Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 39 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Шыны керек, Қытай да, орыс та қанды қырғынға толы төңкерістік идеялардың улауында жүргенде, батыс қоғамы адами құндылықтарды әлдеқайда құрметтейтін өркениетке қадам басқан болатын...

1911 жылғы Сұн мырза көтерілісі Мәскеудегі, Петербургтағы орыс-еврей революционерлерінің қаржылай көмегі арқылы болды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 10:10:19

Жяң Жиешінің саяси көрегендігі бар еді. Мәскеудің арам мақсатын күллі Қытай төңкерісшілдері ішінен ең алдымен сезе алғаны осы Жяң Жиеші болды. Жяң жиеші ұлтшыл еді. Ол үшін Қытайдың мүддесі ең жоғары болды. Қытайда қоныстанған өзге азшылық ұлттардың мүддесі Жяңның түсіне де кірмейтін. Ол ең алғашқы Мәскеу сапарының өзінде-ақ, Мәскеудің Қытай төңкерісін қолдаудағы мақсатының ар жағында, Қытайды қытай, тибет, мұңғыл, мұсылман қауымы ретінде бөлшектеу арам пиғылы барлығын байқады...

Ал, Сұн не үшін Жяң Жиешіні Мәскеуге жіберді?

Ол заманда Жяң Жиеші қатардағы қарашаның бірі ғана еді. Сұнның айналасындағы беделді, іскер саясаткерлерге қарағанда, оқу-тоқуы жоқ, саяси беделі төмен Жяң Жиешіні Мәскеуге жіберу Сұн үшін қауіпсіздеу болды. Жяңның Мәскеу сапары оның тағдырын біржолата өзгертті...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 13:49:40

Билік таласы үнемі осындай кездейсоқ құбылыстарды тудырады. Сұн өз айналасындағы өзімен парапар қабілеттегі адамдардан қауіптенді. Ұлты үшін жанын пида еткен қаһармандардың да осындай пендешілігі болатыны бар. Мұның кейбірі жай ғана сақсыну деңгейінде болса, кейі төңкерістен соңғы жан алып-жан беретін ішкі қырқыстарға ұласатыны хақ. Бұған дәлел, Лениннің өзі әп-әдемі бір партияны большевик (көп сандылар) және меньшевик (аз сандылар) деп екіге жіктеп алды.

Онан ары өзіне қарсыларды жер жастандырумен айналысты тақырбас күн көсем...

Көсемдердің қайсысы өзінің жолдасын, серігін сатқан жоқ?! Тізе қоса отырып, толарсақтан қан кешіскен қанды көйлек жолдасын тақ таласы барысында өз қолымен өлтірген көсемдердің шайтани бет-бейнесін былайғы жұрттың анық түсіне түскені абзал. Құдайды жоқ дейтін қара құлдар көсемдерді өздеріне құдай жасап алады...

Билік таласындағы мүдде мұндай сәтте ұлт мүддесінен де, жаңағы құдайсыздар үшін алғанда, таптық мүддеден де жоғары болып кететіндігі шын. Демек, көсемдердің көлеңкелі тұстары да осы...

Ашығын айту керек, ұлт үшін немесе тап үшін деген осы көсемдердің өзім дегенде де өгіз қара күші бар екенін көмескі қалдыра беретін тарих жазғыштар оларды ұлттың, не мемлекеттің симовлы ретінде әспеттегісі келеді. Мұның барлығы жалған, жасанды тарихтар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 14:00:19

Екі қарға таласса, бір түлкіге жем болар...

Сұн айналасындағы Сұнмен парапар қабілеттегілердің өзара келісімге келе алмауы - сайда саны, құмда ізі жоқ, саясаттан гөрі сауданы, ақшаны жақсы көретін Жяңды билік басына әкелді. Жапонияда озық елдің ілім-білімін меңгеруден гөрі, жапонның жезөкшелері мен сылқым-сұлуларымен тән рахатына батуды артығырақ ұнатқан бұл кісінің Қытай билігінің басына келуі осындай мүдделер қайшылығынан шебер пайдалана алуынан еді. Сұнның президент болып тұрған заманының өзінде айлап Шаңхайда жатып алып, ондағы сатымсақ сылқымдармен әуейілікке басатын, үкімет қызметін ұмытып кеткені үшін Сұннан сұмдық сындар еститін Жяңның ең үлкен билікке келуін ешкім күтпеген болатын...

