Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 61 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ассалаумағалайкум, қадірлі жамағат!

Қайырлы таң, қазақтар!

Баңкокте таңғы сағат алты жарым. Бұл жақта түн қараңғылығы енді сейіле бастағандай. Биіктен төмен қарағанда, қала әлі де тып-тыныш ұйқыда. Таң бозынан мұндағы мұсылмандар ғана тұрып, алланы еске алмаса, олардан өзге ластыққа толы, мастыққа толы түнмен тіршілік еткен өзге пендесі бір күні өлерін, алланың алдына барарын қазірше ойламастай-ақ...

Мынау ластық қаласының алланың қаһарына қалып, бір күні тұтасымен шөгіп кетеріне немесе жермен жексен боларына еш күмәнданбайтын сияқтымын. Ақиқаты бір аллаға аян. Мүмкін, мұндағы мұсылманшылық күшейіп келе жатқан болар, ол жағын біз анық біле бермейміз. Баңкоктың кешегісі қалай екенін анық білмесем де, бүгінгісінде мұндағы тіршілік етіп жүрген мұсылман баласының аз еместігі ғана. Көшеде жүрсең, қайдан болмасын, мұсылманша киінген әйел затын кездестіруге болады. Осы хижапты әйелдер, қыздар арқылы ғана мұсылманшылықтың сыртқы бейнесін білмесек, еркектерге қарап, мұсылман екендігін әлде мұсылман еместігін айыру барған сайын мүмкін емес болып бара жатыр екен...

Кеше нана мешітіне жашиқ намазын өтегелі кіріп бара жатсам, бір мұсылман баласы сәлемдесті. Мен сәлем алдым. Шашына қарап, селк ете түстім. Құдай сақтасын, мұндай қорқынышты шашты өмірімде бірінші рет көріп тұрмын. Алдымда кәдімгі адамның басын екі-үш есе ұлғайтып көрсететін жалбыр-жұлбыр, үрделген, бұйраланған, тал-тал болып, жан-жаққа шашырап тұрған, сарыға боялған сұмдық ғажап ‹шаш› тұр. Жап-жас, ап-арық жігіт. Небары 20-ның ар жақ-бер жағында болса керек. Өңі ашаңдау. Жерлік еместігі хақ. «Әйелге ұқсағысы келген еркекке лағынет, еркекке ұқсағысы келген айелге лағынет» дегенді бұл жігіт білмесе керек...

Намаз алдында бір жігіт имамнан әлденені сұрап отырды. Назарым ауып, қарадым. Оның шашы тықыр. Бірақ, бәрібір, моды шаш. Басының екі жанын қырдырып, ортасын желкесінен шекеге дейін қалдырып, бұйралап, төбесінде жал қалдырған екен...

Қазақтың басымен алысып болып, енды келіп, өңге мұсылманның шашымен алысқанымыз емес. Құдіреті күшті бір алла барлығымызды дұрыс жолға бастағай.

«Менің ниетім дұрыс, алла алдында күнәм жоқ» деп намаз оқымай жүрген бауырларымыз қаншама?! Алла барлығымыздың жүрегімізге таупиқ-қидаят берсін! Намазға жығылған, алласын таныған қазақ баласы молайсын. Себебі, кім алладан қорықса, ол нағыз - адам. Алладан қорықпаған жаннан барлығын да күтуге болады.

Тайланд туралы мұнан да көп жаза түсермін. Қазірше, жазуға үлгере алмай жатырмын. Көзбен, баспен еске ұстау дегеніңіз кері шегінген мына заманда, барлығын сурет арқылы еске ұстауға сүйеніп қалдық. Мүмкін, біздің ойлау жүйеміз де күн санап молыққан осындай көмекші құралдар әсерінен, кері шегініп бара жатқан болар...

Баяғыда телефон нөмірді жатқа айтушы едік, бұл күнде оны да ұмыттық, барлығын зат арқылы еске ұстауға көштік...

