Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 52 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ашығын айтқанда, Сұн Жұңшанның тағдыры Лениннің тағдыры болды, екеуінің таңдаған жолы бірдей болды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 09:32:50

Демек, Сұн Жұңшан Қытайдың атажауы болған Жапонмен де одақ болды. Солардың тыңшысы болды. Қытай жерін жаулап алғанымен қоймай, онысын қайтарғысы келмейтін орыспен де одақ болды. Өзі Американың азаматтығына өтіп кетті! Демек, біздің көсем деп табынатын кісілеріміздің сиқы осы. Бар болғаны бұлардың барлығы орайшылдар ғана. Өздерінің саяси мүдделері үшін ұлтын да, мемлекетін де сатып кете беретін саяси шахматшылар ғана. Бар болғаны бұлардың жолы болды. Істері табысқа жетті. Жұрт бұларды көсем деп марапаттады. Тарихтың құпия сырлары сол беті құпия бетінде қалды. Осы Сұн өлгелі жатып, Ленин мен Сталинге хат жазып, Қытайын аманаттап кетті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-12 02:28:46

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-12 02:35 өзгерткен

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар қадірлі жамағат!

Баршаңызға Семей қаласынан жалынды сәлем!

Кеше 2011 жылдың 11 желтоқсанында таң бозынан Алматыдан ұшып, 85 минуттан соң қазақ мәдениетінің қара шаңырағы, Абайдың мекені, Шәкәрімнің ауылы, Мұхтардың ізі қалған Семей шаһарына келіп қондым. Қазақтың Семейінде қарбаластықпен бір күн өтті. Кеше түнде Алматыдағы қарбалас тіршілікті тамамдап, түннің бір уағында үйге жеткен ем, бірақ қарбаластықтан ағзаны қалжырататын қарбалас жұмыс пен онан да ауыр ой еңбегінен энергиям таусылып, қатты қалжырап, намаздарымды оқып болғасын, мишықты ашуға да шамам келмей, ұйықтап кеттіппін...

Сонан таң жарығы түспестен, Алматының баладай бақытты елі балдан тәтті түс көріп, таңның тәтті ұйқысында тып-тыныш жатқанда Семейге қарай сегізде ұшатын ұшаққа үлгермекке беті-жүзімізді де жумастан зуладық-ай...

Негізі қазаққа осы қарбаластық деген мүлде жараспайтын сияқты...

Аса қарбалас кезімде өзімді қазаққа ұқсата алмай қаламын...

Кеше түннен бері ғаламторға шыға алғам жоқ. Бір тәулік күлтегінге шыға алмағаным үшін де күлтегінді сағынып қалғандаймын. Күлтегін менің ғашығым сияқты. Бір минут көрмесем, аңсап тұрамын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-12 02:43:02

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-12 02:48 өзгерткен

Шығармам үшін ақыл-кеңес берген барша бауыр-қарындасқа, барша туысқанға Алла разы болсын!

Жұмыстың қарбаластығында жүріп жазған шығарманың сиқы осылай болды. Айыпқа бұйырмағайсыздар. Шындығында сіздер оқып отырған бұл шығармасымағымыз тұтасымен онлайн жазылған дүниелер. Былайша айтқанда, телеарнадағы тікелей үстінен тарататын бағдарлама сияқты. Қытай қазақтарының тілімен айтқанда «нақ майданнан тіке хабар таратуға» (现场直播)ұқсап кетеді. Шығарма, әрине, редакторлауды қажет етеді. Себебі ашығын айтқанда бұл – қолжазба ғана. Алла қаласа, алда бұл қолжазбаны редакторлаймыз. Өңдейміз, артық-кемін өзгертеміз...

Менің өмірім осы. Қарбаластықтан жалығып та кетесің. Кейде тыныштықтан, бір сарындылықтан жалықсаң, кейде ойланып та үлгірмейтін, ойланып-толғануға да мұрса бермейтін қарбалас жұмыстардан жалығып та кетесің...

Кейде аңсаймын, бір жерде тыныш отырып, басқаның барлығын қайырып тастап, тек қана шығармашылықпен айналыссам қалай болар еді деп...

Алла қаласа, оған да жетерміз...

Барлығы да бір Алланың қалауымен ғана!

