Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 9 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Хайши дегені теңіз батысы деген ұғымды білдірсе, ойлай берем, осы біздің Шыңжаңда «Қайшы» деген жайлау бар емес пе, Қытайдың Хайши дегені сол Қайшы болар, я? Кім білсін?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 10:10:46

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-22 10:13 өзгерткен

Көк түріктің көне мекендерінің бірі Кеңсу еді. Гансу сөзі қытай тілінде еш мағына бермейді. Қытайдың өлке аттарының барлығының өз мағынасы бар, «Өзен түстігі» – Хынан, «өзен терістігі» – Хыбы....«көл түстігі» – Хунан, «төрт су» – Сычуан деген сықылды...

Бірақ осы Гансу өлкесі басқаша. Ол біздің сөзіміз, ашығын айтқанда, Кеңсу. Орыстар қазақтың Қызылжарын басып алған соң, қызыл сөзін орысша төте аударып, «красный» деп, қазақтың «жарын» өздерінің тілдеріне бейімдеп, «яр» деп атап, «Красноярский» жасап алды ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 10:37:52

Ештен кеш жақсы, өкінгенмен орнына келмейді, қазіргі барымыздың өзін қадірлеп алайық. Бұл жазғандарың өзге қазақтарға да ой салса екен деймін...

Сол бір еске алудың өзі аса ауыр, қасыреті мен қайғысы мол сол бір жылдарда ордалы өскен ел қызайдың ішін паналаған, біз атын атап, түсін түстеп бере алмайтын қаншама рулар бар. Қызай туыстарымыз, сергек саналы азаматтарымыз осы жұмысты қолға алса игі еді...

Осы сықылды, Алтай ішіне келіп, 12 ата абақ анамыздың ұрпағының ішіне сіңіскен қаншама басқа елдер бар, біразы наймандар, біразы ашамайлы керейлер...

Тіпті арғын тобықты да бар...

Қожа да бар...

Осыларды Алтай бетіндегі туыстарымыз, саналы, қызуқанды азаматтарымыз қолға алса игі еді! Тек қана Алла разылығы үшін! Тарбағатай, Шәуешек ішіндегі туыстарын паналаған қаншама қазақ бар?! Тарбағатай бетіндегі бауырларымыз осыны қолға алсын да! Нән Еренқабырғаның сілем-сілемдерінің арасында, Алатау мен Үрімжі тауларының арасында, онан ары Құмылдың құба құмдарынан асып, Гималайға дейін, Үндістанға дейін шашылып қалған ата-бабамыздың басын іздейік, қазақтар!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 11:41:47

Ғаламторды ерінбей кезетін торластарымыз «чиңхай қазақтары» -青海哈萨克 немесе «гәнсу қазақтары» - 甘肃哈萨克 деп іздесе, байду немесе гугл іздеуіштерінен біраз құнды материял шығары хақ. Әрине, бұлардың көбісі Қытайдың көзқарасы. Біздің тарихымызға өзгенің көзқарасы қалай екенін сонан білерміз. Шыңжаңға көндікпей, кері қарай қайтадан көшіп кеткен қазақтардың өмірі жайлы жазылған деректер де бар екен...

Асықпай, тауып оқырсыздар...

Чиңхай, Гәнсу жақтан келген қытайлардың көбісі қызыл шырайлы, сүйекті, күшті келуші еді. Мінездері де жайдары болатын...

Сығыр көз дұнған мен қытай қыздарына қарағанда, өзгешелеу келетін небір ботагөз керімсалдарды баяғыда оқушы кезімізде көруші едік. Сөйтсек, туыстарымыз, бауырларымыз екен ғой...

Ой, бауырым-ай...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 11:50:18

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-22 11:52 өзгерткен

«Чиңхай халық әні» болып жүрген әндеріміз қаншама?!

