Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 55 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Міне, бұлар нағыз мұсылмандар!

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-1 10:49 редакциялады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 19:06:41

Дубайдағы Қытай ресторандары шынында ақшаның астында қалып жатыр. Біздің қалталы жігіттеріміз қазіргі күнде не істерлерін білмей қалды. Дубайға, Шяңгаңға (Гонконгқа) қарай қазақ жігіттері бет алу керек. Қытай мен қазақ арасында қазір бұрынғыдай сауда жоқ. Дағдарыс қысқан. Қытай тауары Қазақстанға бұрынғыдай ағыла алмайды. Кеден одағына Қазақстанның қосылуы Қытайдың тауарына тосқауыл қойды. Қытай мен қазақ арасында сауда істеген пысық жігіттеріміз бен делдалдықты кәсіп қылған орта шарқы ағайындарымыздың бұл күнде басы қатып жүргені шын. Қытайлар қашан да әккі ғой, Қазақстанда дағдарыс бастала бастағанда-ақ, олар Үрімжідегі ірі сауда орталықтарын тастап қаша бастады. Біздің біраз жігіттеріміз осы кезде ақпараттан алыс қалғандықтарын көрсетті. Қазақ жігіттері жаппай Үрімжідегі хуалин сынды сауда базарларынан дүкендер ала бастады, шынында қытайлар ендігәрі сауданың болмасын біліп қашқан еді...

Сол Дубайдағы қытай асханасындағы бір қытаймен ептеп сөйлескенім бар, бұл арадан тамақ ішпегесін, арабтың жеміс шырындарын алдырып ішіп, өз алдыма бөлек отырғамын. Қазақ тыныш отырсын бәа бірдемені шұқылау керек қой, жайлап сұрақ сұрай бастадым. Білгенім - оларға шошқа етін Дубайға кіргізуге болмайды екен, асханада тұтасымен қой, сиыр еті сықылды халал еттерден ғана тамақ жасалады дейді. Мұнысына қатты разы болып тұрғанымда, мұнан соңғы сөзі төбемнен суық су құйып жібергендей, тіпті төбемнен жай түсіргендей жағдайға түсірді.

-Әйтеу, амалын тауып, кейде шошқа етін кіргізетініміз де болады, егер сіздің шошқа етін жегіңіз келсе, бізге күні бұрын айтсаңыз болғаны,- дегені әлгі антұрғанның!

Демек, Дубайдағы қытай асханаларынан, дәмханаларынан тамақ ішіп отырған арабтар бұлардың мұндай қылықтарын білмейді, білсе, көкелерін көзіне көрсеткен болар еді. Мысалы, Сауд Арабиядағы теміржол құрылысында Уынжябау Зұңлы төте араласып, қып-қызыл зиянға арабтарға теміржол салып берді. Арада біраз қытайдың басы істі болды, қытайлар арабтармен жұмыс жасап, өзінше қулық істетемін деп, қып-қызыл шығынға батты. Біраз қытай мансабынан айырылды. Мәселе, арабтар бұлардың мінезін, характерін сені мен мен құсап, сіз бен біз құсап анық, қанық білмейді ғой!

Бұл жолдаманы соңғы рет Жарқын0991 жағынан 2012-1-1 19:10 редакциялады

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 19:57:20

Біздің көптеген бауырларымыз арабтарды, парсыларды немесе үндістандық-пәкістандық мұсылмандарды көрмей тұрған кезінде, оларды таза ислам елінде жасайтын, таза мұсылман ретінде көреді де, оларды шексіз идеялдастырып алады. Мәселенің барлығы осыдан келіп туындайды. Ешкім де идеял емес. Ешкім де мінсіз, кірсіз емес. Біз - шикі сүт емген пендеміз. Олардың таза ислам заңы салтанат құрған елдерде жасайтыны шындық, бірақ олардың жеке тұлға ретінде Ислам заңдарын толық атқаруы екіталай. Үрімжідегі кір-қожалақ, сатала-сатала жүрген ауғандарды, пәкістан-пұштұндарды көрсең, олардан түңілмей амалың жоқ. Қашқарда қаптаған ауған мен пәкістандық жүреді. Қасынан өте берсең, иістерінен талып қалардайсың. Түрлеріне қарамастан, аппақ дабыдан жейде, шалбар киеді, олары кір-қожалақ болып келеді. Бұлардың кейбірі Үрімжіде әлдеқашан атағын шығарған. Анау бір туысқан ұлтымыздың күндіз жалғаннан «аллалап» жүретін мүнәпиіқтерінің ішінен шыққан жезөкше қыздарын кеште ойбайлатқанға жүріп тұр...

