Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 73 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Демек, бұл қытайыңыз сонау оңтүстікте жатқан Мянмардың өзін еш соғыссыз жаулап отыр. Қандай құдыретімен?! Жан санының молдығымен. Демек, жан санының мол болуының өзі – сол елдің, сол ұлттың қуатының бір белгісі.

Қазақстанның ұлан-байтақ даласын ашу керек. Ол үшін қара қытайды қаптатып алуға болмайды, мысалы, орыстың қиыр шығысы бұл күнде елсіз мекенге айналуда. Мұндағы орыс ауылдары тұтасымен өлі ауылдарға айналуда. Орыс ауылшаруашылық министрлігі Путинге осы жерлерді ветнамдықтар арқылы игеру жобасын алға қойыпты. Демек, осы ойды біздің де қолға алуымызға болады. Бізге саны көп, мықты елдердің азаматы керек емес, керек десең, Африкада аш отырған мұсылман жұрттардан егінші алсақ та, алпауыт жұрттардан адам кіргізу қатерлі. Демек, біз осы ұланғайыр даланы келісімшарт арқылы жаңағындай саны аз, қуаты кіші алыстағы туыстарымызға игертуіміз керек. Оларды қазақша оқытып, келесі немесе онан арғы ұрпағын қазаққа айналдырып жіберу керек.

Ал, көшкісі келмейтін қазақтарға бір алланың әмірі жүрмесе, айқайлай-айқайлай Нұрпатшаның да жағы талатын мезгіл болды...

Мейлі, ол қазақтар көшсін, көшпесін, бізге қазақ мемлекетін ұстап қалу бәрінен маңызды. Қазақтың мемлекеттілігін баянды ету үшін барлық қадамға баруға болады. Себебі, бұл біздің мемлекетіміз.

Бізге артында мықты тірегы бар ұлттар керек емес. Олар біздің асқазанымызда қорытылмайды. Бізге саларлар, алтайлар сықылды бізге қаны жақын, жаны жақын ұлттар керек. Олардың саны аз, дербес мәдениеті жоқ, бір-екі ұрпағын қазақша оқытып жіберсе, қазақ болары хақ. Олар бізге егін егеді, тың жатқан жерді игереді. Олар бізге мал өсіреді. Қазақстан әлдемдегі ет экспорттайтын үлкен елге айналуы керек. Австралия сынды. Демек, олар бізге әскер болады. Олар бізге тұтынушы болады...

Демек, осы тектес ұсақ ұлттарды сіңдіріп алу арқылы зораймасақ, біздің қазіргі 17 миллион халқымызбен біз үлкен елге айнала алмаймыз.

Ресейдің қиыр шығысты ашу үшін не үшін қасындағы Қытайдан адам алмай, алыстағы Ветнамнан адам алуды көздегенін мұндағы оқырмандардың іші сезіп отыр. Себебі, қиыр шығыс үшін Қытайдың сілекейі аққалы қай заман. Баяғыда таққа шыға сала, тақырбас көсем Ленин шарпатша жаулап алған барлық отар жерлерді еш шартсыз түрде қайтарып беретінін айтқанда, Қытайдың төңкерісшісі, Жапонның іш-бүйені Сұн Жұңшан ең бірінші болып Ленинге хат жазады ғой. Бірақ Ленин ол жерлерді бермейді. Онан соң Мау заманында Мау да осы жерді сұрайды, бірақ ала алмайды. Демек, Қытайдың ішкі жағында қытай ұлтшылдарының ішінде бұл қыжыл әлі бар. Күндердің күнінде Америка осы ішкі қыжылдан мықтап пайдалануы мүмкін. Себебі, қытай ғана емес, орыстар жаулап алған жапонның 4 аралы тағы бар. Корейлердің де Ресейден жер дәмесі бар. Демек, Ресей ауылшаруашылық министрлігінің ветнамдар арқылы қиыр шығысты ашпақ болуы – үлкен саясат. Олар осы жердің иесі ретінде азшылық ветнамдарды мүлде отырақтастырып қоймақ. Сол арқылы салданған қалдегі ауылшаруашылығын жандандырып қана қоймай, қытай, жапон, кәрістер мен орыстардың арасына ветнамнан қорған тұрғызбақ...

