Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 51 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Тіл мәселесі мен ұлт мәселесі қатар өмір сүреді. Мұны түбегейлі шешудің ең жабайы, ең адамгершіліксіз бір түрі бар. Ол – ол тілді қолданатын халықты қырғынға ұшырату. Сол арқылы мәселені түбегейлі шешу.

Бұған мысалды ағылшындар мен Америка үндістері арасынан таба аламыз. Демек, қырылып таусылған үндістердің ағылшындармен байлыққа таласуының да орайы жоқ еді. Мәселе тып-типыл жойылған да қалған.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-9 02:23:38

Не үшін Өзбекстандағы қалың ұйғырдан бөлшектеушілік пиғыл байқалмайды да, Қазақстандағы азғантай ұйғырдан сан мәрте бүлік туады?! Мұның бірнеше себебі бар.

1. Өзбектер ұйғырларды қазақтар құсап еркелеткен жоқ. Қазақша айтқанда, шаңыраққа қара дегенді ашық әрі анық айта алды. Жердің иесі өзбек екендігін, елдің иесі өзбек екендігін ұйғырларға дұрыстап тұрып үйретті.

2. Қазақстандағы жалпақшешей саясат кесірінен, біз шетелдерге демократ болып көрінгіміз келді, атаңа нәлет нобелдің итке керексіз қарғысы үшін қазақ мүддесін аяққа салып таптауға мәжбүр болдық.

3. Ұйғырларға өзбектер мектеп құрып берген жоқ. Мәдениет орталықтарын құрып берген жоқ. Біз құсап оларға бас-басына кітап, газет шығаруға үкімет тарапынан қаражат ажыратқан жоқ. Мемлекеттік емес азаматтық ұйымдарды құру қызуы басталғанда, бес ұйғыры бар Солтүстік облыстарға дейін ұйғыр мәдениет орталығының құрылып, үкіметтен қыруар қаражат, үй, жер алып отыруының ар жағында ұйымдасқан қаскүнемдік жатқаны шын.

4. Ұйғыр тілі Өзбекстанда ұмыттырылған. Соның нәтижесінде ондағы бөлшектеушілік көзқарас та солғындаған.

5. Ұйғыр мәселесіне аса көңіл бөлетін Қытай қазақтарының соңғы кездері Қазақстанда азаматтық алу мәселесі, виза мәселесінің қолдан қиындатылуының ар жағында мынадай ащы шындық бар. Қытайдан келген қазақтардың ұйғыр мәселесіне аса сезімталдығы, ұйғырлардың Қазақстанда бөлшектеушілік арам ниетте жүргендігін ашық айтуы, ұйғыр бөлшектеушілеріне ашықтан-ашық қарсы пікірде болуы, билік тұтқасын ұстаған кейбіреулерге жақпасы анық. Сонымен шетінен ұлтшыл болып келетін Қытай қазағына сонау 2006 жылдан бастап алуан кедергілер қойыла бастады. Азаматтық алуын қиындатты. Визаны қиындатты. Мақсат айқын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-9 02:32:21

Қанішер Сталиннен қалған бір ауыз қанатты сөз бар: «Өлген адам сөйлемейді» деген!

Демек, өлген тіл де мәселе тудырмайды. Мысалы, баяғының баяғысында өліп қалған латын тілі үшін ешкім күресіп жатқан жоқ. Америкадағы негрлер баяғының баяғысында ұмытып кеткен африкалық тілдері үшін күресіп жатқан жоқ! Шүршіттер баяғының баяғысында ұмытып кеткен шүршіт тілі үшін күресіп жатқаны жоқ. Жуаңзулар да солай. Демек, тілді жою арқылы ұлтты жоюға болады. Сол арқылы мемлекетте туындайтын қайшылықты жоюға болады. Тұтас ұлтты қырып тауысу дегеніңіз үлкен шаруа, оған мол қаражатпен қатар, саяси тәуекелшілдік те керек, оған қарағанда сол ұлттың тілін жойып жіберу әлдеқайда қауіпсіз әрі арзанға тоқтайтын сауда! Әрі бұл сауданы жоспарлаушылар қашан да жеңімпаздар!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-9 10:03:22

Сталиннің жоғарыдағы сөзінен білеріміз мынау:

1. Кей тіл жеңіледі. Кей тіл жеңеді.

