Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 31 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-13 15:35:14

Шың Шысайдың Мәскеумен махаббаты қысқа болды. Бірақ Мәскеумен оның махаббатының қыры мен сырын ашып тастаған адам Маузымин болатын. Ол заманда Шың Шысайдың өзін-өзі көкке көтеріп, жағымпаз ақындарымызға өлең шығартқызып жүрген заманы. Өзін Черчил, Розвелт, Сталин, Маузыдүң, Жяң Жиеші бесеуімен қатар қойып, «фашизмге қарсы ғаламдық алты арыс» атап жүрген шағы еді. Шын мағынасында бұл «алты арыс» емес еді, ашығында үшеу ғана болатын. Ішіндегі Мау мен Жяң екеуі болса, алдыңғы үшеуінің сызған сызығымен жүретіндер болатын. Ал оған келіп Шың Шысай өзін қосып алды. Шыңжаңға Жяң Жиешінің адамдарымен қоса коммунисттерді де қоса жинап алғандағы мақсаты өзін Мау мен Жяң тобынан басқа үшінші бір күштің иесі қылып сезінгендігінен болатын. Бұл да сол заманғы Сталиннің арам мақсаты үшін керек болды. Шыңның қолтығына су бүркіп, құтырта түскен де сол зәндемі еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-13 15:45:38

Қытай гүмандан партиясы мен Қытай коммунистік партиясынан бөлектеніп, өзін Қытайдың «үшінші саяси блогі» атаған Шың Шысайдың арманы ересен зор еді. Бұл хақында Қытай компартиясының сол кездегі Шыңжаңдағы уәкілінің бағасы былай еді: «Шың Шысай - шығу тегінен алып қарағанда, қара ниеті қабынған әскери милитарист, оның идеясынан алып қарағанда, жергілікті дара билеуші патша. Ал іс-әрекеті жағынан алғанда, ол қасқыр текті шошқа болатын»...

Біз осы бір коммунистен асырып бірдеме айтпай-ақ қоялық...

Қасыреті мол қазақ халқының Шың Шысай заманында қандай күн көргендігін айтып жатудың өзі артықтық етер. Қазақтың арысы мен ардақтысының барлығын абақтыға алған Шың Шысай үкіметі Қытайдағы қазақтың тарихында ең бір қорқынышты һәм зұлмат замандардың бейнесі болып қалды. Ол заманда Қытайдың қазағы Қытайдың дара билеушісінен қырғын көріп жатқанда, Қазақстандағы қазақ орыстың қырғынынан қырылып жатқан болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-13 16:14:19

Өзін Маузыдүңмен, Жяң Жиешімен қатар қойып, «фашизмге қарсы халықаралық күрестегі алты көсем» деп атаған Шың Шысай көсемнің коммунистік идеяның ошағы болған Мәскеумен махаббаты аяқтай сала, Қытай коммунистерімен арадағы махаббаты да аяқтады. Сөйтті де, Жяң Жиешімен махаббаттасты. Бұл махаббаты сол жалғасқаннан жалғасып, біздің біраз оқырмандарымыз туылған жылдарға дейін жалғасты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-13 16:22:18

1970 жылы 13 шілдеде Тайванның Тайпей қаласында қайтыс болғанға дейін бұл қандықолдың қылмысы тектелген жоқ. Қазақтар еврей сияқты бола алған жоқ. Еврейлер екінші дүниежүзілік соғыста еврейлерге тісі мен тырнағын батырған барлық жауларынан тұтас ұлт ретінде кек ала алды. Біз кек ала алмадық. Еврейлер соғыс қылмыстыларын халықаралық сотта соттады. Дарға астырды. Ал бұл соттан құтылғандарды, қашып латын Америкаға кеткендерді осы біздің бертінгі жылдарға дейін кәсіби кісі өлтіргіштерін жіберіп отырып, жылдап іздетіп отырып, тауып, өлтіріп отырды. Онысын күллі ғаламға мақтанышпен жариялап отырды. Демек, әрқандай жендет, әрқандай дара билеуші ендігіде еврейге тиіссе, түбінде бір сұрағы болатынын әбден білді. Ал біз ол заманда Шың Шысайды Тайваньға қуып барып, онан кек алмақ түгілі, Мау атамыздың саяси күрестерінің әлегімен жүрген едік. Ал Қазақстан болса, орыстың тепкісінде болатын...

