Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономика бакару академиясы

Читайте также:
  1. IV Раздел. Экономика производства.
  2. Административно-командная экономика
  3. АЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  4. АЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  5. Блок №6 Экономика предприятия
  6. Государственная муниципалистическая экономика
  7. Интернет и экономика
Пән: Экономикалық теория негіздері  
2 кредит 1,2 семестр 2012-13оқу жылы
Тәжірибе № 6: Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.   Суанбаева У.Н.проф.

Жалпы рынок мәні қызметтерінде толық көрінеді. Ең маңызды қызметтеріне жататындар:

- тауарлық өндіріс өзін-өзі реттеу қызметі;

- ынталандырушы қызметі;

-өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын орнаты қызметі;

- реттеуші қызметі;

- шаруашылық өнімді демократиялау, өзін-өзі басқару принциптерін іске асыру қызметі.

Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді:

- маржиналдық (шекті) талдау;

- балама талдау шығындары;

- экономикалық рационалдық.

Негізінен экономика инфроқұрылымын үшке бөлуге болады:

- өндірістік;

- әлеуметтік - тұрмыстық;

- рыноктық.

Өндірістік инфрақұрылым - бұл негізгі қызметтер, өндірістік қызмет көрсетулер мен халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз ету болып табылатын салалар мен салаішілерінің жиынтығы.

Әлеуметтік-түрмыстық инфроқұрылым – бұл халықтың дұрыс өмір сүру үшін материалдық, мәдени-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз ететін салалар мен салаішілер жиынтығы.

Рыноктық инфроқұрылым – бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы.

Рыноктық инфроқұрылым элементтері: тауар және қор биржалары; сауда үйлері; көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары; жәрмеңкелер мен көрмелер; аукциондар; делдалдық құрылымдар; сауда өнеркәсіптік палаталар; кедендік мекемелер; түрлі қызмет көрсететін ұйымдар.

Рыноктық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Рыноктық экономика мынадай артықшылықшылықтарғы ие:

- ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

- өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;

- тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;

- ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;

- өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады.

Рыноктық экономикаға мынадай белгілі кемшіліктер тән:

- табыс алуға кепілдік бермейді;

- толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;

- қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

- ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етеді.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Рыноктық пайда болуы мен қалыптасуының экономикалық және әлеуметтік шарттары.

2. Рыноктың мәні.

3. Рыноктың құрылымы, рыноктың түрлері және олардың жіктелуі. Рыноктық инфроқұрылым. Биржа, банк, сауда, коммерция.

4. Рыноктық экономиканың артықшылықтары және кемшіліктері.

5. Рыноктық экономиканың модельдері.

6. Рыноктардың типтері, бәсеке түрлері және олардың негізгі сипаттамалары.

 

ТЕСТ

Меншiктiң экономикалық мазмұнын қандай қос-ұғым ашады:

А) иемдену-айыру.

В) негiз-құрылым.

С) мәнi-көрiнiсi.

D) себебi-салдары.

Е) тұлға-зат.

Иелiк құқығын қалай сипаттауға болады:

А) игiлiктi төтенше бақылау құқығы

В) заттың пайдалы қасиеттерiн алып шығару құқығы

С) заттың тағдырын шешу құқығы

D)игілікті мұрагерлікке қалдыру құқысы.

Е) заттың пайдалу мүмкіншілігін анықтау құқығы

Пайдалану құқығы қалай анықталады:

А) мұрагерлік құқығы

В) заттың тағдырын шешу құқығы.

С) заттың төтенше бақылау құқығы.

D) заттан оның пайдалы қасиеттерiн алу құқысы

Е)мұрагерлік және сыйға беру құқысы.

Билiк жүргізу құқығы қалай сипатталады:

А) затты иемдену мүмкiншiлiгiмен.

В) заттың нақты және заңды тағдырын анықтау мүмкiншiлiгiмен.

С) заттан оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алу мүмкiншiлiгiмен.

D) меншiктен табыс алу мүмкiншiлiгiмен.

Е) пайдалану мүмкiншiлiгiмен.

 

Глоссарий

Рынок Нарық Market
Рыночная экономика Нарықтық экономика Market economy
Рыночный спрос Нарықтық сұраныс Market demand

 

 

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8..Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,2009.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)