Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 10 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-5 11:46:08

Қазақ мемлекетіндегі мұнай және газдың жалпы қорының жер шары бойынша екінші орында екенін ескерсек, Батыс алпауыттары мен орыс фашизмінің қарғылы төбеті Жириновскийдің барлық іс-әрекетінің мәні мен мақсатын түсіне қою бізге әлдеқайда оңайға тоқтайтын еді. Көкейін тескен байлық мұраты үшін, егемен елдің еркін аяққа таптау оларға ештеме емес еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-5 21:12:29

Қарауындағы қарашасының арасындағы ұлтаралық мәселелерді шешуі жағынан Ираннан қазақ мемлекетінің үйренетін тұстары өте көп. Бұл екі мемлекеттің өте ұқсас келетін тұстары да жетерлік. Ең бастысы, мұндағы мемлекеттің иесі болып отырған, тор иесі, ел иесі, мемлекет иесі болып отырған ұлттың тұтас елдегі ара салмағы шамалас. Соңғы санағында, қазақ еліндегі қазақтардың ара салмағы 67 пайыз болғанын білсек, Ирандағы нағыз парсының салмағы елдегі барша бұқараның 51 пайызын ғана ұстайды екен. Қазақ еліндегі атышулы санақ туралы, ондағы даулар мен әңгімелерді, ашылған соттарды, ұрланған миллиондаған ақшаны, парақорлықты, құбылмалы сандар мен сиқырлы цифрларды бұл арада әңгіме өзегі қылмадық...

Демек, мемлекет иесінің екі елдегі ара салмағы өзге елдердегідей мүлде басым көпшілікті ұстамайды. Сенімсіз кей ақпарат көздеріне қарағанда, Иранды билеп тұрған таза қанды парсы не бары 5 миллион деген сөз бар. Бірақ, бұл арада біз Иранға барып, оларды басына бірден ұрып санап шықпағаннан кейін, сөз өзегі қылмадық. Бүкіл елдегі 77 жүз түменге (77 миллион) жуық қарашаның тең жартысынан сәл ғана астамын, яғни 51 пайызын ұстап отырғанына қарамастан, бүкіл елді шырқ үйіріп ұстап отырған, біздің төте жазумен оқығанда, өз елдерінің атын «айран» деп жазатын, соншама жұртты айрандай ұйытып отырған бұл парсылардың, қазақша айтқанда, қызылбастардың мықтылығына қол қоймай амалың жоқ (былтырғы рамазан айында Алматыда жүргенімде, апайымның айран екен деп Еренбазардан Иранда өндірілген, қорапталған құрманы алып келгені есіме түсіп отыр). Демек, қырық миллионға жетер жетпес жан саны бар парсылар өз еліндегі өзге жұртты билеп-төстеп отыр. Барлығын тұтас дерлік парсыша сайратып, парсыша оқытып, парсыша ойлатып отыр, онысымен қоймай, азуын айға білеген Америкамен алысып отыр. Келсең кел деп отырған Иранның құқайынан жасқанып отырған Американың өзі Ираққа басып кірген кезіндегі жау жүректілігінен қайтып қалған көрінеді. 67 пайызды ұстаған қазақтың дербестік алғанына ширек ғасырға таяса да, әліге тілі шыққан жоқ. Бұл арада, Қазақиядағы тілді айта беріп оқырманның жүйкесін жұқартқанша, Ираннан нені алып, нені қоярымызды талқылап алалық. Сонымен, парсылардың мықты екенін айттық, өзге бұратанаға өздерінің кім екенін біліп, шаңыраққа қарауды ескерте алатын ел екенін айттық, ал қанау бар жерде қарсылық болатыны ақиқат қой, ендігіде, осы қарсылықтарды Иранның қалай шешкенін көрелік...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-5 22:20:44

