Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 63 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Осы бағдарламаны сайттан тауып, осы араға шығарғанға 1000 нөмір сыйлығым бар! Нөмірді қалай бергенді ешқашан зерттеген емеспін, асабалар менен алып, жолдаушыға сыйласын! Өзім іздеп көрдім: хттп://ууу.шнтв.шн/ деп жаздым. Сосын «哈萨克斯坦东干人– Қазақстан, дұңгендер» деп жазып, жоғарыдағы сайттың іздеуішінен іздеп кеп жіберсем мынау жалғама шықты: хттп://со.шнтв.шн/сеарч.пхп?чте... д=0000&пыд=0000

екінші беті: хттп://со.шнтв.шн/сеарч.пхп?чте... ипе=-1&сыд=0000

Жоғарыдағылар Қытайдың орталық телеарнасының сайты ууу.ғғтв.ғом-ден ғана іздегенде шыққан ақпараттар. Ал, байду немесе гугл іздеуіштерінен іздесеңіз, мұнан да көп шығатыны шындық. Баяғыда Шелек оқиғасына қатысты қазақ зиялылары бас қосқан жиналысқа марқұм Жағда Бабалықұлымен бірге мен де қатысқан едім. Ол жиналыста асылы Осман апамыз да болған-ды. Дос көршіммен де осы барыста етене араласып, біраз жұмыстар істегеніміз бар-ды. Атақты демограф, жан саны ғылымының докторы, Орта Азия университетінің ректоры (басшысы, шяужаңы), ұлтшыл ағамыз Мақаш Татымовпен де осы жиналыстарда сырлас-сұхбаттас болғаным бартұғын. Сол кезде Нұрпатшамыздың адал досы, кеңесшісі, сабақтасы Мақаңа дүңгендер мен ұйғырлар хақындағы ойларымды айтып, бұл хақында терең сырласқан ек, алда осы жұмысты қайтадан қолға алуым керек екенін сезіне түскендей болдым...

Арал жағынан жолданған 2012-1-27 18:06

хттп://выдео.баыдұ.шом/в?уорд=%б... 88&рн=20&пн...

Үшбу кескін құжатты іздесушілердің назарына:

Бұл құжаттың өзін мен шала көрдім, есімде қалғаны - қазақы киіз тақия киіп алған қазақстандық дұңген шал славян жазуымен жазылған қытай тіліндегі жыр жолдарын «Ұлы Жұңхуа отанына» арнап, тебірене оқып отырады. Экран астында қытайша эроглифтермен жазулар жылжып шығып тұрады. Бұл жаңағы слауянша жазылған қытайша жырдың қытайша эроглифті нұсқамен жазылуы еді...

Маған керегі де осы кескін құжат ғана. Ал қалған видеоларды асықпай, абдырамай, кәдеге жарата жатармыз...

Екі елдің достығы мен берекесі үшін, мұндай нәзік мәселелерге біздің аса сергектікпен, сезімталдықпен қарауымыз керек екенін оқырмандарға ұғындырғым келеді. Достық жасасын!

Дүңгендерді айтуым - жаңа ғана жұма намазын құжынаған дүңгендермен бірге дүңген мешітте оқып келдім...

Сосын осында есте тұрған заматта, ми жасушаларымнан өшіп кетпей тұрған мезетінде, жазып қалайын дегенім ғой. Алланың берген ақылы мен ілімі бейне жасанды жер серігінен таратылған телесигнал сияқты. Дәл сол уақытында көрмесең, дәл сол мезетінде ұстап қалмасаң, екінші қайта айналып берілмейді...

Ал, рұхсат болса, Тайланд сапарымыз хақындағы әңгімемізді жалғастыралық...

