Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар 7 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мәскеуде болған күндерімде орыстардың шешендерге аса құрметпен, аса қорқынышпен қарайтынын сезген болатынмын. Тау халқы өзінің жанқиярлық күрестерімен өңге түгілі өз жауының да құрметі мен қорқынышына айналыпты.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 13:50:08

Орыстардың Алматыға келуінен кетуі тез болды. Мәскеу мен Алматы арасында мен ұшып көрген емес едім. Негізі, үш-төрт сағаттық қана аралық болса керек. «Міне қозғалғалы жатырмыз» деп телефон бергенінен бастап мен қағаздарым мишықтағы құжаттарымды реттеп болып, Алматының оңтүстік тау баурайындағы Алма-Арасанның жоғары жағындағы тау арасындағы арнайы дайындалған қонақ үйден шығып, Алматының терістік қиыр тұсына орналасқан әуежайға жеткенімше де осыншалық уақыт өте шыққан еді. Алматыдағы көлік кептелісі 15-20 миллион халқы бар Шаңхай, Бейжіңдермен парапар еді. Негізі, Алматыда жұмыс бітіру, қала ішінде арлы-берлі шапқылап жүру қиямет-қайым. Қашан көрсең кептеліп тұратын, арасынан құмырсқаның өзі өрмелеп өте алмастай тығыздалып, тығындалып тұрған көлік ағынына қарап отырып аң-таң қаласың. Ат құмар, тұлпар құмар, сайгүлікті жанынан артық жақсы көретін қазақы қасиет ендігіде автокөлік құмарлығына ауысқан сықылды. Жағдайы бар қазақ жігіттерінің бір басына бірнеше көлік алып алатыны да қызық. Баяғыда осындай бір танысым болды. Су жаңа лексус көлігінің ең соңғы үлгісін мініп жүрген болатын, соңыра, онысын тойотамен толықтырды. Мұнысын былай түсіндіреді:

Тойота – қазақша айтсақ, той аты. Тойға мініп баратын ат. Сөйтсем, жаңадан байыған жастар арасында тойотаны «той аты» деп атау моды болған екен. Мұнысына да жол болсын деп жүргенде, үшіншісі қылып мерседес-бенц алды. Ең соңғы үлгісі. Өзінің айтуында, ручной көрінеді. Онысы, заводтан емес, қолдан жасалынған дегені. Алматы бойынша алғанда, оның айтуынша, бұл 3-көлік болса керек. Алдыңғы екеуін қазақтың астамсыған бір дөкейі бір жолда ала салған екен. Өзі бастап қазақ елінде алғаш мінгеннен қорқып, алдымен өзінен де жоғары бір көкенің қатынына біреуін сыйға тартып, сосын барып өзі екіншісін мінген екен дейді. Айта берсең қызық. Астанадағы бір туысқан ағам да сонау Америкадан арнайы түрде алғызды бір көлікті. Онысы да көргізбеге алғаш шығарылған, қолдан жасалынған бәле екен. Қысқасы, оған тек сол атақты General Motors - тың арнайы жасалынған бренттері ғана болмаса, кез-келген брент түсе бермейді екен. «Бұл көлік бүкіл жер шары бойынша, мына ағаң – менде ғана бар, Америка көлік тарихында менің аты-жөнім жазулы тұр» деп қарқ-қарқ күлген еді бұл туысқаным, Астана әуежайынан мені қарсы алып алған бір сәтінде.

Міне, көлік жарысы. Қазекең осылай бірімен-бірі көлік бәсекесіне түсіп жатқанда, Алматы кептелмей қайтсін де. Алматы мен Астанадағы көліктердің көп түрлілігі, сан алуандығы жер шары бойынша ең ғажап еді. Алматымен астасатын екінші бір қала жоқ деп айтуға болар еді. Америкадан, Еуропадан кеше ғана өндірілген хаммерді Алматыдан күн араламай көре аласың. Астана көшелеріндегі танк сықылды дәу әрі қорқынышты хаммерлердің иесінің барлығы жаңа қазақтар еді. Билік тұтқасы мен тірлік тұтқасын қатар ұстаған қазақтың жаңа жас қауымының аузынан доллар атылып, қалтасынан еуро шашылып жататын еді. Жаңа қазақтар болатұғын бұлар.

