Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 32 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 02:54:01

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-16 02:57 өзгерткен

Шың Шысай орыстармен одақ болды, алдымен қашқын ақ орыстармен одақ болды. Ол қашқын орыстарды арнайы қамдауға алды. Оған гүйхуәжүн деп ат қойды. Кейінірек, Шың Шысай мәжүңиіңге қарсы тұра алмай қалды. Сол кезде барып Кеңес Одағынан көмек күтті. Кеңес әскері бұл кезде Шыңжаңға жаңағы Шың Шысай қол астына қараған ақ орыс әскерінің сипатында кірді. Кеңес Одағының қызыл әскері қайтадан Ақ патшаның әскерінің киімін киіп алды. Осы арқылы Шың Шысай гоминдаң ішіндегі өзіне қарсылардың «Шыңжаңды қызылдастырды» деген қаңқуынан құтылды, әрі Құмылда тұрғызған қызыл Кеңес әскері арқылы Шың Шың Шяның ар жағындағы ішкі Қытайдағы Гүмандан армиясының Шыңжаңға кіруінің алдын алды...

Қысқасы, Шың Шысайдың Кеңес одағымен одақтасуының түп мақсаты және оның Кеңес Одағының компартиясына мүшелікке өтуінің түп мақсаты-Шыңжаңды жеке-дара билеу ғана еді...

Ол заманда Шыңжаңды мекендеген қазақтар үшін алғанда, Мәскеу алыста, орыс арғы бетте болғанымен, шындығында барша қазақтың тағдырын ақ орыс пен қызыл орыс осылай қақпақылдаған заман болатын. Ортасында қара ниеті қабынған Шың қытай бар еді. Қамсыз қазақтың қасіреті де осы кезде ең мол болды. Шыңжаң қазақтарының барлық игі-жақсыларын қынадай қырған осы бір қасіретті заманды еске алған сайын, жүрегім шымылдап кеткендей болады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 03:08:44

Қазақтар не үшін қырыла берді?! Мұның жауабы мол! Не үшін біз жеңіле бердік? Не үшін біз соғыстан көз ашпай қалдық? Не үшін біздің қасіретіміз мол болды?! Бұл әрбір қазақ баласы күн сайын ойланатын, әрбір қазақ баласы күн сайын өзіне-өзі қоятын сұрақтар болуы керек! Егер бұл сұрақтар сені мазаламаса, өзіңді қазақ сезінбей-ақ қой!

Жер бетінде бес мыңнан аса ұлт бар. Бес мыңнан аса тілде сөйлейтін осы ұлттардың, жұрттардың, ұлыстардың ішінде екі жүзге жетер-жетпесіне ғана өз дербес мемлекеті болуды жазыпты. Соның ішінде қазақ бар. Соның ішінде қазақ мемлекеті бар. Иә, бұрынғы қазақ есепсіз-қисапсыз қырылды. Сүйегі далада шашылып қалды. Сұрайтын ел де болған жоқ. Сұраусыз, сұрақсыз кеткен сол қазақтардың қасіретті, қанды тарихы мынаны дәлелдейді, оларда билік жоқ еді. Олардың қолында үкімет билігі жоқ еді. Үкімет деген ұйымдастырушы күш. Үкіметсіз болғандықтан, қолдарында бірлікке келген басқару жүйесі болмағандықтан, өзгенің бодандығында болғаны үшін, азаматтарының басы біріге алмағаны үшін, саны аз болса да, орыстан, орыстың әскерінен жеңіліп отырды. Қолында от қаруы болмады, қаруы болмаған қазақты орыс алып та жықты, шалып та жықты. Себебі, қазақта қару жоқтығы, соны жасайтын, азаматтарына тарататын, ауылдағы қазақтың азаматтарын жинап, тәрбиелейтін, оларды елге келген жаумен күресуге ұйымдастыратын, тәрбиелейтін үкімет, мемлекет болмады...

Ал, енді мемлекет болдық! Өз әскеріміз болды, өз қаруымыз болды...

Бұл қазаққа Алланың бере салған есепсіз нығыметі еді! Аллаға сансыз мадақтар болсын!