Тайландтың мұсылмандарының ұлт қарастылығы – Тайланд екен де, өздерін тай ұлтымыз деп атайды екен, бір тілде сөйлеп, бір мемлекетте жасап, бір ұлт бола отырып, бөлек дінге сенетін, бөлек нанымға нанатын бұл халықтар, бейне, қытай тілінде сөйлегенімен, ислам нанымына нанатын Қытайдың дүңгендері сықылды екен. Бар айырмасы – дүңгендерді компартия бөлек ұлт ретінде қарастырып, оларға хұйзу деген ат берды. Ал, 1949 жылы Қытай компартиясы билікке келуден бұрынғы буржуазиялық Қытай үкіметі оларды бөлек бір ұлт ретінде қарастыруға басы бүтін қарсы шыққан еді. Гүмандан үкіметінің қарауынша – дүңгендер бар болғаны ислам дініне сенетін қытайлар ғана еді. Ал қазіргі Тайланд мұсылмандарының мәртебесі де осы тектес көрінеді. Мен сөйлесе қалған бірнеше тайландтықтың барлығы өздерін тай ұлты өкілдеріміз деп таныстырды. Бар болғаны – мемлекеттың басым көп санды тұрғындары бұдшыл тай болғанымен, бұлардың олардан бар айырмасы - ұстанған діндерінде ғана екен. Демек, ислам дініндегі қазақ пен иегова дініндегі қазақтар, християн дініндегі қазақтар, католик дініндегі қазақтар, сайентология дініндегі қазақтар сықылды ғана болса керек. Я, олардың барлығы қазақтар. Бар болғаны - олар басым көп санды қазақтар ұстанатын, ата-баба діні, ұлт ұйтқысы - исламнан, хақ дін - исламнан бет бұрғандар ғана еді...

Ассалаумағалейкұм!

Кеше 2012 жылдың қаңтарының жиырма сегізінде аяқ астынан Чыңдуға кетуді жөн санадым. Үрімжінің қақаған аязы онсыз да бұл қалаға ешқандай махаббаты жоқ менің бұл араға деген жек көру сезімімді асқындырып жіберген еді. Қазақтың мың-сан қасқасы мен жайсаңының, қазақтың мың-сан игі-жақсысының қаны төгілген қан сасыған қалаға қазақ баласының құмартатын еш қисыны жоқ еді, көз алдыма атақты Таңжарық Жолдыұлы осы Үрімжіде жазған «Түрме халі» шығармасындағы көріністер келген сайын, менің бұл қалада тұрғым келмей кететін еді.

Маған Үрімжі көшелері мен таулары қансырап тұрғандай сезіле беретін...

Үрімжімен салыстырғанда, Чыңду дегеніңіз көктем қаласы екен. Нөлден жоғары 2-3 градус. Жанға жайлы. Шямын әуесеріктігінің ұшағында қашан да адам аз. Артқы орындықтар бос келді. Құдай оңдағанда, ұшаққа шыға сала арт жақтағы үш кісілік орынды иемденіп алдым да, ұйқыға бас қойдым. Құдайдың құдіреті, Үрімжідегі алпыс апа, жетпіс жезде шаршатып-ақ жіберген еді. Жүйкем бір тынышталды-ау...

Үрімжідегі жазушылардың шығармасын қалай жазатынын қайдан білейін, әйтеу, бұл қалада маза жоқ екені шын. Негіз, нағыз шығарма жазатын адам -қазақы ортадан алысқа кетуі керек шығар деп ойлаймын. Мысалы, Мұхтар Мағауинді мен өзім солай деп түсінемін. Себебі, Алматының өзінде үйлену тойынан, назырден, сүндет тойдан, сырға тойдан, мерейтойдан бас ала алмайсың. Барсаң - бір бәле, бармасаң – екі бәле. Қашып та құтыла алмайсың...

Таныс-білісің молайған сайын басы артық шаруаң молайғаны молайған. Бірде ананың жұмысына, бірде мынаның жұмысына «қол ұшыңды бере саламын» деп жүріп-ақ, уақытыңның көбісін өзің үшін емес, өзге үшін сарып қылып жүргеніңді білмей қаласың. Ақырзаман болғанда адамнан адам қашады деуші еді баяғыда үлкендер. Қазіргі кез сол ақырзаман кезі болса керек. Кейде екі құлаққа бір тыныштық іздеп қалатынымыз бар...