Иранда біздің туыстарымыз бар. Туысымыз дегенде, көз алдыңа қазақ келері сөзсіз. Рас, Иранда қазақ бар, қазақ тілінде радиосы да бар. Баяғының баяғысында Қазақстанның Каспийге жақын батыс өлкелерінен атышулы қазан төңкерісінің алды-артында және Сталиндік-орыстық геноцизм, яғни, қолдан жасалынған атышулы ашаршылық кезінде, осылай қарай кеткен кіші жүздер екен көбісі. Кей деректерде айтылуыншы, ежелден сонда қоныстанған қазақтар деседі. Бір қызығы, оларда жеменей деген ат пен тек (фамилия) көп кездеседі. Алтайдің жеменейі мен Иранның жеменей атты қазағын байланыстыра алмай аң-таң болып біз жүрміз. Алматыда жүргенімде шеттегі қазақтарға баса көңіл бөлетін Алматының зиялы жұртының аузынан ислам жеменей атты Иранда туып, Иранда өскен қазақ баласының «Иран қазақтары» атты кітабы шыққанын естіген болатынмын. Өкініштісі, бұл кітап менің қолыма түспеді. Алда, Алла қалаған күні, Иран қазағы туралы да тың дерек бола жатса, айта жатармыз, иншаллаһ, ғаламтор арқылы достасқан бірнеше досым болатұғын баяғыда. Соңғы кездері қу тірліктің кесірінен олардан да ажырасып қалдық. Алда қайтадан таба жатсақ, оқырманға тың ойларымызбен сол заманда бөлісе жатармыз.

Көзі қарақты оқырман ғаламтордан онсыз да бұл туралы хабардар болар дейміз. Қызылбастар жерінде 80 жылға жуық қоныстанған қазақтардың қазақ еліне оралғандарының Алматы жағалағанынан гөрі Ақтөбе мен Атырау, Ақтау жағалағаны молдау. Алматыдағы аз ғана Иран қазағынан бір байқағанымда, олар қазақ тілін тап-таза сақтап қалғанымен қоймай, аса діндар, тақуа мұсылман болып келеді екен. Он мыңға жетер-жетпес жан саны бар Ирандағы қазақтың Иран өміріне әсері бола қоюы екіталай. Ал, Иран қоғамындағы басты рөлді ойнайтын парсылар мұндағы жұрттың кез-келгеніне өз тілінде мектеп ашуға рұхсат бермеген де. Мұнысы жағынан олар Қазақстан билігіне ұқсай бермейді. Қазақстандағы өзбек мектебі, тәжік мектебі, ұйғыр мектебі, орыс мектебі дегендеріңіз жетіп асады. Соңғы кезде Германия қаржысымен мұнда неміс мектептері де ашылып жатыр. Алда дұнған мектебі де ашылуы мүмкін деп ойлай беремін. Түбі бір түріктердің соңғы кезде түрікше оқуы көбейді. Біз қарашамыздың бас-басына отау да тігіп бердік, ассамблия деп Астанадан отау тігіп бергенімізбен қоймай, облыс-аудандар сайын әр ұлтқа арналған «мәдениет орталықтарын» құрып бердік. Шекара аймақтарда жасайтын тынымсыз да сүйкімсіз әлдебір туысқанымыздың астанаға қоныстанған 5 өкілі үшін үкімет қаржысымен астанадан арнайы түрде даңғарадай қызмет ғимаратын болып беріп, жіл сайын берілетін үкіметтік көмек қаржымен қамдап отырмыз. Соңғы кезде корей мәдениет орталығы мықтап дамып келеді, төте көрея қаржысымен қаржыланып, қазақтың мешіті жоқ ауылдарын шіркеулермен көміп тастады. Өзбектің де өсуі жаман емес. Осы беті кете берсе, қазақтың ат басындай алтын берсең де бір-екіден артық бала тумайтын қатындары фигурасын ойлап, сылаңдап, еркелеп жүргенде, оңтүстік үш өлкеміз «кіші Өзбекстанға» айналып кетер түрі бар. Ал, онсыз да іріңі шығып, сасық иісімен тұтас Алматыны ауыртып жүрген сырқат саналы шекаралық аймақтарымыздың не станға айналып кетерін құдай ғана білер...

Өскемен-Семейдегі және терістіктегі үш облысымыздың ниеті өзгеге де, өзімізге де беске белгілі.

Ал, Иран қалай?