《牧边琐记》、《新疆十年回忆录》 деген екі кітап жазған Шың Шысай өмірінің соңына дейін қазақтардан есеп алатын еркек туатынын білмей кетті, білдіре алмадық, білдірткізбеді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-13 16:38:48

Шың Шысай өзі ғана кітап жазып қалдырған жоқ. Оның інісі де кітап жазды. Бұл кітапты Шяңгаңдағы (Гонконгтегі) кез-келген кітапханадан тауып оқуға болады. «Біздің әулеттің ағасы - Шың Шысай» (немесе «Менің ағам – Шың Шысай». Қытайшасы:我家大哥盛世才), мұны ғаламтордан таба алғандар шығарып қоя жатар осы араға. Бұл кітаптың мұқабасына 蒋介石的封疆大使 деп жазған екен...

Иә, еврейлерді қанды қырғынға ұшыратқандардың біразы осы тоқсаныншы жылдарға дейін іздестірілді. Еврей мемлекеті мұны мемлекеттік деңгейде қолға алды. Біз болсақ, отызыншы жылдардағы қырғындардың себепшілерінің атын да атаудан қорқып отырмыз. Галощекин және оның қолшоқпарлары еш сұраққа алынбады...

Неге?

Кеше ғана желтоқсанды қанды қырғынға бөктірген Горбачевті Алматыға сыйлы қонақ болуға шақырамыз...

Неге? Мүмкін, бізде намыс жоқ шығар...

Намысымыз әлдеқашан өліп, түйенің табанындай болып кеткен шығар! Қазақтың басына бұл күнде сын сағат туып отыр. Осы Қазақстанның өзінде. Тіліміз бен дінімізге аяусыз шабуылдар жасалып жатыр. Осының өзінде біздің қазақтар нағыз берекесіздігін танытып отыр...

Тіл үшін, дін үшін шырылдай алатын бірлі-екілі оғланымызды жалалап, жарға жыққанға дайын тұрмыз. Мүмкін жығылар, сосын қазақтың намысын ту қылып көтеретін еркек те қалмайтын шығар. Біз барлығына үнсіз көне беретін, барлығына соншалық немкеттілікпен қарайтын халықпыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-13 16:46:49

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-13 17:46 өзгерткен

Бүгін 13 қазан, бейсенбі, алдыңғы бейсенбіде демалысқа кеткен едім, осы алты күндік демалысымды алты жылға теңгергім келмейді. Себебі, алтынға бергісіз ақсақалдарды таптым. «Түрме халын» жатқа айтатын ақсақалдарды көргенде, көзіме ыстық жас келді. Ұлы бабамыз Таңжарықтың «түрме халін» ақсақалдарымыздың аузынан жатқа естіп отырып, «Кілтшіге» деген атақты өлеңді сол замандағы түрменің кілтін ұстаған қазақ кілтшіге ғана емес, осы күндегі Қытайдағы екі миллион қазаққа қаратып жазып кеткендей сезіндім сол асыл бабамызды. Мүмкін, солай да шығар...

Өткенін жоғалтқан ел болашағын да қоса жоғалтады. Біз ұмытшақ елміз. Кешегі қанды тарихымызды ұмытқанымыз үшін тарих бізді қайтадан жазалайтын болады! Иә, тарих деген мұғалім ғой. Мұғалім өзінің бір айтқанын білмеген, ұғынбаған топас шәкіртіне екінші мәрте қайталап айтқаннан, қайталай сабақ бергеннен ешқашан жалықпайды!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-15 21:52:57

Шың Шысайдың Шыңжаңнан бір жарым тонна алтын, бір жарым тонна күміс алып кеткендігін жазады шетел тарихшылары. Шындығында оның әкеткені мұнан да көп болуы мүмкін. Қытай компартиясының басшысы Мау мен Қытай Куо Мин Тан партиясының басшысы Жяң Кай Ши және Сталин ортасында ойнаған Шың Шысайдың күрделі тарихы бар еді. Шың Шысайдың тарихын коммунистер бір түрлі жазса, Тайванда бөлекше жазады. Ал, орыстар мен ағылшындар да мүлде бөлек жазады...

