Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 18 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жалпы алғанда, қырғыздағы қантөгістер – Ресейдің кесірінен. Отанынан қуылған Қырғызстан өзбектері, жазықсыз өлген адамдар, бұзылған ауылдар, қираған қалалар, бәрінен де маңыздысы Орта Азиядағы туысқан, бауырлас екі ұлттың арасына түскен мәңгіге ұмытылмас кек пен өшпенділік...

Орыстың ойранын өмір бойы көріп келе жатқан түркі тұқымының ішіндегі бауырлас қырғыз бен өзбек ағайындарымыз орыстың жаққан отына осылай өртенді. Анау Қапқазда шешендер мен башқұрттарды қызыл қырғын арқылы тыныштандырған орыстың қырғыз бен өзбекті де осылайша көзді ашып-жұмғанша тыныштандыратынын Американың өзі ойлап жетпеген еді. Бармақ тістеудің кезегі Америкаға келген еді бұл сәтте.

Сөйтіп, ғаламдық шахматшылар бірде жеңіп, бірде жеңіліп, шахмат ойнап жатқанда туысқан түркілердің бастары жерде домалап жатты...

Бірінің көкірегіне бірі қанжар қадаған мұсылман бауырлар, түркі туыстар алыстағы екі кәпірдің ойыншығына айналды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-29 00:34:04

Ластай мырза, сізге керегі мынау екен, жарты жыл жазып, енді түсіндік сізге не керек екенін:

Www.khabar.kz

Біреу айтыпты дейді:

-Шіркін, мен Қазақстанда өмір сүрсем ғой! - деп.

Ел-жұрт аң-таң қалған!

«Күнім-ау, сен онсыз да Қазақстанда өмір сүресің ғой!» депті әлгі бейбаққа. Ол айтады дейді:

-Жоқ, мен ана «хабар» телеарнасында көрсететін Қазақстанда өмір сүргім келеді - деп...

Иә. Бізге түсінікті. Біз Қытайдің қазағы 60 жылдан бері «бір» деген қасиетті ұғыммен өмір сүрдік. Барлық нәрсенің бірдей болуы бізге дұрыс көрінді. Мұны бірлік дедік! «Идеяны бірлікке келтіру» деген ұлы сөз тіркестерін өмірге әкелдік. Бірақ, қараңызшы. Сізді соншама алаңдатқан болса, естелік өз мақсатына жеткен екен! Асан қайғы Абылай ханды сындағанда жаман болсын деген жоқ қой. Бұқар жырау Абылайды сындағанда ше? Мақсаты белгілі. Сол Бұқар да намаз туралы айтқан қазақ еді. Бес уақ намазды қаза қылмауға қазақты үндеген қазақ болатын.

Біз еркін көзқарасқа үйренісе алмай отырмыз. Егер сыпыра мадақ, аспаннан жауып жатқан алтын, бақыттан басы айналып не істерін білмей жатқан қазақтарды көргіңіз келсе, жоғарыдағы телеарнаны қостырып аларсыз. Бозбала торында «жалғандың ба» деген жауһар тема бар. Асылтас деген аспан зерттегіш бір бауырымыз бар екен. Айдың ар жағына кетіп қалмаса болды, барлық жасанды серікті жалғап, үйіңіздің төбесінде айналдырып қояды екен...

Рахат...

Сол жігітке «хабар» телеарнасын қостыртып алыңыз да, рахаттанып отырыңыз. Менің бір бауырым бар Қытайда. Әлгі мишық арқылы телеарна көретін бір бармақ дисксі бар. Сонымен хабар, 31, КТК, Астана, Алматы арналарын көріп, мәз болып отырғаны отырған...

Өткенде келіп қайтты. Естісем, ол арналарды екінші көрместей болыпты...

Қазаққа қазақтан басқа дос жоқ. Ащы болса да шындық сол. Біз орыспен дұспандасайық деп жатқан жоқпыз. Қазақтың оған шамасы жоқ. Бізге керегі-қазақ алдымен қазақты дос білсін. Сосын, қалғанын көрсін! Құлдық санадан арылсын! Бізді ешкім жарылқамайды! Соны қазақ білуі керек. Бізді құтқарса, Алла ғана құтқарады. Ол үшін Аллаға жағар қылығың болсын. Қазақтың көп айтатын, біреуді жек көргенде «Құдай сүйер қылығы жоқ» деген осыдан шыққан.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-29 19:39:44

