Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шартты ҚысҚартулар тізімі

Читайте также:
  1. Дебиеттер тізімі
  2. МОДУЛЬДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
  3. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  4. Р “сыбайлас жемқорлықпен күрес” туралы заңда белгілінген жақын туыстардың тізімі қандай..
  5. Тақырып бойынша дереккөздер мен әдебиет тізімі

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Ж.Ж. Жарылқасын, А.М. Жарылқасынова, Г.М. Елеусинова

 

СКЕРИ ГИГИЕНАНЫҢ ТАҢДАМАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

 

 

Қарағанды 2010

ӘОЖ 613.67

КБЖ 51.2 + 68 я 7

Ж 31

 

Рецензенттер:

А.Ж. Шарбаков – «Астана медицина университеті» АҚ №2 гигиена кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.;

С.Р. Жакенова – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасының доценті, м.ғ.к.;

А.Қ. Сұлтанов - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының доценті, м.ғ.к.

А.М. Мухаметжанов - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедрасының бастығы, м.ғ.к., медицина қызметінің подполковнигі

Ж.31 Жарылқасын Ж.Ж., Жарылқасынова А.М., Елеусинова Г.М.

Әскери гигиенаның таңдамалы мәселелері. Оқу-әдістемелік құрал. –Қарағанды. – 2010. – 57 б.

КБЖ 51.2 + 68 я 7

 

Оқу-әдістемелік құрал жалпы білім беру стандарттарына, білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы гигиенаның бағдарламасына, сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрлігі бекіткен «901000, 905000, 905601, 902901, 909000 әскери есептеу мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында оқитын студенттерден запастағы медициналық қызмет офицерлерін дайындау бағдарламасына» (2009 ж) сәйкес дайындалған. Оқу-әдістемелік құралда әскери гигиенаның өзекті негізгі мәселелері мазмұндалған. Оқу-әдістемелік құрал медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған, сонымен қатар әскердегі дәрігерлер тәжірибесінде анықтамалық материал ретінде пайдалануға болады.

 

ҚММУ Әдістемелік кеңесі отырысында талқыланып, мақұлданды. Хаттама № 6 «10» ақпан 2010 жыл.

 

ҚММУ Ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылды.

Хаттама №7 «25» ақпан 2010 жыл.

 

© Жарылқасын Ж.Ж., Жарылқасынова А.М., Елеусинова Г.М., 2010.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

· ӘМЛ - әскери медициналық лаборатория

· БЗ – бактериологиялық заттар

· БТП – батальондық тамақтану пункті

· ЗОК – зымырандық отын компоненттері

· ЛГ – лаборатория гигиеналық

· ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі

· ӨЖЖ - өте жоғары жиіліктегі

· РЛС – радиолокациялық станция

· РБЗ – радиобелсенді заттар

· СЭЛ – санитарлық – эпидемиологиялық лаборатория

· СҚП – сумен қамтамасыз ету пункті

· УЗ – улы заттар

· ШРЕК – шектеулі рұқсат етілген концентрация

· ШРЕД – шектеулі рұқсат етілген деңгей

 

АЛҒЫ СӨЗ

Отанымыздағы әскери медицина ежелден мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің, армия мен флоттың маңызды құрамдық элементі ретінде дамыды. Әртүрлі тарихи кезеңдерде әскери медицина салаларының кейбір бағыттарының маңыздылығы өзгеріп отырды, бірақ оның басты мақсаты - әскердің соғысу қабілеттілігін сақтау мен нығайтуда елеулі фактор – жауынгерлердің денсаулығын сақтау, қалпына келтіру, сырқаттар мен жарақаттардың алдын алу маңыздылығы өзгерген емес.

Әскерді медициналық қамтамасыз етуде оны ұйымдастырудың профилактикалық жағын нығайту аса маңызды стратегиялық мәселе болып табылады. Бұл мәселенің ойдағыдай шешімін табуы біліктілігі жоғары әскери-медициналық мамандарды әзірлеу жүйесінің дамуы дәрежесімен анықталады.

Қазақстан Республикасында әскерді медициналық қамтамасыз етуде және санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымдарының реформаға ұшырауы әскери гигиена бойынша мамандарды дайындауды талап етеді.

Әскери гигиена – бұл әскери дәрігерлердің тәжірибелік іс-әрекеттерін зерделейтін ғылым саласы, сондай-ақ, әскери қызметкерлердің соғысқа, еңбекке қабілеттілігін арттыру, олардың денсаулық жағдайларын сақтау мен нығайту шараларын әзірлеумен шұғылданады.

Сондықтан, жоғары медициналық оқу орындарында болашақ әскери - медициналық мамандарды дайындауда, олардың әскери гигиена бойынша теориялық базасын қалыптастыруда бұл әдістемелік құралдың маңызы аса зор.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)