Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 2 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 03:06:28

Қабірстан Мәскеуді айтып отырып, қабір қаласындағы жалғыз Қытайды айтпай кету мүмкін емес. Құжынаған орыс ішінде өз елі, өз жерінен жырақта Қытайдың ең алғашқы коммунисттерінің бірі Уаң Миң жолдастың қабірі тұр еді. Ал, таңырқамай көріңіз. Не қылған жалғыз қытай дейсіз ғой. Әрине, бұл туралы Қытай ақпаратының дұрыс ақпарат бермесі шын. Бірақ, осы жалғыз қытай Қытай қоғамын астаң-кестең еткендердің бірі және бірегейі еді. Жалғыз қытайдың Мәскеудегі қабірін көріп отырып есіңе тағы да қазақты аласың...

Мұхтар Мағауин жазған «Аласапырандағы» қазақ арысы еске түседі...

Елі үшін, жері үшін орыс қолында кепілге тұрған жалғыз қазақ еріксізден еске келеді...

Америкаліқ тарихшылардың зерттеу еңбегіне негізделсек, Қытай компартиясы құрылған күннен бастап, халықаралық коммунистік интернационалдың контролдауында болса керек...

Біздің Америка тарихшыларының көзқарасын мысалға алуымыз орысың да, қытайың да өздерінің өзара қатынастары, Қытай-орыс байланысы, Қытай-орыс одақтастығы хақындағы бұрынды-соңды барлық құжаттарында, тарихи зерттеу еңбектерінде тұтасымен бір жақтылы көзқарас айтумен шектелетін еді. Ал, шынайы тарихты үнемі үшінші жақ немесе қалыс жақ ашығырақ жазатын еді...

Шыны керек, орыс компартиясының қылмыстары хақында Қытай қоғамында, Қытайдың тұлғалық қоғамында осы күнге дейін ашық әңгіме болмайтындығы қызық...

Шындығында, біздің айтып отырған Уаң Миң деген қытайымыз Қытайды азат қылған Мау Зы Дүңмен қарсы болған адам еді. Егер Қытай халқы сол кезде осы Уаң Миң нұсқаған жолмен жүргенде, адасары шын еді. Себебі, орыстардың қуыршағы Уаң Миң Қытай азаттығы күресін өз басымен емес, орыс басымен ойлайтын адам еді...

Әрине, орыс мүддесі үшін істегені, Қытай мүддесінен гөрі орыс мүддесін көбірек ойлағаны шүбәсіз. Сол үшін де ол Қытай компартиясының билігінен аластатылды, 1935 жылғы Зүн-и құрылтайы болғанға дейін Қытай компартиясын қабағымен басқарып, ымымен жүгіртіп отырған орыс қуыршағы компартия басшылығынан аластатылды, оның орнына Қытайдың болашақ көсемі Мау келді. Міне, сонан бастап Қытайдағы ұлт-азаттық күресі тың белеске көтерілді...

Мұны біз баяғыда бала күнімізден жатқа білетін тарих еді...

Бір қызығы, сол заманда бала жүрегімізбен Мау атамызға қарсы болғаны үшін соншама жек көрген Уаң Миң деген Қытайдың қабірін кейін келе Ресейдің астанасында көретінімді ойламаған екемін...

Себебі, ол Уаңның кейін келе қайда кеткендігін біз білмейтін едік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 03:20:17

Уаң миң, ашығын айтқанда, Сталиннің қуыршағы еді. Сондықтан да өлеріне дейін орыс жерінде қалғаны сонан болатын. Ал, Аау болса, ол заманда Зұн-и жиналысында партия билігі қолына тигенге дейін Уаңның сөзін тыңдамай амалы жоқ еді. 1949 жылы Мау Қытай Халық Республикасының құрылғандығын жариялағанға дейін Сталин Маудың ұстанған жолына сенбей келген болатын. Бірақ, кейін келе Сталин Мауды мойындаған еді. Кеңес Одағына келген Қытай компартиясы делегаттары алдында өзін-өзі сындаған Сталин Маудың Уаңға қарсы жазған мақаласын орыс тілінде жариялауға келісімін береді. Мау мен Сталин қатынасы аса күрделі еді. Шынында, ол заманда мемлекеттік дипломатия деген атымен жоқ еді. Мемлекет арасындағы қатынас кілең көсемдер арасындағы жеке қатынас арқылы ғана шешілетін. Мұндай «көсемдер дипломатиясы» Қытайға да, Кеңес Одағына да жайлы болған жоқ. Бұл жағын кейін келе ашалап айтамыз...

