Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 75 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Кеше менің қуанышым үлкен болды. Аллаға сансыз мадақтар болсын. Менің сұхбаттасым маған төрт кітап сыйлады. Қатты қуандым. Ішінде Ясин Құмарұлы мен Айнұр Ясинқызы жазған «көшпелілер және орта жазық мәдениеті» деген кітап болды. Бұл кітап тура менің іздеп оқитын тақырыбыма жазылған екен. Түннен бері соны оқыдым. Таң ата көз ілдім. Таң бозынан министрлікке кеттік. Қытайдың сауда министрлігі аса қатаң тәртіптегі орган екен. Баяғыда теміржол министрлігі мен қытайдың ақпарат, телекоммуникация министрлігінде болғанымда, мұндай қатаң тәртіпті көрмеген сықылды едім. Жүздесетін адамымызбен жүздесіп, қысқа-нұсқа сөйлесіп, өтірік мадақтасып, қол алысып суретке түсіп, әйгілерімізді алмастырысып, бір-бірімізді мың жыл аңсаған адамдарша құшақтаса көрісіп, құшақтаса қоштасып, бөлмеме келіп, бар таһаратымды жаңалап, қайтадан таһарат алып, үшбу сапарнамамды жалғастырып отырмын...

Ой, дүние-ай...

Мұнда келсең, басқаша өмір. Кейде бір қажетіңе бола, бір жолдама жолдай қалсаң, нарт асаба бастатқан асабалар қылыштарын сүйретіп дайын тұрады. Өшіріп тастайды. Метіспен дауласудың өзі бір қызық. Шаршағаның басылып қалады. Адай бауырым мүлде керемет. Сергектігіңді арттырады. Арман цифр тіптен жақсы. Жазғанда келсе-келмес жазуға болмайтынын, сергек оқырмандар бар екенін ескертіп тұрады. Атила ақыл қосады, Жаңбыр кеңес береді, Абдолла жол нұсқайды, Боғда тентектерін так дейді, Төле сырласады, Ахау ақыл айтады, Асаңқайғы мен Ақсаңды сағынып іздейсің, қыздар мен келіншектер де қағыс қалмайды, өз ойларын бөліседі, Хастүлек бірде алай, бірде бұлай, оны да түсінуге болады...

Кейде оқырмандарға қарап, барлығы бір шалдың немерелері ме екен деп қалатындайсың...

Қысқасы, барлығы-барлығы өз туған бауырыңдай, өз бір туған туысыңдай...

Әр қазақ менің жалғызым дейсің сосын...

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату, барша оқырман!

Сәлем бердік баршаңызға!

Түстен кейінгі қарбалас тірліктен соң, қоналқымызға оралып тұрғанымыз осы. Қонақүй дегенде еске бірдеңе түседі. Еске қалт етіп түсе қалған сәтінде айтып қалмасақ, ұмытып кетеріме күмәнданбаймын. Мақсатым – қазақтың кәсіпкер жігіттеріне құлаққағыс ету. Ой салу. Мүмкін, алла себеп етсе, қазақтарға бір пайдасы болар...

Жаңа қоналқымызға басқа бір бағыттан келеміз ғой, күнде бір жағынан кіріп, сол жағынан шығып жүргесін, байқамаған екенмін, мен тұрған салтанатты қонақүйдің қақ іргесінде, іргелесіп Өзбекстан рестораны тұр екен! Аң-таң қаласың бұл өзбектерге. Мен де таң-тамаша болдым. Көлік ішінде тұрып көрген мен оның жабық екенін қасына барғанда ғана білдім. Кәдімгі нән ресторан болған болса керек. Есігі жабық. Әйнек есіктен ішке қарадым, жабылғанына ұзақ мерзім болса керек. Сондай белгілер тұр. Бірақ сыртын әшекейлеп, безендіруі керемет. Бұл өзбектерің қазір жер – әлемді асханамен толтырып келе жатыр. Баяғыда шетелдерде жүргенде, түрік ресторанын іздеуші едік. Қазір ел-жұрттың санасына өзбек рестораны деген ұғым біртіндеп қалыптасып келе жатыр. Негізі осы «өзбек рестораны» кейін келе бір түрлі халықаралық тағамдану мәдениеті ретінде күллі адамзат баласы жағынан қабылданатын көрінеді.

