Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 48 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 10:18:11

Жә, сұрақ-жауаптарымызды аяқтап, әңгімеміздің негізгі арқауына оралалық.

Күрескерлігі, қайсарлығы, батырлығы, ержүректігі, қазақтығы, дарқандығы қазақпен парапар болатын бір жұрт, бір ұлт бар делінсе, әрине түркі тұқымды туыстарымыз бұл есептің сыртында, жер бетінде бұл атақ-мәртебеге лайықтылау болатын бір ғана ұлт бар шығар-ау. Менше, ол - ирландтар.

Ирланд халқының тағдыры қазақтармен ұқсап қалады. Екеуі де тағдырдың тәлкегімен алып, нан, жаулаушы, тойымсыз, қатыгез, қырғындағыш, жойғыш алып империяның көршісі болған да қалған. Алланың қалауы сол! Ирландтардың соры - жер-әлемді жаулап, күнбатпас империя құрған Англо-саксондармен қоңсы болғаны болса, қазақтардың соры үшбу ирландтарда да мол болды. Мол болғанда да ересен мол болды. Ирландтар тарих бойына жалғыз жаумен өле-өлгенше, қара-тұяқтан хал кеткенше айқасқан болса, қазақ халқы айналасындағы барша жаумен аянбай алысты. Оны қазақтың арғы-бергі тарихынан білеміз. Алыстағы қазақ тарихын айтсақ, ту сонау қара қытай Талас-Тараз өңіріне шабуыл жасағаннан бастап, онан бұрынғы және кейінгі замандардағы қызылбас қырғындары, онан соңғы Шыңғыс хан заманы, онан кейінгі шүршіт заманы, жұңғар заманы, орыс заманы, қоқан заманы деп кете береді. Бір жауының бетін қайтарып немесе тұқымын тұздай құртып, енді-енді үһ деп демала берген қазақтың дұрыстап бел жазуға да мұршасы болған жоқ. Біздің барша тарихымыз тек қана соғыспен, қанды қырғынмен ғана байланысты болды! Біз сол үшін де қазақпыз, қазақ демек дүр - батыр демек дүр! Жер бетінде ешқандай халық тура біздің халқымыздай күн кешкен емес! Біз - адамзат тарихындағы мұғжизамыз!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 10:21:37

Енді, осы ирланд тілінің қазақ тілі сынды ауыр да қасыретті жағдайына назар салалық.

Ирланд тілі мен қазақ тілінің қазіргі жағдайы тым ұқсас! Ұқсас болғанда да мұндай ұқсастықты табу мүмкін емес! Ағылшындардың ұзақ замандық қоршылығы мен тепкісі кесірінен, мұндағы ирландтардың басым көпшілігі өз ана тілін ұмытқан! Ашығын айтқанда, ұмыттырған! Міне, қандай ұқсастық! Өзінің елін, өзінің жерін жаулап алуды мақсат еткен жау келгенде, қасық қаны қалғанша қайсарлықпен алысқан қайсар жұрт өз тілін жаулауға келген жаумен алысуға дәрменсіздік танытқан! Мұндай тағдыр біздің қазақ тілінің басында дәл қазіргі күні бар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 10:36:28

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-5 10:37 өзгерткен

Қазақ тарихы-адамзат тарихындағы мұғжиза!

Мұндайда қайсыбір ғұламаның сөзі еске оралады, жалпы сұлбасы, есімде қалуынша, сананы отарлаудың отанды отарлаудан да қауіпті екендігін айтатын еді! Отарланған отанды құтқаруға болар-ау, отарланған сананы құтқару қиынның қиыны!

Еліңді, жеріңді жаулап алу - ештеңе емес. Еліңді жаулап алса, жеріңді тартып алса, күресерсің, түбі бір қайтарып аларсың, бірақ санаңды жаулап алса, онда құрығаның сол!