Екі жеп биге шығу деген осы.

Қытайлар мен шүршіттердің қырғындарынан қашып, жан сауғалап қазақ еліне барған дүңгендерді қазақтар құтқарып қалады. Бұл Қазақстан жеріндегі қазіргі қырғыз жеріндегі дүңгендердің келу тарихы. Олар біздің осы жақсылығымызды ұмытпауы керек. Біз осыны үнемі тұрақты түрде дүңгендердің есіне салуымыз керек. Осы хақында кино түсірейік дегенім де сол. Бірақ, қазақ жерін екі ғасырға жуық мекендеген дүңгендерді біз жұта алмадық. Ең басты себеп, біздің өзіміз көп өтпей орыс қысымындағы бодан елге айналдық. Өзгені жұтпақ түгілі, өзіміз жұтылу қаупінде жасадық.

Екі ғасырда да дүңген қазақ болған жоқ. Саларлар ақ кепеш кигенімен, тілі түркі. Дүңген – мұсылман болған қытай. Дүңгендердің христиан дінін, католик дінін, иегова дінін қабылдаған қытайлардан айырмасы олардың ислам дінін қабылдағандығында ғана. Шын мәнінде, Жяң Жиешінің дүңгендерді дербес ұлтқа айырмауы – ғылыми саясат. ЖКП оларды бөлек ұлт ретінде қарастырды. Шын мәнінде, бұл қате. Егер осы көзқарас бойынша болғанда, жаңағы христиан, католик, иегова дініне сенетін қытайларға да дербес ұлт статусын беру керек.

Бізге сіңген араб-парсы, күрд-түркінің тұқымын біз Қожа деген атпен оларды үш жүзге енбейтін қазақ баласы ретінде өзімізге сіңдіріп алдық қой. Міне, бұл қазақтың ертедегі ұлттық ассимиляция саясаты. Бізге сіңген ұсақ ұлттар аз болған жоқ. Ең қарапайымы, атеке жырықтың лаңынан соң, қазақтар қырғыздарды солай быт-шыт қылған. Қазақтың әрбір белді рулары ішіне қырғыздарды шашып жіберген. Қырғыздардың қазіргі Ыстықкөл маңына келуінің бір себебі де қазақтардың саясатынан. Ол заманда да, оларды әрбір ірі рулардың ішіне шашып, малшы-қосшы қылып, тоздырып жіберген. Демек, біздің қазіргі өзін қазақпын деп жүргендердің қанында қырғыз қаны болуы бек мүмкін, мәселе – бұл тарихтар өшірілді. Олар зорлықты түрде қазақыланды, демек, қаны, сүйегі қырғыз болғанымен, жүрегі қазақ бір қауым қалыптасты. Кім өзінің ерте замандарда қайсы ұлт екенін біледі?! Мүмкін, Маузы дұңның өзі азшылық ұлт шығар? Себебі, Мау сынды қос қыртысты көзі бар, жалпақ бет қытай бар ма?! Ху Жинтаудың өзі баяғыдағы біздің алыстап қалған Ху туыстарымыздың ұрпағы шығар?! Ху дегендері – сақ дегендеры ғой. Ху Луобо (胡萝卜) - сабыз дегені батыс өңірден кірген луобо дегені. Ху ма (胡马) дегені сақ жылқысы...