2. Социализм бүкіл дүниежүзінде іске асқаннан кейінгі дәуірде ғана қысым мен шектеме болмайды-мыс. Демек, мұнан бұрын тілге деген, өзге ұлттық құндылықтарға деген шектеме болады-мыс!

3. Социализм бүкіл дүниежүзінде іске асқан соң ғана шектемелер (тілдік), бұғаулар, қысымдар болмайды екен де, тілдер өзара парапар дамиды екен-міс! Демек, тілге деген қысымды ашық әрі анық айтып отырған көсемнің іштегі мақсаты белгілі болды, бұлардың назарында тіл дегеніңіз, әшейін, адамдар арақатынас құралы! Демек, сіздің есек мінуіңізге де болады, әрі ат мінуіңізге де болады! Сол үшін де, Стекең өзінің ана тілінен өзі жеріп, орыс тілді, әуелі орысшыл болып кетті. Шындығын айтқанда, Сталиннің орысшасын түсінудің өзі қиын еді. Оның қарашасы патшаларының тілін түсінбейтұғын. Бейне, Терістік Корей жұрты сынды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-9 23:54:28

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-9 23:56 өзгерткен

Өзі отарлаған елдің азаттық күресін тұншықтырудың екі түрлі әдісі бар. Бірі – отар елдің немесе бодан ұлттың азаттық күресіне қанды жаныштау жүргізу. Қып-қызыл қырғындар арқылы, аяусыз соғыстар арқылы бодан елді онан ары бодандыққа, құлдыққа, кіріптарлыққа душар ету. Бұл бұрыннан қалыптасқан дағдылы әдіс. Мұны бұл күнде бала да, шаға да біледі. Бірақ көпшілік біле бермейтін екінші бір түрлі әдіс бар. Ол әдіс бірінші әдіске қарағанда, әлдеқайда өнімді. Әрі онан туатын нәтиже бірінші әдістен туатын нәтижеге қарағанда, салыстыруға келмейтін деңгейде жоғары болмақ

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 01:01:18

Екінші түрлі амал-айла мынау: Бодандық қамытынан құтылмаққа күрескен ұлт азаматтары ішінен өз қолайына, өз мүддесіне қолайлы адамды іздеп тауып немесе сондай адамды күрескерлердің билік тұғырына қарай біртіндеп беттетіп, ең соңында күрестің бағытын мүлде басқа бағытқа бұрып жіберу немесе төңкерісті түбегейлі жеңіске жеткізбеу. Төңкерісті шала қалдыру немесе отарлаушылардың мүдделері мен құқын қорғайтын жалған жеңіске аңғал бұқараны нандыру, иландыру. Алдамшы жеңістің буы арқылы надан бұқараның көзін көлегейлеп, жылдар жылжыта, жасырын түрде, отарлау мақсатының екінші түрін, өзгерген түрін іске асыру!

Мұның өзі өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді. Біріншісі – күрескерлер ішінен сатқын дайындау. Бұл сонау замандардан қалған кәнігі әдіс. Ағылшындардың ең көп қолданған әдістерінің бірі осы.

Екінші түрі – солқылдақ, қатаң шешім шығара алмайтын, қорқақ, екібеткей адамның күрескерлер тарапының мансап тұғырына көтерілуіне шарт-жағдай жасау. Сан алуан амалдар қолдана отырып, жаңағындай адамның образын тіктеп беру. Мұндайда әуелі мұндай адамдардың беделін жалғаннан көтеру, ақпарат арқылы осындай адамдарды өзгелер тарапынан немесе үшінші бір жалған бейтарап жақ жағынан жарнамалау. Көзқарасы айқын, іскерлігі жоғары, мүмкіндігі күшті адамды күрескерлер қосыны ішінен аластау, беделін төгу. Осы арқылы қарсы жағын ішінен іріту.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 01:17:13

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-10 01:18 өзгерткен

Мұндай жағдайда үшінші бір тарап арқылы немесе жалған бейтарап жақ арқылы мұндай қабілетсіз әрі солқылдақ, қорқақ, екібеткей адамға қаражаттық, ақпараттық, саяси, әскери көмек көрсетуді де бастайды. Сол арқылы батыл күрескер, парасатты басшы немесе өз ұлты үшін аянбайтын өзге күрескердің билік басына келуінің алдын алады. Сөйтеді де, жаңағы ұлттың сорына осындай басшы мансапқа келеді. Қазіргі кезде батыс қоғамының, жалпы демократия деген жалған жамылғыны жамылып алған барша отаршының қолданатын әдісі осы. Бұған мысалды алыстан іздемей-ақ, өз өмірімізден-ақ тауып алуымызға болады...

