Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 44 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ашығында, Маудың Пекиннен шығуы 1949 жылдың желтоқсанының 6-күні еді. Пекиндегі Ши Жымын пойыз бекетінен аттанған Мау өміріндегі бірінші реткі шетел сапарын бастайды. Қытайлар ырымдайтын алты саны күні сапарға шыққан Маудың он күннен соң Мәскеуге жетуінің өзі қызық...

Мау Мәскеуге жеткен күн - Кеңес Одағын ыдыратқан атақты желтоқсан көтерілісінің туылған күні еді...

Араға 37 жыл салып, 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақтар қызыл империяның быт-шытын шығаратын, Кеңестің іргесін сөгетін желтоқсан көтерілісіне шығады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 04:14:57

Бұл замандағы Кеңес Одағы - Қытай қатынастары хақындағы кей шындықтарды біздің мұнан ары қазбалап жазғымыз келмейді. Біздің қызығатынымыз күн көсемдердің тарихы емес, олардың тарихтары өздеріне, өздерінің табынушыларына қызық болса болар-ау, бізге қызық емес. Күн көсемдердің қатынастары кесірінен, миллиондап зардап шеккен қазақтың тағдыры біздің басты назар аударатын түйініміз. Біз осы уақытқа дейін күллі адамзат әлеміне, күллі тарихқа, әуелі, өзіміздің тарихымызға, өзіміздің болмысымызға өзгенің көзімен қарап келдік. Енді өз көзімізбен қарайтын кезге жеттік. Бізді билеушілер біздің санамызға сіңдіріп кеткен құлдық көзқарастан әліге арыла алмай жатырмыз. Осы күнге дейін Қытайдағы қазақтың зиялы қауымы да, Қазақстандағы қазақтардың біраз зиялы қауымы да осы құлдық санамен өмір сүрді. Ақындарымыз бен жазушыларымызды қойшы, олар құлдық заманда, құл иелерінің тілі мен жағы болды, оқығаны мен көргені сол. Жадысына құйғаны сол. Сондықтан олардың қаламынан шығатын дүниелерден қожаларының иісі шығып тұрады. Я, біздің өте, өте аз санды ақындарымыз бен жазушыларымыз мұндай құлдықтан қалыс болды. Бірақ мойындауымыз керек, біздің қазақтың, Қытайдағы қазақтардың да, Қазақстандағы қазақтардың да аса ірі бір қауымы - ақындары, жазушылары, өнер адамдары осы күнге дейін сол құлдық саналарымен келе жатыр...

Оларды осы күнге дейін арылмас, айықпас құлдыққа душар етушілер -жаңағы күн көсемдер еді...

Мау хақында ағылшын тілді басылымдар ашық жазады. Мұның бір себебі бар, бірі - Мау Мәскеуге барған сол замандарда, Мәскеуде батыс қоғамының тілшілері, тыңшылары мол еді. Екіншіден, Кеңеспен арасы бұзылғасын, Маудың Америкамен қатынас орнатқаны еді, онан бұрын да, сінө, Чаплиндердің қызыл Қытаймен қатынасы жаман емес еді. Ал еврей киссиңір (кесенгір-ағылшыншасы:Сұйысушы) Қытайға келгенде Мау хақында күллі батыс қоғамы жаза бастаған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 04:36:56

«The soviet union and communist china, 1945-1950: The arduous road to the alliance» деген кітап бар. Авторы dieter heinzig. Кітаптің атын тәржімаласақ: «Кеңес Одағы және коммунистік Қытай, 1945-1950:Одақтастыққа апаратын машақатты жол» еді. Авторы Диетер Хейнзиг.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 09:42:01

Атақты Нью-Йорк Таймс газеті бар ғой, таймыс сөзі дәуір мағынасын береді. Сайты: Http://www.nytimes.com/

Сонда жазылған мына бір мақала бар екен. Мақала 1976 жылдың 10 қыркүйегінде жарияланыпты. Жалғамасы мынау:

Http://www.nytimes.com/learning/general/onthisday/bday/1226.html

Иә, Мауға басын қатырған шетелдік аз болған жоқ, бірақ Мәкең де біраз елдің басын қатырды және біраз елдің басын шапты.

