Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 8 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

– Негізі, біз сізді қарсы алып алуға тиіс едік. Ұят болды сізден, – деп жымиды кәрі еврей қол алысып жатып. Сөз астында сөз жатыр еді оның мұнысында. Мұнысын бірден түсіне қойдым. Онысы, мені шетелдік деп, Қазақстанды өздерінше өзімсінгені болатын. Кеңестіктер ғой, баяғыда бір ұлт болатын. «Совет адамы» деген қолдан жасалынған ұлт еді бұлар баяғыда.

– Тель-Авивте сіз қарсы алып аларсыз, егер солай қарай жолым түсе жатса,–дедім мен де жалма-жан. Кәрі еврейдің әжім басқан жүзі лезде қуара қалды. Себебі, мен оның жан жарасын тырнап алған болатынмын. Ол мені Қазақстанға, Қазақстанды маған қоспай, өзін «үй иесі» сезінгенде, мен Қазақстан түгілі, әуелі Ресейде де оның мені күтіп алуға құқы жоқ екенін, жалғыз ғана еврей елі Израильде ғана мені күтуге құқы барын ескерткен болатынмын. Себебі, ол Ресейдің өзінде бұратана саналатын яһуди еді. Яғни, бұралқы болатын, иесіз болатын, отансыз болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 23:06:10

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-3 23:09 да өзгерткен

Олар бұл жолы мықты дайындықпен келгенін аңғартты. Маған керегі де осы болатын. Қоржын толы құжаттары бар екенін маған қош хабар ретінде айтты кәрі еврей. Арасында қол дорбасынан 2 кітап алып шығып маған ұсынды. Бұл кітаптарды ала келуін мен арнайы түрде табыстаған болатынмын. Үлкен алғысымды айтып, кітаптарды алдым. Бұл қазақ елінің қас дұспаны, күллі әлемді шулатып жүрген, атақты саяси есалаң Жириновскийдің кітаптары болатын. Кәрі еврей маған аң-таң болып қарады. Жириновскийдің кім екендігін әбден білетін ол менің бұл кітаптарға неге қызыққанымды білгісі келетін еді...

Мен ешқандай түсінік берген жоқпын. Себебі, түсінік берудің қажеті жоқ болатын. Қазақ тұқымының бұл еврейлерден көрмегені қалмаған еді. Бір Семейдің өзінде жарылған сансыз атом бомбылардың саны күллі адамзат баласының басына келмесін деп тілейтін сұмдықтар еді. Екі атом бомбасы үшін жарты ғасырдан бері зарлап келе жатқан жапондарға қарағанда, бүкіл жер шарындағы барша жарылыстардың басым бөлігін өз топырағында көрген қазақтар әлдеқайда «жылауық» емес болатын. Біз жылағанды да білмейтін жұрт едік. Ал, осы атом бомбаны жасауға еврей Эйнштейннің қатысы зор еді, өмірінің соңын ала, өкінерін өкінсе де, Эйнштейн адамзат баласына осындай бір зұлмат қаруды тастап кеткен болатұғын. Ал, Кеңес ғалымдарының көбісі, әсіресе, атом сынақтарына қатысты ғалымдардың көбісі еврейлер еді немесе орыстанған еврейлер болатұғын....

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 23:34:01

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-3 23:37 да өзгерткен

Жириновский Горбачевтің заманында-ақ саясаткерлер жағынан пайдаланылған болатын. Оны Путиннің қарғылы төбеті дейтіндердің, оның саяси өмірін Путинмен ғана байланыстыратындардың көбісі оның бұл тарихын білмейтіндер болса керек. Туыла сала жетім өскен жалтақ ой да қорқақ, өзінен күштіге изектеп, өзінен әлсізге қоқаңдағанды ұнататын екібеткей де, жалтақой сырқат саналы Жириновский Горбачев заманында билік жағына ұнаңқырамайтын, әсіре Америкашыл, әсіре Израильшыл ұстанымдағы еврейлердің бір ұйымын ыдырату үшін пайдаланылған болатын. Оның екі ұлттың шатасы екендігінің бір пайдасы осында ғана есқатса керек. Әрине, үкімет жағынан жоспарлы түрде ұйымдастырылған еврейлер қауымдастығын басқарған Жириновский еврейлердің бір тудың астына жиналуын, сол арқылы орыс қоғамында ықпалды күшке айналуының алдын осылай алған болатын. Осы кезде өзін еврей ұлтжандысы ретінде уағыздаған екібеткейдің саяси сахнаға әбден көтеріліп алған соң, өзін орыс деп жариялауының өзі оның аса екібеткей, екіжүзді, екі ұстанымды, айнымалы, ұятсыз да арсыз екендігін айпарадай ашып көрсететін еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 23:49:23

