Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 41 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ол заманда Мәскеуге келу үшін Маудың паспорт немесе виза дайындамағаны шын...

Бірақ қалай болмасын, Мәукең ақсақал Мәскеуге келу үшін маған қарағанда көп қиналған көрінеді...

Оны тарихи естеліктерде жазады...

Тіпті Мәскеуге қарай «міне жүреміз, әне жүреміз» деп, жүк-мүгін, қоржын-қонышын қамдап, буып-түйіп отырғанда, қаһарлы һәм қасиетті Мәскеуден «киелі» хабар жетіп, үшбу сапардың күшінен қалдырылғандығын айтқанда, біздің Мәукеңнің қаншалықты нашар көңіл-күйде болғанын біз жақсы түсіне аламыз...

Себебі баяғыда Қазақстанның Пекиндегі, Үрімшідегі және Шяңгаңдағы елшілігінен виза ала алмаған сәттерімде менің де аса қатты торығып, ашуланып, ширығып, буырқанып, түңіліп, долданып, т.б. болып кететінім есімнен шығар емес.

...Мәукең де сондай болған шығар-ау...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-12 21:08:00

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-12 21:19 өзгерткен

Бұл дүниеде барам деген жеріңе бара алмағаннан, жетем дегеніңе жете алмағаннан арман өкініш бар ма?!

Мәукеңнің Мәскеуге баруында жоғарыдағыдан да сорақы бір іс болған. Сол замандарда, Алла разылығы үшін қажылық парызын өтемекке Меккені зарыға аңсаған тақуа мұсылманша Мәукең Мәскеу жаққа қарап зарығып жүрген заманда Мәскеу аяқ-астынан Мәукеңе ұшақ жіберетін болады ғой. Сонымен орыстың ұшағын қондыратын әуежай жасауға тура келеді. Ол заманда Мәукең тау-тастың арасында қашып-пысып жүрген жан ғой. Сонымен соншама адамды соншама уақыт жұмылдырып, ақ тер-көк тер қыла отырып, орыс ұшағы қонатын әуежай соқтырады ғой...

Бірақ келем деген орыстың ұшағы келмей қалады...

Ой, масқара-ай десеңші...

Сталиннің сесі ме, айбары ма, айласы ма, ит білсін бе, біздің күн көсемімізді осылайша әуре-сарсаңға салады ғой, көріңде өкіргір!

Міне, қараңыз! Біздің күн көсеміміз «бізді» азат ету үшін нені көрмеді ғой дейсіз! Бәрін де көрді!

Мәукеңнің Мәскеуге жете алмаған әңгімесі есіме түскен сайын осы әңгімені айтып, виза әлегінде жүрген таныс-білістерімді жұбататыным бар болатұғын!

«Сен түгілі күн көсем Маудың өзі Сәбеттің визасын ала алмай сарпалдаң болған, оның қасында сен кім едің, тәйірі» - деп, Үрімжідегі Қазақстан елшілігі алдында сарғайған, сарпалдаңға түскен таныстарымды жұбататынмын...

Я, біздің біраз кісілер, әсіресе жасы үлкен кісілер әліге дейін егемен Қазақстан атауының орнына «Сәбет» деген атауды қолданады. Сәбеті қазақшаланып кеткен орыстың Советі ғой. Қазақстан сол Сәбеттен егемендік алғанымен, елді баяғыдай сол «Сәбеттіктер» билеп-төстеп отыр ғой. Адамын қойшы, Сәбеттік болса бола берсін, мәселе олардың санасы Сәбеттік болып тұр емес пе?! Болмаса Үрімжідегі, Пекиндегі Қазақстан елшілігі алдында өзінің қаракөз қазағын соншама ит әуреге салмас еді. Себебі, олардың жаны, рухы, ойы, ойламы, нанымы, діні, ділі - Сәбеттік еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-12 21:35:29

Қытайдың екі жүз түмен қазағының виза азабын тартпағаны бар ма екен?! Менше, жоқ! Бұл күнде ауылға барсаң да, қалаға барсаң да визаның әлегінің әңгімесі! Сол үшін осы жылдың көктемінде біраз уақыт «ереуіл атқа ер салып, еңку-еңку жер шалып», Алаш баласының арманы үшін атқа қонған ек.

