Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 23 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-3 02:16:17

Жаңа ғана бір бауырымның хатын оқып, жүрегім жарылардай қуандым. Қуандым да мұсылман жолымен екі рекағат намаз оқыдым. Аллаға сансыз алғыстар болсын! Жаңағы бауырыма да ерен ризамын. Айналайын, бауырым! Туысым! Мені сен сыйласаң, сені Алла сыйласын. Екі дүниеде де жүзіңді жарық, мерейіңді үстем қылсын! Істеріңді сауаптан жазсын!

Иә, қуанышыммен ортақтастырайын, жарандар! Маған арнап жаңағы бауырым бір блог жасап шығыпты! Блог мекен-жайы: Http://jarqin0991.blogbus.com/

Ғаламтор деген ғажап-ақ. Мен қазақтың азаматтарына разымын! Бір-бірімізді көрмей, білмей, осыншама сыйласып, сырласып жүрміз. Виза дауында ортақ күш шығарып, тізе қоса күрестік. Онан соңғы «жалғамалы сату» деген қоғамдық індет барысында да қазақтың ұлтжанды ұл-қыздары бір үйдің баласындай берекелі болды! Алла разы болсын, туыстарым, бауырларым! Алла тағала бізге осындай береке мен ынтымақты жазсын! Ұзағынан қылсын! Баянды етсін! Ұлтымыз үшін аянбай күрес жасайтын бақытты жазсын! Алланың разылығы үшін тер төгетін бақытты жазсын! Виза дауында ақиқат жеңді. Алла бізге жар болды! Алла разылығы үшін бастаған ісімізді қайырлы етті. Зар жылаған қазақтардың көзінің жасы құрғады. Арманы орындалды. Жемқор, жебір орнынан алынып, орнына иманды азамат келді. Бұл хақында жігіттер біледі. Баяғыдағы барлық виза үшін бір ғана адам жұмыс жасайтын жағдай түбегейлі өзгеріп, тек қазақтар үшін виза беретін адамның өзі төртеу болды, саяхат виза мен іскерлік визаға арнайы екі адам бөлінді. Демек, жұмыс өнімділігі 6 есеге өсті. Ең бастысы, жең ұшынан жалғасуға, парақорлыққа тосқауыл қойылып, көктемнен бастап, жаз соңына дейін тынбай арызданған арызымыз орындалды...

Осы барыста Қытайдағы сайттар, әсіресе, күлтегін сайты ерен рөл атқарды! Күлтегіндегі жігіттерге Алла разы болсын! Сен-қазақ, бозбала сайттары да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Қазақтың жігіттері, жарайсыңдар! Алла сендерге әрқашан береке-бірлік, күш-қуат, ақыл-парасат сыйласын!

Күлтегіннен тұтанған ұшқынның бірі - жалғамалы сатуға қарсы тұру күресіміз еді! Бойтұмар1216 бауырымыздың еңбегі ерен! Алла оған разы болсын! Күлтегіндегі осы ұшқын жарқылдаған жалынға айналды. Күллі Қытайдың жер-жеріндегі қазақ азаматтары ортақ үн қосты. Барша зиялы ортақ аттанысқа келді! Қалякбар Үсемхан бауырымыз өз мүмкіндігін барынша пайдаланып, компартияның тілімен - Шыңжаң газетімен халқына үн қатты! Апатқа қарсы айқасты! Радио, телеарнаны араластырдық. Осы торап арқылы табысқан қаракөздеріміз өзге қазақ алданбасы үшін радиоға да, телеарнаға да сұхбат берді! Барлығы да Алла разылығы үшін, қазақтың қамы үшін! Осы арқылы қаншама қандасымызды аузын арандай ашқан алдамшылықтан аман алып қалдық! Аллаға сансыз мадақтар болсын! Барлық мадақ бір Аллаға ғана тән!

Бізге Алла күш-қуат бергей! Бізге Алла береке мен бірлік бергей! Бізге Алла ілім-білім бергей! Не істесек те Алла разылығы үшін атқа қонайық, жігіттер мен қыздар!