Даму ма, әлде шегіну ме?

Ақпараттың құла тасқыны біздің ми жүйемізді босатып болды. Баяғыдағылар құймақұлақ еді, қазіргілер барған сайын ақпақұлақ болып барады...

Баяғыдағылар бір сөзден, бір істен, бір оқиғадан алланың хақтығына көзі жетіп, намазға жығылушы еді, бұл күндегілер секундына мың мұғжиза көрсе де селк етуден қалған. Негізі, біздің санамыз салданып, селк етуден, тітіркенуден қалып бара жатқан сияқты...

Уа, құдіреті күшті бір алла, бізді қашан да дұрыс жолға сала көргейсің!

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Рұхсат болса, сапарнамамызды жалғастыралық...

Аллаға сансыз шүкірлік...

Санжыдан Қазақстанға барып, онан осы Тайландтағы Қазақстан серіктігінде жұмысқа тұрған бір қазағымды тауып алдым...

Кеше Паттая қаласына бардым. Тайландтағы мұсылман таксист Шүкір мырза ол жаққа бармауымды айтқанымен, мен өзге мұсылмандардан сұрастырсам, ол арада да мұсылмандар көп дейді. Табиғаты тамаша, демалуға жақсы жер деп айтты. Өстіп ойланып отырғанда, Тайландқа Мәскеуден ұшып келеді деп мен күтіп отырған еврейлерім мен Баңкокке келуден бірнеше күн бұрын мұнда келіп алып, Паттаяның қызығынан шыға алмай жатқан екен...

Паттая қаласы - жаһиляттағылардың бұл жер бетіндегі «жұмағы» іспеттес...

Дінсіздердің армандағанының барлығы мұнан табылады. Алыстан іздеп әуре болмайсың, көз алдыңда тұрады...

Аттап басқан сайын, зинаға шақырған, шарапқа шақырған жарнама...

Тіз қатар тізілген жартылай жалаңаш қыздар. Көзіңді жұмсаң да, көзіңді ашсаң да көрерің сол. Тамақ ішіп отырып, жолдың қарсы бетіне қарай қалсаң, ашық шарапхананың төрінде жартылай жалаңаш би биленіп жатады...

Амалсыздан көзіңді төмен түсіресің. Ішіңнен тәубаңды үйіресің...

Паттая қаласында құжынаған шетелдік. Азиялықтарды айыра алмайсың, жапоны кім, кәрісі кім, қытайы кім, бірінен бірінің айырмасы жоқ, ал еуропалық ақ нәсілділер мұнда құжынап жүр. Арасында бірнеше әйелдерін қатарынан ертіп алып, маң-маң басып арабтар жүр. Басы-көзін орап алған келіншектерін ертіп, ирандар жүр.

Кеше 16 қаңтардың шыжыған ыстығында Баңкоктен шығып Паттаяға жол тарттым. Саяхатшысының шексіз көптігінен мұндағы такси шоферлері де ересен қу болып алған. Баңкокке келгелі ары-бері таксимен жүріп, біраз нәрсенің сырын, шынын білдік, негізінде, білмеген жердің ойы-қыры көп деген рас екен, таксидың алдында есептеуіш болғанымен, ең дұрысы, осы есептеуішті іске қостырмай, ауызша келіскеніңіз ең абзал екен. Әйтпегенде, есептеуішті қосып қойып, сізді шыр айналдырып, нән қаланың ол шетінен бұл шетіне қыдырта береді екен де, қалтаңыздағыны сыпырып алады екен, кімге не деп арыз айтарсың? Өзің шеттен келсең...

Бірдеме десең, бұлардың әшейін дым түсінбеген болып, жалғаннан монтансып тұра қалатынын қайтерсың...

Аттам жерге 1000 бат ақша беріп, аузымыз аңқиып біраз жүрдік те, кешелі-бүгін ақылды болып шыға келдік...