Онда түбі бір түркі бауырымыз, туысымыз әзерилер 24 пайыз ұстайды. Әрине, Бұл қызылбастардың санағы. Ал, әзірбайжанның көзімен қарасақ, тұтас Иран әзірбайжан ұлтынан тұрады. Бірақ, Айтолды тораптасымыз айтқандай, бағынан соры қалың әзерилерде өз тілінде мектеп жоқ еді. Әзери ғана емес, парсыдан басқасының барлығында мектеп жоқ болатұғын. Міне, қара! Баяғының баяғысында, қайсыбір елден ғарышқа ұшқан әзери қыздың қасиетті Құранмен қоса Иран жалауын бірге ала ұшқанын ақпараттан көрген болатынмын. Міне, керек болса. Санасына сіңіріп, сүйегіне жеткізіп-ақ тастаған екен қызылбастарың. Оны қойшы, Израиль басқыншылары Палестинадағы арабтардың жеріне танкмен баса көктеп кірген сол бір аянышты оқиғалардың тұсында, Ирандағы еврейлердің аталмыш қырғынға қарсы шығып, Теһран көшелерінде Израильге қарсы ереуілге шыққанын көргенімде, мен қызылбастардың «ми жуғыштық» өнеріне тұтасымен мойынсал болған болатынмын. Күллі адамзат баласы болып, сан ғасырдан бері алысып келе жатқан жойттарға, насараларға, еврейлерге, яһудилерге атышулы ағылшындардан тартып, француз-неміс-орыс-испан-голландтың бірде бірінің де шамасы жетпегенде, 40 милионға жетпейтін қызылбастар олардың миын тап-таза қылып «жуып» тастаған екен. Ал, керек болса! Онысымен қоймай, миы жуылған Ирандық еврейлер шапқыншы, қырғыншы Израильды күллі халықаралық жамағат алдында айыптап шыға келгенде, еврей ұлтшылдары мен сионистердің құсадан қан құсары шын еді. Ал, мақтансын, бөссін, гүжісін, өздерін ешқашан, ешкім өзгерте алмайтын, құлдана алмайтын, ассимиляцияға сала алмайтын бірден-бір ұлт деп! Қарашы қызылбастарға!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-5 22:39:19

Әзерилерден тыс, мұнда «жилаки және мазандарани» деген ұлт жасайды екен. Бұлардың ара салмағы 10 пайызға да жетпесе керек. Бірақ, бұларың қызылбастармен туысқан, бір текті, бір түптен тараған ұлттар болғандықтан, 6 миллион жан саны болғанына қарамастан, «қызылбас көкем біреу, біз оған тіреу» деп берекелі де ынтымақты жағдайда күн кешеді екен. Мұнысы жағынан Қазақстан қоғамында жасайтын кей түбі бір түркі туысқандарымызға біздің ұлтжанды жігіттеріміздің өкпесі қара қазандай болатын жөні бар екен-ау деп ойлап қаласың. Есіктен кірмей жатып төр менікі дейтін ұятсыз ұстанымдарымен күллі қазақ қоғамында аса нашар образ қалдырған бұл туысқандарымыздың қазақ елінен жақсылықтан басқаны көрмегені шын еді. Арып-ашып, шетелден қашып-пысып немесе зорекердің айдауымен құл ретінде қазақ еліне келгенінде, аялы алақанымен басынан сипап, аш қарынын тойғызып, жарты құртымен бөліскен, жыртық көрпесін тігіскен, басына үй тігісіп, бауырына қазан асып берген ақ көңіл қазақ болатұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-5 22:50:17

18 түменге жетер-жетпес жан санын өз есептерінде бірнеше милионнан асырып барып тоқтататын бұл туыстарымыздың көшедегі күстабаны түгілі, көк жағалы зиялысының аузынан берекенің сөзін тыңдай алмай келе жатқан қазақ қоғамына қандай баға береріңді біле алмайсың. Тегі, «сиыр сипағанды білмейді» дегенді ескеретін кез келді-ау. Қытайдың аңыздарында айтылатын үсіген жыланды жаны ашып кетіп қойнына салып алған ақкөңіл де ақымақ шаруаның ажалы жылы қойында жанын шақырған жыланнан болмаушы ма еді?! Топас тентегі мен есуәс есалаңы шатақ шығарудан жалықпайтын, ұятсыз да имансыз ақсақалдары мен екібеткей де аяр зиялысымақ қауымдары жалғаннан «кешірім» сұрап тоңқаңдаудан жалықпайтын осы бір екіжүзді тобырлардан қазақтардың абайлайтын кезі жетті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-5 23:58:43

