Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 34 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 10:18:28

Қару - адамзат тарихында ең маңызды әрі шешуші фактордың бірі және бірегейі. Түркілердің дәурендеген заманында оларды өзге жұрттан өктем қылғаны да олардың қаруы еді. Қандай қаруы еді дейсіз ғой. Біріншісі - тұлпар болатын. Ол заманда түркі тұқымы, әсіресе, көшпенді қазақтардың тұлпарлары миллиондап саналатын еді. Нәсілді тұлпарларды мінген қазақтардың атты жасақтары бұл күндегі ерекше қозғалыстағы жылжымалы ерекше отрядтардай еді. Тигенін тіліп түсетін, жақындағанын қырып түсетін, алған бетін ақтарып кететін, жолағанын жойып жіберетін еді. Мұнан да маңызды бір қару болды, ол заманда түркі жұрты, әсіресе, орталық Қазақстан, қазіргі Теміртау маңы мен Алтай маңын мекендеген ежелгі түркі тайпалары, қазақтардың ежелгі ата-бабалары темір қорытуды білді. Бұл дегеніңіз аса жойқын қару еді. Ол заманда темір қаруы бар жұрт дегеніңіз қазіргі атом қаруы бар жұртпен бірдей еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 10:34:48

Темірді білгесін, найза, жебе жасалынды, темір сауыттар жасалынды. Қысқасы, адамы түгілі тұлпарларына дейін темір сауыт жабынған түркі тұқымы алдында жер еміп, шөп жеген қытайлар да, ормандағы жабайы орыстар да адам санатында саналмас еді. Ол заманда, күллі ғаламды түркі тұқымы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрды. Бірақ не керек?! Иілген басты қылыш кеспейді деген қазақ баласы өз боданындағы қара құлдарының күні ертең-ақ өсіп, өркендеп кетерін білмеді. Басын иген құлын мәңгілік құл болады деп сенсе керек, сол құлдар құл бола жүріп өсті. Өркендеді. Ең бастысы, олар халық ретінде қырғын жойқындардан аман қалып отырды. Ең соңында жан санының үстемдігін пайдаланды...

Қытайларды билеген кез-келген жаулаушы қытай болып кетіп отырды. Бұған дәлел өте көп. Ең соңғы жаулаушы болып көшпенді Алтай текті туыстарымыз шүршіттер жоғалды. Бұл күнде шүршіттердің тілі де жойылған. Қытайды шүршіттен бұрын жаулаған, қазірдің өзінде шығар жаным шықпамен отырған бір ұлт бар, ол – мұңғұлдар. Ішкі Мұңғылдағы мұңғылдар негізінен қытайласып бітті. Шыңжаңдағылары да солардың артынан келе жатыр. Қызы қытайға тиетін, ұлы қытайдан алатын бұл жұрттың елу жыл ішінде жер бетінен біржолата жоғаларына еш күмәніміз жоқ. Ал, осы мұңғылдардан бұрын, Қытайды жаулаған түркілер бар еді. Олар, Қытай осы күнге дейін мақтанышпен айтатын, Таң патшалығын құрған түркілер еді. Өкініштісі, олар сол баяғының баяғысының өзінде қытайласып бітті. Қытайға ерекше өлең жазу үлгісін сыйлаған Ли бай да сол заманның адамы еді. Көшпенді, жауынгер түркілер қытайларды билеп, қытай тарихындағы ең гүлденген, ең дамыған патшалық Таң патшалығын құрды. Қытайлар өздерін ханзу атамай тұрғанда, осы Таң патшалығының атымен өздерін атайтын, таң адамдары дейтін. Осы күнге дейін шетелдегі қытайлар қоныстанған аймақтарды, көшелерді Таң Рын Жие 唐人街 атауы да сонан. Ағылшындар мұны Чайна Таун- CHINA TOWN дейді, шындығында, бұл түркілер құрған патшалық еді, сол түркілер боданындағы қара құлдары қара қытайларға осындай мақтаныш сыйлап, жер бетінен мәңгіге жоғалатынын ойламаған болса керек...