Nelson rolihlahla mandela – Нелсон Ролихлахла Мандела деген адамды біздің барлық қазақ біледі деуге болады. Бұл адаммен біздің қазақтың біраз қатысы бар. Үшбу адам абақтыға отырудан ғаламдық жүлде алса керек, бұған жер-әлем бойынша қазақтар ғана наразы болып жүрді...

Өз ұлтының азаттығы жолында аянбай күрескен Манделаның біз біле бермейтін бір беті бар еді. Ол- оның келісімпаздығы еді. Батыс қоғамы оған өзі қалаған барша сыйлықты да берді. Оның алған сый-сияпаты, медаль-орденінде шек болмады. Бірақ осындай мақтаулар мен марапаттаулардың арт жағында аяқсыз қалған негрлердің ұлт азаттық күресі мен аяқсыз қалған төңкерісі жасырынып жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Шала жеткен жеңіс-шала піскен тамақ сияқты. Оны жеудің өзі қиын, әрі оны қайталай пісірудің өзі онан да қиын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 01:27:44

Манделаны қытайлар 纳尔逊•曼德拉 дейді, ағылшындар nelson rolihlahla mandela дейді, орыстар мен қазақтар Нельсон Холилала Мандела деп атайды, осы сөздер бойынша іздеуіштерден іздесеңіз, әлем назарындағы күрескердің өмірімен таныса аласыз. Баяғыда біз 8 жылдықтан емтихан бергенде, «ұлт азаттығы үшін түрмеге 27 жыл отырған адам кім» деген сұрақ шыққан еді. Мен оған өзім ең құрметтейтін бір қазақтың атын жазғым-ақ келген еді...

Бірақ мен жаза алмадым. Он бес істі істегім келмеді. Шындығын айту керек, біздің қазақ көміліп қалған ұлт қой...

Біз әлі өзімізді мынау ғаламға таныта алмай келеміз. Біз ғаламды білгенімізбен, ғалам бізді білмейді. Осының өзі біздің қасіретіміз!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 01:48:24

Мұндай адамдардың бірі – Ясир Арафат. Бұл хақында да білмейтін адам болмаса керек. Мен өзім газет оқуды бастаған сонау бірінші кластан бастап, басына ала мата орап алатын осы салпауыз кісіні әбден танимын. Түрі де, түсі де, аты да маған сол 1 жылдықтан бастап таныс. Ол заманда қытай газеттері, әсіресе, Шынжаң газеті Израильдің жаман хабарын көп беретін еді. Мәдениет төңкерісі аяқтаған заман болса да, қазір ойлап көрсем, сол замандағы Шыңжаң газетіндегі хабарларда «таптық күрестің» иісі аңқып тұратын сияқты. Өз халқы аш-жалаңаш болғанына қарамастан, азаттық ала алмаған кедей елдерге қаражаттық, дипломатиялық көмегін аямайтын Мау заманының «күрескер» көзқарастарының лебі сол сексенінші жылдарға дейін жалғасса керек...

Осы Арафат хақында қазақша-орысша Ясир Арафат деп, қытайша 亚西尔•阿拉法特 деп, ағылшынша Yasser Arafat деп іздей жатарсыздар...