Осы барыста менің шығармаларымды өз еріктерімен жинастырып, уорд, пдф нұсқаларына айналдырып, сайттарға шығарып жүрген азаматтарға алғысымды айтамын! Алла разы болсын, бауырларым! Мишыққа, қолфонға арналған пдф нұсқасын жасаған түркеш бауырыма, уорд нұсқасын жинап жүрген Торжорға бауырыма, өзге сайттарға көшіріп жүрген Қарлығаш, Қарлы, Торжорға (сен-қазақ), Н.Сыдық, Азат, Еркін, Торжорға (парасат), Ақжүніс, Абралы, Қарлығаш, Майса (Бозбала), тағы да аты-аталмаған өте көп бауырларыма шын жүрегімнен көп-көп алғыс айтамын. Алла сіздерге разы болсын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-3 02:47:26

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-3 02:49 өзгерткен

Жоғарыдағы аталған сайттардан басқа сайттарға да көшіріп жазған бауырларым болды! Оларға да шынайы рахметімді айтамын! Кей бауырларымның атын жөпелдемеде есіме түсіре алмадым, мишығымнан таба алмадым, ренжімеңдер. Сендердің қалтқысыз көмектерің менің жүрегімде. Бес күндік жалғанда берекемен өтелік. Разымын!

Рахметтің үлкенін ұлтымыздың енді-енді дамып келе жатқан орта бұржуазиясын құртып кете жаздаған, халқымыздың кәсіпкерлері мен аңқау бұқараға абжыландай аранын ашқан «жалғамалы сатуға» қарсы күресіміз барысында осыны жұртқа үгіттеген, газеттерді таратқан, осы іс жолында жанталасып еңбек еткен Атила5 сықылды сансыз-санақсыз бауырларымызға айтар алғысымыз шексіз. Бізді фактмен қамдап берген «Алданба» атты торласымыз сынды барша оқырмандарға, ыстық жүректі, ұлтжанды ұлдар мен қыздарға алғысымды білдіремін. Алла разы болсын! Торжорға сынды бауырларымыз ақиқатты айналасына барынша таратты. Той асабасы болған жігіттер мұны тойда айтты. Тойдағы елден елге таралды. Ақындарымыз бен зиялы жігіттеріміз жер-жерде өздігінен ұйымдасып, ақылдасып, осы істі елге жеткізді. аудан-аудан, қалашық, қала, аймақтарда өздігінен ұйымдасқан жігіттердің барлығымен хабарласып, кеңесіп отырдым. Оларға шексіз разымын! Ұлтым деп жүрегін жұлып беретін азаматтарымыздың көп екенін көріп, көзіме ыстық жас келген кездер көп болды! Аллаға сансыз шүкірлік! Біздің осындай оғландарымыз бар кезде біз ешкімнен жеңілмейміз! Алла бізге күш-қуат бергей!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 03:06:43

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-10-4 03:26 өзгерткен

Ассалаумағалайкум уа рахматуллаһи уа баракату!

Армысыздар, қадірлі оқырман!

Ертең таң атса, Алматыда үлкен жиналыс болады. Қазақтың жоғын жоқтап, жыртысын жыртып жүрген бір топ қазақ өз бетімен тың бір әрекетке бармақ! Қазақстан қоғамына тың бір күш қосылмақ. Бұл күштің Қазақстан қоғамына береке мен тыныштық, татулық пен даму әкелуін ғана тілейміз. Кешегі «Қазақ тілін қолдаудың» жүйкемізді жұқартқаны соншалық, Қазақстандағы барлық екі жүзді, сатқын, бедел мен байлықтың құлы болған арсыздардың тағы бір тың бетін көргендей болдым. Қазақ тіліне қарсылардың өзін сахнада ғасырға жуық уақыт тайраңдатқан қайран менің аңқау, ақ еділ қазағым!

Сын сәтте қазақ тілін боқтан қадірсіз қылып, орыс тілін қолдап шыға келген анау бір бұрын сыйлап жүрген әнші апамызды ендігіде албастының апасындай көріп, кектеніп, ызаланып отырмын! Алланың қарғысы болсын барлық қазақ жауларына! Алланың қарғысы болсын қазақ тілінің жауларына! Орыс тілінен есе-теңдік ала алмай келе жатқан бағынан соры қалың қазақ тілінің тағдыры менің жүрегімді езіп, рухымды жаншып тастаған еді...

Қайтейін, енді қайтейін! Амалым қанша!

Сөйттім де үйге жете сайттарды аштым. Іш толы жалын мен кек еді. Қоғамдық өмірдегі ашты һәм ашынышты жағдай, күннен күнге кетеуі кетіп бара жатқан, көрге қарай сұм қолдар жағынан сүйреліп бара жатқан қазақ тілінің жағдайын көріп тұрып, бойында иманы бар, бетінде ұяты бар қазақ баласы қалыс қала алмас еді...