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-4 00:13 да өзгерткен

Саддам Құсайынды дос тұтып, Парсы шығанағында Америкамен айқасуды уағыздайтын, Иранға қару сатып, Сталин жаулап алған жапон аралдарын жапондардың өзіне 50 миллиард долларға сатып бере салуды ашықтан ашық айтатын Жириновскийдің идеялары демократия ұстанымын ұстанған Батыс қоғамы үшін сұмдық сезілетіні шын еді. НАТО-ның қыспағында қалған орыс қоғамын атом қаруын натоға қарсы қолдану арқылы ғана құтқаруға болады деген шатпақтары батыс жұртын бір мезет қатты дүрліктірген болатын.

Қалай дегенмен, ол сонау он жылдың алдында-ақ бүкіл Ресейдің 8 пайызға жуық жұрты қолдаған президент үміткері болатын. Демек, орыс қоғамында, әсіре ұлтшылдықтың, әсіре нәсілшілдіктің, скинхедтердің, жаңа фашизмнің базары бар деген сөз еді бұл.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 00:31:07

«Орыс ұлтының өткені, бүгіні және болашағы» (прошлое, настоящее и будущее русской нации) атты докторлық диссертациясымен 1988 жылы орыс қоғамының ең атақты оқу орны Мәскеу мемлекеттік университетінен докторлық атақ алған атышулы Жириновский орыс тілінен тыс ағылшын, француз, түрік тілдерін жетік меңгерген болатын. Мүмкін, ол қазақшаны да қатыратын болса керек. Себебі, ол Алматының тумасы ғой. Бірақ, қазақ тілін білетінін қазақтардың өзі намыс сезінетін Алматы қоғамында өскен оның қазақшаны білсе де білмеске салатынын ойлап жетуге болатын еді. Әскерге де барған болатын. Әскерде грузин астанасы Тибилисте болған оның ұлтшыл грузиндерден таяқ жеуі бек мүмкін еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 00:53:47

«Мен онда (Қазақстанды айтады. Ж.) 18 жыл ғана тұрдым. Тек 40 жыл бұрын ғана кетіп қалдым, жұрттың бәрі қуана-қуана орысша сөйлейтін, қазақ тілінде бірде-бір оқулық, бірде-бір әдеби еңбек жоқ, дым да жоқ, жазба болмаған, жазулары жоқ болса, ол қандай тіл болсын?» деп қазақ тіліне құтырына шабуыл жасаған құтырық саясаткер Қазақстандағы қазақ тілінің мәртебесінің күн санап көтеріліп келе жатқандығы үшін тоқтаусыз байбалам салатұғын. Онан ары құтырына түсіп, ендігіде қазақтың жеріне ауыз салатұғын:

«Қазақстанның жері – Шымкент, Жамбыл, Қызылорда. Барлығы қазақтың ата мекені. Бірақ, Қазақстанның терістігі - Орал мен Түстік Сібірдің олармен еш қатысы жоқ. Тіпті, 150 жыл болған Алматының орысша аты – Верный, Ресейдің Азиядағы сенімді бекінісі деген сөз еді. Онда бірде-бір қазақтың үйі болмаған, таза орыстардың қонысы, Семей, Өскемен, Шевченко, Петропавел тұтасымен Ресейдің жері, Гуриев-гуриев ботқасы деген сөз. Мұнда Қазақстанның қандай қатысы бәр? Демек, мұның бәрі ежелден Ресей жері. Болшевиктерді мен не үшін жек көрдім? Олар біздің елімізді осылайша бөлшектеді. 1991 жылы еліміз тағы бір рет бөлшектенді. Украина Львовты алсын, Қазақстанға Жамбыл керек пе, алсын, өзбектерге Хиюа мен Бұқара жетеді. Оларға Каспиймен шектесетін жерлердің қандай қатысы бар? Бұл Ресейдің Каспий маңы губерниясы емес пе? Әңгіме осы туралы. Шекараны белгілесек, қазақтар мен өзбектердің нағыз атамекені қай жер, сол жерден тарту керек, көндіру керек. Біз қазір Грузияға қалай істеп жатырмыз, барлық жерде дәл солай қылу керек. Абхазияны мысалға алып, барлық жерде солай қимылдау керек. Ұлттық тайпаларды ежелгі жеріне жылжытып, ежелгі Ресей жерін Ресейге қайтаруымыз керек...»