Мұнан арғы-бергі замандарда шянби деген ұлт болды. Шындығында, олар қытайлар емес еді. Бірақ қытай билеушілері оларды ұлт ретінде жойып жіберді. Ең қысқасы, сол бір ескі замандарда қытай билеушілері ең алдымен зорлықты күш, үстем бұйрық арқылы олардың аты-жөндерін өзгертті. Шянбилердің өз ұлттық аты-жөндері бар еді, соларын қолдануға мүлде рұқсат етпеді. Олардың Қытайға бағынған, Қытайға сатылған ақсүйектеріне Қытай патшалары фамилия сыйлап отырды! Міне, соның нәтижесінде аты өзгерген жұрттың бара-бара заты да өзгеріп шыға келді...

Біздің қазақтардың осы күнге дейін орыстың «-ов, -евтерінен» арыла алмай жүруі де құлдық санадан. Құл санасынан арылғандары атын дұрыстап алғанымен, өзге күстабан жұрт әлі жүр орыс атын қолданып. Осыны ойласаң, мұндай бағындыру, сіңдіру, жұту-құрту жолын орыстардан да бұрын ең алдымен қытайлар қолданғанын білсек, отарлаушының барлығы бірдей екенін сезер ек. Орыстың -овын алмай кеткен Бауыржан Момышұлына деген ерен құрметің де осындайды ойлағанда өзгеше туады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 10:41:56

Аты өзгерген жұрттың заты да өзгереді. Аты жойылған елдің заты да жойылады. Мұның бір қырын Ахаң баяғыда: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген еді. Я, сөзді жоғалту үшін «өзді» жоғалту керек. «Өзі» жоғалған жұрттың сөзі жоғалады. Өзінің кім екенін білмеген жұрттың барлығы жоғалып отырады. Осы бір үрдіс қазір Қытай қазақтарында бар. Қытайдың кейбір жеріндегі кейбір надан қазақтар осы кезде қытайға көзсіз еліктеуде, оған мысалды ерінбей-ақ келтіре кетелік. Біріншісі, олар Қытайлар құсап, бір әріпті фамилия ұстанғысы келді. Мұнысын баяғының баяғысында мұңғылдар қолданған еді, енді сол жоғалуға бет алған мұңғылдың жолына қазақ түсіп барады. Батыр деген мұңғыл «ба» деген әріпті өзіне фамилия қылып алып, Бұмбыжап деген мұңғыл «бу» деген әріпті өзіне фамилия қылып алғаны сынды, қазіргі қазақтар да ауыздарында ашық айтпағанымен, өздеріне осындай бір буынды, «ықшам, қолайлы», «дыбыстауға оңай», қытайша жазуға жеңіл аттар ойлап тауып алған, міне, бұл құруға бет алудың ең басы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 10:51:42

Мұнан да сорақысы, әкесінің атының бас әрібі не болса, баласына сол әріптен басталатын ат қою да осы кезде Қытай қазақтарында моды екен. Демек, бұл да Қытайға еліктеуден туған ой. Атам қазақта мұндай дәстүр болған емес. Бір ғана әріптің өзінен еліктеу ең соңында ұлтымызды жоюға апарды. Сейсенбек деген жігіт баласына міндетті түрде «сейдің» қытайша жазылуындағы «сай» 赛 мен басталатын ат қояды екен! Не сұмдық! Біз қытай емеспіз ғой, онысын тағы да мақтанышпен түсіндіреді, атымыздың ұйқастылығы дейді, ұйқастылығы дегеннің атасының аузына! Қазақта мұндай дәстүр жоқ. Мұның барлығы Қытайға көзсіз еліктеуден немесе Қытай құндылықтарын өзі де сезбейтін халде жүрегімен, рухымен, тұтас болмысымен мойындау деген сөз! Құл болу, жоғалу осыдан басталады! Жаңағы Сейсенбектің қызы Сай Ла екен, онысы 赛拉 екен. Әкесінің фамилиясы 赛 болғасын, өзіне осы фамилияны қойғанын айтады жаңағы кішкентай қыз. Міне, үрпақ жадысына бір нені құйып жатырмыз. Қытай балалары бірінің фамилиясын бірі сұраса, онда оқитын қазақ балалары аттарының алғашқы әріптерін, құл саналы әкелері ойлап тапқан жалған фамилияларын айтатын болған! Менің фамилиям «拜» -Бай дейді біреуі. Онысы Бейсеннің ұлы екен, менің фамилиям -居 -Жұй дейді біреуі. Ол Жұмабай деген біреудің қызы екен! Міне, не сұмдық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 10:59:56