Қашқан, қырылған қазақтың басы шашылып қалған да, басқасы да шашылып қалары сөзсіз еді. Сөйтіп, біраз әнімізге әлдебір сумақы ұры иелік етіп, бұл күнде қытайдың әні болып айтылып жүргені жасырын емес. Басқасын қой, қазақтың халық әндерін өзгертіп, өздерінікі етіп алғанын көргенде, не айтарыңды білмейсің. Бұл ұрыықтың саны аз болса да, өзге ұрыларға қарағанда ертерек қамданған ұрылар болғандықтан, бұл күнде мұны ұрылық деп те қарамастай болған сыңайымыз бар. Біраз уақыт улап-шулап жүріп, шыңжаңдық туыстарымыз ұрлап алған біраз әніміздің ақиқатын ашыққа шығарғанымыз бар еді. Осы іске белсене кіріскен, атсалысқан барлық торластарға Алла разы болсын, бірақ бұл жұмысымыз да аяқсыз қалып барады, қазақтың әнші-күйшілері бірінің әнін бірі ұрлады деп бірін-бірі сотқа беріп, телеарнаға шығарын шықса да, өзге бір елдің азаматтары ұрлап жатқан сансыз әндерімізге келгенде, не зиялы қауым не сол әндердің иелері ләм-мим деп жақ ашпай отыр...

Өзгеге кең, өзімізге тар таңғажайып халықпыз...

«Кең болсаң кем болмайсың» деген көне мақал мен «Кең болсаң жем боласың» деген жаңа мақалдың қайсысын ұстанарымызды шешіп ала алмай тұрған жұрт екенбіз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 11:56:59

Қорғас кеденінен ары-бері өтіп жүргенде, бір ғажап құбылысты көруші едім. Қорғас кеденінің Қытай жақ бетінде, қашан көрсең, әрлі-берлі сабылып жүретін саяхатшылар болушы еді. Көбісі Шыңжаңға саяхаттай келген ішкі Қытайдың қытайлары болып келетін. Жақында саяхат жетекшісі болып жұмыс істейтін бір туысымыздан білсек, Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары да мұнда көп келеді екен, бірақ көбісінің ұлты қытайлар болып келеді екен. Қорғас кеденінің немене қызығы бар екен деп ойларыңыз хақ...

Сөйтсек, бұл саяхаттардың ар жағында өзгеше оқу-тоқулар жатқан екен ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 12:09:58

Қытайдағы саяхат кәсібі туралы мұнда сөз ашудың өзі артық. Бұл сала қазір Қытайдың ең негізгі күн көріс салаларының біріне айналып келеді. Әр жолғы демалыстар мен мерекелерде Қытайдың өзіндегі ішкі саяхаттың өзі кісі шошырлық. Бір жарым миллиард қытай арлы-берлі жөңкілгенде, ұшатын жеріңе ұша алмай, баратын жеріңе бара алмай қалатыныңа еш күмәнданба! Шынжын мен Шяңгаң (Ганконг) арасындағы Хуаңгаң кедені мен Луоху кеденінің алдындағы қара нөпір қытайларды көргенде, кеденнен ешқашан тез өтіп кетемін деп ойлама. Мишығыңды ашып, күлтегін немесе басқа қазақ сайттарын оқып отыра бер...

Шяңгаңнан (Ганконгтан) Шынжынға тұтқиыл барған бір сапарымда қоналқы жер таба алмай дағдарғаным бар болатын. Ең қымбат деген қонақ үйлердің өзін жаулап алған қытайдың студенттері еді. Бұларың неткен қалталы болып кеткен деп аң-таң қалсақ, бір түні мыңдаған доллар тұратын шангрила қонақ үйінің президенттік бөлмелерінің өзін, люкс-делукс бөлмелерінің өзін бір қора студент жалға алады екен ғой. Ер-әйелі араласа, ығы-жығы болып, опыр-топыр болып жатқандарын көрсең ғой ашық есіктен...

Көрмеске де амалың жоқ.

Сол саяхатшы қытайлар таңсық көріп Шыңжаңға да келеді екен. Саяхаттауға, ұлы Жұңхуа территориясының ең батыс нүктесін көрмекке! Қытайлар Қытай халық территориясының ең батыстағы нүктесі деп ол жерлерге нән, дәу қытай жазуларын жазып, тас бағандар, ескерткіштер қоятын болса керек, жаңағылар сол ескерткіштерге суретке түседі екен, әшейін, екі саусақтарын шығарып, қыздары қылықтанып, жігіттері сызданып...

Қытайлардың суретке түсуі де қызық. Қарап отырып күлесің. Өздері қолдан жасап алған бір формулалары бар...

Миллион қызды көрсең, бір зауыттан шыққандай. Аяқтарын қисайтып, тізесін ішіне бүге, ауыздарын томпайтып, кейде тіпті қараудан ұяласың, өздері жасаған позалар өздеріне қызық болса керек, суретші суретке алып үлгіргенше, сол беттерінен танбай тұратын қажырлылықтарын қарасайшы...