Қазір таксиге мінбейміз, бұларыңыз «аспан пойызы» атап алған скаи чуеин(ски траың) арқылы 1000 бат ақшалық жерге 30 батпен жетіп алып, қарық болып жүрмін. Есептей беріңіз, 30 батыңыз бір АҚШ доллары.

Паттая қаласы - теңізге мініп тұрған қала екен. Теңіздің өзі құрлықтың ішіне сұғына кіріпті де, керемет үлкен жағажай қалыптастырған. Су дегеніңіз тұп-тұнық. Құм дегеніңіз тап-таза. Жаға толы демалып жатқан адамдар. Көбісі еуропалық ақ нәсілділер болса, азияттардың ішінде корейлер мен жапондар көптеу...

Ара-тұра қолын шошайтып, аяқтарын ішке қарай майыстырып, жалғаннан майысып, бұралып, қылмип, жылмип, көзін үлкейтіп, ұртын томпайтып суретке түсіп жатқандар болса, бірден біле қоясың, бұларың кәдімгі чаиниздер, яғни, қытайлар...

Паттаяға барудың да арзан амалын біліп алдық. Әшейін, ұшақ билетін алмаққа бір әуе серіктігінің бөлімшесіне кіре қал. Мұнда тіз қатар тізіліп, жаңа түскен келіндей иіліп, сызылып тұрған Тайланд қыздары қарсы алады. Соның кез-келген біреуінен сұрай қал. Паттаяға барсаң, ұшаққа үлгере аласың ба, әлде Паттаядан Баңкок әуепортына төте көлік бар ма немесе Паттаяға күнбе-күн барып, Баңкокке үлгеріп қайтуға бола ма деген сықылды бір сұрақтарды. Сосын, олар саған тәптештеп тұрып түсіндіреді, картасын, қаритасын сызып береді. Сосын, барлығын біліп аласың...

Демек, сол арадан қала орталығындағы жеңіс ескерткішіне (витори монюмент) барасың, сол арада кіші әрі жүрдек автобустар бар. Бағасы да судай арзан. Небары 97 бат. Ал, жаңағы виктори монюментіне де таксимен барудың қажеті жоқ. Жол шетіндегі құрттай мотоциклдерге сөйлесесің. Бағасы да арзан. Небары 80 батқа зырылдатып, дырылдатып, қаптаған қалың машинаның ішінен зуылдатып, бір демде жеткізеді де тастайды. Бұл Баңкок қаласында не көп, мотоцикл көп...

Бұл әлемде Қытайдың қазақтарынан тыс, ашығын айтқанда, Шыңжаңның қазақтарынан кейін, мотоциклге ерекше ғашық бір ұлт бар делінсе, осы тайландтар болса болар-ау...

Көше толы мотоцикл...

Зу-зу етіп, қасыңнан өте шыққанда, жүрегің аузыңа барады. Қарқындары ерекше тез. Мұнда жол да жақсы. Көлік те жақсы. Қытайлар сондай әдемі, керемет жолда мимырттап жүрсе, бұларың көлікті ұшырады. Әрбір тайландтықты бір-бір шумахер деуге болатындай... Қала ішіндегі көліктің жылдамдығы Бейжіңдегі көлік жылдамдығының екі есесіндей шығар, менің есебімде. Сонысына қарамастан, неше күннен бері бір-ақ рет көлік шырғалаңын көрдім...

Ал, жаңағы мотоциклге мініп алып, қалада ысқыртып жүрсеңіз, оныңыз енді бір рахат екен, әнтек, қауіпті дегенің болмаса...

Таксилерінде, аспан пойызында, мини-баста (кіші автобус) тұтасымен сұп-суық ауа ұрып тұрады. Өздері ыстықтың дертін өлгенше тартқан жұрт болғасын шығар, бұларың ауа суытқышқа ересен құмар....