Өмірдің өзі үлкен шығарма ғой. Біз барлығымыз – сіз де, біз де, күллі он сегіз мың ғалам да құдыреті күшті бір Алланың шығармасы...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-12 03:37:02

Аузында Алласы, жүрегінде иманы сақталған барша оқырманға, сүбелі ойларымен бөліскен барша ағайын-жұртқа Алла разы болсын. Алла тағала баршамызға екі дүниенің бақытын жазғай.

Баяғыдағы Асаңқайғыларға да, бүгінгі Метістерге де айтар алғысым бөлек! Мінсіз пәк, ол – алла ғана. Алладан басқамыздың барлығымыз кемел емеспіз. Ешқайсымыз кемшіліктен халыс бола алмаймыз. Кінәсіз, күнәсіз – жалғыз Алла ғана.

Кейде бір-бірімізбен кейбір мәселерге ұқсамаған көзқарастарымыз үшін бірер ауыз сөзге келісіп қалсақ та, жүрегімізден иманымызды жоғалтып алмайық, иман бізге таразы болсын! Осы сөз біздің де, сіздің де жадыңызда болсын. Алла бізді адасушылардан, қарғысқа ұшыраушылардан етпегей! Бұл дүниенің де, о дүниенің де нығыметін бізге молынан жазғай. Таудай күнәмізді тарыдай, теңіздей күнәмізді тамшыдай еткей! Жасаған игі амалдарымызды сауапқа жазғай. Бізді мейіріміне, шапағатына бөлегей!

Әр қазақ менің жалғызым. Әрбір қазақ, біз, барлығымыз туыспыз. Біз бауырмыз. Алла тағала баршамызды хақ жолына салғай, жүректерімізді иман нұрымен нұрландырғай! Ұлық Алла біздің ілім-білімімізді арттырғай.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-14 03:26:36

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, барша жамағат! Алматыдан сәлем беріп тұрмыз.

Әсем қаламыз Алматымызға аман-есен жеткенімізге Аллаға сансыз шүкірлік айттық. Уа, құдыреті күшті Алла, бізді қашан да аман-есен еткейсің, бізді жол михнатынан құтқарғайсың. Істерімізді сәтті қыла көр, тілеген тілектеріміздің ең хайырлысын бізге несіп ете көр...

Кеше 13 желтоқсанда кеште Алматы уақыты 21:00 мөлшерінде Алматы әуежайына жеттік-ау әйтеу. Семей қаласының әуежайында ұшағымыз көп кешікті. Түстен кейін Алматыға жетіп алуымыз керек еді. Әдетте асықпайтын қазақтардың әуежайдағы асыққан, абдыраған түрін көрсең ғой...

Біреулері – Алматыға тойға бара жатқан қазақтар. Біреулері – жұмысқа бара жатқан қазақтар. Бәрі қарбалас. Шырттай киініп алып, шалбарларының қыры ұстараның жүзіндей болып тұрған қазақтың байекеңдерінің тойға дайындалып-ақ тұрғанын киімдерінен-ақ білесің. Құда-құдағилар өзара қоңырау шалысып, кит-миттің әңгімесін айтысып, ұшу уақытын қайта-қайта кері шегіндіре берген ұшақ туралы абыржи айтысқан әңгімелерін еміс-еміс естіп қаласың. Әйтеу, қазақтың өмірі тоймен ғана байланысты сияқты. Қазақтың бүкіл өмірі осы «той» деген бір ауыз сөзбен ғана байланысты сықылды...

Семейде жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі үш күн болдым. «Сейсенбіге жол жүрме» деген жолдастардың сөзіне қарамастан, Алматыға қарай асықтым.

Енді Алла қаласа, сапарнамамызды Алматыдан жалғастырармыз...

Жұмыстың қарбаластығында, дұрыстап тұрып жаза алмағаным үшін оқырмандардан, бауырлардан, туыстардан кешірім сұраймын. Мені кешіріңіздер, менің қазақтарым, туыстарым, бауырларым, менің әрбір жалғызым!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-15 09:58:06

Осы жолғы Семей сапары маған аса көп нәрсені ұғындырды. Ертістің өзеніне жапон қаражатына түріктер салып берген нән көпірден ары-бері өткенімде, ұлтымның басындағы қасыреттің таңбасын көргендей болдым. Жапондар құрған денсаулық тексеру, емдеу орталығы. Аппараттары тұтасымен жапондікі деседі. Ең керемет технология...

Жергілікті жолдастарым мұны мақтанышпен ауызға алғанымен, менің жүрегім сыздап кетті...

