Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар 2 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 03:50:08

Мәселенің барлығы осыдан басталған екен. Болмаса, өзі әдемі, өзі сұлу, өзі ақылды келіншектің көптен махаббат шоғы түспеген жүрегіне сезім мен махаббаттың сәулесін шаша білген білімді әрі бұл жағынан өзі оқыған Еуропаның жігіттерінен үйренген кәнігі тәсілдерімен қиналмай жеткен жігітіміз осы арада оңбай-ақ сүрінген екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 04:13:39

Қазақ екендігіне намыстанатын, өзін еуропалық өркениет пен адамзаттық биік деңгейге жеткен деп санайтын немесе ұлт, мемлекет сықылды «тар аядан немесе шектеулі шеңберден» әлдеқайда шарықтап, шығандап кеткен деп сезінетін, былайша айтқанда, өзін қазақ азаматы немесе Алаш ұлы немесе Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде қарамастан, «жер шары тұрғыны» ретінде қарауға әдеттенген біздің Космополитіміз былай көсіледі ғой:

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 04:22:19

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-24 04:29 өзгерткен

–Абай, шындығын айтқанда, жанымызға ауыр тисе де, жүрегімізге жайсыз болса да, шыңғырған шындыққа қасқая қарап тұрып, ақиқаттың ақ сөзін айтар болсақ, біздің тұтас ұлт ретінде, тұтас мемлекет ретінде, ғаламдық ұлы тұлға ретінде күллі жер шары бойынша ұлықтайтындай, біріккен ұлттар ұйымы тарапынан атап өтілетіндей, соншалықты шегінен асыра әспеттейтіндей ұлы тұлғамыз болуға лайықты емес еді...

Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, біздің билік үшін саяси құрал ретінде ғана керек болды, халас.

...шындығын айтқанда, мұның өзі қазақ халқын әлемге масқаралау болды, Бар-жоғы бірнеше өлең жазған ауылдың қара шалын ғаламдық өреге жеткізе образдаудан артық күлкілі нәрсе бар ма екен?! Бұл біздің ұлтымыздың деңгейін төмендетпесе, жоғарылатпас.

...ұлы орыс мәдениетінің арқасында ғана сол замандағы адамдарға қарағанда, салыстырмалы түрде ғана білімді болған Абайдың замандас ұлы орыс халқының ұлы классиктерінен артық несі бар екен, түге?!

Ауыздарын аша таңырқап, бұған бейне бір жатжұлдыздық құбыжықты көргендей мүлде бір таңырқаспен қарап қалған соншама көп дастарқандас жұртқа қарап, өзін әлемде бар жерде жоқ сезініп жүрген жігітің аузының көбігін сүрте отырып ары қарай жалғасты оттай түседі ғой...

Оған керегі де осы еді, елдің бұған таңырқай қарауы, «мүлде өзгеше, басқаша, тың ой, дара көзқарас, тіпті ерлікке балайтындай, батырлыққа бағалардай батыл ойлар айтқанына» мүлде таңырқай қарағаны керек еді оған. Шындығында, ол Абайды оқымаған да болатын, онысын мұнда айтқан да жоқ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 04:38:29

Қазақ мұны қалай айтушы еді?! Атың шықпаса жер өрте демеуші ме еді?! Әлде қазақтың мұнан да өткір, мұнан да ащы, мұнан да дәл теңеуі бар ма екен, сірә?!

Мұндай адамдардың біздің ұлтымыз арасында аса көп екендігі кез-келген адамды таңырқатпай қоймайтын еді. Әлдебір зерттеуші ағамыз ғұлама Абайдың туған жеріне барып қайтқантұғын, келгесін, екеуара оңаша қалғанда, түңілісі мен күдігін, қорқынышын маған сыбырлай жеткізгентұғын...

Ал, бұл әңгімені менің естігеніме де он жыл шамасы болды, бірақ мен мұны баспасөз бетіне ешқашан жарыққа шығармаған едім...