Тарих осы ақиқатты мыңдаған жылдар бойы дәлелдеп-ақ келді. Билік таласындағы осындай қитұрқы жағдай ендігі қазақ қоғамында да қайталануы мүмкін. Қазақ буржуазиясы, қазақ элитасы, қазақ зиялылары жүздік, рулық, мүдделік кландарға, топтарға, ұйымдарға быт-шыт болып жіктелген қазіргі сәтте біздің болашақ билікті әлдебір көлденең көк аттының қымқырып кетуі бек мүмкін. Алла онан сақтасын. Сақтансақ, сақтайды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 14:25:55

Мұндай жағдай Қытай қазақтарының тарихында қайталанды...

Атақты «үш аймақ» төңкерісі де осы Мәскеудің сызған сызығы бойынша болған төңкеріс болғанымен, оның ең негізгі қатысушылары, Қытайдың қанішер билеушілеріне кеуде керіп, қасқайып қарсы шығушы тағы да осы өзіміздің қазақтар болатын...

Аңқау қазақты ажалға айдап салған Мәскеудің мұндай сұмдықтары аса мол болды, бірақ сол қан кешкен қазақтар төңкерістен соңғы Құлжа қаласында орнаған биліктің тұтқасын Әлихан төре деген албаты бір өзбекке ұстатып қойды...

Гәп қайда жатыр! Қан кешкен қазақ болды-дағы, билік ұстағандар Құлжаның қаласындағы алаяқ алдамшылар, орайшылдар, сатымсақ саудагерлер болды...

Ойлан, қазақ! Сол Әлиханның орнына бір қазақ неге шыға алмады?! Айдалада қан кешіп келіп, албаты біреуді хан көтерген қазақтардың бұл қылығы надандық па, аңғалдық па?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 15:55:29

1923 жылы 16 тамызда Сұн Ятсен мырза Жяң Кайшиді «Сұн и Шян доктордың уәкілдер үйірмесінің» бастығы етіп тағайындайды. Мақсаты - Жяңды аса құпия жағдайда Мәскеуге жіберу болатұғын. Бұл кезде Қытай компартиясының құрылғандығына да екі жылдан асқан уақыт болатын. Қытай компартиясының құрылуының Мәскеумен қаншалық қатысты екенін бұл арада айтып отырудың қажеті жоқ шығар, Сұнның Мәскеуге құпия елішлер тобын жіберуінің мәні мен мақсаты бар болатұғын...

Бұлар жоғарыда аталған күні, яғни 16 тамызда саудагерлерше жасанып, Шаңхайдан жолға шығады, сонан сол кездегі Қытай-Мәскеу қатынасының орталық бекеті болған Манжурияға 25 тамызда жетеді. Сонан ары қиыр шығыс жолын баса отырып, 8 күннен соң Мәскеуге арып-ашып әзер жетеді...

Жяңның осы жолғы Мәскеу сапарының бағытын жоспарлағанда, екінші бір мүмкіндікті қарастырғаны айтылады, ол - Шыңжаң арқылы Қазақстанға өтіп, Қазақстан арқылы Мәскеуге жету еді. Бірақ күдікшіл әрі аса сақ Жяң Жиеші Шыңжаңнан алыстау жүргенді оң көрсе керек. Қиыр шығыстың елсіз иен даласымен жүргенді қауіпсіз санаса керек...

Жяңның Мәскеу сапары Шыңжаңның тағдырын өзгертті...

Мәскеуге барған үйірме бастығы Жяң Кеңес Одағының жоғары лауазымды тұлғаларымен құпия келісімшарттарға отырып қайтты. Мұңғылияның Ұланбатырында немесе Шыңжаңның Дихуасында (бүгінгі Үрімжі) әскери база құру туралы, әскери одақтастық туралы келісімдерге аса құпия жағдайда келісіп қайтты.