Осындай оттамаларды оттап отырған бір қытайша оқыған мұғалімді көрдім. Өз көзіме, өз құлағыма сенерімді, сенбесімді білмедім. Оның айтысында, Үрімжідегі қала жағалаған, «мәдениетті қазақтардың» балаларының аттары «өте қолайлы, есте ұстауға оңай, жазуға ықшам» болады екен де, ауылдан келген ауылбай қазақтардың балаларының аттары «ұзын-сонар, жазуға қолайсыз, есте ұстауға келмейтін, артында қайдағы-жайдағы биекі, бай-и, жяң, тай, босын, гүл деген қосымшалары бар» болып келеді екен...

Міне, осы ұғым біздің қазаққа кіріп үлгерген. Сонымен, баласына 凯撒 деп ат қойған ата-анамен сөйлестік. Ол баяғыдағы 凯撒大帝-бойынша қойдым дейді. Міне! Егер, ол қайсар немесе қайса болғанда ғой, Иса пайғамбардың аты деп ұққан болар ек, ата-анасы бар болғаны қытайша жазуға қолайлы болу үшін осындай екі әріпті, қолайлы аттарды қоятын бола бастапты...

Құдай-ау, біз қазақпыз ғой! Біздің атымыз оларға қолайсыз болғанымен, өзімізге қолайлы ғой! Олар біздің атымызды өзгертіп айтса, Қазақстанда біз де олардың атын өзгертіп атаймыз ғой, ендеше олар да қазаққа сай аттар қолдансын да. Сзиян Сзе Мин деп Жяң Зымынды, Ху Дзин тауы деп Ху Жиінтауды атадық қой біз де.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 11:02:54

Аты зорлықты түрде өзгертілген шянбилердің-鲜卑 артынан біздің қазақ бара жатыр. Алдымен қазақы атымыз жойылса, артынан қазақы затымыздың жойыларына еш күмәнданба, ағайын! Сол үшін баласын қытайша оқытып жатқандардың барлығын мен қазақ ұлтына қастандық жасаушылар деп санайтын едім. Олар өз қолдарымен өздерінің ұрпақтарын құртқалы отырғандар. Сонымен қатар ұлтымыздың көрін қазушылар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 11:07:38

Қазіргі Қытайдың ішінде баяғының баяғысында қытайласып кеткен, тұқымы құрып, қытайласып кеткен ұлттар өте көп. Тарихтан бізге белгілі болғанындай 匈奴、鲜卑、羌、铁勒、柔然、回纥、突厥、沙陀、党项、契、女真 ұлттарының барлығы осы күнде жоқ, бар-жоғы түркі тұқымдылар -түжиелер ғана аман қалды. Оның өзінде де, аман қала алғаны, исламға кіргені. Ал, исламға кіре алмай қалғандарының барлығы құрыды. Ғұндар қашты. Біліп қашты. Бірақ, Венгеряға барып, олар да сіңісіп кетті. Бір бөлімі орта жүздің ағасы - арғын болып қалды...

Болашақ77 жолданған уақыты: 2011-10-18 16:15:22

Жақа осы жауһар сапарнамаңызды кітап қылып шығарсаңыз әрі Қазақстан торына шығарсаңыз, өте тамаша болар еді!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 17:14:11

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-18 17:18 өзгерткен

Алла разы болсын ақ тілегіңізге. Бұл ойда бар, іске асыру қиын мәселе болып тұр. Славяншаға қотаруға уақыт шығара алмай жүрмін...

Біздегі қазақша төтеше мен қазақша кирилшені бір-біріне аударатын әріп сәйкестіргіштердің иқуаты жүзде жүз емес, ол үшін слауияншаға өзгертіп болғасын, әріптерін мұқият редакторлау керек. Осыған көмектесетін адам болса, алғысым шексіз болар еді...