Үрімжі жағалаған тап-таза қазақтарымыз, қазақ болғанда да анау-мынау емес, көркемсөз шеберлері деп аталатын жазушыларымыздың бірер жылға бармастан, қазіргі заман қазақ тілінде шығарма жазғанның орнына «Үрімжінің шағатйи тілінде» шығарма жазып кететіне таңырқап жүруші едім. Негізі, біздің қазіргі заман Қытай қазақтарының тілі қазірдың өзінде быт-шыт болып кетті. Тіліміз шұбарланып бітті. Нағыз таза тіл – Мұңғылия қазақтарында ғана қалған көрінеді. Мүмкіндік болса, біздің шағатай тілінде шығарма жазатын жазғыштарымыз Баянөлке қазақтарының арасына барып, бір мезет «тұрмыс үйреніп» қайтқаны дұрыс көрінеді. Тауықтың жұмыртқалағанынан да тез жылдамдықпен роман жазатын, өзін жазушы сезініп жүргендерге де айтарымыз осы.

Үрімжідегі атақты «жалмалы клубында» бір кеш болдым. Ол кеш - менің Баңкоктен Бейжіңге келіп, онда Қытай Халық республикалық саяси кеңестің жоғары лауазымды басшыларымен кездесіп, Бейжіңде бір қонып, ертесі Үрімжіге жеткен кешім еді. Үрімжіге жете сала, қонақүйге жайғасқасын, жалмалыға бет алдым. «Жалмалыға» барғанымды қайтейін, нағыз «жалмалы» екеніне көзім жетті. Қазақтың өрімдей ұлдары мен қыздары, қырықтағы қырқылжыңдары, тепсе темір үзетін азаматтарымыз мұнда шылқа мас жүр...

Қандай үлкен күнә арқалап жүр деші осы «жалмалы» клубын ашқан жігіт!

Ассалаумағалейкум қадірлі жамағат!

Нейжяң қаласынан сәлем беріп тұрмыз. Қонақүйге орналаса сала, күлтегінге шығармамды жазуды бастадым...

Жә...

Кеттік, ендеше...

Тайланд сапарының соңы біздің Тайландтағы бір ерекше тұлғамен танысуымызбен аяқтап еді ғой. Әңгімені тура сол арадан жалғастыралық.

Нұкең екеуіміз (Тайландтағы санжылық қазақ бауырымыз, бауыр деп атағаныммен, шындығында, ол менен үлкен, жол бойынша маған аға екен. Бар қазақ бір туған ғой!), жә, Нұкең екеуіміз, шам намазымызды оқып болып, намаздан соң ұзақ дұға қылып, мешіт ішінен сыртқа шыға берсек, ұзын бойлы, жүзіне мейірім мен жылылық тұнған бір кісі келіп, бізге амандасты. Біз ағылшынша сөйлестік. Қайдан келгенімізді сұрады. Әрине, бір қараған адамға біздің шетелдік екеніміз бесенеден белгілі еді. Біз Қазақстаннан келгенімізді айттық. Бұл кісі бізге аса бір құрметпен қарап, өз ісханасына ұсыныс етті. Сөйтсек, біздің танысқан адамымыз Тайландтағы ең бірінші мұсылманша ағарту телеарнасын құрушы Хамза деген кісі екен! Қандай үлкен сауап деңізші. Біздің намаз оқыған мешітіміздің алдында ғана тұрған ісхана осы телеарнаның қызмет өтеу орталығы екен...

Ағайынды екі жігіт осы мешітті, осы медресені, осы телеарнаны құрып шыққан екен. Жаңағы біз көрген жас балалар осы мешіт қарауындағы медресе шәкірттері екен. Жату, оқу, тамақ – тұтасымен тегін екен. Оларды қаржыландырып отырған осы ағайынды Хамзалар екен...