Ал біз қазақтар, бұл тарихты өзіміз қалай жазамыз? Біз көбінде тарихи романдарымызбен жаздық...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-15 22:11:23

Шың Шысайдың Кеңес компартиясына мүшелігі 5 миллион Кеңес рубльіне келді. Бұл кезде Кеңес Одағы Құмылға басып кірген болатын. Сталин үшін алғанда Шыңжаңды жұтып алудың орайы осы кез еді. Бірақ халықаралық жағдайларға байланысты Шыңжаң Сталиннің аузына сыйса да, өңешінен өтпеді. Мұның ар жағындағы сыр тым көп еді. Әрине, бұл хақында сол кезде Шыңжаңда мүддесі болған Англия мен Америка бөлекше жазса, орыс өз бетінше тарих жазады. Ал, Тайвань мен Шяңгаңдағы (Ганконгтағы) тарих кітаптары мүлде басқаша. Шыңжаң тарихын зерттеп жүрген зерттермендерге айтарым, егер шынайы тарихты жазу керек болса, шетел жазбаларын пайдаланғанның да артықтығы болмайды.

Сталиннің қырғындарынан қашып құтылған Қазақстандағы қазақтың кей зиялылары Шыңжаңдағы қазақтарға ересен зор ықпал еткен еді. Сталиннің Шың үкіметімен байланыстарының ішкі жағында осы қазақтарды қайтарып алып кету мәселесі де болды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-15 22:22:40

1938 жылы тамыз айында Мәскеуге құпия сапарлай барған Шың Шысайдың Мәскеудің қай қонақүйіне түнегенін біз біле алмадық. Бұл туралы менің ізденістерім нәтижесіз аяқтады. Менің айналамдағы адамдар тарихқа қызыққанымен, шын мәнінде, тарих зерттермендері еместұғын. Иә, қоян сойса да қасаптың сойғаны абзал. Мәскеу - үлкен қала. Сол заманның өзінде, коммунистер Мәскеуді үлкен қала ретінде құрып шыққан болатын. Мүмкін, мен жүрген жолдармен бір заманда сол қанішер де жүрген болар?! Мен қызыл алаңда серуендеп жүргенде, сонан тура 70 жылға жуық уақыт бұрын сол қанішер де сол арада қорқа-қорқа, жан-жағына сақсына қарап, серуен құрған болар?! Себебі, оның Мәскеу сапарын оның сол замандағы қожасы Жяң Жиешінің өзі білмейтұғын еді, керісінше, Мау мұнан хабардар болатұғын.

Ал, Шың Шысайдың сол заманда Мәскеу коммунистерімен құпия жүздескен кездеріндегі құпия жазбаларды Қазақстан тарапының Ресей-Қазақстан арасындағы ерекше байланысты негіз ете отырып, қолға түсіргенін тілер едім мен. Бұл туралы Қазақстан тарихшыларына, қатысты мамандарға құлаққағыс қылғаным да бар. Мүмкін, біз осы уақытқа дейін білмейтін, сансыз сырлар сол заманда ашыла түсетін болар деп сенемін. Себебі, біз кілең жалған тарих жаттап өскен жадыланған ұрпақпыз ғой. Кейде біраз замандар өткесін ашылған ашты шындықтарды салданған санамыздың қабылдай алмай дағдарып қалатыны бар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-15 22:31:11

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-15 22:33 өзгерткен

1859118-нөмірлі партия билетін Молотовтың өз қолынан алған Шың Шысайдың өзін «табанды коммунист» деп атауының жөні бартұғын. Молотов ол заманда Сталиннің ең сенімді серігі еді. Кісі өлтіру бұйрығына Сталинмен жарыса қол қоятын Молотовтың қос қолы Кеңес Одағы халқы ғана емес, Кеңес тепершігін көрген өзге де жұрттың қанына малынған болатын. Я, осы қанішер Молотов Сталин өлгесін де оның ең адал қорғаушысы, ақтаушысы болды, осы үшін де Сталин қылмыстарын ашқан Хрущевпен арасы дұрыс болмады. Сталин оны өзінің сүйген жарымен ажырастырған күннің өзінде де ол Сталинге ренжімеген еді. Осы қанішер біздің Шың Шысай деген қанішерімізге өз қолымен Кеңес Одағы компартиясының партбилетін тапсырады...

Ал, Шың шысай не үшін Қытай компартиясына өтпеді? Бұның сыры мол еді...