Бірақ, қалай болмасын, көнекөз жолдасы Стекең өлгенде, оған зор құрмет білдіреді. Күллі Қытайда Стекеңе аза тұтады...

Ал, шетел сайттарына қаралық: Http://www.independent.co.uk/arts-entertainment/books/news/maos-great-leap-forward-killed-45-million-in-four-years-2081630.html

Жалғамасындағы мақалада айтылуынша, «Зор секіріп ілгерілеу» заманындағы 4 жыл ішінде 45 миллион адам жанынан жұда болғанын жазады...

Мұндай сөзі Қытайдың ашық ойлы зиялылары да айта беретін болды бұл күндері. Ашығын айтқанда, арты бірдемеге соғып жүрмесін деп алаңдаудың қажеті жоқ, Қытайдың орталық телеарнасындағы тарих лекцияларын оқушының бірі - бұл хақындағы мәліметті ашық әрі анық айтып жүр. Оның мұндай ашық пікірлері Қытайдың сайттарын толтырып тұр. Әрине, мұндай ашық пікірлердің көрілімі де ересен жоғары...

Википедияның ағылшын тіліндегі нұсқасының мына жалғамасына назар аударыңыз: Http://en.wikipedia.org/wiki/mao_zedong

Мұнда айтылуынша 1959 жылдан 1962 жылдар арасында 30 миллион адам ашаршылық себепті «Маркспен жүздесуге кеткен...»

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 09:50:49

Ашық ойлы Қытай зиялыларының осы тақылеттес сөздері мен шығармалары мол. Мұның біреуін аталық. Оның аты: Юан Тың Фи. Қытайша жазылуы: 袁腾飞. Осы Юанның от аузынан шыққан ащы шындықты соңғы кезде өшіріп үлгіре де алмай жатыр...

Мына бір жалғамасын қараңыздар: Http://so.56.com/index?Key

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 10:04:30

Осы атақты Юан Тың Фидің бірнеше керемет лекциялары бар еді. «Үш жылдық табиғи апат» туралы оның бұл «құдай жіберген апат емес, Мау апаты болды» деген сөздері есте қаларлықтай.

不是天灾,是毛灾

Бұл сөздерді айту себебіміз, біздің кейбір құл саналы, шолақ белсенділеріміз, төңкерістік жастарымыз, қызыл борлаттарын әліге білектерінен шешпей жүр. Пионерліқ сезімде жүргендері қаншама?! Арамызда комсомолдық таныммен жүргендерінің өзі санап-тауысқысыз. Енді соларға біз емес, сол Қытайыңның өзі осындай әңгіме айтып жатыр деп ескертпесек, қорыққандарынан жүректері дүрсілдеп, тілдері салақтап, көздері алақтап, күлтегінді оқып отырған беттерінде «Маркспен жүздесуге» кетіп қалуы бек мүмкін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 10:26:57

Сөзімізге Қытайдың атақты сайттарының бірі болған чайна дот ком дегеннен мысал келтіре кетелік. Үшбу сайт Қытайда заңды, ірі сайттардың бірі. Осы сайттағы мынау мақалаға қараңыздар: Http://club.china.com/data/thread/1011/2715/73/40/7_1.html

Бұл сайттың заңды сайт екендігін білгесін, жаңағындай бауырларымыздың жүрегі орнына түседі деп ойлаймыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 12:46:36

Оқырмандардың түсінуіне қолайлы болуы үшін ағылшын тіліндегі кейбір деректерді бере кеткенді жөн көрдім. Ағылшын тілі екен деп сырт айналмаңыз, мұндағы материалдар өте қарапайым. Бір қараған адамға түсінікті және белгілі. Себебі, «1900-2000 геноцизм ғасыры» делінген осы зерттеу еңбегінде адамзаттың зор қырғындары мен олардың авторларының, уақыты, жері, тудырушысы анық, ашық жазылған.

Сайт жалғамасы: Http://www.scaruffi.com/ politics/ dictat.html

Менше, Бұл сайт Қытайда ашылуы мүмкін...