Мен кейде аң-таң қаламын, бұл қазақ деген халық ғажап-ақ халық! Ел аман, жұрт тынышта, заманның кең кезінде ешқашан ертеңін ойламайды. Ал заман тарылса, Қазақтан ақылды ел болмай қалады. Заманның кең кезінде бұл қазақ бір ғана нәрсені ойлайды. Онысы - той! Ертең үшін екі теңгесін іріккенді білмейтін қазақтың «Тарта жесең тай қалады, қорқа жесең қой қалады» деген мақалды қалай шығарғанына таңмын! «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - көншарық» деген сынды мақалдарды осы біздің қазақтың өзі шығарды ма, әлде қазақ ішіне сіңісіп кеткен жойттар шығарды ма, ол жағын білмеймін?! Күмәнім бар!

Есту хабарларға қарағанда, осы жылдың көктемінде күллі Қытай қазағын визадан тарықтырып, зар жылатқан «Сәбеттіктің» орнына келген Сәрсебаев деген қазақ қазірше Үрімжіде оңды жұмыстармен айналысып жатыр дейді. Бұл хақында ақпараттардан оқып-біліп отырмыз. Тек біздің сатымсақ ақпаратымыз шын сөйлесе! Кәрі бақсының алжыған жыны құсап, ойдан-қырдан қоспаса болғаны. Қара қазақтың қамы үшін Үрімжі жағалаған зиялыларымыздың қашан да белсенді һәм сергек болғанын сұраймыз. Жыламаған балаға туған анасы да емшек бермейді ғой...

Қытайдың қазағы енді шекара саудасына хош айта берсін!

Қытай қазағының біразы осы шекара сауда арқылы байыған еді, енді мұның өзін Мәскеу артық көрді. Мәскеудің құшағына қайтадан құлаған қазақ билігі «Кеден одағы» деген бәлеге кірді. Бұл кеден одағы дегеннің бұрынғы саяси құлдықтың үстіне қаржылық құлдықты жамайтын тұстарының бар екендігі шын!

Жақында орыстың ұлтшылы, орыстың жаңа фашистік идеяларының қолдаушысы, қорғаушысы, әсіре ұлтшыл, әсіре орысшыл Путин «кеден одағының» «Кеңес Одағына» қарай дамитындығын меңзейтін хабарларын тарата бастады...

Алла онан сақтасын!

Қазақтың егемендігі баянды болсын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-12 21:50:08

Қытайдың қазағы қашан да жайбасар. Баяғыда Дың заманында Дың шал қолымен батыс жақты нұсқап, қытайларға сол жаққа қарай беттеуді айтқанда, есі бар қытайдың барлығы Кеңес Одағы елдеріне лап қойды! Иә, Кеңес Одағына лап қоюдан бұрын бұлар Мау заманындағы саналарына салынған құлпыларының татын сүртіп, онысын ептеп-ептеп ашып, қорқа-қорқа Еуропаға, тартына-тартына Америкаға барып, кең әлемді көріп, ата жауы Жапонның жетістігіне таңырқап болған заман еді. Сол заманда Мәскеу хақында, Кеңес Одағындағы сауда хақында Қытай ақпараты молынан айтты...

Біз сол жолғы құла тасқында да қалыс қалдық...

Біздің ақпаратымызда ол айтылған жоқ...

Кеңес одағымен арадағы сауданың қызығын алғаш көрушілер қытайлар болды, сосын ұйғырлар болды. Қытай мен ұйғыр байып, қоңданып, кекіреленіп, шырт түкірер дәрежеге барғанда, біздің қазақ қорқа-қорқа отырып, шекара маңына келіп көрді, дүрсілдеген жүрегін қолымен басып, тәубесін үйіре отырып, Сәбеттегі туыстарын шақыртып, хат алысуға ойысты. Ал біз осыған ойысқан тұста сонау Қашқардағы қара сарт қорғастың шекарасында ақша жасап алған болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 00:19:44

Жә, Мәскеуімізді жалғастыралық....

Мәскеуге Мау неге келді?!