Демек, келісімпаз көзқарастағы Арафат арабтардың азаттыққа ұмтылған күрестеріне кедергі келтіру арқылы батыс қоғамында бедел жинады. Бір жағынан еврейді қорғап-қолдап отырған батыс қоғамының Арафатты да қолдауының сыры осында. Себебі арабтардың түбегейлі жеңіске жетпеуі үшін осындай келісімпаз басшы керек еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 01:54:50

Мандела да, Арафат та батыстың аялы алақанында болды. Батыс қоғамының бұларға көрсеткен сый-сияпатында шек болмады. Бұларды ұлт қаһарманы ретінде күллі ғаламға образдады. Шын мағынасында, батыс қоғамы бұлардың халқының азаттығын қолдаушылардан емес еді. Ойланған адамға айқын тұрған бір дүние. Батыстың аталмыш демократиялық көзқарасының астарына жасырынған осындай амал мен айланың құрбаны болған ұлттар аз емес. Солардың бірі – Үндістан. Үндістандық Гандиді білмейтін адам баласы жоқ. Бірақ біз оның барша адам баласы білетін тұстарына тоқталмаймыз. Біздің айтқымыз келетіні – осындай көсемдердің мадақ пен марапат астындағы көмескі сырлары.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 02:05:18

Ганди хақында қытайша 圣雄甘地 деп, ағылшынша Mohandas Karamchand Gandhi деп, орысша-қазақша Махатма Ганди деп іздесеңіз, аса мол ақпарат ала аласыз.

Гандиге деген қазақтың құрметі ерекше болды. Есту хабарларға қарағанда, Алматыдағы Құрманғазы көшесі мен Жароков көшесінің қиылысындағы бақшаға осы жылтыр қара шалдың мүсіні орнатылды дейді. Бірақ қара шалдың қазақ жеріндегі мүсінін көріп қайтуға менде уақыт шыққан жоқ.

Ағылшынның отары болған Үндістан үшін алғанда Ганди, шындығында, керемет тұлға. Бірақ бір түсініксіз жері Гандиді барынша қолдап-қолпаштағандардың бірі және бірегейі – сол ағылшындардың өзі болды...

Өз жауын өзі құрметтейтін таңғажайып оқиғаларды бала күнімде түсінбеуші едім, сөйтсем бұның барлығы сайқал саясат екен ғой. Оны сәби саналы мен бала күнімде қайдан білейін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 02:15:55

Гандидің нобел сыйлығын алған-алмағанын білмеймін, бірақ Арафат пен Мандела нобел сыйлығын алды. Демек, нобел сыйлығын қандай саясаткерлердің алатынын біз шамалап біліп қалдық. Батыстың марапатына мас болған Горбачевтің де нобел алғандығын білеміз. Батысқа жағатындардың барлығының бір ортақ сипаты осы. Ашығын айту керек, мен осы нобел сыйлығы дегенді соңғы кезде иттің етінен арман жек көріп кеттім. Горбачевтің де, Манделаның да, Арафаттың да алған нобел сыйлықтары өз ұлттарының мүддесін сату негізінде келді! Демек, нобел алу үшін батысқа жағуың керексің! Ұлтыңды сатуың керексің! Келісімпаздығыңды, тізе бүккіштігіңді даналық деп дәріптеу соларға ғана керек! Келісімпаздық дегеніңнің өзі ұлтыңды түбегейлі азат етпеу деген сөз. Жартылай азаттықтан толық құлдық жақсы. Себебі, құлдықтағы халықта арман болады, азаттыққа деген ұмтылыс болады. Жауына деген кек болады. Ал жартылай азаттыққа алданған аңқау халықта арман болмайды!

Біздің қазіргі халіміз де осының ар жақ-бер жағында! Құй, мойында, құй, мойындама, біздің аңсаған азаттығымыз әліге іске асқан жоқ! Ащы сөздің құлаққа жағымсыздау тиетінін білсек те, осылай айтуға мәжбүр болдық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 02:50:28

Бодан жұрттың жартылай азаттық алуы – осы халықтың азаттық күресінің түбегейлі жүргізілмеуіне әкеліп соғады. Билікке келісімпаз басшы келеді. Бұл басшы өз жұртына азаттық күрескері ретінде көрінгенімен, шын мағынасында, ол келісімпаздық арқылы ұлт мүддесін сатушы еді. Ал мұндай басшыны жаңағы отарлаушы жұрт барынша көкке көтереді. Ағылшындар Гандиді пір көрді! Ганди Британияға барғанда, ағылшын қоғамы оны басына көтерді! Мандела да сол! Арабтардың азаттығына қаны қас батыс қоғамы Арафатты не үшін әспеттесін?!

Мұндай адамдардың тағы бірі бар.