Бірақ, бұларға мүлде ұқсамайтын тіптен жаңа қазақтар да болатын еді. Бір өзі жүздеген жетім баланы асырап-бағып, оқытып-тоқытып отырған қазақтар да бар болатын. Тау сағасындағы бриллиант районға орналасқан 5-6 миллион доллар тұратын саяжайын мұсылман бауырларының игілікті істері үшін сыйға тарта салған жомарттар да шығатын еді бұл қазақтардан. Жасанды серікке шыға алмай отырған әлдебір ұжымның жылдық жасанды серік ақысын бір жолда төлей салатын байекеңдердің Алматының Көк мешітінде қатардағы қарапайым бұқара қатарлы жүретінін ойласаң жүрегің жылып қалатын еді. Неше жылдан бері, Алматының тау баурайындағы әлдебір дәу мешіттің дәретханасын, таһаратханасын тазалап, боқ-сідігін, қоқыр-соқырын жуып-шайып жүретін екі иығына екі кісі мінгескендей тау тұлғалы алып қазақтың Алматыдағы саусақпен санарлық байлардың бірі екенін білгенімде, оның таза мұсылмандық сауапты тірліктеріне ризашылығым мен құрметім жүрегімді жылытқан болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 16:22:12

Қазақ қоғамында не жоқ, барлығы бар. Жақсысы да, жаманы да, қуантары да, жылатары да, қуы да, сұмы да, қысқасы, бір қоғамда болуға тиістінің барлығы да бар. Бірақ, біз білетін кез-келген қоғамнан өзгеше тұстары да бар екенін ескерте кеткенді жөн көрдім. Біз қандай қоғамды білуші едік? Біз көрген қоғам бір ойдағы, бір идеядағы, бір таным, бір нанымдағы «бірлігі» күшті қоғам болатын. Ал, қазақ қоғамынан мұны табу қиынға соғады. Кеңес Одағы ыдыраған соң қазақ қоғамына ең алғаш ағып кіргені Батыстың мәдениеті болды. Саяси еркіндік ұстанымын көкке көтерген сол жылдарда еркіндіктің көкесі ретінде Батыстың жалаңаш мәдениеті (шынтуайтында, бұл мәдениетсіздік, жабайылық еді) қоса кірді. Дағдарғаннан бағдарын таба алмай қалған қоғамда мұны тектейтін зор тұлға туа қоймады. Саясаттың сабын ұстағандар болса, «ат шу» деп бастап сала бергенде көмбеден ытқыған аттардың тебіні бірдей болғаны сықылды, ол заманда Кеңес қамытынан енді-енді босай бастаған бәсекеңдер тұтасымен «тақыр кедейлер» болатын. Бірінен-бірінің артық ештемесі жоқтұғын. Шетел асқан миллиардтаған долларлардың көлеңкесі де жоқ еді ол заманда. Аты-затына сай пролетарлық тұқымнан шыққан, ата-бабасынан тақыр-таза кедейдің ұрқы екенін Кеңес заманында мақтанышпен айтып, архивтеріне кіргізетін коммунист басекеңдер, ендігіде, абдыраған қоғамда, аңтарылған қоғамда, қайда барарын, қайда тұрарын әліге айқындай алмай тұрған, адасқан қоғамда, бірінен-бірі қалыспай, арыпталасқан тонаушылыққа қарай жапа-тармағай лап қойды!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 16:33:15