Оларды айтқанымыз - оларды күстаналағанымыз емес. Біздің қазақтан шыққан жезөкше қыздардың да бар екендігі баяғының баяғысынан ашық айтылатын әңгіме. Бар айырмасы, олардың жезөкшелері күндіз хиджап тағып алуы бек мүмкін, жат көзге «аллашыл» болуы мүмкін, керек десең, еркектің бетіне дұрыс қарамайтын, сондай бір керемет «ибалы» қыздың рөлін сомдай алуы мүмкін, бұндай істер олардың қолынан келеді. Ал біздің қазақтың қыздары болса, күні-түні «алмалы» немесе басқа да қазақтың жын-ойнақтарынан шықпай, сыраға сылқа мас болып жүруі мүмкін. Мейлі қалай болсын, бұлардың барлығы - жезөкшелер. Ислам заңында қырық кесек шалмамен өлтірілетін киімді шайтандар. Ақыретте қатаң жазаға ұшырайтындар. Себебі алла тағала «зинақорлыққа жоламаңдар» деген!

Бұл баяғыдан бері Үрімжіде ашық айтылатын әңгіме. Осы тектес бір әңгімені Әли атты пәкістандықтың Үрімшідегі көшірмелерін ұйғыр сайттарынан тауып оқи аласыздар. Демек, бұлардың осы тектес діннен, исламнан шыққан тидаусыз қарекеттеріне қарап, олардың елін, ұлтын біртұтас солай деп түсінуімізге болмас. Жаман адам бар, жаман ұлт жоқ.

Демек, біз әлде бір шетелдегі мұсылман елдің азаматтарын шексіз деңгейде періштелік өреге көтеріп алудан сақтануымыз керек. Қазақтың көбісі қазақпен аралас-құралас жасайтын сарт пен дүңгеннің анау-мынау қылықтарына қарап, солардың сол қылығы үшін исламнан түңіліп кетеді. Шайтанның кереметі, міне, осындайда көрінеді. Мәселе, олардың ішінен шыққан сондай екібеткейлері, мүнәпиқтері ешқашан исламға өкілдік ете алмайды, біз сондай бір аз сандағы мүнәпиқтер мен адасқандарға қарап, өзіміздің дін қарындас бауырларымызды бір таяқпен айдаудан сақтануымыз керек. Жаңағы ұлттардың ішінде миллиондаған тақуа мұсылмандардың, ғұламалардың бар екендігін ұмытпауымыз керек. Ақыретте, әркім өз ісіне ғана жауап береді...

Мейлі, қазақ бол, мейлі араб бол, Алла үшін бәріміз бірдейміз. Әркім өзінің жиған иманы арқылы азаптан құтылады. Әркім өзінің жасаған күнәлі істері кесірінен тозаққа тасталынады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-1 23:35:27

Сычуанның Зігүң қаласынан сәлем беріп тұрмын.

160 миллион жылдың алдында тұқымы тұздай құрып кеткен диназаврлардың қаңқасын көріп, өзіміздің де бір күні тұтасымен құритынымызды, Алланың ақиқат кітабы құранда айтылған ақырзаманның бір күні сөзсіз боларына бұрынғыдан арман шүбәсіз сене түскендей болдым...

2012 жыл 1 айдың 1-күні.

Құрыған диназаврлардың байырғы мекені Зігүң қаласынан.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-2 00:34:29

