Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шудан қорғану.

Шудан қорғану әдістер мен шаралар.12.1.003-83 МЕСТ технологиялық әдістерді әзірлеген, машиналарды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаған және пайдаланған, және де жұмыс орнын ұйымдастырған кезде адамға әсер ететін шуді рұқсат етілген мөлшерлерге дейін төмендетуді талап етеді. Шуды төмендету келесі шаралармен жүзеге асырылады: техникалық құралдармен машиналар шуын пайда болу көзінде төмендету; құрылыс-акустикалық шаралармен; шулы машиналарды қашықтан басқаруды қолданумен (блоктық қалқандар, басқарудың орталық қалқаны бөлек ғимаратқа шығарылған); ұйымдастырушылық шаралармен, жұмыс істеу мен демалудың тиімді тәртібін таңдау, шулы жағдайларда болу уақытты азайту, емдеу-профилактикалық шаралар; жеке қорғану құралдарын қолданумен, шлемдер, құлаққалқандары.

Шудың деңгейі 85 дБА-ден асатын аймақтар қауіпсіздік белгілерімен белгілену керек. Бұл аймақтарда жұмыс істейтін жұмыскерлер жеке қорғану құралдарымен жабдықталу керек. Шудың деңгейі 135 дБА-ден асатын аймақтарда тіпті қысқа мерзім болуға тыйым салынады.

Әртүрлі мамандар үшін жұмыс орындарындағы шудың деңгейін шектеу әртүрлі әдістермен орындалады. Мысалы, электростанцияның кезекші инженерлері жұмыс істейтін бөлмелердің қазан-турбиналық цехтердің бөлмелерімен ортақ фундаменті немесе қабырғалары болмау керек. Шудың сыртқы көздерін,трансформаторлар, бу және газ құбырлары, олардан алшақтап орналастыру керек. Қазан-турбиналық цехінің ауысым бастықтарының және аға машинистерінің жұмыс орындарын бөлек шудан оқшауланған +0 м белгісінде орналастыру керек. Турбиналардың машинистер-тексерушілері үшін шудан оқшауланған кабиналарды орналастыру жөн болады және де жеке қорғану құралдарын қолдану ұсынылады.

ЖЭО-ның кейбір учаскелерінде шудың екінші көздері кездеседі, оларда шу дірілдің басқа көздерінен берілетін дыбыстардан және дыбыс толқынының шағылуынан пайда болады,

ЖЭО-ның кейбір учаскелеріндегі шудың нақты деңгейлері 2.1.1 кестеде келтірілген.

 

2.1.1 Кесте – ЖЭО-ның кейбір учаскелеріндегі шудың нақты деңгейлері

 

Шудың көзі Шу көзінен 1 м қашықтықтағы шудың деңгей
Қазан 75-105
Турбина 79-117
Арматура, бу құбырлары 86-120
Күлді үгітетін жабдықтар 85-115
Күлмен шлакты жоятын агрегаттар 91-92
Циркуляциялық және желілік сораптар 82-101
Қамсыздандыратын сораптар 90-115
Үрлегіш желдеткіштер 86-91

Дірілден қорғану.

Дірілден қорғану шаралар.Діріл деп кеңістікте таралатын серпімді денелердің кез-келген механикалық тербелістерін атайды. Дірілдің көзі болып әртүрлі технологиялық үрдістер, механизмдер, машиналар және олардың жұмыс органдары болады.

Діріл жалпы және жергілікті болы бөлінеді: жалпы діріл кезінде діріл адам денесіне тіреуіш беттер арқылы беріледі, жергілікті діріл кезінде діріл адамның қолдары арқылы беріледі.

Энергетикалық кәсіпорындардың жұмыс учаскелерінде дірілдің деңгейі рұқсат етілген шамадан аспайды. Тек шектелген аймақтарда ғана дірілдің деңгейі шамадан асып кетеді, атап айтқанда: тубиналар орналасқан аймақтар, көмір беру галереяларының, генераторлардың, көмір үгітетін диірмендер электрқозғалтқыштарының, қазан-турбиналық цехінің жоғары кернеу құрылғыларының аймақтарында. Мысалы генератор астындағы дірілді азайту үшін жұмыс алаңы фундаментінің массасын жоғарлатумен немесе ені 1-2 см ауа саңылауын жасау арқылы генератор фундаменті мен жұмыс алаңы арасындағы қатты байланысты жоюмен жүзеге асыруға болады. Аталмыш учаскелердегі дірілді еденді вибродемпфирлік материалдармен жабумен төмендетуге болады, олар еденнің төменгі бетіне резеңке жолақтар немесе арнайы кілемшелерді төселіп жабыстырылады. Сонымен қатар дірілден діріл басушы аяқ киімде жақсы қорғайды.

Пневматикалық және электрлік қол машиналарымен жұмыс істеген кезде діріл әсерінен қолды қорғайтын жеке қорғаныш құралдарды қолданады. Оларға амортизациялық төмегіштері бар қолғаптар мен биялайлар жатады.

Дірілден қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-техникалық шараларға келесілер жатады: машиналардың техникалық күйін олардың нормативтік-техникалық құжаттарында қарастырылған жағдайларында ұстау; жұмыскерлерге діріл әсерінің ұзақтылығын реттейтін еңбек тәртіптерін енгізу. Мысалы, діріл құралымен бір сағат жұмыс істеген соң 10-15 мин үзіліс немесе дірілмен байланысы жоқ жұмыс істеу керек. Діріл құралымен үстеме жұмыс істеуге болмайды.

Өндірістік жарықтанудың жағдайы.Бірқалыпты көру жұмысын және ағзаның белсендік қызметін қамтамасыз ету үшін, қолайлы тиімді жағдайды қамтамасыз ету, ол яғни оңтайлы жарықтандыру жұмысы болып табылады. Көру қабілеті еңбек үрдісін табысты орындаудан басқа өндірістік жарақаттарға тосқауыл қойып, оны болдырмауға септігін тигізеді. Сонымен қатар еңбек қорғау саласындағы ең өзекті мәселе болып табылады. Жарық көзін тиімді жобалай білу, ол жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізеді. Қолайлы жарық көзі көру жұмысына адамның психикасына әсер етеді, сондай – ақ еңбек үрдісіне, жұмыс қабілетіне және денсаулықты сақтауға өзінің септігін тигізеді.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 281 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)