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-29 19:44 өзгерткен

Ластай бауырым, жаман ағаң сені қыжыртқалы айтқан жоқ. Көңілің ауыр алған болса, кешіре сал мені. Өзімсінгесін «Жақсы хабарды тыңдағың келсе, хабар арнасын қостырып ал» дегенім ғой. Ал, жаңағы әзіл сөздің авторы мен емеспін, осында жұрт арасында кеңінен тарап жүрген танымал сөз. Ұлтым деп жүрегін де жұлып беретін өзіңдей бауырларымды көрген сайын көкірегім кеңіп, сарайым ашылып қалады. Барлығымыз да қазағым деп жүрген жандармыз ғой. Мұңымыз да сол. Дертіміз де сол. Мақтанышымыз да сол! Асқар тауымыз да сол, айдын көліміз де сол! Артық айтты деп ренжіме. Кешіре сал. Бұл дүниеде кешіріміңді алып алғаным өзіме жақсы, болмаса, о дүниеде бәрібір алдыңа барамын. Бармайын десем де, қаласам да, қаламасам да, Алланың әмірі сол. Сол үшін кешіре сал. Аз қазақпыз. Қазақстан күлдіргілерінде айтылғандай, бірімізді-біріміз бетімізден танитындай қазақпыз ғой. Түбімізді сұрастыра келсек, кез-келген қазақ туыс шыға келеді. Бес күндік қысқа жалғанда, алысып-жұлысып, біріміздің жүрегімізді біріміз ауыртып неміз бар. Сыйласып, сырласып өтелік те.

Мұсақан бауырым дұрыс айтады. Кей ойларымен келісемін.

Жалпы, барлық лебіз жазған, ойларымен ортақтастырған аға-бауырларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Алла разы болсын! Барлық мадақ бір Аллаға ғана тән.

Сөз соңында ескерте кетейін, ойын (网络游戏) ойнауға құмар бауырларым болса, соларға аз ғана бір кеңесімді бергім келеді. Ағалық тұрғыдан. Туыстық тұрғыдан!

Сол бәле ойынды тастаңыздаршы, өтінгенім болсын! Өзімді мысал етейінші, мен осы уақытқа дейін бірде-бір рет компьютерлік немесе ғаламторлық ойындарды ойнап көрген емеспін! Қысқасы, қолымдағы қолфонымның ішіндегі «үкімет өзі салып берген» ойындарды да ойнамаймын. Болмаса, айфон дегеннің ішінде не сұмдық ойындар бар ғой. Өзі тағы еркін программалауға келеді. Сыйымдылығы 16 GB. Баяғыда сыйымдылығы 10 гегалық мишықты да көргеміз. Онан жақсылау...

Бірақ ойнамаймын...

Себебі, ертең Алланың алдында Алла Тағала бізге берген екі түрлі нығметінен сұрайды. Алланың бізге берген нығметінде шек жоқ қой. Сан жоқ қой. Бізді екі нәрседен сұрайтын нығметтердің біріншісі - денсаулық! Алла бізді өзі берген денсаулығымызды неге жұмсағанымыздан сұрайды. Екіншісі - жастық шақ. Алла тағала біздің жастық шағымызды қалай өткізгенімізден сұрайды...

Жастық шақтағы әр минут алтыннан қадірлі...

Бұл туралы көп айтпай-ақ қояйын, ертең сонан сұраларымызды ұмытпасақ болғаны! Біз – шаһидтың қанынан ғалымның сиясы артық дейтін мұсылманбыз. Мұсылманға ғылым іздеу, өнер үйрену – парыз! Ертең гейм овр GAME OVER болады. Демек, ойын аяқтайды. Біз өлеміз. Адамдар, жындар, періштелер, қысқасы, Алланың сүйікті періштелеріне дейін өледі. Сосын, қайта тірілеміз. Бейне, қыс келгенде шөптер қурап, жәндіктер өлгені сияқты ғана. Бірақ, ешкім солардың келесі көктемде қайта тірілетінінен күмәнданбайды да. Себебі, ол -ақиқат. Сол гейм овр болудан ілгері тәубамызға келіп, иманымызды беріктеп алайық та...