Қытайлардың суық ауаға деген ғашықтығы мені шошытады. Ал, маған табиғи салқын самал ұнайды. Жаңағы оттай ыстық даладан мұздай суық қонақүй залына немесе асханаларға немесе мұздай суық такси ішіне кіре қалғанда, өне бойың еріксізден тітіркеніп, бір түрлі жайсызданып-ақ қаласың. Арқаң сыздап, иығың ашып кетеді. Ал, жерлік тұрғындар мұздай суық ауада рахаттанып тұрып демалады...

Паттая қаласына жете сала, мәскеулік орыстар мен еврейлер (орыс-еврейлер) айтқан қонақүйге тарттым. Қала кішкене. Теңізден ыстық самал ұрып тұр. Ауызға тұздың дәмі келеді. Қонақүй ашық теңізге мінгесе салынған. Қонақүйге кірместен, теңізге барып, бір шомылып алдым. Мен еврейді екі күн күткенде, еврей мені екі сағат күтсе не болыпты деп ойладым. Теңіз суы жып-жылы. Жанға рахат. Шаршаған жүйкенің емі дерсің...

Қажыған организм, сірескен бұлшық ет, тартысқан нерв мұнда бір сәтке болса да босағандай...

Қонақүйде еврейлер мен жарты еврейлерім, бірнеше бейтаныс орыс қыздар мені күтіп отыр екен. Әңгімеміз бірден тақырыпқа ойысты. Жаңағы қыздар бұлардың осы қалаға келе сала тауып алған қыздары екен. Мен үшін арнайы біреуін дайындап қойыпты...

Ол бейбақ маған қылмыңдап, жақындай бастап еді, кері қарай шегіндім. Ишараттап «маған жолаушы болма» дедім...

Қатты үмітсізденіп, күрсініп жіберді...

Бұл кездесуіміз де таңғажайып кездесу еді. Негізінде, бұл кездесуді біз Бейжіңге орналастырған болатынбыз. Орыстар Бейжіңді дұрыс көрмеді. Орыстарға керегі - ойнап-күлу ғана. Олар қазірше, осыдан артық ештеңені ойламайды. Ашығын айтқанда, менің Мәскеуге ұшып бара салуыма болатын еді. Бейжіңнен төте Мәскеуге ұшатын ұшақ та мол еді, әрі маған Ресейге визасыз кіруге болатын еді. Бірақ орыстар мен еврейлер менің Мәскеуге келмеуімді, керісінше, оларға Бейжің мен Мәскеуден басқа бір жерде кездесуге ұсыныс жасап, ресми хат жолдауымды талап етті. Әрине, мұнысы тек олардың бастықтарына көрсетуі үшін ғана керек еді. Демек, менің олардың өтініштері бойынша жазған хатым бойынша, олар осы Тайландта «менің талабым бойынша» кездесуге келе жатқандары еді...

Ашығын айтқанда, серіктіктің ақшасын шашып, қаңтардағы қақаған аяз ішіндегі Мәскеуден құтылып, аз күн болса да жылы теңізге шомылып, күнге қақталып, арзан қыздармен әуейілікке салынып, естен айырыла мас болып, шайтани нәпсілерін қандыру ғана еді...

Тайландта кездесуге келісуден бұрын Кореяда кездеспекке келістік. Оған менің Бейжіңдегі түстік Корей елшілігінен виза алуым мәселе болды, олар маған түстік Корей визасын төрт күнде жасайтын болды. Ал, менің төрт күн уақытымды бостан-босқа Бейжіңде өткізгім жоқ еді. Сонымен, ең соңында, визасыз ұшып барып, әуежайда виза алуға болатын Тайландты дұрыс көрдік әр екі жақ...

