Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 64 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ал, енді молдаға қарап, түңілмей қайтсін?!

Бұл молдаларың түрменің, абақтының дәмін татқан қулар ғой. Орыстың керзен етігінің дәмін аузымен де, тұмсығымен де татқасын, жаман қорыққанын сыйлайды демектейін, қожасының тапсырмасын екі етпей орындайды-дағы! Қайтсін, бейшара! Оның үстіне шартталған. Абақтыдан шығудың шарты - діни оқуды дұрыс оқу, оқығанда да орыстың шарты бойынша оқу. Жұртқа орыстың шарты бойынша дін тарату! Әрине, бұндай шарттардың ішінде, «үкіметке қарсы шықпау, алланікі парыз, патшанікі - уажіп, басшыға бағыну, т.б» деген баптардың ең маңызды орын ұстары хақ! Бірақ жүректе иман болмағасын, шайтан ұя салған құл сана былайғы жұртқа нағыз мұнапиық - нағыз шайтанның кеспірін көрсетуші еді. Қолы зинадан босамай жүріп, орыстың сылқымдарымен водканы сілтеп отырып қараша қауымға ненің өнегесін көрсетсін мұндай молдалар? Мас болып, жаназа шығарып, төбелесіп, түрмеге қайта түсіп жүрген мұндай молдалар ел алдында мың-сан масқара істесе де, құпия бұйрықтар беріліп, бір сағаттың өзінде түрмеден босатылып, ешқандай іс туылмағандай болып, еркіндікке қайтадан қауышып, бұрынғысынан бетер тайраңдап, құтырып, бұрынғысынан бетер беріле арақ ішіп, бұрынғысынан бетер сылқымды сүйіп, сұлуды құшып, жұрт алдында аса жағымсыз образ қалдырумен ғана аты шығатын болған екен. Көз алдарыңызға елестетіңіздерші. Әр ауылда бір-бір жынды, тентек, сөз ұқпас жармесіміз бар ғой, сондайларды аяқ астынан жинап алып, 3-4 жыл оқытып, «адам қылып» ауылға қайтарса, қайтарғанда да, «молда» қылып қайтарса, сенің өзің нені ойлар едің? Әрі бұл жындыңыз анау-мынау емес, қыз зорлаған, арақ ішіп, кісі өлтірген, ұрлық істеген, қысқасы, өзі туа қылмысқа бейім, ұятсыз, бетсіз, имансыз, арсыз адам болса? Өз ауылыңыздан шыққан осындай адам аяқ астынан молда болып, мешіт ұстап, жаназа шығарып, сізге уағыз айта қалса, әрі ашық-көмескіде арағын ішіп, зинасын жасап, масқара болып жүрсе, сіз не ойлар едіңіз?!

Мақсат біреу ғана. Әрі оған орыстар өте табысты түрде қол жеткізген. осындай амал-айлалар арқылы өз дінімізді өзімізге пасық, лас көрсетіп жіберген! Әрине, өте ұтымды әдіс болған. Өз майыңа өзіңді шыжғырғасын, не амалың бар?! Қайсы қарашада осының ар жағын ойлап жетерлік сана болсын?! Қазақ баласы осы шала молдалардың дертін осы күнге дейін көріп келе жатыр. Егемендіктің алғашқы жылдарында бұл молдалар бақсыға айналып кетті. Шайтани деген. Біразы емші болып, аңқау елді адастырды. Қысқасы, исламда не шектелінсе, бұлар сонымен айналысты. Шайтанның әскері деген осындай-ақ болар.

Мұндай молдалардың қатарын Алматыдағы, Мәскеудегі жоғары оқу орындарынан «араб тілі пәні», «шығыстану пәні», «исламтану пәні» қатарлы оқуларды оқып шыққан «үш әріптілер» толықтырды. Мұндайдың қатарында «түрік тілі» сабағы да қатар жүрді. Естеріңізге сала кетейік, атақты есалаң Жириновский де осы пәндер бойынша білім алған болатұғын! Осы үш әріптілер ислам елдеріне Кеңес одағының жіберетін тыңшылары еді. Таңдаулысын шетелге тыңшы ретінде жіберді де, орташасын ел ішіне жіберді. Бұларың да діни сауатқа жетілген немелер болып шықты. Құранды жатқа оқыды. Хадисті шемішкедей шақты. Бірақ, бұлардың мұнысы діндарлықтан емес еді. Әшейін, оқу қажеті үшін, диплом алу үшін, шетелде жоғары лауазымды қызметте болу үшін, өзі барған ел хақында, олардың ислами нанымдары хақында Кеңес Одағына ақпарат беру үшін ғана керек болды. Міне, осы ішбүйендер Кеңес Одағы ыдырай салғасын, сәлде орап, шекпен киіп, молда болып шыға келді! Бірақ, бұлардың жүрегінде иман жоқ еді, қажыға барып келіп, тойларда жүз грамын тартып жүре беретін осындай мұнапиқтер де асыл дініміздің абыройын түсіруге өз септіктерін тигізді!