Атом сынақ алаңының жабылғандығының 20 жылдық ескерткішіне бардым. Оның қасында осыған ұқсас мағынадағы бір ескерткіш тұр. Ол – атом сынақ алаңының жабылғандығының 10 жылдығына орнатылған ескерткіш екен. Ескерткіш мағынасы аса керемет. Атом жарылғанда онан шығатын аса күшті толқын мен энергия ауада нән саңырауқұлақ пішімінде болады ғой, сол нән саңырауқұлақтың астында, құшағындағы сәбиін бауырына қыса, атом зардабынан қорғамақ болып тұрған ананың мүсіні тұр...

Көзіме жас оралды еріксізден...

Қайран менің қазағым-ай!!!!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-16 04:09:42

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Қадірлі жамағат, аман-есенсіздер ме? Еренқабырғаның екі бетіндегі ел аман, жұрт тыныш болар?! Алла бізге аманшылығын берсін. Таң атса, атақты 16 желтоқсан. Күнге жұма!

Қазақтың қайсарлығының, қазақтың өршіл рухының айнасы – осы желтоқсан. Қазақтың ешкімге, ешқандай өктем күшке бас имейтіндігінің белгісі – осы желтоқсан. Биылғы желтоқсан қасиетті жұма күніне тура келді. Арманда кеткен арыстарымыздың жандары жәннаттық болғай, Алла Тағала оларға шаһит мәртебесін бергей! Қазақ баласының басына осындай қасыретті күндер келмегей! Қазақтың егемендігінің бастауы, қайнар көзі болған желтоқсан қазақтың барша қасыретінің ең соңғысы болсын деп тілек етейік, жамағат!

Хас-сақ жолданған уақыты: 2011-12-25 19:01:15

Қазақстан толқып тұр, ағайындар. Алла тағала пендесінің ниетіне қарай патшасын тағайындайды екен. Демек, исламда патшаға қарсы шығу қате, тек ол сенің құдайға құлшылық етуіңе ашық тосқауыл қоймаса...

Нұрпатшамызға қарсы шапқан қазақтарға қалай баға берерімізді білмей басымыз қатуда. Жарты жылға созылған текетірестің соңы қантөгіспен аяқталғанда, иісі қазақ баласының жүрегі ауырғаны шын. Тура осы оқиғаға ат үсті қарап, жүрегі шым етпеген қазақ болса, онда оның қазақтығынан күмәніміз бар...

Не айтамыз, бізге керегі – тыныштық. Бізге керегі – егемендік. Өзгенің отарында болып, бақытты, баяшатты өмір сүргеннен, өз-өзіңе қожа болып, кедей өмір сүргенің мың артық. Адам баласы ешкі сынды. Барға қанағатты білмес. Бодандықта, құлдықта жүрген жұрттардың жайын көре-біле жүріп, егемендіктің қаншалықты қадірлі екенін біз білеміз. Әсіресе, шеттегі қазақ баласының тілер тілегі осы!

Қолымыздан не келеді біздердің? Шеттегі қазақ баласы не істей алсын?! Біздің бар қылар қайранымыз – алладан қазақ еліне амандық тілеу! Еркегіміз де, әйеліміз де бір Алладан қазақ еліне амандық, тыныштық тілейік! Шамамыз барымыз құрбандық атап, тасаттық беріп, Алладан егемен қазақ еліне береке мен тыныштық тілейік! Жастарымыз осы жолдаманы оқығасын, өзгеге қысқа хатпен жолдаңыздар, өзара жеткізіңіздер, біз Алладан ғана медет күтеміз, Алладан ғана жәрдем тілейміз. Қазақ еліне бір Алла өзі жар болсын!

Қазақ баласының сан ғасырлық арманы егемендік еді. Ту сонау замандардың өзінде, қытайлар біздің бір руымыз үйсін еліне қорыққанынан қызын беріп, шижүн ханышасын ұзатқан сол бір замандарда біздің атты әскеріміздің өзі бір миллионнан асқан ел ек. Сол үйсініңіз біздің бір тайпамыз еді. Сол заманда қытайыңның өзі оншалықты әскер шығара алмас шәкене ел еді. Біз неге өспедік, ал олар неге өсті, өркендеді?! Себебі біз езше құл болып өмір сүргеннен ерше алысып өлгенді қалаған елміз. Себебі біз ер ел үшін туады, ел үшін өледі деген елміз. Біз малым – жанымның садағасы, жаным–арымның садағасы деген елміз. Сол үшін біз ғаламдағы ең үлкен жерді иелеп қалдық, біз алыспаған жау барма?! Біз ішпеген у бар ма?!