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-3 16:34 да өзгерткен

Сонымен, қоғамдағы ең алғашқы байлар пайда болды. Бұлардың барлығы тұтасымен тонаушылықпен, қарақшылықпен байығандар болатын. Алланың берген адал несібесімен байыған адам осы заманда өте аз болды. Ондайлардың көбі шетел жағалап, ала дорбамен тауар тасығандар болды, бірақ бұлардың терлеп-тепшіп жүріп тапқан алғашқы байлықтары жаңағы тұтас қоғамды тыр жалаңаш қылып тонап алғандарға қарағанда түк те емес болатұғын. Сонымен, айтылмыш «қазақ буржуазиясы» осылай пайда болды. Бұл осы заманғы қазақ үстем табының қалыптасу барысы болатын. Олардың ешқайсысында ата-бабасынан қалған милиондаған долларлық байлық түгілі, он мың доллар тұратын алтындары да жоқ болатын. Кеңес заманында, сонау байларға қарсы заманда, байдың барлығы қырылып біткен болатұғын. Ал, қырылудан аман қалғаны амалын тауып байлығын жасырып қалғандары ғана еді немесе шетел асып, Қытай, Иран, Ауған жағалап кеткендер ғана болған еді. Кеңес заманы 70 жыл билеген заманда, қоғамдағы адамдардың бірінен-бірінің артық ештемесі болмайтын еді. Бірақ, арасы бес-алты жылға бармайтын аз ғана уақыттың ішінде, адамзат тарихындағы ең тез байыған адамдардың шоғыры тұтас Кеңес кеңістігінде пайда бола бастады. Тонаушылықпен, қоғам мүлкін заңсыз жымқырумен, алдау-арбаумен пайда болған мұндай байлар тұтасымен Кеңес заманындағы билік тұтқасын тұтқан коммунистер болатын. Оның ішінде де үш әріптілер аса басым болған болатын. Кеңес заманында құқықтың ең зорын ұстаған үш әріптілер Кеңес ыдырай сала қоғамның нағыз қарақшыларына айналып шыға келген болатын. Олардың қолшоқпары болып әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген спортшылар да кете барды. Сонымен, қоғам алай де-дүлей болып кетті. Аңқайған аңқаулар есін жиып болғанша, арамдар мен алдамкөстер әлемдегі ең ірі байлардың қатарына өтіп шыға келді. Ендігіде билік басында отырғандар да солардан шығатын болды. Сонымен, дербестенгеніне 20 жылға жетпеген қазақ қоғамынан он шақты миллиардер атақты “Форбес” журналына ілініп шыға келді. Бұлар ашыққа шыққандары ғой, ашыққа шықпайтын, арам ақшасын Швейцария банкнен басқаға тықпайтындардың қанша екенін ешкім де білмейді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 16:54:08

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-3 16:59 да өзгерткен

Қашан да топалаңда той жасауға құмар еврейлер қазақ қоғамындағы осы былықпалықтан барынша пайдалана білді. Қырғызстанның қиырындағы ауылдың қатардағы қарапайым мұғалімі көзді ашып-жұмғанша қазақ қоғамындағы барша байлықтың ересен бөлігін иемденген алпауыт еврейге айналып шыға келді. Америкаға қазақ кенішін кепілге қойып жүз миллиондаған доллар алып шыға келген еврейдің баюының ар жағында Америка еврейлері тұрды. Сонымен, бір еврейге Алматыны ұзақ жылдар билеткен қазақ төрт еврейді қоғамның ең ірі байлары қатарына шығара салды. Бұл күнде бұл төртеуінің байлығы тұтас қазақ қоғамының байлығының басым зор бөлігін ұстап отыратынын шетел ақпараттары жазады. Оны аз дегендей, ағылшын азаматы, үнді текті Лакшми Митталға бар теміртек байлығын ұстата салған қазақ қоғамы қатардағы қараның бірі болып жүрген айдаладағы біреуді ғаламдық алпауытқа айналдырды. Өз байлығы, өз ырысы өзіне бұйырмаған сорлы қауым қазақтай-ақ болар. Жоғарыдағылармен қоса қазақ жерін мекендеген кәріс-дұнғаны бар барша тиын қуалаған жұрт жапа-тармағай жанталасқа түскенде, Абайдың «оқы, оқысымен» бар қызығын, бар арманын оқудан ғана іздеген қазақ баласы тақыр кедей мектеп пен университет жатақханасын жағалап қала берді. Қалаға орыс қуғындап кіргізбеген қазақтың ауылдағы өмірі итке бергісіз еді. Онсыз да, Кеңес заманындағы иті мен күшігіне дейін үй алып қалған орыстың алқашы Мәскеуден доктор болып оралған қазақтың ғалымынан артық күн көргенін білсек, оған қоса, егемендік алғаннан кейін, орыстардың қазақ жеріндегі барлық үй-мүлкін, жылжымайтын мүлкін заңды түрде жекеменшіктері ретінде мойындап жіберген қазақ билігі қала жағалаған орыстарды қате берілген бір бұйрықтарымен-ақ қоғамның қалталы жігіне айналдырып шығара салды. Себебі, орыстар да, кәрістер де, еврейлер де Кеңес заманында орыс өктемдігі арқылы иеленіп қалған үй бар болатын. Қалада бір емес, бірнеше жерде қабат үйлері, жер үйлері бар орыс-украин, кәріс-еврей қазақ қоғамындағы аласапыран жылдарда ауылдан қалаға ағылған қазақтардың қанын сорып алатын қоғамдық жегі құртқа қазақ билігі арқылы айналып шыға келген болатын. Ауылдағы қазақтың үйі көк тиынға татымай қалған болатын. Ал, қаладағы орыстың қаптаған пәтерін жалдаған қазақтың қала жағалаған алғашқы қайыршы зиялылары егемендіктің қуанышын жүрегінде сезгенімен, ит көрмеген күнді көре жүріп тапқан табысының басым бөлігін пәтер ақысы ретінде орыстарға төлеген сайын мұнысы су сепкендей басылатын еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 17:14:57