Менің Корей визасын алмақ болуым - Кореяның Сеул қаласы Бейжіңге өте жақын еді. Зыр етіп ұшып барып, зыр етіп қайтып келуге немесе онан ары Алматыға Сеулден төте ұшып кетуге болатын еді. Сеул-Алматы ұшағы бар болатын. Өкініштісі, корейлер тайландтар сықылды визаға жомарт ел емес екен. Мұның өзі орыстардың көктен тілегенін жерден бергендей болды, бірақ, мен жаңағы хатты жазбадым, себебі олардың Тайландтағы барлық әуейіліктеріне менің о дүниеде, алла алдында жауап беруім бек мүмкін еді. Бұл істе менің өтірік айта алмасымды оларға ашық айттым. Бірақ, олар менің Тайландқа визасыз келе алатынымды сылтауратып, бастықтарын көндіріп, ақырында Тайландқа келетініне еш күмәнім жоқ еді...

Иә, оларға менің Тайландқа виза алуым өте оңай екенін айтып хат жазуым керек болды. Орыстар мен еврейлер осы хат үшін маған кем дегенде 20 рет қоңырау шалды. Ең соңында шындығын айтты. Маған керегі де осы еді. Олар мені сылтауратып, Тайландта ойнап-күліп алғысы барын, тек Тайландта кездессек, барлық істердің «без проблема» болатынын айтып, алдын-ала уәделерін берді...

Оларға керегі де осы хат еді. Хат мазмұны қысқа-нұсқа болды...

«Тайланд патшалығына Бейжіңнен төте ұшып барып, әуежайда виза ала алатыныма сенімдімін. Сіздермен Тайландта кездесуге бейілдімін...» деген сықылды...

Менің бұл кездесулерімнен де бөлекше бір кездесуім бүгін болды. Ол - осы Тайландта жұмыс істейтін қазақ жігітімен жүздесуім еді. Бұл өзі маған алла тағаланың ойламаған жерден берген таңғажайып сыйлығы іспеттес болды. Ішкі Қытайдың қалаларында жүргенде, әр қалада алланың жазуымен оқып, білім алып жүрген немесе сан-салалы кәсіппен айналысып жүрген қазақтың ұл-қыздарымен көптеп кездесіп тұрушы едім. Бірақ, тура осы Тайландта бір қазақпен, қазақ болғанда да, өзіміздің Шыңжаңның қазағымен кездесемін деп ойламаған едім...

Бұл жігіт - Санжылық жігіт екен. Өзі Тянжин қаласындағы атақты Нанкай университетін тәмамдапты...

Кеше Паттаяға бара жатқанда, ашығын айтқанда, жер бетімен ұшып бара жатқанда, маған ойламаған жерден бір телефон келсін. Нөмірі осы Тайландтың нөмірі. Алдым. Бейтаныс бір дауыс. Ағынан ақтарылып сәлемдесіп жатыр. Таң қалдым. Сөйтсек, мені осы қазақ сайттарынан оқып жүрген бір оқырманым екен. Телефонда қысқа-нұсқа сөйлескенімізбен, білімді, ақылды, ақкөңіл жігіт екенін сөзінен бірден сездім...

Тайландтағы Қазақстанның бір серіктігінде жұмыс істейді екен. Баңкок қаласынан недәуір алыс жерде тұрады екен. Алла қаласа, ертең менімен жүздеспекке Баңкокқа келмек екенін айтты...

Ойланып қалдым...

Мен үшін қазақ барлығынан маңызды еді. Иә, әр қазақ менің жалғызым! Қазаққа қазақ қана дос! Жер бетінде екі-ақ ұлт бар. Бірі - қазақтар, ал бірі - қазақ еместер! Мен үшін алғанда, қазақ еместің патшасы келіп мені күтіп тұрса да, мен оны ауылдағы қазақтың қара домалағынан артық көрмес ем!

