Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 13 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

...Тағы да осы үшінші сөзінде:

...Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ...

Міне, Абайдың ойы. Абай сол заманның өзінде-ақ, ескі жол мен қасқа жол, жеті жарғы хақында айтқан...

Мұның өзі жеке дара зерттеуді керек ететін тақырып. Абайтанушылардың бұл туралы не айтарын күтеміз.

Бұл 1891 жылы жазылған екен. Сол замандағы зарлаған, ашынған Абай дәл қазір де осы күннің қазағына қарап осы сөздерді айтып тұрғандай сезіле береді маған. Біз, осы қазақтар, сол Абай заманынан бастап қазірге дейін бір өзгерісіміз болды ма екен, мәдениетіміз бен өремізде емес, ниетімізде, берекемізде, иманымызда...

Ұлы тұлға қатты ашынғанда мынадай толғақты ойларын қағаз бетіне түсірген екен. Басы артық түсіндірусіз-ақ, қазақшаны қазақшаға аудармай-ақ, басы бүтін алып, қайталай бір оқып шығалық:

Тоғызыншы сөз

Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.

Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе? - еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін. Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық кайрат, жалын сөніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде «әттегене-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 22:27:11

Абайдың мұсылман болғандығының. Мұсылман болғанда да мұсылман ғұламасы болғандығының бір дәлелін біз мына қарасөздерден білеміз, қайталай оқып шықсақ, ешқашан артық кетпейтіндіктен, тұтасымен бердік. Себебі, Абайды қанша мәрте оқысаң, сонша мәрте онан ғибрат аларымыз шын еді...

Он екінші сөз

Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі – иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші – үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше нәрсе бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 22:30:11

Қазіргі күнде исламды тура Абайша тапсырлай алатын, түсіндіре алатын ғұламаның бола қоюы екіталай. Ғұлама Абай, ғасыр бұрын дінді осылай меңгерген. Таңырқамай, таң қалмай амалың жоқ. Я, Алла тағала қалаған пендесіне ілім мен иманды қатарынан береді екен. Көзіміз еш күмәнсіз осыған жетті, жә, оқылық:

Он үшінші сөз

Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі - кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.

Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздың шафағатына да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген, «құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-30 22:34:18

Жә, Абай дегеніңіз телегей теңіз ғой. Абайды айтып тауысу мүмкін емес. Абай шыққан шыңға біздің шығуымыз да мүмкін емес. Себебі, ол Абай еді. Абай бойлаған тереңге біздің бойлауымыз мүмкін емес. Себебі, ол Абай еді, адамзаттың Абайы еді. Атаның ұлы емес, адамның ұлы болған Абай еді. Сол үшін Абайды оқи беру керек, Абайды, шынайы Абайды, Ибраһимды өзгенің көзімен емес, өз көзімізбен қайталай тануымыз керек. Я, құдайсыз қоғам бізге Абайды басқаша танытты, басқаша оқытты, енді біз өзіміз өз көзімізбен өз Ибраһим Құнанбай ұғылымен қайтадан танысалық та...

Иманды, таза діндар, тақуа Абаймен қайтадан қауышалық та!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 01:04:15

«Қамсыз қазақ қартайтты ұлы Абайды» – дейтін Мұхаметжан Тазабековтың бір өлеңі болушы еді ғой. Абай хақында осы күндегі қазақ не айтып жүр?! Мұның бәрін ашалап айтар болсақ, Қытайдағы қазақтың ұлтшыл жігіттері ызадан жарылуы бек мүмкін. Қазақстанда Д.Омаров деген сандалбай «ұлылар үндестігі немесе Абайға жаңаша көзқарас» деген шығармасында ұлы Абайды, мұсылман Абайды төтеден-төте кришнайт деп «дәлелдеп» шыққан екен! Ал, керек болса.