Ары қарай жалғасты жаза беруге жүрек шыдамады...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 01:02:18

Бұл оның қазақтар мен өзбектердің намысына қатты тиген сөздері болатұғын. Өзбектердің бұл хақында не деп, не қойғанын біз білмедік, бірақ құтырық саясатшыны қазақтар құсап құшақ жая қарсы алмайтыны шын еді. Бұл жағынан өзағаңдар өз намысын жібере қоймайтын. Осы сөзін айтқанда, Жекең 59 жаста болатын, жыл өтпей, Алматыға 60 жастық мерей тойын тойлауға келгенінде, қазақтың барлық игі-жақсысы мен атқамінерінің жапырыла жалпақтап, қошеметтеп, қырылып қала жаздағанын ойласаң, мына өмірге қазақ болып туылғаның үшін намыстанып та кететін кезің болатын еді. Бірақ, азғантай азғынның ұлы халқыма өкілдік қыла алмайтынын ойлап өзімді жұбататын едім...

Ал, оның қырғыздар туралы айтқаны тіпті де сорақы болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 01:18:13

«Менің қолдарым қазірше таза тұр. Егер елбасы болып кеткенімде, екі қолым қанға малынар еді» – деген есалаңның бар көксеген арманы Ақ патша заманындағы немесе кеңес заманындағы орыс өктемдігін қайтадан орнату болатын. Қазақтар мен қырғыз, өзбектерді, тәжіктерді, түркмендерді, бүкіл орта Азияны, әзербайжанды орысқа қайтадан қосып алуды, сол арқылы Ресейге 70 миллион арзан еңбеккүш әкелуді, барлық жер байлығын орыс ұлты иемденуі керектігін баса айтатын жынды Қытайдың өзіне де соқтыға беретін. Қиыр шығысты Қытай саудагерлерінің иеленіп келе жатқанын, Ресейдің аумағында Қытай азаматтарының Ресей азаматтығын алуы жиілеп келе жатқанын, ал өсімі мен бала тууы жағынан аса төмен көрсеткіштегі орыстардың өскіш те көбейгіш Қытайға тең тұра алмасын айтып байбалам салатын еді. Шетте жатып алғанымен қазақтың барлық ісін бақылап отыратын әккі саясаткердің ашық байбаламы осындай болғанда, оның айлакер екенін, білімді екенін ескерсек, Қазақстан елі үшін оның неше түрлі арамза жоспарларды жасағанын әрі оны біртіндеп іске асырып жатқанын сезе алар едік.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 01:33:22

Бұл сөздеріміз дәлелсіз еместұғын. Мұның айқын мысалын қазақ қоғамынан табу аса оңай еді. Қазақ тілінің басындағы қасіреттің бір ұшы осы тектес орыс әсіре ұлтшылдарының мойнында еді. Қазақтың сорына біткен «қара орыстар» бұл күнде қазақ тілін көрге қарай сүйреп бара жатқаны ащы шындық болуымен қатар айтыла-айтыла жауыр болған ақиқат еді. Бір замандарда «елім, жұртым, қазағым, қазақ тілім» деп аттан салу саяси ұпай жинаудың ең оңай, ең арзан тәсілі болған болатын. Бұл осы күнде де көбірек қолданылатын ұятсыз амалдардың бірі болып келеді. Елім деп еңірегенде етегіне жас толатын екібеткей саясатшылардың ұлт тағдырын қақпақылға салып келе жатқаны жанға батады. Ал баяғыда қазақтардың аз заманында, қазақтардың 38 пайыз заманында-ақ Қазақстан мемлекетінің бірден-бір заңды мемлекет тілі болып бекітілген қазақ тілі сол замандағы аса үстем орындағы орыс тілін қағаз жүзінде болса да біраз жерге тықсырған еді, өкініштісі, бұның барлығы саяси алдамшылық болып шыға берді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 01:51:25