Ту бастағы жоспарда Паттаяда түнемекке бара жатқан болатынмын. Орыстармен солай келіскенбіз. Баңкоктегі қонақүйді қайтарған жоқ ем. Сұхұмвитт көшесі осы қаланың құжынаған центрі. Бұл арадан қонақүй табудың өзі қиын. Ал, Паттаяда мені күтіп тұрғаны бұрынғы келіскен келісімшарттарды ұзарту келісімшартына қол қою ғана болатын. Бар-жоғы, ұсақ-түйек бірнеше баптарына ғана өзгеріс енгізу керек болатын. Бұл хақында еврейлер күні бұрын телефон мен скайпте сөйлесіп қойғанымыз үшін басы артық мәселе жоқ еді. Еврейлер шылқа мас жүрді. Ішінде жұмысқа жауапты кәрі еврей ғана сау. Қалғандары сыраны, водканы, Тайландтың адам атын білмес, затын түсінбес сан алуан аздырғы-тоздырғы ішімдігінің бірін қалдырмай ішті де отырды...

Келісімшартқа отырдық. Бұның барлығы формальды дүниелер ғана еді. Артынан орыс салты бойынша жудық! Орыстар арағымен, мен шаймен! Орыстар қыздарға массаж жасатамыз деп әлек, мен есі дұрыс, жалаңаш қызы жоқ жерге барып, кәсіби массаж жасатамын деп әлек. Ақырында менің өтінішім бойынша бүкіл Паттая қаласын шыр айналып жүріп, еркек үшін еркек уқалаушы орналастырылған бір ғана дүкенді таптық-ау...

Иә, некелі әйелің емес, әлдебір әйел заты келіп, ол жер-бұл жеріңді сипалап отырса, оның өзі жартылай жалаңаш, бар-жоғы бір елі лыпасын іліп алған шайтани болса...

Құдай сақтасын...

Мұнан өткен күнә болар ма! Зинаның кокесы осыдан шығар-ау. Әрине, мұсылман баласы күнә жасамақ түгілі, күнәға апаратын жолдың барлығынан қашуы керек. Мен солай еттім де. Алла алдында, некелі жарыңнан басқа біреу, кім-көрінгеннің сасық тәнін уқалап, кім көрінгеннің астында ыңырсыған лас-нас немесе киімді шайтан немесе тірі өліктің мұсылманның қасиетті денесін ұстауынан артық қандай күнә, қандай лас қарекет болсын!

Әйел затының құқық-мүддесін тек қана ислам қорғай алатынына менің көзім тура осы Тайландта анық жете түсті. Тайланд әйелдері, ашығын айтқанда, ащы шындықты айтқанда нағыз құлдықта жасап жатыр екен! Құлдық болмай немене, сан-санақсыз тай ұлтының қызы өз нәпақасын қай-жайдағы кезбелердің әуейі жыныстық талабын қандыру арқылы ғана айырып отырса! Ал, көше толы жезөкшелер мен көрінген еркекке телміріп, өзін жарнамалап тұрған қыздарды көргенде, ішің ашиды. Әшейін, ауылдағы кезімізде, үнемі баратын мал базары сынды. Мұсылманша асханалар шоғырланған осы бір аумақтағы көшелер ғана емес, Баңкоктың барлық көшесі жезөкшелер үшін ашық алаң! Әрбір мәлкілдеген, кәріліктен тісі түсіп, белін көтере алмай қалған еуропалық кәрі сүйкімсіз нәпсіқұмардың өзі шөбересындей жап-жас әрі нәзік денелі Тайланд қызын жетелеп кетіп бара жатқанын көресің. Қол ұстасып алған, әшейін! Жалғыз жүрген еркек аз. Ең көп көретін құбылысың-бір ақ насілді Еуропа текті еркек әрі оның қасындағы тайландтық қыз! Екеуі міндетті түрде қол ұстасып алған немесе құшақтасып алған...

Еркек, көбінесе, жаңағы қыздардың әкесіндей, не атасындай қарт болып келеді...

