Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі өзбек, тәжік тұқымдылардың сол арадағы қазақ ұлтына қарағанда өсімтал болуының бірнеше себебі бар еді. Шындығында, бұл себеп, барша адам баласына ортақ себептер еді. Қашан да білім, ілім, мәдениет өресі (біздің үйренісіп қалған жаһилятша айтқандағы мәдениет өресі бұл сөздеріміз) салыстырмалы түрде төмен тұрған ұлттардың, аймақ тұрғындарының өсімі мен туу мөлшері өздерінен жаңағы көрсеткіштері бойынша озық тұрған ұлттар мен аймақ тұрғындарына қарағанда аса үлкен деңгейде жоғары болатын еді. Бұған дәлел, Қытайдың дамымаған, артта қалған өлкелеріндегі туу көрсеткіші дамыған, шаруашылығы шалқыға, оқу-тоқуы жоғары өлкелеріне қарағанда оқ бойы озық келетін еді. Сингапурдағы Қытайлардың өсімталдығы тамыры бір болғанымен құрлық Қытайына қарағанда әлдеқайда төмен еді. Ал, Шяңгаң (Гонконг, Хөңкөң) Қытайларының өсімталдығы да құрылық Қытайына қарағанда әлдеқайда төмен болатын. Таюанды да осы мысалға қоса кетуге болатын еді. Мұның себептері сан-салалы еді. Бірі – қаншалық қалаласқан сайын, өмір сүру кеңістігі, тұрғын үй мәселесі күрделілескен сайын, қала тұрғындарының бір немесе екі баладан артық баланы қаламайтыны шын болғанындай, артта қалған ауылдардағы тұрғын үй мәселесі басын қатырмайтын немесе тұтыну өресі мен өмір сапасының бәсекесі қалалардағыдай қиянкескі болмайтын аймақтардағы салыстырмалы түрде ата-баба дәстүрлерін ұстап тұрғандардың үш немесе төртінші балаға немесе онан да көп балаға құмар болуының себебі осы еді. Бұл себептер Қазақстан қоғамына да сай келетін еді. Мәдениет өресі жағынан алғанда, әрине, біз бұл арада тағы да бізге үйреншікті болған батыстық өлшемдегі жаһиляттық мәдениет өлшемін айтып отырмыз, Қазақстан қоғамындағы оқу-тоқу өресі, білім деңгейі, сауаттылық өлшемі жағынан қазақтарға жететін ұлт жоқ еді. Ал, өзбектер мен тәжіктер бұл жағынан қазақтарға мүлде жетпейтін. Сондықтан, олардың шала сауатты қатындарының үйленгеннен кейін бытырлатып бала туғаннан басқа амалдары жоқ еді. Себебі, мектепте өзімен қатар оқыған қазақ қыздары алысы Еуропа, батысқа, жақыны Мәскеуге, құрығаны Алматы, Астанаға оқу қуып кеткенде, қолаң шаштарын бұйралатып, оқу-білім іздеп кеткенде немесе жақсы өмір сүру үшін қала жағалап жұмыс іздеп кеткенде, өзбек пен тәжік қызы ата-анасының бұйрығымен әлдебір жөн жаққа жасының нешеге келгенін сұрамастан, бұрын неше қатын алғанына қарамастан немесе қазір қанша қатыны бар екенін сұрамастан-ақ үйлене салар еді...

Сонан, бірнеше жылға бармай-ақ, баяғыдағы қыз бейнесінен мүлде арылып, сатала-сатала, буылтық-буылтық, алдына үш-төрттен, артына бір-екіден бала ерткен қатынға айналып шыға келер еді...