Соның айқын бір дәлелі – қазақ тілді мектептерге баратын қазақ баласының жүрегін суыту саясаты болатын. Бұл қазаққа күн санап, сағат санап жасалынып жатқан қастандықтардың, тереңдеп қазылып жатқан көрдің ең сорақысы, ең қауіптісі болатын. Бұл арамдық қазақ мектептерінің оқулығына реформа мен өзгерістер жасауды сылтау ете отырып басталды. Оқулық жазуға әдейі, қасақана таластырып қойған жаулар қазақтың қырықпышақ болған зиялы қауымының сыртынан қарқылдап күліп отырғаны шын еді. Есесіне жылына мың мәрте құбылған қазақ тілді оқулық пен қазақ сыныптарын оқытуға жасалған қитұрқы оқыту әдістемелері, оларға тынбай кіргізіліп жатқан өзгерістер – жас оқушылар түгілі, қарт педагогтардіы өзінің басын қатырып, ойын онға, санасын санға бөліп сансыратып тастаған еді. Осының барлығы айналып келгенде, қазақ тілінде оқитын балаларға жасалынған қастандық болды. Ертеңін емес, бүгінін ғана ойлайтын күстабан қараша үшін алғанда, баласын мың құбылған қитұрқы қазақ мектебіне бергеннен гөрі орысша мектепте оқыта бергені оң болып сезілері талассыз еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 02:14:26

Мұның шырқыраған шындығын Мұхтар Шахандай айта алған адам жоқ. Қазақтың билік тұтқасын тұтқан дөкейлерінің арасында Бекболат Тілеухан, Мұхтәар Құл-Мұхаммет, Иманғали Тасмағамбетов сықылды бірнешеуінен басқасының барлығы тұтасымен орысша оқып, орысша ойлайтындардан еді. Мылқау қандарымыз бірте-бірте ұлттық қасіретімізге айналып келе жатқанын мойындайтын Қытай қазағының бұл арадағы ақиқатты айтқызбай білері сөзсіз еді. Санасы орысшаның санасары қазақ мүддесі болмақ емес! Әрине, олардың арасында да ұлты үшін, ұлтының егемендігі үшін шыбын жаны шырқырап жүргендері жетерлік. Бірақ, Астана дөкейлерінен бастап, жерлік көкелерге дейін орыс тілді болған қазақ қоғамында, қалаларды қоя тұрып, қысқасы, қиырдағы ең шеткері ауылдың әкіміне дейін орыс тілді Қазақтан сайланарын білсек, аң-таң қалмай амалыңыз жоқ еді. Әрине, олар балаларын қазақшаға бермейтін еді. Баласы қазақ мектебінде оқымайтын әкімнің қазақ мектебіне қаржы бөлмейтіні де шындық еді. Басқасын қоя тұралық, қазақтың Алматысының өзінде орыс тілді мектептердің айнадай жарқырап мұнтаздай тап-таза болып тұратынын, жаңа түскен оқу ғимараттарындағы жарық әрі кең, жылы бөлмеде орысша сабақ алып отырған балалардың басым бөлігі қазақтар екенін ескерсек, төбесінен жаңбыр өтетін, оқу-оқыту жабдықтары ескірген, қабырғалары шіріп құлағалы тұрған қазақ мектептеріне кім баласын бере қояр дейсің?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 02:33:45

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-4 02:40 өзгерткен

Менің Қытайдағы зиялы қауыммен аралас-құралас жүрген кездерімде бір байқағаным атамекенді ұстап отырған қандастарына бұлардың айтатын аз дұр-көп дүр өкпесі бар екен. Әрине, өкпе деген тек ағайынға ғана, жақынға ғана айтылады ғой. Қазақ өзімсінген адамына ғана өкпелегіш келеді, өзгеге өкпесін айтқан қазақ болмайды. Ағайынның азары болса да, безері жоқ еді. ондағы бар айтары қазақтың қарашаңырағындағы қазақ тілінің қасіретті жағдайы еді. Бірақ, осы өкпешіл зиялыларға менің айтатын бір ғана жауабым бар еді. Ол - олардың Қазақстанды түсінбегенінен шыққан сөз еді. Қазақстан қоғамын шынайы түсінген адам мұндай өкпеге бармас еді.