Алла бізге жар болғай! Алла барша қазақ баласына жар болғай!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-29 19:54:30

Бәку бауырымның ақ еділ ниетіне алғыс! Оқып отырып ішек-сілем қатып күліппін ғой. Несі бар! Осында отырғандарымыз, ертең Алла қаласа бір-бір министрлікті ұстап отыратын боламыз. Себебі, ел біздікі! Жер біздікі! Отан біздікі. Біздің мойнымызда осындай ұлы міндеттер тұр! Әр қазақ өзін қазақ мемлекеті алдында жауаптымын деп ойлауы керек! Отаныңның қандай болуы-сенің қолыңда!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-29 19:57:48

Нұрағым бауырым, осы хақында сенен сүбелі ойлар күтеміз! Таратып, тарқатып айт! Сол ескі көне көздер бар кезде аман кезінде барлық құнды жәдігерлерді алып қалайық! Өтінгенім болсын! Барлық қазақ баласы сол бір заманның естелігін әркімнің аузынан жазып алып қалсын! Ертең бұл халықаралық құжат болмақ. Құны теңдессіз құжат болмақ. Әрбір қазақты сөйлетіп, өзінің не әке-шешесінің Қытайға қалай келгендігі, Совет одағынан қалай қашып шыққандығы хақында кескін құжат алып қалуымыз керек! Алла разылығы үшін! Өткенін жоғалтқан ұлт болашағын қоса жоғалтады!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-29 22:46:12

Жә, шығармамызды жалғастыралық.

Қырғыздағы бүлікті Ресейдің ұйымдастырғандығы хақында дерек пен дәлел өте көп. Нұрсұлтан Назарбаевтің президент кеңесшісі болып істейтін бір танымал ағамыз бар. Менімен өте жақсы араласады. Ағамен бауыр құсап жақсы араласамыз. Өзі көп кітап жазған кісі. Былтыр қолын қойып, екі кітабын сыйлады. Шетелдерде бірге болдық. Біраз уақыт бірге жұмыс жасадық. Ол кісі осы бүлік хақында көп зерттеді. Сол кісінің айтуында мұнда жатқан сыр өте көп болса да, орыстар бәрібір артқы ізін жасырып үлгермеген. Бірі сол бүлік кезінде бүлікті ұйымдастырушылардың бірі тірідей қолға түскен...

Бұл аса ірі һәм бұлтартпас факт еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 01:12:06

Американың қырғыздарға берген бес жарым миллион долларлық тегін көмегі лаңкестікке қарсы тұру орталығын құру үшін еді. Қырғыздар үшін бұл көп ақша болатын. Батыстың қырғыздарға деген махаббаты артқан сайын орыстан маза кетті. Баға шарықтап аспанға кетті. Дүкенде нан қымбаттады. Бішкек тұрғындары үйлерінің ток, су, газын төлей алмай қалды. Қымбатшылық жайлады. Ал, қоғамдық мәселелерді шешкеннің орнына қарсы пікір айтушыларды тұтқындау басталды. Осы кезде қырғыздар баяғыға қарағанда әлдеқайда жоғары қарқынмен Қазақстанға қарай ағылды. Қазақтар керісінше, өзбек-қырғыз босқындарына тосқауыл қойып тастады. Еуродақ қырғызда орталығын ашқанда орыстың ұйқысы қашқан еді. Баяғыда Ақаев заманында парламентке тұтасымен өзінің бала-шаға, құда-жегжатын жинап алған екен. Құрманбек те онан қалысқан жоқ.

Арасында қыстыра кетейін, осы арада әлдебір дөкейлердің ара ағайындығымен менің сол замандағы қырғыз элитасымен жұмыс жасауыма бір орай келген еді. Құрманбек Бакиевтің ұлының жақын досымын деген біреу мені көп жағалады. Құрманбектің ұлы туралы мен жақсы хабар естімеген едім. Айналамдағы кісілер менің онымен араласпауымды айтты. Бірақ оны мақтаушылар да болды. Мен неге екенін білмеймін, олармен жұмыс жасаудан үзілді-кесілді бас тартқан едім...

Орыстардың бір мақалы бар еді. «Патшадан қанша алыс жүрсең, басың мойныңда сонша аман тұрады» дейтұғын.

«Чем дальше от царя, тем целее голова».