Өзбек билігі өзгеше болды. Өзбектің қалаларын мекендеген, партия мен үкіметтің белді қызметтерін уыстарына ұстаған орыстар өзбек жеріндегі Кеңес кезіндегі иемденген барлық байлығын, жер-мүліктерін, жылжымайтын мүліктерін бір тиынға жарата алмаған болатын. Ислам Кәрімов оларға ашықтан-әшкере былай деген-ді: «Ал, орыс әкәлар, 70 жыл өзбек елін биледіңдер, үйлі-баранды болдыңдар, өстіңдер, өндіңдер, енді сол ескі үйлеріңді өзбектерге тастап кетесіңдер, үй – Өзбек Республикасының мүлкі, ешкім сата алмайды, ешкім пайдалана алмайды, сатушы да, сатып алушы да заң алдында қорғалынбайды, үй үкімет меншігінде қалады» деді. Сонымен, қазақ қоғамындағы сықылды Кеңес заманында иемденіп қалған жылжымайтын мүлкі арқылы қоғамның қалталы жігіне айналып шыға келген қалалық қалталы тап мұнда қалыптаспаған еді. Алматы қаласын аралап жүрсең, қайда барсаң да бала-шағасын ертіп әдемі жерлерде, өзен бойларында, бақтарда, тауда серуендеп жүрген қазақ еместерді көрген болар едің. Бұл аса жалпы беттік құбылыс болатын. Себебі, бұлар серуендеп жүрген кезде қазақтар бұлардан жалдап алған пәтерлерінің жалақысын төлеу үшін ақ тер-қара тер болып жанталасып еңбек етіп жататын еді. Көбісі бала-шағасын алыстағы ауылға тастап, мұнда жан бағыс үшін салт келген қазақтың азаматтары болатын. Көкбазарда кітап жаймасын ашып отырған тарих ғылымдарының кандидаты осы күнге дейін бұл барысты ашына әңгімелеп беретін еді. Ал, қазақтың педагогі барахолканың құрылыс базарында өкпесін қаптырып Қытайдан келген цементті тасығаны үшін бір самсалық жалақы алғанына мәз болып жүргенде, қазақты қорлай, табалай, мазақтай мәз болған қазақ еместер қоғам байлығын иемденіп осы қоғамның орташа жігіне айналып алған болатын. Ал, ең жоғары жақта отырған қазақтар бұл заманда жаңағыдай құлдық езгідегі бауырларын құтқармақ түгілі, бір-бірімен қырқысып, бір-бірімен партия-одақ құрысып, жаңа билікке талас үшін жан алып-жан беріп жатқан болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 17:31:33