Ал, сонан өспей көр...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 18:17:57

Ал, қалаға барып оқу-тоқу іздемейтін немесе қала жағалағыш қазақ қыздарынша серіктіктерге, үкімет органдарына жұмысқа тұрып, жалақы үшін жалдана алмайтын өзбек-тәжік немесе қазақ жалпылай сарт деп атай салатын осы туыстарымыздың жаңағы жастайынан байға тиген қыздары қалай өмір сүреді ғой дейсіз? Әрине, қолдарын ыстық суға малып, күндіз тележәшікке қарап, шемішке шағып, шарбат ішіп, рахаттанып, түнде жекеменшік әрі заңды байын құшақтап, әйелге тән тәнқұмарын қандырып, рахатқа бөленіп, кайф алып жатады екен деп ойламаңыз. Қолын ыстық суға салмаса да, сиырдың ыстық емшегін ұстары сөзсіз еді. Таң бозынан сиыр сауып, айран ұйытып, шалап жасап, күндізі алақандай болса да огородын (үй маңындағы бау-бақшасын) шұқылап, помидорын, жертүйнек (картоп) сәбізін, қырыққабатын (莲花白菜), баклажанын (чиезі) егіп, онысын жаңағы сүтімен, құртымен, айранымен қоса жол шетіне шығарып сатып, онан түскен ақшасын кеште күйеуіне соңғы тиынын жасырмастан санап беріп, сонан рахаттанып, сонан кайф алатын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 18:39:51

Кейде, өзіме өзім таңырқаймын, алғаш Қазақстанға келгенімде, баяғыда Қытайда жүргенде атын ғана естіп, газеттерден не телеарналардан оқта-текте естіп-біліп қалуға болатын, кітаптардан алатын мағлұматымыз жоққа тән болса да, алыстан сағынып, алыстағы тілі жақын, ділі жақын, діні бір туыстарымды кәдімгідей аңсап жүруші едім. Маған түрік те, өзбек те, шешен де, әзербайжан, қарашай, қарақалпақ та, қырғыз да, татар да, балқар да, хақас та туыс сезілетін еді. Бұл сезімдерім Қазақстанға оралып, осыншама жыл өтсе де суыған жоқ. Оным – шын. Себебі, баяғыда, Қытайда жүргенімде, көрмей, білмей, тек, туыс екенін сезіп, біліп қана соның өзінде алыстан сағынып жүрген бауырларымды Қазақстанға келгесін дұрыстап тұрып зерттегенім бар еді. Ерінбей, жалықпай, осылар қалай өмір сүреді екен деп, ізденіп, зерттеп көргенім бар болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 18:53:09

Менің олар туралы айтқандарым, шындығында, жалпылық тұрғыны көзде ұстайтын еді. Қазақтарға қарағанда бұл туыстарымыздың оқу-тоқуының төмен болуы мәлім тұрғыдан алғанда, олардың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ баласы жасаған ауылдардың тұтасымен тоз-тозы шығып, қазақ баласы өз өміріндегі ең ашынышты, ең қорқынышты «кіші ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаны» бастан кешірген осы бір сұмдық замандарда, біздің жаңағы оқу-тоқуы орташа туыстарымыздың мұрты да қисаймаған болатын. Неге? Бұл кәдімгідей ойлануды қажет ететін сұрақ еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 18:56:52

Егемендік алған жиырма жылдықтың алғашқы он жылдығын мен «кіші ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама» деп атайтын едім. Йә, мен егемендікке қарсы емеспін. Егемендіктің қазақ баласына әкелген бұрынды-соңды жүрекжарды қуанышы мен жақсылығын жасырып немесе оған қарсы шығып отырған да емеспін. Егемендікті қазаққа сыйлағаны үшін Аллаға жылап тұрып алғыс айтып, шүкірлік қылатыным шын. Себебі, қазақтың егемендігі- Алланың қазаққа берген сыйы. Алла нені қаласа, сол болады, ал Алла нені қаламаса, сол болмайды. Міне, бұл талассыз ақиқат еді.

Сұхбат» дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 19:07:35

Жоғарыдағы сөзімізді қазекең «құдайсыз қурай сынбайды» деген бір ауыз сөзімен-ақ ғасырлар алдында түйіншектеп, буып, түйіп, жинақы қылып қойған болатын. Баяғыда, Алматыдағы бір үлкен тойда, оралман мен жерлік қазақ үйленген үлкен тойда, қайсыбір өнер тобының күлдіргісін көріп ішек-сілем қатқанша күлгенім бар еді. Күлдіргі жігіт айтатығұн:«Көшіп-қонып, жан-жағынан жау анталап, бір шетінен Қытай тиісіп, бір шетінен қалмақ тиіскен, бір шетінен қырғыз жұлмалап, бір шетінен жұңғар шапқан, сосын қызылбас бас салған, араб келген, сосын барлығын жайпап, орнына қойып, үһ деп отыра бергенінде орыс келіп бас салған қазақтың басқа жұрттарша, Бальзак пен Гогольдарша ұзын-сонар кітаптар жазғанға, романдар жазып қалдырғанға қайдан уақыты болсын, сөйтті де, бір романын бір-бір мақал қылып белінен буып тастай берген, тастай берген ғой, кейін жау құрып, ел арқасы кеңігенде, асықпай отырып дұрыстап жазып алармыз деп...