Мұндай мақалды Қытайлар да айтатығұн:伴君如伴虎

Негізгі мағынасы «патшамен серік болу - жолбарыспен серік болғандай» дегенге жақын келетін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 01:29:28

Қырғызда бүлік туылып жатқан кезде мен Шяңгаңда (Гонконгте) едім. Алматыдан бір ағамыз хабарласты. Өзі сыйлы, беделді кісі еді. Алматыға қашан келетінімді сұрап қоймады. «Бір керемет сауданың орайы келіп тұр» деп қоймай қойды. Ол кісі негізі сауданың адамы емес еді. Кеңес Одағы кеңістігі елдерінің аса көп санды байлары сынды, баяғыда жекешелендіру кезінде қарпып-қарпып, асап-асап жеп алып, сонан байығандардың бірі еді. Мен не сауда екендігін сұрадым. Ол кісі «бұл аса құпия сауда» дегеннен танбады. Мен қанша сұрасам да, ол кісі сол сөзінен аспады. Бұл да Қазақстан мен Ресейдегі 99 пайыз жоғары жік адамдарында бар ауру еді. Ауру дегеннен гөрі әдет деген дұрыс шығар, бәлкім. Олар ешқашан телефонда жұмыс жайлы сөйлеспейді. Телефонда сомасы көптеу ақша хақында да сөйлеуді ұнатпайды. Телефонда жоғары лауазымды адамдардың да атын айтыспайды. Көбінеки, ондай адамдардың атын тергеп айтады. Мысалы, біздің еврей әріптестеріміз Путинді «В.В» деп атайтын. Кеңес адамдарының телефоннан соншама үркетіндігін мен бастабында түк түсінбейтінмін, кейін келе бұған көзіміз де, өзіміз де үйрендік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 01:58:03

Жоғары жақтың адамдарының қай клан, қай топқа жататынын оның лауазымды тұлғаларды қалай атайтынына қарап білуге болатын. Егер ұнамды, жағымды атаумен атаса, онда оның қазіргі билік басындағылармен жақын жүретіндігінің белгісі еді. Ал, ұнамсыз, жағымсыз атаулармен атаса, оның олармен қырбай топтағылардың адамы екендігі білінетін еді. Мысалы, «ш.ш» яғни «шышы» деп атау «шапырашты» деген сөз еді. Біреудің руы шапырашты болса немесе шәпіраштылармен жақын болса, осылай атайтұғын. Иә, жұрттың бәріне белгілі, қазіргі Қазақстан президентінің руы шапырашты еді. Ұлы жүздердің ішіндегі ысты, ошақты, шапырашты деген руларды Қытайдың қазағы естігені болмаса, аса көп білмейді. Себебі, Қытайдың қазағының басым көп сандысы орта жүз еді. Бір нәрсені анық айтуға болады, Қытайда кіші жүз қазағы жоқ болатын. Ұлы жүз қазағы Қорғас, Сүйдін, Құлжа, Текес, Күнес, Мұңғұлкүре, Бұратала, Күлөртең сықылды жерлерде бар еді. Көбісі албан мен суан болса, аз бір бөлімі жалайырлар еді. Қытайдағы орта жүздің баласы үшеу ғана болатын. Алтай бетінде, сосын, Шығыс Шыңжаң тарабында, сосын аз санды басқа облыстарда орта жүз керей екені барлығымызға түсінікті. Керей болғанда да абақ керейлер. Ашамайлы керей мұнда өте аз. Көбісі Кеңес кезінде қашып, абақ керейлердің ішін паналағандар болатын. Осы керейлердің арасында Шығыс Қазақстан, Талдықорған (Жетісу) жерінен қашып барған наймандар бар еді. Керей ішіндегі наймандар сонау атам заманнан бар болса да, соңғы кезде Совет одағынан қашып барған наймандар да аз емес еді. Менің зарлап айтып жүргенім де осы сынды Совет одағынан қашып барған рулардың тарихын дер кезінде камераға (Шы Шяң Жи 摄像机) түсіріп, халықаралық деңгейде құны аса жоғары тарихи құжаттарды сақтап қалу болатын. Наймандар, суандар, албандар, ашамайлы керейлер, жалайырлар, сосын Семейді, Зайсанды, Ақсуатты мекендеген аз санды абақ керейлердің барлығы Совет одағы қысымы мен қырғынынан қашып Қытайды паналағандар болатын. Бұл туралы тарихи құжат ғаламда жоқтың қасы. Видео құжат та жоқтың қасы. Бұл адамзат тарихының бір ақ беті еді. Совет одағы тарихын халықарада зерттеушілер үшін бұл табылмас тақырып болатын. Менің болашақтағы армандарымның бірі осы. Осы нәубет тарихқа қатысты материялдарды дайындап, реттеп, ағылшын, жапон, қытай тілдеріне аударып, оны күллі адамзат баласымен ортақтастыру еді. Осы мақсат жолында менімен одақтасамын, бірге жұмыс жасаймын деушілер болса, үшбу сапарнаманың қақ басында тұрған хат сандықпен хабарласуына болады.