Қазақстандағы кез-келген қазақ баласы осы күнді басынан кешкендер болатын. Алматыда үйі бар қазақты қазақ қоғамында едәуір табысты қазақ ретінде қарауыңа бола береді. Себебі, Алматының барлық үйі қазақ еместердікі болатын. Үйдің бағасы аспанға шыға шарықтаған сол замандарда, қалаға ауылдан келген қазақ зиялыларының көрген күні өте ашынышты еді. Кеңес заманында билік берген үйін қазаққа сатып кеткен орыстар қалтасына нығыздап алған долларларымен Ресейдің өзінде бақуатты өмір сүретінін баспасөз айтып жатты. Ал, Ресейге кетпегендері күні бүгінге дейін оқу үшін, жұмыс істеп жан бағу үшін Алматыға келген қазақтың қара домалағын езумен, қанын сүліктей сорумен келе жатыр. Шетел ақпарат көздерінің санды мәліметіне сүйенсек, қазақ түрмелерінде отырғандардың 95 пайызы қазақтар екен. Демек, Қазақстандағы 100 мың қылмыскердің 95 мыңы қазақ деген сөз. Бір тауық ұрлағаны үшін бес жылға, бір жаман ескі қолфон ұрлағаны үшін 3 жылға сотталатын қазақтың қалаға келіп қайыршылық халде қалған баласының соңғы баратын жері абақты еді. Оған қосыңыз, қазақ қоғамындағы барша қылмыстың қайнар көзі парақорлық екенін. Сонымен, қазақ баласы егемендік алған осы ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде, шын мағынасында, ең ауыр жылдарды басынан кешіріп жатқан болатын. Саяси құлданудан экономикалық құлдануға өткен орыстар, қазақ еместер, қазақ қоғамында осы күнге дейін қоғамның ең майлы, ең жайлы тетіктерін меңгеріп отыр еді. Қазақ қоғамын қазақтар мен қазақ еместер деп екіге жіктегенім сықылды, азғантай ғана жайлы өмір кешіп жатқан жаңа қазақтарды есепке алмағанда, басым көп санды қазақтар құлдықта еді. Қала жағалаған қазақтың барлығы дерлік орыстың, қазақ еместердің экономикалық құлдығында еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 18:10:26

Біз қашан да шындыққа төте қарай алмайтындарданбыз. Себебі, айналамыз осыған үйретіп қойған. Біз үшін алғанда, кинодағы адамдар екі түрлі ғана. Бірі- біз жақ, екіншісі - жау жақ. Сол сықылды өмірде де барша құбылыс екі түрлі ғана, бірі - жақсы, бірі - жаман. Біз мынау қызыл-жасыл қоғамды стеро көре алмаймыз, себебі, көзіміз стеро көре алмас болып қалған. Бейне, стеро киноханадағы стеро киноны жай көзбен көріп отырған көрермен сықылдымыз. Қазақ қоғамын шеттегі қазақтың түсінуі үшін, жалаң ғана ақпарат көздеріне сүйенсек болмайды. Ол үшін өз басыңда жетерлік пайым мен парасат болғаны жөн. Шын мағынасында, Қазақстан қоғамы осы адамзат баласы жасап отырған жасыл шардағы екі жүзге тарта мемлекеттің ішіндегі ең таңғажайыбы десем артық кетпеген болар едім. Себебі, бұл ел Алланың нығыметіне бөленген ел болатұғын. Адамзат тарихындағы ең таңғажайып ел егемендігі осы арада болған болатын. Ол бүкіл ел халқының небары 38 пайызын ұстайтын қазақтардың өздерін үш ғасыр құлданған әлемдегі ең қуатты, ең қатыгез империядан дербестенгені еді! Мұндай таңғажайып құбылыс адамзат баласының тарихында бұрынды-соңды ешқашан болмаған болатын. Иә, адамзаттың тарихында азшылықтың көпшілікті жаулауы бар болатын. Бірақ, азшылықтың көпшіліктен, көпшілік болғанда да, адамзат тарихындағы ең қаныпезер, ең қуатты көпшіліктен егемендік алуы - шын мағынасында, қазақ халқының адамзат алдындағы ерен ерліктерінің бірі еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 22:09:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-3-3 22:17 да өзгерткен

Алма-Арасаннан Алматы әуежайына мен жеткенде, орыстар да Мәскеуден Алматыға келіп жеткен еді.