Абайды исламға қарсы болды деп оттап жүргендердің біразы оның өз құрдасы Абыралы деген кісіге арнап жазған «Абыралыға» деген өлеңін дәлелге алады. Қазақтың құрдасымен қатты қалжыңдасатынын, бірін-бірі аяспайтыны, бірін-бірі мысқылдап, қатты түйрейтінін, Абайды исламға қарсы деп дәлелдегендер білмейді ме? Жоқ, олар өлеңді де, Абайды да, Абайдың құрдасының намазындағы кемістіктерін айтқан өлеңін әбден түсінеді. Олардың бар мақсаты – Абайды исламға қарсы қылып көрсету арқылы мәлім бір мақсат-мүдделеріне жете қоймақ. Отыз сегінші қарасөзінде намаз туралы айтады. Шындығында, намаз жәннаттың кілті еді. Ақыретте біздің ең алдымен сұралатынымыз да осы намаз болатын еді. Егер кімде-кім намаздан сұралғанда, оның жағдайы жақсы болса, оның кейінгі сұрақтары жеңіл болмақ. Абай мұны былай толғайды: «Ей, ишараттан хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені– намаз», - дейді...

Ал, не айтамыз?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 01:32:11

Ғылымсыз ақырет жоғын қазаққа Абай айтты, айтқанда да былай айтты: «...Малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды».

Түркістанды қолдан рухани астана жасап, екінші Мекке қылғандардың бірі осы сопылар еді. Исматуллашылардың Түркістанды жынойнақ қылып алғандарында, алға тартарлары Абай мен Шәкәрім болатын. «Тариқат жолы» немесе өздерін тариқатшылармыз дейтін осы бір топ мынау жұртшылықтың Абайды ұлттың рухани көсемі ретінде қарайтынын, сөйте тұра Абайды толы түсінбейтінін мейлінше пайдаланады. Себебі, Абай да, оның шәкірті, туысы Шәкәрім де сопылыққа мейлінше қарсы еді. Оны Абай отыз сегізінші қарасөзінде айтады:

«Әр наданның біз тариқатқа (сопылар жолына) кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегенімен бір болады». Мінеки! Білер болсақ, сопыларды күллі Қазақстанның саяси, діни, медиа, ақпарат сахнасына шығарып қойып, ең соңына дейін тайраңдатып, шарасыз қарап отырған, қарекетсіз, қол қусырып қарап отырған қазақтың барша зиялысы Абайдың осы сөзін оқымағанын, оқыса да оны зерделей түсінбегенін дәлелдеді. Абайдың сопылыққа қарсы екендігін, мына дүниені тәрк етіп, амалсыз, қарекетсіз қалуға басы бүтін қарсы екенін атақты Мұхаңның өзі де жазған еді. Ал, біз мұсылмандар, Абайды түсінбей, Абайды оқымай, өзімізді қазақпыз, мұсылман қазақпыз деп қалай айтармыз? Абай қазақтың айнасы емес пе еді?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 01:57:02

Исламның ғана бізді ұлт ретінде сақтап қалатынын жазып келеміз, дәлелдеп келеміз. Қытайды билеп Таң патшалығын құрған Орта Азиялық түркілердің, Юан патшалығын құрған мұңғылдардың,Чиң патшалығын құрған шүршіттердің қытайға сіңісіп, қытай жағынан жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетуін, керісінше, еш билік қуаты болмаған, өмірі бодандықтан көз ашпаған дүңгендердің мың жарым жылдан бері қытайға жұтылмай, өз дінін ұстап, ұлт ретінде аман-есен келе жатқанын айтқанбыз. Ал Абай осы хақында не айтады, соны оқылық:

«Дін исламға кіре алмай қалған осы күнде күншығыс Сібірінде қазақтың ағайындары бар. Тілінен, әдетінен, түсінен туысқандығы анық көрініп тұрады» дейді ғұлама Абай. Абай айтқан күншығыс Сібірі біздің түркі текті туысқандарымыз жасаған алтай, хакас, тууә, шукша, т.б.-лар болса керек-ті. Мінеки, Абай сонау Семейдің ауылында жатып-ақ айналасын ақыл көзімен шарлайды. Қандай ұлықтық! Енді, осы «қазақтың ағайындары» туралы Абай былай айтады: «Ол татарлар ұрысшыл, аңшыл, не болса соны киіп, не табылса, соны ішіп-жеп жүре берген бір тұрпайы халық екен...