Себебі, Абайды Абайдың өз ауылының, Шығыс Қазақстандағы кей білгішсымақ, тарихшысымақтардың күңкіл-шүңкіл өсекке қоса бастауы, шын мағынасын айтқанда, ұлтымызға жасалынып жатқан соншама көп қастандықтардың бірі ғана еді. Ал, бастабында соншама көтере алмастай, қабылдай алмастай ауыр тиген осындай күңкілдер мен қаралаулардың бұл күнде етіміз үйренген, құлағымызға жаттанды болған іске айналарын ойламаған ек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 04:47:11

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-24 07:12 өзгерткен

Себебі, біздің ұлтымызға жасалынып жатқан қастандықтардың басы да, аяғы да бұл еместұғын. Қазыналы қазақ даласына көз сүзген алпауыттардың ең алдымен ойлайтыны да осы ұлттың түбегейлі құл саналы болуы ғана еді. Қазақтың қазақпен қырқысқаны, қазақтың қазақпен дұшпан болғаны керек еді дұспандарымызға. Олардың мұнан өзге тілегі де жоқ еді. Себебі, қисапсыз байлық пен ынсапсыз мүдде таласы жолында ештеңеден тайынбайтын еді олар. Ал, біздің аңғал да сенгіш, қашан да ата жауын дос санайтын «зиялысымақтарымыз» өзгелердің жымысқы қақпандарын қашан да ең алдымен басады...

Ал, сонау бір замандарда, біртіндеп, жымысқылықпен, шеберлікпен жоспарланған осыншама мол арандатулардың нәтижесі он жылдардан соң немесе жиырма жылдардан соң іске асатын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 07:27:03

Мұндай арандатулардың ту бастапқысы баяғының баяғысында, ақ орыстың заманында да, онан бергі қызыл орыстың заманында да болды. Ең соңғысы, Горбачев заманындағы «жариялылық, еркіндік, қайта құру кезеңінде» болған соңғы сойқандарымен аяқтауы керек еді, өкінішке орай, бұл егемендік алған қазіргі кезге дейін жалғасып келді...

Мұның мысалдарын тізе берсек өте көп еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 07:33:16

Ол қастандық та Мәскеу қолымен жасалынған еді, ол кеңес заманындағы болмашы жылымық заманның соңына таман болған болатын. Еркіндік пен жариялылық ұғымының туылуына сай, орыстар алдымен өздерінің провослав шіркеулерін қалпына келтіре бастады, орыстардан көріп балтық елдері бастады, онан ары Гүржістан (Грузия), Армения бастаса, сонан барып су жүрек болып, қорқыту мен үркітуден әбден жүректері шайлыққан мұсылман республикалары өздерінің мешіттерін қалпына келтіре бастаған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 07:40:54

Әрине, орыс билігі үшін мұсылман Қапқаз, мұсылман татар, мұсылман Орта Азия қашан да ең сенімсіз әрі бай жер асты байлықтарымен аса маңызды мәнге ие еді. Сонымен, олар олардың діни бостандықтарына ешқашан тосқауыл қоя алмасын білгеннен кейін, осы жұрттардың діни нанымдарын мәңгілік ойрандаудың, саналарын салдандырып, өз ұстанымдарынан өздерін бездіріп жіберудің тың жаңа тәсілдерін ойластыра бастаған еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 07:49:14

Сөйтеді де, арнайы тәрбиеден өткен, үкіметтің рұқсатымен арнайы діни білім алған бір топ адамдар Қазақстан сықылды өз тамырынан едәуір салмақты деңгейде алыстап қалған аймақтарға молдап келе бастаған болатын. Бірақ, біз бұл адамдардың кімдер екенін білсек, жағамызды ұстаған болар ек...

Шындығында, бұлар адам баласы ойлап жеткен сұрқиялықтардың ішіндегі ең сұрқия тәсілдердің бірі болып мәңгілікке қалары ақиқат еді. Мұсылман жамағатының өз дәстүрлері мен өз діндеріне деген батыл әрі соншама ынтызар сұранысын тоса алмасын білген орыс саясаткерлері күллі одақ көлеміндегі түрмелерден кісі өлтірген, арақ ішіп қылмыс жасаған, әйел зорлаған сықылды сан алуан сұрқия қылмыстармен ұзақ уақыттан бері абақтыларда отырған немесе ұзақ мерзімдерге кесілген кәнігі қылмыскерлер арасынан текедей таңдап, саңлақтай сайлап отырып, мұсылман текті, арғы ата-бабалары мұсылман болғандарды екшеп алады ғой. Сонымен, оларға арнайы ұстаздарды әкеліп, күні-түні дерлік діни сауаттарын ашатын сабақтар бере бастайды, әрине, кім сабақты жақсы меңгерсе, азаттыққа шығары алдын-ала ескертіледі. Бұл түрмедегі затынан қылмысқа бейім немесе тума қанқор, қылмысқа құмар жандардың еркін өмірге деген шексіз ұмтылысын тудырары шын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 07:54:33