Гәп басқада еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 12:41:55

Қытайдың Кеңес Одағынан даулап жүрген жері бар еді. Жер дауы мен жесір дауы қиын ғой. Шешілмес дау. Кеңес одағымен қиыр шығыстағы аралға таласып, қарулы қақтығысқа дейін барған қытайлар Шыңжаңның өзінде де Кеңес әскерлерімен қарулы қақтығысқан еді. Бұл туралы тарихтарды үлкендер жағы көп біледі. Кеңес Одағы Қытайға қимаған сол жерлерді біздің қазақтар аса жомарт шүлендікпен шеше салды! Қырық жыл шешілмеген жердің дауын, сол сүйемдей жер үшін қан төгіп, қарулы қақтығыс болған жер дауын біздің қазақтар қырық минутта шеше салды...

Бұл күнде сол жерлерде қытайдың ескерткіштері тұр...

Қытайдың құжынаған саяхатшылары жаңағы біз айтқандай ескерткіш тастарда майысып суретке түсіп жүр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 16:15:29

Мен сол 1916 жылы албан көтерілісінен кейін осы жаққа өтке...

Кескін3 жолдаған 2011-9-2212:49 http://www.kultegin.net/bbs/images/common/back.gif

Кескін3 мырза, осы тарихты мәңгілік факт ретінде алып қалуға күш шығарыңызшы. Атаңыздың атының Сартбай болуының өзі қандай керемет! Сартты естігені болмаса, жер жәннаты Жетісудағы кең қолтық албан елі қайдан көрсін?! Құлжаға келгесін, сартты көргесін, Сартбай қойғаны түсінікті. Енді нағыз, шынайы тарихты бейнетаспаға жазу керек еді, осыған күш шығара аласыз ба? Өзіңіздің ата тегіңіз үшін ғана емес, күллі қазақ үшін! Келісесіз бе?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 16:19:10

Мүке, мына дерегіңіз күллі түркология саласын дүр сілкіндіретін шығар. Осыны салмақты түрде қадағалап, бір шетіне шығарсаңыз құба-құп болар еді. Эфиопиядағы фалашаларды да осындай бір адам тапқан ғой. Бастабында күллі ғалам сенбеген екен. Кейін келе амалсыздан аң-таң қала отырып қабылдапты...

Сол сықылды атақты қатын орманы қырғынын да ең алғашында бір ормандағы темір жол жұмыскері байқаған екен, жоғарыға мәлімдесе, ешкім сенбепті, кейін келе бұл фактлер адамзат тарихының ең маңызды беттері болып қалды...

Мүмкін, адамзаттың ендігі ең маңызды бір тарих беттерін сіз бен біз сықылды қарапайым қазақ баласы жарыққа шығаратын шығар, барлығы да бір Алланың қолында...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 16:20:53

Қайран Хасан ағам-ай!...

Ол шығармасын жастық қылып жастап жүріп оқығанмын...

Керемет! Қазақтың ең ашынышты тарихы...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 16:24:27

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-22 16:26 өзгерткен

Ақжалын торласымыздың мына бір хаты мені еріксізден ауыр ойларға салды. Хат туралы айтудан бұрын сіздерге хаттың толық нұсқасын жария еткенді құп көрдім:

.................................................

Ақжалын 2011-9-22 11:38

Жақа, ассалаумағалейкум! Сіз Алтай, Іле, Тарбағатай жайлы айтып жатырсыз. Шинжяңның ең шығысында, Құмыл аймағы Баркөл ауданындағы 30 мың қазақтың алмағайып тарихы жөнінде неге әңгіме қозғамайсыз?! Жаңағы бұланай асып, Индистанға, Пәкістанға, онан соң Анадолиға барған сол Баркөл қазақтары ғой. Бұл қазақтар XIX ғасырда Алтайдан Баркөлге келген екен. Бұланайдан асқанда ақ қар, көк мұздың үстіне туырлықтарын жазып, түйелерін үстіне шөгеріп сүйреп түсіп кеткен екен. «Алып шапқан» оқиғасын, оның баласы Елісхан жайлы білесіз бе? Жәди Шәкен жазды ғой, «Қаралы көш» деген роман. Ал енді ана Гәнсу өлкесінде, «Ақсай қазақ ауданы» деген аудан бар, қайнаған Қытайдың ішінде, бұларда осы Баркөлден ауып барып, ары кете алмай, бері келе алмай қалып қойғандар. Әзір балалары барған сайын қазақи салт-дәсүрден, тілден, ділден ажырап барады осылар жайлы хабарыңыз бар ма? Мынау ең шығыста бір қасыретті тарих жатыр. Ал анда-санда ханзу, дүнген болып кеткен кемпір-шалдар (кезінде ауып бара жатқан елден дүңгендер «оқуға алған» амалиятта апарып құлдыққа салған балалар, аштықта сатылған балалар, қаңғырып қалған балалар, сатылған балалар тағы басқалар) Құмыл, Баркөл, Ақсайға келіп туысын іздейді екен. Әкесінің немесе ағасының атын айтады екен, руын шала-пұла біледі дейді айтушылар. Міне, көрдіңіз бе, тарыдай шашылған қазақ тағдырын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 16:31:04