Иә, бізді біреулер трейбуализмші деп жүрмесін. Біз олардан емеспіз. Біздің жоғарыдағы руларды айтуымыз - қазақтың қасыретті тарихын зерттеу үшін ғана керек еді. Қытайдағы тарих зерттеуші ағаларымыздың, бауырларымыздың осы тақырыпты қолға алатын кезі келді. Шыңжаңдағы, Пекиндегі ғылыми зерттеу институттарының аспиранттары, докторанттары ештеңеден қорықпай, осы тақырып туралы ғылыми ізденіс жасағаны оң. Себебі, осы тақырып қазір ақтаңдақ күйде. Бұл тақырыпты кім қозғаса, оның ғаламдық деңгейде абырой табатынына мен сенімдімін. Саясаттың ығына қарап желкенін бұратын Қытайдағы азғантай зиялының ұлт мүддесі үшін болмаса да, ғаламдық бедел мен қыруар қаржы үшін болса да осы тақырыпты қолға алуын сұраған болар едім!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 02:06:44

Иә, біз рушыл емеспіз. Қазақстанның қарапайым қазағында рушылдық аз. Билікте де солай. Қазақтарды, Қазақстан билігін рушылдықпен шатыстыратындар аса төмен саналы адамдар еді. Мұнда билікте ру сұрасып жатпайды. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін деген ұлағатты сөзді ұстанады. Билік басында да қазақтың әр руының адамы бар. Кім саясатты жақсы меңгереді, кім карьерада мықты сол биікке шығары хақ. Оқу-тоқуы бойынша күллі Кеңес ұлттары ішінде ең алдыңғы қатарындағы қазақтардың рушылдығы Қытай қазақтарының қасында жоқтың қасы еді. Олар руға қызығып та кетпейді. Қытайдың рушыл қазағы ру мәселесін шежіре мен ататек шеңберінде ғана қарап, ұлт ішінде онан ары бөлінушілікке тосқауыл қойғаны абзал. Бір жақсысы, жастарда бұл мінез бар. Себебі, біз біртұтас қазақ деген елміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 02:13:55

Қытай қазағының екінші бір үлкен руы - қызайлар. Қызайлар туралы көп жазылды, көп айтылды. Сондықтан, бұл арада көп тоқталмаймын. Іле бетін тұтас ұстап отырған осы бір өскен елге қарап отырып сүйінесің. Егер қазақтың басқа рулары да қызай анамыздың ұрпағынша өскенде, біз баяғының баяғысында Үнді мен Қытайдан кейінгі үшінші ел болған болар ек. Мүмкін, олардан да асып кетуіміз бек мүмкін еді. Қазақтың қырғындарға толы қасыретті тарихы осы рулардың тарихында жатыр...

Қытай қазағының тағы бір руы орта жүз уақтар болатын. Тарбағатайды наймандармен, аз санды керейлермен қатар қоныс қылған уақтар еді.

Жә, шапыраштымыздан бастап Қытайдағы руларға кетіп қалыппыз. Жаңағы «Ш.Ш» дегеннен шығып кеткен екен ғой әңгіме. Я, «Ш.Ш»нің барлығы мансапты емес. Талдықорғанда жер егетін бір шапырашты ағамызды танимыз...

Мен Шяңгаңда (Гонконгта) жүріп, әлдебір болатыны не болмайтыны дүдамал белгісіз сауда үшін Алматыға ұшып барғанды қаламадым. Себебі, Алматы мен Шяңгаң (Гонконг) арасында төте ұшақ жоқ еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 02:32:18

Шяңгаңнан Алматыға бару үшін оңтүстікке ұшып, Дубай айналып ұшуға тура келетін. Мұнан басқа Шяңгаңнан Кореяға, Сеульге ұшып, онан Алматыға ұшуға болатын. Қазақтар Шяңгаң мен Алматы арасына тіке ұшақ саламыз дегелі де біраз уақыт болды. Бірақ, әлі салынбады. Қазақтар саяхатшы ел. Қазақстанның қазақтарының шетелге саяхаттау өресі санақ бойынша алғанда аса жоғары. Біз шетелге барып демалып келгенді ұнататын елміз. Қазақ жерінде қыс басталғанда, қазақтың байлары Дубай мен Хайнанды жағалағыш. Ыстық теңіз суына шомылып, күнге қақталып, рахаттанып, бет терілері қоп-қоңыр болып қайтып келетін қазақтар өте көп. Түркия мен Қазақия арасында бір айға визасыз. Түркия бұл күнде қазақтар үшін шетел есебінде саналмай қалды. Түркияға барып келдім десең, ешкім таңырқамайды да. Көрші ауданға барып келгендей-ақ екі арада сабылып жүрген түрік пен қазақта сан жоқ. Онда оқитын қазақ оқушылары да аса көп, әрі Түркияның Қазақстанда ашқан лицейлері де аса көп. Түркістан қаласындағы Қазақ-түрік университетінде де күллі түркі дүниесінен келгендер оқиды...