Тілеңдер, қазақ баласы!

Мынау 25 желтоқсанда қайдағы-жайдағы бір адасқандардың мерекесін тойлап, адасқан қауымның артынан ергенді «мода» көріп, Алланың қаһарына қалғанша, елің үшін, жерің үшін, ұлтың үшін, мұсылман жамағаты – мұсылман қазақ халқы үшін қолың жайып, Алладан тілеу тілесең, мұның өзі Алланың рақымы мен мейіріміне бөлейтін ұлық амалдардан болмақ дүр!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-29 21:58:54

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, барша туысқан, барша аға-бауыр, іні-қарындас!

Рақымы мен шапағаты шексіз Алла тағалаға сансыз мадақтар болсын! Бір Алла өзі сіздермен біздерге жар болғай! Біліп-білмей істеген барша күнәларымызды кешіріп, екі дүниенің нығыметі мен шапағатына бөленгендерден еткей!

15 желтоқсанның түнінде күлтегінге соңғы лебізімді Алматыда жазып қалдырғаннан бері мен жұмыс бабымен шетелде іссапарда болдым. 16 желтоқсан күні ұшақпен ұшып, Алматыдан, Отанымыз Қазақстаннан кеткеннен бері ғаламда біраз өзгерістер болды, бұл баршамызға аян. Алда Алла несіп етсе, шығармамызды жалғастыратын болармыз. Біраз уақыттан бері ғаламторға шыға алмай қалуымда, шығарманың жалғасын жалғастырмай қалуымда өзіндік себептер болды, мұным үшін оқырмандардан, туыстардан, аға-бауырлардан, қарындастардан кешірім сұраймын!

16 желтоқсан түстен кейін, Алматы көгінен Алматының көркем қаласына, қазақтың ен даласына қимай-қимай қош айтып, бір Алладан қазақ еліне амандық пен тыныштық тілеп, дұға оқып, Аллаға мінәжат қылып, туған Отаннан жат елге кеткеннен бері көңіл-күйде мың-сан толқу болды. Осындай көңіл-күйде жүргенде, шығарманы жалғастыру да мүмкін болмады. Алматының қаласынан алыстай бастағанда, қалың бұлттардың ішіне нән ұшақ сүңгіп кірмей тұрғанда, мазасыз жүрек әлденені сезгендей болып, көңіл бұрышында бір түрлі қимастық пен алаңдаушылық болғандай болып, Алатаудың бұлттармен тоғысқан шоқылары көктен төмен қарағанда, теңіздің бетіндегі жартас аралдар құсап, қалың бұлттың жыртығы арасынан андыз-андыз көріне бастағанда, бір Аллаға жалынып, елге тыныштық, жұртқа береке тілеп, жұмыстың қажетімен жат елге аттанып кете бардым...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-29 22:41:43

Ертең 30 желтоқсан, қасиетті жұма! Григорянша күнтізбе бойынша осы 2011 жылымыздың ең соңғы жұмасы. Бірақ мұсылманша күнтізбе бойынша бұл жылдың соңғы жұмасы емес.

Жігіттер мен қыздар, келе жатқан жұмаларыңыз мүбарак болсын! Жұмада тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Қасиетті жұмада не тілеген тілектің барлығы қабыл болады дейді екен, біз әлсіз пендеміз, біз тек тілек тілейміз. Баршылық та, жоқшылық та, жақсылық та, жамандық та біздің тағдырымызға жазылған. Алла тағала біздерді қашан да дұрыс жолға салғай! Жұма күні, 16 желтоқсанда Алматыдан Пекинге ұшқан едім, ол күні де қасиетті жұма күні болатұғын. Мінеки, Қытайдың қалаларында жүргеніме де екі жұма болайын депті. Алматы-Пекин, Пекин-Нанжиң, Нанжиң-Чыңду, Чыңду-Жыңжоу, Жыңжоу-Чыңду ұшақтарында ары-бері сарпалдаң ұшуларда жүргенде менің бар тілегенім елім мен жерімнің тыныштығы, амандығы болды. Өзім жұмыс бабымен, сапар бабымен әуежайдан әуежайға, қаладан қалаға, қонақүйден қонақүйге сарпалдаң сабылыспен шаршап-шалдығып жүргеніммен, елге-жұртқа, ел тұтқасын ұстаған сенімді азаматтарға хабарласып, қазақ елінің амандық хабарларын бірінші біліп отырдым. Осы екі аптада, он төрт күн ішінде, мен Алматы, Бейжің, Нанжиң, Чыңду, Нейжяң, Жыңжу сынды 6 қалада болыппын. Қып-қысқа 14 күн ішінде, алты қаладан дәм татыппын, бірақ ішкенім ірің, жегенім желім болғандай болды, жүрегімнен алаңдаушылық пен қорқыныш кеткен жоқ. Қолымнан бар келгені ұшақта да, көлікте де, қонақүйде де бір Аллаға мінәжат ету болды, көзімнен жасымды парлатып отырып, бір Алладан қазақ еліне амандық пен тыныштық, баянды бақыт, мәңгілік егемендік тіледім!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-29 23:48:03