Мұндай молдаларға мен «қызыл молда» деп ат қойдым. Қызыл молда дегеніміз жүрегінде иманы жоқ, шайтанның әскерлерә дегендік. Себебі, нағыз иманды азамат - халқын, қазағын, қарашасын дұрыс жолға бастаса керек-ті. Нағыз иманды азамат - өсек қуып, дау қуып, ел арасына фитна таратып, жұртты әр нәрседен қорқытқанша, мынау адасқан, дағдарған елді дұрыс жолға салса керек-ті. Осы молдаларрымыз қазір не істеп жүр? Үкіметтің айлығын бір алады. Қара халықтан «құран ақысы» «жаназа ақысы» деп екі алады. Қорасы толы мал. Бірақ, осылар осындай алма-салықтың исламда қате екенін білмей ме? Жанын баға алмай отырса бір сәрі ғой. Құранды арзан нәрсеге айырбастап, қу құлқынның қамы үшін қараша жұртты алжастырып жүрген осы молдаларымызбен діни мәселе хақында сөйлесе қалсаңыз, діннен гөрі, саясатқа жүйрік екенін байқайсыз...

Біреу дінді зерттей бастаса, «қой, балақай, сабағыңды оқы» дейді.

Біреу намаз оқи бастаса, «үкіметтен қорық» деп өзі бастап қорқытады.

Біреу ораза ұстаса, «ұстамасаң да болады» дейді...

Қысқасы, өзі намаз оқымайды, өзі ислам шарттарын орындамайды, бірақ молда деген аты бар. Қолында дипломы бар. Аңқау елге арамза молда. Онысымен қоймай, былайғы ел-жұртты «ойбай, анау уақабист, мынау террорист» деп үркіткенге, қорқытқанға бұларың шебер-ақ. Жаттап алған бес сүресін қайта-қайта айтып, жаттап алған екі хадисін теріс түсіндірмесі бойынша жұртқа ұғындырып, естері шығып, қожасының көңілінен 1000 пайыз шығуға тырысып, тыраштанып қалған сорлылар бір!

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Жә, «Мың бір сапарымызды» жалғастыралық.

Мен үшін өмірдің өзі сапар сынды да, сапардың өзі өмірдің баламасындай. Алла ғұмыр берсе, алла несіп етсе, екі түнеген Нейжяң қаласына да хош айтып, таң бозынан, таң намазынан соң, бір қараңғы бір жарықта Чыңду қаласына сапар шеккелі тұрмын. Алла баршамызға аманшылығын берсін.

Жә, шығармамызға келелік...

Үшбу шығарма хақында кей бауырларым айтқан «сақтық ескертулерін» оқып, қарқылдап тұрып күлгенім-ай! Шынында өте күлкілі әрі ашынышты! Адамның жаны ашырлық деңгейде ашынышты! Біздің қазіргі зиялысымағымыздың халі осы. Жоқ жерден саясат іздеп, жоқ жерден көлеңкесінен қорқып отырады. Осы біздің қазакеңдердің аталмыш өзін зиялы сезінетін зиялысымақтарының осындай бейшара халі жөнінде «қожасынан ұялып жүрген құлдарға жұбату немесе Қытай қазақтарындағы құлдық сана туралы» деп бір жолдама жолдаған сықылды едім. Кей бауырларыма үшбу шығарманы қайталай бір оқып шығуды айтамыз. Басқа айтар жауабымыз жоқ. Қорқақ болсаң, қатыныңның етегінің астына тығылып алып, өзің жалғыз ғана қорықсаңшы, өзіңмен бірге өзге жұртты да қорқытпай! Неткен сорлылық әрі неткен бейшаралық! Қазақтан, әсіресе, Қытайдағы қазақтан сол сені дірілдеткен, сені қалшылдатқан, сені ақыл-есіңнен адастырған қожаңа қарсы шыққан бір қазақ болды ма екен сонау Оспан батырдан кейін? Оның өзін сендейлердің арқасында ұстап алып, тарс еткізіп атып тастаған жоқ па ек? Сонан бері сенің қожаңа қарсы «Мау» деген қазақ көрдің бе?

