Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 36 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 00:04:42

Сұн Жұңшанмен Сталин арасындағы елші еврей еді. Еврей болғанда да орыстанған Ресей еврейі еді. Аты Адольф Абрамович Иоффе болатын. Бұл туралы ағылшынша іздеуіштерден adolf abramovich joffe деп, орыс тілді іздеуіштерден Адольф Абрамович Иоффе деп іздеуге болады.

Осы Иоффенің шешен тілі арқасында Сұн Жұңшан мен Сталин арасында ерекше достық қарым-қатынас орнайды. Әрине, мұндағы достық дегеніміздің өзі саясаткерлер арасындағы мүдделер тоғысынан туған достық, ешқашан адами достық емес.

Мүмкін осы Сұнның ықпалы болар, кезіндегі Қытай гүмандан партиясы коммунистік интернационалға мүше болуды бір емес, екі мәрте өтініш етеді, осының нәтижесінде, Жяң Жиеші коммунистік интернационалдың құрметті тұрақты бюросы мансабына ие болады. Бұл дегеніңіз сол заманда Қытай тектілердің арасындағы ең жоғары лауазым болатын...

Қысқасы, Мәскеумен ара қатынасы жағынан гүманданның да кенде емес екенін біле аламыз. Демек, Шыңжаңдағы Шың Шысай ғана емес, сол замандағы Санмин Жуии идеясын алға қойған Сұнның өзі оның ізбасарі Жяң Кайшы барлығы да Мәскеудің саяси, қаржылық, әскери көмегіне сүйенген болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 00:25:06

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-25 00:26 өзгерткен

Демек, мұнан бір ғана нәрсені білуге болады. Біздің күн көсем деп жүргендеріміздің барлығы да бір замандарда өзгелердің қабағына қарап, ымымен жүгіретін қарашасы болған! Туа сала, бала күнінен, тумысынан көсем болып, көсемдік тұлға танытқан ешқайсысы болған емес. Олардың көсемдік образын былайғы қара құлдар қолдан жасады. Құдайды жоқ дейтін құдайсыздардың бір қылығы осы еді, олар құдайды жоқ дей отыра, қолдарынан құдай жасап алды. Көсемдер дегеніңіз де сондай бір саяси ортада, сондай бір саяси қажеттілік туындаған заманда мүдделердің тоғысынан туатын талейлы жан ғана! Оның өзге адам баласынан бар болған артықшылығы - оның саяси көрегендігінде, қажетті кезінде кімді сатып, кімге арқа сүйеу керек екенін жаңылмай, адаспай таба білген саяси шеберліктерінде ғана! Онан басқа олардың өзге екі аяқты пендеден еш артықшылығы жоқ! «Мың жасасын» деп оларды мың жерінен көкке ұшырғанымызбен де, олардың да бұл күнде көр дүниесінде, барзақ әлемінде, Алланың періштелерінің сұрағында жатқаны сөзсіз...

Барзақ әлеміндегі олардың халдерінің қалай болатынын біз біле алмайміз. Тек құранда айтылған, хадистерде айтылған сөздер бойынша олардың сұрағының қатты болатынын ғана білеміз. Тілдері кәлимаға келді ме, әлде келмеді ме, ажал құрығына ілінуден бұрын тәубасына келіп, Алланың бірлігін мойындады ма, әлде мойындамады ма, Алланың ең соңғы пайғамбары Мұхаммедті (с.ғ.с) Алланың елшісі және құлы деп мойындады ма, әлде мойындамады ма, біз ол жағын білмейміз...

Бірақ осы шарттарды орындамаған болса, сол күн көсемдердің де тозақ отынан қашып құтыла алмасы хақ. Себебі Алланың ақиқаты күллі адамзатқа ортақ...

Біз барлығымыз да сұраламыз. Мейлі сен патша бол, мейлі сен қарапайым малшы бол, барібір Алланың алдына бармайтын ешкім болмайды...