Себебі, сыртқы тұлғасы жағынан бейбіт те берекелі құсап көрінетін қазақ қоғамы, шын мағынасында, минут сайын, секунд сайын тоқтаусыз жүріліп жатқан түтінсіз соғыстың ішінде еді. Қазақ қоғамындағы барша қазақ осы соғыстың ішінде қан кешіп жүрген жауынгерлер болатұғын. Әрине, оның ішінде қол басы да, мың басы да, түмен басы да, жүз басы да, он басы да бар еді. Қатардағы қарапайым жауынгер болып қалың қараша қазақ жүретұғын еді. Қазақтың ондағы ұлтжанды зиялылары айға қарап жүрмегентұғын. Егер осы зиялылар болмағанда, отан үшін отқа да, суға да түсетін осы жанкешті ұлтшылдар болмағанда, қазақ қоғамының қалай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты болатын еді! Бүгінгі қазақ қоғамы солардың тоқтаусыз жалғастырған тынымсыз күресінің жемісі еді. Осы барыста қаншама арысымыз қан жұтып құрбан болды, қаншама арысымыз жалалы болды, қаралы болды, қаншама арысымыз осы күннің өзінде абақтыда, темір тордың ар жағында итке бермес күн кешіп отыр, осыны ойлаған жан бар ма?

Ал, ол кезде сен не қылып жүрген едің? Соны айта қойшы?

Осы сұрақты өзін қазақ сезінетін, жүрегінде иманы мен ұяты бар барша азамат өзіне күніне бір мәрте қойып отырғанын сұрар едім мен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 02:50:50

1986 жылы қазақтың қайсар ұл-қыздары адамзаттың арғы-бергі тарихындағы ең қорқынышты, ең сұрқайлы, ең қатыгез, ең қырғыншы билікке қорықпастан, қаймықпастан қарсы шапқанда қазақ ерлігіне таңырқамаған, сүйінбеген жан қалмаған еді, мынау әділетшілдік пен ақиқатты жақтайтындар көп қоғамда. Оның ар жағындағы қаншама қанды тарихты біздің мұндағы қазағымыздың бірі білсе, бірі біле бермес-ау...

Оған шектеулі ақпарат кеңістігі де себепші болғаны шын. Бірақ, Аустралиядағы еврейдің басқан-тұрғанын, тыныс-тірлігін, қуанышы мен жұбанышын, қамы мен мұңын Америка еврейі жіті қадағалап отыратыны сықылды ұйымшылдық пен ұлтшылдық бар ма екен бізде? Оңымыз бен солымызды түгендей алдық па, түге?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 03:02:10

Біздің оларды кінәлайтыін шамамыз жоқ еді. Олар орыстың сан қырғыны мен қысымынан есеңгіреп, енді-енді есін жиып келе жатқан ел болатын. Қазақтың соңғы ханы, арыстан жүректі Кенесары ханнан бастап айтпағанның өзінде, бұл қазақ не көрмеді дейсің ғой. Соңғы патшасының бас сүйегі әліге Мәскеуде жатқан қазақтың көрмеген күні жоқ еді. Тың игеруді сылтауратып, қазақ жұртына қалың бұратананы қаптатқан орыс өктемшілеріне қарсы қазақтың барлық қаласында туылған қанды қырғындардың қыры мен сырын бұл күнде КГБ-ның құпия құжаттарынан қазақтар зерттеп келе жатыр. Бізге әліге белгілі бола қоймаған, біз әлі күнге дейін қыры мен сырына қанық болмақ түгілі сондай оқиғаның болғанын да естіп көрмеген сан қырғындардың сыры болашақта ашылатынына кәміл сенемін. Себебі, сонау дүниежүзілік екінші соғыстан кейін, сарбаздары мен ұландарынан өлідей-тірідей айырылып біткен қазақ ұлты қатты қансыраған жаралы жандай болған еді. Соғыстан соңғы жылдарда орыс езгісінің астында жасаған қазақтың жаралы жанына қуат болғаны ұлттық рухы ғана еді. «Қазақтың өлген тіліне жан салған» шеттегі қазақ көші Ғабең сынды қазақ ғұламаларының көзіне жас алдырғанынан-ақ, үйірінен айырылған туысымен қайта қауышқан қазақтардың сол замандағы тақсыретін сезсек керек...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 03:15:30