«...Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе: «Сол нәрсені құдай қылып тұр» деп, дін тұтынатұғын әдеттердің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз бар. Келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып: «От-ана, май-ана жарылқа!»– дегізіп, бас ұрғызған секілді: «Өліге, аруаққа арнадық» – деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым әуел бұлт күркірегенде, қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып: «Сүт көп, көмір аз» – деген секілді. Бұған ұқсас ырымдар көп еді...

...Құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды»

...Абайдың «жоғалып бара жатқанға ұқсайды» дегені өзі жоғарыда айтқан қазақтың исламға қайшы бидғаттық амалдары еді. Абай мұны қазақтың бетіне басып тұрып, шымбайына тигізіп тұрып айтады! Ал, біздің бірдеме десе дінге қарсы шыға келетіндер, шамаларың болса, Абайды да уаһабист шығарып жібермейсіңдер ме? Абай атамыз жаңағы күншығыс Сібірдегі «қазақтың ағайындарының» ақылы жетпеген нәрсені құдай жасап алатын жабайылығын, надандығын айтады. Сол Абай, сол ұлы Абай, айдың-күннің аманында қазақтың сол ағайындарының дұрыс емес қылықтарын айтқан еді, қазір сол ағайындарымыздың қалы қалай? Осыны ойлаған ел бар ма?

Ендеше, ашық жауапты берелік, олар жаңағы Абай атамыз айтқан «қазақтың ағайындары» бұл күнде басы бүтін құрып жоғалды! Сен, сенбе, илан, иланба, ұлт ретінде өмір сүруден қалды! Иә, соңғы біраз қауымы өз болмыстарын сақтап қалғанымен, олары көр аузында жанталасқан соңғы бейшаралықтары еді.

Исламы жоқ ұлтты орыстар оп-оңай құрта салды. Арақпен құртты. Орыстың қызымен құртты. Бұл күнде өз тілдерінен, өз ұлттық болмыстарынан айырылған Сібірдегі туыстарымыз «қара орысқа» айналып болды. Осыны көреген Абай баяғының баяғысында-ақ, олардың Алла жолына қайшы надандығын айтқан кезінде, сезді ме екен, кім білсін?!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 02:11:30

Қараңызшы, ғұлама олар туралы өз сөзін: «Дін исламға кіре алмай қалған» деп бастайды. Демек, исламның ғылым екенін, исламның тұрпайылықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын, әрі сол тұрпайылықтан құтқаратын күш екенін Абай бізге өз сөзімен-ақ ишарамен ұғындырып тұрған жоқ па? Сөз басында айтқанындай, дін исламға кіре алмай қалған қазақтың ағайындарының тұрпайылығын баса жазған Абайдың нені меңзегенін ойлап жетуге болады.

Ал, ұлт-ұлт деп өмешегі үзілгенше айғайлайтындардың кейбірі исламға тіс-тырнағымен қарсы. Жә, айта қойшы, ұлтыңды Абайдай сүйе аласың ба? Оны бір Алла ғана біледі. Сол Абай, қазақтың оты мен суына күйген Абай, қазақ үшін қайғырған Абай исламды ұстанған еді. Исламды ұстанғанда да, сопылық сынды, тариқат жолы сынды адасқан бағыттарды емес, исламның таза қайнар бұлағын, даңғыл жолын қазаққа нұсқаған еді. Ал, мұсылман болсақ, араб болып кетеміз дегендер немесе ұлттық салт-санамыз арқылы қазақты құтқарамыз дегендер, айта қойыңдаршы, Абайға не айтар екенсіңдер?! Иә, қорықпаңдар, мұсылмандықты ұстану деген – араб болу дегендік емес. Ислам – арабтың жекеменшік діні емес, ол күллі адамзатқа, жынға ортақ. Біз, мұсылмандығымызды ұстай отырып, Алланың разылығын ала отырып, қазақ деген халық боламыз...