Иә, ел болу бір әңгіме де, елдікті ұстап тұру ол бөлек бір әңгіме еді. Ендігі қазақтың әңгімесі - осы елдікті ұстап тұру, баянды ету еді! Осы күрес - барша қазақ баласы үшін ортақ күрес! Бұл күрестен шет қалғандардың, қалыс қалғандардың барлығы - сатқындар!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 03:13:38

Бұрынғы қазақ хандарының қазаққа сырттан келген жауларды жеңіп отыруының себебі, олардың мемлекеті болғандығында еді. Мемлекет біртұтас басқаруға алғасын, адам баласының ұйымдасу қуаты артатын еді. Ал, қазақ қалай мемлекеттілігінен айырылды, солай құрдымға бет алды. Өзгенің боданы болған қазақтың өлісінің де, тірісінің де еш сұрағы болмады, кім қалай қырғысы келсе, солай қыра берді! Мемлекет - құдіретті күштің белгісі. Орыстан жеңілген қазақ - қару өнерінің төмендігінен жеңілді. Берекесіздігінен жеңілді. Алыстағы Еуропадан от қару өнерін Орта Азиядағы қазақ ала алмады, от қаруы бар орыс қазақты жаулап алды. Ендігі от қару - атом қаруы еді. Осы қаруы бар елдің өзге алдындағы беті де, беделі де басқа еді. Біз онан бас тарттық. Қарусыз елге айналдық, қазақтың барша қасіреті екі нәрседен еді. Бірі мемлекеті жоқтығынан болса, мемлекеті бар заманда от қаруы жоқтығынан еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 03:19:39

Мемлекеті де болған, қаруы да болған замандағы қазақтар ең құдіретті қазақтар болды. Өзгені бағындырды. Жұңғарды жер бетінен тып-типыл жойды. Қалмақты орнына қойды. Қазақ пен қалмақ мың жыл бірімен-бірі соғысқанда, қалмақтың да, қазақтың да бұрынғы құлдары өсті, өркендеді. Даланың екі тағысы, екі алыбы бірімен-бірі мың жылдықтар бойы алысып, басы өспеді, өшті, саны артпады. Өндірісі артта қалды. Ең соңында өздерінің бодандарындағы жұрттарға бодан болып шықты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 11:54:31

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-16 11:57 өзгерткен

Өз басыңда өзіңнің мемлекетің, мемлекеттік құрылымың, мемлекеттік аппараттарың, әскерің, қорғанысың, т.б.-лар болмағасын, өзгенің боданында жүріп көрген күнің құрысын! Ағылшындардың мемлекет пен ұлт ұғымын біртұтас нейшн деп атауының да сыры осы болса керек. Демек, мемлекеті бар ұлт қана ұлт ретінде саналады да, мемлекеті жоқ ұлт, ұлт ретінде саналмайды. Я, ұлттың құндылықтары тек сол ұлттың мемлекеті болған жағдайда ғана сақталады. Онсыз мүмкін емес. Мемлекет болу деген сөз - өзіңнің жеке үйің, жеке баспанаң болу деген сөз. Ал, мемлекеті жоқ ұлт - баспанасыз қаңғып жүрген қаңғыбастың дәрежесінде немесе кісі үйіндегі қонақтың дәрежесінде ғана. Жаман үйді қонағы билейтінін жоқ дей алмаймыз, бірақ аса көп санды үйлердің өз қонақтарына үнемі һәм үздіксіз халде «шаңыраққа қара» деп ескертіп отыратыны да сонан...

Қаңғыбастың, үйсіздің бетін арман етсін! Қаңғыбастың тірісінде тірілігінің белгісі жоқ, өлсе, өлігінің сұрағы жоқ! Отансыз ұлттардың қырыла беруінің сыры да осында. Өз қолында армиясы болмағасын, өз қолында мемлекет құқықтарын жүргізетін қарулы күштері болмағасын, өзгенің қырғындарына ұшырамай қайтсін?! Қырылса қырылсын-ау, кеше ғана 20 мың солдатын орыс қырып салған Польшаның ғасырға жуық уақыт өтсе де, сол 20 мыңының құнын орыстан сұрауының, тектеуінің өзі нені білдіреді? Себебі, оларда сол заманда әлсіз болса да, мемлекеттік жүйе болды, тәртіп-түзім, санақ-архив болды, сол үшін оларда мұның барлығы анық-қанық болды. Ал, орыс қырған қазақтың санында сан болды ма? Ақ патша қырған қазақты айтпағанның өзінде, қызыл орыс қырған қазақтың санында шек болған жоқ! Осының барлығын біз польшалықтар құсап сұрай алмаймыз. Біздің миллиондарымыздың құны олардың жиырма мыңындай құнды емес, себебі біз еш сұрағы жоқ құнсыз, сұрақсыз құл халық болдық ол заманда. Өз қолыңда егемендігің болмағасын, құлсың! Құлдың сұрағы болмайды! Тірісінде де сұрағы болмайды, өлісінде де сұрағы болмайды! Қытайларда бір мақал бар ғой, «Торғай кіші болғанымен, бес мүшесі толық»-麻雀虽小,五脏俱全-дейтін. Кішкене болса да, әлсіз болса да, мемлекеті болған халықтардың халі мемлекетсіз халықтардан жақсы болатын себебі сонан. Кем дегенде, халықара сені таниды. Адамзаттың кейде мойындалмағанымен, кейде мойындалып қалып отыратын адами құндылықтары осындай мемлекет бар жағдайда ғана іске асады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 13:46:59