Қазіргі ирланды тілі қазіргі қазақ тілі сынды мүшкіл халде. Көше толы жазулар, мекемелердің аттары ағылшын-ирланд тілінде қатар жазылады. Мұнысы жағынан Қазақстандағы орыс тілі мен қазақ тілінің жағдайы сынды. Бірақ ирланд тілін түсінетіндер аз. Аз болғандада да ересен аз. Сол үшін мемлекет бұған аса зор қаражат пен қаржы ажыратуда. Жоғары оқу орнын бітірген студенттер өз ана тілінен сауатсыз болса, оларға диплом берілмейді! Демек, ағылшын тілінде ағылшынның өзін жаңылдырардай сарнап тұрсаң да құның көк тиын, егер ирланд тілін білмесең!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 10:53:54

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-5 12:06 өзгерткен

Үстіміздегі 2011 жылдың жазында, Қытайдың «жер жәннаты Жетісуы»-Гүйлин шаһарында болғанымда үшбу жердің тарихи иесі жуаңзу ұлтының өкілдерімен аз дүр-көп дүр сырласқаным бартұғын. Тым тереңдеп кетпесек те, мені қызықтырғаны - мұндағы жұрттың өз ана тілдеріне деген құрметінің жойылғандығы еді! Қандай ашынышты қасырет! Мұнан өткен трагедия бар ма?! Көлік жүргізушісі болған жігітпен аз-кем сұхбаттастым! Өзі жуаң тілін мүлдем білмейді! Онысы түк те емес-ау, мұнан да сорақысы, білгісі келмейді! Өз ана тілін білмегені үшін ұялып, қысылып тұрған ол жоқ! Ұятсыз ыржалақтап күле береді. Әуелі, оған менің сұрақтарым қисынсыз көрінсе керек. Оның айтысында, адам бармайтын иен таулардағы жуаңзулар ғана өз ана тілін біледі екен. Оның өзінде де шал-шауқан, кемпір-кешегі ғана. Ал былайғы жастары әлдеқашан ұмытқан! 2000 жалпы Қытай ұлттық санағында жуаңзулардың саны 16 милионнан асқан! Демек, мұндағы жуаңзулардың саны жер бетіндегі барлық қазақтардан да мол болған. Бірақ бұлар өз ана тілдерінен өз еріктерімен бас тартқан сорлы қауым болды! Ал біздің қазақтардың тілінің тағдыры бір Алланың қолында. Бұған сен және мен жауаптымыз. Баласын өзге тілде оқуға берген әрбір ата-ана ана тілімізге көр қазушылар. Баласын өзге тілде оқуға берген әрбір қазақ - қазақтың жауы!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 11:35:03

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-5 11:36 өзгерткен

Бір ғажабы, осы ирландтардың ішкіштігі де қазақтан аумай қалған! Мұсылман елдерінен басқа барлық елден ирландтардың шарапханасын таба аласың. Онысын irish pub деп атайды. Жүз грамды жұтуға келгенде, біздің жаһиляттағы қазақтармен ұп-ұқсас! Құдай сақтасын! Алла біздің қазақты харамнан алыс еткей! Құдайға шүкір, соңғы кезде Қазақстанда да, Қытайда да халал тойлар көбейді. Мұсылман жамағаты молайды. Ішетін қазақ азайды. Баяғыда «мас қалмақ келе жатыр» деп қазақтар баласын қорқытады екен. Енді өзгелер «мас қазақ келе жатыр» деп тентегін қорқытатын болған еді. Қандай масқара. Сол ішкіштігінің кесірінен, «біздің исламға енбей қалған туыстарымыз» - қалмақтар, мұңғылдар сақалар, яқұттар құрып кетпеді ме?! Орыстар да ішкіштік кесірінен құруға қарай бет алуда. Алланың құдіретімен, біздің қазақ енді-енді имандылыққа қарай келе жатыр...

Сол ирландтар ішкіш-ақ. Ішіп алғасын төбелеседі. Алматыдағы ирландтардың төбелесі - арақ құйылған тойдағы қазақтардың төбелесіндей...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 12:16:05

Не үшін мұңғылдар, қалмақтар, жұңғарлар, қазақтар ішкіш болды?! Бұл-ыждағатты зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып. Мүмкін, бұл хақында ғылыми зерттеулер жүргізу керек шығар. Себебі, бұл жай ғана мәселе еместұғын. Ішімдік мәселесі, араққұмарлық мәселесі - адамзат тарихындағы ең ірі мәселелердің бірі және бірегейі. Бір ұлттың, бір мемлекеттің гүлденіп- көркеюі мен құрып-жоғалуына дейін әсер ететін мұндай мәселені жай қарауға қалай болсын?!