Мұнан тыс, мына арада тағы бір деректер бар. Http://www.scaruffi.com/politics/ massacre.html

Бұл деректерге сүйенсек, тек қана осыдан тұп-тура жүз жыл бұрынғы қытайлардың шүршіттерден азаттық алу күресінде екі жарым миллионға жуық адам өлген. Ал мұнда жазылған деректерге сүйенсек, Жапон басқыншылары тізе бүккен соң, Қытайдың ішкі жағындағы Мау Зыдұң мен Жяң Жиешінің арасындағы соғыста 1946-1949 жылдар арасында бір миллион екі жүз мың адам өлген!

Шетел жаулары тізе бүккеннен кейінгі Қытайдың өз ішіндегі құқық таласында өлген бұл адамдардың ішіне біздің Шыңжаңдағы қынадай қырылған қазақтардың кірмесі анық.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-17 13:10:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-17 13:12 өзгерткен

Мұндай деректерді мына дереккөздерінен де алуға болады:

Http://www.revleft.com/vb/many-people-were-t114249/index.html?T=114249

Адамзат баласы мәдениетті ғасырға аяқ басты делінген осы заманның өзінде, тіпті сені мен мен өмір сүрген күні кешенің өзінде қатыгездер тарапынан ажал құшқан миллиондаған адамдар, он миллиондаған адамдар, елу миллионға дейінгі алып көрсеткіштер болғанына сенеріңді не сенбесіңді білмей дал боласың, бірақ бұл ащы шындық. Мойында, не мойындама, адамзат баласы, ашығын айтқанда, адами ғұмыр кешкеніне 20-30 жыл да бола қойған жоқ. Сені және мен тура осындай жарты жүз миллион адамдарды ажал жұтқан қан ішінен шығушылармыз. Аман шығушыларымыз. Соғыс ішінен емес, бейбіт замандағы қырғындар ішінен шығушылармыз. Сен де, мен де тәлейлі жандармыз. Себебі, сол жарты жүз миллион жанды жалмаған ажал сізді, бізді аман қалдырған...

Осындай қырғындар себебінен «Convention on the prevention and punishment of the crime of genocide» құрылды. Қытайшасы: 防止及惩治危害种族罪公约

Қазақшаласақ: Нәсілшілдік қылмыстардан сақтану және жазалау халықаралық конвенциясы.

Мұны ғаламтор іздеуіштерінен іздеп, егжей-тегжейлі зерделей аларсыздар дейміз. Аталмыш конвенция 1948 жылы 12 айдың 9-күні Парижде келісілді, 1950 жылы 1 айдың 12-күнінен бастап күшіне ие болды...

Әй. Не десек екен! Адамзаттың құрғақ сөзге ғана айналған заңдары қаншама?! Алпауыттар арасындағы жүз миллиондаған адам өлетін қырғындар алдында менің азғантай халқым неге тұрсын?! Бір жұтқанынан, бір шайнағанынан қалмас-ау...

Ей, жаратушы ием...

Қазақ халқыма өзің ғана пана бол! Бір өзіңнен ғана медет тілейміз!

Жарқын 7 жолданған уақыты: 2011-11-17 14:49:29

Қанды қырғын соғыс заманына қарағанда бейбіт заманда ажал құшушылардың осыншама мол болуы нені білдіреді?

Бұл әрбір ақылды адам баласының ойлануына тұрарлық іс. Адамдар көп жағдайда алдамшы сыртқы көріністерге алданады. Шындығында, адамзат баласы соңғы бір ғасырда өздерінше мәдениетті өмірге аяқ бастық деп ойлайды! Жо-жоқ! Адамзат баласы, шындығында, дамудың керісіне қарай кетіп бара жатыр. Егер мұнымыз асыра айтуға жатар болса, ендеше, қазіргі адамзаттың соңғы бір ғасырдағы өмірінің бұрынғы жабайылық замандардан еш айырмасы жоқ деп айтуымызға болады! Бұл сөздерімізге дәлелдеріміз бар. Асықпаңыз. Сізге дәлелімен, дәйегімен түсіндіреміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-18 00:25:57

1932-1939 жылдар арасында екінші дүниежүзілік соғыстың өрті Кеңес Одағын әліге шарпымаған, ел аман, жұрт тыныш заманда, Иосиф Виссарянович Сталиннің қолынан өлген Кеңес Одағы адамдарының саны 23 миллион болған! Бұл санның Қазақстандағы қырылған төрт жарым миллион қазақты қамтымасы анық. Себебі украиндер Сталин геноцизмін ғаламдық деңгейде көтерді, қазақ билігінің үні шықпай отыр...