Иә, қазақ тілінің ғана жағдайы қиын емес еді. Оралмандарға шүйлігудің жаңа үрдісі пайда болған еді. Басында бірлеп, екілеп орыс тілді газеттерде бүркеншік атпен шығатын, ұлт дұспандары жағынан мақсатты түрде жазылған оралманға қарсы (анти-оралмандық) пиғылдағы мақалаларды оқыған сайын көкірегім қарс айырылушы еді...

Сонымен, сен-қазақ сайтына кіріп, баяғыдағы атеист асабалармен болған шайқасты қайтадан бір бастап кеп жібердім...

Иә, Қазақстандағы қазақ зиялыларының кішірейтілген көшірмесі Қытайдағы қазақ сайттарында да бар еді.

Жалған ұлтшылдар дінге қарсы шығатын. Жат дінді уағыздаушылардың баяғыдан бергі кәнігі тәсілі бойынша олар алдымен қазақты дінсіздендіріп алғысы келетін. Бұған шамалары жетпегесін, қазақты шаман жасағысы келді. Себебі, шаман болған қазақтың туыстары осы күнде құрып біткен еді...

Себебі, шаманның ұлтты ұйыстыру, өзге мәдениетке жұтқызбау қабілеті жоқ еді. Олар соны анық білетін! Қашан да дінінен, тілінен айырылған ел құриды! Ата-бабасының тілінде ата-бабасының парасаты жатады, ол ген арқылы беріледі. Мұны ғалымдар дәлелдеп жүр. Бұны білмесе, еврейлер өлгеніне 2000 жыл болған хеврей тілін тірілтпеген болар еді.Сол үшін тірілтті. Мынау «ағаш» деген сөз, мынау «жапырақ» деген сөз деп жүріп, көне тауаттың жазбаларын зерттеп жүріп, өлген еврейдің тілін тірілтіп алды. Бір сөз, бір сөзден тірілтіп алды! Міне! Болмаса, сол еврейлердің көбісі шетелден келгендер еді. Ағылшыншалары ағылшындардан жүйрік еврейлерге ешкім білмейтін жасанды тілді тірілту не үшін керек болды?! Ұлт ретінде дербес сақталып қалу үшін ғана! Басқа дымға керек емес еді ол тілдері. Ескі жазбаларда қалған еді ол тіл. Ақыры тірілді! Ал, біз балсақ, өзіміздің бай да шұрайлы, құнарлы қазақ тілімізді өз қолымызбен өлтіргелі отырмыз!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 03:21:25

Сен-қазақ сайтындағы дау мен талас түнге дейін жалғасты. Артынан өкіндім! Кеткен уақытыма, шашылған зиыныма, жұқарған жүйкеме қарап өкіндім! Сөйттім де, жаңа ғана тәубама келіп, нафіл намаздарымды оқып, құдайға жалбарындым. Қазақты құтқару бір ғана Алланың қолынан келмесе, өзге ешқандай күштің қолынан келмейтініне көзім жете түсті. Қазақстан қоғамындағы қазақ зиялыларының берекесіздігі, мансап пен байлықтың құлы болып кеткендігі жүректі ауыртатын еді. Қазақтың мүддесін кез-келген сәтте сатып кете беру - Қазақстан қоғамында еш ұят шаруа ретінде қаралмайтын болған еді. Сатушы сатқынның да беті бүлк етпес болса, сатылған қазақтың да бұған «ұрғаны бар» болып кетіп еді. Күн көрістің қамымен, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген қара бұқара үшін өмір сүрудің бас ауыртар мәселелерінен басқа ештеңе қызық емес еді. Я, жұртты ойланудан, толғанудан, дербес ой жүгіртуден мақұрым қылып тастаған мынау нәубет заманда ұлтын құлай сүйген оғландардың қасіретінен артық қасірет бар ма екен деші?! Кім өз ұлтын қанша құлай сүйсе, оның дерті мен қасіреті де соншама мол болатын мына заманда қазақты сүймей, қазақты жақсы көрмей, қазағы жоқ, азабы жоқ, мазағы жоқ бір иен жұлдызға көшіп кеткің келеді де тұрады. Сәтке, бір сәтке жылт еткен осы ойыңның өзінен шошына жаңағы азабы мол қазағыңды қайтадан аймалап, сүйіп кетесің ғой! Қайтейін, қазағым-ау, қайтейін!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 03:34:40