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-22 16:34 өзгерткен

Ақжалын бауырым!

Уағалейкум ассалам!

Алла разы болсын саған!

Қазағымның өзіңдей азаматтары тұрғанда, біздің қасыретке толы сан тарихымыз түгенделеді деп сенемін, әрі ерлікке толы сан тарихымызды өзіміз жаратамыз деп сенемін! Алла сізге, бізге жар болғай!

Айтқандарыңыз орынды, мен бұл тарихтарды білемін! Білу екі түрлі ғой, бірі кітаптан, оқудан, екіншісі өз көзіңмен, өз құлағыңмен, тірі адамдардың аузынан естіген тірі әңгіме арқылы! Менікі біріншісі еді...

Осы тарихтарды біраз адамдар жазды, Алла оларға разы болсын! Арманда кеткен, еңірегенде етегі жасқа толған қасыреті мол марқұмдарымыздың, шәһидтеріміздің, ерлеріміздің артында жоқшысы, іздеушісі бар екенін дәлелдеді олар. Аққан қан тегін кетпесін дәлелдеді олар...

Бір өкініштісі, мен Құмылда осы уақытқа дейін болған емеспін, әрі өтемін де кетемін, бері өтемін де кетемін, ондағы қазақтармен араласып, осы бір тарихтар туралы сырласқан емеспін, алдағы жылда, қолайлы бір мезгілде Құмылға барсам деген арманым бар еді...

Арнайы жұмыс тобымен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 17:03:01

Жихат-ау, анық-қанық білетіндерің болса айта отыр. Мүмкі, ғаламтордан тауып алармыз. Жакартадағы ол жиналыс – не жиналыс? Шамасы қай жылдары болған? Мүмкін Жакартаға хат жіберерміз? Сосын, бұл кітапты Қытай қазағы жазған ба, әлде Қазақстан қазағы жазған ба? Осы сықылды көп күңгірт нәрсені айта кет. Тауып алатын шығармыз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 17:24:41

Парасат торабындағы Тұмар тораптасымыз мынадай лебіз қалдырған екен:

Тұмар:

-Москва сапары Шинжяң торап әдебиетінің шынайы бетін ашты деп Ойлан аға айтқан еді, сізді парасат бекеті атында сұхбатқа тартсақ қалай дер едіңіз?

Бұған менің жауабым:

«Мәскеу сапарынан естеліктер», «Шяңгаң (Гонконг) сапарынан естеліктер», «Әумін сапарынан естеліктер немесе отардағы ортақтықтар»...

Осы үш сапарнаманы жалпылай «Мың бір сапар» деп атағанды дұрыс көрдім. Мәскеуді бітіргесін, Дубай сапарларым туралы жазамын, Алла қаласа. Онан кейін сеул сапары тұр...

Парасатқа да, басқа торларға да сұхбат беруге еш қарсылығым жоқ. Қуана-қуана келісемін. Бір ғана талабым бар, осы сапарнамаларымды бітіргесін, менің хат сандығыма хат жазып, мыңдаған сұрақтар қойған барлық оқырмандарға, жанкүйерлерге, туыс-тумаларға, бауырларға шын өмірдегі аты-жөнімді де, басқасын да ашыққа шығарармын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 21:04:59