Ол заманда халықаралық коммунистік интернационализм деген ұйым бар еді. Ашығын айтқанда, Қытай компартиясы сол заманда осы ұйымға бағынатын. Ал, бұл ұйым аты жағынан халықаралық дегенімен, Кеңес Одағы компартиясының басқаруында еді. Демек, күллі дүниенің коммунистерін, еліне, ұлтына, мемлекетіне қарамастан, Мәскеу біртұтас басқарып отырған бір заман еді ол.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 00:12:10

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-16 01:02 өзгерткен

Иә, көсемдердің барлығы өз қолдарынан ұлт жасауға құмар. Шыңжаңда бір заманда тараншы деген ұлт қолдан жасалынған еді. Бұның өзі біртұтас ұйғыр халқын бөлшектеу әрекеті болатұғын. Бұл әрекеттің сипаты біз біраз бұрынырақта жазып өткендей, орыстардың «адай» ұлтын қолдан жасамақ ниетімен парапар еді. Кеңес Одағын құрушы Ленин де, оның ізбасары Сталин де, бұлардың жолын ұстанған кейінгі басшылар да сол замандарда Еуропадан кеңінен тараған нәсілшілдік бағыттағы нәсіл жақсарту теориялары мен Даруиннің «біртіндеп даму назариясы» сықылды шатпақтарға қатты нанатын еді. Олар ұлттарды бірімен бірін будандастырып, тың ұлт жасауға қатты құмар болатын. «Совет адамы» дегендері де осы сықылды армандарынан туған болатын. Біз осы уақытқа дейін сол «Совет адамдарының» басқаруындағы қоғамда жасап келе жатырмыз. Балтық елдері мен Грузияны есепке алмағанда, Кеңес Одағы қамытынан шыққан елдердің барлығы да бұрынғы «коммунистердің» билеуінде осы күнге дейін өмір сүріп келе жатыр.

Қытай компартиясы Шыңжаңға билігін жүргізуден бұрын, Шыңжаңда «归化族» - гүйхуа ұлты деген ұлт болды. Иә, көктен түскен қайдағы гүйхуа ұлты дейсіз ғой! Бұл сол заманғы Шыңжаңды билеушілер қолдан жасаған ұлт болатын. Иә, бұлар 1917 жылғы Ленин басшылық еткен қазан төңкерісінен кейін, Россияның «Ақ патшасын» қолдайтын патша әскерлері мен шапқыншы казактары, ақсүйектері жағынан ұйымдасқан «ақ әскерлер» еді. Олардың ақ әскер атануы да «қызыл әскерлерге» қарата салыстырмалы түрде айтылған шаруа болатын. Біздің Жанар әпекеміз түсірген «Құрыш қалай шынықты» романындағы Павелдің заманы осы бір замандардың ар жақ-бер жағы болатын. Жанар әпекеміз Колчак әскерлері мен Дутов әскерлерінің Шыңжаң бұқарасына, әсіресе, қазақтарға қаншалықты қасырет әкелгенін бізден жақсы білетін болар деп сенеміз. Сол Жанар әпекеміз түсірген қызылдардың қырғындарынан қашқан осы қашқындар 1918 жылы Шыңжаңға келеді. Осы жылы Ілеге келген, Юанов басшылығындағы 300 казак әскері мен зор мөлшердегі орыс-казак босқындары Шыңжаң жұртына, әсіресе, сол заманда терістік Шыңжаңдағы негізгі бұқара болған қазақтарға өлшеусіз апат ала келген еді. Қысқасын айтқанда, қызылдар қынадай қырған қазақтың аман қалған бір бұтағын ақтар келіп қырғындаған еді. Бұл қазақ онда да, мұнда да осы орыстардың қырғындарынан аман қалмаған болатын...

1920 жылы Бұратала арқылы Шыңжаңға өткен Аленков бастаған 1400 ақ әскер де Ілеге тұрақтаған болатын...

1920 жылы Шәуешекке кірген орыс әскерінің саны 11 мыңнан асқан болатын. Ал, ырықты-ырықсыз халде осы әскерлермен қоса келген орыс босқындарының саны да осыған парапар болған болатын...

Осының барлығы осы өңірде жасаған қазақтардың басына апат болды...