Міне, қандай керемет сауап! Қандай ұлы іс. Қаншалықты ірі әрі сауапты іс десеңізші. Мен қатты әсерлендім...

Телеарнаның тіке тарататын (现场直播室) бөлмесіне де кіріп, аралап шықтық. Біз Хамзаның бөлмесінде отырғанда, телевизордан Тайланд өңді бір толықша келген қара жігіт сөйлеп жатқан. Басына Малайзия мұсылмандарынша бас киім киіп алған еді. Біз маңдайшалығына ағылшынша нән әріптермен аң еир (оң аыр) деп жазылған бөлмеге кірдік. Жаңағы жігітімізді енді телевизордан емес, өз көзімізбен көрдік. Аралық үзіліс болса керек, бізбен қол алысып, сәлемдесті. Біз өзге бөлмелерді аралап қайта оралғанымызда, жаңағы жүргізуші жігітіміз тікелей эфирін бастап та кеткен екен, біз тек сыбырлап сөйлеп, суретке түстік. Хамзаның ерен еңбектеріне қарап сүйінбей тұра алмайсың, қызықпай тұра алмайсың. Қаншама сауап тауып жатыр деші! Шіркін, аңсап кеттім, мен де күндердің бір күні, алла несіп етсе, тура осындай үлкен медресе құрып, қазақтың балаларын осылай тегін оқытсам, тегін тамақтандырып, діни сауаттарын ашсам ғой деп. Ал телеарнаның сауабы дегеніңіз ұшан-теңіз ғой, иншаллаһ. Жасанды жер серігімен төте таратылады екен, демек, күллі жер бетінің үштен біріндегі тай тілінде сөйлейтін бұқара бұдан нәр ала алады деген сөз...

Қандай керемет! Қандаи ұлық сауап! Мен әсерленгенімнен көзіме жас келгендей болды, Хамзаға разы болғаным соншалық, Хамзаға қызыққаным соншалық, оған мына сөздерді айттым:

«Кімде-кім алла разылығы үшін жер бетінде бір мешіт тұрғызса, алла оған жаннаттан бір зәулім сарай тұрғызады!» – дедім мен Хамзаға. Бұл исламда бар сөз еді. Үлкендерден осылай естуші едік.

Хамза:«Иншаллаһ» - деді. Хамзаның қатты діндар екендігін бір байқағаным, менің оған қатты әсерленіп айтқан осы тектес сөздерімді естігенде, ол іштей күбірлеп, дұға оқып отырғандай сезілды маған. Бұл да таза тақуа мұсылманның бір қадеті еді. Біреу біреуге мадақ айтқанда, ішінен «барлық мадақ бір аллаға ғана тән» деген сөзді айтатын еді тақуа мұсылман! Я, барша мадақ он сегіз мың ғаламның жаратушысы, шексіз құдіретті, мейірімді бір аллаға ғана тән!

Мұсылманның мұсылманға бауыр екендігін, мұсылманның мұсылманға туыс екендігін осы Тайландта тағы бір мәрте түсіне түскендей болдым. Оны маған Тайланд мұсылмандары өз игі істерімен түсіндірді. Мен Баңкок қаласының Ладкрабаң аумағында жатып, онан мұсылмандар қоныстанған аумақты іздеп, такси ұстасам, ұстағанымның мұсылман тай ұлты болып шыққанын көрмейсің бе?! Алланың қалауы деген сол! Оның алдында ғана бағасына келіспей, бір буддисті, жер білмегені үшін екінші бір буддисті жіберген едім, ұшінші болып, мұсылман кісі кездеседі ғой. Сол мұсылман таксист маған кете-кеткенше телефон шалып тұрды. Хал-жағдайымды сұрап, намаз уақыттарын айтып беріп, өзінше жігі-жапар болды да жүрді. Жол ортада арнайы тоқтап, бір мешітті де көрсетті. Баңкок туралы көп ақпарат берді. Ал, мешітте жүздескен жамағат та менің Қазақстаннан келгенімді көріп, Қазақстан туралы жағымды сөздерын айтып, рухымды көтеріп тастады, кәдімгідей масаттанып, марсиып қалдым. Әрине, жат елде, өз отаның туралы мадақ есту деген қандай бақыт! Олар маған Қазақстанның оң хабарларын айтқан еді, қажылыққа барған Қазақстан мұсылмандарының жақсы тараптарын айтқан еді. Демек, біздің қажыларымыз өздерінің үлгілі, өнегелі істерімен өзге мұсылман жұрттарына жақсы әсер қалдырып жүрген болды, алла разы болсын, біздің қажыларымызға!