Қазір Мәскеуімізді аралай берелік...

Себебі, бұл Мәскеу, Қытай көсемі Маудың аяғы тиген Мәскеу еді...

Коммунистік режимдегі елдердің тағдырын шешкен Мәскеу еді...

Күллі адам баласы екі одаққа үйісіп, бірімен-бірі алысқалы, жұлысқалы дайын тұрған сол бір сұмдық замандардың тірі куәсі Мәскеу еді...

Қып-қызыл қырғындардың авторы болған Мәскеу еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 03:42:08

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-11 03:44 өзгерткен

Маудың қашан өлгендігі бізге белгілі. Ал, Маумен өмір бойы қарсыласып, құқыққа таласып, ақыры 1956 жылы ауруын емдетуді сылтауратып, Кеңес Одағына қашып келген Уаң ақыр-аяғында Маудан екі жыл бұрын 1974 жылы наурызда жарық дүниеге қош айтқан екен...

Өзіне орысша лақап ат қойып алып, өле-өлгенше Мауға қарсы мақалалар жазумен айналысқан коммунист ақырында асқақ армандарын, іске аспаған іші толы өкініштері мен әттеген-айларын құшақтаған беті бұл дүниемен қоштасқан екен...

Қу дүние-ай десеңші...

Адам баласы тіршілігінде бірімен-бірі алысып, бірімен-бірі жұлысып өтеді ғой. Қытай ұлтының болашағы үшін өмір бойы күрескен екі көсемнің сан кітапқа астар болған әрі болатын бұл дүниедегі ғұмырлары аяқтағанымен, олардың ол дүниедегі мәңгілік ғұмырлары басталған еді. Ол дүние - барзақ дүниесі еді, яғни, қабір дүниесі еді. Қабірдегі сұрақтарға біздің көсемдеріміз не деп жауап берді екен деші?! Иә, ешкім де бұл сұрақтардан қашып құтылмас еді...

Себебі, о дүниеде өлім жоқ еді. Ол мәңгілік дүние еді. Ондағы ғұмыр да мәңгілік еді. Жәннаттықтар мен тозақтықтар үшін ажал жоқ еді...

Иә...

Біз де бір күні өлеміз...

Біз «қайтыс» боламыз. Яғни, қайдан келсек, сол жаққа қайтамыз. Сол үшін қазақ мұны «қайтыс болу» деп атаған...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 03:58:26

Уаң Миң қабірінің алдына орысшалап Уан Мин жолдас деп жазылған екен. Қытайлар құсап, ұлттық дәстүрлерімен қабір тұрғызылмаған. Ақ тас пен қара тастың қиқы-шойқы болып, біріне-бірі кірігіп тұрғаны сықылды жасалынған Никита Сергеевич Хрущев жолдастың қабіріне қарағанда, Уаңның қабірі жетім қабір сықылды еді. Өзгелердің алды гүл шоқтарына толып тұрғанда, жалғыз Қытайдың алды қаңырап тұр екен...

Өте ашынышты...

Оған қарағанда, 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісінде қазақтарды қырып салған, екі қолы қазақтың қанына әбден малынған Горбачевтің қатынының қабірі әлдеқайда сәулетті жасалынған екен. Қасына осы күні тірі жүрген Горбачевтің өзіне арналған жер алдын-ала дайындалып қойған...

Мұны көріп мен армандап кеттім, шіркін, сол зәндеміні жер қойынына түспей тұрып, нәңкір мен мүңкір періштелердің сұрағына ілінбей тұрып, қазақтың сұрағына алар ма еді деп...