Біздің мына дүниедегі тірлігіміздің барлығы әшейін сынақ қана! Біздің нағыз өміріміз, нағыз һәм мәңгілік өміріміз біз өлгесін ғана басталады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 00:52:01

Біздің бұл сөзіміз біздің арамыздағы кей бауырларымыздың қазақтың арғы-бергі тарихын білместен өзгенің қолдан жасаған осы бір «адам-құдайларына» соншалықты деңгейде табынып кетуінен туындаған болатын. Иә, мәлім тұрғыдан алғанда оларды да кінәлауға болмас. Себебі, олардың санасына сәби күннен құйылғаны осындай ұғымдар болды. Қолдан жасалған құдайларды әспеттеу мен қолдан жасалынған көсемдерге табынудың сан-алуан формадағы түрін көре-көре, тыңдай-тыңдай, оқи-оқи, адамның әлсіз санасы салданатыны шындық. Бұл ғылымда дәлелденген дүние. Сөйтеді де, жаңағы бауырларымыз бейне бізден ұлы тұлғалар тумағандай сезімге келеді, аузын ашса ғана болғаны, өзгенің осындай «ұлы тұлғаларын» айтып тамсанып отырады! Әуелі соларға табыну деңгейіне дейін барған! Сананы жаулап алудың ең табысты түрі де осы...

Ашығын айту керек. Адамнан адамның артық-кемі болмайды. Ұлттан ұлттың артық-кемі болмайды. Алланың алдында адам баласының тең екендігі хақ. Біз тек Аллаға қаншалық жақын болғандығымыз арқылы ғана бір-бірімізден парықталамыз. Жүрегіміздегі иманымыздың күшті-әлсіздігіне қарап қана бөлінеміз. Аллаға құл болмаған адам адасады, сөйтеді де Алладан басқаның барлығына құл болып кеткендігін өзі де білмей қалады. Өзгенің көсемдеріне өле табынудың өзі де осындай құлдық санадан туындайды.

Жаңағыдай құл саналы бір топ соңғы кезде Қытай қазағы ішінде қауырт өсті, жетілді, дамыды. Қазір мұндай қазақ жыртылып айырылады. Өзінің ұлттық құндылықтарын мойындамайды. Қазақтың тарихын білмейді. Бірақ өзгенің тарихын жатқа соғады. Оның назарынша өзгенің ерен ерлері ересен мол! Солар мықты! Солар батыр! Солар саясатшы! Сондықтан олардың мемлекеті мың бір қиындықты жеңіп, осы күнгі бақуатты, мықты деңгейге жеткен. Аузын ашса болғаны, осындай саясат төгіледі. Амал жоқ, ыдыстың ішіне не құйған болса, ыдыстың аузынан сол төгіледі. Бала күндерінен ырықты-ырықсыз халде осындай ақпараттармен уланған мидан өзін қастерлейтін, өзін ардақтайтын, өзгені өзінен зор санамайтын, өзін қор санамайтын шұғылалы ой туындамасы хақ...

Баласын өзгенің тілінде оқытатын әрбір ата-ана ұлтымызға көр қазушы екенін білсін! Өзін-өзі сыйламайтын жаннан ештеме шықпайды! Біздің де небір мықты көсемдеріміз, мықты ғұламаларымыз болған! Болады да! Өкініштісі, біз жасаған жеріміздің жағдайына сай, сорымыз бағымыздан басым түскен жұрт болдық! Етек-жеңімізді енді ғана жинап жатырмыз. Ғасырлардан ғасырларға созылған бодандық қамытынан енді-енді арылу үстіндеміз...

Бұл тұтас ұлт азаматтарының мойнындағы міндет еді. Өкініштісі, біздің азаматтарымыз ұлт болып ұйысудың орнына қарын мен қатынның қамын көбірек ойлап кетеді. Я, олардың деңгейі сол ғана! Өз басынан ерлікке бара алмайтындар қашан да өзгенің ерлігіне солай құлша табынады, өзін қор сезінеді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 01:14:44

Қазақ баласы мұндай құлдық санадан арылуы керек. Бір шаңырақтың астына ұйыспай тұрып, бір тудың астына жиылмай тұрып, «ұлтымды сүйемін» деудің барлығы бекер сөз. Ашық бір шындық, қазақ болып қалу үшін - Қазақ елінде ғана жасау керек. Бүгінгі оралған қазақ - ол мәңгілік қазақ болып қалады да, мың сан түрлі сайтани сылтаумен орала алмағандар немесе оралуды мерзімсіз мезгілге дейін кейінге ысыратындардың барлығы қазақ болып қала алмайтындар. Өз ұрпағына өзі қастандық жасаушылар!