Қарап отырсаң, қазақтың «құдайсыз қурай сынбайды» деген бір ауыз сөзінің өзі қаншалықты талассыз ақиқатты соншама ұғынықты етіп ұғындыра салған. Тіл өнерінде қазаққа жетер халық көрсем көзім шықсын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 19:14:43

Иә, қазақ айтады «Өнер алды – қызыл тіл» деп. Тіл өнеріне қазақтай баға берген ешкім болған емес. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген де қазақ. «Тіл – тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген де қазақ. Бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Кімде-кім екі бұтының арасындағы мен екі жағының арасындағыға ие боламын деп кепілдік беремін десе, мен оның жәннатқа кіреріне кепілдік беремін» деген атақты хадисіне сайма-сай келеді. Себебі, сөз ауыздан шыққанша саған құл, ауыздан шыққан соң сен оған құлсың.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 19:30:26

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-25 19:34 өзгерткен

«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаның» алдына «кіші» деген сөзді қосуым баяғыдағы жоңғар шапқандағы «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламамен» салыстырмалы түрде айтқаным еді. Сөз салты бойынша, екінші деген сөзді қолданайын дедім де, жүрегім зырық ете қалды. Себебі, екіншіден кейін үшінші, онан соң төртіншісі болмасын деп ойладым да. Иә, Алла, қазақты мұндай сұмдықтардан қашан да сақтай көр, момын халқымды өзіңе адал момын құлдарыңа беретін нығметтеріңнен қаға көрме!

Шындығында, егемендіктің алғашқы жылдары қазақ ауылдарының жаппай қирау кезеңі еді, мұны атақты Айбек ақын республика сарайындағы атақты айтыста айтып-айтып тастаған да еді. Бір астананы саламыз деген қазақтың қазақ жасаған мыңдаған ауылдардың тас-талқанын шығарғаны шындық еді. Баяғыда, 2003 жылы, шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына, Мақаншыға, Жансүгіров ауданына, Үшарал ауданына, Талдықорғанның басқа да аймақтарына туысшылай барғанымда, қиыраған, быт-шыты шыққан ауылдарды көріп көзімнен аққан жасқа ие бола алмай қалған болатынмын. Себебі, Үржардың қаншама ауылын аралап жүргенімде, кілең қазақ жасаған ауылдардың әп-әдемі үйлерінің быт-шыты шыққанын көрген едім, бұл бейне Америка албастылары әуеден бомбалап тастаған Ауғанстанды көзге елестетін еді немесе еврейлер танксы қиратқан «Палестин» қиранды ауылдары елестейтін еді. Бірақ, еш соғыс болмаған, еш танкден оқ атылмаған бейбіт Қазақстанның қаншама ауылының осындай халде екенін ойласаң, ішің ашиды. Ал, ауылдағы үйін быт-шыт қылған қазақтың қала жағалап қарқ болғаны да белгілі еді. Себебі, бұрындары жазғанымыздай, қаланы орыстар мен өзгелер, бір ауыз сөзбен айтқанда қазақ еместер ұстап тұрған еді. Қала жағалаған қазақтың қазақ еместерге жалданбай, солардың пәтерлерін жалдамай амалы жоқ еді, тапқан-тергенін орысқа санап беріп, қалтасын қақтырып өмір сүріп келе жатқан қазақтың миллиондаған ұлы мен қызы Қазақстан деп аталатын егемен елде құл іспетті өмір сүріп жатқанын мойындамасаң да, қабыл алмасаң да шыңғырған шындық болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 19:47:14