Бұл дүниеде істегеніне бұл дүниеде-ақ өкіндіріп, өпіндіріп, қазақтың желтоқсаны болған Алматыдағы алаңға алып келіп, мұрынынан маңқасын ағызтып тұрып, қазақтан кешірім сұратар ма еді немесе қазақ сотына тартып, қақ шекеден тарс еткізіп атар ма еді?! Шіркін! Иә, Кеңестің соңғы күн көсемі Горбачевтің басында қазаққа қатысты мың сан құпия ақпарат жатқаны шын еді. Кеңес Одағының қазаққа қарсы, қазақты құртуды жоспарлаған мың сан сырын осы шал арқылы ашып алу керек еді...

Шіркін, осыған шамасы жететін қазақ болғанда ғой...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 04:13:07

Ақ тастан жасалынған бір ғажайып сырлы жуан қол кеңірдегін қысып тұрған әйелдің басы бейнеленген қабір - коммунист Сталин жолдастың жан жолдасының қабірі екен...

Қабір тым қарапайым әрі кішкене көлемде жасалған. Уаң қытайдың қабіріне қарағанда сапалы жасалғаны көрініп тұр. Ашығын айту керек, Қазақстандағы күрт байыған есалаң байлар, жаңа қазақтар үйде баққан иті өлсе де мұнан жақсы, мұнан сәулетті қабір қояр еді. Себебі, біздің қазақтан не сұмдық шығады ғой, сүйікті итін салтанатты түрде жерлеп, жора-жолдасын шақырып, олардың көңіл айтқандарын естіп, қап-қара кастюм-шалбар киіп, қара галстук тағып, қара көзәйнек киіп, зәулім қабір орнатқан қазақ байлары туралы естігеніміз бар еді...

Сталиннің әйелінің қабірін қараған адам оның өлімінің кісі қолынан екендігін аңғаратын еді. Кейде орыстардың астарлап сөйлейтіндеріне, мысқылдап, ажуалап жазатындарына мойындамай амалың жоқ. Ал, мынау қабір, шынын айтқанда, бір сырлы тарихтың куәсі еді...

Қолды бажайлап қарамасаңыз, әйелдің өз қолы деп қалуыңыз бек мүмкін еді. Бірақ, кішкене әйел басымен салыстырғанда айқын салыстырмаға ие қолдың әйел қолы еместігін байқай алған болар едіңіз...

Демек, кісі қолы...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 04:45:15

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-11 04:47 өзгерткен

Қатыгез Сталин өзіне екі бала туып берген екінші әйелінің өзін де аямаған екен. «Көсемдердің барлығы қатынқұмар келеді» - деп менің мәскеулік әріптестерім айтқан сөзге кейде иланып та қаласың. Болмаса, біраз замандар бұрын жер бетіндегі тірі құдайға бағаланған, адами күнәлардан шексіз пәк деп әспеттелген, ақындар мен жазушылар таласа-тармаса жырлар жазып, кітаптар шығарған күн көсем Сталин өзінен 23 жас кіші аңқау жас қызды екінші әйелдікке алады ғой. Ол заманда Қапқаздан келген гүржінің қызы әлі де оңы мен солын айыра қоймаған, оңы мен солынан айырыла қоймаған 16 жаста болған екен. Бірақ, күн көсемге күйеуге шыққан жас қыз сонан бастап өз өмірінің тозаққа парапар болғанын білген еді. Себебі, Сталин ешкімге сенбейтін. Жас тоқалдың қылығы мен қызығын қызғанған күншіл күн көсем жас сұлуды хас сұлуға тән бақыт пен ләззатқа бөлей алмаса керек...

Қайдан бөлесін, оты лапылдап тұрған он алты мен қызуы мен қырпуы басылған қырықтың арасын қалай ғана қосарсың?! Оған қос, сырқат саналы, сырқат денелі, мүгедек ойлы, кемтар бойлы Сталин жас сұлудың қажетінен қайдан шықсын да! Күні бойы кісі өлтірудің, қырғындар жасаудың, қысқасы, өз айналасындағы жақын жора-жолдастарының өзінен тартып, бала-шағасына дейін қалдырмай қырғындап отырған, қырғыннан қарбаластанып, қолы тимейтін Сталин үшін алғанда, сұлудың бақыт құшағында балқып жатудың өзі қиын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 05:05:45

1937ж. мен 1938ж. арасында Кеңес Одағының халықтық санағы мен қылмыстық істер архивіндегі санаққа сүйенсек, тек осы екі жылдың ішінде бір жарым миллион адам сотталған екен. Анығын айтқанда, бір милион бес жүз жетпіс мың! Құдай сақтасын, құдай ұқсатпасын! Мынау дегеніңіз Қытайда жасайтын қазақтың санындай сан ғой...

Екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде осыншама адамды атып, соттап үлгірген Кеңес билігін неменеге ұқсатуға болсын?! Бұл күн көсем Сталиннің қылмыстарын ашатын қолда бар анық санақ қой. Ал, қазақтың боздақтары құсап, еш сұраусыз атылып, көміліп, сұраусыз кеткендері қаншама?! Ал, жоғарыдағы санның ішінде Кеңес Одағы компартияыі қарамағындағы сот жағынан өлім жазасына кесіліп, дереу атқарылған, демек, ажал құшқан адамдардың саны нақтылы бар қағаздағы деректер бойынша болғанда жеті жүз мыңға жақындаған екен! Қалған жеті жүз мыңы абақтылар мен еңбекпен өзгерту алаңдарына жөткеліпті. Я, бір жолда осыншама адамды өмірінен айырудың өзі де үлкен жұмыс қой...

Ол абақтылықтардың қашан өлгендігі хақындағы деректер анық емес. Демек, олар да өлген болуы мүмкін...

Демек, мен сықылды, менің әкем сықылды туыстарын таба алмай жүрген сан мыңдаған қазақтың туыстары осы адамдардың ішінде қызыл қырғынмен бірге қырылып кетуі бек мүмкін...

Қайран туыстарым-ай!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 11:42:10

ГУЛАГ сөзі орыстардың адамзат сөздік қорына қосқан тың үлестерінің бірі еді. Орыстар КГБ, НКВД, Гулаг, Алжир деген аса қорқынышты, естіген адамның есіне тек қана үрей мен қорқыныш ұялайтын сөздерді тапқырлаған ұлы халық еді. Иә, өздерін ұлы халық санайтын орыстар барлық мақтануға, бөсуге тиіс орайдың барлығын қолдан жібермейтін...

«Главное управление исправительно - трудовых лагерей и колонии» қазақшаласақ, «Кеңес Одағының еңбекпен өзгерту лагерінің орталық басқару мекемесі» еді. Сонан қысқартып ГУЛАГ атап алған. Осы ГУЛАГ - Кеңес елдері тарихындағы ең сұмдық оқиғалардың куәсі еді. Гулагтың жазушылар қаламына алғаш ілінуі де атақты Александр Исаевич Солженицын арқылы ғана еді. «ГУЛАГ топ аралдары» атты еңбегімен шетел назарына ілінген орыс жазушысы өзінің батыл мінезі, өткір қаламы арқылы ақиқатты жырлауымен нобел әдебиет сыйлығына ұсынылады.

Жә, ГУЛАГ туралы айтайық. ГУЛАГ дегеніңіз ажал ауылы еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 11:55:26

«Жеке басқа табыну және оның зардаптары» атты баяндамасымен жиынға қатынасқан бүкіл Кеңес Одағы, бүкіл коммунистік елдердің үрейін ұшырған, әрі-сәрі қылған адам ол Хрущев еді. Жиын 1956 жылдың «ғашықтар мерекесі» қарсаңында басталып, екі жұмаға созылған еді. Я, осы жиын Қытай өкілдерін де қатты шошытқан болатын. Күн көсем Сталиннің қылмыстарын жіпке тізгендей қылып тізіп шыққан Хрущевтің батыл қадамы мұнда жиналған коммунистердің санасында еш түсініксіз болатын. Ал, Сталинді осы уақытқа дейін күн көсем санап келген өзге ел коммунистері оның қылмыстары ашылғасын, не қыларларын білмей қалған болатын...

Қарап отырсаңыз, тарих дегеніңіз қызық-ақ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 12:10:08

Көптеген адамдар назарында Сталинге қарағанда, Ленин өте мейірімді, адамгершілігі бар жан ретінде елестейді. Бірақ, нағыз шындықты олар білер болса, шынында таң қалған болар еді. Сталин заманында Сталиннің қанды көйлек жолдастарының ішінде Сталиніың қылышынан аман қалған бір адам ғана бар еді, ол Молотов болатын. Осы Молотов өзі бір қызық адам. Шындығында, екі қолы қанға малынған адам. Хрущевтің жоғарыдағы баяндамасына Кагановичпен бірлесіп үзілді-кесілді қарсы тұрған адамның бірі осы Молотов еді...