Ұзақ уақыттық қарбаластық әсерінен тән де, жан да қалжыраған еді. Бүгін сергіп, демалу үшін осы Зігүң деген қалаға келдім. Бұл өзі саяхат қаласы екен. Тау десең тауы, су десең суы бар. Ең бастысы, мен мұндағы диназаврларды көргелі келдім. Кітаптан көргенің мен кинодан көргенің бір басқа екен, тасқа айналған диназаврлардың қаңқаларын көргенде, жаратушының шеберлігіне таңырқамай, таңданбай тұра алмайсың. Бір жамбас сүйегінің өзі, бір буынының өзі кісі бойынан үлкен нән жануардың қалдық қаңқасы қасында тұрғанда, өзіміздің қаншалықты кішкене, қаншалықты әлсіз екеніміз бірден еске түседі екен. Музей ішіндегі шөп қоректі диназаврлардың нән қаңқасы 3-2 қабат үйдің биіктігіндей еді. Мойындары ұзыннан-ұзын болып, өзгеше бір әсер береді екен адамға. Маған ең ашынышты әсер бергені қазылмаған бетінде тастар арасында қалған диназаврлар сүйегі болды. Кәдімгі аппақ тастар. Бір үйдің орнындай, тіпті екі-үш үйдің орнындай аппақ тастардың ішінде, таспен бірге тас болып, біте қайнасып, бітісіп кеткен диназавр сүйектері ағараңдап анық көрінеді. Демек, балқыған магма немесе сұйық күйдегі балқыма зат келгенде, осы алып мақұлықтарды бір сәттің ішінде құшағына алып үлгірген! Сөйткен де тасқа айналып қатқан да қалған. Байғұс жануарлар қою сұйықтықтың ішінде соңғы рет жанталасқан бетінде, сан-алуан пішімде мәңгілік тасқа айналып шыға келген!

Демек, біз де ертең осындай болармыз! Себебі, бұл - талассыз ақиқат. Алланың қасиетті кітабында ақырзаман хақында айтылған екен, ендеше, бұған біз еш күмәнсіз сенеміз. Демек, біз барлығымыз әрбір минутымыз өткен сайын соншалықты деңгейде ақырзаманға қарай жақындай бастаймыз. Демек, бір күн түгілі, бір секунд уақыт өткен сайын, біз өзіміздің көрімізге қарай бір қадам жақындай түсеміз. Демек, сен таңертең орныңнан тұрып, тіршіліктің қамы үшін тырбыңдай бастағаныңда-ақ, өзіңнің көріңе қарай тырбыңдап бара жатқаныңды ұмытпа...

Бізді өлім күтіп тұр. Ешкім де қашып құтыла алмайтын өлім біздің барлығымызды күтіп тұр. Өлім дегеніміз ақиқат! Сен өлімге дайынсың ба, мұсылман баласы?!

Жан алғыш періште көзіңе көрінген сол бір сәтте, жүрегіңді өкініш пен қорқыныш билеген сәтте, жан бейшара қорыққанынан тән ішінде арыпталасқан сәтте, өлімнің ең ащы азабын татқан сәтте, мынау өміріңді қалай өткізгендігің хақында ойлануға да үлгірмей қаларсың!

Ол сәтте сенің бір туған ата-анаң да, бір туған аға-бауырың да, өзіңнің жақын жолдастарың да, қысқасы, өмір бойы кектескен ата дұспан, кешіспес жауың да - барлығы да қайрансыз қалады. Солардың барлығы бір тиынға құны татымас халде, ажалдың алдында дәрменсіз қалады. Сонда барып, өзіңнің істеп жүрген «ұлы» істеріңнің соншалықты қораш екенін сезесің ғой. Бірақ бұл кезде ол сезінгенің әлдеқашан кеш болған еді. Себебі, бұл дүниенің боқ тірлігіне, алдамшы тірлігіне алданып жүріп, Алланың ескертуін елемей кеткен болсаң, маңдайың сәждеге тимей кеткен болсаң, мұнан асқан өкініш болар ма екен деші?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-2 15:25:11

Оңтүстікте жүру - шынында, мұсылман баласына үлкен сынақ екен. Ірі қалаларында мұсылманша асханалар болғанымен, кіші қалаларынан мұсылманша табу дегеніңіз мүмкін емес екен.

Қолайлы кеспе (фаң бян мян) жегеніме үш күн болды. Тамақтан қатты қиналып жүрмін. Жұмысты тастап тұра қашқың келеді, амал жоқ, Алланың бұл да бір сынағы болар деп сабырға жеңдіріп, көніп келемін. Діттеген мақсатыма жетсем деп қана шыдап келе жатырмын. Болмаса, жақсы күтімге, жылы-жұмсаққа, бапқа, рахат өмірге үйреніп қалған адамға мынау дегеніңіз кәдімгідей ауыр сынақ екен. Жасырары не, қазақ иісін сағындым. Шіркін, қазақ болып өмір сүру дегеніңіз бақыт екен ғой...