Қазақтың исламсыз барар жері, жаңағы Абай атамыз айтқан, күншығыс Сібірдегі ағайындарымыздың барған жері болмақ. Себебі, кім Алланың қаһарын тудыратын болса, оның жағдайы қиын болмақ. Ұлт ретінде де, адам ретінде де, жеке тұлға ретінде де, біз Аллаға жағатын амалдарымызбен ғана аман қалмақпыз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 02:42:45

Қазақ деген қасиетті ұғымды анаға теңесек, қазір біздің мейірбан анамыз тағдырдың талқысында тұр еді. Өне бойы сырқырап ауырып, жан таптырмай, қиналып, ыңыранып, аса бір қиналысты жағдайда еді. Себебі, тұла бойы толған ауру болатын. Қаһарлы қыстан жұқа көйлегімен шыққан еді, қатты жаурап, тоңып, мұздап, дірілдеп тұр еді. Ендеше, анамызды қалай құтқарамыз?!

Ананың екі баласы бар. Екеуі де аналарын жанындай жақсы көреді. Бірі – ұлтшыл деп аталса, бірі – діншіл деп аталар еді. Ұлтшыл – анасы үшін жанын беруге де разы болғанымен, жасар қарекеті жоқ еді. Ол өз анасын құтқара алмайтын еді. Тоңған, дірілдеген анасына жылы киім тоқып бере алмайтын. Аштықтан бұралған анасына ас әкеліп бере алмайтын еді. Қолынан бар келері озандап жылай беретін еді, жылай беретін еді. Өздерін осы күнге қалдырған жауларына кектеніп, өш алмаққа бекінетін еді. Бірақ, қалай, қашан, қайтіп өш аларын білмейтін еді. Оған шамасы бар-жоғын да білмес еді. Жеңерін, не жеңілерін білмес еді, жеңсе, бір сәрі, ал, жеңілсе, тұқымдары тұздай құритынын да білмес еді.

Ал, діншіл болса, оның қарекеті мен амалы бар еді. Себебі, мұндай жағдайда не істеу керек екендігін, қайтсе хал үстіндегі анасын құтқарып қалуға болатындығын ол әбден білетін еді. Тоңған анасына қайдан, қалай жылы киім тауып беруге болатынын, аш өзегіне түскен анасына қайдан, қалай азықтық тауып беруге болатынын ол әбден білетін еді. Себебі, оның қолында осының барлығы өте анықтап тұрып жазылған бір кітап бар еді. Ол кітаптың аты «Құран» еді...

Оған барлығы да баяғыдан түсінікті еді. Барлығы да алдын-ала жазылып қойылған еді. Адасса, қайда баратыны, қайда жол бар екендігі, қайда су бар екендігі, қайда жылы үй бар екендігі, қайда азықтық бар екендігі, әрі осының барлығына қалай қол жеткізуге болатындығы анық жазылған еді. Егер осы кітаптағы жазылғандарға амал қылмаса, қандай күйге қалатыны да анық жазылған еді. Амалсыз, қарекетсіз ұлтшыл өкіріп жылай беретін еді. Ол ағасы діншілдің кітабына сенбес еді. Екеуі аштықтан, суықтан, аурудан беттері ағарып, бозарып, тіл қатуға шамасы жетпей тұрған аналарының алдында дауласып жатыр еді. Ұлтшыл діншілдің сөзіне көнбес еді. Бірақ өзінің қылар еш амалы жоқ еді...

Ал, жарандар, екеуі қалай шешім шығарсын?! Осылай дауласып, уақытты өткізуі керек пе?! Оған аналарының жағдайы барған сайын қиындап барады ғой...

Біздің халымыз тура осындай еді. Біздің жауларымыз қолдарындағы құралдарынан, мүмкіндіктерінен пайдаланып, қазақтың ұлтжанды азаматтары мен діншіл азаматтарының арасына от салып, өзара қырқыстырып, бір-біріне айдап салып, бірін-біріне жау көрсетіп, бір-біріне ат қойдырып, айдар тақтырып, күштерін жіктеп, іріткі салып, бастарын қостырмай отыр еді...