Сонымен қанша жыл, қанша уақыт тәрбиеленгені үш әріптілердің өздеріне де белгісіз осы бір тобыр қорқынышты әрі сұрқия адамдар еркін, азат өмірге қайтадан қол жеткізу үшін жанталаса, барын сала Құран сүрелерін жаттай бастайды. Намаз оқуды үйренеді, хадистерді зерделеп, қасиетті кітап сөздерін тәпсірлей бастайды. Әрине, бұл жағында да неше түрлі мақсатты әрі табысты сынақтар жүргізілгені әбден мүмкін еді. Сонымен, осы адамдар қажетті мезгілінде бүкіл мұсылмандар аймақтарына, жүйеден, Қазақстан аймағына мақсатты түрде молдалар, имамдар ретінде жіберіле бастайды...

Әрине, тың, жаңа салауатпен. Себебі, олардың бұрынғы кәнігі тағы қылмыскерлер екенін өздерінен басқа ешкім білмес еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 07:59:18

Өз тамырымен, өз салт-санасымен қайтадан қауышқан мұсылман жұртшылығы бұларды қызу қарсы алады. Олар сан-алуан салауатпен қоғамда қызметтерге тұра бастайды, бастабында адамды дұрыс жолға шақырып, өздерінің мойындарындағы міндеттерін атқара бастайды, бара-бара қазақ айтатын бір мақалды шексіз ақиқат екенін бұлар дәлелдей бастаған еді. Ол мақал «Боқ жемесе иттің басы ауырады» еді. Себебі, еркін, азат өмірдегі олар аз күндік рахаттан кейін, көне кәсіптерін қайтадан қолға ала бастаған еді, бұған құзіретті орындар да бір көзін жұмған беті үнсіз қала берер еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:03:45

Бастапқыда, жұрт бұларды ұлттың үзілген үмітінің ұшқыны, үзілген арманды жалғаушылар ретінде қабылдаған екен. Бара-бара бұлардың жиіркенішті іс-әрекеттері бастабында жасырын болғанымен барған сайын ашықтан-ашыққа шыға бастайтын еді. Олар діни қызметкер дегенді кәдімгі үкімет кадры ретінде ғана қарайтын еді. Бос уақыттарында арақ-шарап ішкенге, сірә, жұтқанға қарсылықтары жоқ еді. Орыстың қашан да еркек атаулыға кет ары демейтін сылқымдарымен зинақорлыққа баруға да дайын еді, әрі онысын жұрт көзінен тасалап та әуре болмас еді. Сонымен, жұрттың оларға деген сенім-құрметтерімен қатар, олар арқылы тұтанған өз ата-баба діндеріне деген құрметтері де солғындап немесе солардың кесірінен өз ата-баба салттарына да күдікпен, сенімсіздікпен қарай бастаған еді. Оған қосыңыз, жетпіс жылдан аса уақыт жүргізілген шайтани құдайсыз оқу-тоқудың ықпалын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:07:22

Онан ары не болатыны айтпаса да түсінікті еді. Міне, бұл орыс билігінің күткені еді. Жұрт жеке тұлғалар ретінде олардан ғана жиіркеніп қоймастан, өздерінің әлсіреген немесе мүлде құрып жоғалған имани түйсіктерімен олар уәкілдік еткен ата-бабаларының жолдарына да күдікпен, сенімсіздікпен қарай бастаған еді. Міне, бұл кеңес соңындағы мұсылман жамағатының басына келген ең соңғы ойрандардың бірі және бірегейі еді. Себебі, ұрлықпен, арақпен, зинамен атақтары шыққан, мақсатты оқу-тоқудан шыққан бұл тобырлар мешітке жиналған жұрттың ақ еділ садақаларын көл-көсір харамы тірліктеріне жұмсап жіберетін еді. Сонымен, исламға деген ту бастапқыдағы оттай ыстық махаббаты өз араларынан шыққан киімді сайтандарымен осылайша ластап, былғап, адастырып тынған еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:15:43