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-6 00:05 өзгерткен

«Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес» деген өкпемізді қоя тұрып, Ирандағы тағы бір ұлтқа назар аударалық. Бұл да атам қазақтың мақалынан ойып тұрып орын алған ұлт болғандықтан, саны аз болса да, аттап өте алмадық. Бұлардың аты тат еді. «Бассыз бөрік болмас, татсыз түрік болмас» деген ескі мақалды баяғыдан бері ойлап жүруші едім. Мүмкін, сондағы атам қазақ айтқан тат осылар-ақ болар деп шамаладым. Мүмкін, менікі өте өрескел, қисынсыз қиялдан туған болжал болса, тарихшылар мен тілгерлердің артық қыжыртпай-ақ қоя салғанын алдын ала сұраған болар едім. Себебі, түркі тұқымы мен қызылбас тұқымы ежелден аралас-құралас келе жатқан екі үлкен қауым ғой. Қызылбастың түркі тілі мен түркі діліне қаншалық деңгейде үлкен әсер еткенін атақты Махмұт Қашғаридің еңбектерінен-ақ біле алған болар едік. Ғұлама өз еңбегінде, түркілердің ішінде қызылбастардан алыстау қоныстанған түркі тайпаларының ғана тілі таза болатынын әлденеше рет тіліне тиек қылған еді. Демек, сол заманның өзінде-ақ, түркі тектінің парсыласа бастаған бір мезеті болған болса керек. Орта Азиядағы түркі тұқымды кей туыстарымыздың тіліндегі парсы сөздерінің 50 пайыздан асатынын ескерсек, кейде осы атасы басқа қызылбаспен тым жақын туыстарымызды түркі баласы атағымыз да келмей қалатын кезіміз барын жасырып қайтеміз...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 01:10:04

Таттардан Иранға қауіп төніп тұрған жоқ. Жан саны 300 мыңға жетпейтін азшылықтың қызылбастың қырық миллионына қарсы тұрарлық қауқары қайсы? Оның үстіне, бұл таттардың парсылардан еш айырмасы қалмаған болатын. Заманның заманында бұлардың дербес тілі болған шығар, хебрей тілінде не парсы тілінде сөйлеген болар, мұны тат тілінде сөйлейтін еврейлерді көп зерттеп жүрген еврей ғалымдарына қалдырдық. Онысы бізге беймәлім, бірақ бізге қазір бір нәрсе ғана белгілі, ол таттардың Иранды ұстап тұрған қызылбастардан, яғни, парсылардан еш айырмасы қалмаған болатын. Тіпті, бұларды бөлек бір ұлт ретінде қарастырмасақ та болатын еді. Қазақтардың ирандықтарды қашаннан қызылбас атағанын кім білсін, айдаладағы ит емген «иттің елі немесе ителіні» - Италияны Үрім атаған қазақтың балқан тауды «барған тау» деп, Гималайді «бұланай» деп айтатын сөздерінен-ақ Еуразияны ат тұяғымен тоздырғанын сезсек, батыр бабаларымыздың парсы тұқымын «қызылбас» атауы, бейне, кидандарды «кидан» деп «қытай» деп атап жүріп, оның ар жағындағы чындарды немесе шыны-аяқ жасағыш чин елін немесе Чи Шыхуаң бірлікке келтіріп, өз ұрқының атымен атаған чин елін бүгінде жаңылысып «қытай» атағанымыз сықылды құбылыс еді. Адамды алжастырып бірінің тақиясын біріне кигізетін мың құбылған тарих деген осы да. Бірінің атын бірі иемдегенімен қоймай, бірінің тарихын бірі иемденіп кету – ақиқаты аз адамзат қоғамының талассыз шындығы, ащы болса да, амалсыздан мойындайтын шындығы осы еді. Болмаса, қызылбас дегенің парсы жұртындағы бір тайпаның ғана аты болатұғын. Ал өздерін арянбыз деп, текті атаның ұрқымыз деп мақтанатын ирандықтардың Иран аталуының өзі осы арян сөзімен байланысты болатұғын. Иран, парсы, фарсы, қызылбас деп жүргеніміздің барлығы осы сықылды қым-қуыт, шима-шату сырларға толы болатын. Мұның сырын шеттегі біз түгілі, ирандықтардың өзі де адаспай ашып, алжаспай ажырата бермейтіндіктен, біз де басымызды қатырмай, Иран еліндегі осыншама күрделі ұлт және ұлысаралық мәселелердің тігісін жатқызып, ымын-жымын білдірмей ел болып отырған қызылбас еліне және ел тізгінін ұстаған басшыларына таңырқасымыз бен таңданысымызды білдірмей амалымыз жоқ еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 01:43:00