Ол – Сингапурдың тәуелсіздігін «әперген» көсем Ли Куание. Бұл хақында да біз барша жұртқа айдай анық ақпараттарды қайталап деп, қытайша іздеуіштерден 李光耀 деп, орысша-қазақша іздеуіштерден Ли Куан Ю деп іздесеңіз, көп білімге ие боларыңыз хақ. Мәселе оқыған нәрсені көзсіз халде қабылдай беру – білім алудың жақсы үлгісі болмаса керек. Оқыған, көрген нәрселерге Алла берген жекеменшік басыңызбен дербес ой жүгірту – ең маңыздысы.

Сұхбат» дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 03:05:14

Сингапур дербес болайын деп дербес болған жоқ. Малайлар оларды керексіз қылып, өз отандарынан елімен, жерімен «қуып шықты». Сингапурдағы қытайларды өздерінің елі үшін қауіп деп білген малай үкіметі адам денесіндегі өспені оташылардың кесіп алып тастағаны сынды батыл қадамға барды. Олар қытайлар көп қоныстанған Сингапурді малай мемлекетінен бөлектеп тастады! Жер шарында дербестігі мен егемендігі тура осы Сингапурдей қолға келген екінші бір мемлекет бар. Ол – Қазақ мемлекеті!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 03:29:50

Орыстар қазақтардан егемендік алып шықты! Мүмкін мыңдаған жылдардан соң әлдебір тапқыр немесе әлдебір білгіш осындай тарих жазуы мүмкін. Себебі шаңырағы ортасына түскен Кеңес Одағының қарашаңырағын ұстап, ең соңына дейін отырған бір ғана одақтас республика қалды. Ол – Қазақстан еді. Орыстардың өзі Кеңес Одағынан бөлініп, егемендігін жариялап жіберген соң ғана, күллі Кеңес Одағының ең соңынан барып, қазақтың сол кездегі билігі Қазақстанның егемендігін жариялады. Тарихта осындай қызық оқиғалар болады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 08:04:11

Ганди де, Мандела да, Ли Куан Ю де, Арафат та халықараға аса танымал тұлғалар. Біздің айтқанымыз – олардың еңбегін мүлде теріске шығару емес. Себебі, олардың өз ұлтын, өз жұртын азаттыққа жеткізу жолындағы ерен ерлігін күллі дүние біледі. Бірақ құжынаған араб күрескерлерінің ішінен не үшін жалғыз Арафат қана екшеліп шықты? Арабтың өзге талантты ұлдары не үшін оның көзі тірісінде араб күресінің тұтқасын ұстай алмады? Не үшін өзге көзқарастағы арабтар Палестин билігінен аластатылып отырды? Гәптің барлығы – Арафаттың батыс қоғамының аңсаған арманына сай солқылдақ, келісімпаз адам болғанында ғана жатыр. Бұл мысалды Гандиге де қолдануға болады. Гандидің ұстанған жолы – ағылшындардың арманына сай болды. Сол заманда Үндістандағы ағылшын ықпалын басы бүтін жойып тастауға болатын еді. Ағылшындар өздерінің Үндістан жерінде табан тіреп тұра алмасын білген еді. Себебі, күллі ғаламда қатарынан қаулаған бодан жұрттардың азаттық алу күресіне тосқауыл қою – Британия үшін қиын еді. Британия үшін екі түрлі таңдау бар еді. Бірі – Үндістанды үздіксіз халде отар ету үшін ең соңғы минутқа дейін күресу. Бұл жолды таңдаса, Британия үшін қауіпті еді. Қаражаттық шығыны аса зор болар еді. Әскери, саяси қауібі де басым болатын. Демек, осының барлығын есептеп келіп, өздерінің бұған шамасы жетпесін білген отарлаушы ел Үндістан азаттығын соңына дейін жеткізбеудің жолын жасап кетті. Онысымен қоймай, Үндістанды быт-шыт қылып бөлшектеп кетті. Баяғыдағы біртұтас Үндістан бұл күнде бірнеше мемлекет. Атышулы Кашмир мәселесі осы британдардың егіп кеткен жемісі. Мик-махон сызығы да осы ағылшындардың тапқырлығы.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 09:05:42