Ең басты мәселе – кімнің шыққан тегінің қай ұлт болғандығында емес, оның өзін қай ұлт сезінетіндігінде жатыр ғой. Өзін «Сәбет адамы» сезінетін немесе өзін орыс сезінетін қазақтардан қазаққа пайда бар ма? Мұндай қазақтар тек қана биологиялық қазақтар ғана! Бізге олардың өзі емес, ұрпағы керек. Сол үшін, саясат үшін, орыстанған қазақтарды да шетке қақпай, оларды біртіндеп қазақыландыру керек. Құдайға шүкір, бір ғана Алматының өзін мысалға алсақ, баяғыдағы орыс Алматы бүгін қазақ Алматы болып келе жатыр. Аллаға сансыз шүкірлік...

Какашаның сөзіне дәлел, Астана маңында болғанымда, сол өңірдегі ашамайлы керейлерге сіңіп кеткен «қалмақ» аталатын руды көрдім. Қазақтармен аралас-құралас жасайды. Бірақ, өздерінің жеке куәліктеріне қазақ деп жазылады екен. Демек, бұл да Каспийдің арғы бетінен көшкен қалмақтардың қазақ жерінде қалып қалған жұрнағы. Осылардың өзін сыңдырып алғанда, өзгені сіңдіре алмаймыз ба?! Демек, біздің кейбір оқырмандарымыз саларларды дүңгендермен шатыстырып отыр. Я, бір замандарда саларлар қазаққа қарайласпаған шығар. Ол заманда қазақтың басында ауыр күн болған ғой. Демек, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен заманда, өз басыңда саяси билігің болмағасын, кімге қарайласа аларсың?! Қазақтың басына ауыр күн туғанда, қолында саяси билігі, дербес үкіметі, мемлекеті бар түріктер қарайласты ғой. Демек, саяси билік, мемлекет аппараты ең маңызды фактор. Қазіргі қазақ ол ауыр замандардағы қазақ емес. Қазіргі қазақта кемелді үкімет құрылымы бар. Мемлекет аппараты бар. Әскери қуаты бар. Ұлттық саясаты бар. Осындай қуатты жағдайда, мәдениеті төмен, жан саны аз азшылық ұлттарды өзімізге сіңдіріп алудан бізге пайда келмесе, зиян келмейді.

Назарбай мен Ху Жинтау ортасында іске аспай қалған 1 миллион гектар егістік жерді жалға алу-жалға беру жұмысы бар. Бұл хақында білетін оқырман жаза жатар. Осы мәселені қазақ ұлтшылдары тоқтатты. Халық жаппай наразылық танытты. Соның нәтижесінде Назарбай билігі қытайларға бермек болған 1 миллион гектар жер мәселесінде халықпен санасуға мәжбүр болды. Бұл мәселе хақында «Жас Алаштың» қазіргі иесі, атақты саясаткер, марқұм Алтынбек Сәрсенбайдың інісі Ырысбек Сәрсенбай ағамен сұхбатта болған ем. Демек, қазақ билігі Қытайға егістік жерді беруге қарсы емес. Олардың өзі осындай істеуге мүдделі. Ал, осыншама ірі жерді Қытайға емес, түркі текті туыстарымызға беруге неге болмасқа?! Бірақ, қатаң басқарулар арқылы. Арасында әлдебіреулердің кетпеуі үшін қатаң бақылауға алу керек. Демек, оларды еңбек имигранттары ретінде, бес-он жылға қабылдауға болады. Осы арқылы сынақ жасауға неге болмасын?! Онсыз да қазақтың қызы қара қытайға тиіп жатыр. Ал бас-басына бай жетіспейтін қазақтың қазіргі халында қыздарды қу тізеңді құшақтап өмірден ұрпақсыз өт дегенше, осындай бір ұтымды амалдарын қарастырған абзал.

Ассалаумағалейкум, құрметті жамағат!