Біздің жауабымыз, біздің көзқарасымыз қашан да айқын. Біз бір алладан ғана қорқамыз, бір аллаға ғана сиынамыз. Ал, керек қылғандарға жоғарыдағы мақаламыздың жалғамасын тағы бір мәрте бере кетелік:

хттп://к.ыскз.шом/форұм.пхп?мод=выеутхреад&тыд=11766

«Қожасынан ұялып жүрген құлдарға жұбату немесе Қытай қазақтарындағы құлдық сана» – бұл шығарма 2011 жылдың 1 айының 12 күні 09:51:55-де дүниеге келген. Жазылған жері – Үрімжі. Нянзыгу жолаушылар бекетінің маңы.

Алматының көжедей көп тойларының бірінде бір қалжың естіген едім:

Бір күні орман ішінде ақ тер-көк тер болып, бір қоян қашып келеді дейді. Қашқанда да құйын перен, алдына жан салмайды деиді, үрейленгенінен есі шыға, жан-дәрмен қашса керек. Кездескендерге «ойбай, қаш» дегенге ғана шамасы келсе керек. Қоянның мына халін көріп, тасбақа да шамасынша «ілесе» қашыпты. Оған сасық күзен ілесіпті, қатарларына борсық қосылыпты, мұны көріп, «мен зяян шекпейін, осы» – деп түлкі де ілескенді жөн көріпті, түлкіні көріп, «бір білсе, осы бірдеме біледі, бір бәлеге ұшырап жүрмейін» – деп қасқыр да ілесе кетіпті, қасқыр қоса қашып бара жатқанда, тиін қарап тұрсын ба, ол да ілесіпті. Мұншама қара тобырға қарап, аюдың есі шығыпты, басқасын қойшы, қасқыр екеш қасқыр да қашып бара жатқанын көріп, бір бәле болғанын шамалап, аю да ілесе қашыпты...

Қашқан топ молая беріпті, молая беріпті...

Бұл топқа жолбарыс қосылыпты...

Топ молая беріпті, молая беріпті...

Бірінен-бірі қорқып, бірінен-бірі үркіп жүрген аңдар мұндай қорқынышты сәтте, біріне-бірі тығыла, біріне-бірі жақындаса қашыпты...

Шынында бір сұмдық апат болса керек...

Ақырында бұған аң патшасы арыстан да қосылыпты. Жан керек қой патшаға да...

Патша басымен ең алдына түсіп қашыпты...

Бұғылар, маралдар, бөкендер шыбын-шіркей безіп жоғалыпты...

Пілдер өңкілдеп, зарафалар дүрсілдеп, бегомоттар қорсылдап, орман іші азан-қазан болыпты...

Сонымен бұлар қашыпты келіп, қашыпты келіп...

Қашыпты...

Бір заманда барлығы шөлдеп, шаршап, солықтап тоқтапты. Ең алдымен есін жиған арыстан патша қоянды тоқтатып: «Ал, не бәле болды, айтшы?» деп пәрмен түсіріпті...

Сөйтсе, қоян сорлы айтады дейді:

– Ойбай, әкем мас, келе жатыр, – деп!

Біздің «сасық саясатшыларымыз» Маудың өлгеніне 40 жылға таяған осы заманның өзінде қатындарының қойнына кіру үшін де Мау шығармаларынан бір үзінді айтатын болса керек! Мүмкін ол жағын біз біле бермейміз, оларға қатындарыңыздың құшағына кіру үшін Мау шығармаларынан үзінді айтпаңыз деуге де қақымыз жоқ. Бірақ осы сасық саясатшыларымыз «Мау үзінділерін» өздері айтып қана қоймай, біздің де, болашақ жас ұрпақтың да айтуын талап еткенін көргенде, не айтарыңды білмей дағдарып қалатының бар...

Біз, шынында, осындай халықпыз. Сол үшін біз сорлымыз. Сол үшін біз осындай күн кешуге лайықпыз. Асылымызды, батырымызды бағалай білмейтін, есалаңымыз бен жәрмесімізге билік тұтқасын ұстататын сорымыз бес елі қалың жұртпыз.