Жяң Жиешінің Мәскеудегі сапарының көңілсіз тұстары да бар еді. Аса әйелқұмар әрі нәпсіқұмар Жяң Кайшы Мәскеудегі ұзыннан ұзаққа созылған сөйлесулерде орыс бюрократтығын өлгенше көрді. Мәскеу басшылары Жяң Жиешіні «адамсың ба, ицың бе» деген жоқ, бір шетке қайырып тастады да елеусіз қалдырды, ұмытып кеткен бейне байқатты. Орыстардың шектен тыс менмендігі мен тәкәппарлығы, астамдығы ызақор Қытайдың жүйкесін жұқартқаны соншалық, ресми Ресей деректеріне қарағанда Мәскеудегі ұзақтан ұзақ сарыла күтулерде Жәкеңнің жүйкесі жұқарып, нервсі тозып, бірнеше мәрте рухани емдеу-сауықтыру орталықтарына да түскен екен.

Жяң Жиешінің Мәскеу сапарының натижесінде Шыңжаңда қантөгістер, қырғындар, төңкерістер туылды...

Шыңжаңдағы сол замандағы қантөгістердің авторы екеу болды. Негізгі әрі басты авторы Мәскеу болса, Мәскеудің басына осы ойды салушы адам Жяң Жиеші болды.

Жяңның ұсынысы бойынша, Мәскеу Қытайға екі жақтан көмектесуі керек болды. Мұны Жяң анық әрі ашық айтты. Бірінші мүмкіндікте Үрімжі арқылы қытай төңкерісіне орыстардың араласуын сұрады. Егер бұл мүмкіндік іске аспаған жағдайда ғана Ұланбатыр арқылы Қытайдың ішкі төңкерісіне араласуларын сұрады Жәкең орыстардан...

Жәкең ақылды адам еді. Оның Қытайға көмектесетін орыс әскерін Ұланбатыр арқылы қырғызу жоспарын Үрімжі бағытынан кейінге қоюының өзіндік мәні бар еді. Ол заманда Ұланбатыр, яғни сыртқы Мұңғылия дербес ел болатын...

Қызыл орыстардың көмегі арқасында Мұңғылия елі Қытайдан дербес ел ретінде тұрған болатын. Ашығын айтқанда, әлдеқашан орыстың ықпалына өткен, орыстың сызған сызығымен жүретін, орыс территориясының құрамына кірген Мұңғылияны былығып жатқан Қытайдың ісіне қайталай араластыру -Мәскеу үшін пайдасыз еді. Мәскеу үшін ең қолайлы жер - Үрімжі болатын. Осы арқылы Шыңжаңды мекендеген қазақтарды қырғын төңкеріске айдап салып, өзгенің қолымен от көсеп отыру - Мәскеудің ұпайын қай қырынан болса да түгендеп беретін еді...

Екі жеп биге шыққан деген осы болатын...

Мәскеудің Қытай турасындағы сол замандағы саясатында олар болашақ Қытайды бөлшек-бөлшек ұлттық, өңірлік советтік республикалар ретінде ғана қиялдайтын еді. Бұл республикалардың советтік болуы - орыстардың арманы болатұғын. Ал мұны Жәкең сол заманда-ақ сезіп жетті де, мұнысын Сұнға жазған ұзын-сонар хатында ашық айтты да. Бірақ Жяң кейінгі кездері өзінің қателескенін мойындады. Қытайды болшектеу ниеті бар Мәскеудің мақсатын білген Жяң советтік ұлттық, өңірлік республикалар құру жолымен Қытайды бөлшектеуге қарсы еді, бірақ Мау олай еткен жоқ. Ол Мәскеудің қалауы бойынша советтік республика құрды. Мұны аз бұрын жаздық. Бұл республиканың аты «Жұңхуа Советтык Республикасы» еді...

Қазақстандағы қазақтар бұл заманда Ленин заманындағы ашаршылықтың тақсіретін тартып жатқан болатын. Лениннің солақай саясаты кесірінен жасанды ашаршылықтан қырылған қазақ туралы жазғанбыз. Бұл қырғындар мұнан аз кейінгі Сталин қырғындарынан артық соқпаса, кем соқпады қазаққа...

Осыдан аз бұрынғы албан төңкерісінің аяусыз қанды қырғындармен жанышталып барып аяқтауы - қазақ елінің оңтүстік өлкелерінде қазақтардың санын күрт азайтып жіберген болатын. Алматы қаласы маңының өзінде албандар мен суандарды, жалайырларды қырғындаған орыс әскерлері ең соңында өздері өлтірген қазақтардың көмусіз қалған өліктерінің сасық иісіне шыдай алмай қалған болатын. Алматы-Қорғас, Алматы-Нарынқол-Кеген, Алматы-Шелек-Есік бағытындағы жолдарда, елді мекендерде қырғындалған қазақтардың өліктері далада, жол бойында төбе-төбе болып шашылып жатты. Қазақтардың өлігін көмбек түгілі өртеп үлгере алмаған орыстар сол заманда Алматы маңындағы ұйғырларды ұйымдастырып, қала маңын өліктерден тазартты...