Бірақ, біздің бізге әлдеқайда жақын аталас туыстарымыздың мұртын балта шапқан жоқ! Әрине, олардың атамекендерінде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Әзербайжанда, Татарстанда, Дағыстанда, Башқұртстанда, Түркменстанда, Тәжікістанда, Қалмақстанда, якутядағы жағдай, жалпылама айтқанда, күллі Кеңес Одағы кеңістігіндегі жағдай бірдей еді. Менің айтайын деп отырғаным, Қазақстандағы біздің туыстас ұлттарым ғой. Шындығында, Қазақстандағы туысқан ұлттарымыздың қазақ егемендік алған алғашқы жылдарда қазақпен қатар егемендікке қол жеткізгені шын еді. Қазақпен қатар қуанғаны шын еді. Менің бір таныс ұйғыр әкәм бар еді. Әкелері сонау алпысыншы жылдарда қазақ ауылында жасаған екен Қытайда. Құлжа маңы болса керек. Сонан қазақтар Қазақстанға үдере көшкенде, жалғыз ұйғыр да қазақтармен қоса көшеді ғой. Сонан Кеңес Одағында жаңағы әкәміз дүниеге келген. Сол кісі бұл күнде Алматыдағы атақты бір қонақ үйдің үлкен залында басқарушы болып жұмыс жасайтын. Үнемі шетелдік қонақтарыммен қонақ үйде жүретін сол бір күндерімде, ол кісімен танысып, сырласуға мүмкіндік туған еді. Сол кісі маған өткен күндерін айтқанда, орыстарға деген кегін, Кеңес үкіметіне деген өшпес өшпенділігін баяндағанда, көзіне лық жас алушы еді. Себебі, Қытайдан келгені үшін сенімсіз ұлт болғаны үшін қатарынан екі күмәнді факторы болғаны үшін, бұл кісі Қазақстандағы барша ұйғыр ағайындар сықылды Кеңес кезінде ең сенімсіз ұлт қатарында не жоғарылап оқи алмай, не әскерге қабылданбай, қоғамдағы ең төменгі, ең қақпайға ұшыраған адамдар қатарында жасаған екен. Ал, нағыз адамша өмір сүруді, тепе-тең азамат ретінде өмір сүруді Қазақстан егемен алғасын ғана көргенін айтатын еді маған...

Себебі, өзге қатарластары әскерге барып, міндетін өтегені үшін жақсы жұмыстарға тұрғанда, не оқуға бара алмаған, не әскерге бара алмаған бұлардың қара жұмысқа ғана мүмкіндігі бар екен. Ал, қайда барсаң да көретін мемлекеттік қақпай мен кемсітуден көз ашпағанын баяндар болсақ, өзге бір әңгіме болмақ еді. Өзге тұстастары шетелдерге шығып келгенде, бұлардың Қазақстанның өзге аймақтарына баруына да қатал тыйым салған екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 20:01:22

Себебі, шекаралық сенімсіз аймақтағы сенімсіз ұлт болғандығы үшін бұларға Кеңес Одағының паспорты берілмейді екен, қысқасы, Алматыдан бұлардың аудандарына қатынау үшін арнайы жолхат керек екен. Ол заманда, Кеңес Одағының байып, бақуатты болып тұрған шағы ғой. Ауыл-ауылдың арасына тік ұшақ ұшатын, Алматы мен Жаркенттің арасына он бес минуттық ұшым аралығына ұшақ ұшатын заман еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 20:13:14