Оқып отырсам, оқырмандардың барлығы дерлік осы екі жұма ішінде, қазақ мемлекетінің батысында, Жаңаөзенде болған оқиға хақында менің көзқарасымды білгісі келеді екен.Ббұған жауапты еш ойланбастан беруге болады. Ең алдымен, бізге жанымыздан да қадірлісі, қымбаттысы – қазақ елінің егемендігі. Біз істерге талдау жасағанда, әрқашан да ауыры мен жеңілін айыра білгеніміз абзал. Қазақ еліндегі іріп-шіріген жағдай ешкімге құпия емес, бірақ өз еліндегі осындай келеңсіз мәселелерді ереуіл жолымен, қақтығыс жолымен шешпек болған араб елдерінің екеуі осы 2011 жылдың өзінде-ақ, бір жыл ішінде қаншама қанды қырғындар астында қалды?! Біз соны ойлағанымыз абзал. Батыстағы қантөгіс жүрегімізді жаралағаны шын. Біз бұл арада қазақтың парақор, жемқор басшыларын ақтап алғалы отырған жоқпыз, біздің айтайық дегеніміз біздің егемендігіміз барлық істе ең жоғары тұруы керек. Егемендікті аяқ асты етіп, егемендіктен айырылып, бақытты, баяшатты өмір сүргісі келетін қазақтар болса, онда солар нағыз біздің жауымыз болмақ. Себебі ата-бабамыздың ғасырлардан бері аңсағаны осы егемендік болатын. Қазіргі ғалам жағдайы жылына, айына емес, күніне, сағатына қарап мың құбылған мына заманда қазақ елін өзінің отарына айналдырғысы келетін батыс қоғамының аздыруына ерудің еш қисыны жоқ. Бірақ, мұнайшылар соншама уақыттан бері ереуілдеп жатқанда, істі насырға шаптырмай, уағында, дұрыс шешім қабылдай алмаған қазақтың қабілетсіз, парақор, жемқор, ұлтсыз басшыларын ешқашан ақтап алмақ емеспіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-30 01:24:46

Бүгін таңертең қолфоныма бір қысқа хат келді. Қытай жылжымалы хабарласуының хабарламасы екен. Айтылысында Шыңжаңдағы кеше болған лаңкестік әрекет туралы ақпарат екен. Оқыдым да түршігіп кеттім. Шынын айту керек қой, бір мұсылман ретінде біз бір нәрсені анық білуіміз керек, олардың істегендері мұсылмандыққа жат. Ашығын айтқанда, мұндай адамгершіліктен шыққан қарекеттерді ислам діні ешқашан мақұлдамайды. Өткеннен бері жазғандарымызда Орта Азиядағы тыныштықты бүлдіруге мүдделі болып отырғандардың ең басында Америка тұрғандығын айттық. Демек, егемен қазақ елінің тыныш та, баяшатты өміріне көз алартып жүрген осы бір лаңкестермен аянбай күресу – барша қазақ баласының маңдайына жазылған борыш. Мүдделер қақтығысы алдында аға мен бауыр, туыс пен туған деген болмайды. Қазақ үшін алғанда, қазақтың егемендігі мен қазақ мемлекетінің тұтастығынан маңызды ештеңе болмақ емес! Бұл – Алланың әрбір қазақ баласына жазған тағдыры, әрі борышы. Біз осы тыныштықты, осы егемендікті көзіміздің қарашығындай аялауымыз керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-30 01:34:53