Бірақ біз осы қырғындар үшін еш ескерткіш орната алмадық, ал Алматы маңындағы Шелек ауылында ұйғырлар сол замандағы орыс әскері қырғындаған ұйғырларға арнап ескерткіш орнатып алды...

Ұйғырлардың не мақсатпен істегені бір аллаға аян. Жетісуды меншіктенгісі келетін әумесір жазғыштардың есіктен кірмей жатып төр менікі дейтін жымсыма әрі топас жоспарларының іске аспасы хақ! Себебі Жетісу - қазақтың мекені. Ал ұйғырлар мұнда келімсектер ғана! Қолдан жасанды тарих жазғыш ұйғыр азаматтарының күні ертең ақиқат сотына тартылары хақ. Қазақ билігі қазіргі жалпақшешей, жалтақой қалпында тұра бермейді, елім деп өзегін жұлып беретін бір еріміз билікке келер болса, барша жалған-жасанды тарихтардың быт-шыт болып, қазақ жерінен есек дәме күткендердің барша мақсаттарының күлін көкке ұшыратыны шын!

Қазақстанға өзге мұсылман түгел к...

Қытайдағы үш аймақ төңкерісінің жауынгерлері тұтас дерлік қазақ ұлтынан болды. Іле жағалаған ұйғырлар, аздаған мұңғылдар болғаны шын. Бірақ тұтас төңкерістің қанды майдандарында қазақ баласы аса маңызды рөл атқарды. Осы үш аймақ төңкерісі туралы айтылып та келеді, жазылып та келеді, ашығын айту керек, бұл төңкеріс Мәскеудің жоспары бойынша болды. Мәскеу өзінің саяси мүддесі үшін бұл төңкерісті қолдады, әрі ең соңында өзінің саяси мүддесі үшін бұл төңкерісті бүлдірді...

Мәскеудің мақсаты - Қытайды бөлшектеу еді. Әсіресе, Шыңжаңда англияшыл, америкашыл немесе жапоншыл күштердің билікке келуі - Мәскеу үшін қорқынышты еді. Ол заманда біраз мұсылман жамағаты Америка мен Англияның одақтасы еді. Сол үшін де мұсылман текті жұрттардан Мәскеудің шошынатыны бартұғын...

Сол үшін Кеңес одағының артқы ауласы болған Шыңжаңда не советтік қуыршақ биліктің болуы немесе кем дегенде советке қарсы емес пиғылдағы биліктің болуы Мәскеудің түпкі мақсаты еді. Өкініштісі, біздің сол замандағы саясаткерлеріміз Мәскеумен шахмат ойнай алмады. Барлық істеріміз өмір сүруіміз бен өлуімізді тұтасымен Мәскеу шешіп отырды. Шыңжаңды билеген зорекер билікке қарсы шапқан қазақтар Мәскеудің алдауына түскендерін білмеді. Қызыл билік орнаған Қазақстанның өзінде қазақтарды қарық қылмаған қызыл орыстың Қытай жеріндегі өз құрығына түсе бермейтін қазақтарды қарық қылмасын біздің төңкерісшілеріміз білмеді...

Қайран, қаны текке аққан боздақтарым-ай! Қазақ қырылды, өлді. Қаны текке ақты. Шахматшылар шахмат ойнап отырып, біздің онсыз да аз халқымызды осылай тоз-тозын шығарып отырды. Біз осылайша өсе алмай қалдық...

Қырыла бердік, қырыла бердік. Момындыққа басып, барша зұлматтарға көнсек, зорекерлер қырды, зорекерлерге қарсы шапсақ, қолымызға құрал беріп отырып, өзгенің қолымен қырғызды. Қысқасы, қазақтың арғы-бергі тарихы тек қана қанды қырғындардан ғана тұрды...

Қазақ баласы енді ғана бейбіт өмірдың дәмін татты. Өз билігі өзінде болмаған сорлы қазақтың қай жерде де көрген күні осы болды! Ал, бүгін өз билігіміз өзімізге тиген мына заманда біздің ұмытшақ жұрт күні кеше ғана болған осы қанды қырғындардың сабағын ұмыта қалып отыр...