Нән қақпада «көк сарай» деп жазулы тұр. Сырты тұтасымен өзбекі стильде безендірілген. Біздің Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ұқсайтын бір кесененің суретін артқы көрініс етсе керек. Ертең уақытым жар берсе, суретке тартып, мұнда шығара салармын. Ең басты айтайын дегенім – бұл ресторан жабық тұр. Мүмкін біздің кәсіпкер жігіттерімізге бұл да бір сауда орайы болуы мүмкін. Кемді күн бұрын Пекинде қазақы ресторан ашылды деп естідік. Бірақ нақтылы адресін біле алмадық. Негізі осы қазір мен тұрған шетел елшіліктері маңы болса керек. Іздеп таба алмадық, білетіндер көмектесе жатар.

Бұл өзбек рестораны мынау мен жатқан қонақүймен іргелес. Демек, құрылыс егесі бір адам болса керек. Олардың мұны жалға алған болуы бек мүмкін. Сол үшін қонақүйдің сайты мен аты-жөнін берелік, тірлік істемек болса, қажет қылғандар хабарласып, ебін таба жатар.

хттп://ууу.рывервыеухотел.нет/

Бұл ривер вэу қонақүйінің сайты. Барша хабарласу телефондары осында бар. Қытайша аты: Иұң Жиң Тай Жю Дян.北京雍景台酒店

Өзбектерді мойындамай амалың жоқ. Сонау Тайландтағы мұсылмандар ең көп баратын қонақүйдің ішінен «Өзбекстан ләззаты» деп ресторан ашып алған. Кореяда да өзбек рестораны. Американы да өзбек жаулап алған дейді ресторандарымен. Ең қысқасы, Алматыдағы ресторандарының өзін айтсаңшы. Тау жақтағы ең мықты ресторандар – өзбек рестораны. Бір қызығы, аты есімде жоқ, Алматының тау жақтағы ең мықты ресторанының бірі – өзбекский ресторан. Қожайыны – қазақ. Таңырқайсың. Елді қызықтыру үшін өзбекі стильде ашқан.

«Ой, қойшы, біздің қазақты» дейтін алматылық шала қазақтардың бейне өзі қазақ еместей-ақ қазақты менсінбейтін, қазақты төмен көретін бір рухани науқастары бар. Бұл – орыстардың тықпалап, қазақтың құл текті, құл саналы «Сәбет адамдарына» жұқтырған науқасы. Аллаға шүкір, қазақ екеніне намыстанбайтын, керісінше, қазақ екеніне мақтанатын бір топ өсіп келеді. Алла олардың алдын жарық қылсын! Мәңгүрттердің көрсоқыр санасына сәуле түсіргей, жаратушы иеміз. Жаңағы қазақ бола тұрса да, қазақы ресторан ашпайтын кісінің өзі де сол. Демек, қазақы стильдегі асхана өзбекі стильдегі асханаға жарнамалық қуаты жағынан жетіспейді деген сөз. Біз бұл жағдайды өзгертуіміз керек. Қазақы тағамдану үрдісін өзге жұрттарға жарнамалауымыз керек. Қазақы құндылықтарды ең алдымен өзіміз қастерлеуіміз керек, сонда ғана өзгеге қастерлете аламыз.