Жеке адам ретінде қарастырғанда мынадай бір ақиқат бар еді, жеке бір тұлғаның өзге біреуді немесе біреулерді жек көруі оның өзін-өзі жек көруіне қарағанда әлдеқайда жеңілге тоқтайтын еді. Себебі, біреуге деген кегін, ызасын адамдар психологиялық тұрғыдан сан-алуан жолмен бір жайлы ете алуға мүлде қабілетті болса, ал өз-өзіне деген кегін, өз-өзіне деген өшпенділігін, өзін-өзі терістеп тастау сықылды психологиялық қайшылықты шешу дегеніңіз кез-келген тұлға үшін қиынның қиыны еді. Бұл дінсіздер қоғамында немесе шайтаны наным салтанат құрған қоғамдардағы өз-өзіне қол салатындардың осы мәселені мәлім тұрғыдан шеше алмауынан еді. Ал осы қағидатты жеке тұлға деңгейінен көтере отырып ұлт деңгейіне дейін апаруға болар еді. Тура осы жолмен қарағанда, бір ұлттың өзге бір өктем немесе басқыншы немесе жау, ұлтқа деген кегін немесе бір елдің өзге бір өктем, шапқыншы елге деген кегін шешім етуі өте тез әрі қарапайым еді. Ал ұлттің өзін-өзі терістеп тастауы немесе өзінен өзінің жиіркенуі, өзін-өзі қорсынуы, өзін-өзі қорашсынуы, өзін-өзі менсінбеуі, бұл шын мағынасынан алғанда өте үлкен дерт еді...

Шындығын айту керек, біздің отаршылардың сан-алуан сынағын еріксізден ұзақ уақыттардан бері қабылдап, санасы, рухы салданған халқымыздың басындағы қасірет те тура осы деп айтуға болар еді. Әрине, бұл жан ғылыми-психология тұрғысынан талдау жасағанда ғана....

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:28:31

Ислам көзқарасымен қарағанда, өз-өзіне қол жұмсау, өзін мерт ету, өзін жазым ету немесе Алланың жазған ажалын күтпей, өзін-өзі ажалға итерудің кез-келген түрі күнәнің ең үлкендерінен еді. Осы үшін де барша ислам елдерінде бұл тектес қылмыстың жоққа жуық екендігі барша батыс зерттермендерін қаншама уақыттан бері таңырқатып келген еді. Себебі, Жапон, Корей, Қытай сықылды аруақтық нанымдары мен буддалық нанымдары бар немесе дауизм нанымы мен конфузи нанымына нанатын шығыс елдерін айтпағанның өзінде бір құдайлы батыс елдерінің өзі христиан, католик, православ уағыздарымен де, психологиялық, биалогиялық емдеулерімен де шайтан шапалағын соғатын осы бір індеттің алдын ешқашан ала алмаған-ды. Бұл олар қоғамындағы ең бас қатырған мәселелердің бірі және бірегейі еді. Ал, бұл мұсылман жамағаты үшін, мұсылман елдері үшін мәселе ретінде қарастырылмайтын. Әрине, олардың социологтарының, психологтарының таңырқамай әдді жоқ еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:35:13

Аталмыш дерт дәл осы күндегі Қазақстан қоғамында ғана емес, кеңес билеген шайтани заманда да Қазақстан қоғамының ең ауыр дертінің бірі еді. Өзін-өзі мерт ету жағынан Қазақстан қоғамы дүниелік деңгейде жоғары көрсеткіштерімен әйгілі еді. Әрине, бұның себептері сан алуан болса да, ұлт қасіретінің қай-қайсысы болсын, біздің және біз сықылдылардың жүрегін сыздатпай қоймас еді.