Шынын айтқанда, кирилше (слауянша) блогым баяғыдан бар, бірақ осы сапарнамаларымды шығара алмай жүрмін. Біреулер үзіп-жұлып, кейбір ойларымды менен бұрын ол жақта жариялап та жүр...

Негізі Қазақстан сайттарына немесе Қазақстан қазақтары қолданатын жазудағы жеке блогта жариялағым-ақ бар, уақыт мәселесі қиын болып тұр...

Сол үшін ақ көңіл оқырмандардан ашық көмек сұраймын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-18 17:23:01

Жаке, дал осы жерге дейін жиінақтап болдым, басқа торлар...

Алау жолдаған 2011-10-18 16:42 http://www.kultegin.net/bbs/images/common/back.gif

Алла разы болсын, Алау мырза!

Сізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Еңбегіңіз бен еткен көмегіңізді Алла Тағала сауапқа жазсын. Қазақтың әрбір жігіті өзіңіздей болса, біз баяғыда-ақ басқаша жұрт болған болар ек...

Иншаллаһ, Алла бізге соны жазсын! «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ғой, «Әр қазақ менің жалғызым», әр жалғыз аман болсын! Берекелі болсын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-21 01:53:04

Ассалаумағалайкум, қадірлі жамағат!

Бүгін 2011 жылдың 20 қазаны, менің өмірімдегі ең қуанышты күндерімнің бірі болды! Аллаға сансыз шүкірлік! Аллаға сансыз алғыс! Өмірімде мұншалықты қуанып көргенім есімде жоқ...

Мүмкін, Алла қалап, болашақта қажылыққа бара жатсам ғана осыдан артық қуанатын шығармын...

Осы бір күнді өмір бойы ұмытпаспын...

Қуанғанымнан екі рәкәғәт намаз оқыдым...

Аллаға сансыз мадақтар айттым! Аллаға сансыз шүкірліктер айттым...

Қуанғанымнан не жазарымды да білмей отырмын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-21 19:13:20

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Рұхсат болса, шығармамызды жалғастыралық...

Бүгін, 21 қазан, 2011 жылы. Күн жұма! Қасиетті жұма мүбарак болсын! Қасиетті жұма күні тілеген барша тілектерімізді мейірімі шексіз Алла Тағала қабыл еткей!

Құрметті мұсылмандар, қадірлі қазақтар! Әр жолғы құлшылығымызда өзіміз үшін, отбасымыз үшін, туыс-тумамыз үшін тілеу тілеген сәттерімізде, ұлтымыз үшін, мемлекетіміз үшін де тілеу тілегенді де ұмытпайық. Алла тағала алақанын жайып, Алладан медет тілеген, жаратушыдан ізгі тілек тілеген пендесінің тілегін кері қайтармайды!

Қасиетті жұма құтты болсын, тілектеріміз қабыл болсын. Ал, енді шығармамызды жалғастыралық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-21 19:59:29

Әңгімеміз Шыңжаңдағы барша бұқараны қан қақсатқан Шың Шысай хақында болатын. Енді сонымызды жалғастыралық.

Шың Шысайдың арам арманы іске аспай қалды. Әйтпегенде, бүгінгі тарих басқаша жазылған болар еді. Қара ниет Шың орыспен ойнасамын деп от басты. Алыстағы Америкамен одақтасқан Жяң Жиешінің құшағына өз еркімен құламаған еді. Барлығы да оның арманының керісінше болды.

Шыңның соңғы өмірі қасырет пен қорқыныш ішінде өтті. Оның дұспандары Шыңжаңдағы қазақтар мен ұйғырлар ғана емес-ті. Оның Шыңжаңда дара билік жүргізген тұсындағы қырғындаған қытайлары да аз еместұғын. Сол қытайлардың жерлестері, туыс-тумалары Шың Шыңсайды тыныш қоймады. Оның Ланжоу қаласындағы қайнатасының өзі тұтас отбасымен қанды қырғынға ұшырады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-21 20:07:42