Оқырмандарға жалпылама жауап:

Алла қаласа, мен бұл шығарманы «Мың быр сапар» деген атпен кітап қылып бастырып шығармақпын. Бұл осы жолы Бейжіңдегі бауырлармен жүздескесін туған ой. Бейжіңдегі бауырлар маған бұл кітапты бастырып, әдемі мұқаба жобалап, өзіме сыйлағанда, қатты аң-таң қалғанымды көрсеңіздер ғой. Кәдімгідей үлкен, қалың кітап болған. Шындығында, бұл жеке менің ғана емес, күллі қазақ ғаламторшыларының ортақ еңбегі!

Сонан бері, кітап қылып бастырып шығу ойым күннен күнге беки түсті. Әрине, кітап мұқабасын қазірше былай ойладым: Сыртында үлкен жазулармен «Мың быр сапар» деген жазу тұрады. Астында онан сәл ұсақтау жазулармен:

«Шяңгаң сапарынан естеліктер»

«Аумын сапары салған ойлар немесе отардағы ортақтықтар»

«Мәскеу сапарынан естеліктер»

«Тайланд сапарынан естеліктер»

Алла несіп етсе, мұның соңына «Дубай сапарынан естеліктер» дегенді қоссам деймін, уақыт жар берсе.

Немесе «Ішкі Қытай сапарларынан естеліктер» деген бөлімді бөлек қылып қойсам дұрыс болар...

Мұқабасын қалай жобалауды суретші жігіттермен ақылдаса жатармыз...

Қазірше Алматыда көнеше жазумен бастыруды дұрыс көріп отырмын. Қытайда бастыра алмаспын, Алматыда он мың нұсқамен бастырып, таныс-біліске тегін таратып жіберсем деймін...

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-30 01:27 редакциялады.

Қарасам, жазғандарымның барлығы сапар екен. Баптарға бөлсем, «Түркістан сапарынан естеліктер» бөлімі шығардай. Немесе «Семей сапарлары естеліктері» менің тағы да кеңітіп жазуымды қажет ететіндей. Негізі, менің Семейге сапарлай баруым жұмыс бабымен болды да, Семей хақында толғанып, кеңінен сілтеп жаза алмадым, алда оны толықтыру, молықтыру ойларым бар. Себебі, Семейде қазақтың Алаш ордасы бар. Семейде Абай мен Мұхтар, Шәкәрім бар. Семейде қазақтың азаттығы бар. Семейде орыстың тепкісі бар, Семейде қазақтың қасыреті бар, Семейде атом бар...

Ұлтымыздың мәңгілік қасыреті атом да Семейде...

Семейге ұшып бардым да ұшып қайттым, ондағы әңгімелердің көбісін ұмытпай тұрып, қағаз бетіне түсіріп-ақ алғым бар, қу тірлік қамымен Қытай асып кеттік...

Негізі, мен Тибет пен шығыс-солтүстіктегі Үшөлкеден басқа Қытайдың барлық жерінде болдым. Сол үшін «Ішкі Қытай сапарларынан естеліктер» деген бапты бөлек құрастырсам деймін.