Жә, зерделей қарар болсақ, ұлтымыздың осыншама сұмдық дерттерге душар болуын неден ғана көруге болар еді?! Әрине, себеп жалаң емес еді. Атомдық қарулардың сынағы, биохимиялық қарулардың сынағы, басқа да біз білмейтін бактериялық сынақтар, оған қоса жоғарыдағы біз атап өткен психологиялық ойрандаулар, экологияның бұзылуы, адамдардың рухани тірегі болған діни- нанымдардың түп-тамырына жасалынған аяусыз қастандықтар мен сұрапыл шабуылдардың сан алуан түрі...

Айта берсек, мұның саны созыла бермек, міне, осылардың барлығы біріге, ұйыса келе біздің ұлтымыздың жанын да, тәнін де, рухын да аяусыз, мейлінше ойрандап біткен еді...

Ал, қалпыңа келіп көрші...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:38:22

Жә, қадірлі оқырман, Абай туралы даудан басталған бұл хикаямыздың соңындағы Германиядан оқып келген өзін-өзі жек көретін, өз қазағын өзі жау көретін ғалым жігіттің пайда болу себебі де осыдан еді. Бұл тектес жігіттер, қыздар Қазақстан қоғамында жыртылып айырылатын еді. Басы ғалымдар мен өнер адамдарынан бастап аяғы ауылдағы жаман алқашқа дейін осы мінез бен осы ұстанымдағы құл текті, сырқат саналы қазақтарды санап алудың өзі қасірет еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:42:45

Әрине, ол жігітіміз сол дастарқанның өзінде-ақ сыбағасын алған еді. Себебі, оның әуселесін басатын, мысын құртып, әкесінің кім екенін таныта алатындар бар еді, Аллаға шүкір. Әрине, ең бастысы, ол өзінің барынша армандаған ғашығынан да сол дастарқанда айырылған болатын. Өрт мінезді ғалым келіншек көзілдірікті жыланның да уынан ащы сөздерімен ғалымсымақ сорлының быт-шытын шығарып, оған мәңгіге ұмытпас сабақ өткен еді. Абыройын айрандай төге отырып, қолындағы сыйға алған бриллиянт жүзікті соншама жұрттың, соншама сын көздің қақ алдында жігітті масқаралап тұрып өзіне қайтарып берген-ді...

Міне, ұлы тұлғаның даңқы мен атағына кір келтіру арқылы немесе өзінің жатырынан өзі безіну арқылы бедел тауып үйренген сырқат саналы ұрпақтың соңғы бір мүшесі (илайым, соңы сол сорлы ғана болса екен) өз жазасын осылай алған екен!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:51:44

Жә, құрметті жамағат, егемен Қазақстанның ескі астанасы, ару қала Алматыда тағы да бір арайлы таң атты. Мың айға парапар, сексен үш жылға тең қасиетті рамазан айының бір түнін осылайша әрі жазу-сызумен, әрі құлшылық-ғибадатпен өткізгенім үшін өзімді өте бақытты сезініп отырмын. Қарт Алатаудың қайсар шоқыларына тамсана қарап отырып, жұмыр жер бетіндегі барша қазақ қандасыма Алладан екі дүниенің нығыметін, екі дүниенің бақытын тілеймін! Алла Тағала мұсылман қазақ баласының басын даудан, елін жаудан сақтасын! Ұлымызды ұлағатты, қызымызды инабатты қыла көрсін, салиқалы ұрпақ бере көрсін! Жасаған құлшылық-ғибадаттарымызды сауапқа жазып, рамазаннан рамазанға аман-есен жеткізе көрсін! Аумин!

24 тамыз. 2011 жылы. Алматы.

Алматы уақыты 06:51

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 08:56:05

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-24 08:57 өзгерткен

Алматы уақыты мен Үрімжі уақытының бірдей екенін ескерте кетейік...

Құрметті оқырман, шығарманың жалғасы алдағы күндерде, Алла аманшылығын берсе үздіксіз жазылатын болады. Қасиетті қадір түнінің 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні болатынын мұсылман жамағатқа алдын-ала ескерте кеткенді жөн көрдім. Себебі күні бұрын жоспар жасап, қасиетті түнді құлшылық-ғибадатпен өткізген мұсылманның екі дүниеде де өкінбес болары ақиқат еді, иншаллаһ...