Ойнап-күліп жүргеніңде жастықпен, мастықпен, настықпен, ластықпен, білместікпен тартып қойған жүз грамыңның өзіңнің қаныңа құйылған 100 грамм у ғана емес, тұтас ұлтымыздың қанына құйылған 100 тонна уыт, 100 тонна заһар екенін ұмытпа! Жақсы тілектерді айтып, алдыңдағы Алланың шектеген харамын қолыңа алғаныңда, қазақтың жаназасын шығарғалы отырғаныңды, ұлтыңды көрге көмгелі отырғаныңды ұмытпа! Ұлтыңның тағдыры сенің қолыңда! Балаңды өзге тілде оқуға бергенің - балаңды өлтіргенің! Оның бойындағы ғасырлардан ғасырларға жалғасқан қазақы гендік есте ұстау қабілетін құртқаның! Балаңа өзге мәдениетті қабылдатқаның-балаңмен қатар, өз ұлтыңа, өз ана тіліңе жасаған қастандығың! Ал ұлт сатқыны емеспін деп айтып көр! Ұлтқа, тілге жасалынатын қастандық екі түрлі болады. Бірі қырғындау арқылы, сол ұлттық физиологиялық жеке тұлғаларының санын азайту, қыру, жою арқылы болса, екіншісі сол ұлттың тілін, ұлттық болмысын жою арқылы болады! Біріншісі бізге қандай қауіпті болса, екіншісі мұнан да қауіпті болмақ. Балаңды өзге тілде оқуға берген сен - осы екінші түрдегі қастандықты іске асыруға көмектесушісің! Қазақтың алқымынан алып, қылқындырып, тілін кесіп, ділін улаушыларға көмектесушісің! Ал ұлт сатқыны емеспін деп көр!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-5 13:11:34

Ащы сөз, ащы шындық - ащы дәрі сынды. Сәби бала жанын қинаған сырқаттан сол ащы дәрінің айықтыратынын білмейді, дәріні ішкісі келмей, әлек салады, жылайды. Баласын өзге тілде оқытқандарды ұлт сатқыны атағанымыз біздің аса көп санды ақ жағалыларымыз бен көк жағалыларымызға жақпасы анық. Соны біле тұра, үшбу сөзіміздің солардың шымбайына тиетінін, олардың жек көре тыжырынатынын, жақтырмай күңкілдейтінін біле тұра айттық. Ал, айттық!!! Ашығы сол, шындығы сол! Балаңды мектепте қытайша оқытып, үйде қазақша тәрбиелеп аламын деу – өзіңді-өзің алдау ғана! Лағынеті шайтан адамдарға осындай өзін-өзі алдайтын жалған сезімдерді беруге шебер.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-6 00:21:30

Өлген тіліне жан беріп, өшкен тілін өсіруге ұмтылып отырған үш халық бар. Біріншісі - еврейлер. Өлгеніне 2000 жыл болған тілдерін ескі кітаптарынан іздеп жүріп тірілтіп алды. Бұл күнде бұл тіл Израиль мемлекетінің тілі. Қолданушыларының саны 7 миллионнан асады. Өздерінің арнайы жазулары бар. Бұл жазулары да ерекше. Еврейлердің осы жазуына, осы рухына қарап отырып, қазақ жазуын латыншаға да, арабшаға да, славяншаға да көшірудің қажеті жоқ болар деп ойлап қаламын кейде. Себебі, арабшаң да, латыншаң да, славяншаң да қазақ мәдениетіне жат. Өзгелердің, әсіресе орыс шовинстерінің «түркілер адамзат өркениетіне үлес қосқан жоқ» деген былжырақтарына дәлел тауып бергендейміз. Еврейлер өлген тілі түгілі, өлген жазуын тірілтіп алғанда, біз де баяғыдағы ата-бабаларымыз қолданған төл жазуларымызды қолдансақ, ұлттық даралығымызды сақтап қалуға, өзіміздің тамырымыз тереңдегі ұлт екенімізді ғаламға әйгілеуге болатындай. Әрине, қай жазуға көшсек те, бір жолда көше салу қиындау. Бірте-бірте көшу керек.