Біреу «тайт» десе бұтына жіберіп алатындар біздің ұлтымыздың қасыреті. Сыртқы көрінісінде бұлар ұлттың амандығы мен қамы үшін бәйек болғансығанымен, шындығында, қожаларының өзіне сіңірген құлдық санасын өзге еркін саналы ұрпаққа сіңдіру үшін жанталасқан сорлылар ғана. Өзгені де өзі сынды құл болсын деген бейшаралар!

Сүйіп алған жары – әркімнің жеке-дара бақыты. Ешкіммен ортақтастырғысы келмейтін бақыты. Сол сынды, қорқақтық та қорқақтардың жеке-дара бақыты. Қорқақтық – олардың несібесі, құлдық белгісі. Баяғыда құлдардың құлағын кесіп, құлақ кесті құл дейді екен, демек, қорқақтардың барлығы – осы заманғы құлақ кесті құлдар! Сол үшін сол қорқақтарға айтарымыз – жеке-дара бақыттарыңызды өздеріңіз ғана иеленіңіздер. Дара бақыттарыңыз бастарыңызға мәңгіге орнасын. Өзгеге бере көрмеңіздер. Қорқақтықтың екі аты бар. Жылмағайлап, сыртын жылтырлап, өңдеп, әрлеп атағандағысы – «сақтық». Ал, екінші бір аты бар, ол – сатқындық! Ашығын айту керек. Сатқынның барлығы қорқақтан шығады. Қорқақтың барлығы сатқын болады. Ал, батырлар үшін сатқындық деген ұғым жоқ. Атымен, басымен жоқ! Себебі, батыр – бір оқтық. Батыр – ажал құшуға разы да, езше жасауға құлықсыз. Ол – сол үшін ғана батыр.

Осы өткен жұма күні жұма намазымды Үрімжі қаласында өтедім. Үрімжінің қазақтар ең мол қоныстанған Дауан аумағындағы дүңген мешітте жамағатпен бірге жұма намазын өтеп, аллаға құлшылық қылып, сыртқа шықтық. Сыртта төрт дүңген бір матаның төрт жағынан ұстап алып, жылу жинап жатыр екен. Мұндай жылу жинаған дүңгендерді мен осыдан аз бұрын Чыңду қаласындағы қала алаңы маңындағы тянфаңлу мұсылманша тағамжайының үстіндегі мешіттен де көрген болатынмын. Онда да жұма намазынан шыққан болатынмын. Намазхандардың дені қытай азаматтары болса да, біразы үнді-пәкістандық және біразы араб текті мұсылмандар. Дүңгендер мен қытайлардан қалғаны ұйғырлар. Қазақ баласын өз басым көре алғам жоқ. Ол кез студенттердің оқудан емтихан беріп жатқан кезі болатын. Ал, ұйғырлардың біразы кәсіпкерлер болса, біразы кәдімгі қоғам дертіне айналған ұры-қарылар мен есірткі жағалағандар екені бесенеден белгілі еді. Осы мешіт алдында да төрт дұңген жылу жинап тұрды. Қолдарында құжаттары толық. Сонау Ниңшяның быр шет ауданында мешіт тұрғызбақ екен, соған жылу жинап жұр. Қолдарында қызыл басты құжаттары бар, жылу жинауға рұхсат қағаздары бар, жеке куәліктері, діни басқармадан алған куәліктері бар. Ашық-әшкере жылу жинап тұр. Мешіт салатын жерді үкіметтен алдын-ала алып алған. Оларының да құжаттары толық. Демек, еш күмәнданбай, жылуыңды атауыңа болады, алла разылығы үшін. Ал, Үрімжі мешіті алдындағы дүңгендерді менің бірінші көруім емес еді, осы дүңгендер кейде үй-үйді аралап жылу жинаушы еді. Сөйтіп, қаланы мешітке толтырып тастайтын дүңгендердің осы қасиетіне таңырқамай амалың жоқ еді. Баяғыда естуші едік, бір Бейжіңнің өзінде 77 мешіт бар деп. Демек, Қытайдың астанасының өзін дұңгендер мешытке толтырып тастаған! Ал, біздің молдаларымыз бен ел ағаларымыз осы дүңгендер істеген тірлікті неге қолға ала алмайды?! Құжынаған қазағы бар Үрімжіде не үшін қазақша уағыз айтатын мешіт жоқ?! Не үшін Үрімжі қаласының қазақша телеарнасы жоқ?! Үрімжіні қойшы, 50 мың немесе 80 мың қазағы бар аудандар мен қалаларда қазақ мешіттің құрылғаны күні кеше ғана екені өтірік пе? Осыны біздің молдаларымыз неге қолға алмайды? Әлде мотодан, арақтан, өзіне-өзі қол жұмсаудан, арам өлуден өлген қазақтардың жаназасын шығарудан біздің молдаларымыздың қолы босамай жүр ме?!

