Читайте также: |
|
Жарық беру қондырғыларының жобаларын сәйкес жобалау ұйымдары электржабдықтарын қондыру ережелері мен құрылыс нормаларын,ережелерін құрайтын нормативті талаптар негізінде жасайды.Жарық беру қондырғыларын нормалаудың негізгі мақсаты адамның көру қабілетіне керекті жағдай жасау болып табылады.
7.2-кестеден оқу мекемелері мен орындарында нормалы жарық берудің бірқатар мәні берілген.
7.2-кесте
Оқу орындары мен мекемелерінде жарық берудің бірқатар топтардың төменгі мәнінің нормасы
Панажай аты | Нормалы жарық беру жазықтықтығы көлденең 0,8 м еден деңгейінен биіктікте | Жасанды жарық беру кезіндегі жұмыс орнының жарықтану мөлшері (лк) |
Жалпы білім беретін мектеп және мектеп-интернаттар,кәсіптік-техникалық,арнаулы,орта және жоғарғы оқу орындары: • сынып бөлмелері,аудитория,оқу кабинеттері,зертханалар • сынып тақтасында (ортасы) • жұмыс үстелдері мен парталарда • металл мен ағаш өнімдерін өңдеу шеберханалары • вестибюльдер және сырт киім ілетін орындар | В - тік В – тақтада Г – 0,8 Г – 0,8 Еден |
Адамның көру қабілетіне ерекше қолайлы жағдай жасау мақсатында люминесцентті шамдарды кеңінен қолданады (жалпы орта мектептер мен оқу орындары және т.б.).Оларды басқа жарық көздері арасынан таңдап алу себебі – люминесцентті шамдардың жарық беру қабілеті жоғары,ұзақ мерзімге пайдаланады және жарықты жақсы таратады.
Электр өндірісі шамдардың электртехникалық және пайдалану қасиеттеріне қарай көптеген түрі мен мөлшерін шығарады.
Жарықтандыратын орынның атқаратын қызметі мен өндірлетін жұмыс түріне сәйкес келетін люминесцентті шам түрін таңдайды.ЛБ шамы ең көп жарық беретін қасиетімен ерекшеленеді.Оларды әкімшілік,қоғамдық және өндіріс мекемелері панажайларында қолданады.
Оқу орындарын,аудиториялар мен мектеп сыныптарын жалпы жарықтандыру үшін шашыранды жарықты люминесцентті,мысалы,ЛСО-02 шамы қолданылады.Мектеп сыныбын толық жарықтандыру кезінде тақта аумағын жарықтандыру үшін ЛПО-02 шамын қолданады.
Панажайлардағы көлденең беттерді толық тегіс жарықтандыру үшін электр қондырғыларының жарық ағынын қолдану коэффициенті әдісімен есептеп шығарады.Негізінде,бұл әдісті мектеп ғимараттарын жобалау кезінде қолданады.
Бұл әдісті қолдану кезінде көлденең жазықтықтағы есептелген жарықты жарықтандырғыштан тікелей жарық беретін бетке түсетін,сонымен қатар,қабырға мен төбеден шағылысатын жарықты,жарық ағынын есептеумен анықтайды.Сондықтан бұл әдіс жарық ағынының шағылысуын тудыратын жарықтанудыру үшін қолданады.Яғни,бұл жерде шағылысқан жарық ағыны жарықты шашырататын,шағылыстыратын қабырғалары мен төбелері жарық панажайларға қондырылатын жарықтандырғыштар үшін маңызды рөл атқарады.Жарық беру есебін физика курсынан белгілі төменгі формулалармен анықтайды:
E= (7.1)
мұндағы Е -жарықтандыру аймағы; Ф -аймаққа түсетін жарық ағыны; S -аймақтың ауданы,м2.
Жарық беру қондырғысының мақсаты -мөлшерленген жарықтанудың орналасуын анықтауды қамтамасыз ететін жарық көзінің қуаты мен санын анықтау болып табылады.Жарық көзінің тұрақты қуаты кезінде шамның жарық ағымы жұмыс әсерінен,шамның жарықтандыру арматураларының және жарықтанатын панажайдың төбесі мен қабырғасының ластануынан жұмыс аймағының жарықтануы төмендейді.
Жарықтандыруды қажетті деңгейде ұстап тұру үшін есептлген жарықтандыру мөлшерін (7.1) формула есебінің нәтижесін асырып алады.Бұл қордың кэффициентімен (К) есептеледі.Мысалы,люминесцентті шамның жарық ағыны қызмет ету соңында 20-30% төмендейді.Олар үшін қор коэффициенті 1,5-ке тең етіп алынады.Сонымен қатар,(7.1) формула жарықтанудың орташа мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді,яғни жарықтанудың төменгі мөлшері есептеледі.Бөлмелердегі кез келген жұмыс орнында жарықтандырудың төменгі мөлшерін алу үшін (7.1) есеп формуласына,сонымен қатар жарықтандырудың біркелкі емес (Z) коэффициентін кіргізеді.Люминесцентті шамдар үшін бұл коэффициент мәнін 1,1-1,2-ге тең етіп алады.
Жарық ағынын қолдану коэффициенті жарық көзінің барлық жарық ағыны есептелген жазықтыққа түспейді,оның шамалы бөлігі жұтылады.Жарық ағынын қолдану қолдану коэффициенті,есептелген жазықтыққка түсетін жарық көзінің жарық ағынының қатынасына тең.Бұл коэффициент жарық ағынын қолдану тиімділігімен сипатталады.Ол жарықтандырғыштың орналасуы мен жарықты таратуымен,сонымен қатар,жарықтанатын панажайлардың геометриялық өлшемімен және оның аймағының шағылыстыратын қасиетімен анықталады(яғни,төбені шағылыстыратын коэффициентімен – Рпот,қабырғалар- Рст,есептелген жазықтықта- Ррасч).Бөлменің геометриялық өлшемдері мен жарық қондырғысының іліну биіктігінің жарық ағынын қолдану коэффициентінің мөлшеріне әсері бөлменің (I) индексімен анықталады және төмендегі формуламен есептеледі:
. (7.2)
А және В – панажайдың ұзындығы мен ені; Пр-жарықтандырғыштың есептелген биіктігі.
Бұл коэффициенттің нақты мөлшерін электртехникадағы анықтамадан алуға болады.ЛСО-02 және ЛПО-02 жарықтандырғыштарына арналған кестелердің мысалдары төменде көрсетілген.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларды ескере отырып,жарықтандыру нормасына сай талапты жасауға қажетті жарықтандырғыш санын анықтаудың негізгі формуласын анықтауға болады;
N= , (7.3)
мұндағы Ф -пайдаланатын шамның жарық ағыны,лм; Е -нормада көрсетілген ең төмен жарықтану,лк; К -қор коэффициенті; S -панажай ауданы,м2; Z -біркелкі емес жарықтандыру коэффициенті; -жарық ағынын қолдану коэффициенті.
Ашық түске боялған оқу бөлмесінің жарықтануын есептеу үшін төбеден,қабырғадан және жұмыс орнынан шағылысу коэффициентн Рпот=70%,Рст=50%,Pрасч=10% етіп алады.Осы жағдайда коэффициентін төмендегі кестеден табуға болады.
7.3-кесте
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 269 | Нарушение авторских прав