Қазақ пен Тайланд арасына да виза керек жоқ. Жер бетіндегі ең былыққан осы бір елдің Қазақстанмен визасыз қатынас орнатуы – Қазақстанның қыруар ақшасын Тайландқа шашты. Қазақтар мұнда «саяхаттап» барады. Қазақстанда қыс басталғанда Тайландта жаз. Ыстық ауа. Жылы теңіз. Ал, Тайландтың мемлекеттік бизнесі болған жезөкшелік Қазақстан «саяхатшыларын» қызықтыратын ең басты себептердің бірі...

Сол үшін де мен тайландты жақсы көрмеймін. Бірақ Қазақстан байларының біразы тайландшыл...

Жә, сөзімізге келелік.

Сонымен жаңағы ағамыздың қоярда қоймай қоюымен мен Алматыға ұштым. Көңілін қимай. Амалсыздан. Шяңгаңнан (Гонконгтан) Луоху кедені арқылы Шынжын қаласына кірдім. Шяңгаңның (Гонконгтың) қала орталығындағы кез-келген метро ленясі арқылы Луоху кеденіне жетуге болады. Қала орталығының өзінен Луоху кеденінің Шяңгаң (Гонконг) жақ бетіне жету үшін бір сағатқа да жетпейтін уақыт кетеді. Арада терезеден баяғыда бала күнімізде көретін Чың Лұң (Жеки Чан), Ли Лянжие (Жет ли), Жоу Рұнфа (Чоу Ион Фат), Ли Шяулұң (Брюс Ли) қатарлы әртістер үнемі кино түсіретін Шяңгаң (Гонконг) ауылдарын көруге болады. Шынжын мен Шяңгаң (Гонконг) арасындағы осы тауларда Шяңгаң фильмгерлігінің көп іздері жататын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-30 02:51:52

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-30 02:53 өзгерткен

Шынжынға кірдің деген сөз – Қытайға кіргенің. Онан ары Үрімжіге жету аса оңай. Шынжын мен Үрімжі арасына көп болғанда күніне 5-6 рейс. Оған үлгірмесең, қасында тиіп тұрған Гуаңжу бар. Гуәңжуға Шынжыннан «Хшиехау» деген жылдамдығы 200 шақырымдық жүрдек пойызбен бір сағатта жетесің. Гуаңжу арқылы да Үрімжіге жетуге болады. Қытай оңтүстігінің аса қолайлы қатынасы еріксізден тәнті етеді. Қайда барам десең, кез-келген уақытта ұшып кете бересің...

Қытайдың оңтүстік өлкелері мен үшін өте таныс. Мұндағы мұсылманша асханалардың аспаздары да мені әбден танып алған...

Үрімжіге жеткесін, Алматыға дереу кете қаламын деу өтірік болар еді. Үрімжі деген шаһарыңыз бұл күнде қазақ зиялыларының жиналған, топталған орталықтарының біріне айналды. Оқу-тоқумен осында қалып қалған қазақтар, саудада жүрген кәсіпкер қазақтар Үрімжіде аса көп. Мен шамам жететін адамдардың барлығын қалаға қоныстануға уағыздап жүрмін...

Қала болғанда да, ірі қалаларға...

Қалада ырыс бар. Қалада несібе бар. Қалада кір жуып, нан жапсаң да, ыдыс-аяқ жусаң да жан бағасың. Ұйғырларда «ауылдың байы болғанша, қаланың кедейі бол» деген бір мақал бар. Осыны бар қазаққа айтамын. Негізі, біздің оларға бергеніміз де аз емес қой, рұхсат берсе, ұйғырдың осы мақалын қазақтар 50 жыл қолдана тұрса ғой. Өзінікі қылып, қазақы шекпенін кигізіп, қазақы тақиясымен қоса...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)