Өздерінің қаншалықты қауіпті жерде тұрғандарын ойлаған қазақ аз...

Күні ертең ғаламдық үлкен шахматшылар ерігіп отырып-ақ, сенің, сенің тұтас тұқымыңның тағдырын шеше салуы бек мүмкін...

Жяң Жиеші Мәскеуге барған кезде орыстар оларды Мәскеудің шетіндегі Кропаткин көшесіндегі аса жұпыны қонақжайға түсірген екен. Қонақжайдың жұпынылығы мен орыстардың тамаққа аса қырсыздығы бай да бақуатты әулеттен шыққан, рахатқұмарлығы басым Жяң Жиешінің жынын ұстатқаны түсінікті жағдай.

Жяң Жиеші Мәскеуге барғаннан бастап есептегенде, араға 90 жылға таяу уақытты салып, соның ізімен мен де Мәскеуге бардым. Ол Шаңхайдан шығып, Пекинді басып, Манжурияға жетті. Тоқсан жыл шамасындағы уақытты араға салып, мен Шяңгаңнан ұшып, Пекин көгінде айналып, онан ары Тұңғыс даласының көгінен, Мұңғылдың жайлауларынан, Ібір-Сібірдің қап-қараңғы ормандарының төбесінен, қарт Алтайдың алып шыңдарының төбесінен, онан ары Қапқаздың үстінен, Оралдың биігінен ұшып өттім...

Жяң Жиеші болса, ағаш пойызға мініп, Манжурияны басып, Тұңғыс туыстарымыздың жерін, қазақша айтқанда, Ібір-Сібірдің жұртын басып, қазақ даласының терістік шетін айнала отырып Мәскеуге жылжыды...

Айырмасы - Жяң жермен жүріп барды, мен көкпен ұшып бардым. Жяң Мәскеуге жалынып, жалпайғалы барды. Мен Мәскеуге тепе-тең жұмыс бабымен бардым. Бір ортақтығы - Жяң Жиешіні Мәскеуде қарсы алып алушылар еврейлер болды, мені де Мәскеуде қарсы алып алушылар еврейлер болды.

Жяң Жиеші жатқан Кропаткин көшесіндегі қонақ үйді мен таба алғам жоқ. Тапсырма берген адамдарым бұған қатысты деректерді мен қалаған деңгейде тауып бере алмады...

Болмағанда, Жяң жатқан қонақ үйге менің де бір жатқым бар болатұғын. Негізінде, Мәскеуге баратын тайваньдық немесе шетелдік Қытай саяхатшылары аса мол, егер Жяң жатқан қонақ үйді саяхат түйіні ете жатса, қырғын ақша жасары хақ...

Я, Маузыдұң жатқан қонақ үй де бар...

Мүмкін, Шың Шысай жатқан үйді де қосу керек шығар...

Қызық...

Бірінен соң бірі Мәскеуге сабылған көсемдер...

Көсем емесі мен ғана...

Жяң Мәскеуде аса жұпыны қонақ үйде жатқанда, мен Мәскеудегі ең салауатты, ең салтанатты, ең қымбат қонақ үйлерде жаттым. Саяжай сипатындағы қонақ үйлерде жатып, ілгерінді-кейінді Мәскеуге келген адамдардың тағдырын көп-көп ойлай беремін...

Иә. Ертең менің осы сапарларым да тарих бетінде қалуы бек мүмкін...

Осы жолдарды басып отырып, мен үнемі ұзақ уақытқа қиялға шоматын едім...

Мәскеу...

Мәскеу...

Біздің тарихмыздағы Мәскеудің алатын салмағы басым! Алла тағала бізді орыстармен, қытайлармен көрші қылған да қойған! Асан қайғы бабамыз жерұйық іздеп жер шалып жүріп, орысы жоқ, қытайы жоқ жер таба алмай-ақ кеткен екен...

Иә, біздің баяғыдан бергі бір көршіміз болған еді. Аты - қалмақ болатұғын. Қалмақтар бұл кұнде қазақпен алысудың қандай қасіретке апаратынын анық білді. Тағы бір көршіміз бар еді, аты - жұңғар болатын, жұңғарларды қазақтар жер бетінен тып-типыл жойып жіберді, жұңғарлар қазақтарға ендігәрә қауіп бола алмайды...