Бір ауыз сөз. Алақанын жайып, ақша сұрай келді. Мау диқанның баласы ғой, өмірінде шетел барып көрмеген. Қытайдың 24 тарихын жатқа білгенімен, Қытайдың арғы-бергі ғұламаларының, саясаткерлерінің, ақындарының шығармаларын жатқа білгенімен, мұнысы оның соғыстағы, саяси күрестегі шеберлігі үшін ғана ес қатқан болатын. Кіммен дос болу керек екенін, кіммен қас болу керек екенін Мау Қытайдың ескі кітаптарынан жеріне жеткізе оқығанымен, билік тізгінін өз қолына алғасын, бейбіт заманда шаруашылықты қалай шалқыту керек екенін білмеуші еді. сол үшін, Мәскеуге «қызыл биліктің номын» алу үшін келді. Баяғыдағы Таң патшалығы заманында Қытайды билеген түркі патшасы Таң Шуанзаң монахты Үндістанға будда номын алып келуге аттандырады ғой. Бейне сол сынды қызыл биліктің Қытайдағы құрушысы қызыл биліктің орыстық үлгісін үйренбекке келді. Мұнан да маңызды мақсаты - Мәскеуден ақша қарыз сұрауға келді. Қаржылық, саяси, техникалық көмек сұрап келді...

Себебі, Мау Мәскеуге келген заманда, Қытай дегеніңіз сіңірі шыққан, қазақша айтқанда сығарға биті, үрерге иті жоқ, нағыз тақыр-таза кедей ел болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 13:34:53

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-13 15:37 өзгерткен

Қормал партияңыздың қамқор саясатына біздің еш қарсылығымыз жоқ, партияңызға біздің алғысымызды жеткізе жатарсыз. Оларға Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин, Бухарин, Троцкий, Каменов, Зиновиев, Мау, Жоу, Ким, Кастро т. б.-лардың «аруағы разы болсын!»...

Виза мәселесінде қиындықтың болуының Қытаймен қатысы жоғын тілі шыққан балаға дейін біледі. Ол жағында біз «қормал партияны» жалалаудан аулақпыз. Қазақтың визасын қызыл паспортқа жапсырғанымен, берушісі қызыл тулылар емес, көк тулылар ғой. Бұл қарапайым сауат. Біздің айтқанымыз, тек сол берушілердің «Советтік» адамдар болғаны ғана...

Танымдық жақтан айқын болу үшін қайталай түсіндіре кетуді жөн көрдік...

Қытай орталық телеарнасындағы атағы Алатаудай мәлім телеарна жүргізушісінің жойылған мұңғыл тілі хақындағы «парасатты тұжырымдамасы» Қытай тілді аудиторияда біраз дүмпу қозғағаны белгілі, бірақ бір анығы, соны айтқан адамның өзі мұңғылшаны білмейді! Мұңғыл тілін баяғыда ұмытқан. Кем дегенде, біз оның өз ана тілінде бейне си си ти видегідегідей «гәпіре» алмасын білеміз. Енді осы бір «тілсіздің» пәлсапасына бас шүлгудің өзі қаншалық? Өзі ұмытқан, өзіне көк тиынға керек болмаған ана тілі хақында соның сөйлеу құқы бар ма екен деші?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 13:59:26

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-13 14:02 өзгерткен

Жә, сұрақ-жауаптарды қысқа-нұсқа қайырдық.

Кейбір оқырмандардың менің электрондық поштама хат жазып, (qazaqya@gmail.com) сұрақтар қойғандарына айтар жауабым:

Сұрақтарыңызды, мүмкін болса, осы сұхбатта қойыңыздар. Егер жекелік құпиялық болмаса. Күлтегін сұхбатындағы азаматтарға Алла разы болсын, үшбу сұхбат ғылыми талқы ортасын жаратып отыр, мұнысы жағынан Қытай қазақтары сайттары ішінде даралап алға келе жатыр.

Жә, енді рұхсат болса, «Мәскеуімізді» жалғастыралық.

Маудың Мәскеудегі сапары хақында қытай да, орыс та, ағылшын да өз ұстанымдарын, өз көзқарастарын жазды, Маудың Мәскеу сапары күллі ғаламның саясатына ықпал етті, үйектенген ғаламның жіктеле түсуін тездетті. Біз енді олардың барлығынан бөлек халде үшбу сапардың қазаққа болған ықпалы хақында жазалық...