Орта жазық өлкесі, құжынаған қытайдың шыққан жері, бір өзінде жүз миллион қытай бар Хынан өлкесіндегі сапарларыма бүгін нүкте қойылғалы тұр. Алла несіп етсе, бүгін 27 ақпанның кешінде Жыңжоудан Пекинге қарай ұшпақпын. Алла жолымды беріп, аман-есен Бейжіңге жете жатсам, метіс мырзаның өз сөзі бойынша, метекеңмен жүздесу ұйымдастырсам деймін. Метекең менімен қазақ ғаламторында ең қатты айқасқан атышулы мырзалардың бірі және бірегейі. Өзіндік дара көзқарасы бар, өзіндік стилі бар, өзіндік ілім-білімі бар осындай азаматтармен ғаламторда ғана емес, өмірдің өзінде де жүздесіп, сырласып тұрғанды ұнатамын. Барлығымыздың илегеніміз бір терінің пұшпағы ғой, қазақ дейтін халықтың қара домалақтары мен сары домалақтарының берекелі болғанына не жетсін, бір-бірімізге артық-ауыс кеткен жеріміз болса, алла разылығы үшін кешіріммен қарап, ұлтымыз үшін ортақ еңбек етуге жазғай...

Мұнан артық бақыт болсын ба, ұлты үшін туған ерге.

Осы барыста ертеректе қазақ ғаламторын шулатып, соңғы кезде ғаламтордан мүлде көрінбей кеткен Асаңқайғы ағамызды да арнаулы түрде, ат артып, іздеп барсақ деген ойымыз бар...

Кешкі сағат 20:45-тың ұшағы болғандықтан, қазірден бастап, жолға дайындалғаным жөн. Алла несіп етсе, қалған әңгімені Пекиннен жалғайық...

Бір алла барлығымызға амандық пен тыныштық сыйлағай. Бұл дүниеде де, ол дүниеде де бақытты жандардан болуға несіп еткей.

Алла несіп етсе, Пекинде бірнеше күн аялдағасын, Алматыға жол алмақпын, иншаллаһ. Біз әлсіз пендеміз ғой, барлығы бір алланың қолында. Ажалымыздың қашан жетерін білмей, далақтап жүргенімізде, дәм-тұзымыз таусыла жатса, секунд өмір артық сүре алмасымыз хақ. Өмір дегенің қамшының сабындай қысқа ғана дүние. Күні кеше ғана қой бағып, бұзау қайырып жүрген ауыл баласы едік. Ұшар кілемді қазақ ертегілерінен оқып, қиялдап, қойымызды жоғалтып, іздеп жүретін кітаппаз едік. Осының барлығын ойласаң, бейне, кеше ғана болған іс сықылды, өткен өмірде белгі жоқ. Уақыт дегенің су сықылды. Бір секунд өткен сайын ажалымызға бір секунд жақындап бара жатқанымызды, әрбір басқан бір қадамымыздың көрімізге қарай бастап бара жатқанын біз пенде жайшылықта сезе бермейміз ғой.

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату.

Армысыздар, қадірлі ағайындар. Сіздермен ғаламторда аман-есен жүздесіп отырғаным үшін шапағаты мен мейірімі шексіз аллаға сансыз шүкірлік айтамын. Құдайға шүкір, ұшағымыз қаңғып кетпей, жарылып кетпей, барымталанбай, ұрылмай-соғылмай, аман-есен түрде Қытайдың астанасы, біздің қазақтың бас ханы Жошының туысы Құбылай салған шаһар Бейжіңге келді...

Бейжіңнен сәлем беріп тұрмыз.

Ал, рұхсат болса, шығармамызды Бейжіңнен жалғастыралық...

Қазір 28 ақпанның кіргеніне 17 минут қана болды. Қонақүйге жайғасқаным осы.

