Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Борыш пен парыз

 

Күн сайын өз борышың мен парызыңа қызмет ет.

Өзімнің өзіме іштей айтатыным

 

Борыш пен Парыз. Пенде ойынан ешқашан шығуға тиісті емес!

Адам атаулы өзінің айналасына борыштар.

Отан, туған-жер, ата-ана, достар, адамдар алдындағы бұл қасиетті сезімді қастерлеп өтуіміз керек.

Бір аңшы кішкентай құсты ұстап алып, торға қамапты. Тордағы құс күні-түні «Отан», «Отан», «Отан» — деп зарлайды екен. Аңшы: «Бұл кішкентай құстың отаны қайда екен, зарлауына қарағанда нағыз жұмақ сонда шығар. Босатайын да, қайда баратынын бақылап, сол ғажайып жерге баратын жолды біліп алайын» деп ойлапты. Құс отырған тордың есігін ашып, ұшырады. Құс он аттам жерге ұшып барып, жалаңаш тастардың ортасында өсіп тұрған кәрі сексеуілге барып қоныпты. Сол сексеуілдің бір бұтағында құстың ұясы бар екен.

Ата-анаң сияқты Отаның да солай жадында жүруі тиіс. «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы — туған жері» (И. Тургенев). Сондықтан да өз еліңді, өз бесігіңді, өз үйіңді сүюің – абзал борышың.

Қасиетті Ордабасым, бауырмал Бөржарым! Жанымды әрдайым тебірентетін, толқытатын, өткенін сағындыратын киелі мекенім менің! Ондағы сабақ берген ұстаздарым! Бірге оқыған сыныптастарым! Қазыналы қарттарым! Ағаларым мен апаларым! Сіздерді әрдайым еске алып, алдарыңызда бас иемін. Өмірде борыш сезімі болмаса өмірдің де шын бағасы болмаған болар еді ғой.

Адамның атқарып жатқан борышы мен парызына қарап көп жәйтті аңғарасың. Адам деген есіміңнің қандай дәрежеде екенін осыдан байқап, ой түюге болады. Күнделікті өмірде адамдық істерің болмысыңды айқындайды. Кейде біреуге сөз беріп қойып, орындай алмай қиналып жатасың. Иә, уәде берме! Берсең орындауға тиіссің! Қолыңнан келмесе, атқара алмасаң несіне сөз бересің? Біздің халықтың, адамдардың мықтылығы оның сөзінде тұруында деп бағалауында үлкен мән жатыр. Шындығында адамды адам ететін осындай қасиеттері емес пе?!

Сертті бұзудан артық сорақылық жоқ! Кез келгенге, жолыққан жанның бәріне серт беріле, уәде айтыла бермесе керек.

Өз жолыңды тазалап алғанға не жетсін?! Ауланы сыпырып тұрмасаң кір-қоқыс басып кетпей ме? Адамдық борыштарыңды атқарып тұрмасаң жанды кір басады. Бойыңдағы ауыр азаптан құтылған жөн.

Егер сен адамдық борышыңды өтей алмасаң онда өмір сүрдім деп те айта алмайсың.

Борыш пен парызға адал болған жан ғана адамдар көзіне тура қарай алмақ. Бұл арлы нәрсе. Ал ар-ұятты ешқашанда ұмытуға болмайды. Оны ұмытқаның – өзіңді ұмытқаның!

* * *

2 қазан, сәрсенбі, 1996 жыл

 

ЖҮРЕККЕ ҰЯЛАҒАН САҒЫНЫШ

Әсем Алматы қандай көрікті! Қала шетіндегі «Мамыр» ықшам ауданында тұрамыз. Еңсесі биік. Ауасы таза. Күнделікті бір топ депутат бір автобусқа мінеміз. Бүгін де сол интернаттың балаларындай жиырма шақты жан орталықтағы жұмысқа зулап бара жатырмыз. Алдындағы Алатау күлімдеп қарайды. Көшенің екі жағындағы тізілген тал-теректер сап түзеген сарбаздардай...

Әркім өз ісімен әлек. Бірі үнсіз толғаныста. Кейбіреулері соңғы жаңалықтарды талқылауда...