Қазақтармен қатар, сол заманда терістік Шыңжаңды енді-енді мекендей бастаған саны шамалы ұйғырлардың да қанды тарихы осы кезден бастау алды. Осы мезеттен бастап, Шыңжаңда тыныштық болған жоқ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 01:30:41

Ілгерінді-кейінді болып Шыңжаңға кірген ақ орыс әскерлері мен казак әскерлерінің саны он мыңнан асқан болатын. Бұл заманда Шыңжаңдағы Қытай әскерінің саны да осы шақты ғана болатын! Демек, сол заманда Шыңжаңды ұстап тұрған Яң Зың Шин үкіметінің барлық әскерінің саны небары он мыңның ар жақ-бер жағы еді. Олардың біразі ішкі Қытайдан келген, соғыс тәжірибесі жоқ, жергілкті жер жағдайынан хабарсыз, өздері әпинкеш, әлжуаз, ауру-сырқау қытайлар еді. Қытайлардың жағдайы осындай жағдайда, олардың қызылдардың қызыл қырғындарынан аман шыққан қанішер Ақ патша әскерлеріне, тумысынан қанішерлікке тәрбиеленетін казак әскерлеріне қарсы тұрарлық шамасы жоқтұғын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 01:41:43

Демек, қашқан орыстың қашқын әскерінің өзі сол замандағы Шыңжаңды тұтасымен жаулап алуға шамалары қаптал жететін еді. Бірақ қашқын орыстар жағдайды дұрыс мөлшерлей алған жоқ. Олардың қауібі өздері басып кірген жердегі Қытай әскерлерінен емес еді. Олар ол заманда қытайларды адам санатында санаған жоқтұғын. Қолдарындағы қару-жарақтары да мықты еді. Қашқын орыстардың қауібі қызыл орыстар еді. Себебі, қызыл орыстар ешқашан кешірім дегенді білмейтін еді. Билік қолына тиген тақыр-таза кедейлер-пролетарлар қашқан орыстың тұқымын тұздай құртуды мақсат қылған еді. Осы тарих – осы күнге дейін анық айтылмайтын, ашық жазылмайтын тарихтардың бірі ретінде қалды. Шынайы шын тарихты орыстар да бүркемелеп келді, Тайваньға қашқан Гүмандан тарихшылары да бүркемелеп келді. Ал, бұлар бүркемелеп, өздерінің жасанды тарихын жазған сәтте, өзгеден шын тарих дәметудің өзі ақымақтық болар еді. Шындығын айтқанда осы кезде Шыңжаңдағы қазақтар орыстардың қанды қырғындарына тағы бір рет ілікті. Бұл тарихтың нағыз шындығы, сан-цифрлары Мәскеуде жатыр. Мәскеу мен Қытайдың ағайындығы арқылы Кеңес үкіметіне қайтарылған ақ әскерлердің құпия мойындау құжаттары да осы кезде Мәскеуде жатқандығына еш күмәнім жоқ...

Бұндай бүркемелі тарихтардың тағы бір ұшын Тайваньнан табуға болатынына сенімдімін. Егер біздің қазақтардан шынайы тарих ғалымы шыға жатса, осы екі бағытта ізденгендері дұрыс. Бірі - Мәскеу бағыты, бірі - Тайвань-Шяңгаң (Гонконг) бағыты. Себебі, Шыңжанға қатысты, Шыңжаңдағы қазақтарға қатысты осы бір қанға, қырғынға толы тарихтың қазірге дейін ашылмаған шындықтары осы Мәскеу мен Тайваньның құпия архивтерінде жатқандығына еш күмәнім жоқ! Біздің ішкі Қытайда, Шыңжаңда, тарих ғылымы саласы бойынша аспирантура, докторантура оқып жатқан азаматтарымызға айтар кеңесіміз де сол...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 01:59:40