Бірақ, алладан тағы да тілейміз, құдіреті күшті жаратушы алла, қазақ баласына тыныштық бере гөр! Ғасырлардан ғасырларға тыныштық таба алмаған қазақ баласына баянды бақ бере гөр!

Еуропа мен Азияны ат тұяғымен тоздырған батыр ел - қазақтар! Бұл қазақ өзінің мемлекеттік әнұранында айтылғандай, мың өліп мың тірілген! Не көрмеген бұл қазақ!

Мәскеу мен Алтай арасын, Алтайдың шығысынан бастап, Кеңсудың кең даласынан Бекін (Пекин) өңіріне дейін жаулаған көшпенділердің бүгінгі нағыз мұрагері - қазақтар өз басынан мың-сан қасіретті, қанды замандарды өткізді. Саны қаншама аз болғанымен, өзінен жүз есе, мың есе ірі ұлттармен алысты. Жеңді, жеңілді. Бірақ жойылып кеткен жоқ. Жер бетінде біз сықылды жауынгер халық жоқ. Егер күллі адамзат баласы ішінен ерлігі мен батырлығы жағынан, өрлігі мен өршілдігі, қайсарлығы жағынан қазаққа ұқсатуға келетін бір ұлт бар делінсе, оған тек қана ирландтар ғана лайық болар-ау. Күнбатпас империяның қақ қасында тұрып, өмір бойы ағылшындармен алысып өткен ирландтардың рухы қашан да үстем! Санасы салданбаған! Ойы құлданбаған! Бірақ олар ағылшындармен ғана алысты. Ал біз болсақ, айналамыздағының барлығымен алыстық...

Француздар жүз жылдық соғыстарын мақтан тұтады, ұлттық мақтаныш сезімдері кернегенде сонысын айтады, ал біз сонау Шыңғысхан заманынан бастап, ақ орыс жаулаған заманға дейін, онан қызыл орыс заманына дейін, бір жылға да демалыс көрмей, тек қана қанды қырғын соғыстар ішінде жүрген жұртпыз...

Егер жер шары деген планетада бір ғана батыр ұлт бар делінсе, ол - қазақтар ғана!

Қазақ ежелден құлдыққа жаралмаған халық! Қазақ құл болып өмір сүргеннен, еркекше өлгенді абзал санайтын халық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 19:30:34

Егемендік деген қазақ халқының ғасырлық арманы емес пе еді?! Ата-бабаларымыз соншама ұланғайыр жерді алып қалғанда, айналасындағы барша жаумен аянбай алысқанда, нені мақсат еткен еді?! Осыны ұғынатын ұрпақ бүгінгі шеттегі қазақ баласының ісі мен қарекетін түсіне алмаған болар еді...

Жәннаттың есігі айқара ашық тұрса, тозақта қалғысы келетіндерді қалай түсінуге болар?!

Еркіндік пен теңдік, өрлік пен ерлік салтанат құрған жерде емес, бүкшең қақтыратын құлдық өктемдік еткен жерде әркімге жапақтәп, жәутектеп, құлша өмір сүргісі келетіндерді қалай түсінерміз?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-11-10 21:28:31

Біз - ұсақ ұлтпыз. Ғаламшарымыздағы барша қазақты қосса, он бес миллионға жетер-жетпес қана жан санымыз бар. Біз мынау ғаламдану етек жайған заманда ұлт ретінде аман қалғымыз келсе, жұдырықтай жұмылуымыз керек. Онсыз бізге өмір жоқ. Онсыз бізде елдік болмайды. Шашырандылығымыз бен бытырандылығымызға хош айтатын кез жетті. Себебі, бізде қазір ел бар. Бізде қазір мемлекет бар. Әрбір қазақ осы елдің иесі. Әрбір іңгәлап дүниеге келген қазақтың баласы осы елдің қорғаны. Осы мақсат, осы ой барша қазақ баласында болуы керек. Онсыз біз марқадам таппаймыз. Қара домалағыңды «нан тауып жесін» деп қана ойлама, оны мынау елдің бір тұтқасын ұстайтын болашақ мемлекет қайраткері ретінде қара! Себебі сен бодандағы құл халық емессің. Сенің қолың жетпек түгілі, қиялыңа да кірмеген арманыңды сенің балаң іске асыруы бек мүмкін!


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)