Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Морфема жігіндегі диссимиляциялық құбылыстар.

Читайте также:
  1. МОРФЕМА КАК ЕДИНИЦА ЯЗЫКА. КЛАССИФИКАЦИЯ МОРФЕМ

Диссимиляция (лат. dissimilatio - ұқсамау) — Диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Сөз ішінде қатар келген ұксас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы. Диссимиляциялық құбылыстар түгел морфонологиялық құбылысқа жатуы тиіс. Себебі қазақ тіліндегі дисс.қ құбылысқа жататын өзгерістердің қай-қайсысы да да артикуляциялық жағдаймен шектелген, сөйлеуде бірыңғайлық танытпайтын, бұрынғы қалпымен жарыса қолданыла беретін сөз нұсқалары.Қазақ тілінде дисс. Құбылысын К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» еңбегінде: ауылда, молда деген сөздердің әуелі ауылдаа, молла болып айтылуын дисс.ға жатқызады.

Метатеза туралы түсінік. Қазақ тіл білімінде зерттелуі. Метатеза немесе ауысым(гр. metathesіs – ауыстыру) – сөзде дыбыстың не буынның орын ауыстыруы. Ол:

1.тарихи метатеза (өкпе – өпке, қақпан – қапқан), 2.кірме сөздердегі метатеза (құтпан – құптан), диалект(жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін) метатеза (дария – дайра, қолбақ – қолғап) деп бөлінеді. Негізінен сөзді аз жұмсап ыңғайлы дыбыстаға әрекеттені нәтежиесінде пайда болған. Көрші дыбыстардың өзара орын ауыстырылып қолданылуы ПҚ>ҚП, ПК <КП, БЖ>ЖБ Мыс:қапқақ-қақпақ, әпкіш-әкпіш, күбжеңде- күжбеңде; Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың арасында: жарықшақ-жарғышақ, бағзыда-бағызда, есіт-есті; Алыс тұрған дыбыстардың орын ауыстыруы. Мыс: айналсоқта-айналқоста, селқос-селсоқ, жалаңаш-жаңалаш; Метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс саналады. Оны тану үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің деректері тіліміздің бүгінгі жай-күйімен салыстырылады, дыбыстардың орын алмасуы анықталады.
11 ғ-да М. Қашқари “Диуани-лұғат ат-түрік ” атты зерттеуінде түркі тайпалары тілінде қ мен ч; ғ мен д; ш мен н; ғ мен м; ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсеткен. Мысалы, қарлығаш – қарғылач, қоңсы – қошны, жаңбыр – йағмур. Түркі тілдеріндегі метатеза құбылысын В.В.Радлов зерттеді. Ол дыбыс тіркестерінің орын алмастыру түрлерін көрсетті:

пк, бг дыбыс тіркестері кп, гб болып жұмсалады: өкпе – өпке, әпкел – әкпел;

алтай, хакас, тува, т.б. түркі тілдерінде гм дыбыс тіркесінің орнына мг, ңм, ңб тіркестері қолданылады: йағмыр – йамғыр;

Морфонолгияның фонетикадан өзгешелігі:

Дыбыс алмасудың екі түрі бар. Біріншісі көрші дыбыстардың әсерінен болатын комбинаторлық өзгерістер. Бұл өзгерістер фонетикалық заңдылықпен түсіндірілгендіктен бұндағы алмасуларды фонетика ғылымы қарастырады.Ал, м.қ дыбыс алмасулар көрші дыбыстың әсерінсіз жүзеге асатын комбинаторлық емес алмасуларға жатады. Бұл өзгерістер қызық тіл білімінде дыбыстар сәйкестігі деп аталады. Фонетикалық дыбыс алмасуларды белг. Бір позицияда ғана өзгеріс іске асса, морфонологиялық дыбыс алмасуда бір позицияда түрлі өзгерістер пайда болады

Позициялық алмасуда ешқашан ауытқу болмайды. Мыс: «е» дыбысы мен «ш» дыбыс қатар келсе әрқашан «ш» түрінде дыбысталады. Ал морфонологиялық дыбыс алмасуда әрқашан ауытқу болады. Мәселен, қ.т фонетикасында үнді дыбысқа аяқталған сәтте жалғанатын қосымша дауыссыз дыбыстан басталатын болса, ол әрқашан үнді не ұяңнан басталады деп түсіндіріледі. Бұл түсінік үнді дыбыстарының басқа дыбыстармен тіркесу мүмкіндігін ескермеуден пайда болады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 350 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)