Бұған қатысты ақпараттарды діндар азаматтардың ертерек оқырмандармен жүздестіргені оң болар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 16:47:59

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-8-24 16:57 өзгерткен

Ассалаумағалейкум рахматулла уа Баракату, қадірлі жамағат!

Таң бозынан қу тірліктің қамы үшін нән қаланы кезіп, арлы-берлі шапқылап жүріп, есімнен үшбу жазбаларым, оқырмандардың, тілектес, ниеттес, ақ Еділ бауырлардың жазған хаттары есіме түсе берді. Сонан жаңа ғана алып Алатаудың қақ бауырындағы әдемі де әсем Әл-фараби даңғылын бойлай үйге қайтып келе жатып жол жағалай тіз қатар сап түзеп тұрған қазақтың жол сақшыларының, қарулы қорғаушыларының, құқық органдарының қызметкерлерінің тұрғанын көрген едім, Әл-фараби мен Достықтың қиылысынан бастап, Желтоқсаннан кейінгі біраз аралықты мүлдемге тосып тастағанынан-ақ Алматыға үлкен лауазымды бір тұлғаның ат басын тірегенін байқауға болар еді. Ішімнен осы бір құбылысты, құбылыс болғанда да, Алматы мен Астанадағы жиі қайталанып тұратын, қала тұрғындарының еш таңырқау сезімін оятпайтын осы бір құбылысты көріп қатты толқыдым, бұндайлар, әдетте, мені еш толқыта қоймас еді. Бірақ бүгін басқаша бір сезімде болдым.. Себебі, бұл егемен Қазақстан еді. Егемен Қазақстанның, қазақ елінің азаматтары еді жол жағасындағы аса қырағы, аса қарбалас жүрген, форма киген немесе бұқараша киінген жігіттер...

Ішімнен осының өзіне разы болдым, Аллаға сансыз шүкірліктер айттым, қолдарындағы, иықтарындағы ратцияларымен жіті, асығыс сөйлескен дауыстарын естіген едім, я, бұл жігіттер қазақша сөйлесіп жүр еді...

Мен үшін алғанда жер бетіндегі ең әдемі үн қазақтың үні еді. Жер бетіндегі ең әсем, ең тебіреністі әуен – қазақтың әуені еді, жер бетіндегі ең керемет, ең құдіретті, ең сиқырлы тіл – қазақ тілі еді. Бұл менің ана тілім еді. Менің қайғысы мен қасіреті басынан асқан, мың-сан дұспанның тапасы мен табасынан шыққан, соның өзінде де қазақтың дәл өзіндей мың өліп мың тірілген қасиетті тілім еді бұл...

Қазақша сөйлесіп барады қазақтың қарулы жігіттері! Қазақша! Қалай разы болмассың! Екі иықтарына екі кісі мінгескендей, алып та нар тұлғалы қазақ жігіттерінің арнайы қызмет бөлімінің қызметкерлері екені белгілі еді, олар жол шетіндегі танкден аумай қалған қара түсті хаммердің алдында тұр еді...

Қазақтың қара домалақ, сар жалпақ, ақсары жігіттері! Шіркін, жер бетінде қазақтан сұлу, қазақтан өңді, қазақтан әдемі жұрт бар ма екен деші!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-8-24 17:04:42

Қандай керемет сезім! Мен тіптен балқып кеттім. Бейне, осыншама мол қарулы, қарусыз қазақтың жігіттері, форма киген, жай киінген қарбалас жігіттер, бейне мені арнайы түрде қорғауға алып, аса құрметпен жол серік болып келе жатқандай еді. Өзімді бейне қалың қорғаушылар мен оққағарлар арасында келе жатқан қазақтың сары шалы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбайдай, елбәсындай сезініп кеткендей едім, күлкілі ме сізге? Күле беріңіз, жасырары жоқ, тура осындай сезімде болдым, несі күлкілі, шындығында, бұлар мені мен сенің амандығыңды, елдігіңді, еркіндігіңді, егемендігіңді қорғап тұрған жоқ па?!...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)