Алматыны сағындым, Қазақстанды сағындым. Қазақтың үнін сағындым...

Алматыдағы құжынаған қазақты сағындым. Алматының қысы-жазы үзілмес қымызын сағындым. Қазы мен қартаны сағындым. Тура осыдан шаруаларым бітер болса, ат басындай алтын берсе де, қайта келмеспін деп жүрмін...

Я, біздікі әшейін, пенделік әлсіздік қой, Алла несіп етсе, ер азаматтың әз басы қайда жүрмесін?! Алланың жер бетіне шашып берген несібесін теріп жеп жүрміз сол баяғы. Біреудің несібесі жерден, біреудің несібесі судан. Сол сынды дүние.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-2 15:45:25

Кеше ддиназаврлар мекені Зігүңді тәмамдап, бүгін оның маңындағы Рұңшян деген жерге келдім. Жолшыбай «Жяң апайдың көне тұрағы» дегенді көрдім. Бұл баяғы «Қызыл жартас» романындағы кісі. Сол кісінің туған жері екен. Арнайы бас сұқпадым. Жаңбыр жауып тұрды. Көліктен түскім келмеді. Бұлар ішкі Қытайда гуоминдаң кесірінен өлген батырларына музейлер ашып, гуоминдаң түрмелерін саяхат түйіндері етіп ашып алғанда, біздің баяғыдағы арыстарымыз Таңжарық жатқан түрмелер, Ақыт қажы жатқан түрмелердің орны қайда екенін білетін қазақ бар ма екен деші?! Жазда Чүңчиіңде болғанда, атақты байгүңгуәнді көріп қайтқан ем. Қытайларың өзінің өткен тарихын осылай қастерлейді екен, осыны ойлап отырып менің есіме қазақтың азаттығы үшін күрескен барлық батырларымызға ескерткіш орнатсақ болады екен деген ой келіп қалды. Туған елдерінде мұражай ашып, ұрпаққа ұғындыра берсек -тарихмызды қастерлегеніміз болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-3 01:16:46

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі бауырлар!

Зігүң, рүңшянді тастап, бүгін Нейжяң қаласына жеттім. Арасы екі сағатқа жетпес аралық екен автокөлікке. Алла қаласа, шығармамызды жалғастырамыз. Бүгін 2 қаңтар. Бұл жақта аздап жаңбыр болды. Дала оншалықты жылы емес, шамасы нөлден жоғары бес-алты болса керек, Алматыда киіп жүргенде тоңбайтын жалаң пальтоммен бұл арада тоңғаныма өзім де таңырқап жүрмін, суық дейін десем, сыртта, көшеде гүл дегенің жайқалып тұр. Бақшаларда мен атын атап бере алмайтын неше түрлі бұта тектес өсімдіктер гүл ашып тұр. Гүліне таңырқағаныңмен сыртқа шыға қалсаң, кәдімгідей салқын. Дірілдеп кетесің. Ештеңенің байыбына бара алмай аң-таң қалып мен жүрмін. Әйтеу, намазымды қаза қылмай, намаз уақыттарын сайттан іздеп тауып алып, уағында оқып жүрдім. Жұмысымның ілгерілегеніне шүкірлік еткеннен бұрын, таһаратымды уағында алып, намазымды уағында оқып жүргеніме көптеп шүкірлік еттім...

Иә, қаншама бауырымыз намаздың хикметін түсінбей жүр. Алла оларды дұрыс жолға салғай! Біз қазақпыз, қазақ демек дүр-мұсылман демек дүр. Мұсылман болу дегеніміз харамның етін жемеумен ғана шектелінбейді. Біздің біраз жастарымыз шошқа етін жемеуді мұсылмандық деп біледі екен. Бұл дін ішіндегі адамның көзқарасы емес, дін сыртындағы адамның көзқарасы. Шошқа етін, жалпы осы тектес харамды жемеу - мұсылмандықтың мың сан парызының бір ғана түрі. Бірақ жүректе Алла болмаса, ақида мен тауқидтан адасып отырып, шошқа етін жемегенің үшін Алланың сұрағынан құтылады екенмін деп ойлама...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-3 01:53:06