Өз қолында саяси бостандық пен әкімшілік құқықтары болмаған жерде тұрып, қазақтығымды сақтап қаламын деу, қазақ болып өмір сүремін деу, бейне аспанмен жалғасып, таудың биіктігіндей құла тасқын келе жатса, інінің аузына топырақ үйіп жанталасқан ақымақ құмрысқаның қылығымен бірдей...

Қазақтықты сақтап қалудың бір ғана кепілі - Қазақ елінде. Мұндағы қазақ тілінің көсегесі көгермеді деп зарлаудың өзі қазақ еліндегі қазақ мүддесінің сұранысы. Демек, сонау он жыл бұрын Алматыға алғаш келгендердің сөзіне қарағанда Алматыда қарасы көрінбейтін қазақ баласының бүгінде Алматыны тұтасымен жаулауының өзі ел билігінің қазақтың қолына минут-секунд сайын өтіп бара жатқандығының белгісі! Құй, мойында, құй, мойындама, қазақ болып қалатындар - Қазақ еліндегілер ғана! Ал қалған жердегілер болса, қазақтың асыл генін өзгеге берушілер! Өзгенің су мұрын, орсақ тіс, қысық көзіне айдай ару қызын қатындыққа беру үшін туып, әрі онысын бағып, өсіріп отырғандар ғана!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 13:05:25

Туа көсем жоқ, жүре көсем бар. Көсемді көсем қылатын да - құлдары, көсеу қылатын да – құлдары.

Көсемдердің көсемі, күн көсем Лениннің соңғы өмірі қалай болып еді?! Сөзімізге дәлел келтірелік.

Біз бала күнімізде «ұлы достық» деген сабақты оқитынбыз. Қазір бұл сабақ оқулықтарда бар ма, жоқ па, ол жағын анық білмеймін, білетін оқырмандар жаза жатар. Сондағы «ұлы достығы» екі қапсақалдың достығы екен! Бұл күнде қапсақалға қарсы болатындардың біразы сол заманның тумалары. Жаңағындай көсемдерінің құлдары. Бірақ олар сайтани қапсақалдарға қарсы емес, қазақтың сақалдыларына қарсы.

Энгельс пен Маркстың не үшін сақал қойғанын итім білсін бе, әйтеу қазақтың игі-жақсылары, біртуар ұлдары Абай Құнанбай оғлы мен Шәкәрім Құдайберді оғлы сақал қойды. Сүннет болғаны үшін! «Ердің көркі – сақал, сөздің көркі – мақал» болғаны үшін. Мұны Ахмет Байтұрсыннан да көреміз. Сол Ахаң жүйелендірген, біртұтастыққа әкелген төте жазуды - көнеше жазуды қолдана отырып, қазақтың намаз оқыған, өзі ғана оқымастан, жұртын, елін имандылық жолына шақырған азаматтарына шүйлігетіндерге таңымыз бар. Бір ауыз сөз, оларға жаңағы шайтани көсемдерінің жындары кіріп кеткен. Саналары солардың уағыздарымен уланған. Басқа айтар сылтау-себебіміз жоқ. Болмаса, күллі қазақта Алдаркөседен басқа көсе болмаса керек-ті. Оның өзі «алдағыш» (Бекболат Тілеухан сөзі).

Энгельс пен Маркстың «ұлы достығы» сынды дүниелерді Ленин мен Сталин арасынан іздеп тауып, том-том кітаптар жазғандардың болғаны шын. Бұлар біреу-екеу емес, мыңдап саналды. Күллі жұрт осындай жалған «ұлы достықтарға» сендірілді. Сендірді. Иландырды, иланды. Шындығын айтқанда, мұндай достық ешқашан болған емес.