Жә, қадірлі қауым, Алла қаласа, кеште жүздеселік. Алла тағала сіздерге де, біздерге де амандық бергей!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 00:17:50

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 00:20 өзгерткен

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі жамағат!

Рұхсат болса, шығармамызды жалғастыра берейік!

Жаңа ғана Шыңжаңда жер сілкінді деп естідік, туыс-туғандармен хабарластық. Бір Алла өзі сақтасын қазағымды! Қасіреті мен қайғысы қалың қазақтың айы оңынан туып, аспаны мұңнан ашылған, Алланың нұры мен нығыметі жауған осы бір заманда, мейірімі шексіз Алла Тағала барша қазақ баласын барлық бәле-жаладан, барлық апаттардан, зілзаладан, барша уайым, қайғы-қасіреттен сақтай көрсін! Алланың барша қазаққа берген бағы мен нығыметі баянды болсын! Дін мұсылман баласы, нафіл намаздар оқып, қол жайып, дұға қылып, Алладан мейірім мен шапағат тілелік! Алла тағала біздің тілеген тілектерімізді қабыл етеді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 01:35:29

Қытайлар атын өзгертсе де, тегін (фамилиясын) өзгертпейді. Бұл қытайлар үшін жазылмаған заң. Тегін өзгертуді қытайлар өте ауыр көреді. Құрлық қытайларын құдайсыздық жайлаған делінгенімен де, қазірдің өзінде біраз қытайлар ата-бабасының аруағына табынатын мүшіріктер болып келеді. Сол үшін олар ата-бабасының өздеріне қойған аттарын өзгерткісі келмейді. Мұны ата-баба аруақтарына деген құрметсіздік сезінеді. Міне, бұл қытай нанымы.

Соңғы кезде Қытайда христиан діні мен католик діні қатты дамып келе жатыр, онымен қатар ауыл-ауылда, қиыр-қыстақтарда иехова куәгерлері де өз діндерін дамытуда. Ватиканның есебінше болғанда, Қытайдағы ватикандық нанымдағы қытайлар бірнеше жүз миллионды құраса керек. Анық-қанығы ешқашан бізге белгілі емес. Бірақ, менің байқауымша, Қытайлардың батыстық діндерге өте бастауы соңғы кезде күрт көтерілуде.

Біреулер Құранда айтылатын 124 мың немесе кей айтылымдағы 224 мың пайғамбар немесе ескертушінің, набидің болғандығын әрі «ескертуші жіберілмеген қауым жоқ» деген сөзге сай, Қытайдың кейбір ғұламаларын, мысалы, күңзі мен мыңзыны, тағы осы тектес ғұламаларды Алла Тағала тарапынан жіберілген ескертушілер немесе пайғамбарлар болуы мүмкін деп ойлайды. Бірақ біздің қолымызда нақтылы дәлеліміз болмағандықтан, мұндай ойлаудың дұрыс не бұрыс екендігін анық айыра алмаймыз. Сол үшін, күнәлі болып қалмас үшін мұндай анық дәлелі болмаған тақырыптарға бір бара алмаймыз. Алла - ұлы, барлық ілім мен ғылым бір Аллаға ғана тән. Оның сыры мен қырын, ақиқатын біз о дүниеде ғана білетін болуымыз мүмкін...

Біз тек Құранда аты аталған 25 пайғамбарды ғана білеміз. Себебі, бұл анық дәлелімен келген дүние. Ал, қалған 124 мың немесе 224 мың пайғамбар хақында артық ойлап, күнәлі болуды қаламаймыз.