Тағы да айтамыз. Қазақтың кәсіпкер жігіттері әлемге бет алуы керек. Шяңгаңға (Гонконг) жылжу керек. Тайланд, Сингапурға жылжу керек. Пекин, Шаңхай сынды ірі қалаларға қарай ойысу керек. Себебі, ел істегенді сен де істей аласың. Елде бар бас қазақта да бар. Керісінше, елде жоқ ақыл мен парасат, елде жоқ қажыр мен қайрат қазақта молынан бар. Мәселе қазақ баласы соны дұрыс бағытқа қолдануы керек. Ата-бабамыз тиын санаған жұрт болмағасын, біздің генімізде ақшақұмарлық болмауы мүмкін, бірақ оны сен өзгертпесең, сенің ұрпақтарың да өзгерте алмайды. Сол үшін өзіңнен баста. Тәуекел қыл. Мұсылманның бір асыл қасиеті – тәуекел.

Айтарымыз – бұл қазақ ішкі Қытайға «жалғамалы сату» деген бәлеге алданғалы ғана келуі керек пе екен?! Жалғамалы сату деген апат, атын атап, түсін түстеп тұрып, қазақтарға ғана бағытталған ғой. Олардың қара қол сипатындағы ұйымдық вставтарында ұйғырлар мен тибеттерді қабылдамайтындығы хақында анық айтылады. Не үшін? Олардың өздері айтқандай, олардың «дербестену ниеті» болғандықтан, үкімет олардың «жалғамалы сату» сынды игілікті саясат арқылы күрт баюының алдын алу үшін бе?

Мәселе ол қарақолдар қазақтың аңқаулығын, азап шекпей, бір жолда күрт байығысы келетін аңқау, сәби мінезін әбден біледы ғой. Араб аңыздарындағы жер астындағы алтын қоймасы немесе қырық ұрының қоймасы реаль өмірде жоқ. Араб текті, жалпы, ыстық өңірде жасайтын қауымдар осындай тәтті қиялдарға құмар. Олар мұңға құмар, трагедияға құмар. Сол үшін осындай қиялдар көп туындайды. Мұның бір жақсы жері – олар тәуекелшіл. Баяғыдағы араб діндарлары ашулы теңізге ағаш қайықтарымен күмп беріп, тағдырын аллаға тапсырып, алла разылығы үшін дін таратуға шықпаса, бүгінгі Индонезия мен Малайзияның исламдануы болмас еді. Қытайдың оңтүстік өлкелеріне таң патшалығы заманында жеткен арабтар болмағанда, қытайдың ең алғашқы дүңгендері пайда болмас еді.

Қазақстан жазушысы Немат Келімбетовтың Қытай қазақтары қолданатын төте жазумен Бейжіңде шығарған екі кітабын сыйлады кешегі туысқаным. Бірі «Үміт үзгім келмейді» кітабы болса, бірі – «күншілдік». Бұл да бір үлкен қуанышым болды.

Зиялы, білімді адаммен қылған сұхбат – жанның, рухтың рахаты.

Мұндайды қазақ «жақсымен бірге болған жарым сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» демеуші ме еді?! Негізі біздің қазақтан сөз аспайды ғой, біреудің ғұмырын біреудің жарты сағатына теңгермеудің өзі қаншалықты жанды, образды теңеу!!!

Осы жолғы Бейжің сапарымдағы ең маңызды жүздесуімді де осы жолғы рухани сырласу, осы жолғы жүздесу деп қана бағаладым. Өзге жүздесулерімді бұл жүздесулеріме теңгергім келмейді. Олар, ашығын айтқанда, қып-қызыл мүдденің, қып-қызыл ақшаның қамымен ғана орналастырылған жүздесулер ғой...