Биыл қытайлардың ұлт ретінде шүршіттерден азат болғандығының 100 жылдығы. Бұл мереке Тайваньда ерекше ұлықталды да, құрлық Қытайында елеусіз қалды, бұл жылы құрлық Қытайы ұлттың азаттығынан гөрі компартияның құрылғандығының 90 жылдығын ерекше атап өтті. Қытай компартиясы Сұн Жұңшанға түсті көзәйнекпен қарайды. Оны мың жерінен қастерлесе де, Сұнды Маудан биік қойғысы келмейді. Сұн бастаған Шиңхай төңкерісіне тағар өзіндік айыптары да бар. Төңкеріс жемісін Жяң Кайшы ұрлап алды деп бір айтса, Сұнды империялистердің Қытайдағы мүддесін қанат астына алды, төңкеріс ақырына дейін жүрілмеді, отаршылардың құқын қорғап қалды деген сынды айыптар тағады. Бірақ біз осы Сұн Жұңшанды Тайвань сықылды жерлердегі қытайлардың «ел атасы» атағанынан тыс, өзге не білеміз? Қытайлар оны Американың Вашингтонына, түріктердің ататүрігіне теңейді. Бірақ сабырлылықпен назар салсақ, сол замандағы Жапония үкіметі не үшін Сұнды қолдады? Жапон үкіметі ол заманда шүршіт билігінің құламауына мүдделі еді. Себебі шүршіттерден алатын ақ күміс алманы бар болатын. Ендеше, осындай ырғын пайда арқылы мемлекеттерін байытып, әскери қуатын арттырып отырған жапондар өздерінің майлы жілігі болған шүршіт билігін құлатуға мүдделі Сұн Жұңшанды не үшін қаражаттық, әскери, саяси жағынан қолдап шыға келді?!

Сұн Жұңшан бейне Ленин сияқты. Ленин жасаған қазан төңкерісін неміс патшасы қаржыландырған болса, Сұн Жұңшан жасаған Қытай төңкерісін Жапония патшасы қаржыландырған. Бұған тарихи дәлелдер бар. Бар болғаны гүмандан партиясы да, компартия да бұл сырды ашқысы келмейді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 09:13:26

Shu hirayama - Шу Хираяма деген жапон тыңшысы бар. Бұл хақында википедиядан оқи аласыздар. Оның Қытай иероглифінше жазғандағы аты:平山周 -Пиң Шан Жоу. Осы бойынша іздеу салсаңыз: Http://zh.wikipedia.org/wiki жалғамасы шығады. Үшбу жалғамадағы ақпараттарды оқысаңыз, 1897 жылы бұл адам жапон құпия органдары тарапынан шүршіт билігіне қарсы Қытайдың құпия төңкерістік топтарымен астасу үшін Қытайға жіберілген. Демек, осы кезден бастап жапондар Қытайдағы төңкерістік ұйымдарға астыртын көмек жасап отырған. Сұн Жұңшанның Жапониядағы оқуы да осы кісінің арқасында шешілген. Осы адам Сұн Жұңшан үшін оқу визасын жасап берген. 1898 жылы ол тағы бір мәрте Қытайға келіп, Сұнның Жапонияға қашып кетуіне көмектескен. Себебі бұл кезде Сұн шүршіт билігі жағынан қуғындалған болатын. Сонан бастап бұл адам Қытай төңкерісіне белсене атсалысады. Ойлаңыздаршы, жапонның тыңшысы Қытайдың төңкерісінде несі бар?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-10 09:26:07

Tōten miyazaki - Тотен Мязаки деген жапондық бар. Бұл адамның қытайша аты:宫崎滔天

Бұл да Сұнның төңкерісін қолдаған жапон тыңшысы. Демек, қытайлардың көкке көтерген Сұнының да арты белгілі болды. Ол жаңағы екеуіне қытай тілінен дәріс беретін мұғалім болып, Жапониядан виза алған. Айта берсек, Сұн Жұңшанның Сұн Жұңшан аталуына да осы жапондар себепші болған. Жапонияға барған Сұн жасырын қонақүйге тіркелгенде, өзінің шынайы атын жазуды қаламайды. Ол заманда жеке куәлік жоқ қой, сонымен жаңағы жапондар оған осы атты қойып, қонақүйге жатқызады. Демек, Қытайды жаулап отырған Қытайдың атажауы Қытайдың төңкерісін қолдап отырған...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)