Жә, қытайлардың ат пен фамилия өзгертуінен туындады ғой әңгімеміз. Қанішер Шың Шысайдың өзі өмірінің соңын қорқыныш пен үрей ішінде өткізгені баршаға аян. Бұл туралы Тайвань баспасөзінде ашық жазылып жүрді. Ол сол себепті де, қытайлардың ата-баба дәстүріне қайшы келе отырып, өзінің ата-бабасының фамилиясын қолдана алмады, өзіне тыңнан Ян-颜 деп фамилия қойып алды. Бұл ескі қытай тілінде «бет, жүз» мағынасын беретін еді. Өмірінің соңын жасырынумен, қорқынышпен, үреймен өткізген Шың Шысайдың Шыңжаң жұртына істемеген жамандығы қалмаған еді. Бірақ Шыңның жазасын ұйғыр немесе қазақтар бере алған жоқ. Бұған ұйғырлар мен қазақтардың шамасы жетпеді. Ең бастысы, ол қазақтардың барлық игі жақсысын абақтыда өлтірді, әрі бұл үшін қазақтар оған ештеме де істей алмады. Шыңжаңдағы қазақтарды қанды қырғынға ұшыратқан Шың Тайваньда Жяң Жиешінің қорғаштауында ғана өмірінің соңын аман-есен өткізді. Шыңға өшіккен қытайлардың өзі аса көп еді. Осы қытайлар оны Шыңжаңнан шегінген соң да тыныш қоймады. Оның жанын сақтап қалғаны Шыңжаң халқынан, әсіресе қазақтардан, қазақтардың ертедегі бейіттерінен, үйсін молаларынан қаздырып алған, күллі Шыңжаң жұртынан, ұйғырлардан тонап алған алтын-күмістері ғана еді. Шыңның Шыңжаңдағы, Гансудегі мәдени мұраларды да барынша тонағанында еш күмән жоқ. Қытайлардың ежелден бейіт тонайтын әдеттері бар. Жяң Жиеші заманындағы барлық милитаристтер, бандылар бейіт тонайтын. Ең қысқасы, 1911 жылы тақтан айрылған Манжу билеушілерінің ата-бабаларының бейіті де осындай тонаушылықтардан аман қалмаған еді...

Бейттеріне алтын мен күмісті, бағалы заттарды қоса көмдіретін адасқан наным иелерінің осындай бір қылықтары бар еді. Тірісі түгілі өлісіне маза бермейтін тойымсыз нәпсінің құлдары мәдени мұра дегенді де осы бертінде ғана білген еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 01:44:43

Тайваньның орталығы Тайбей қаласындағы Нанжиң шығыс көшесінің 5-бөлігінің 291-жолында қарапайым қара бұқара ортасында тегі мен атын жасырып, тышқанша бұғынып күн кешкен Шың Шысайдың 1970 жылдың 13 шілдесіне дейін өмір сүргенін біреу білсе, біреу білмес. Бір өкініші, бізде еврей сынды бола алмадық. Біздің ол заманда егемен еліміз болмады. Қазақтың барлық игі-жақсысын қырғындаған қандықолды қазақтар осылай жазасыз жіберді. Еврейлер болса, күллі адамзат баласына бір нәрсені ұғындырды. Мейлі, қай елдің азаматы болсын, тек ұлты еврей болса болғаны, ол Израиль мемлекетінің қорғауында болатын еді. Еврейлерді қырғындауға қатысқан барлық ірілі-ұсақты қандықолдардың барлығын Израиль үкіметі жазалады. Еврейдің құпия ұйымдары бұл іспенен жарты ғасырдан астам уақыт айналысты. Мұның көбісі осы күнге дейін құпия, бірақ кейбір деректерге қарағанда Шығыс Еуропа мен Латын Америкадағы жасырынған, қашқан, тығылған еврей жауларын олар осы күнге дейін іздестіруде. Табылғандарын өлтіруде. Біздің қазақтар да осылай істеуі керек. Қазаққа тісі мен тырнағын батырғандарды жазалай алатынымызды көрсетуіміз керек. Кем дегенде, біздің тарихшыларымыз Тайваньға барып, Шың шысайға қатысты құпия құжаттарды күллі ғалам алдында әшкерелеуі керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 02:02:34