Иранның жағдайына қарап отырып, біздің бастарында Алланың бере салған ақылман миы емес, кеңестік жүйенің шарқылдаған CPU-і мен дәуірден қалған «материнский платасы» (материнская плата-主板) орнатылған «жаңа қазақтардың» аузынан тастамай айта беретін 137 «бауырлас ұлттың» «ортақ үйі» болған Қазақстандағы ұлтаралық, этносаралық жағдайды ойласақ, сау басымызға сақина жабысары сөзсіз еді. Онсыз да қазақ болып өмір сүру ең қиын болған Қазақстан қоғамында «қазақстандық ұлтты» қолдан жасап шығудың не мақсат, не мүддеден туғанын ойласақ немесе ойлай берсек өзімізді рухани аурулармен жындыларды емдейтін орталықтардан табуымыз мүмкін. Қазақстандағы паспорттың, төлқұжаттың жасалу заңдарының билік тарапынан немесе билікте отырған мәлім мысық тілеулі мысық мұртты жағынан мақсатты түрде өзгертіліп, азаматтардың ұлт қарастылығы көрсетілмейтін болып шешім қабылдануының өзі – Қазаққа жасалынған қастандық болатұғын. Әрине, қазақ зиялыларының қарсылығы арқылы бұл заң тағы да өзгертіліп, қалағандардың ұлтын көрсетуіне, қаламағандардың ұлтын көрсетпеуіне жол берілген болатын. Бірақ, өзін өз тумысындағы ұлты қылып көрсетпеудің кімге не үшін керек екені бесенеден белгілі болатын еді. Шын мағынасында, екінші мәрте өзгертілген заң қазақ зиялыларының жеңісі емес, жеңілісі еді. Себебі, мысық мұрт бәрібір өз мақсатын орындап кеткен еді. Әрине, аса имансыздықтарымен, аса сүйкімсіздіктерімен немесе қазақша айтқанда, «өз ағасын ағалай алмағанның кісі ағасын жағалай алмайтыны» сықылды, барар жер, басар тауы қалмаған, атышулы кей сойқан тобырлардың халықаралық саудалардағы қиындықтар мен өздеріне виза алу және тауарлы елдерге кіріп-шығу барысындағы шетел кедендеріндегі қолайсыздықтар мен шұқшиған тексерулерге қалдыратын атышулы, атағы жаман ұлт есімінің мұнда көрсетілмей қалатыны айдан анық еді.

Мұнан да сорақы бір мақсат бар болатын. Олар өз ұлт аттарын жою арқылы біртұтас «қазақстандық» ұлт атанып, қазақ елінің билігіне таласпақ болатұғын. Себебі, ортақ Қазақстан елін «қазақстандық» деп аталатын ұлт өкілінің басқаруы өте табиғи әрі заңды еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 01:54:47

Өз ұлтының атын жоқ қылып, өзге бір ұлттың атында аталу немесе «қазақстандық» деген ешқашан болмайтын жасанды ұлттың атымен аталу, бейне, атышулы қылмыскердің халықаралық қашқынға айналғасын, бет-пішімін өзгертетін хирургиялық операция жасатып, мүлде бөлек бір адам болып алғаны сықылды құбылыс еді бұл.