Ал, терістік Корейдегі Ким Ерсеннің өзі 1948-1994 жылдар арасында бейбіт заманда бір миллион 600 мың корейдің жанын алған...

Иовговславия компартиясының басшысы Тито ел аман-жұрт тыныш бейбіт заманда, 1945 жылдан 1987 жылдар арасында 570 мың беюаз бұқараның жанын жалмаған...

Адольф Хитлер 1939-1945 жылдар арасында 12 миллион адамның өліміне себепші болған...

Ал, ғаламдық атышулы терроршы, Осама Бен Ладеннің себебінен күллі жер шары бойынша өлген адамдардың саны 3500 болған...

Сонда, кім террорист, жарандар?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-18 00:57:12

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-18 01:06 өзгерткен

Жә, деректерімізді жалғасты келтірелік:

Екінші ғаламдық соғыстағы жапондық (hideki tojo) Хидеки Тожоның 1941-1944 жылдар арасындағы өлтірген адамы бес миллионға жеткен!

Камбоджалық Пол Пот 1975-1979 жылдар арасында бір миллион жеті жүз мың адамның өліміне себепші болған!

Кеңес компартиясының басшысы Леонид Брежнев 1979-1982 жылдар арасында Ауғанстанда тоғыз жүз мың, енді бір айтылымында, бір миллион ауғандықтың өліміне себепші болған!

Ал, ғаламдық екінші соғыстағы фашистік Италияның басшысы Мұссулини- benito mussolini - Эфиопия, Либия мұсылмандарын қанды қырғын астына алады әрі иовгославияны қырғындайды. Мұндағы өлгендердің жалпы саны 300 мыңнан асады. Бірақ арабтардың өлгендерінің саны мұнан көп болуы мүмкін. Себебі ол заманда Либия арабтары әлі де көшпенді еді, олардың тізімдікке ілінгендерінің саны осыншалық еді. Бұлар көбінеки елді, қалалы жердегі арабтардың санағы болса, көшпенді арабтардың италиялықтар қолынан өлгендерінің санын білу мүмкін емес еді...

Тарих қайталанады. Тура осы 2011 жылы өздерін демократияның, еркіндіктің үлгісі көрсететін Еуропа елдері, әсіресе Италия мен Франция Либияға жауыздықпен шабуыл жасады! Алдыңғы жолғы италиялықтардың шабуылын «фашистік шабуыл» деп мойындаған халықаралық қауымдастық италиялықтардың осы жолғы Либия халқына жасаған қырғындарын демократияның жалған, екіжүзді, бетісіз, ұятсыз перделерімен бүркемеледі...

Кім террорист, жарандар? Кім өлтірген адамдардың саны көп? Кім кімдерді миллиондап қырғындайды, әрі өздерін демократияның, еркіндіктің жаршысы етіп көрсетеді?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-18 01:21:33

Кеңестік жүйенің қызылдарының бірі slobodan milosevic - Словодан Милошевич шаңырағы шайқалған иовгославяда 1992 мен 1999 жылдар арасында 100 мың адамның өліміне себепші болды!

Бұлар бастабында дінсіз, құдайсыз атеисттер еді, кейін кеңес құлағасын, өздерін батыстық христандық (провослав) нанымдарда екендіктерін жариялап, батыстан рухани қолдау күте отыра, ондағы жазықсыз жандарды қынадай қырғанда, күні кешегі мәдениетті адамзат қоғамы үнсіз қарап отырды. Бұл хақында гугл, байду іздеуіштерінен slobodan milošević деп іздеңіз. Кеңестің соңғы қанішерлерінің бірі болған бұл жендеттің кім болғанымен таныса бастайсыз...

Қытайлар мұны 斯洛博丹•米洛舍维奇деп атаса, өз тілдерінде Слободан Милошевић деп, орысша Слободан Милошевич деп атайды. Ескерте кетелік...