Мен не үшін «Жяң апайдың көне тұрағына»- (江姐故居) түспей кеттім?! Бұл кісі «Қызыл жартас» романындағы 江竹筠-Жяң Жу Иұн деген адам. Қытайлар құрметтеп, әспеттеп, «Жяң тәтей» атап алған. Мұны біздің қазіргі жастарымыз мүлде оқымаған болуы бек мүмкін. Себебі бұл 70жылдардағы қып-қызыл заманның мода оқулықтарының бірі болатын. Біздің сайтымызда отырғандардың дені жастар ғой, бейне Қазақстанның қазіргі жастары Лениннің кім екенін білмегені сынды, қазіргі жастардың қып-қызыл замандағы қып-қызыл батырлардың атын білмеуі де табиғи. Мейлі, қалай болмасын, осы тектес қытай батырларының ерлік істері олардың осы күнгі егемендігіне жеткізді. Осы тектес қытай батырлары сол қара түнек заманның өзінде ұлт азаттығы үшін аянбай алысты. Жас өмірлерін, қыршын жандарын ұлты үшін, отаны үшін арнады. Әрине, бұндай ардақтыларын қытайлардың ардақтауы, ардақтап, қадірлеп, бастарына ескерткіш қоюы өте дұрыс.

Бірақ біздің жігіттер бір нәрсені ойлануы керек. Менің бұл жазғандарыма қарап, мені қызылдаса бастаған екен деп ойламаңдар. Біздің жігіттер нені ойлануы керек?! Қытай компартиясына жасырын түрде мүше болған кезінде бұл әйел заты небары 19 жаста ғана екен! 19 жас! Ойлаңызшы! 19 жасында елдің қызы өзінің ұлтының асқақ арманы үшін сол заманда қуғын мен сүргін астында жүрген партияға мүше болады! Не үшін?! Ұлтының асқақ арманы үшін! Ол заманда компартияға жасырын мүше болу дегеніңіз - жанды шүберекке түйіп қойып, ажалмен бетпе-бет жүздесу деген сөз еді. 19 жастағы жап-жас қыз мұны білмеді ме? Білді! Демек, бір ұлттың асқақ армандарының іске асуы үшін осындай қайсар да, еркек мінезді қыздар мен жігіттер керек! 19 жас түгілі, 29 жасында оңы мен солын ажырата алмай жүрген біздің қыздарымыз бен жігіттеріміз қаншама?! Жанын шүберекке түйіп тұрып, сондай бір қауіпті қара түнек заманда ұлты үшін, елі үшін бас кететін қауіпты іске бармақ түгілі, ел аман, жұрт тынышта, заңның рұхсат берген көлемі ішіндегі азаматтық ұқықтарын пайдаланып, паспортын жасатып, Қазақстанға барып, 40 жыл көрмеген бір туған туысын көріп келгеннің өзінен қорқып, алаңдап, партияға, үкіметке жек көрінішті көрініп қаламын ба деп отырған біздің қоян жүрек қазағымыз қаншама!!!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-3 01:59:05

Өсер елдің баласы он бесінде баспын дер,

Өшер елдің баласы отызында жаспын дер!

қазақ мақалы

Осы мақалды шығарған қазақтың миына таңданбай тұра алмайсың! Демек, ел несімен ел болады дегенде, ел өзінің жастарымен ел. Елдің, мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Ал біздің қазіргі жастарымыз өзінің қазақ болып дүниеге келгендегі борыштары мен міндеттерін орындамақ түгілі, соны сезіне алып отыр ма?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-3 02:26:28

Отызға келгенінше ана сүті аузынан арылмаған қыздарымыз бен жігіттеріміздің молаюы - біздің тұтас ұлт ретіндегі қасыретіміз. Біздің қазіргі жастарымыз адасқан бір қауым сынды қайда барарын, қайда тұрарын білмей қалған. Жүрекпен тыңдау ұмыт болған. Айтылған сөз сол секундта ғана жүректеріне болмашы ғана әсер етеді. Сосын екінші секундына жетер-жетпестен ұмыт болады. Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйыса алғандар ғана мынау әлемнен өз орнын тіктей алды. Біздің қазіргі жастарымыз бала күнінен қызыл тәрбие көрді. Демек, сол қып-қызыл уағыздарды көре, тыңдай отыра, сол бауырларымыз бен қарындастарымыз өзінің қазағы туралы ойлады ма екен?! Өзінің ұлты үшін, қыршын жанын қиған Дұң Сұнрұйды оқымаған қытайлық жоқ шығар-ау. Тура осы батыр туралы немесе кеудесін оққа төсеген Хуаң Жигуаң туралы оқыған әрбір Қытай қазағы өзінің ұлты үшін өзі тарапынан осындай бір ерліктерге бара алатынын, әлде бара алмайтынын ойлады ма екен деші?! Лаңяшан тауындағы бес батыр туралы немесе жоғарыдағы Жяң тәтей туралы оқығандар осы хақында ойланып-толғанып көрді ме екен?!