Бір ғана жауап бар! Ол жаңағындай құлдық сананың кесірінен! Біреу «тайт» десе болғаны бұтына жіберіп алатын немесе қатынының көйлегінің астына бұғына қалатын құл саналы қазақтарымыздың молдығынан!

28 қаңтардың түсінде таксимен Үрімжі ди-уо-пу әуежайына тарттым. Әуежай жақ жаңадан салынып жатқан шағын аудандар еді. Әуежайға аз қалғанда, жол бойы, кем дегенде, екі мешіт көрдім. Еш күмәнсіз, бұлар дүңгендердің мешіті еді. Аралары да тым жақын. Ай белгісін жалтыратып, құжынаған қытай ішінде, өз нанымдарын мықтап ұстап тұрған бұлардың біздің қазақтардың қолынан келмейтін мешітты салып ала қоятын қандай артық өнері бар екен, осы?! Соны ойладым.

Үрімжі әуежайына бара жатқанда қашқар қонақ үйінен бет алып, пойыз бекет алдындағы тау бауырлаған қарқынды тас жолға шыға бергенде, Ямалық тауының бөктерінің өзінде бірнеше мешіт бар еді, барлығы да ұйғырлардікі. Ал, ар да шау (доң көпір) мен көнсіл көшесі, саншыхаңзы маңындағы, нанмын маңындағы мешіттерді айтып сұрама. Біріне-бірі иық тіреп тұр. Азан дауысы біріне-бірі жетердей. Ал, дүңген мен ұйғырға мешіт салуға рұхсат берген үкімет қазаққа рұхсат бермей ме екен, осыны жаңағы молдаларымыз қалай түсіндіреді екен?!

Біздің жастарымыз, жастарымыз болғанда да, жүрегінде ұлттық сезімдері қайнап тұрған жастарымыз қазақ қыздарының өзге кәпірлердің құшағына құлап жатқандығын айтып көп дабыл қағады. Біздің анау-мынау қыздарымыз емес, оқыған-тоқыған қыздарымыз қай-жайдағы сығыр көз су танаудың ойыншығы болуға бейім. Не үшін?! Не үшін ұйғырдың қызы осылай болмайды? Не үшін дүңгеннің қызы осылай ойыншық болмайды? Не үшін біздің қыздарымыз Үрімжідегі «жалмалы», «құрысын», «қапа жорға», «қама жарға», «сайтания» сықылды жын-ойнақтарда мас жүреді? Не үшін біз 8 наурызды жетпіс жеті әкеміздің мерекесіндей тойлап, қатын,мбала-шағамызбен мас болып, өзгеге күлкі болып жүреміз?!

Бір ғана жауабы бар. Ол біздегі имансыздықтан. Ол біздің дініміздің пәстігінен! Ол – біздің исламнан алыстап қалғандығымыздан! Егер бізде ислам берік орнаған болса, біздің қарындастарымыз өзге кәпірдің астында ыңырсып жатпас еді. Егер бізде ислам берік болғанда, біздің қыздарымыз жеңіл жүріске салынбас еді!

Жә, жігіттер, қыздар, бір аллаға сиынып, бір аллаға жалбарынып, өзіміздің, бала-шағамыздың, ата-анамыздың, туыс-тумамыздың, қоңсы-қолаңымыздың, ел-жұртымыздың, барша қазағымыздың, күллі мұсылман бауырларымыздың екі дүниедегі бақыты мен бағын, амандығын тілеп, дұғамызды айтып, сүремізді оқып, қарғысқа қалған шайтанның уасуасынан сақтасын деп, бір алла өзі жар болсын деп, ұйқыға бас қоялық...

Алла ғұмыр берсе, алла несіп етсе, алла ғылымын, ілімін берсе, үшбу «Мың бір сапардың» жалғасын ертең Чыңдудан жалғастырармыз...

Көріскенше күн жақсы, ел аман, жұрт тыныш болғай!

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-31 02:48 редаксялады

Қайырлы таң, қазақтар!