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Саларлардың қытайласпауы дүңгеннің қытайласпауы сынды құбылыс. Оларды сақтап тұрғаны діндері ғана. Бірақ, қазіргі мына заманда діннің де тамырына балта шабылды. Жастар мен жасөспірімдерді дінсіздендіру саясаты жабал жүрілуде. Демек, біздің Қытайдағы қазақтар ішінде намаз оқитын, ораза ұстайтын апаларымыз бен аталарымыз күн санап азайып, жалаңбас жүретін, 100 грамм ішетін, дінге сенбейтін, баяғыдағы мәдениет төңкерісіндегі «Мау идеясымен қаруланып» ер жеткен, жасында қызыл білекті батыр болып, құранды өртеп, мешітті шаққан, бүгінде қартайып, қуаты қайтқанымен, алланың хақ дініне оралғысы келмейтін, өне-бойын жын жаулаған осы замандық апаларымыздың күн санап молайып келе жатқанын ойласақ, саларлардың да баратын жері сол болмақ. Олар үшін алғанда, ұрпағын құтқару ғана емес, Қазақстан сынды діни еркіндігі бар елге кетудің өзі – азаттыққа шыққанмен парапар. Оған қосыңыз, оларға жалға берілетін жерді. Демек, біз осы арқылы Қазақстандағы еңбеккүшті толықтырамыз ғой. 100 мың саларды қазақтың өзіне сіңдіріп әкетерінде гәп жоқ.

Бұл идеяны ту баста Мақаш Татымов бастаған демографтар – жан саны ғылымы мамандарының ортаға қойғаны шын. Бірақ, олар Кеңес кеңістігіндегі түркі тұқымдылармен ғана шектелді. Біздің оған қосарымыз – өзге қоғамдағы түркі тұқымдыларымыз. Себебі, бұл саларлардың орыс тілін ешқашан үйренбесі хақ. Керісінше, олардың көп өтпеи қазақ болып кетеріне еш күмәніміз жоқ.

«Қош тіл» саясаты – ұйғырға пайдалы, қазаққа зиянды саясат. Осы саясаттың кесірінен Қытай қазағы қытайласады. Тілін ұмытады. Қызы қытайға тиіп, ұлы қытайдан алатын болады. Қытайша оқыған, ана тілін шала білетін, не білмейтін дүбара ұрпақтан небір сұмдықтар туатын болады. Оны алда болашақ көрсетеді. Екі жүз түмен қазақтың біршама оқыған-тоқығаны, ылпың-жылпыңы жиналды делінген Үрімжі шаһарында екі жүз мың қазақ болса да, күні бүгінге дейін бірде бір бала бақшаның қазақ тілінде болмауы – біздің аталмыш зиялысымақтарымыздың бейшара кейпін көрсетеді. Су басынан тұнады, балық басынан шіриді, ұлт мақтаны делінетін, ұлт көшбасшысы делінетін, Үрімжідегі құжынаған қазақтың арасындағы ірілі-ұсақты мансап ұстаған, үкіметке бір табан жақын, партияның жырын жырлаған аталмыш жазғыш-сызғыштарымыздың да сиқы белгілі болды. Мен оларды ақын-жазушылар деп атағым келмейді. Себебі, бұл атау – оларға лайық емес. Кем дегенде Үрімжі жағалаған, бірақ ұлты үшін ойланбағандарға лайық емес! Сондықтан оларды «жазғыш-сызғыштар» дей тұрғанды жөн көрдім. Егер мұнан да дұрыс, мұнан да қолайлы атауын таба жатсам, алда соныммен атармын!

Қатындарының қойнында жатса да, қызыл партияның әңгімесінен басқа әңгімені айтпайтын біздің қызыл жүректілеріміз ұлтымыздың ертеңі-сәбилеріміз үшін ешқашан ойланбаған екен. Егер осы ғаламтордағы Атила бауырымыздың, Боғда бауырымыздың баласы ер жетіп, бала бақшаға баратын жасқа толмаған болса, мұндағы қазақтарың әліге «Мау Зыдұң шығармаларынан үзінділер» жаттап жүре беретін сияқты...