Біз айтамыз, достық - иман үстінде ғана деп. Ал құдайдың өзін жоқ дегендердің неге нанатынын кім білсін?! Болмаса өлгелі жатқан Ленинге Сталин келіп дікеңдемесе керек еді. Негізінде сол Лениннің өлімінің өзі сырлы. Мүмкін Сталиннің бұған үлесі бар шығар. Себебі Сталинге қарсылардың күш ала бастаған тұсында Ленин тұтқиылдан көз жұмды. Ал Лениннің қатыны біз бала күнімізден «ұлы махаббат» деп Ленин екеуі арасындағы махаббатты кітаптардан оқыған Надежда Константиновна Крупскаяның Сталинмен арадағы қақтығысы, қайшылықтары біраз шындықтың бетін ашады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 13:29:10

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-25 13:30 өзгерткен

Қатыны мен Сталин арасындағы қайшылыққа, қақтығысқа тақырбас таз Ленин де араласады ғой! Қазақтың еркектерінше шүйкебастардың ісіне араласпаса керек-ті. Бірақ бір аяғы көрде, бір аяғы жерде жатып, «шықпа жаным, шықпамен» жатқан Ленин соңғы әл-ауқатын бойына жиып, өзінің «құдайлары» Маркс пен Энгельстің «аруақтарына» сиына отырып, қолына қаламын алып, Стекеңе, Сталинге хат жазады ғой! Жазғанда да былай жазады:

Сталин жолдас!

Көшірмесі Каменов пен Зиновиевке жіберілді.

Құрметті Сталин жолдас:

Сіз менің әйеліме қоңырау шалып, оны аса дөрекілікпен янаттаған екенсіз. Үшбу сөздерді ұмытып кеткісі келетінін ол сізге білдіргенімен, ол арқылы бұл істен Каменов пен Зиновиев хабардар болды. Өзіме қарсы шыққандардың істерін менің аса жеңілдікпен ұмытып кеткім келмейді. Бұл арада оны айтып отырудың қажеті жоқ, менің әйеліме қарсы шығудың өзі - маған қарсы шығу деп білемін. Сол үшін сіздің аса іждағаттылықпен ойлануыңызды сұраймын, әрі өз айтқан сөздеріңізді қайтып алғыңыз, әрі кешірім сұрағыңыз келе ме, әлде келмей ме, соны білгім келеді. Сіз менімен арадағы қатынасты үзгіңіз келе ме?!

Құрметпен Ленин

1923 жылы 5 наурыз

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 14:41:39

Лениннің қысқа-нұсқа хатынан нені ұғуға болады?!

Бірі Ленин Сталинге не үшін хат жазды?! Ол дегеніңіз күн көсем ғой, ол заманда Ленинді құдайға балап табынды емес пе, күллі Кеңес Одағы. Иә, шындығы сол, Кеңес Одағы ғана емес, Кеңес Одағын қасиетті мекенге бағалаған барлық марксизмшінің назарында Ленин тым жоғары биікте еді. Мұндай күн көсем үшін Стекеңді дырылдатып отырып алдына алдырып алып, алдында мөлитіп тұрғызып қойып, жерден алып, жерге салып, мұрнынан маңқасын ағызтып отырып сындауға болатын еді ғой!

Жо-жоқ, шындығы бұлай емес. Лениннің Стекеңе хат жазуының өзі мынаны білдірсе керек. Демек, Стекең ол заманда Лениннің құрығы жетпейтін билікке шығып алған! Лениннің онымен бетпе-бет сөйлесуінің өзі мүмкін болмай қалған. Сол үшін хат жазуға мәжбүр болған! Міне, күн көсемдер арасындағы достық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 14:46:36

Лениннің хатында ашық айтылғандай, «өзіме қарсы шыққандардың ісін менің аса жеңілдікпен ұмытып кеткім келмейді» дегенінің өзі Лекеңнің аттан түссе де, үзеңгіден түскісі келмей тұрғандағы соңғы айбары, соңғы әлсіз сесі болса керек. Қысқасы, хаттың өн-бойына тұтасымен толып тұрған шарасыздықты көруге болады. Аталмыш хаттың басында бұл хаттың көшірмесін Каменов пен Зиновиевке қоса жібергенінің өзінен Лениннің Сталинге сенім артудан қалғандығын көруге болады. Демек, өзінің сөзінің Стекеңе өтпесін анық білген, сол арқылы партияның сол замандағы жұмыс әдісімен қол жиып, көп сан арқылы болса да, қарасын жаңағы екеумен молайтқысы келген. Болмаса, кітаптарда айтылғандай, Сталин Лениннің нағыз ізбасары болған болса, өле-өлгенше қасықпен аузына су тамызған, тумаса да туғандай болып кеткен, шығарда жаны бөлек бауыры болған болса, үшбу хатты Стекеңнің өзіне ғана жолдаған болар еді...