Иовговславя деген сөз -юг деген оңтүстік, түстік мағынасын беретін славян сөзімен «славян» сөзінің бірігуінен шыққан. Демек, бұлар өздерін түстіктің славяндарымыз деп біледі. Естеріңізге тағы сала кетейік, славый сөзі орыстың өз тілінде әлсіз, нашар, қораш мағынасын береді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-18 01:50:15

Милошевичтің соңғы өмірі қоршылық ішінде өтеді. Бірақ екі қолы мұсылмандардың қанына малынған қанішердің өлімі де сырлы болды. Мәскеудің ең адал мүриті болған Милошевичтің халықаралық соттағы талаптары халықаралық сот мамандары тарапынан тойтарылып отырды. Ол өзінің жүрек ауруын сылтауратып, Мәскеуге барып емделуді сұраған еді, халықаралық соттан. Я, аталмыш қанішердің жарылқаушысы да, қорғаушысы да Мәскеу еді. Бірақ Мәскеудің өзі ол заманд, Америка күштері Иовгославяны быт-шыт қылып жатқанда, құйрығын бұтына қысып алған қорқақ иттің халінде болатын...

Сол замандарда орыстар өздерінің бауырластары, славян туысқандары болған Иогосалвяға әскери көмектеседі деп ойлап еді кей сарапшылар. Әуелі Қытайдың өзі Иовгославяда кәдімгідей белсенді әрекеттерге барған еді. Арты не болғанын мұндағы жұрт біледі...

«әусәй» кеткен Американың оғы Қытай елшілігінің шаңырағын ортасына түсіргенде барып қытекеңдер есін бір жыяды. Ой, Америка-ай десеңші...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-18 02:09:49

Ветнам компартиясының көсемі Ху Жемің 1953 жыл мен 1956 жылдар арасында 200 мың адамның ажалына себепші болады. Оны ағылшынша ho chi min немесе chí minh деп, қытайша 胡志明 деп іздесеңіздер көп ақпаратқа ие боласыздар...

Қысқасы, Қытайларда бір ғажап мақал бар: 胜者为王,败者为寇 дейді, мұны кейде 成则为王,败则为寇 деп те, қысқартып 成王败寇 деп те айтады, Мағынасы: Жеңген - патша, жеңілген - қарақшы!

Кейде тағдырдың жазуымен жеңіске жеткен қарақшының өзіне жарқын образ сомдап алатыны болады. Мысалы, адамзат баласы Кеңес ыдырағанға дейін Кеңес Одағының адамзат тарихындағы ең қанішер, ең қорқынышты, ең сұмдық ел болғанын білген жоқ...

Мұндағы адамдар екі қолы қанға малынған көсемдерді құдайдай сыйлады, табынды, ең соңында құдай жасап алды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-18 02:28:22

Сен қауіпсізсің бе? Сенің балаң қауіпсіз ортада өмір сүре ала ма? Сенің үрім-бұтағың, туыс-туғаның қауіпсіз ортада өмір сүре ме? Сен өзіңді адам ретінде сезінесің, бірақ басқалар сені адам ретінде қарай ма? Елу-алпыс жыл бұрын, сенің ата-анаңның ата-аналарын, туыстарын кім, қашан, қай жерде қырғындады?! Ру-руымен, ел-елімен жойылып кеткен туыстарыңды білесің бе?

Қырық-елу жыл бұрын, сенің әке-шешең көрген қорлықты сен естіген бе едің?!

Тарих қайталанады.Тарих қашан да қайталанады. Тарих қайталана береді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-18 14:01:06

Бүгін қасиетті жұма!

Қасиетті жұмада не тілеген тілегің қабыл болмақ! Қасиетті жұма күнінде Алла тағаладан елімізге тыныштық пен береке тілейік! Қазақ халқының егемендігінің баянды болуын тілейік! Соңғы кездері елімізде дін атын жамылған дұшпандар бірнеше мәрте лаңкестік әрекеттер жасады. Ашығын айту керек, олар - исламға күйе жағушылар. Олар - исламның құндылықтарын, исламның ең негізгі ұстанымдарының өзін тәрк етушілер. Олар - исламнан жат, ислам оларға жат.

Олардың қазақ ұлты емес екендігі, жасанған, жабдынған шетел күштері екендігі анықталып келе жатыр. Арабтың мұнайын бөлісіп болған батыс күштері ендігіде қазақтың мұнайы мен газына ғана қарап тұр. Сілекейлері шұбырып қарап отыр. Мақсаттары - байлық. Арабтар байлығы үшін құрбандыққа шалынды...