Осы лағынеті Молотовтың еске алуынша, баяғыда күн көсем Ленин Сталинді сындаған кезінде «Сталиннің өте жұмсақ екендігін, өте мейірбан екендігін» баса айтқан екен...

Сталинді мейірбан десе, Сталинді тым жұмсақ десе, Ленин көсемнің ниетінің қаншалықты екенін білу қиын емес. Бар болғаны оның ажалы ерте жетті, халас. Әйтпегенде, «жұмсақ» Сталиннің өзі жарты адамзатты қырып тастауға аз қалғанда, Ленин егер тірі болғанында, адамзаттың күні не болар еді?!

Иә, қытайлардың Ленинге жақсы көзқараста болуының сыры бар еді. Күн көсем баяғыда Ақ патша жаулап алған Қытай жерлерін Қытайға еш шартсыз қайтарып беретінін айтқан болатын. Бірақ, уәденің аты уәде ғана еді. Көсемдердің сөзі басқа, ісі басқа еді. Қытайлар осы күнге дейін осы сөзді малданып келеді. Бірақ Сталин де, онан кейінгі орыс басшылары да Қытайға жер бергені жоқ, керісінше, сол заманда бір ел болып тұрған, қазір Мұңғылия, Қытай, Таюан болып бөлініп тұрған осы құбылыстың жарыққа шығуына да орыстар себепші еді. Бұл бір қырынан қарағандағы жалаң көзқарас. Жяң Жиешінің ұлының жазған кітабын оқығаным бар еді. Ол кітабында «Жүңгоның Мұңғылиядан қалай айырылып қалғандығын» ашына жазған болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 12:31:52

Орыстың ақ патшасымен салыстырғанда Ленин қатыгез еді. Ленин билікке келгесін, Ақ патшаны, оның тұқымын, қысқасы, жаңадан дүниеге келген сәби балаға дейін қалдырмай тұтасымен қырып тастауға бұйрық берген еді әрі мұнысын атқартқан еді. Ал, Ақ патша болса, Лениннің төңкерісшіл екендігін біле тұра оны өлімге бұйырмаған болатын. Әшейін, абақтыға салған да қойған еді. Ақ патшаның абақтысынан шыққандардың бірі Сталин еді. Бірақ, өздерін өлтірмегені үшін Ақ патшаны аяған бұлар болған жоқ. Бірақ, жауды аяған жаралы боларын Ақ патша ол заманда білмесе керек, ажалы осылардан болды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 13:33:40

Қытайдағы қазақтың біразы үкіметтік жұмыстарда. Көбісі мұғалім, дәрігер, малшаруашылық, жайылым салаларында, үкіметтік органдарда істейтін қазақтар да аз емес. Солардың көптен көбі коммунистік партияның мүшесі. Енді, осы қазақтарға арнап бір сайтты бере кетсек артықтық етпес:

Https://www.marxists.org/chinese

Себебі, бала күнімізде үйіміздегі ең көп кітаптардың бірі осы коммунистік идеологияның көсемдерінің кітабы еді. Қызыл тысты, қызыл қоңыр тысты, қалың-қалың нән кітаптарды бұл күні үйден табу қиын. Себебі, ол сол заманның бір ескерткіші еді, қазір бірен-саран адамдардың үйінде бар болса бар шығар.

Бүкіл дүние Марксшілдерінің шығармалары жиналған бұл сайтты мен әредік оқып тұратын едім. Себебі, шығармалары арқылы Марксшілдерді анық тани түсетін едім. Жоғарыдағы сайтты ашсаңыз, оның бас бетінде жер-әлемнің біраз жұртының тілі бар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 13:37:07

Жоғарыдағы жалғама ашылмаса, мына жалғаманы басарсыздар:

Https://www.marxists.org/chinese/index.html

Коммунист қазақтардың өздерінің саяси танымдарын жоғарылатып, күні-түні тынбай саяси үйрену жасап, партияның үндеуіне үн қосып, дүниежүзі пролетарларының көсемдерінің ұлы іздерімен үздіксіз үдіре алға тарта беруін сұраймыз...