Өлген тілдерін тірілтіп алған екінші бір ұлт - ирландтар. Бұларды ағылшындар айриш деп атайды, кейде галик дейді. Кейде қосып, айриш галик дейді. Осы ирландтардың ағылшындардан көрмеген қорлығы жоқ. Егемендігін ала сала, ең алдымен өлген тілдерін тірілтуге кірісті...

Ал үшінші ұлт - қазақтар. Құдайға шүкір, жоғарыдағы екеуіне қарағанда, қазақ тілінің халі жақсы. Олар құсап өле қалған жоқ. Бірақ өлмесе де, өлгеннің ар жақ-бер жағына барды. Көрге кірмесе де, көрдің аузына жақындап-ақ барды. Бір Алланың құдыретімен аман қалды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-6 00:42:51

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-6 00:59 өзгерткен

Қазақ тілінің жағдайы ирланд тілі мен еврей тіліне қарағанда салыстырғысыз деңгейде жақсы. Бірақ бұл біздің қазақ тілі үшін күресімізді тоқтатуымыз керек дегеннен дерек бермейді. Еврей тілінің артында бай да бақауатты, ұлтшыл, ұлты үшін аянбай күресе алатын еврей зиялылары, еврей элитасы тұр. Ирланд тілінің артында да сондай. Ағылшындардың қорлығын жеріне жете көрген ирландтар атажауларының тілінде сөйлеуден арланады. Ана тілін білмейтін, ағылшынша оқып, ағылшынша тәрбиеленген ирландтардың атажауының тілінде сөйлеуден арлануының өзі біздің орыс тілінде сөйлегенді мақтаныш сезінетін мәңгүрттеріміздің қылығына қарағанда, адамгершілік! Адамдық! Саналылық!

Бұл күнде Ирландия қоғамында шүлдірлеген ирланд баласының ирланд тіл өресі олардың ата-аналарының ирланд тілі өресіне қарағанда жақсы. Себебі, ата-аналары құлдық сананың иелері әрі ағылшын тілді ирландтар болған болса, жас балалар, жеткіншектер мектепте ирланд тілінде білім алады. Мұнысы жағынан, Қазақстандағы қазақ тілі жағдайына ұқсайды. Қазақстанда қазақша мектепте оқыған балаларының тілін орыс тілді немесе дүбара тілді ата-анасы түсіне бермейді. Еврей тілі де, ирланд тілі де осындай саясаттардың арқасында, өлгені тіріліп, өшкені өсіп отыр. Ал қазақ тілінің халі қалай? Бұл -барлығымызға түсінікті жағдай...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-6 01:08:58

Қазақ тілінің көсегесі оралман саясатының арқасында көгеріп келе жатыр еді. Мәскеушіл-орысшыл қара орыстар тобы соңғы кезде оралман саясатының тесік тұстарын тауып үлгерді. Демек, шеттегі қазақтың елге орала алмауынан, орыс мүддесі екі алып биге шықпақ. Бірі - Қазақстандағы қазақтардың орыстануын, орыс тіліне бағыныштылығын, орыс мәдениетіне тәуелділігін үдете түспек. Екіншісі - қазақ тілінің қаймағын бұзбай, қасиетті алтын қорын сақтап отырған шеттегі қазақтың уақыт көшімен бірге аждаһардың аузында құрып-жоғалуын күтіп отыр. Демек, біздің қасиетті тілімізге біздің жауларымыз баяғыда-ақ өлім жазасын кесіп қойған! Бар болғаны бұл жаза минут-секундтап атқарылып келе жатыр. Нәтижесі дәл қазір анық көрінбегенімен, енді бір 20-30 жылда біздің тіліміз де баратын жеріне барып болуы мүмкін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-6 01:21:28

Ирланд тілін небары 260 мың ғана адам қолданады! Таңырқамай амалың жоқ. Осыншалық аз санды болғанына қарамастан, ирланд тілін Ирландияның бірінші мемлекеттік тілі ретінде атазаңдарына енгізіп тастаған! Мұнан да таңғажайыбы бар, санақ нәтижесіне негізделгенде ирланд тілін өздерінің бірінші тілі ретінде қарайтындардың саны небары 40 мың ғана екен! Демек, осы қырық мың адам ғана ирланд тілін төл ана тілі ретінде қарайды да, қалғандары бұл тілді шала түсінетіндер немесе ағылшыншамен араластырып, былықтырып сөйлейтіндер. Біздің сөзімізбен айтқанда отар тілде сөйлейтіндер. Мұндай құбылыс отарланған елдердің барлығында бар. Шұбар ала, дүбара, дүдәмәл, өз ана тілдері мен отаршылардың тілінің қоспасынан пайда болатын мұндай шұбар тілді колоня тілі дейді, мен оған «мәңгүрттер тілі» немесе «құл саналылар тілі» немесе «құлдар тілі» деп ат қойғанды дұрыс көрдім.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-6 01:38:05