1944 жылы 11 қыркүйекте Шың Шысай Шыңжаңнан кеткен кезде Үрімжі қаласының Лю Дау Уан 六道湾 аумағындағы Қытай бейіттерінде зар жылаған қытайлардың санында шек жоқ болған екен. Қытайлар ежелден құлшыл халық. Қожасына қытайдай бағынатын екінші бір ұлтты көрсем, көзім шықсын. Шың кетпей тұрып, өздерінің Шың жағынан өлтірілген туыстарын жоқтағанға да батына алмаған Үрімжі қытайлары осы күні Үрімжінің қаласы мен даласын лаңғада қылғанын жазады, сол замандағы қытай газеттері. Ашық деректерге қарағанда, Шың Шыңжаңды билеген 11 жыл ішінде 100 мың адамды түрмеге тоғытқан болса, оның тең жартысын өлтірген. Демек, Шың қолымен өлтірілген адамдардың өзі 50 мыңнан асқан. Әрине, мұның Қытай деректері екендігінде дау жоқ. Мұның ішіне Шың Шысай жағынан өлтірілген қазақтардың кіретінін немесе кірмейтінін біз білмейміз. Өзіміздің құқымыз өз қолымызда болмағасын, ол замандағы қазақ Шың Шысайдың дастарқанындағы піскен қазы-қарта, жал-жая сынды ғана еді. Қалай жегісі келсе, солай жейтін еді. Үрімжі түрмелерінде өлтірілген қазақтың игі жақсыларының аты ғана мәлім бізге! Бірақ, сол игі-жақсылардан тыс, өзге де қарапайым, момын қазақтардың өлтірілгендігін білеміз. Жұрт алдында беделді, ел басқарған барша қазақтың сорпа бетіне шығарлары, зиялылары, молдалары аман қалған жоқ. Бірақ, біз осының тұтас тізімдігін жасап шыға алдық па? Үш аймақ бойынша, шежіре, ру бойынша тізімдік жасап, сол заманда Шың жағынан өлтірілген қазақтардың санын анықтап шыға алдық па? Шың Шысай 1944 жылы Үрімжіден кетті. Қайда барды дейсіз ғой. Оның барған жері Чұңчиң еді. Шың Шысай барған Чұңчиңге осы жазда мен де бардым...

Ондағы атақты түрмелерді саяхаттадым, зиярат еттім. Қытайдың гүмәндән партиясы билеген замандағы Қытай коммунисттері мен Қытай алғабасарларын қамаған атақты түрмелерді бұл күнде Чұңчиң қаласы атақты саяхат орындары етіп жасап тастаған...

Ал, біз ше? Атақты Ақыт қажы, атақты ақын Таңжарық Жолдыұлы жатқан түрмелерді не үшін тарихи орындарға айналдыра алмаймыз?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 02:18:01

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 02:23 өзгерткен

Үрімжідегі зиялы қазақтарға біздің айтар өтінішіміз осы. Бұл күнде Қытайда саяхат кәсібі дегеніңіз аспанға шырқап тұр. Өтірік-шыны аралас тарихи мұражайлар, тарихи орындар дегеніңіз ішкі Қытайда ит басынан төгіледі. Жергілікті жердің саяхат кәсібін дамыту үшін қытайлар қолынан келгенін аяп тұрған жоқ. Чұңчиң қаласындағы 白公馆-бай гүң гуән осының дәлелі. Демек, түрменің өзін бұл күнде саяхат жасайтын, сол арқылы саяхатшыларды қызықтыратын, ақша табатын орынға айналдырып алған. Әрине, мұның жас буынға тарихи білім беру сынды тұстары да бар. Ендеше, Үрімжіге келген ішкі Қытай саяхатшыларын бас салып қазақтың боғдасына, ұйғырдың әр да шауына (доң көпір), да базарына (үлкен базар) шығара бергенше, Шың Шысай заманындағы ескі түрмелердің орнын қалпына келтіріп, мұны да тарихи мұражайлар ретінде қарастырып, Таңжарық, Ақыт бастаған сансыздаған арыстарымыз жатқан, тән азабы мен жан азабын тартқан бөлмелерді көркемөнерлік жолмен жасап шығып, бұл жағында ішкі Қытайдағы тарихи мұражайларды үлгі ете отырып, Қытай компартиясының Шыңжаңды азат қылып, Шыңжаңдағы 13 ұлт бұқарасын азаптан азаттыққа шығарғанын күллі ғаламға мақтанышпен көрсетуге болады ғой. Сол арқылы «Жүңго компартиясы болмаса, жаңа Жүңго болмақ емес» деген ұлы ақиқатты тағы бір мәрте дәлелдесек, несі артық?! Үрімжідегі қазақ зиялылары осы жағын ойласса, құба-құп болар еді. Әрі осы арқылы Шыңжаңның соңғы жылдары тоқырап қалған саяхатшылық саласын да жандандырып кетуге болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 02:38:55

