Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономика баскару академиясы

Читайте также:
  1. IV Раздел. Экономика производства.
  2. Административно-командная экономика
  3. АЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  4. АЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  5. Блок №6 Экономика предприятия
  6. Государственная муниципалистическая экономика
  7. Интернет и экономика
Пән: Экономикалық теория негіздері  
2 кредит 1,2 семестр 2012-13 оқу жылы
Тәжірибе № 4: Қоғамдық өндірістің нышандары, Тауарлы өдіріс. .Суанбаева У.Н.

 

Айырбас- тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу қасиеті.

Қоғамдық өндірістің екі формасы бар: натуралды және тауарлы. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолыңмен жасау жатады. Ол өндіріс күшінің әлсіз дамуы мен өндірген өнімге қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігінмен сипатта. Біріншісі қандай да бір болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Ал екіншісі болса тарихи сипатқа ие, ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болды. Өзінің өрленуіне басымдылық жағдайға жетті, кейін анағүрлым жетілген формаға ороын беріп, құлдырауға түсті. Сондықтан натуралды – адамдар өнімді айырбасқа рынокқа жеткізуге ұмтылған. Басым форма ретінде натуралды шаруашылық тарихтың өлшеп берген жолын өтеп берді. Алайда өндіріс тұтынушы принципі бойынша байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементін қазіргі заманғы қоғамның макро, микро деңгейлерінде көрінеді.

Микро деңгей- натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсеткен бау-бақша жеріндегі жұмыс мысал бола алады.

Тауарлы - өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірілген тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық. Тауарлы шарушылықтың пайда болуының шарты – нақты бір өнімді шығаруға өндірістің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.

Қоғамдық еңбек бөлінісі үш кезеңнен тұрады:

1) мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасында ұдайы айырбастың пайда болуына жағдай жасады.

2) қол өнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды.

3) сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.

 

Тауар сату және сатып алу үшін өндірістен өнім тауардың екі түрі бар: тұтыну құны және айырбас.

Тұтыну- адамның, қоғамның қандай да болмасын бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас- тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу қасиеті. Сондықтан осы тауарды өндіруге кеткен еңбектің де екі сипаты бар.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қоғамдық өндіріс нышандары ұғымының сипаттамасы.

2.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды және товарлы.

3.Еркін бәсекелік тауар шаруашылығы жэне ұйымдастырылған рынок.

ТЕСТ

Келесi пiкiрлердiң қайсысы дұрыс:

А) экономикалық заңдар объективтi болады, бiрақ адамдар оларды зерттеп, iс жүзiнде қолданулары қажет.

В) экономикалық заңдарды адамдар анықтап бекiтедi.

С) экономикалық заңдар адамдардан тыс, бөлек әсер етедi.

D) экономикалық заңдар мен құқық заңдары бiрдей.

Е) дұрыс жауаптары: В және D.

Экономикалық заңдар деген не:

А) өндiрiс қатынастарының ең маңызды iшкi, тұрақты себеп-салдарлық байланыстары.

В) экономикалық құбылыстар тұралы қалыпты түсінік.

С) экономикалық құбылыстардың мәнiн анықтайтын ғылыми ұғым.

D) экономикалық қатынастар мен қызметтердi реттеп, анықтайтын азаматтың заң жүйесiнiң баптары.

Е) құқық заңдары.

Өндiрiстiк мүмкiншiлiктер сызығында өнiмнiң бiр түрiнің өсуi, екiншi өнiмнiң қандай жағдайымен тiркеседi:

А) тұрақты көлемiмен.

В) көлемiнiң өсуiмен.

С) көлемiнiң қысқаруымен.

Д) көрсетiлген жауаптардың кез-келгенi дұрыс.

Е) тұтынудың пропорционалды өсуiмен.

Экономикалық жүйенiң тиiмдi қызметi өндiрiстiк мүмкiншiлiктер сызығында қалай көрiнедi:

А) графиктiң кез келген нүктесi ретiнде.

В) қисық сызықтың iшкi аумағындағы нүктемен.

С) қисық сызықтың сыртында орналасқан нүктемен.

Д) координаттар сызықтарына тең аралықта орналасқан графиктiң нүктесi ретiнде.

Е) тұтынушы таңдауын.

 

Глоссарий

кругооборот капитала капиталдың ауыспалы айналымы circulation of capital
инвестиции инвестициялар investment
валовые частные внутренние инвестиции жалпы жеке ішкі инвестициялар gross private domestic investment
оборотный капитал айналым капиталы circulating capital

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8..Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,

2009.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 49 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)