«Ұшарын жел, қонарын сай білген» деген сөз арқылы атам қазақ иен даладағы қауқарсыз һәм тамырсыз қаңбақты суреттеуші еді ғой, ол заманда біздің, біздің Қытайдағы қазақтың ұшарын Мәскеу, қонарын Мау белгіледі ғой. Мәскеу мен Қытайдың басшыларының ара қатынасы қазақтардың, ашығын айтқанда, Қытайдағы қазақтардың тағдырын төтеден төте шешіп отырды. Қазақтың қыл үстіндегі тағдыры қас пен көздің арасындағы сезімдік өзгерістер арқылы-ақ шешіле салынды. Ұстараның дүзінде тұрған, не ары, не бері болуы мүмкін, миллиондаған адамдардың тағдыры көсемдер арасындағы көсемдік байланыстардың ыстық-суығына ғана байланысты болды. Күн көсемдердің қабағы жайдары заманда мұндағы қазақтар арқа-жәарқа, емін-еркін өмір сүрсе, күн көсемдердің қабағына зәредей ызғар біткенде, мұндағы қазақтардың тағдырында алай-дүлей боран, құла қара тасқын, жер-аспан шайқалған, зілзала болып отырды. Ашығын айтқанда, біз, біз өзіміз айтқан қаңбақтың халін кештік. Өз тағдырымызды өзіміз шеше алмадық. Біз жаңағы қаңбақтан еш айырмасыз, еш ырықсыз қалде өмір кештік. Тұр десе тұрдық, отыр десе отырдық, жат десе жаттық, биле десе биледік, мақтап ән айт десе аспандатық ахаулатып мақтадық, өзіңнен-өзің жерін десе өзімізден-өзіміз жерініп шыға келдік! Ашығын айтқанда, өл десе өлдік, қырыл десе қырылдық!

Бұл тарихтар өтірік пе? Өз өміріңді өзің емес, өзге шешкені өтірік пе, қазақ баласы?! Қазақтың мен жек көретін бір мақалы бар, қазақтың мұндай қырсықты мақалдарын ғұлама Абай да сындаған еді, біз өзімізді Абайға теңестіргіміз келмейді, Абай қайда, біз қайда! Адамзаттың Абайына Алла разы болсын! Бірақ айтпасымызға болмады, бұл қазақ бұл күнде «Көппен көрген ұлы той» дейді! Бүйткен тойы құрысын! Сол көбің нені білдіреді?! Топас, тобырды да, күстабан құлды да көп деуге болады, мәселе сол көптің қандай көп екендігінде ғой! Сол көпке сенеміз деп жүріп, «көп-көп» қырылғанымыз өтірік пе?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 17:10:47

«Біз өзіміздің атамекенімізде отырмыз, ешқайда бармаймыз, ешқайда көшпейміз» - дейді менің кейбір туысқандарым! Бұған қайсыбір кезекті Қытай сапарында, Назарбайдың «Қытайдың қазақтары өздерінің атамекенінде отыр» деген сөзі хадистен іздегенін құраннан тауып бергендей-ақ болды.

Иә, мен бұған басы бүтін келісемін!

Бұл жаһанда атамекенінде отырмаған кім бар?!

Санап көрелік!

Америкадағы маялар, әстектер, жалпы мұңғыл-түркі өңдес абориген қауымдардың барлығы өздерінің атамекендерінде отыр! Бірақ қалай отыр, гәп сонда!

Австралиядағы байырғы тұрғындар - мәулилер де өздерінің атамекендерінде отыр. Олар Австраляның атын да өзгертпекке ниеттеніп жүр. Олардың бұл аралды өз тілдерінде атағысы бар...

Түрлері негрлерге де келетін, Оңтүстік Тынық мұхит аралдары тұрғындарына да келетін осы жабайы тайпалардың қазіргі халі қалай? Бұл жерді жаулаған ағылшын тұқымдарынан олар мәңгі-бақи есе-теңдік ала алмақ емес! Ақиқаты бір Аллаға аян! Олар нәсіл ретінде, ұлт ретінде, тұқым ретінде жойылудың ар жақ-бер жағында отыр. Американы жаулап алған ағылшындар, испандар, португалдар ол арадағы жабайы туыстарымызды қырып салды, қазіргісінің қалы белгілі. Осы заманның құлдары деңгейінде бар мен жоқтың арасында ғана жүрген тобырлар ғана. Не елдігі - мемлекеттілігі жоқ. Баяғыдағы олар құрған сырлы мәдениеттері мен құдіретті мемлекеттерінің күлі көкке ұшып, келмеске кеткен. Онысын Американың үндістерге қатысты киноларынан ғана көре аламыз. Жан бармас иен таулардағы үндіс шалдарының балаларға айтатын адам сенгісіз ертегілерінде ғана қалған сол тарихты, сол «атамекенді» итке берсін!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 17:30:52