Сонан есіме электрондық поштам түсті. Дереу қарадым. Ұят болған екен. Жауапсыз хаттарым молайып қалыпты. Ішінде менің жүрегімде орыны ерекше, өзі аяулы, дарынды, ақылды бір қарындасымнан келген хатқа назарым ауды. Менің шығармаларымды жинастырып, реттеп, өзіме жіберіп беріпті. Анау жоғарыда айтылған блогыммен құттықтай отырып, кезінде өзге бүркеншік атпен жарияланған мына бір топ шығармаларымды сонда шығарып қоюымды ескертіпті. Міне, қызық! Өз шығармамды өзім қайтадан оқып көрдім. Жазылған, жолданған уақыты: осы 2011 жылдың 24 сәуірі екен. Түстен кейін бестен 23 өткенде жариялаппын. Жаңа іздеп, жалғамасын тауып алдым:

Http://www.kultegin.net/bbs/viewthread.php?Tid

Ой, тәуба. Өзімнің шығармамды өзім оқып, сол бір кездер есіме түсіп кетті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 03:47:57

Оқырмандар айыпқа бұйырмаса, осы шығармамды осы сапарнамам ішіне көшіріп алып кіргізгенді дұрыс көріп отырмын! Ол кездегі бүркеншік атым жуас екен. Виза дауын қозғап жүргендегі шашылыңқы, шашыранды ойларым да ішінде жүр екен. Шығарманы мұнда әкелгендегі себебім оқырмандардың лебіздері мен хаттарына сай, кей оқырмандар үшбу сапарнаманы қағазға бастырып алып оқып жүр. Алла қаласа, ертең кітап қылып шығара жатсақ, сайт құсап, жалғамасын бере салуымызға келіңкіремейді ғой.

Жә, сол заманда жуас деген атпен жазған шығармамыз бен оған лебіз қалдырған барша оқырманның лебіздерін сол қалпында көшіріп берелік...

Атышулы виза дауының ушыққан кезі болса керек...

Http://www.kultegin.net/bbs/viewthread.php?Tid

Жуас:

Египеттен туған ой

Ғаламдағы ең сырлы елдердің бірі - Египет. Қазақтармен осы Египеттің қатысы аса зор. Атақты сұлтан Бейбарыс бұл Египетті билеген. Ал, біздің бұл мақаласымағымызда айтпақ болғанымыз - Египеттің арғы-бергі тарихы емес еді. Себебі, Мысыр хақындағы бұл тарих экранға телміргіш адам баласына өте анық еді. Соңғы жылдары батыс қоғамының барша кино серіктіктері Құранда аты аталған, өзін-өзі құдай санап, Аллаға қарсы шыққан, соңғы минутында ғана Алланың құдіретін мойындап, бас ұрып тәубеге келгенімен, ол тәубесі қабыл болмай, мәңгілікке теңіз астында қалып қойған Перғауын хақында, сырлы да таңғажайып пирамида хақында аса көп кинолар түсірді. Мысырдың өзі де осы кинолардың әкелген пайдасына белшесінен батты. Дамыған саяхат кәсібі мысырлықтардың табыс көзіне айналды. Бірақ, мысық тілеу батыс ойшылдары осы арқылы өз арамза мақсаттарын да біртіндеп іске асыра бастады...