Қалай болмасын, мұнан қазақ ұлтына келетін орасан қауіп бар еді. Қауіптің көкесі біз астарлап айтып отырған «атышулы ұлттан» болуы бек мүмкін еді. Бұған біздің келтіретін 3 түрлі дәлеліміз бар болатын. Алда Қазақстан қоғамын, біз қауіптенген сықылды, өзінің ұлтын осы аталмыш атышулы заң шығудан бұрын-ақ өзгертіп алған мысық мұрттың билеп төстеуі бек мүмкін болатұғын. Мұны кейінгі баптарымызға арнайы түрде қалдыра отырып, «қазақстандық ұлт» жасаудың тағы бір қаупін ашық түрде айтайық. Бұл қауіп орыстардан келетұғын. Себебі, қазіргі Қазақстан заңында, Қазақстан елінің елбасысы міндетті түрде қазақ болуы немесе қазақ тілін білуі керек деген бап бар еді. Ал, аталмыш атышулы заң қабылдана қалса, Қазақстанда «Қазақ ұлты» деген ұлт та болмайды, барлығы тұтасымен біртұтас «қазақстандық» деген ұлтқа айналады, әрине, «қазақстандық» ұлттың орыс болуы да, кәріс болуы да мүмкін еді, демек, ел тізгінін орыстың да, кәрістің де ұстауы бек мүмкін...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 02:00:52

Екінші қауіп еврей еді. Мұны айтып түсіндірудің басы артық болатын. Қазақ елінің барлық байлығын ұстап отырған 4 еврейді білетін адам мұның мүмкін екенін бірден сезеді. Онсыз да, қазақ елінде оппозициясы болып шапқылап жүрген, биліктен дәмелі біраз азаматтың қанында еврейдің қаны бар болатұғын. Жиендері мен тумаларын билікке қарай сүйреуге Америка бастаған, Еуропа қостаған, Израиль қосылған барлық сионистердің қатысары сөзсіз еді. Демек, бұл да - қауіп.

Онан ары айта берсек, Бұл күнде өз еріктерімен ұлтын қазақ деп өзгертіп жатқан барша бұратана да қауіпті еді. Себебін айтудың өзі артық әңгіме еді. Себебі, кәрістердің де қазақ билігінен дәмесі жоғары болатын. Дұнғандар да ата-бабасы өмірі ұстамаған зор билікті жек көрмесі шын...

Оған, украин мен немісті, өзбекті қоса бер...

Онсыз да қазақ болып алған өзбек бұл күнде аз емес...

Жарқы н7 жолданған уақыты: 2011-3-6 02:08:58

Бүгінгі сөзімнің соңын қазақтың қайғысын арқалап жүріп Асан қайғы атанып кеткен атақты жаһангез, ардагер ғұлама Асан Сәбитұлының ұлт мұңы туралы мына өлеңімен аяқтағым келіп отыр:

–Құлағы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер?

...................................

Оған қоса, ұлт ұстазы, адамзаттың Абайының мына бір шумағын қосайын:

...........................................

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп, енді екі ұртың!

.......................................

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 02:27:10

Ал, құрметті оқырман, бүгінгі хикая осы араға дейін болсын. Алла Тағала ертеңгі күнге аман-есен жеткізе көрсін.

Құрметті оқырман, осы жолдама мен үшбу сайттың амандығы үшін болса да, көкірегіңізді кернеп, ішіңізге сыймай кетіп бара жатқан кейбір мұнда айтылмауға тиісті сөздерді айтпауыңызды кішілікпен, ізетпен үш мәрте өтінген болар едім.

Біз барынша сырлап, астарлап, алыстан орағытып, жаман иттің атын бөрібасар қойып, қасқырды тергеп итқұс деп отырғанда, сіздің батпитып тұрып «атап-атап» тастағаныңыз нелеу тұрады екен. Қысқасы, не жазсаңыз да ойланып жазғаныңыз оң болған болар еді...

Ал, асаба бауыр-қарындастар:

Мүмкін болса, жаңағыдай «қорқынышты» лебіз қалдырғандардың артын уағында жуып-шайып отырарсыздар...

Біз қырағы болмасақ, бізден де қырағы көздің бақылап отырғанын ұмытпағанымыз жөн...

Баршаңызға Алланың нұры жаусын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-6 08:15:33

Тораптастардың мынау бір жалғамадағы «өшіріліп кетуі» бек мүмкін лебіздерін мұнда көшіріп қойғанды дұрыс көрдім, торап әдебиеті ғой, интерактивті. Оның үстіне ертең кітап қылып шығара жатсам, тораптағы бүкіл пікірлермен қоса, осылай бастырғым келеді. Дәстүрлі әдебиеттен айырмасы да осы деп білемін.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)