Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ас қорыту ағзалары

Топографиялық перкуссия

Алдыңғы жағынан өкпе ұшының биіктігі сол және оң жағынан 3 см, артқы жағынан VIII мойын омыртқасының сүйір өсіндісіне сәйкес келеді. Кренинг алаңы сол және оң жағынан 5 см.

Төмеңгі өкпе жиегінің шекаралары.

Белгілі сызықтар Оң жақ Сол жақ
1. Төс маңы сызығы ІV қабырға аралық -
2. Бұғана орта сызығы VІ қабырға аралық -
3. Қолтық алды сызығы VІІ қабырға аралық VІІ қабырға аралық
4. Қолтық орта сызығы VІІІ қабырға аралық VІІІ қабырға аралық
5. Қолтық артқы сызығы ІХ қабырға аралық ІХ қабырға аралық
6. Жауырын орта сызығы Х қабырға аралық Х қабырға аралық
7. Омыртқа маңы сызығы ХІ қабырға аралық ХІ қабырға аралық

Өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы (өкпе экскурсиясы):

Топографиялық сызықтар Өкпенің төмегі жиегінің жылжу шектері, см
Оң жақ Сол жақ
Дем алғанда Дем шығарғанда Қосқанда Дем алғанда Дем шығарғанда Қосқанда
1. Бұғана ортаңғы сызығы 2-3 2-3 4-6 - - -
2. Қолтық асты ортаңғы сызығы 3-4 3-4 6-8 3-4 3-4 6-8
3.Жауырын сызығы 2-3 2-3 4-6 2-3 2-3 4-6

Аускультация әдісімен тексергенде, өкпені тындағанда везикулярлық тыныс естілді. Қосымша тыныс шуылдары: сықыр, сырылдар, плевра үйкеліс шуылдары естілмейді. Бронхофония: күшеймеген.

Қанайналым ағзалары:

Жүрек тұсын қарағанда патологиялық қағу, дөңестену, ойықтану байқалған жоқ. Жүрек пішінінің кеудедегі нұсқасы өзгермеген. Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралыққа сәйкес келеді, 1,5 см ішке қарай. Күші, биіктігі, резистенттілігі қалыпты. Ірі қан тамырлары аймағында патологиялық пульсациялар байқалмайды.

 

Жүрек перкуссиясы:

Шекаралары   Салыстырмалы   Абсолютті  
Оң жақ   Сол жақ   Жоғарғы Төстің оң жақ сызығымен IV қабырға аралықта 1 см сыртқары Сол жақ бұғана орта сызығы бойынша V қабырға аралықтан 1 см ішке Сол жақ төс маңы сызығында III қабырға аралығында     Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы   Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасына сәйкес III қабырға аралық    

 

Жүрек конфигурациясы аортальді. Тамырлар шоғырының ені төстің шетімен II қабырға аралықта 5 см. Жүректің көлденең өлшемі – 12 см. Аускультацияда: Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ырғағы дұрыс. ЖСЖ-96 рет /мин, АҚҚ 120/80 мм.с.б. Перифериялық артериялардағы пульс орташа, толымды, ырғақты, кернеулі, екі қолда да бірдей.

 

 

Ас қорыту ағзалары

Тәбеті орташа, аузының дәмі бұзылмаған. Ауыз қуысы — таза, тілі құрғақ,ақ жабынмен жабылған.Еріннің,таңдайдың,жұтқыншақтың ішкі беткей шырышты қабатының түсі қалыпты. Бадамшалар өзгеріссіз. Тістерінің патологиясы жоқ. Аузы шамалы кебеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз.

Іші дұрыс формалы,симметриялы,іштің кебуі жоқ. Асқазан мен ішектің айқын перистальтикасы мен антиперистальтикасы байқалмайды.Шап жарығындағыдай томпаю байқалмайды. Іштің оң жағы сол жағына қарағанда тыныс алу актісінде қалып отырады.

Асқазан. Асқазанның үлкен иіні омыртқа жотасының екі жағынан да формасы доға тәрізді, жұмсақ, қатпарлы болып сезілді және ол ауырмайды. Асқазанның кіші иіні, қалтқысы пальпацияланбайды. Асқазанды перкуссиялғанда төменгі шекарасы 3-4 см-дей кіндіктен жоғары жатыр.

Ішек. Пальпация әдісімен ішекті тексергенде:

Беткей пальпация: іші жұмсақ,құрсақ бұлшықеттерінің ажырауы,іш жарықтары,беткей орналасқан ісіктер байқалмайды.

 

Образцов – Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпациялау:

Сигма тәрізді ішектің үсті тегіс, тығыз, ауырмайды, жылжымалы, цилиндр тәрізді. Ішекті 3 см-ге екі жаққа жылжытуға болады, ені – 1,5 см. Шұрыл жоқ.

Соқыр ішекті пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ.

Тоқ ішектің жоғарғы және төменгі бөлігін бимануалды пальпация жасағанда оң және сол жақтан пальпацияланады. Ішек доға тәрізді немесе қатты көлденең цилиндр тәріздес, қалыңдығы 2-2,5 см және жоғары, шұрылдамайды, ауырсынбайды. Тоқ ішектің көлденең бөлімі кіндік тұсында орналасқан, жұмсақ, жылжымалы, цилиндр тәріздес, ауырсыну байқалмайды. Ені – 2 см.Шұрыл жоқ.

Ұйқы безі пальпацияланбайды, Дежарден және Мейо-Робсон нүктелерінде ауырсыну белгілері жоқ.

Инфильтраттар мен ісіктер жоқ.

Перкуссия: құрсақ қуысының үстінен тимпаникалық перкуторлы дыбыс анықталады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)