Мәскеудің қазақ тағдырымен қатысының қаншалықты деңгейде екенін бір ауыз сөзбен айту қиын. Орыстар Қытай сынды тамыры тереңге кеткен, бес мың жылдық тарихы бар іргелі ескі ел емес, олар күні кеше ғана тарих сахнасына қарғып шыққан жаңа күш. Ашығын айтқанда, орыстардың тарихы бес жүз жылға да жетпейді. Бірақ, осы Мәскеуді негіз еткен кішкентай бектік деңгейдегі елдің даму жылдамдығы, зораю жылдамдығы адамзат тарихындағы ешқандай бір ұлттың даму, өсу, зораю жылдамдығымен салыстыруға келмейтін деңгейде тез еді, қарқынды еді, шындығында, бұл адамзат тарихындағы бір мұғжизалар болатын. Орыстың шексіз зораюы, оның территориясының әрбір күн сайын, әрбір сағат сайын кеңеюі түркілердің аққан қаны мен көз жасының бодауына келді. Орыстың иелігіндегі бүгінгі кең байтақ далада біздің барлық түркі тұқымды туыстарымыздың шашылған бас сүйегі жатыр. Мұндағы әрбір сүйем топырақта біздің ата-бабамыздың төгілген қаны жатыр, аналарымыздың көз жасы жатыр...

Aлександр Натанович Бернштам деген ғалым кісі бар еді. Бұл кісі өзі 1910 жылы туылып, небары 46 жас жасаған ғалым еді. Бұл кісінің еңбектерін біздің жастарымыздың оқып көруін ұсынамын. Кей көзқарастарымен біз келіспесек те, бізге өзгелердің бізден ертерек заманда бізді қалай зерттегені хақында білу қашан да ауадай қажет...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 21:19:56

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-22 21:23 өзгерткен

Бартолдтың атақты «12 лекциясын» Үрімжіден ұйғырша нұсқасын тауып алған едім. Қытайдың тарихшылары мен аудармашылары осыған қатысты кітаптарды мың құбылтып, бірін кесіп, бірін пішіп бірнеше рет шығарған. Бартолд та, Бернштам да саясаттың ықпалынан шыға алмаған адамдар. Бірақ, олардың зерттеулерінде біздің біраз тарихымыз бар. Амалымыз не, біз, міне, осындай халықпыз. Әкемізді өлтірген құныкерден, анамызды өлтірген қандықолдан әкеміз бен шешеміздің тарихын сұрап үйреніп жүрміз. Мәскеуде, Ленинградта жүргенімде Бернштемнің қабірін зиярат етуге маған ешқашан мүмкіндік болған жоқ. Жаңадан бергі сүйегі шашылып қалған, обалды кеткен қазақтарымыздың тарихын айта-айта келе Бейжіңге емес, Мәскеуге сөз басын бұруымыздың тағы бір себебі бар еді. Осы қырғындар мен қырғындаулардың перде артында қашан да Мәскеу тұрған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 21:43:47

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-22 22:47 өзгерткен

Иә, қайсыбір торласымыз айтқандай, қазақтардың Мәскеуді тағы бір мәрте өртеуі бек мүмкін. Тарихта қазақтар Мәскеуді бірнеше мәрте өртеді. Орыстардың кекшіл болатыны белгілі. Олар сол үшін де азиялық осы «оңбағандарды» өмір бойы жек көріп келді. Орыс қашан орыс болып аяғынан тік тұрғанша, біздің ақсүйектерімізге қыз беріп, аяғын сүйіп, құл болып келгенін Мәскеу мен Петербурдағы құпия тарихтары жазады. Біздің білеріміз олардан ашыққа шыққан, там-тұм тамшылар ғана. Украиндердің түркі тұқымына тым жақын екенін өмір бойы құпия ұстап келген Кеңес зерттеушілері славияндық зор ұлтшылдық идеялары арқылы осы бір тентек бауырларын өз бауырларына басқанымен, атасы басқа, қаны өзге екені өздеріне белгілі еді. Сол үшін де өздерін славянбыз деп қоса атағанымен, екі арасының қашан да салқын болатыны содан болатын. Украиндердің құпия шежірелері, ел ақсүйектерінің келіп шығу тарихы, елдегі ескі кітаптар Кеңес билігінің ең алдымен құртқан дүниелері болды, Кеңес Одағының күлі көкке ұшқан сол бір замандарда, Кеңестің ең соңғы үш әріптілері Украинға ең соңғы қастандықтарын істеп кетті. Барлық құпия тарих құжаттарын өртеп жіберді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 21:49:07