Ал, жас жігіттер болса, олар екі-екіден қыз ертіп алған. Иә, бұл да соңғы кезде осы ақ нәсілді қауымдардың шығарған модысы...

Алла бетін ары қылсын. Небір сұмдықты көресің...

Паттаяда жүргенде құшақтасып жүрген екі еркекті еріксізден көзім шалды. Бірі, тайландтық қап-қара жас жігіт болса, бірі, еуропалық ақ нәсілді атаның баласы. Еуропалық болса, кәдімгідей жасамыс тартқан адам...

Бір құлағын тесіп, сырға тағып алған. Демек, барлығы түсінікті...

Бұл, бүкіл ғаламның саяхатшылары мен кезбелері тұтас мойындайтын бұлтартпас шындық! Тайландтағы әйелдердің көрген күнін хайуан екеш хайуанға да тілемес ем. Жаңа ғана кәрі еврей екеуіміз қонақүйлерімізден шығып, жаяу аяңдап, сои 3 көшесі қасындағы грейс хотел маңына барып, сол маңнан тамақтандық. Кофе іштік. екеуміздің әңгімеміз осы болды. Менің көзқарастарыма шалекең еш қарсылықсыз келісетінін білдірді...

Мүмкін, ақырзаман жақындаған шығар...

О, құдіреті күшті алла, бізді қашан да дұрыс жолға сала көр, ашуға ұшырағандардың, қаһарға қалғандардың жолына емес!

Бұлармен салыстырғанда, мұсылман тайландтардың өмірі ерекше...

Тілмен бейнелеп, суретпен сызып та жеткізе алмастай таза әрі адами түске ие алланың барлығына әрі бірлігіне сенген мұсылман жамағаты мұнда ерекше бір тазалықпен өмір сүреді екен...

Осыншама ластық пен арамдық жайлаған жерде, барша харамы, барша шайтани күнәлардан бөлек-дара екендіктерін әйгілеп, өз мешіттерін салып алған. Айғайлап тұрып, азанын шақырып, алласына мінәжат етіп жатқан мұсылмандарды көргенде, көзіңе еріксізден жас оралады...

Уа, алла, біз мұсылмандарға күш-қуат бере гөр! Бізді дұрыс жолға сала гөр...

Әйелдерыне хиджап кигізіп, әйелдік ар-намысын қорғап, өзге буддист немесе құдайсыз Тайланд өз қызын, өз қарындасын, өз әйелін, өз апеке-қарындасын өзгенің астына салып беріп, ақша тауып жатқанда, мұсылман еркектері өз қыздарының, әйелдерінің мүбарак жүздеріне өзге еркек атаулының шаһуани көзі түспесін деп, әурет жерлерін жаптырып, алланың разылығы үшін, әйелдік арын қорғап жане қорғатып, нағыз адамша өмір сүріп жатыр екен! Мінеки, кім адам, ал кім адам емес?! Ашығын айтқанда, жаңағындай шайтани күнәһарлардың о дүниедегі халі малдан да бетер болары хақ! Аллаһу әкбар! Алла - ұлы. Себебі, малдарда, хайуандарда тозақ азабы болмайды, ал кәпірлерде тозақ азабы болады. Осы кәпірліктері үшін алланың ғазабына қалып, мәңгілік тозақ отында шырылдап жанар...

Грағе қотел дегені осы Баңкоктегі орта шығыстықтар мен жалпы мұсылман баласы көп түсетін тұсел болса керек. Нән қонақүйдің қақпалығына қытайша 华南大酒店 деп ескі қытай жазуымен жазып қойған. Бір қызығы, осы хотелдің ішінде “Өзбекстан ләззаты” деген жазуды анадайдан көріп, жүгіріп бардым. Кәдімгі асхана. Нән қонақүйдің ішінен орын алып алған өзбектерің де оңай емес. Кәдімгі нан тұр. Қасында өзбек самсасы...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 22 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)