Ту баста олар Перғауын тақырыбына төте шыға алған жоқ. Иманы кәміл араб баласы еді Мысырлықтар мұсылман еді. Анау-мынау адамның кітабы емес, жаратылған мақұлықтың кітабы емес, жаратушы ұлы Алланың кітабы Құранда аты аталып, тозақылық екені ескертілген Перғауын хақында олар мұсылмандардың жүйкесіне бірден әсер жасаудың аса қауіпті болатынын білді де. Сонымен, олар пирамида хақында толғана бастады. Пирамидаға қатысты жазбалар мен зерттеулер сонау ғасыр бұрын бастау алып, соңы бүгінге дейін жалғасты. Сонымен, басы Еуропаның тілкім газеттерінде ғана жарияланатын бұл пирамида туралы шынды-жалғанды ақпараттар барынша сырлы, таңғажайып көрсету үрдісі бара-бара жалғасып, экранға жол алды. Бұл хақындағы кинолардың көп болғаны соншалық, атын санап тауысудың өзі мұң еді. Қысқасы, пирамиданы әлдебір сырлы ғалам адамдарымен де байланыстырды, өзге өркениет бар деп те толғанды, еурей ақыл-парасатының жауһары деп те көрді, себебі, мұсылман мысырлықтарға мұны қимаған еді. Жалаңаш батыс. Өздеріндегі жабайылықтан құтылу заманының 4-5 ғасырға да бармасын білген батыстықтар мұны ең соңында ақ нәсілді борбор адамдарынікі деп барып тыныш тапты. Қалай болмасын, оны өңі қоңырқай, тіпті қаралтқым келетін араб тұқымына жолатқысы келмеді. Бірақ, әсіре нәсілшілдіктен туған осы ойларын соңғы жылдары өзгерте бастады. Борбор нәсілді мысырлықтарды ақ нәсілді қауым еді дей бастады. Суретшінің өз еркі ғой, қалай сызу. Қысқасы, тарих дегенің де солардың қолында, қалай жазады өзі ғана біледі. Сонымен, ақ нәсілді еуропалық текті борбор мысырлықтары араб шапқыншылығына ұшырап, қатты қырылып, сонан барып бүгінгі египеттіктер пайда болған деген тұжырымға келді. Бұл тұжырым да соңғы елу жыл ішінде батыс жағынан бірлікке келтірілген тұжырым болды. Сонымен, адамзат тарихындағы ең ескі тарихы бар египеттіктерге әкесінің кім екенін кеше ғана орманнан шыққан жабайы еуропалықтар осылайша айтып-айтып берді! Мысырлықтар нанды. Нанбай қайтсін! Бұл бірінші басқыш еді.

Сонымен, пирамида ақ нәсілді, еуропалық текті жұрттың өнер жауһары болып шыға келді. Ал, мысырлықтар мақтансын! Қап-қара заңгі мысырлық та айнаға бір қарамастан, баяғыда аппақ болғанын мақтан етті! Қоңырқай мысырлық өзінің еуропалық ақтарға бір табан жақын екенін айтатын болды. Ақ араб баласы болса, өзін еуропалық сезінгелі қай заман. Әйтеу, ақта бір қасиет бар деп нандырды...

Онан ары пирамиданы ұлт мақтанышы ретінде көтерді. Мақтанды. Ата-бабасы мықты болғанын айтты. Айтпай қайтсін, құжынаған шетелдік саяхатшыға мақтанып қалу керек, гидтер солай етті де, тарихтарына мақтана-мақтана келе олар Құрандағы Перғауын туралы айтылғандарды ұмыта бастады...

Сонымен, күнделікті нәпақасын ақ нәсілді саяхатшының садақасымен айырып қарық болған арабтар енді пирамидамен қоса, Құрандағы аты аталған тозақылық Перғауынның өзін ұлт мақтанышы ретінде атай бастады!

Қауіптің көкесі осыдан басталды. Перғауын – мысырлықтардың керемет бір басшысы болған екен! Иә, мұнда да жалдамалы ғалымдар ортаға шықты! Олар тарих пен дінді айырып қарау хақында тың да сүбелі ойларын ортаға салып, Лондон мен Парижден, Нью-Йорктен доктор атағын ала бастады. Перғауынның Алла қаһарына қалғандығы туралы ұмыттыру іске аса бастады. Ұлт лидері, мемлекет мақтанышы болды...

Бұл екінші басқыш еді.

Ендігі қауіп мұның барлығынан да адам ақылы жетпейтін деңгейде еді. Батыс мұны іске асырып болды. Енді, оған бір ғана басқыш қалды. Мысырда қазір жүріп жатқан төңкеріс ертең осыны іске асыруы бек мүмкін!

Ол - мысырлықтардың араб екенін теріске шығару еді. Египет Араб Республикасы деп аталатын осы мемлекеттің атауын өзгерту еді ендігі мақсат! Араб емессің, ақ нәсілді борбор деген тұқымнансың деп уағыздаған батыс мұндағы надан да еліктегіш қауым арасынан өздерінің жалдамалы жазғыштарын тауып үлгерген еді.

Бұл күнде Египет жастары арасында өздерін араб емеспіз дейтіндері аса мол. Әкесінің кім екенін, ата-бабасының кім екенін батыс түгендеп бергенінде қақылары жоқ. Солай болған деп кәміл сенеді. Перғауынның тұқымдары делінетін жабайы тайпалар іздеп табылды. Кей надандар сол Перғауын тұқымына табынатын ағымды да ойлап шығарды. Шындығында Перғауын тұқымының кейбірі бұл күнде қарапайым шаруа адамы болса, кейбірі қайыршы, кейбірі жезөкше еді. Қысқасы, ғасырлардан ғасырларға жалғасқан, адастырмас ақиқаттан осындай қитұрқы жолдар арқылы адастыра бастаған батыс үшін бұл күндегі иманы әлсіреген, намаз оқудан ерінетін, қаласа оқып, қаламаса оқымайтын Мысыр жастары табылмас асыл ретінде бағаланған еді...