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-25 20:42 өзгерткен

Ол замандағы жағдайы жақсы адамдардың баратын шетелі - Кеңес одағымен қатынасы жақсы елдер еді. Әрине, Варшава Шарты Ұйымына мүше Шығыс Еуропадағы Албания, Оңтүстік Славия (Югославия), Чехославакия, Германия Демократиялық Республикасы, (Германия Федерациялық Республикасы емес, екеуі 1993 жылы ғана бірікті) тағы басқа да елдер еді. Ал, Кеңес одағымен қырбай батыс елдеріне бару орыс еместердің немесе орысқа жақын еместердің маңдайына жазбаған бақ болатын. Араб елдеріне, Батыс елдеріне немесе бейтарап елдерге бару дегеніңіз, тек қана орыстардың немесе славян тектілердің немесе орысқа тым жақын еврейлердің ғана еншісіне бұйырған несібе екен. Ал, қазақтар баратын болса, оның өзі мың сүзгіден сүзіліп, мың сан бәлесі тексеріліп, жетпіс жеті атасының сонау Ақ патша заманынан орысқа адал екендігі анықталып барып қана жіберіледі екен. Баяғыда бір ауыз ашарда, сол заманда Еуропаға үкімет атынан барып келген бір ақсақал осы барысты айтып берген еді, әрине, ақсақалдың туыс-туғаны, дымы жоқ тұл жетім еді, отызыншы жылдардағы 1931-1933ж.ж. ашаршылықта мұның ата-анасы «жау (неміс) келе жатқанын (неміс орыс еліне 1941 жылы ғана шапқанын ойлаңыз) «он жыл бұрын алдын-ала сезіп», Қытайға қашып кеткен «қашқындар» болған екен. Жетімханада ер жеткен тұл жетімге орысша Александр деп ат қойған орыстар оған өз ата-анасы хақында жоғарыдағыдай аздырынды ақпаратты өмір бойы құйып келген екен...

Сол кісі шетелге барғанда, орыстардың ерекше ілтипатымен рұқсат ала алған екен де, бірақ өзгелерге мыңдаған долларды рублиға сатып алуға рұқсат еткенде, бұған 19 доллар ғана алуға рұқсат берген екен. Сонымен Батыс елінде бір шыны шай ішуге де жарамайтын 19 долларды ақсақалымыз бір тиынын да жұмсамастан, Кеңес Одағына қайтып келгесін, үш әріптілерге тапсырып бергенін айтқан еді...

Әрине, ішім-жем, жату-тұру тұтасымен коллектив контрольданған «достық үйірмелердің» шетелдерге арналған «достық сапарларының» сексен пайызын үш әріптілер ұстаған екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 20:51:58

Ол заман орыстардың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған айта қалсын бір заман ғой. Келмеске кеткен Кеңес Одағының Қазақстандағы сағынушыларының айтары біздің айтарымыздан бөлекше болары хақ. Себебі, ит тойған жеріне деген қазақ ақиқаты бар. Жақсының көргенін айтарын, жаманның жегенін айтарын атам қазақ баяғыда-ақ айтып өткен болатын. Үржардағы бір туысқанымыздың баяғының баяғысында киетін бір кастюм үшін ту сонау Еуропаға хат жазып, дене өлшемдерін беріп, тапсырыспен киім беретін сол бір заманын аңсағанын көргенімде, аң-таң қалған едім.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 20:54:27

Қара халқын киер киіммен де қамдай алмаған, тырнақалғышты Қытайдан, кастюмді шығыс Еуропадан алдырған Кеңес Одағының сағынушылары мен аңсаушылары армандай айтатын сол бір заманының өзінде-ақ кетеуі кетіп тұрғаны белгілі еді. Себебі, атақты Мұстафа Кемал Ататүріктің «түк өндірмейтін елдің тұқымы құриды» деген бір сөзі бар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 21:02:59

Долларды доллар демей, «Американский рублей» деп атаған Кеңес Одағының топас әрі тоғышар ұлтшылдығы ең соңында өздеріне көр қазып тынған еді. Қазірдің өзінде Кеңес Одағының бұрынғы салтанатын аңсап жүрген Путин-Медведов билігі (путь-жол, медведь-аю, қандай «мағыналы» тек атаулары, ә?) кеден одағына біріккен елдердің келесі қадамын осы елдерге ортақ әскер тұрғызу деп оттағанынан жазбай келе жатыр. Егер, бұл іске аса жатса, қазақ егемендігінің құрығаны дей бер. Кеден одағына бірікпеу хақында қазақ зиялылары мен ұлтшылдары қаншама тырбынса да, талпынса да, онысынан дым да өнген жоқ. Ел тағдырына қатысты қаншама осындай келелі істерде қазақ билігінің қашан да өз бетімен шешімдер жасап кете беретіні, қара халықтың мемлекетті басқарудан мүлде шеттетілгені, қазақтардың өздерін бейне Американың негрлері сынды сезініп, қоғамдағы екінші немесе үшінші топтағы қауым сезінетіні де шын еді. Шындығында, қазақтың атында ел болғанымен, қазақ мүддесі жолында қазақ елі 20 жылдан бері 20 сүйем алға баспаған кербақпа қалпынан жазбай келе жатыр еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 21:24:34

Жә, Түркістан сапарымызға оралалық...