Шың Шысайдың Ланжоу қаласындағы қайнатасының қала шетіне орналасқан сәулетті сарайындағы 11 адам тұтасымен қырғындалған хабар жеткен кезде, Шың Шысай әлдеқашан Тайваньға қашып барып болған еді. Бұл 1949 жылдың 5-айы еді. Бұл хақындағы нақтылы материалдарды 《长篇纪实——盛世才家族血案真相》 деген кітаптан оқуға болады. Қысқасы, қанішерлердің ешқайсысы тыныш ғұмыр кеше алған емес. Гитлерден тартып, Сталинге дейінгі барлық ірілі-ұсақты қанішерлердің ешқайсысы бақытты-баяшатты ғұмыр сүрген емес. Көбінің өмірлерінің соңы аса аянышты жағдайда өтті. Көбісінің соңында тұқым да қалған жоқ...

Арғы-бергі тарихқа қарап отырсаңыз, мұндай қанішерлердің біразы ұрпақсыз кетеді немесе аса аянышты қалде өмірінің соңын өкінішпен аяқтайды немесе кісі қолынан өледі...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-21 21:47:34

Мау Зы Дұңның үлкен інісі Мау Зы Минды де осы Шың Шысай өлтірген еді. Мау әулетінің ішіндегі үш ұлдың үшеуі де төңкерісшіл болған ғой, тірі қалғаны төңкерістерінің қызығын көргені де жалғыз Мау Зыдұң ғана болды. Үлкен інісін баяғыда Шың Шысайдың Кеңес одағымен жақсы кезінде Шыңжаңға жіберген болатын. Ол замандағы Шыңжаң Кеңес одағымен тым жақсы болатын. Шың Шысай мен Сталиннің махаббаттары жарасып, екі кәпір бірінің қан сасыған ауыздарынан енді бірі жалап тұрған бір заман еді ол. Ол замандағы Шың Шысайдың бір мақсаты Мауға да, Жяңға да қосылмай, Шыңжаңды Кеңес Одағының ықпалында дара билеу ғана болатын. Сол үшін өзін Маумен, Жяңмен, тіпті Сталин, Розвелт, Черчилмен қатар қойып, фашизмге қарсы алты көсем атап жүрген заман еді...

Бірақ, інісін Шыңжаңға жіберген Маузыдұң қателескен еді. Мау әулетінің парасатты бір ұрпағы осы Шыңжаңда, осы Үрімжіде Шың жағынан өлтірілді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-21 23:05:58

Демек, Үрімжі деген шаһарыңызда да біраз тарих жатыр. Тарих болғанда да қанмен жазылған тарих жатыр. Бұл шаһардың көшелерін аралап жүрген сәттерімде, көп жағдайда мені басқаша бір ойлар билеп алады да қояды. Менің есіме осы қалада, тура осы шаһарда қанішерлердің, хайуан тектілердің қорлығын жеріне жете көрген Ақыт бабамыз келеді. Қазақ баласына ислам ақиқатын жеткізуші ұлы ғұламаның қасіретті тағдырының осы шаһармен қатысты тұстарын ойласам, мүмкін мен басып жүрген әрбір жерде сол арыстардың асыл қандары төгілді ме екен деген ойлар келеді де тұрады. Үрімжі түрмелерінде қоршылықпен көз жұмған қазақтың қаншама боздағы болғанын ойласам, осыншама қасіретті, қайғылы сырды жасырып, сазырайып тұрған Үрімжінің тауларына, қыраттарына, шоқыларына егер тіл біте жатса, қандай-қандай сырларды ашқан болар еді деп ойлап кетемін...

Я, біздің қай боздағымыздың қаны осы Үрімжіде төгілгенін біздің зиялыларымыз біледі. Үрімжіде жүрген әрбір қазақ, Үрімшіге барған әрбір қазақ осы тарихты ұмытпағаны абзал...

Сен тарихты ұмытсаң, тарих сені ұмытады. Тарих сені ұмыттырады. Құрисың, жоғаласың.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-22 21:24:42

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Таң бозынан қу тірліктің күйбеңімен болдық. Бүгін атышулы Шелек ауылына барып қайттым...

Жұмысымыздың сыртында өзгеше бір табысқа жеттік...

Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін сотталған кіші жүздің жігіті менің болашақ әріптесім болатын болды. Әңгімеміз жарасты. Желтоқсанның біз білмейтін бір талай қыры мен сырына қаныға түскендей болдым...

Кеш бата қаламызға жеттік. Көңілді әрі табысты бір күн болды...

Қызыл орыстың қазаққа салған ең соңғы қырғыны желтоқсан хақында кейінірек айта жатармыз, алдымен Шыңжаңдағы қазақтарды қырғындаған қара қытайдың жендеті Шың Шысай хақындағы айтылған әңгімеміздің жалғасын жалғастыралық...

Бисмиллаһи рахманир рахим...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-23 01:05:41

Шың Шысайдың інісі Шың Шы Жи (盛世驥) жазған кітап «Әулетіміздің ағасы Шың Шысай» да айтылуынша Шың Шысайдың ұрпақтары бұл күнде Америкада. Саясаттан аулақ. Бақытты, баяшатты, тып-тыныш ғұмыр кешуде екен. Бұл хақында кітаптың соңында жазған. Мен олардың Тайванда тұрақтап тұра алмағанына сенімдімін. Бұл Қытайдың табиғаты.

Жяң Жиешінің өле-өлгенше Шың Шысайды қорғаштап өткені хақында бұл кітапта жазылады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-23 09:13:20

Маузыдұңның інісі Мау Зымиын - Шыңжаңның тағдырын өзгертушілердің бірі еді. Оның Шыңжаң тағдырының өзгеруіне екі түрлі әсері болды. Бірі - ол Шың Шысайдың Кеңес Одағымен жақсы кезінде Шыңжаңда жоғары лауазымды қызметте болды. Ол Шыңжаңда Шыңның қазынашысы болып жұмысқа тұрды. Ол заманда Шың Шысай Жяң Жиешінің құшағына құламаған кез еді. Өзі дара билеуші болатын. Кеңес Одағының әскери көмегі арқылы Шыңжаңды біртұтас билеуге қол жеткізген еді. Кеңес Одағының көмегі болмағанда Шыңның билік құзыреті Үрімжі маңымен ғана шектелетін еді. Ілені Жаң Пей Юан, шығысты дүңген Ма Жұңиың ұстап тұрған болатын. Қызыл кеңес Шың Шысайды таққа шығарды, сол арқылы Кеңес үкіметінің қызыл қырғындарынан қашып, Қытайға барған қазақтардың зиялы жігін Шыңжаңның өзінде қырғындауға мүмкіндік алды...

Ал, 1939 жылы Маудың інісі Маузымин Мәскеуге келеді...

Маузыминнің Мәскеу сапары Сталиннің Шыңжаң саясатына өзгеріс әкелді...

Мәскеудің саясатының өзгеруіне сай Шыңжаңның тағдыры да басқаша шешілді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-23 09:33:32

Маузыминнен бір жыл бұрын, яғни 1938 жылы Шың Шысай Мәскеуге келіп қайтқан болатын. Мәскеуге барған Шың қайтып келгесін, Мәскеумен суыса бастайды. Мұның себебі бар еді. Бірі - Мәскеу оған ол армандағандай құрмет көрсетпеді. Өзін көсем сезінетін Шың Шысайға Мәскеудің жасаған құрметі мен сый-сияпаты тым қарапайым болды. Тіпті Сталиннің оны елемей қоюы, орыс басшыларының сүйегіне біткен тәкаппарлық, Шыңның ызасын келтірді. Ол өзінің орыстардың назарында ештеме де емес екенін сонда ғана сезінді. Сонымен Мәскеуден қайта сала Мәскеуге қарсы бағытқа бет алды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-23 09:37:29

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-23 23:19 өзгерткен

1938 жылғы Шың Шысайдың Мәскеу сапары мен 1939 жылғы Мау Зыминның Мәскеу сапары Шыңжаң тарихындағы екі үлкен оқиға болып саналуы керек еді. Өкініштісі, мұның барлығы біздің жазғыштарымыздың қаламына тым елеусіз ғана ілініп жүрді. Шындығын айту керек, осы екі «Мәскеу сапарлары» Шыңжаңның тарихын да өзгертті, тағдырын да өзгертті...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 22 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)