Себебі, ұлтшылдар мен діншілдердің басы біріксе, қазақ жауларының халі қиындай түсетін еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 03:04:23

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-31 03:07 өзгерткен

Жә, қадірменді достар, Алматыда уақыт түнгі бірді көрсетейін деді. Таң атса, Қытайдағы қазақтарда ораза айты басталады. Қытай қазақтары айтты Қазақстаннан бір күн кейін тойлайды. Арамыздағы алшақтық деген, міне, осы. Өсти-өсти арамыз алыстай түспесе, жақындамас.

...Алладан медет тілейік.

Арасы бөтен сөзбен былғанып, шұбарланып біткен Қытай қазағының телерадио, газет тілі біздің тіл ғылымы саласында да екі бағытқа қарай кетіп, арамыздың алшақтап бара жатқандығын көрсетеді. Қазақ тілі Қазақстанда өгей баланың қалын кешіп, есікте, босағада жәутеңдесе, Қытайда босағадан да сығалай алмай сыртта жүр.

Қайтейік енді, қайтейік?! Алладан тілейік, қарекетін, амалын қылайық. Амалын біз жасап, нәтижесін Алладан күтейік. Ол сіз бен біздің мойнымыздағы міндетіміз болмақ. Алла – ұлы!

Ол үшін ниетімізді, амалымызды, құлшылығымызды дұрыстайық. Аллаға жағатын амалдармен айналысайық...

Қытайдан емес, құдайдан қорқайық!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 07:18:17

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-31 07:20 өзгерткен

Қытайға емес, құдайға жағайық.

Бұл сөздеріміздің мағынасын дұрыс түсініңіздер. Менің бұл сөздеріме саяси мағына бергісі келіп, бүйректен сирақ шығарғысы келетіндер болса, онда оларға алдын-ала айтамын, босқа арамтер болмаңыздар. Қытайдағы қазақтардан үкіметке қарсы террорист шыққан жоқ, шықпайды да. Себебі, ислам - бейбітшіліктің діні. Ал, дінді саяси мақсат үшін пайдаланып жүргендер, олар – саясатшылар. Діндарлар емес. Біз саясат пен діннің ара шегін, ара жігін ажыратып алайық.

Себебі, мұсылман баласы екі дүниенің қамын қатар ойлайды. Ол дүние үшін бұл дүниені тәркі етпейді, әрі бұл дүние үшін ол дүниені тәркі етпейді. Байлықты жүрегінде емес, қолында ұстайды.

Шешендердің орыстарға қарсы тоқтаусыз соғыстарын атақты дінтанушы ғұлама Дарын Мұбаров жихатқа жатпайды деп есептейді екен. Мұсылмандық десе болды көз алдарына жарылыстар мен қырылыстарды елестететіндер, қырғын соғыстарды елестететіндер ненің жихат екенін алдымен біліп алулары керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-31 07:41:05

Исламның бейбітшіліктің діні екендігін Қытайдағы дүңгендер өз игілікті істері арқылы дәлелдеп келе жатыр. 2008 жылғы Қытайдағы жер сілкіністер кезінде сілкініс болған аймаққа көмектескен Қытайдағы дүңгендердің мешіттері, жастар ұйымдары, мұсылман компаниялары, қоғамдық ұйымдары аса көп болды. Осылары арқылы исламның күллі адамзатқа адамгершілік пен бейбітшілік әкелетін дін екендігін баршаға паш етті. Алланың қалауымен дүңген бауырларымыздың дауғатының нәтижесінде мұсылмандықты қабылдаған қытайлар да көбейіп келе жатыр. Алла кімді қаласа, соны дұрыс жолға салады. Араб елдерінде, Дубайда болғанымда, онда исламды қабылдаған қытайлардың аса зор мөлшерде екеніне көзім жеткен еді. Сөйтсем, бұл соңғы кезде араб қоғамы, ислам әлемі таңырқамастай болған құбылыстың бірі екен.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)