Мұнда бір ғана мақсат бар. Олардың байлыққа деген махаббаты және менің жұмыс қажетіне деген сұранысым, қажетім, мұнан басқа ештеңе де жоқ. Кейде ойлап кетемін: «Шіркін, жұмысбасты болып, осылай шаршап жүрмей, ыстық белдеудегі аралдың біреуін сатып алып, тып-тыныш қана жазушылықпен шұғылданғанда ғой» деп. Ол арманға да жетерміз. Бірақ, бізде ондай мол байлық болса, мүмкін, алла несіп етсе, кедей қазақтың баласын оқытумен, жетімдерді бағып алумен, талантты жастарды шетел асырып оқытумен, ғылым-білім ордаларын салумен, мешіттер салумен айналысатын шығармыз. Шеттегі қазақты қазақ отанына тасудан арман сауапты іс бар ма, бұл күнде?! Бұл дегеніңіз баяғыдағы замандардағы жихатпен парапар тірлік болмақ қой! Шіркін, алла осы арманымызға да жеткізер күн болар. Я, мейірімді, шапағатты алла, бір өзіңнен ғана тілейміз...

Наурыз. 2012 жыл. Бейжің.

Құбылай туысымыз салдырған бұл қала кешелі бүгін мұнартып тұр. Кеше кеш аздап, қырбақ қар жауатын құсап барып, арты желге айналды. Қарбаластықта жүріп, аспанға қарауды да ұмытып кетіппін. Сөйтсем, бұл Бейжіңде де күн бар екен. Бірақ, Бейжіңнің аспанындағы күн – күннен гөрі толған айға көбірек ұқсайды екен. Қала аспанын торлаған ыс – түтек ішінде, қызарып, тұман арасынан өлеусіреп әрең көрінген күнді көріп, асып-тасыған көңілің еріксізден суынып сала береді екен.

Бүгін де дағдылы қарбаластық. Түске дейін жүздесулер, түстен бастап қонағасы. Қонағасыдан жаңа ғана оралып отырмын. Кейде жалығасың да, шаршайсың. Бірақ, бір есептен қызық. Қызығы – Алматыға қайтқалы тұрмын. Былтыр 16 желтоқсаннан басталған Қытай сапарымды аяқтағалы отырмын. Мен қуанбай, кім қуансын. Арада Тайландқа бір барып келдім. Бәнгкөкте қыдырып, Паттаяда теңізге шомылып, бір жұма шамасында Бейжіңге оралып, ертесі Үрімжіден пайда болдық. Құдайға шүкір, ана Отан, атамекен Қазақстанға осы екі жарым айдан бері қайтпасам да, қазақтың тағы бір мекені – Еренқабырғаның баурайына барып қайттым арада. Алтай бетіне барып, ар жағындағы арғын, найман, керейдің мекені болған Шығыс Қазақстанды көргендей болып қайттым! Жердің түбі Жеменейге соғып, Зайсанның иісін иіскеп қайттым!

Дәл қазір «Іле сапарлары» деген кітапты оқып жатырмын. Бұл кітап та менің Пекинде жүздескен туысымның маған сыйлаған сыйлығы еді. Кітаптың өзі емес, соның көшірмесі. Бұл да керемет сыйлықтың бірі болды. А4 қағазымен 488 бет келетін бұл кітаптың көшірмесін жасаудың өзі үлкен еңбек қой. Авторы жапондық, қытай эреоглифтерінше жазғанда 日野强. Біз жапонша үйренбеген ек. Бұл да біздің бір өкінішіміз. Үшбу жазушының нағыз жапонша аты – өз тілдерінше айтқанда басқаша болар, бәлкім. Ол жағын біз білмедік. Жапонша білетіндер болса, осында жаза жатар. Оны қытайшаға аударған адам – 华立 Хуали.