Міне, мұның өзі Лениннің өлер алдындағы шарасыздығынан туындаған істер!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 15:01:41

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-25 15:05 өзгерткен

«Менің әйеліме қарсы шығудың өзі - маған қарсы шығу деп білемін» дейді Ленин. Мұнан біраз бұрын Лениннің қатыны да осы мазмұндағы хатты сол замандағы Кеңес Одағының саяси бюросының бас хатшысы болған Каменовқа да жазған екен. Қатынның хатынан соң, Ленин де хат жазады. Демек, қатын жазған хаттан нәтиже шықпаған болса керек, демек, хал үстіндегі күн көсем өзі атқа мінуге мәжбүр болған...

Көсемдердің қатыны қашан да көсемдердің билігін пайдалана білді. Бұл Лениннен қалған үрдіс болса керек. Болмаса «құдай» дескен қосағы өлгелі жатқанда, Крупскаяның жан-жаққа хат жазып, айналасына топ жиюының өзі оның Лениннен соңғы саясатқа араласқысы келгенінің белгісі емес пе екен?!

Бірақ, осы қатынның осы хаты, оған қоса Стекеңе ашық сын айтықан Лениннің хаттың бір көшірмесін Зиновиев пен Каменовке қоса жолдауының өзі бұлардың басына бәле болып жабысты.

Бұл хақында Лев Борисович Каменов деп (Лев Борисович Каменев) іздесеңіздер іздеуіштерден мол дерек таба аласыздар. Қытайлар мұның «азан шақырған атын» өзгертіп былай атап алған екен. Оны да берелік, қытайша іздеуіштерден іздеп оқығысы келетіндерге керек болар:

列夫•鲍里索维奇•加米涅夫

«Камень» сөзі орыс тілінде «тас» мағынасын береді. Коммунистердің барлығы өзіне осындай ат қоюға құмар. Молотовтың «Балғабай» екенін, Сталиннің «Болатбай» екенін білсек, «Құрыш болат» ақырында өз сырларын білетін «тасты» ұрғылап жүріп күл-талқанын шығарғанын білеміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 16:08:29

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-25 16:11 өзгерткен

Каменов те, Зиновиев те қатыгез Сталиннің қастандығынан көз жұмды! Өз ажалымен өлген жалғыз ғана «Балғабай» - Молотов болды. Қарап отырсаңыз, бір ғана нәрсе айдан-анық! Бізге бала күнімізден уағыздалған, жадымызға сіңдіріліп жіберілген ұлы көсемдердің ұлылық сиқы осы! Бірін-бірі қастаған, бірін-бірі жалалап, бірінің тұқымын бірі тұздай құртқан көсемдер өздерінің нағыз, шынайы бет-бейнесінің, жиіркенішті кейіп-кеспірлерінің жұрт алдында ашылып қалуынан қатты алаңдайды ғой. Сол үшін жалданбалы жазғыштарға жалған тарих жаздырады. Өзі қастап өлтірген көсемдерін өздері әспеттеп, тас мүсіндерін қаптатады...

Шындығында бұл көсемдердің барлығы да екі білегіне шейін адам қанына малынған, кісі өлтіргіш қанішерлерден еш айырмасы болмаған-ды. Мұндай тарих барлық елде, барлық жерде қайталанды. Қаншама қанішер болған сайын, жұрт оларды соншалық жоғары деңгейде құдайға балай түсті. Қаншама қатыгез болған сайын, оларға табыну, оларға шоқыну соншама арта түсті. Мұндай қанішерлердің кейбірі осы күнде де бар. Терістік Кореяның басшысы мен Кубаның басшысы осы күн көсемдердің қазіргі көзі тірі ізбасарлары...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 16:44:25

