Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 77 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ал, осы тектес күнәларды істеген біздің бауырларымыз ше? Аузында алласы тұрып, құранға қарап болашақты болжайды дейтіндер ше? Олар да сол. Олар да адасқандардан. Олар, ең алдымен, адасқандар, сосын адастыратындар. Бұлардың барлығы тозақылық күнәлар. Өте ауыр күнәлар.

Халқымыз, ең алдымен, осы күнәларынан арылса, алла оларға беретін нығыметін арттырмақ. Алла – әділетті. Біздің барлық машақатымыз, біздің барлық жапамыз, біздің барлық қасіретіміз – біздің ниетімізге байланысты. Біз, ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімізді дұрыстауымыз керек, бірте-бірте халқымызды, жамағатымызды дұрыстауымыз керек. Абай нанған аллаға нануымыз керек. Ыбырай Алтынсары «мұсылманшылықтың тұтқасы» деп кітап жазған аллаға нану керек. Ахмет Байтұрсын нанған аллаға нану керек. Демек, қазақтың ғұламаларының барлығы атақты діндар, атақты тақуа мұсылман болған. Олар сондығы үшін ғасырлардан ғасырларға ұлы тұлға ретінде қалды. Мысалы, Бұқар жырау, мысалы, Асан қайғы! Ең қысқасы, Қытай қазақтарының ұлы тұлғалары Ақыт Ұлымжыұлы, Ғазер Ақытұлы, Оспан батыр, Халифа Алтай, Қасен Оралтай, Қалибек хакым... сықылды тұлғаларымыздың барлығы ең алдымен, исламды танығандар, мұсылман болғандар, сосын Алла оларды іліммен, біліммен нұрландырғандар. Ал, осы тұлғалар қаншама уақыт өтсе де, ұлтымыздың көкірегінде мәңгі сақталып қалмақ, себеп біреу ғана. Ол – оларда иманның болғандығынан. Қазақ әдебиеті де осылай. Қазақ әдебиетіндегі имани әдебиет тұлғалары қашан да ұлы тұлға ретінде халық жадында мәңгіге қалады да, шайтани әдебиеттің тұлғалары өзі өлмей жатып, ел жүрегінен өшіп болады!

Наурыз бастала, қырғызда тағы да бүлік басталды. Қырғыздағы бүліктерді демократия деп түсінетін бауырларымыз бар. Алла бұл бауырларымыздың ислами ілімдерін арттырғай! Патшасына қарсы шыққан ел оңбайды. Мұндай елдер өзгеге жем болады. Себебі, патшаны Алла тағайындайды, адам тағайындай алмайды. Тағайындалған патша адамдардың ниетіне қарай беріледі. Адал елге адал патша, сұрқия елге жауыз патша. Демек, әміршіге бағыну арқылы ғана елдегі маселелерді шешуге болады. Қырғыз бүлігінің артында ешкім тұрған жоқ Америкадан басқа. Бұл елде Американың әскери базасының орнауы – Орта Азядағы тыныштықтың мәңгі кетуі! Американың әскері ешқашан Ауғаннан шегінбек емес. Сол сықылды, олар ешқашан қырғыздан шегінбек емес. Әрине, тұмсықтарына жеп, өлгенше зиян шеккенде ғана шегінуі мүмкін, ал, онсыз олардың мұндай маңызды стратегиялық, әскери орыннан тектен тек айырылуы мүмкін емес. Американың жауы екеу ғана, бірі –орыс. Бірі – Қытай. Орта Азяны төңіректеген Американың мақсаты – Орта Азия мен Қытайдың дамыған аумағын жалғап тұрған мұнай мен газдың құбырын үзу. Сол арқылы қытайды энергетикалық қыспаққа алып, өз айтқанына көндіру. Ал, осы барыста, Ресейді оңтүстік бүйірден қыса түсу. Демек, біздің қазақ елінің қазіргі ұстанған саясаты өте дұрыс. Біз үшін алғанда, ата жауымыз болса да, орыс бізге одақтас! Амалың жоқ. Орысты тастап, ешқайда көшіп кете алмайсың. Құдай қосқан, құдайы дескен көршілеріңмен есептеспей, алыстағы Америкадан одақтастық іздеу – ақымақтық. Америка, ең ұзағанда, қазақ билігінің, қазақ барысының орыс аюымен, қытай айдаһарымен шахмат ойнағандағы көзірі ғана, жүріс басары ғана. Біз Америкаға жақындағансу арқылы Қытай мен орыстың ішкі жақтағы қысымымен тепе-теңдік ұстай аламыз. Ал, қазақтың мұнайы мен газы үшін Қытайдан басқа аларман жоқ. Қазақ газын Еуропаға шығара алмаймыз. Ата-бабаларымыз ашық теңізге шығатын ауыз алмаған екен, мүмкін, ашық теңізі бар арабтардың қорғансыз қаларын ата-бабаларымыз білген шығар...