Демек, Пекиннен бір сандық кітап арқалап қайтатын болдым. Кітаптың толық мағлұматы:

伊犁纪行

黑龙江教育出版史

Бұл кітап 2006 жылы Харбинде басылған екен. Авторы 1866 жылы туылған жапондық екен. Бұл кісі 1906 жылы 7 қыркүйекте Токиодан шығып, 20 қыркүйекте Пекинге жетіпті. Сонан бастап, Қытайдың батыс өңіріне, Шыңжаңға, Ілеге сапарын бастаған екен. Демек, бұл кітап біздің сол бір замандардағы, анығын айтқанда, бір ғасырдан астам уақыт бұрынғы Іле өңірін, ондағы қазақтардың тұрмысын, жағдайын сырт көздің көзімен түсінуімізге үлкен көмегі болмақ. Оқырмандардың іздеп, тауып оқуын өтінемін. Әрине, қызығатындардың. Ал, өзім болса, бұл кітапты машина ішінде, ұшақ ішінде, әуежайда, асханада дегендей, қарбалас жұмыстардың арасында бес-он минут уақыт шыға қалса, оқып жүріп тауысамын. Кітап хақындағы ойларымды сонан соң барып, оқырмандармен бөлісермін...

Бүгін түс ауа босадым. «Шығыс он төртінші көше» деп аталатын көше бойындағы «Ян Лан Лоу» мұсылманша тағамжайынан елшіліктер маңындағы қонақ үйге жеткенше, мазасыз телефондарды өшіре тұрып, бір сәтке Бейжің көшелеріне назар салдым. О, ғажап, қаншама күннен бері қалаға дұрыстап та назар салмаған екенмін, қызық!

Қаланың қай жеріне қарасаң да қызыл лозингілер, ұрандар, не жазулы тұр дейсіз ғой, «Ли Фыңнан үйренейік» дейді! Баяғыдағы біздің бала күніміздегі Ли Фың! Кеште бас ауырғасын, шайханада шай ішіп отырып, телеарналарды шоламын ғой, Қытайдың саяси мәслихатының жиналысы болып жатса керек. Кей хабарларда Ли Фың! Лидің баяғыдағы жолдастары болса керек, бір қытай сапылдап сөйлеп жатыр. Назар салмадым. Аң-таң қалдым. Бұл қытай Ли Фыңды неге сонша жарнамалап тұр деп.

Сосын бір ғажап ой келді. Ой болғанда да, өзгешелеу ой! Исламның ең негізгі білімдерінің өзінен алыстап қалған Қытайдағы қазақтың қазіргі ғаламтор жағалаған жас буынның діни көзқарасының деңгейін білгім келді. Мұндай жастардың дені атышулы мәдениет төңкерісіндегі мүлде дінсіздендірілген қауымның ұрпақтары. Бұлардың аталары мен әжелері, нағашы аталары мен нағашы әжелері діннен сауатсыздар емес еді, керісінше, бұлардың әкелері мен шешелері Мау заманында милары әбден ағартылып, тазартылып, жуылғандардан еді. Әрине, бұл айтқанымыз абсолютті түрде емес, салыстырмалы түрде.

Әрине, арасында дініне берік қауымдардың бар екені хақ. Себебі, алла кімді қаласа, соның жүрегіне иман салады. Сөйттік те, сен-қазақ сайтына «Ли Фың тозаққа түсе ме?» деген атпен қысқа-нұсқа жолдама жолдадық.

Әрине, жолдамамыз қатты қызу талқыға түсті. Оқырмандар жабал жауап жазысты. Талқы өрістеді. Себебі, бұл сұрақ пәни, діни білімі әр деңгейдегі әрқандай оқырманды ойландыратын сұрақ еді. Тіпті, біраз адамға Ли Фың мен жәннәт-тозақ деген ұғымдардың үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ұғымдардай сезілуі бек мүмкін еді.

