландырады және бетін құрғатып барып, кальций глюконатының 10% ерітіндісімен немесе ремоденттің 3-4% ерітіндісімен 5-7 минөтке аппликат қояды. Әрбір үшінші қабылдауда қайта минералдандырушы ерітіндімен екі рет аппликат қойғаннан кейін тістің бетін фторлы натрийдің 1-2 % ерітіндісімен өңдейді. Бұл ерітіндінің орнына фтор-лак, фторлы гель «Белагель» қолдануға болады. Ішу үшін 0,5 гр. кальций глюконатын күніне 3 рет тағайындайды. Бұл кезде мүмкін болса әртүрлі шырындар, қышқыл тағамдар қабылдамау керек және тістерді тазалау үшін құрамында фтор бар қойыртпақтар пайдаланған жөн. Ресейде шығатын «Жемчуг» пастасын қолданған өте тиімді. Бұл әдісті 5-7 рет қолданғаннан кейін-ақ жақсы нәтиже байқала бастайды, ал 12-15 процедурадан кейін аса сезімталдық жойылады. Егер 6-12 айдан кейін аса сезімталдық біліне бастаса, емдеу курсын қайта жүргізеді.

Аса сезімталдықты жою үшін физикохимиялық әдісті де қолдануға болады. Ол үшін кальций тұздары мен фторлы натрий ертінділерін тіс тіндеріне электрофорездеу тәсілімен де сіңіруге болады және өте жақсы нәтиже береді.

Жайылған немесе жүйелі сезімталдықты емдеу үшін орталық жүйке жүйесі қызметін жақсартатын дәрілер: кіші транквилизаторлар, ұйқы келтіретін және ауыру сезімін жоятын препараттар (аналгетиктер) тағайындайды.

Сонымен қатар электр тоғымен ұйықтату, инелірефлекспен емдеу (иглорефлексотерапия)әдістерін қолдануға да болады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 140 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)