Керісінше, ұйғырлар осы саясат арқасында өз ана тілдерін онан арман дамыта түсетін болады. Ұйғыр тіліне деген сұраныс артып, балаларын қытай мектептерінен шығарып алып тұрып, ұйғырша оқытып жатқандардың саны артуда. Бұрын балабақшаларда қытай тіліндегісіне сұраныс көп болса, енді ана тіліндегісіне сұраныс артуда...

Әлгі бір атышулы оқиғадан бұрынырақ, Үрімжі мешіттерінен ұйғыр жастарын мен оншалықты көп көрмеуші едім, ол замандарда жұмаға барып жүргенімде, мешіттердегі жастардың салыстырмасына қарағанда, қарттардың, қырқылжыңдардың салыстырмасы жоғары еді. Мешіттегі жастардың салыстырмасы төмен болатын. Әрине, бұл айтқаным қазіргімен салыстырмалы түрде айтқаным. Егер, көзім мені алдамаса, атышулы сол оқиғадан соң, Үрімжі мешіттеріндегі жастардың салыстырмасы күрт артып кетті...

Қазір жұма намазына баратын болсаңыз, дені жастар...

Ал, біздің қазақ жастары ше? Олар мұндайда қазақтың ежелден келе жатқан «саясатшылдығын» көлденең тартады. Аузын ашса, ар жағынан маркыс пен ленинның сылекеиы шұбатылып,жерге тогыледы! Әшейін, әрбір сорлы қазақ өзін дипломат сезінеді. Әрбір сорлы қазақ өзінің артында үш әріптілер аңдып жүргендей сезінеді. Сөйтеді де, мешітке барғанның орнына жұма күні сүндет тойлар мен сырға тағу тойларын тойлап, қасиетті күнде араққа сылқа бөгіп алады. Шайтанның алдағанына ең алдымен еретіні де жүрегінде иманы жоқтар. дінге сенбе деп шектеген жоқ қой, бірақ арақты суша сімір деген саясат жоқ шығар...

Аталмыш оқиғадан соң, ұйғырдың қатындары бытырлатып туа бастады. Ұрық жолын будырып, екінші бала тумастай болған кексе қатындардың өзі Үрімжідегі туытханаларды толтырып тастаған. Ал, қазақтың қатындары екінші баласын туғанды қойып, секеңдеп шайдан тойға жетісе алмай жүр...

«Өзің үшін өмір сүрсең, өзі үшін оттаған хайуаннан не парқың бар» -дейді ғұлама Абай. Демек, әркім өз басын ғана күйттеп кетсе, онда осындай азаматтардан құралған ұлт та құриды. Елге «ессіз еркектер» керек! Ерлердің «ессіздігі» жасасын!

Халықтың мінезі өзі жейтін, өзі қолданатын нәрселерге, азық-түліктерге қарай болатынын айттық. Шошқаны көп жейтін жұрттардың шошқа мінезді болатыны, есек мінетіндердің есек мінезді болатыны сынды, сиырды көп жейтін еуропалықтардың сиыр мінезді болатыны сынды, қазақтың екі мінезі бар. Бірі қойды көп жегесін, қой мінезді де, екіншісі жылқыны көп жегесін, жылқы мінезді. Бұл қазақ енді осы қой мінезіне хош айтқаны абзал. Әйтпесе, біз құримыз. Исламның бір ақиқаты – исламда жыртқыштарды жеуге тиым салған. Африка мен Үндістандағы жыртқыштарды жейтіндердің аса қанқор қауымға айналып кететіндігі осының дәлелі.