Сонымен араб емеспін дейтін мысырлықтардың көбеюіне байланысты мемлекет атындағы араб сөзі түсіп қалуы бек мүмкін. Оған да біртіндеп-біртіндеп келе жатыр осы іске мақсатты қауым. Бірақ, тарихында христиан-католиктердің сегіз реткі қанды қырғынға толы крест жорығын талқандаған мұсылман баласы жақынғы 50-60 жыл ішінде ғана болған араб-еврей шайқасында ұтыла берді, шындығында, еурей ғана емес еді, еурей артында батыс бар болатын. Бірлесе, ұйымдаса күш шығарған мұсылман араб елдері арасына сына қағу үшін, місін басу үшін, атақты суейш каналын тартып алу үшін бұл соғыста олар еурейді жақтап шыға келді. Шындығында, бұл баяғыдағы жауыз да қырғыншы батыстың осы ғасырларда жасаған крест жорықтары еді...

Бір тілде сөйлейтін, бір дінге сенетін, бір үйдің адамындай берекелі арабтарды, иманды арабтарды быт-шыт қылу, бір ұлттан 20 шақты мемлекет жасау кімге керек еді? Жауап өте айқын! Ол батыс үшін ғана керек еді! Арабтың бақыты Алланың нығыметі болған ақиқат жолы болса, соры да Алла берген мұнайы мен газы болды.

Мұнайсыз батысқа мұнайлы арабпен айналысу осы үшін ғана керек еді! Көкейін тескен байлық пен мүдде жолында біреудің әкесін біреуге әке қылып жалғаннан шежіре жазу дегеніңіз оларға бұйым еместұғын! Ол үшін ұлт ішіне іріткі салу керек болды. Осы іріткі оларға бірден табыла кетті. Олар христиан дініне сенетін арабтар еді! Өңі де, түрі-түсі де арабтан еш айырмасы жоқ, бір тілде сөйлейтін, бірақ крест құшақтаған осы араб тұқымы өз қандастарын батыстың астына салып беруде елден ерек рөл ойнады.

Әсер атты торласымыздың лебізі:

Жолдамаңыз керемет, жалғастыра беріңіз, тосып отырмыз.

Жуас:

Бұл күнде жер бетінде бес мыңнан аса ұлт бар, бірақ өз атында мемлекеті бар ұлттардың саны 200-ге де жетіңкіремейді! Демек, қаншалаған қауым өзгенің қанаты астында өмір сүруге мәжбүр. Бұл-шындық! Ал, араб деген осы бір ғажап ұлттың бір басында 20 шақты мемлекеті бар. Демек, осының өзі-ақ біраз шындықтың бетін ашып отыр. Күллі адам баласына берілген мұнай мен газдың 60 пайыздан астамын ұстап отырған араб жұртының егемен ел болуы, басын біріктіріп, бір тудың астында жұдырықтай жұмылуы - батыс үшін алғанда, өте қауіпті еді. Мұндай ойдың іске аспағы түгілі, мұндай ойды айтқан, ойлаған адамның көзін құрту - батыстың бір ғасырдан бергі үздіксіз ұстанып келе жатқан жолы. Қит еткенінің көзін құртып отырған сайқал саясат бір ғасыр ішінде ұлтты бөлшектеп, жалдамалы ғалымдары арқылы әрқайсысына бөлек әліппе жасап беріп тыныш тапты...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-10-4 03:56:17

Жуас:

Бір корейді екіге бөлшектеп отырған да солар еді. Таюанды Қытай құшағына қоспай отырған да сол батыс болатын. Мақсаттары өзінен болмаған жат атаның баласы басын қосып, күшейіп, ұлғайып, зорайып кете ме деп қорқады. Сол үшін Корейді де, Қытай да екіге айырып отырған жымысқы батыс қоғамы өз есебін соққаннан қашан да, қай жерде болса да жаңылған емес.

Ұлттың басын қосатын, ұлттың шайқалған шаңырағын қайта тіктеп, сынған уығын жаңалап қайта шаншитын еркек туған заматта батыстың түн ұйқысы төртке бөлінеді. Оны араб әлемін қоя тұрып, кішкене кезімізден жатқа білетін Қытай тарихынан-ақ біле аламыз!


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)