Қысқасы, Жаңбыр торласымыз қойған «Мың бір сапар» өте ұнамды ат сезіледі өзіме. Ал өңдеу барысына Атила5 бауырымыз көмектеседі деп сенемін. Ал мұқабасын да осы ғаламтордағы бауырларымыз қолына ала жатар. Ал оқырмандар хат жазып, үнемі сұрайтын сурет мәселесіне келсек, ол әлдеқашан құпия мәселе болудан қалды. Себебі, мен барған-тұрған жерлерімде оқырмандармен топтық жүздесулерде боламын. Олармен суретке түсемін, қазір менің суретім, кем дегенде, 200 адамда бар шығар. Демек, мен ешкімге сырлы, ешкімге құпия адам емеспін. Ал, осы суреттерді, алла несіп етсе, сол кітапта шығара жатармын...

Сол үшін кейбір бағалы суреттерді қазірше ғаламторда жарияламай тұрмын...

Оқырмандардың сыни көзқараста болғанына мен өте разымын. Өз пікірлерін берген барша оқырманға мен шынайы алғысымды білдіремін. Алла несіп етсе, барлықтарыңызға бір-бір кітапты «жедел жеткізу» серіктіктері арқылы жолдап берермін.

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату! Рұхсат болса, хикаямызды жалғастыра берелік. Сөзіміз Тайланд хақында еді ғой...

Енді сол арадан басталық сөзімізді. Хамза мырзадан менің сұраған ең көп сұрағымның бірі - Тайландтағы діни еркіндік мәселесі болды. Әрине, еркіндік деген біздер үшін алғанда, бірінші сұрақ болуы табиғи да. Мұндай сұрақтың туылуы біздегі еркіндікке деген құштарлықтан емес, еркіндікке деген талпыныстан емес, алланың өзі еркін қылып жаратқан адам баласы бола тұра, еркіндікке деген бір түрлі қорқыныштан туғанын жасырып қайтейін?! Себебі, біз қорқып үйреніп қалған құл саналы қауымбыз ғой. Біз барлығынан қорқамыз. Біз қорықпайтын нәрсе болсашы. Апанаси бауыздап кете ме екен деп, жан-жағымызға алақтап қарап, әркімнен бір қорқып, бұтымызға жіберіп алатын сорлы қауымбыз. Неден сонша қорқақ болдық екен, болмаса, күні кеше ғана аттандап жауға шапқан батыр елдің ұрпағы емес пе едік?! Құл саналы қорқақтық бізге қашан сіңді екен?!

Хамза мырза бұл сұрақтарыма аса мейіріммен қарап, күлімсіреп отырып жауап берді. Әрине, ол үшін бұл ең таңырқарлық іс болмаса керек. Міне. Еркін елдің азаматы деген осы да. «Кімнің қандай сенімге нануын үкімет тарабы емес, сол адам өзі таңдауға құқылы» деген бір ауыз сөзын ұмытар емеспін. Я...

Қандай керемет сөз. Ал, біз болсақ, бала күнімізден өзімізде таңдау құқы болды ма? Біз мына сенімге сенсең де, сенесің, сенбесең де сенесің» деп сендірілген, сәби санамыз бала күнімізден жуылып кеткен, адамша дұрыс ойлаудан, адамша дербес ойлаудан мүлде мақұрым қалған бір сорлы қауым емес пе едік?! Осы сөзім өтірік пе? Оған қоса, біздегі қызыл молдаларды айтсаңшы! Молда деген аты ғана бар. Кісі өлсе, құран-қатым түсірсе, бір құранға бір ірі қара алса, біздің аталмыш молдаларымыздың бар ойлары сол! Ашығын айту керек, егер менде билік құқығы мен қазылық құзыреті болғанда, ең алдымен, осындай құлқынның құлы болған, халқын дұрыс жолға бастамаған, ең қысқасы, аллаға серік қосу күнәсі жасалынып жатса да, жастарымыз араққа шомылып жүрсе де, мыңқ дей алмайтын осындай өзі қызыл, өзі қорқақ, қажыға үкімет апарғанымен, өзі ешқашан намаз оқымайтын осындай «осы замандық молдаларды» шетінен тарсылдатып атып тастаған болар едім! Өкініштісі, менде қазы құқығы жоқ, мүмкін алла менің қолымды арамдаудан мені сақтап отырған болар?!