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 02:40 өзгерткен

Чұңчиң қаласындағы атақты - 渣滓洞-жа зы дұң да осындай тарихи орындардың бірі. Мен осы жазда, есімде қалуынша, 5-айдың соңғы 4-5 күнінде осы Чұңчиң қаласында болдым. Жұмыс бабымен жүргеніммен, уақыт шығара отырып, мұндай атақты тарихи орындарды зярат ете кету менің әдетім еді. Мен сыртта жүргенімде, көбінеки, тарихи мағынасы бар жерлерді саяхаттағанды ұнатамын. Ол менің тарихи білімдерімді молайтады. Ал, осы жазы Дұң мен Бай Гүң Гуәннің Қытай тарихындағы маңызы зор. Себебі, бұл орындар күллі Қытай жамағатына таныс, атақты «қызыл жартас»- (《红岩》) деген шығармамен байланысты еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 02:57:02

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 03:19 өзгерткен

«Қызыл жартас» кітабын қазіргі жас буынның біразы оқымағаны шын. Бірақ 70 жылдардың ар жақ-бер жағындағылардың оқығанында шүбә жоқ. Қызыл кітаптан өзгесі емге табылмайтын сол бір замандарда бұл кітаптың адамдардың әдеби шығармаға деген зәрулігін қандырғандығына күмәніміз жоқ.

Қытай коммунистері өздерінің Гүмандан түрмесінде мың-сан азап көрген, өлтірілген ардагерлерін осылай еске алады. Жяң Жиешінің оң қолы, атақты шпион, Жяң Жиешінің шпиондық органы болған Жиұн Тұң (军统) ның бастығы болған Дай Ли (戴笠) Чұңчиң қаласындағы осы түрмелерде Қытай коммунисттерін аяусыз қырғындаған, қинаған. Қытайдың аса ашынышты тарихының бір парасы осы Чұңчиң қаласында еді. Демек, Чүңчиң қаласының саяхат кәсібінің бір қайнары да кезіндегі осы гүмандан түрмелері еді. Чүңчиңдегі гүмәндән түрмелерінің тарихи мұражайларға, тарихи саяхат түйіндеріне айналып, Үрімжідегі гүмәндәң түрмелерінің бүркеулі беті «ұмытылып» қалуы қисынсыздау...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-17 03:15:05

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-17 03:17 өзгерткен

Чүңчиңге бара сала мұсылман асханасын іздегенім есімде. Іздеп жүріп, «Чүңчиң мұсылман ғимараты»- (重庆穆斯林大厦) дегенді тауып алдым. Негізі қаланың орталық алаңқайынан оншалық ұзақ емес жердегі бұл ғимараттың маңында мұсылман асханалар мол екен. Чиң Жүй Жай (庆聚斋) және Хұй Шяң Жай (回乡斋) деген мұсылман асханалар бар екен. Бұл арада мешіт те бар екен. Бірақ, біз барғанда ішінде жөндеу жұмыстары жүріліп жатса керек, мешіт жабық болды. Екінті намазымызды сыртта оқығанымыз есімізде. Қалғандары есімде шала-пұла қалыпты. Сол кезде бір байқағаным, аталмыш мешіттің қақпасының үстіне мешіт деп арабша-қытайша жазылыпты да, астына Жяхау қонақүйі (佳豪宾馆) деп жазылыпты. Дүңгендердің мұсылманша тағамшылық кәсібі мен мешітті, оған қоса қонақүй бизнесін осылай байланыстырып, компартияның саясатынан тиімді пайдаланып, Алласына да құлшылық қылып, партиясының да пайдасын көріп отырғанына таңырқаған ем. Қытайдың қай жеріне барсаң да осы. Ішкі Қытайдың барлық жеріне шашырап кеткен дүңгендердің компартияның тиімді саясатын барынша пайдалана отырып, барған жерінде мешіттер тұрғызып, мешіт ауласының ішінен қонақүйлер тұрғызып, асханалар салып, ақшаны да күреп тауып, Алланың да, адамның да разылығын алып, бай-бақуатты тұрмыс кешіріп жатқанын көргенде, біздің қазақтардың не үшін осылай істей алмайтынына ақылым жетпейді. Тым құрығанда, Үрімжі қаласынан қазақ баласына бір мешіт бұйырмай тұр...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)