Ал мен ой құшағына берілгем. Ел жақты ойлаймын. Шіркін Созақ киелі өлке ғой! Ондағы адами қасиеттері жарқырап тұратын жылы жымиысы басым Ләндә ағамды, жас баладай аңқылдап жүретін, күйші Генерал ағамды қалай сағынбассың?! Әріптестерім, ақын Сағынтай Бәйділдаевты, Ниязәлі Дүйсебековты... аңсайсың. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра түсесің. Елге танымал қаламгерлер Жарылқасын Боранбаев, Дулат Тұрантегі, Өскен Бөрғазиевтердің жырлары жаныңа жылы леп сыйлайды. Сазды әуенімен жүрегіңді жаулап алған сазгер Әділбек Нысанбаевтың әндері көңіліңді сағынышпен тербейді. Түлкібастағы Рүстем Ахымбеков, Қасымбек Қалмырзаев, Нышан Байғұтов, Райса Загородникова, Тарту Сұранқұлов сынды абзал жандарды еске алып, бәрі-бәріне ризашылығымды білдіргім келеді. Әсіресе, Балықтыдағы мектепте түннің бір уағына дейін созылған әсерлі кеш естен шыға ма?

...Сөйлегенде арқаланып кететін, дарынды досым Төрегелдіні, қашанда жайбарақат Құрмашты, ұсынысын ұтымды жеткізетін Ғалымжанды және жаны жайдары Жарылқасынды көз алдыма елестетіп өтетін күндегі әдетім осы.

Кешегі сын өткелде жанымнан табылып, жан жүрегімен жанкүйер болған жарқын жүзді жандардың бәрін сағынамын.

Сағынышты Созағым! Табиғаты сұлу Түлкібасым! Орны бөлек Ордабасым! Саған әбден бауыр басып қалғанмын-ау.

Ойламай, сағынбай өмір сүру мүмкін емес шығар...

Сағыну деген қандай әдемі құдіретті сезім еді десеңізші?!

 

10 қазан, бейсенбі, 1996 жыл

 

Жүректен шыққан жеті сөз

 

Өмірде адамның бәрі — жалғыз. Жалғыздықсыз, мұңсыз, қасіретсіз адам Адам боп қалыптасуы мүмкін емес!

* * *

Өзіңе дұрыс өмір сүру үшін де өзгелерге қастық ойлама. Сонда ғұмырың да, жолың да ұзағырақ болады.

* * *

Өмір сүру — жарық дүниенің жақсылығына, ертеңіне сену, алдағы күннен үміт күту, жігерлену.

* * *

Өз өзіңді кінәлай берсең өз қадіріңе жете алмайсың.

* * *

Адамнан адамға керегі ыстық ықылас, достық көмек, мейірімді сөз ғана. Бар өмір рахатының өзі осы емес пе?!

* * *

Өзіміз қателік жасасақ онша мән бермейміз. Бала бір қателік жасаса жер-жебіріне жетеміз. Меніңше, оны мақтап, басынан сипап отырып сенім ұялатқан абзал.

* * *

Өз отбасын ойламаған Отанын да ойлап жарытпас.

 

 

ҮШІНШІ ДӘПТЕР

ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ

 

 

ЛОНДОННАН ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАР

 

12 қазан, сенбі, 1996 жыл

Бірінші хат:

Жолыңда тас жатпасын!

Ей, білімдар, түзу ұста жібіңді,

Кетпе ұмытып, ойлан тек пен түбіңді.

Сайф Сарайи,

Алтын Орда дәуірінің ақыны

Ұлым, саған бүгін Лондоннан арнайы хат жазып отырмын. Еліңнен, өз жеріңнен тым алыс болғандықтан ба, санаңды сағыныш билейді екен.

Бір тәулікке жуық ұштық-ау, сірә?! Менің досым Валерий Громов ақкөңіл жан... Бүгінгі туған күні төрт мемлекеттің астанасында атап өтілді. Алматыда ұшардың алдында аэропортта Валераның туған күнін естіп, ақ тілектер басталды. Одан ол Москваға келіп қонғанда жалғасты. Берлинде ұшақ ауыстырған сәтте де тоқтап қалмады. Одан Англияға жеткенде Лондонда тағы мерекеленді. Делегациямыздың басшысы, ардақты ағамыз Қаратай Тұрысов тың «Сен бақытты жансың» дегенінің өзі-ақ жеткілікті еді.

Жақсы адамның қасында жүрудің өзі — бақыт екен ғой. Айналасына қуаныш сыйлап, өзіңмен тең дәрежедей сөйлесе білгені пенде мерейін өсіреді. Қаратай ағамнан жол бойы көп нәрсені үйрене түстім.

Мен Англияны сырттай жақсы көретін сені ойлап отырмын, Мұхтар! Себебі, сен өсіп келе жатқан жас құрақсың. Үлкен өмірің алда. Ертеңгі күннің пайымы мен парқын осы бастан біле бергенің жөн.