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-11-13 17:32 өзгерткен

Оқырмандарға түсінікті болуы үшін, ашығын айтқанда, азшылық әрі әлсіз қауымдардың көпшілік әрі күшті қауымдар жағынан қалай құртылатындығын біле түсуі үшін мынадай дереккөздерін бере кеткенді жөн көрдім.

Гугл немесе байду іздеуіштерінен Австралия байырғы тұрғындары, Австралия аборигендері, қытайша «澳大利亚土著人» деп іздесеңіздер, бұған қатысты көл-көсір деректерді таба аласыздар. Бұл бейбақ қауым соңғы кезде саяси күрестерге де ниеттеніп келе жатыр. Сиденейдейдегі олимпияда шаршы алаңды айнала жүгіріп, күллі ғаламды шулатқан анау бір қара қыздың көтеріп алған туы осылардың армандаған егемен немесе автономиясының туы.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 18:47:42

Ащы шындық алдында адам баласы үшін екі түрлі таңдау бар. Бірі - ақылды адамның таңдауы. Ол ащы ақиқатты шынайы мойындайды, әрі сол үшін күреседі. Өзін, ұрпағын қиындықтан құтқарудың жолын іздейді. Бұндай мүмкіндікті таңдаған адамның жеңіске жетуінің мүмкіндігі, математикалық ықтималдықпен есептегенде, екіден бір болады. Екінші түрлі таңдау бар. Бұл -ақымақ адамдардың, ирадасы әлсіз адамдардың таңдауы. Олар жаңағы ащы ақиқатты қабылдай алмайды. Олар ащы әрі қорқынышты шындық алдында, өздерін өзгертуді емес, шындықты өзгертуді қалайды, сөйтеді де, объектив емес, субъектив қиялға салынады. Ашығын айтқанда, олар жаңағы ақиқаттың «ащылық» деңгейін төмендетіп бағалайды. Ашық күнге төте қарай алмайды да, көздеріне түсті көзілдірік киеді, сол арқылы «бүгін күн ашық емес» деген тұжырым жасайды. Бірақ күн баяғысындай аспанда тұрғанын, күннің ашық, күн нұрының ащы екендігін, яғни ақиқат шындықтың ащы екендігін мойындамайды! Яғни шындықты мойындаудан жалтарады. Бір сөзбен айтқанда өзін-өзі алдайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 18:54:09

Мұндайлардың жеңіске жетуінің мүмкіндігі жоқ болады, яғни мүлде жеңіледі. Математикалық ықтималдықпен айтқанда, мұндайдың жеңіске жетуінің ықтималдығы нөл болады. Себебі, ол таңдау жасаған жоқ.

Бір мысал келтірелік:

Тау арасында сайда бір әскери қосын бекініп жатыр делік. Аяқ астынан алыстан шарлаушының хабары жетеді. «Қолбасы, алыстан аспанды торлаған шаң көрінді, жер қайысқан қалың қол келе жатқан болуы мүмкін» - десін!

Мұндай жағдайда, ақылды қолбасы дайындалады, сөйтеді де, аман қалудың қамын, қарекетін істейді. Барлаушыларын жібереді, жерді тыңдатады, бақылатады. Өзі де дайындалады, мұсылманша айтқанда, Алладан да тілейді әрі өзі тілегіне сай қарекетін де етеді. Тілегіне сай амалын жасайды. Ал егер ақымақ қолбасы болса, бұл шаңның «жай ғана шаң болуын» тілеп, әрі өзі соған рухани сеніп, еш қарекетсіз отырады. Осының кесірінен басы шабылып, жасағының тоз-тозы шығуы әбден мүмкін...

Қазақты құртатыны да осы қамсыздығы. Қазақты құртатыны да осы қарекетсіздігі!