Ирландтар тілдерін тірілтуге бел шешіп кірісе бастағанда, ағылшындардың басы қатқаны шын. Жалданбалы жазғыштар осы күнге дейін ирланд тілінің тірілу процесін сәтсіз әрекетке балайды. Мейлі, қалай десін, ағылшындармен ғасырлар бойы алысып үйренген батыр жұрт алған бетінен қайтқан жоқ. Бұл рухтарынан үйренуге татиды...

Ресей жеріндегі татар тілінің қолданыс аясының тарылуы, башқұрт, яқұт, шешен сынды түркі тұқымды туыстарымыздың тілдерінің барған сайын қолданыстан шығып бара жатуы - түркілер үшін үлкен қайғы. Отарлаушылардың барлығының мақсаты бір. Мейлі, азиялық отарлаушы болсын, мейлі еуропалық отарлаушы болсын, олардың барлығы бірдей. Мақсаттары бірдей. Мүдделері бірдей. Өзінен басқанікін жою, құрту, өзгені өзінің құндылықтарын тәркі етуге мәжбүрлеу.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-6 12:53:44

Ирланд республикасында (republic of ireland) төрт жарым миллион халық тұрады. Соңғы кезде мұндағы шетелдік көшпенділер молаюда. Халқы қарттаса бастаған, жастары туғысы, бала өсіргісі келмейтін батыс қоғамы азиялық, түркиялық, арабтық көшпенділердің арқасында еңбеккүш мәселесін шешіп отыр. Ирландиядағы қытайлардың саны да күрт өсуде. Небары 40 мың адам сөйлей алатын тілдеріне мемлекеттік тіл мәртебесін бергізе алған ирландтарға таңданбай амалың жоқ. Елін, жерін қасындағы алпауыт көршісінен қорғау үшін жан алып, жан беріп, ғасырлар бойы тынымсыз-тоқтаусыз күрескен аз ғана халықты мен қазақтарға өте ұқсата беремін. Сол үшін де тым ертеден ирландтар туралы оқығым, білгім келіп тұратын еді. Я, ирландтар отарлаушылардан тұтас ирланд жерін азат ете алған жоқ, олардың біраз жері ағылшын империясының құрамында қалды. Олардың діндері де өзгерді. Отарлық, бодандық қамытындағы Британия ирландтары Ирланд республикасындағы ирландтармен бір дінде емес. Бастарын қоспаққа сан мәрте ұмтылып, күрес жасап, терактлерге, лаңкестік әрекеттерге барғанымен, оларының көбісі сәтсіз аяқтады. Ағылшындар тартып алған жерлерін Ирланд Республикасына қоса алмады, не өздері егемендік ала алмады. Мұнысы бейне, Ресей Федерациясында қалған қазақтың ұланғайыр жері сынды іс еді. Бұл күнде біздің Ресейдегі жеріміз хақында ауыз ашудың өзі қиын. Ол арадағы қандастарымыздың дені орыстанып кеткен. Қазақстанға көшкісі де келмейді. Себебі, сана салданғасын, ұлттық түйсік жойылғасын, құлданған ұрпаққа бәрібір. Қытайдағы қазақтар да осының кебін кимек, артын құшпақ. Күні ертең қытайласқан ұрпақ үшін қазақтың мемлекеті, ұлттық құндылықтарымыз көк тиынға есеп. Отанға оралу деген олар үшін күлкілі әңгіме болмақ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-6 13:04:50