Қытайдың бір сөзі бар еді, есімде қалуынша, Қытайдың «үш патшалық қисасында» келетін сөз болса керек. 話說天下大勢,分久必合,合久必分 деп бастаушы еді. Сол сияқты Кеңес Одағы қалай дүниеге келген болса, солай ыдырады. Арасы бір ғасырға да жеткен жоқ. Қытайдың жаңағы мақалына сай, Кеңес Одағы ыдырады, ендігіде Кеңестің қалдығы Ресей онан ары ыдырауы мүмкін. Бұл бірінші мүмкіндігі. Екінші мүмкіндігі, ыдыраған одақ қайтадан қалпына келуі мүмкін. Бұл да тарихтың беталысы. Алла онан сақтасын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-22 23:59:18

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-23 00:22 өзгерткен

Мырзалар, артық кетсем, кешіре саларсыздар. Бір күн ауру, бір күн сау қазақ сайттарының тағдыры қыл үстінде тұр ғой. Өгей бала мен өз баласының еркелігі ұқсамайды ғой. Шаш ал десе, бас алғысы келіп жүрген қаншама адырақбай жүр айналамызда. Ымды емес, дымды түсінбейтін қаншама жарты милар жүр, анығы бір Аллаға аян...

Қазақтың елім деп еңіреген азаматтарына енді керегі - амандық! Біз аман болуымыз керек, біз жасауымыз керек. Себебі, біздің мойнымызда үлкен, ауыр жүк бар. Ол - Қазақ елдігін сақтап қалу! Қазақтың мемлекеттілігін баянды ету!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 00:17:42

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-23 11:07 өзгерткен

Мау туралы ашық әңгімені шығарманың соңына ала айтуды жоспарлап отырмын...

Өлгеннен кейін денесі жер қойнына жіберілмеген адамзат баласының бірі осы Мау еді. Бірі Ленин болатұғын...

Әңгіменің қызығы соңында. Сабырлықпен күтерсіздер...

Қайран жұртым жолданған уақыты: 2011-9-23 00:39:56

Ұлы орыс халқының «Қытай» деп атауын енді білгендей болдым...

Неше жылдың алдында еврейіердің «Борат» атты киносында бас кейіпкердің дүниені емін-еркін айналуынан-ақ оның артындағы күштің қаншалық екенін аңғаруға болады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 01:16:40

Кеден Одағы Кеңес Одағының экономикалық түрі болуы мүмкін. Кеңес Одағында қазақтар орыстардың құлы болды. Саяси құлдықта еріксіз, еркіндіксіз өмір сүрді. Қазақтың Кеңес Одағы тұсында жоғалтқанында есеп-қисап болған жоқ. Ұзақ жыл сартап болып, қатты ауырып, төсек тартып, сол ауруынан енді-енді біртіндеп сауығып келе жатқан науқас адамның халіндей ғана халі бар Қазақстан есін жиып үлгірместен Кеден одағының құшағына өзін атты. Бұл Путин бастаған орыс ұлтшылдарының көктен тілегенін жерден берді. Елитсин шеше алмай кеткен шешен мәселесін шешкен Путин тобы ендігіде орыс ұлтшылдарының арманын іске асырушы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-23 01:28:11

Орыс әсіре ұлтшылдары Путинді құтқарушы жұлдыздары есебінде көреді. Ол өз образын осылай сомдаған. Орыстың тақыр бас баскесер бұзақылары мен скинхед ұйымдары, ұлтшыл қарақшылары, новонатсистер (жаңа натсистер), фан-славяншылдар, казактар ұйымдары (казачества) сықылды сансыз-есепсіз топтар, ұйымдар Путинді жандарындай жақсы көреді. Себебі, осы ұйымдарға қатысқандардың көбісі қазіргі өз өмірлеріне наразы, өмірден шығар жолын таба алмай жүрген албырт жастар жағы еді де, Путин солардың қолтығына су бүрку арқылы жасырын немесе кейде ашық қолдаулары арқылы орыс ұлтшылдарының, әсіре ұлтшылдарының, әсіресе жастар қауымы жағының ессіз қолдауына ие болып отыр. Бұл шынында аса қауіпті құбылыс еді. Путинды айтып, сыртынан сүйініп, еміреніп отыратын қазақ шалдарын мен Қазақстанда сан мәрте көрдім, олардың түрі қазақ болғандарымен жандары, жүректері орыс еді. Онсыз да орыстың барлық газеті, телеарнасы Қазақстанда еш кедергісіз таратылады. Бір қызығы, жаңа жыл мерекесінде телеарналарды аралап отырсам, барлық телеарнада шампан көтерген Назарбаев сөйлеп тұр-дағы, Ресейдің бірінші арнасында Путин сөйлеп тұр...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)