Түркістан қазақтың рухани астанасы еді. Алматыны қазақтың мәдени, экономикалық астанасы десек, астана-саяси астана болған болар еді, ал Түркістан тамырын тереңге жіберген тарихымен, қаланың 2000 жылдығын тойлаған сол бір жылдардың өзінде-ақ күллі ғаламға, жүйеден түркі жамағатына өзінің керемет келбетін, терең тарихын паш еткен еді. Түркістандағы қазақ хандары туралы бұл арада тәптештеп жатудың да қажеті жоқ еді. Себебі, қазақ тарихына қызығатын шеттегі қазақтың кез-келген баласы қазақ тарихынан мұны өзі-ақ оқып алған болар еді. Атақты қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғанымызда, онда жерленген қаншама қазақ ханының құлпытастарын көріп, оқып, қатты тебіренгеніміз бар еді. Қасымызда жүрген мұражай түсіндірушісі біздің хан кесенелерін суретке алуымызға рұқсат бермеген еді. Сонда да, жұдырықтай камерамен жасырын алып алған кескіндерімді осы күнге дейін қайта-қайта көруші едім. Мұражайдағы қазақ хандығының ата заңы, «жеті жарғының» араб жазуымен жазылған нұсқасын оқып тұрсам, сондағы саяхатшының біреуі келіп маған қатты таңырқаған болатын. Себебі, соншама керемет жасалған мұражайдың бір кемшілігі қазақ хандығының бір белгісі, қазақ заңнамасының түп атасының бірі, атақты «жеті жарғы» заңын арабша әліпбидегі қазақ жазуымен жазғанымен оның барша қазаққа түсінікті слауян-кирил жазуындағы нұсқасын дайындамағаны еді. Осыны байқай сала, менің мұражай басшылығы отырған бөлмені арнайы іздеп барып, басшылыққа өз ұсыныс-пікірімді айтқаным әлі есімде...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-25 21:34:50

Мұражайдың мақсаты не? Әрине, ұрпаққа өз тарихын таныту үшін, алдымен, өзімізге-өзімізді таныту болса, сосын не дос ниетті, не жау ниетті өзгеге-өзімізді таныту еді. Қазақтың Кеңес билеген керзаманда өзін-өзі мүлде терістеп, өзін-өзі тарихы жоқ, елдігі жоқ, көшіп жүрген жабайы тайпалар ретінде ғана оқып үйренгені шын, себебі, бұл орыс жазған тарих болатын. Орысқа керегі осы еді. Ал, осы оқу-тоқумен өскен қазақтың қаншама ұрпағы осы күнге дейін құл санасынан арыла алмай отыр? Ендеше, қазақ хандығының белгісі, қазақ заң ғылымының аса құнды бір нысаны, атақты «жеті жарғының» арабша жазудағы нұсқасын ғана мұнда шығарып қойғандағы мақсаттарыңыз не? Әрине, оны оқи алатын қазақ тым аз еді, тіпті, жоқтың қасы еді. Себебі, тіл ғылымынан, араб жазуынан сауатыңыз болмаса, біздің мына Ахмет Байтұрсын әліппемізге ұқсамайтын, араб жазуының қасиеті бойынша ғасырлардың алдында жазылған ескі жазуды ежіктеп оқудің өзі қиын еді. Мен дереу осы заңнаманың қазақша-слауянша нұсқасын, оның орысша аудармасын, ағылшынша, түрікше аудармасын жасап, мұражайға қоюды, сол арқылы ұлтымыз ұландарының ата-бабаларымыздың ұлағатты тарихымен мақтанышты сезім ішінде таныса беруі керек екенін баса-баса, қадап-қадап тұрып айтқан едім басшылық қызметтегі жас келіншекке. Онан бері біраз уақыт болды, мүмкін, өзгерген болар...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 20 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)