Сол үшін біздің қазақтың ұлтшыл, ұлтжанды азаматтары, істі алдымен өзімізден бастайық. Бір қатынның мәселесін шеше алмаған еркек ұлты үшін ойланбай-ақ қойсын. Елге оралу керек. Қазірдің өзінде Қазақстандағы қазақтар 70 пайызға жуықтады. Қалған үлесті орыстар ұстап отыр. Бірақ, бұл орыстардың көбісі пенсиясын қимай, Ресейге кетпей қалған қартаң-құртаңдар ғана. Демек, алдағы 10-20 жыл аралығында Қазақстандағы орыстардың үлесі күрт төмендейді. Себебі, ол табиғи заңдылық. Қазірдің өзінде Алматының кез-келген шағын ауданындағы қабат үйлерге қарасаңыз, кілең мәлкілдеген, бүкірейген, дірілдеп-қалшылдап, әзер жүрген орыстың шал-кемпірлері. Керісінше, олармен қатар жасап жатқаны қазақтың жастары. Демек, Қазақстандағы орыс қартайған жұрт. Қарттың баратын жері белгілі. Осы үрдіспен жалғасқанда, енді он жыл шамасында қазақтардың Қазақстандағы үлес табиғи түрде 80 пайызға көтеріледі. Онан соңғы он жыл ішінде 90 пайызға көтеріледі. Оның үстіне, бұл орыстардың көбісі тумайды немесе бір ғана баласы барлар. Ал, қазақтың мұсылмандары екіден, үштен әйел алып, баланы туғызып жатыр. Шетелден қазақ келіп жатыр. Енді осындай жағдайда көп өтпей-ақ, Қазақстанның оралман саясаты да тоқтайды. Тоқтағанда да заңды түрде тоқтайды. Ол заманда сені Қазақстанның азаматтығына алмайды. Ол кезде қазақ бола тұрып, сенің Қазақстан азаматтығын алуың қытайлардың Канада, Америка азаматтығын алғанымен бірдей қиын болмақ. Себебі, баяғыда атақты Мақаш Татымның айтқан сөзі бартұғын. Қазақтың саны 80 пайызға жетсе, арқандай тіл мәселесі өздігінен шешіледі деп. Демек, сексен пайызға жеткен Қазақстан үшін Қытайдан келетін қазақтың қажеті шамалы. Ал, бұл сексен пайызды алдағы бес-он жыл ішінде Қазақстан еш қиналмай-ақ, табиғи өсім, табиғи өлім арқылы қолға келтіре алатын болып отыр. Қазақстан бұл күнде халқы қартайған елдер қатарына жатады. Бұл көрсеткішті ұстап тұрғандар - орыстар. Ал, қазақтардың дені жастар. Демек, ертеңгі болашақ-қазақтікі.

Естеріңізде болар, еңбек имигранты мен оралман деген ұқсамайды. Кеңес кезінің соңғы заманында ұлтшыл зиялылардың арқасында Мұңғылиядағы қазақтарды еңбек-келісімшарты бойынша Кеңес Одағының бодан елі-Қазақстанға тасыды. Ол заманда оларды ұшақпен тасыды. Келген мұңғыл қазақтарына үй берді, мал берді. Осы саясат кейін келе оралман саясатына жалғасты. Демек, әрбір саясаттың басы, басталуы болады, мүмкін осы еңбек келісімшарты бойынша Мұңғылия қазағын көшіріп алу жобасын ту баста, ешқандай мансабы жоқ, қатардағы бір қарапайым зиялы ортаға қойған шығар, сонан бірден бірге жетіп, өсіп, толығып, молайып, мемлекеттік саясатқа айналған шығар, анығы бір аллаға аян. Демек, осы оралман саясатының өзі ендігіде, еңбек саясатына өзгеруі мүмкін.

28 ақпан. 2012 жыл. Бейжің.

Соқыр сенімге нанатын батыс үшін алғанда бүгінгі және ертеңгі күндер ауыр күндер саналмақ. Ақпанның соңғы күні олар үшін ауыр күн болмақ. О, құдайдың құдыреті. Адам баласы қанша ақылды болса да, адасайын десе, қай-жайдағыдан адасады екен ғой...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 22 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)