Себебі, ашық теңіз арқылы жүзіп жетіп келетін батыстың сүңгуір кемелеріне арабтардың қарсы тұратын қауқары жоқ...

Ал, бізді шығыста қытай, терістікте орыс қорғап тұр...

Жау келсе, алдымен, осы екеуіне келеді, біз ортадамыз. Орыстың құшағында тұрып, әліне қарамай әлек болған Грузияға батыс қоғамы нендей көмек бере алды? Гүржілер екі өлкесінен айрылды да қалды ғой. Демек, бізге аса сақ, аса ақылды, сабырлы, айлакер, ысылған, тәжірибелі басшы керек....

Саясат деген сезіммен басқаратын нәрсе емес. Мұндайда ата жауың болса да одақтасасың. Бр туғаның болса да жауласасың. Орта Азияның тыныштығы үшін, Орта Азиядағы Американың айтақтаулы иті болған шығыс түркістаншыларға біздің қазақтың тілектестік білдіретін түгі де жоқ. Ол –ешкімің емес. Ол дәл қазір – жауың! Басқаруыңа көнсе, бауырың. Саясатыңа бағып, еліңде ойран салмаса, бүлік тудырмаса ғана бауырың. Егер қазақтың егемендігіне қауіп төндіретін болса – жауың. Қазақтың қайқы бас қылышы мен шашақты найзасы қашан да басын қағып түседі. Жүрегінен түйреп өлтіреді. Аямайды! Бізге егемендіктен асқан құнды ештеме жоқ!

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадырлы жамағат!

Қазір 2012 жыл 5 наурыз. Алматы уақыты таңғы сағат 8:00

Атамекен, ана, Отан Қазақстаннан сәлем беріп тұрмыз! Жер бетіндегі барша қазақтың жалғыз ғана Отаны – Қазақстан. Отанға оралып, көңіл-күй асып-тасып, қуаныш қойынға сыймай тұр, жарандар. 2011 жылы 16 желтоқсанда Алматыдан ұшып Пекинге кеткен едім, сол кеткеннен Отанға оралып отырғаным осы...

Арада қаншама уақыт өтті. Қаншама өмір өтті, қаншама жұмыс болды...

Кеше 4 наурыз күні кеште, кешкі сағат 21:00 мөлшерінде қонақ үйден шығып, Пекиннің Шоуду халықаралық әуежайына жылжыдым. Сонан түнгі сағат 12-ден асып, күн есебі 5 наурызға аунағасын, нөлден жарым сағат өткенде, Қазақстанның Эйр Астана ұшағымен атамекенге қарай қанат қақтық та кеттік. Ұшақтан гөрі көңіл әлдеқайда ұшқыр болды. Сағыныш та шек жоқ. Алматының көше-көшесі көз алдыға келеді...

Көше толы қазақ көз алдыға келеді. Құжынаған қытай ішінде жүріп, қазақты аңсағанымды айтып сұрама...

Әй, сағындым ғой, сағындым...

Қазақты сағындым.

Алматыда жүретін әрбір бейтаныс қазақтың өзін бас салып, бетінен сүйіп-сүйіп алардай сағындым...

Сағындырған, аңсатқан Алматыға да жеттік-ау...

Алматыға таң намазы кірместен жетіп алдық. Шамасы, Алматы уақыты 04:15-де Алматыға аман-есен қонғанда, алқынған жүрек ұшақ сыртына атылып шыққандай-ақ болды...

Аяғым Алматының жеріне тигенде, ішімнен дұға оқыдым...

Я, Алла, атамекенімді аман-есен ете гөр...

Барша қазақты екі дүниеде де бақытты ете гөр...

Отанымызды, Қазақстанымызды аман-есен ете гөр, тәуелсіздігімізді баянды ете гөр! Ақырзаманға дейін бізді Отансыз сорлы ете көрме. Бар қазақтың еңсесін көтере гөр, барша қазаққа иман мен береке, бақыт пен бірлік бере гөр...

О, Алматы! Алматым менің! О, Қазақстан! Қазақстаным менің! Мәңгілік Отаным – Қазақстаным! Сапаршы ұлың оралды құшағыңа!

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,

Алынбаған ақым бар, сенде менің!