Кедергісіз, қиындықсыз алға ұмтылу мүмкін емес. Мұны түсінеді деп білемін.

...Жол жүрер алдындағы күн маған да әсер етті. Сабақтан келе салысымен:

- Қандай баға алдың? - дегеніме:

- Бес! Бес! — деп бір алақаныңдағы бес саусағыңды екі рет көрсететінсің. Ал бүгін басқаша. Дағдылы сұраққа жауап берудің орнына күле бердің. Сыртың күлгеніңмен ішің қысылып тұрғанын жүрегім сезді. Қипалақтамай турасына көштің.

— Көке, «екі» алдым...

— Қай сабақтан?

— Математикадан.

— Берген есепті шығара алмадың ба?

— Жоқ!

— Енді не?

—Тақтадағы оқушы жазған есеп туралы пікірімді сұрады, мұны күтпегендіктен мен ойланып жауап беріп ем, ағай естімеді-ау деймін «екі» деп отырғызып қойды...

Екі беті қызарып, намыстан өртеніп тұр. Мені ұрсады деп қысылғаны да байқалады. Көзінің астымен жәутеңдеп қарай береді.

— 5-сыныптың оқушысы «екі» алса не істеу керек екенін өзі біледі.

Менен естір бар әңгіме осы болды. Ұлым математика сабағынан «екі» алсаң ертең «бес» арқылы жөндеуіңе болады. Ер жеткен соң алда ауыр өмір сабақтары келеді. Онда алған «екіңді» жөндеуің қиынға түсері хақ.

Бірде Абылай хан:

— Баланың жақсысын, бай болатынын, жалқау, кедей болатынын қалай болжап айта аласыз? - депті.

Сонда Бұқар жырау:

— Жақсы бала көпшіл, бай болатын бала ұйымшыл, айырбасшыл, жаман бала еріншек, жалқау, қыңыр болады, — депті.

Осыған орай ойыма мына бір әңгіме түсіп отыр.

Байымайтын бала

Ертеде бір ақылды адам, баласын досына жұмсайды.

«Сен барып менің досымнан көп алтын сұра, оны саған қарызға береді. Сонымен кәсіп істе» дейді...

Баласы барады... Үйге кіріп келсе әкесі айтқан адам төрде отыр. Үйдің ортасындағы ашық отқа жылынып, әкесінің сәлемін айтады. Бай келісіп бір дорба алтын береді.

Бала кеткелі жатып, темекісін алып қағазға орап, қалтасынан сіріңке алып, тұтатады. Байқап отырған бай: «Балам алтынды өзіме қайтар, өзің кете бер», — дейді.

Әкесіне келіп болған жайды айтады. Сонда әкесі:

— Жаныңда тегін от жанып тұрғанда, сен сіріңке шығындадың.

— Қателігің сол! Сен байымайтын бала екенсің, — депті.

Иә, бұл жерде не себепті алтынды қайтып алып қойғаны түсінікті шығар?! Пайымдылық зиян болмайды.

Құдайға шүкір, жалқаулығыңды, қыңырлығыңды байқаған емеспін. Мектептен келе салысымен киіміңді де шешпей сабағыңды даярлауға кірісесің. Осы құлшынысың маған ұнайды. Әрине, тоғыз жасар балаға өзінен екі жас үлкен балғындармен бірге оқу да оңай емес шығар?! Сонда да сезімталдық пен ізденіс керек.

Қателігіңді дер кезінде жөндемесең тағы бір қателік қосып алуың мүмкін. Дәл қазіргі алған «екілігің» жолында жолыққан кедергі деп біл.

«Жүріп өткен жолыңда аяқ астында тас жатса, өзің сүрінбесең де алып таста. Сенен кейін жүргендер зәбір шекпесін» деуші еді бұрынғылар.

Өмірдің ащы-тұщысын көрген жан арттағы ұрпағының тағдырына алаңдайды. Әрбір қадамынан үміт күтеді. Сәттілік тілейді. Денінің сау болғанын қалайды.

Иә, адам өмір сындарынан өткеннен кейін кездескен қиыншылықтарға тойтарыс беруді үйренер. Ақыл-парасатың, жігер-қайратың толысқанда ғана дұрыс шешім қабылдайсың. Әйтпегенде тағдырдың күшті толқындары жағаға шығарып тастауы да мүмкін.

* * *

 

13 қазан, жексенбі, 1996 жыл

Екінші хат:

Өкпешіл болма!

«Ақылды адам өкпелемейді,

дұрыс қорытынды шығарады».


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 143 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)