Айлакер Қытай Яи Зың Шин бұл орыстарды қытайлық әдіс-амалмен жеңді. Қару-жарағы мықты, соғысқа әбден төселген, сан мәрте соғыс көрген Ақ патша әскерлері, казак қанішерлерінің бір ғана арманы бар еді. Ол бас амандығы ғана еді. Олардың қатын, бала-шағалары өздерімен бірге еді. Яң тура осы жерден іске кірісті. Орсақ тісін орсита ырсыңдай күле жүріп, Ақ патшаның әскерінің алдынан қаруын кезеп қарсы шыққан жоқ, керісінше, қап-қап ұн, қап-қап азық-түлікпен «қызу» қарсы алды. Орыс пен Қытайдың балжаласқан мезеті де осы болса керек. Осы орыстардың біразы Шәуешек, Құлжә, Үрімжіге қоныстанып та қалды. Осы орыстардың ықпалы Шыңжаңда әліге дейін бар. Мен білетін екі кісінің әйелдері осы орыстардың қыздары еді. Олардың бірі қазақ еді де, бірі ұйғыр еді. Алғандары сол замандағы ақ орыс әскерлерінің қыздары еді. Солардың ұрпақтары бұл күнде екі ұлт. Ұйғырға тигендері ұйғыр болып кетті де, қазаққа тигендері қазақ болып кетті. Бұл орыстар Құлжа ұйғырларының тіліне дейін әсер етті. Осы уақытқа дейін қазақтар емізік, еміздік дейтін затты ұйғырлар «соска» деп атайды. Ұйғырлардың ауыздарынан тастамайтын «сапсым» сөзі де орыстардың «совсем» сөзінен еді. Шыныны пияла деулері де сонан еді. Кейде ойлаймын, ұйғырлардың ауыз тілдеріндегі «пичаты бұзылған немесе пичаты бұзылмаған» дейтін сөздері де орыстың «таңба-мөр» мағынасын беретін «печать» сөзінен шыққан болуы мүмкін...

Тілге ғана емес, ділге дейін әсер еткен осы орыстардың Қытайдағы тарихы Қытайда бір бөлек, Кеңес Одағында бір бөлек жазылды. Шаңхай арқылы Америкаға, Австралияға қашқан орыстардың тарихы бір бөлек жазылды...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-16 02:27:47

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-16 02:29 өзгерткен

Бұл орыс, бұл Мәскеу қазақтың бағы ма, соры ма?! Оны саналы оқырман өзі таразылай жатар!

Баяғыдағы құл орыс, кешегі қожа орыс бұл күнде егемен қазақтың құдай дескен көршісі. Біз бұлардың саяси бодандығынан арылғандығымызға 20 жыл болар-болмастан кеден одағына қайта біріктік. Ақ патша қырғанда бір қырылған қазақ қызыл патша қырғанда мың қырылды. Қызылдан қашқан аққа қайта бір қырылды. Санай берсең сан жетпейтін, айта берсең сөз жетпейтін осы қырғындардың барлығында қазақ баласы зиян шекті де отырды. Қырылды, өлтірілді, басы өспеді. Ұлт ретінде тұтасымен қоршылық көрді! Қырылды. Тоналды. Ару қызының ары тапталды. Бесіктегі баласын найзаға ілдірді. Орыстың керзен етігінің өкшесінде миы шашылған қазақ сабынының санын бір Алла ғана білер! Сонау албан-қырғыз көтерілісі, Қарқаралы көтерілісінен бастап, Амангелді Тайман көтерілісі тұсында қырылып таусылуға шақ қалған албан, суан, жалайыр баласының қанды тарихының тірі куәлары бұл күнде Мұңғұлкүре, Қорғас, Текес, Сүйдін, Құлжа маңында бар болуы мүмкін. Осы маңдағы қазақ азаматтарына, егер жүректерінде ұлт қасіретіне деген бір ұшқын сезімі бар болса, осындай қарттарымызды іздеп тауып, олардан тарихи естеліктер алып қалуын сұраған болар едім...

Иә, Шәуешектің өзінде мың сан тарих жатыр. Шәуешек асқан, Алтай жағалаған найман-керей баласының қанды тарихы толық зерттеліп болған тема емес. Бұлардың ішіндегі тарихтың тірі куәларының көбісі мәдениет төңкерісі заманында жоғалтылды, себебі сол бір саяси алапаттардан аман қалған есі дұрыс адам аз еді. Ал, аман қалғандарының біразы сөйлемес болды...

Біразын қара жер мәңгілікке құшағына алды...

Біз осындай қасіреті мол жұртпыз. Біз енді ойланатын, толғанатын кезге келдік. Құлдық санадан арылатын кезге келдік. «Өзің үшін өмір сүрсең, өзі үшін оттаған хайуаннан не парқың» деген Абай сөзін еске алуымыз керек. Егер, әр қазақ өзінің жеке бас мүддесін ғана ойласа, біздің қасіретті тарихымыз тағы да қайталана береді. Ол үшін біз тарихтан сабақ алуымыз керек. Бұрынғы қырғындарымыз бен кеткен есеміздің себебі неде екенін білуіміз керек...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 21 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)