2011 жылдың жазында Чүңчиңде болдым. Сонда атақты «жазыдұң» түрмесін саяхаттай бардым, құжынаған қытай! Анда-санда шетелдіктер кездеседі. Сол жазыдұң абақтысында жаңағы 19 жасында ұлты үшін кеуде керіп алға шыққан батыр қыз 29 жасында гуоминдаң тарапынан өлтірілген екен. Бұл 1949 жылы 11 айдың 14 қарашасы болыпты. Иә...

Қытайлардың не үшін жеңіске жеткендігін өзгеше бір қырынан түсіне түскендеймін! Отаны үшін, елі үшін, ұлты үшін, жанының өзінен кешуге дайын тұрған мұндай қаһарман ұл-қыздары болғанда, Қытай жеңіске жетпей, кім жеңіске жетсін!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-3 02:32:47

«Қазақстан дамымады, Қазақстан артта қалды, Қазақстан ақ болды, Қазақстан көк болды» деп айтатын аға-бауырларым көп. Мұндайлардың көбісі ауылынан аттап шықпай тұрып, алыстағы Қазақстанға ақыл айтқыш. Құдай-ау! Бір шындықты қашан түсінеді екеміз, біз осы?! Қазақстан дами алмай тұрған болса, онда осы дами алмай тұрған Қазақстанның дами алмауына сенің де себепкер екеніңді өзің білмей тұрып, түйсінбей тұрып, албаты оттағанымызды қашан қояды екеміз осы?! Себебі,елдің барлығы тура өзің сынды «өте ақылды адамдар» болғандықтан, қазіргі «дамымаған, артта қалған, өндірісі жоқ» Қазақстанға барғысы келмейді де, «дамыған, алға кеткен, өндірісі артқан» керемет Қазақстан болған кезде, бір-ақ күнде көшіп бара салғысы келеді! Міне, осылардың барлығы өз ұлтының тағдыры алдында өзінің борышын ұмытқан ұлт сатқындары! Тура сендей қазақтардың молдығы себепті, Қазақстан тура сендер айтқандай «дами алмай» тұр!

Демек, ұлт дегеніміз де сені мен мен сықылды мыңдаған, миллиондаған адамдардан тұратынын білуіміз керек қой. Жаңағы батырлар да, Отаны үшін отқа түсіп, кеудесін оққа төсегенде, дамыған, еркін, азат Отанды әлдебіреудің қолдан орнатып беруін күтіп отырған жоқ қой!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-3 04:22:46

Әңгіме осы араға келгенде, Хастүлектің жаңа ғана жариялаған, қалам сиясы кеппеген екінші қалжың шығармасын ауызға алмау мүмкін емес. Жалғамасы:

Жяң жиеші және Жарқын0991

Http://k.iskz.com/forum.php?Mod=viewthread&tid=24372

Хәсекең мұнан бұрын бір қалжың шығармасын жариялап еді:

Мәскеу сапарынан естеліктер (сығымдалған нұсқасы)

Http://k.iskz.com/forum.php?Mod=viewthread&tid=23725

Осы екі шығарманың екеуі де керемет келіскен шығармалар. Оқырмандардың оқуын өтінемін.

Ұлт тағдырына қатысты ірі мәселелерді айтып, өзіміздегі кей келеңсіздіктерді қоса айтып, өзімізбен қоса оқырманымыздың да көңіл-күйін бұзып алған болсақ, жоғарыдағы жалғамалардағы қалжыңдарды оқып, бір қарқ болып күліп қалалық та...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2012-1-3 23:41:25

Ассалаумағалайкум, қадірлі жамағат!

Аман-есенсіздер ме?

Сіберлеген жаңбыры тоқтамайтын, ашық күнді көруге болмайтын, аспаны мұңдай мұнартқан түстік батыс Қытайдың бір бұрышынан жұмыр жердегі барша қазақ баласына жалынды сәлем!


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 22 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)