Біз сізге қайырлы таң айтып, сіз мұны оқып жатқан осы сәтте, қанша қаракөз қарындасымыз сасық ауыз, су тұмсық, қысық көз, қисық тістің құшағында емірене балқып ұйықтап жатыр екен деші?! Кеше кеште осындағы Шолпан қарындасымыз жолдаған бір жолдаманы көріп, қатты мазасыздандым:

Жолдама аты: Қытай күйеулерге қыз берілмесін.

Жалғамасы: хттп://к.ыскз.шом/форұм.пхп?мод=выеутхреад&тыд=25202

хттп://ууу.намис.кз/ сайты Бекболат Тілеухандардың сайты еді.

Жоғарыдағы мақалада айтылуынша «жалған некенің арқасында Қазақстан азаматы болған қытайлықтың саны 300 мыңға жетіп отыр» дейді. 300 мың дегеніңіз бір ұлт қой, бір ұлт! Онсыз да бұты тиген жерге бала бітетін, қолы тиген жерге қала бітетын бұл ұлттың 300 мың дегені әне-міне дегенше біздің 3 миллион болады ғой...

Әрине, мұның ішінде, соңғы кезде Қазақстан қоғамының бас ауруына айналған қытайлық ұйғырлар да бар болуы бек мүмкін. Құжаттарын қазақ деп өзгертіп алған ұйғырлардың Қазақстан азаматтығы бар ұйғырлармен жалған некеге отырып, Қазақстан азаматтығын алуы соңғы кезде қоғамның барлық саласында көрініп келе жатқан ашық құбылыс еді. Бұл құбылысты бала-шағадан бастап, қара халыққа дейін ашық білгенде, тек қана біздің мемлекеттік қауіпсіздік мекемелеріміз ғана білмей келе жатыр еді...

Жоғарыдағы мақалада айтылуынша, былтырғы бір жылдың ішінде тек қана Алматы қаласының өзінде Қазақстан азаматтығын алған қытайлықтың саны 495 болған.

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-31 06:59 редаксялады

Бұл, шындығында, аса қуанарлық жағдай! Қуанбай қайтейік! Ендігәрі қазақ болмай-ақ қоятын болдық. Қазақ болу дегенің бір азап. Анадан алаңдайсың, мынадан алаңдайсың. Тілім деп зарлайсың. Дінім деп зарлайсың. Елім деп зарлайсың. Жерім деп зарлайсың. Оралманым деп зарлайсың. Оралмағаным деп зарлайсың. Оралғаным деп зарлайсың. Қысқасы, қазақ болу деген сөз - азап деген сөз демек дүр. Ал, біз енді осындай қаракөз қарындастарымыздың арқасында сонау екі мың жыл бұрынғы сарсүйек құдамызбен қайтадан сүйек жаңғыртып, үйсін патшасына келін болып ұзатылған бір ғана шайжан қыздың бодауына, қарымжысына миллиондаған қызымызды беріп, құдалығымызды жаңғыртып отырмыз, мұнан артық бақыт бар ма?! Біздің әлгі кнопкасын баса салса, аузынан жыр төгілетін ақындарымыз қайда, мұндай ұлы құдандалықты жырламай қайда жүр?! Біздің әлгі «біз ежелден жұңхуа ұлтының айырылмас бір бөлшегіміз» деп жазатын тарихшыларымыз қайда жүр? Мынау дегеніңіз сізге 100 том кітап қой...

Жазыңыз...

Ұлы достық, ұлы құдандалық..

Қазақ болып өмір сүру дегеніңіз, оның ішінде жүрегінде қазақтығы бар қазақ болып өмір сұру дегеніңіз бір бітпес сұмдық азап қой! Жә, енді, осы бір итке керегі жоқ, қажетсіз азаптан құтылатын түріміз бар. Қандай рахат! Қазақ болу дегеніңіз - өз атамекеніңде мектебіңді жаптырып алу демек дүр. Қазақ болу дегеніңіз - өзіңіздің атамекеніңізде балабақша ашу үшін жанталасу демек дүр. Қазақ болу дегеніңіз анаған да, мынаған да жапақтау демек дүр. Қазақ болу дегеніңіз - азап демек дүр. Енді мұның барлығы ештеңеге де керегі жоқ. Біздің белсенді қыздарымыз бұл жақта да, Қазақстан жақта да ұлтымыздың мәңгілік ұлы мүддесі жолында белсеніп іске кірісіп кеткен екен! Қос тіл үйреніп те керегі жоқ, баламыздың тілін төте ұлы жұңхуа ұлтының тілінде шығарсақ болғаны емес пе?!


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)