Жасырары не, біздің барлығымыздың тілі қытайланған, санасы мәңгүрттенген туыстарымыз бар. Бұл бүгінгі күні біз үшін қалжың мен әзілдің тұздығы болғанымен, күні ертең ол біздің қасыретімізге айналары хақ. Бүгін біз олардың сөйлеген сөздерін, қазақы ділге жат сорақы қылықтарын сан-алуан күлкіге қосып, мәз бола күліскенімізбен, ертең өкіріп тұрып жылайтынымыз хақ. Өлімде көріс айта алмайтын қытайланған қазақты күлкі қылып отырған әжелеріміз немерелерін қытай мектебіне ойланбастан береді. Себебі ми ойланудан қалған. Дербес ойлау қуатынан айырылу деген осы. Қытайша оқыған баласының қазақшаға жат сан алуан қызықтарын бүгінде қызық көріп, күлкіге айналдырғаныңмен, ертең қасыреттен көзіңнен жас та, қан да ағары шын. Себебі сен күлген, қызық көрген кішкентай бүлдіршін қыз ертең сенің келінің болуы мүмкін. Сен күлген, елемеген, қытайша сөйлегені, қытайша оқығаны үшін сен бас қатырмаған шала-дүбара қазақ ертең сенің туған қызыңды алуы мүмкін, саған күйеу бала болуы мүмкін.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-7 09:58:41

Өз тіліңді өзің қастерлемесең, сенің тіліңнің құны, қадірі мен қымбаты өзге үшін көк тиын. Бір ғана мысал келтірелік. Ғаламда жан саны жағынан екі алпауыт ел бар. Бірі - Үндістан, бірі - Қытай. Үндістанда тіл мәселесі-шешілмеген мәселе. Ал Қытайда бұл мәселе шешілген. Өз тілдерін қолданбай, ағылшын тілін мемлекеттік тіл жасаған Үндістанның хинди тілі уақыт өте келе ағылшын тілімен бәсекелестік барысында жеңіліп тынды. Үндістандағы тіл мәселесі - аса күрделі мәселе. Мұнан туындаған саяси қақтығыстар мен тілді негіз қылған діни қақтығыстар, тілді негіз ете қалыптасқан этникалық топтардың, жерлік топтардың арасындағы қақтығыстар Үндістан қоғамындағы басты қайшылықтардың қайнар көзіне айналып отыр. Ағылшындардың отары болған Үндістан сол отар елдің саяси отарлауынан, әскери отарлауынан құтылғанымен, олардың тілдік отарлауынан құтыла алған жоқ. Ағылшын отаршылдарының үстемдігі Үндістанда аяқталғанымен, ағылшын тілінің үстемдігі аяқталған жоқ. Сонымен Үндістанның өз жұрты құрметтей қоймаған хинди тіліне деген халықаралық сұраныс пен халықаралық құрмет те төмендеу болатыны хақ. Әрине, өзіңе керек емес дүние өзгеге тіптен керек емес!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-12-7 11:46:01

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-12-7 11:47 өзгерткен

Үндістаннің жағдайы Қытайға қарағанда күрделілеу. Мұндағы ұлттар мен ұлыстардың саны мол, әрі олардың ұстанған нанымдары да әр түрлі. Тіл аралық айырмасы да ересен жоғары. Бір өлкедегі Үндістан азаматының тілін екінші бір өлкедегі Үндістан азаматының түсінбеуі, білмеуі - қалыпты жағдай. 1949 жылдан бұрын Қытайда мұндай құбылыс бар еді. Бірақ Қытай компартиясы ұлтты бірлікке келтіру мәселесін тыңғылықты істеді. Үндістанда компартия билігін орнатамыз деп жүргендердің аңсайтыны да осындай «ұлы тұтастық». Себебі ағылшын отарлаушылары кеткесін, баяғыдағы алып Үндістан быт-шыт болып, ел-елге жіктелді. Қазіргі Үндістан сол баяғыдағы Үндістанның бір пұшпағы ғана. Ал мұнан ары тағы да жіктеле түсуінің мүмкіндіктері жоғары. Орталық үкіметпен теке-тіреске түсе алатын жерлік билік күшінің ұлғаюы -Отан тұтастығының бүлінуіне апаруы мүмкін. Осындай күрделі мәселелердің барлығында тіл мәселесі қатар жүреді. Әрине, мұнда діндік, нанымдык, дәстүрлік, қаражаттық, өңірлік сынды сан-алуан өзгеше мүдделердің де тоғысы бары хақ, бірақ тіл мәселесі мың-сан мәселенің тамыздығы екені шындық.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 19 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)