Алматының көлік кептелісін осыдан-ақ байқауға болатын еді. Алматылықтар мінген көліктерінің сан алуандығымен мақтанса мақтанғандай еді. Әрине, Алматыдағы көліктің сан түрлілігі әлемнің ешқандай қаласында жоқ еді. Мысалы, Жапонияны алалық, олар аса ұлтшыл болғандықтан, тек Жапониядан өндірілген көліктерді ғана мінеді, бірен-саран өзге елдің көлігін мінетіндер болса, ол көбінеки Жапониядағы шетел серіктіктері немесе елшілер ғана болады. Демек, Токиоң да Алматыға жете қоймайды. Ұқсас себепті корейлерге де айтуға болады. Оларда да ұлтшылдық жоғары, отандық тауарларын көз қарашығындай қорғайтын корейлер бұл жағынан ғаламда бірінші. Олар қысқасы кока-кола ішпеуге үгіттесіп жатады, атақты титаник киносының өзі Кореядан қыруар ақша сыпырып кетерін есептеген корей ұлтшылдарының аталмыш киноны көрмеуге шақырған үндеулері бір мезет батыс қоғамын тіксіндіріп жіберген болатын. Ал, корейдің ұлтшыл студенттері жапон көлігін мінгендерді арнайы аңдып жүріп көліктерін өртеп, қиратып кететіндіктен, ол елде негізінен өз көліктерін мінетіндер басым орынды ұстайды.

Ал, Еуропаның кез-келген қаласын алсақ, осы заманғы атақты көліктердің сан алуаны мұнда толып жүргенімен, оларда орыс өндіретін «Жигули», «Лада» «москвалық» бола қоюы екіталай. Ал, Алматыда қаптап жүрген ладаларды көре аласың. Онан сырт, Еуропа мен Америка қалаларында Чехтің өндірген көліктері болуы екіталай. Ал, мұнда Кеңес бодандары Шығыс Еуропа елдерінен өндірілген көліктер де жүйткіп жүреді. Демек, Американың, Еуропаның, Жапонияның, Кореяның көліктерімен қоса, мұнда Шығыс Еуропаның, орыстың көліктері жүреді, оған қоса алақандай өзбек өндіретін “тико” да Алматы көшесінде анда-санда көрініп қалады. Соңғы кезде Қытайдан көшіп барғандар Талдықорған, Қарабұлақ көшелерінде Қытайдың қос дөңгелекті мотоциклдерін жүйткітіп жүретін болды, ара-тұра «қызыл ту» да көрініп қалады. Оған қоса, Қытайдан барған оралмандар көп қоныстанған ауылдарда Қытайдың қаптаған «қызыл тайыншалары» мен «қызыл өгіздері» жүретін болды...

Демек, күллі дүниенің жақсы-жаман көлігін жинап алған Қазақстан бейне күллі ғаламдағы дұрыс-бұрыс барша діндерді жинап алғаны сықылды еді...

Ала-құла, қызыл-жасыл қоғамның қайда бара жатқанын бағамдай алмай, шарадай басың шақшадай болатыны шын. Оған кіп-кішкентай кезімізден бастап алған тәлім-тәрбиеміздің «бірлік» сипатын қоссақ, мұндай «көп түрлілік» қоғамды түсіне алмай басымыз қатары шын еді...

Ала-құла ақпаратын естіп, зар-зар еткеннен басқаны айта бермейтін телеарналарын көре қалған алғашқы оралмандардың шошынып кеткені де шын еді. Әрине, Қытайда жүргенінде кілең жақсы мен кілең табыстарды ғана айтатын телехабарларға үйреніп қалған аңқау оралмандарға «жағына жылан жұмыртқалаған» Қазақстан телеарналарының ашық ойлы ақпарлары сұмдық сезілетін еді...

Сондықтан да онда барған Қытайдың қазақтары Назарбаевтің нағыз қолдаушылары болып шығатын. Бала-шағасынан, еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін Назарбаевтің тілеуін тілеп еміреніп отыратындар болып келетін еді. Ал, оларға қарсы айтылған ақпарларға олар қатты тіксіне қарайтын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-3-3 22:33:30

Алматы әуежайында мәскеуліктерді қалыпты құрметпен қарсы алып алдым. Бұл жолы орыстар қалып қалған екен де, еврейлерді жіберіпті. Мұнысына да қуанып қалдым.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 22 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)