Батыстағы бүліктің тууына екі нәрсе себепкер болды. Ең бастысы, қазақ билігінің нашарлығы болды. Қазақ билігін жағалаған Кеңестің қалдықтары Кеңестен мұраға қалған парақорлық пен тойымсыздықты жас қазақ еліне қоса ала келді. Осының кесірінен еңбекшілердің талап-тілектері дұрыс шешілмеді. Бұған екінші бір себеп бар. Қазақ еліне батыстың жалған демократиясын әкелгісі келіп жүрген сан-салалы адамдар легі қаптады. Қазақстан билігі жақында ғана қазақ елінен саны аса қомақты шетел азаматтарын шығарды. Көбісі, жалғаннан миссионер, дін маманы атын жамылған саяси қаскүнемдер еді. Осы тектес адамдардың Қазақстан қоғамында емін-еркін тайраңдап жүруі отбасы-ошақ қасында ғана шешіле салуға тиісті ұсақ-түйек мәселені халықараны шулатқан қанды қақтығысқа дейін жеткізді. Мұндай боларын біз күтпеген ек. Демек, Орта Азияның кез-келген жерінен, мейлі ол Қазақстан болсын, мейлі ол Қырғызстан болсын, мейлі ол Қытайдың Шыңжаңы болсын, бір сылтау тауып, бүлік шығару дегеніңіз Америка бастаған батыс алпауыттарының атам заманнан бері аңсап келе жатқан арманы. Демек, Американың мақсаты – осы Орта Азиядағы бүлік арқылы қытай мен орысты қыспаққа алу болса, егер осы жоспар бойынша болғанда, біздің қазақ мұнан ең алдымен зиян шегуші болатын еді. Себебі, Американың Орта Азияда тайраңдауына орыс та, қытай да қарап тұра алмайды, демек, мұнан соғыс туады. Ал соғыс бола қалса, онсыз да қырыла-қырыла он бес миллионның ар жақ-бер жағында қалған қазақ үшін мұнан өткен ауыр қасырет болмақ емес. Бізге қазір де, болашақта да соғыс керек емес, соғыс бізге ешқашан керек емес. Қазақтың саны өсіп, кем дегенде елу-алпыс миллион болмай тұрып, біз өзіміздің елде, өзіміздің құдай қосқан көршілеріміз болған Қытай мен Ресейде де соғыс болуын қаламаймыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-30 02:06:21

Жә, құрметті жамағат, таң атса 30 желтоқсан, күнге жұма болмақ. Жұма күнінде баршамыз Аллаға құлшылық қылалық. Жұма қабыл болсын!

Алла Тағала бізге баянды бақ, мәңгілік егемендік берсін! Қазақ баласының жүзінен күлкі, басынан бақ таймасын! Алла тағала біздерді соғыстан сақтасын!

Шыңжаңда жасап жатқан барша қазақ соғыстың қандай болатынын ұмытпауға тиісті. Бұл бізден алыс қалған тарих емес. Күні кеше ғана болды. Осыдан 60-70 жыл бұрын Шыңжаңды мекендеген қазақтарды кім-көрінген келіп қырып кетіп отырды. Қысқасы, сонау қиырдағы дүңген Мабұфаң мен Мажұңиың де келіп қырып кетті. Қызыл орыстан қашқан ақ орыс та келіп қырып кетті. Шың Шысай да, Жиін Шу Рын да, қысқасы, бір ауыз сөзбен айтқанда, кімнің қырғысы келсе, сол келіп біздің қазақты қырып, жойып, қызымызды қатын, ұлымызды құл қылды. Қазақ байғұс босып, «жәңие жәннәт» деп кетті. Ішкі Қытайға қашты. Соңы Тибет асып, Тибеттен, Қалмақтан, Үндістаннан қырылды. Не көрмеді бұл қазақ! Осының барлығы соғыстың кесірі. Демек, біз соғыстың қасыретін жеріне жете көрген ұлтпыз. Ғасырлардан бері біз бастан өткізбеген соғыс болған жоқ. Ғаламдық екі ірі соғыс, дүниежүзілік бірінші соғыс пен екінші соғыста да қазақтың ұлдары майданға аттанды. Қырылды. Демек, бізге Алланың өзі қалап берген осы бір тыныш заманның қадіріне жету керек. Егемен қазақ елінің қадіріне жету керек. Мейлі, қай жерде болсын, Қытайда да, Қазақстанда да тыныштық пен бейбітшілік болсын! Себебі, соғыстың қасыретін қазақтай тартқан екінші бір ұлт болған жоқ ешқашан.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 21 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)