Алладан тіле, тілегіңе сай амалын жаса!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 19:14:26

Жан саны аз, күші әлсіз ұлттарды жан саны көп, күші мығым ұлттардың отарлауы, олардың елін, жерін тартып алып, қызын күң, ұлын құл қылуы екі түрлі жолмен іске асады. Бірі - адамзат баласы атамзаманнан қолданып келе жатқан ең ескі тәсіл. Яғни, әскери жаулап алу тәсілі. Сосын кәдімгі адамгершілікке жат, хайуани ниеттегі қып-қызыл қырғындарды ұйымдастыру! Осы заманның тілімен айтқанда, тұқымын тұздай құрту. Халықара тілімен айтқанда, нәсілдік құртумен айналысу. Геноцизм жасау!

Қазақ мұны да көрді! Көргенде көп көрді! Бізді ұлт ретінде, нәсіл ретінде, халық ретінде жер бетінен мүлде жойып жібергісі келгендер біздің арғы-бергі тарихымызда қанша рет болды! Бірақ бір Алланың құдіретімен біз әлі де қазақ болып келе жатырмыз. Қазақты құртпақ болғандардың өзі құртылып кетті! Қазақ мұны кеше ғана орыстан көрді. Онан бұрынғысын біз қазбаламадық...

Қазақ мұны елге де істеді. Ашынғаннан, күйгеннен, амалсыздан істеді. Жұңғарларды жер бетінен тып-типыл жоюдың, қалмақ тайпаларын ру-ру, тайпа-тайпа ретінде құртып жіберудің тарихи шындықтары осы!

Қазір бұл түрдегі жаулаудың түрі молайып, технологиясы көбейді, дамыды. Қазір төтеден төте қырғындайтын болды. Алдымен біреуді-біреуге айдап салатын болды. Екі алпауыт келіседі де, бір елді өзара қырқыстырып қояды немесе бір елді екінші бір елмен қырқыстырады. Екі алып биге шығады. Өзара қырылысқандар да, өзгемен қырылысқандар да алпауыттардан қару сатып алады, байытады, өздері кедейленеді, ақырында жаңағы алпауыттардың қаржылық құлдануына ұшырайды!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-13 19:32:47

Күші әлсіз, саны аз ұлттарды күші мығым, саны мол өктем ұлттың, озбыр күштің иесі жаулап алудың қазіргі замандық бір әдісі бар. Ол - қаржылық, қаражаттық жақтан құлдану!

Бұны қазіргі ғаламдық жағдайдан анық біліп отырмыз...

Ағылшындардың, португалдардың, испандардың, соңыра ала сәтсіз болса да бастапқы француздардың (Канададағы кубек француздары) Американы жаулап алу барысы осы екі әдіс арқылы іске асты. Іске асқанда да бұл екі әдісті олар рет-ретімен қолданды. Алдымен қырып салды. Ру-ру күйінде, тайпа-тайпа күйінде үндістерді жойып жіберді. Сосын қалғанын иен далаға көшірді. Адам баласы бармас, суы аз, шөбі нашар, қуаң, нашар аймақтарға көшірді. Ал мұның дертін бүгінгі сол үндіс ұрпақтары көріп отыр. Қазір Америка құрлығындағы елдердің барлығында жаңағы жаулаушылардың ұрпақтарының билігі орнады. Ағылшындар Америкада, Канадада ел құрды. Португалдар Бразилияны құрды. Испандар күллі Латын Америка құрлығындағы Бразилиядан басқа Чили, Аргентина, Мексика, Куба сынды ірілі-ұсақты елдерді құрып шыға келді. Бұл күнде Кубадан басқасының барлығында кісілік құқықтар қамтамасыз етілгенімен, халықаралық адам құқы нормаларына сай елдер болғанымен, мұндағы үндістердің халі қатты нашар! Яғни үндістер өздерінің атамекендерінде, ата-бабаларының байырғы Отандарында, мұнда ең нашар тұратын жұрт! Тұқымы да өспей қалған! Мәдениеті дамымай қалған! Өздері қайыршының қалінде. Қала жағалағаны жаңағы отаршылардың ұрпағына құл болса, иен даладағылары саяхатшылардың садақасымен шықпа жаным шықпаның күнін көруде...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 36 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)