Кеңес одағының жылымық заманында, әсіресе, 1980 жылдардың басында күллі Кеңес одағы жұрты, ішінде мұсылман жамағаты да бар, ішінде қазағы, өзбегі, татары, қырғызы, тәжігі, түрікпені, әзірбайжаны бар, мұнан тыс, крестке нанатын, өзін Иса пайғамбардың үмбеті дейтін орыс, украин, грузин, армян, латвия, литва, молдаваны бар, жалпы Кеңес жұртының дінге деген, еркіндікке деген талпынысын ендігәрі ешқашан шектей алмасын білген Сәбет басшылығы дінге сенуге біртіндеп рұқсат бере бастаған екен. Бұнысына қарап, Кеңес одағы компартиясына деген махаббатыңыз асып-тасып кетіп, біздің Қазақстандағы Кеңесті аңсаған қазақ шалдары құсап, еңкілдеп жылап жүрмеңіз, әңгіменің соңын күтіңіз...

Бірақ сайтани нанымның қулығын көрмейсіз бе? Татарстанның, Әзірбайжанның түрмелерін толтырып отырған кілең ұры-қары, ішкіш, жұтқыш, қыз зорлағыш, басқыншылық қылмыс жасаған сан-алуан қылмыскерді бір түнде жинап алған да, Мәскеуде діни мектепте оқытқан. Оқығанда да қатырып тұрып, 3-4 жыл оқытқан. Қандай оқытқан дейсіз ғой, тегін сыра мен тегін арақты беріп отырып, оқушылары сенбі-жексенбі шылқа мас болса да, көрмеске сала отырып, ислам дінін оқытқан! Бұл мектептің көршілес мектептері атақты Кеңес одағы балет үйірмесі болса, тағы бір көршісі әртістерді тәрбиелейтін мектеп болған екен! Демек, онда сұлу қыздар көп деген сөз. Сонымен, біздің Кеңес одағының болашақ молдалары түрмеден шыға сала, тегін арақ, тегін сыраның ішіне бөгіп отырып, орыстың нәпсіқұмар қыздарымен былық-шылыққа батып отырып, 3-4 ислами білім алып, Кеңес одағының жер-жеріне үкіметтік молда болып, қызметке тағайындалған екен!

Әрине, бұл молдалар Кеңес одағының жер-жеріне мақсатты түрде жіберіледі. Жақсы үй беріледі. Жақсы қызмет беріледі. Біртіндеп қажылыққа да апарады. Молдаларың жаман-жақсы болсын, әйтеу, 3-4 жыл діни білім алған аты бар, кем дегенде құлқуалланы қайырып, көзін жұмып, жартысын ішінен айтып, жартысын күбірлеп, естілер-естілмес айтып, аңқау жұртқа діни сауат беруге бапандай-ақ болып жетілген. Бірақ, намаз оқымайды. Жұртқа көрсетіп тұрып, арақ ішеді. Жұртқа көрсетіп тұрып, зина жасайды. Себебі, қазақта бір сөз бар ғой, үйренгенім үйдегім, осырағым түздегім деген! Үйренген әдет қалсын ба?! Сонымен, дінге сусап тұрған мұсылман жамағатының көңілі су сепкендей басылады. Бір мезет орыстың ата асы арақтан тыйыла бастаған мұсылман жамағаты молдалардың мына ісінен соң, исламнан мүлде жерініп те кетеді. Кәдімгі бала күндерінен Кеңес Одағы саясаткерлері құлақтарына құйған екібеткей, дүлей, білімсіз, надан, тойымсыз, нәпсіқұмар молдалардың анық өзін өз көздерімен көргендей болады! Себебі, жаңағы молдалар тура сондайлар еді, мақсатты түрде іріктеліп, жиналып алынған сондай молдалар болатұғын...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)