Сол үшін сіздерге көмек болсын деп аталмыш сайтты бердік, бір керектеріңізге жарай жатар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 14:01:24

Жә, құрметті оқырман, бүгін 11 қыркүйек, атақты қыркүйек оқиғасының ескерткіш күні. Қытайдан келген туыстарымды Қаскелеңге апаруым керек. Алла қаласа, кеште жүздеселік...

Әңгімеміздің жалғасы бар, жалықпаңыздар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 18:27:45

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-9-11 18:41 өзгерткен

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракату!

...Жә, әңгімемізді жалғайық...

Күн көсем Лениннің заманындағы ашаршылықта адам етін адам жеген сұмдықтардың жарыққа шыққандығын біз енді ғана біліп келе жатырмыз. Себебі, неден дейсіз ғой, біз Павел Корчагинді оқып өскен қызыл пионерлер мен комсомолдармыз ғой. Ол Корчагиннің жаны мен тәнін құрбан ете отырып құрған отаны Кеңес Одағының өзі быт-шыт болған сол бір заманда, біздің Жанар Сағатқызы тәтеміз оны қайтадан кино қылып жасап шыққан жоқ па?! Қарап отырсақ, Павелге жаның ашиды...

Ол сол заманның құрбаны еді. Денсаулығы мен жастық ғұмырын шайтани билікке арнаған алданған миллиондардың бірі ғана еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 18:40:48

1920 жылы Лениннің көзі тірі кезінде Кеңес Одағының 9-құрылтайында Самара аймағынан келген Советтік үкіметтің диқандар уәкілі Бурматнов үлкен жиналыстың өзінде өзі келген аймақтағы ашаршылық себебінен адам етін адам жеген құбылыстың болғандығын айтып салады. Бұл дегеніңіз үлкен ерлік еді. Себебі, басы кетуі мүмкін еді осынысы үшін. Жиналыс аралығындағы демалыста Ленин Самара өлкелік ашаршылыққа қарсы тұрып халықты құтқару комиетінің бастығы Антоновпен сөйлеседі:

-Антонов мырза, сіздердің диқан уәкілдеріңіз Бурматнов жолдастың айтуынша, сіздердің өлкеде адамды адам жеу құбылысы болыпты.

Антонов оған былай жауап қайырады:

-Жолдас Владимир Ильич, іс тек осылай ғана емес қой, адамдардың өліктерді жеуі бізде ғана емес, барлық жерде болып жатыр...

-Өліктің етін жеу?! – күн көсем қатты таңырқады әрі дереу ызаға булықты, -дереу қарулы килігу жасаңдар, қатты жазалаңдар, – деді..

Мінеки, осы жолғы Лениннің көзі бардағы ашаршылықта қанша адамның өлгендігі қазірге дейін үлкен зерттеу тақырыбы болып келеді, дәлелдер мен фактлер күн санап молығып келеді. 1986 жылы баспадан шыққан «Совет одағы диқандарының тарихы» атты кітапта айтылуынша, осы кезде Кеңес үкіметі билеген жерлерде он миллион адам аштықтан қырылған екен. Он миллион !!!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-9-11 18:49:29

Бұл туралы бейресми ақпараттардағы анықтамаларды, болжалдарды айтсақ, кейбір адамдардың біздің сөзімізден күмәндануына себеп тауып беруіміз мүмкін, сол үшін өз майына өзін шыжғырып, орыстардың ғылыми зерттеу орталықтары мен орыстардың мемлекеттік деңгейдегі беделді қайраткерлерінің жазған-сызғандарынан ғана деректер келтіріп отырмыз. Ресей Федерациясы ғылым академиясының Россия мемлекеттік тарихын зерттеу орталығының зерттермені Федеровичтің 2008 жылғы зерттеу мақаласына негізделсек, осы кездегі ашаршылықта Кеңес Одағында аштан өлгендердің саны бес милионнан әлдеқайда асып жығылған! Ал, орыс ғалымы Даниловтың «коллективтендіруден бұрынғы кеңес диқандары» атты кітабында дәлелдегеніндей, мұндағы сан бес миллион екі жүз мыңды көрсетеді...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)