Бура бұлттар бусанып, терлегенім,

Бұйра құмдар бұйығып, шөлдегенім! (Мұқағали жыры ғой. Жыр жолдары есімде шала қалыпты. Жалпы, нобайы осылай, қате болса, оқырмандар кешірсін... Дұрыстасын...)

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Ал, рұхсат болса, шығармамызды жалғастырамыз.

Алматыдан сәлем беріп тұрмыз. Жаңа ғана қазақ радиосында Алматыда сағат 16:00 екенін айтып тұр...

Алматы көшесінде көлік кептелісі. Аттап басу – мұң. Бесіктен белі шықпаған кіп-кішкентай қыздар мен ойын балаларына дейін гүл ұстап жүр. Кафелер мен тағамжайлардың, жын ойнақтардың осы бірнеше күнгі тірлігі қыз-қыз қайнап тұр дейді.

Ертең 8 наурыз. Қолына гүл ұстаған қыздар мен жігіттер. Бүгін мен ертең зина күнәсының ең көп жасалынатын күні. Мекемелерде, іс орындарында дастарқан жайылады. Қатын-қыздардың беттерінен шөп-шөп сүйіліп, бір уыс шөп сыйланады. Алматының байсыраған қыздары үшін бұл күн романтика деп аталғанымен, ашығында, некесіз жыныстық қатынастың көкесі болатын, зина күнәсі жасалынатын күн! Алла біздің жүрегімізге иман нұрын сала көргей. Кеше орталық мешітте екінті намазын оқыдым. Мешіттегі мұсылман жамағаты көшедегі жұрттан басқашалау. Мешіт ауласына шыққанымда, намазхан қыздарды да көзіміз шалды. Олар да көшедегі қыздардан басқашалау...

Мүлде екі басқа дүние көресің. Алланың құлы мен шайтанның құлының айырмасы осындай кезде ғана анық көрінетіндей...

Алматыдағы құжынаған көлік кептелісінің себебі де осы. Орлы-қырлы шапқылаған ел. Гүл саудасы қызып тұр.

Исламдағы әйел затының орны мен мәртебесі хақында біздің жұртымыз не біледі?!

Әрине, біз дегеніміз – жалпы қазақ қауымы ғой. Құдайға шүкір, Қазақстандағы қазақтардың діни өресі жоғарылап келеді. Кеңес қамытын киген замандағы рухани құлдықтан арылып, сананың азаттығына қол жеткізіп келе жатыр. Керісінше, Қытайдағы қазақтардың діни сауаты күн санап төмендеп келе жатыр. Мау заманында миы жуылғандар, қызыл білекті батырлар, заупанбайлар, адырақбайлар бүгін ақсақал болып отыр. Жақсысын жамандап тарым айдатып жіберген Қытай қазағы да игісісі мен жақсысынан айырылып, тозып кетеуі кетіп отыр...

Ал, нағыз ақсақалдар, жүрегінде иманы бар, ұлттық тамырынан алыстамағандардың қарасы азайған. Себебі, тағдыр осы. Қарт кетеді. Жас келеді. Кешегі құдайсыз замандағы жастар бүгінгінің қарты. Сол қарттардың балалары, яғни, құдайсызданған заманның екінші, ұшінші ұрпағы, ашығын айтқанда, қазақша сөйлейтін қалмақтың кейпінде ғана. Қалмақ құсап, оба жағалап, Тибет ламасының нажысын дары біліп, қастерлеп кетпесе де, сонан пышақ сырты ғана бері аллаһуәкпарға бетыі сипағаны болмаса, қалмақтан көп айырмасы жоқ.

Кеше 6 наурыз күні екінті намазын Алматыдағы орталық мешітте оқыдым дедім...

Көзіме еріксізден жас оралды. Қазақ мемлекетіндегі мешітті сағыныппын. Мешіттегі намазхан қазақ бауырларымды көріп, жүрегім тулады, көңілім тасыды. Екінті намазындағы жамағат көп болды. Алла разы болсын! Намазға жығылған қазақтар – біздің ұлтымыздың болашағы. Арақтан алыс тұратын, зинаға жоламайтын, параны харам білетін, әйеліне, баласына жауапкерлікпен қарайтын, отаны үшін жанын беруге де дайын осы бір мұсылман жамағаты-біздің қазақтың болашағы. Қазақ еліндегі парақорлықты, зинақорлықты, дінсіздіктен туған барша сорақылықты, қылмысты осы бір рухани тазарған, ағарған буынмен ғана жеңбесек, оны жеңетін ешқандай заң жоқ...