Біз барша ұлтжанды азаматтар, қазақ халқына баянды бақ, тыныш өмір, баяшатты өмір, иманды ғұмыр тілейік!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-19 02:07:19

Ассалаумағалайкум, қадірлі жамағат!

Бүгін қасиетті жұма.

Жұма намазында айтылған уағыз ерекше болды. Қазақстан имамдарының білімділігіне, біліктілігіне, білімдерінің жан-жақты әрі молдығына дән риза боласың...

Ту сонау Бұқар жыраудан бастап, Абай атамыздың өлеңдерінен, сөздерінен мысал келтіріп отырып, атам қазақтың хақ исламды қалай ұстанғандығын, біздің әрбір салтымыз бен санамыздағы исламдық негіздерді зерделеп бергенде, имани, тарихи, әдеби білімдері телегей теңіз молдаларымызға бір риза боласың-ау...

Иә. Бүгін ерекше күн. Бүгін 2011 жылдың қарашасының 18 күні!

Бұл күнді қазақтың барша ұлтжанды азаматтары ұмытпауы керек! Себебі, біздің біртұтас қазақ мемлекетіміздің Алла берген бағын қызғанушылар бар. Біз қашан да сауысқаннан сақ болуымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығы, тыныштығы, дамуы мен өркендеуі жолында жанымыз пида!

Мемлекеттік мүддеміздің алдында бізде бауыр да, туыс та, туған да жоқ. Екі туып бір қалғанымыз болса да, еліміздің егемендігіне, мемлекетіміздің тұтастығына зәредей зияны болатын болса, сол біздің ата жауымыз болмақ!

Сыйласқанға құшағымыз ашық, ал дұспандасса, аянар қазақ баласы жоқ!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-19 02:29:46

Осыдан бес жыл бұрын Алматының іргесіндегі Шелек ауылында барша қазақ қандының жүрегіне жара салған аса ауыр оқиға болды. Бірақ осы оқиға және осы оқиғаға тізбектес туылған Малыбай ауылындағы оқиға, оған жалғасты Тасқарасу (Ташқарасу) ауылындағы оқиғалар бірінен соң бірі туылып, ұйқыда жатқан қазақ зиялыларының тәтті ұйқысын бұзып, «бауырластық, туыстық» деген жалған да жылтырақ бояулармен боялған, «тату -тәтті, көп ұлтты, берекелі, ортақ үйіміз - Қазақстан» - деген бүркеншіктің астындағы бітеу жара жарылып, аңқау да сәби саналы зиялыларымыз, қоғам қайраткерлері сол сәттен бастап, ащы шындықты қабылдауға мәжбүр болды...

Біздің қоғам қайраткерлерінде, біздің саясаткерлерімізде, ең қарапайымы, біздің медиалық топтардағы белсенді азаматтарымызда саяси көрегендіктің кемшіл екендігін сонда көрдік. Я, ту сонау Қытайдан келіп, осы тектес оқиғаның түбі бір боларын айтып зарлаған Қытай қазақтарының айтқаны келді...

Аңқау қазақты алдап, аңқитқысы келетін ағайындарымыздың арамзалығын сонда көрдік. Иә, біз рулық-тайпалық деңгейде орманда жасап жатқан ел емеспіз. Біз - Қазақ деген мемлекетпіз. Мемлекетте өзінің заңы, ұстанымы болады. Мемлекетте туыс, бауыр болмайды. Болған күнде де ол мүдделер тоғысынан ғана туындайды. Біздің зиялы жігіміз, біздің саясаткерлеріміз осыны анық ұғынғаны абзал. Құдайға шүкір, соңғы кезде осы тектес оқиғалар біздің қоғамның ұлттық көзқарасын өзгертті, кем дегенде аңқау, аңғал, бейғам қазақ кімнің кім екенін білді. Түлкі маймөңкенің ар жағындағы бақай есепті көрді...

Қазақ енді осы көргенін тез арада ұмытпаса болғаны...

Я, біз ұмытшақ халықпыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-19 02:48:21

Бұл оқиғалар хақында оқырмандарымызға мұнан бұрын да айтқанбыз. Қазір де айта кетсек артық болмас дейміз. Ойлы оқырманның бұл хақындағы шығармаларды өздері іздеп тауып оқуы үшін, төмендегідей сілтеме береміз:


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)