Мұнан ары «Маудың мәйітін көргендерің бар ма?» деген жолдаманы жолдадық. Көп өтпей өшірілді. Сосын «Лениннің, Маудың мәйітін көргендеріңіз бар ма?» деген сықылды атпен тағы жолдадым. Анығы есімде қалмады. Осы шамалас болса керек. Ішкі мазмұны есте:

Мәскеуде Лениннің мәйіті жатыр. Мумияланған. Бұзылмастай етіп қатырылған. Пекинде Маудың мәйіті жатыр. Мумияланған. Бұзылмастай етіп қатырылған, осыны қайсыларың көрдіңдер?» деген сөздер ғана жазылған. Негізі, жалпы, сұлбасы осындай. Бұл да өшірілсе керек. Білмеймін, мұның қай жері Қытай Халық Республикасының қай заңына қайшы келді екен?! Оның алдында, осы тектес жолдамаларымыздың ізім-қайым өшіріліп тұруына етіміз үйреніп те қалған. Я, оған ренжіп тұрған мен жоқпын. Біздің бар мақсатымыз оқырмандарға сауалнама жүргізу ғана болатын. Ойларын, өрелерін білмек қана болатын. Сосын Мау туралы жазғанымызды жұмсақтап «Маузыдұң және ислам» деп жолдадық. Мауды 7 жасынан бастап оқығаннан 70 жасына дейін оқитын қытайлықтар үшін бұл қойған сұрағымыздың қисыны бар еді. Біз оқырмандарымыздан Маудың исламға деген көзқарасын білмекке көмек сұрағамыз. Бұл да қызу талқыға түсті.

Жалпы, осы бірнеше сағатта, осындай сынақтар арқылы мен мынадай көзқарасқа келдім!

«Ли Фың тозаққа түсе ме» атты жолдамамызға біраз бауырларымыз бен қарындастарымыз аса дұрыс жауап берді. Алла оларға разы болсын! Алла тағала олардың, біздің, баршамыздың ілім-білімімізді арттыра берсін!

Ал, кей оқырмандарымыздың жауаптарын оқып, олардың әлі де ислами көзқарасы қалыптаспағанын білдім. Әрине, оларды кінәлауға келмейді. Демек, ендігі айтарымыз осы қауымға арналады.

Біз білуіміз керек. Мейлі, сен кім бол, мейлі, патша бол, қайыршы бол, қазақ бол, орыс бол, қытай бол, егер намаз оқымасаң, алланың хақтығына мойынсұнбасаң, аллаға қарсы шықсаң немесе аллаға серік қоссаң, баратын жерің тозақ қана болмақ.

Кейбір оқырмандардың көзқарасынша болғанда, Маузыдұң да, Ли Фың да «жақсы адамдар екен». Әсіресе, Мауға керемет баға берушілер де молынан табылды. «Елі үшін еңіреп туған, қан кешіп, халқын азат қылған» Мауды жәннәтқа шығарып жіберген қазақтарымыз болды. Ли Фың сынды «халқы үшін қалтқысыз еңбек еткен» жандарды тозаққа қимайтындар да мол екен. Осы жауаптарға қарап отырып, жұртымыздың ислами көзқарастан қаншалықты алыстап кеткенін аңғардым. Жүрегім бір түрлі болып кетті. Себебі, біздің бала күнімізде, біз әлі оқуға түспеген, маңқа-маңқа болып, күні бойы далада ойыннан босамаған сол бір замандарда, менің үйдегі үлкендерге қойған сұрағымның бірі осылар болатұғын...

Бір қызығы, біз Маудың мәйіті мен Лидің тозаққа түсетіні әлде түспейтіні хақында әңгіме өрбітсек, кей оқырмандарымыз оларды «күнде қырғын, күнде жарылыс жасайтын мұсылмандармен» салыстыра қалыпты. Мұның өзі біздің көзқарас мәселесі жағында әлі де адам ақылы жетпейтіндей деңгейде шалғайда жатқанымызды білдірсе керек. Қытай билігі не үшін шаң басқан архивтерінен Ли Фыңды тауып алды? Мұның өзіндік себебі бар. Ли Фың Мау заманында өз міндетін өтеп болған образ. Мау осы бір образ арқылы халқын өз мақсатына қарай жұмылдырды. Ол замандағы Маудың Қытай халқы арасындағы беделі мен айбаты – ескі замандардағы перғауыннан кем түспес еді. Құдайды жоққа шығарған құдайсыз ел Мауды «тірі құдайға» балады.