Күллі адамзат қоғамында, заманның өткені мен кеткенінде, бүгінгі күннің өзінде, әйелдердің құқық-мүддесін қорғап отырған елдердің ең алдында - ислам елдері тұр деп айтуға болады. Себебі, бұл күллі мұсылман жамағаты үшін ашық әңгіме. Бұл сөзді түсіну үшін батыс қоғамы мен ислам қоғамын салыстырсақ қана болғаны. Ол үшін доктор болудың керегі жоқ. Себебі, көзі бар жанның көзіне бірден шалынатын ащы шындықтар салыстыра салғаныңызда-ақ бірден шыға келеді. Ақылы бар жан үшін алғанда, ашық-шашық жүру азаттық саналынып, бүркеніп жүру – құлдық саналынбайды. Шайтан салтанат құрған қоғам мен алланың әмірін орындаған қоғамның айырмасы – қайсы елдің әйелдерінің ашық-шашық жүруінде ғана тұрған жоқ. Бұл шайтани уағыздардың кейбір солқылдақ саналыларды аздыру үшін мәселенің түбірін бүркеп, сана мен назарды мүлде басқа нәрсеге аударып жіберуінде ғана тұр.

Затында әйел заты үшін не керек?! Ең бастысы – оның әйелдік ар-ожданының қорғалуы керек. Амандығы керек. Адал жар сүюі керек. Бала сүюі керек. Әйел құқығы құранда қорғалынған. Ол үйленгенше, ата-анасының, туыстарының қорғауында. Үйленгесін, күйеуінің қорғауында. Ең қарапайымы, ажырасқан әйелдің қақысы хақында исламда анық айтылған. Әйел заты - нәзік. Ол сол үшін қорғалуға тиіс. Ал, қараңыз!

Батыс қоғамындағы жыл сайын жыныстық қорлауға ұшырайтын әйелдердің салыстырмасы қаншама?! Бұл – батыс қоғамындағы ашық іс. Ал, қайсыбір ислам елінде әйелдерге зорлық жасалынады?! Шайтани қоғамдарда, жалпы, батыс әлемінде, орта есеппен алғанда, әр үш минут сайын бір әйел заты жыныстық қорлауға, зорлануға ұшырап тұрады. Осы ма солардың әйелдерінің бақытты тұрмысы?! Ал, сол Америкаңыздың өзінде отбасы зорлық-зомбылығы не үшін толас таппайды?! Отбасы зорлық-зомбылығынан зардап шеккен, мүгедек болған, өлген әйелдер батыс қоғамында не үшін көп?! Я, олар осы оқиғаларды іс өткесін ғана заң арқылы қорғай алады. Бірақ, қорланып, зорланып, мүгедек болып, болары болып, бояуы сіңгесін, сенің аталмыш гендерлік теңдік саясатыңның көк тиындық қүні бар ма?! Ал, не үшін ислам елдерінде мұндай сорақылықтар мен сұмдықтар болмайды?!

Батыс қоғамындағы жасанды түсік, аборт не үшін күн санап молаяды?! Осыдан келіп туындайтын зардаптардың бірі – өмір бойғы бедеулік. бала сүйе алмаған әйелден сорлы әйел бар ма?! Ал, исламда баланы түсіру, жасанды түсік жасау – кісі өлтіргенмен тең саналады. Әйелге некесіз зорлық жасаған еркек-өлімге үкім етіледі. Ал, салыстырыңыз...

Батыс қоғамы, әсіресе, күллі Еуропа мен Америка, Канада не үшін Азиядан бала асырап алады?! Кейбір ақпараттар бұларды олардың «жетімдерге мейірімділігінен» деп көрсеткісі келеді. Оттаған сөз. Баланы жақсы көрсе, өздері неге туып алмайды екен! Мәселе – туғысы келсе де, туа алмайды ғой! Міне, алланың қаһары қайда жатыр! Тұқымы тұздай құру деген осы! Жас күнінде жалаңаштануды мақсат тұтады. Шайқайды! Мәселе - әйел заты нәзік қой! Әйелдің гормоны да, жатыры да, әйелдің тұтас құрылымы да тұтасымен нәзік! Қалыпсыз өткізілген жыныстық қатынас, үздіксіз ауыса беретін секс серіктер, жасанды түсіктер...

Ең соңында ақыл тоқтатып, оңды-солды шайқағанды тоқтатқан заманда, туайын десе де туа алмайды. Сосын Азияға қарай жөнеледі. Қайырлы, сақабатты жан болып...

Оны ақпараттары көпіршіктендіреді. Ал, нағыз шындық қайда жатыр...

Арнаулы ұйымдар осы тектес әйелдер үшін бала асырайды...

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 22 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)