Қазақстандағы түтінсіз соғыс дәл бүгінгі күні де тоқтаусыз жүріліп жатқаны шын, әрине, еш тоқтаусыз жүре беретіні де шын. Осы мақаланы сен оқып отырған осы бір минуттың өзінде де бұл соғыс тынбайтын еді. Ал бұл соғыстың қашан тоқтау табатынын құдіреті күшті бір Алла ғана білетін еді. Ондағы барлық қазақ соғыс алаңындағы, қан майдандағы сарбаздар болатұғын. Әрине, онда қорқағы да, батыры да бар еді. Қалай болмасын, олар осы соғыс майданында еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 03:23:35

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-3-4 03:35 өзгерткен

Ал, ұйқысыздар, ұйықтаңыздар, мен де демалайын...

Жақсы жатып жайлы тұрыңыздар. Алла баршаңызға сәбидің қамсыз ұйқысын сыйлағай...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 13:45:37

Жасаған қоғамымыздың сипатына жарай, бала күннен алған тәлім-тәрбиеге қарай, барша құбылысқа, барлық мәселеге «бірлік» сипатпен ғана қарау біздің қанымызға сіңісті болған еді. 3D фильмдерді көруге арналған көзәйнек керек еді. Мұндай «бірлік» сипатпен ғана көретін сырқат көздерге. Мәселе көз бен көзәйнекте емес, салданған санада болатын.

Терістік Корей еліндегі 23 миллион халықтың «ұлы көсем Ким Ер Сеннің басшылығы астында» «бақытты һәм баяшатты жасап» жатып, «Америка империалистерінің» айға шыққанынан да хабарсыз екенін естіген бе едіңіз? Әрине, олар осы күнге дейін жылжымалы хабарласу құралдарын, белбебеу (пейжір, жұрт есінен көтеріліп те кеткен болар, арнайы ағылшынша-қытайша атын бердім, BEEPER, BP, PAGER 传呼机,寻呼机, белімізге қолақпандай қылып байлап алып жүретін сол бір заман естеріңізде ме, көпшілік? Ұмытпаған боларсыздар...), қолфон, ғаламтор, компьютер сықылды дүниелерді көрмеген де. Мүмкін, естіген болар-ау. Мінеки, сананы құлданудың қай деңгейге дейін жеткенін көріңіз. Ғаламторда кеңінен танымал болған бір құжатты фильм бар болатын. Ол Американың арнайы қызметінің терістік Кореяға арнайы түрде көз ауруын емдеуге бармақ болған непәл дәрігерімен жасырын селбесе отырып құпия камералармен түсірген аса қымбатты материалдары еді. Өз көзіңізбен көрмесеңіз, ондағы айтылғандардың шын екендігіне күмән келтіретін едіңіз. Бірақ, бұл шын еді. Осы біз жасап жатқан замандағы корей қоғамының шындығы болатын. Дәл қазір, осы шығарманы мен жазып, сіз оқып жатқан минуттың өзінде, терістік корей халқы күні бойы «ұлы көсемдеріне» сағат сайын айтылатын «мадақ жырларын» жалғасты айту үстінде болар еді. Ойлаңыз, 23 миллион адам! Көздерінен жастары аға, мұрындарынан маңқасы аға «ұлы көсемге деген шексіз сағыныштарын» айту дәстүрі есіңізге нені салды екен?

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-4 13:59:14

Ағылшынша Ким Ел Саң (Kim Il Sung), орысша Ким Ер Сена (Ким Ер Сен), ал қытайша Жин Рі Чың (金日成) атанған бұл «күн көсемнің» туған ұлы бұл күнде корей халқын билеп отыр. Оның «қасиетті һәм мүбарак атын» қытайлар (金正日) Жин Жың Рі, орыстар Ким Чен Ирким Чен Ир, ағылшындар Ким Жиоң Ил (Kim Jong-Il(деп атайды. Ғаламтор шарлағыш оқырмандар жалықпаса, осы аттар бойынша іздеу салып бір шарлап шықса-ақ біраз дүниеге көзі жететін еді. Өкініштісі, өз одақтасының өсегін өле қалса да айтпайтын антына берік, досына адал қытайлардың сайтынан бұларға қатысты мардымды бірдеме табу оңай емес. Десе де, диктатордың баласы ендігіде өз тағын 3-ұрпақ басшы ретінде ұлына табыстап кететін көрінеді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)