Қытайдағы қазақтар Кемерсін деп атап алған Ким Ер Сеннің орысшасы Ким Ир Сен еді де, қытайшасы 金日成-Жиін Рі Чың, ағылшынша kim il-sung-Ким Ил Сұң еді. Осы деректер бойынша әр тілден іздесеңіздер, күллі Корей жұртының біртұтастығына мәңгілік сызат салып кеткен, миллиондаған жазықсыз жандардың өліміне себепші болған, Сталиннен арман қанішер болған тағы бір күн көсемнің өмірімен таныса алған болар едіңіздер. Қазіргі Терістік Корей жұрты осы қанішердің ұлының басқаруында. Оның өзі билікті тағы да ұлына тастап кетудің қамын қарастырып қойған. Демек, ұлы көсемдер салған жолдың баяғыдағы атадан балаға мұраға қалатын патшалықтан еш айырмасы болмай тұр. Бір қызығы, орыс пен Қытайдың тіке қорғауында болғандықтан, шығыста Жапонға, сол арқылы Жапонда әскері тұрған Америкаға қарсы абалатып отырған орыстың қақпа алдындағы қабаған төбеті болғандықтан, бұл елге Американың тиісе алмай отырғаны бар. Болмаса, арабтың диктаторларын шетінен қанға бөктірген, жаһанға жалған демократияны орнатқыш Американың аталмыш демократиясының да белгілі екенін осыдан білеміз. Арабты сорлатқаны мұнайы ғой. Мұны надандар исламға артқысы келеді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 16:58:42

Ашығын айтқанда Кемерсін деген Корей көсемінің өзі Сталиннің қуыршағы еді. Оны осы орын - таққа отырғызған адам Сталин болған еді. Мұның айғағы жетерлік. Бірақ шетке қашып, жанын сауғалап аман алып қалған корейдің көне көздерінің жазуынша, корейдің «құдайы» - біреудің атын жамылған жалған адам болса керек. Себебі Корейді жапондар жаулап алып тұрған сол бір замандарда Корейдің ну жыныс ормандарында, қатпар-қатпар тауларында қасына қол жинап, жапондармен шайқасқан Кемерсін деген батыр болған екен. Бұл жұрт арасында аты аңызға айналған адам болса керек. Сталин осы аңызды барынша пайдаланып қалады. Сөйтеді де, «Кемерсін деген міне мынау» деп біздің қазіргі Кемерсін атап жүрген қанішерімізді Терістік Корейдің тағына отырғызады ғой.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 17:04:49

Демек, шын Кемерсіннің қайда кеткенін, өлісі мен тірісін ешкім білмейді де, орнына ол Кемерсінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, корей тілін дұрыс сөйлей алмайтын, ұлтының корей екендігі де күмәнді болған жалған Кемерсін билік тұтқасын ұстайды!

Мәскеудің, Мәскеуді билеген Сталиннің салған зардабын корей жұрты осы күнге дейін көріп келе жатыр. Терістік Корей жұрты қазір аштық пен жалаңаштық ішінде хайуаннан бетер деңгейде күн көруде. Бір ауыз қате сөйлеген сөзі үшін өмірінен айырылатын, бір адам көсемге шек келтіріп, күнә жасаса, оның қызметтестері, туыстары, көршілері тұтасымен сотталатын, адамзат тарихында бұрынды-соңды болмаған қатал тәртіптің астында күн кешіріп жатқан ел - бұл күнде, осы заманда, мынау адамзат өркениеті дамыған заманда, жалғыз ғана Терістік Корей мемлекеті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 17:50:29

Корей жұртының көне көздерінің пайымынша Кемерсін жұрт алдына ашық шыққанда, самайын қырау шалған, «пайғамбар жасына» жеткен қарт болуға тиіс еді. Бірақ Сталин қолдауына ие болған Кемерсін жұрт алдына шыға келгенде, корейлер өз көздеріне сенерін де, сенбесін де білмей қалды. Корейдегі қазіргі сұмдықтар хақында Мұхтар Шаханның да жазғаны бар...

Суға ағып бара жатқан баласын құтқарғанның орнына күн көсемнің рамкадағы суретін құтқарып қалған «ұлы әйел» хақында Корей баспасөзі жарыса жазып, «ұлт батырларын» әспеттеп жатса керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-25 18:07:36


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)