Қытайлар соңғы бірнеше жыл ішінде, біріне-бірі қайырымдылық көмек жасаудан да қорқатын болды. Көшеде құлап жатқан қытайды көрсеңіз, адамгершілік тұрғыдан қарап, жаныңыз ашып, жүгіріп барып, әлгі бейбақты сүйеуші болмаңыз. Жығылып қалған немесе әлдеқандай болып жерде жатқан қытайды көрсеңіз де жолаушы болмаңыз. Дохтырға апарамын деп тіптен ойламаңыз. Себебі, оны жығып тастаушы немесе оны қағып кетуші, оны соғып кетуші адам сіз болып шыға келуіңіз ғажап емес! Оның арты – аса жоғары көрсеткіштегі емделу қаражаты мен рухани төлемге жалғаспақ. Демек, мұның барлығы қып-қызыл ақша!!!

Соңғы рет, осы екінші айдың, ақпанның 6 күні болса керек, анығы есімде жоқ, Чыңдудан Үрімжіге ұшпақ болып, таң бозынан қонақ үйден шығамын ғой. Шофер бала бар. Көлігіміз Чыңдудың қала ортасындағы бір көшеден өте бергенде, таңғы сағат 5-6 мөлшері болса керек, қан көшеде тыр-жалаңаш жүрген әйел затын көреміз ғой. Әлгі бейбақтың үстінде лыпа жоқ! Мен көмектесу керек деп шештім. Мүмкін, әлдебір қарақшылар тыржалаңаштандырып далаға тастап кеткен болар дедім. Шофер бала көнбеді. Осы арада ол маған осындай ақкөңіл жандардың өзгеге көмектесемін деп сау басына сақина тілеп алған бірнеше оқиғаны айтып берді. Айтарға болмаса, жаңағының әңгімелерін естіп, мен де шошынып қалдым. Сосын дереу 110-ға хабарластық. Жағдайды мәлімдедік. Сөйтсек, өзге ел әлдеқашан хабарласқан екен сақшыларға...

Жақында ғана күллі ғаламды дүр сілкіндірген бір оқиға Қытайдың бір өлкесінде туылды. Бұл ақпарат Қазақстан телеарналарында да берілді. Бұл Хабар телеарналарға шыққан күні менің телефонымда маза болмады. Таныс-білістер оқиғаның мән-жайын сұрап, аң-таң қалды. Қазақ баласының мұншалық сұмдық оқиғаны алғаш естігесін, шошынғанының өзін мен жақсылыққа балаған едім. Себебі, мұндай арамдық пен қулық-сұмдықты көре-көре көзіміз өліп, ести-ести құлағымыз өліп кеткен еді біздің. Ол оқиға қандай оқиға еді дейсіздер ғой?!

Қоғамның ең төменгі жігінде жасайтын қоқсық теретін бір кемпір жолда жатқан жеткіншек қызды құтқармаққа дохтырға апарады. Сөйтсе, жаңағы жеткіншекті бір машина қағып кетеді. Жолда жығылып жатқан жеткіншекті ешкім барып құтқармайды. Іле-шала екінші машина үстінен мыжып өтсе керек, онда да ешкім құтқармайды. Адамдардың барлығы қарап-қарап қойып, ешқайсысы жоламастан, ешқайсысы қарамастан кете барады. Жалғыз ғана қоқсық теріп жанын бағып жүрген бір кемпір жаңағы қызды көтеріп, дохтырға апарады. Осының барлығы жол бойындағы бейнебақылағышқа жазылып тұрады. Жаңағы кейуана осы оқиғадан соң бүкіл медияның назарын аударған жұлдызға айналады. Күллі қытай қоғамы дүр сілкінеді. Өкініштісі, жаңағы бейбақ емдеу өнім бермей, көз жұмады. Осы ақпарат тұтас қоғамды, тұтас естіген адам баласын ойға салады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 262 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)