Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жарықтаядырғыш қовдыргылар есептері

 

Жарықтандырғыш қондырғыларды жобалауда жарық техникалық есеп міндеті жеке шамның қуатын және орнатылған барлық қондырғының қуатын анықтаудан тұрады.

Есептеуде ең алдымен берілген жарықты жасау үшін қажетті жарық ағыны анықталады, ал содан кейін жарық ағыны бойынша стандартты шамдар таңдалады.

Жарық техникалық есептеулер негізінен екі әдіспен орындалады:

а) коэффициентті пайдалану әдісімен;

б) нүктелік әдіспен.

Жарык ағынын пайдалану коэфициенті әдісі бөлмеде жұмыс орнын көлеңкелейгін үлкен қондырғы болмаған жағдайында симметриялық орналатырыған шырағдандары бар жабық бөлмелердің көлбеу жазықтықтарын жалпы біркелкі жарықтандыру есебінде тәжірибеде жеткілікті мэліметтер береді және жарық ағынын қолдануға пайдалануға болады. Осы әдіспен шырағдандардан тікелей жарықталатын Ғn бетіне, сондай-ақ қабырғалардан, төбелерден жэне сол Ғотр, беттен шағылған жарық ағынын ескере отырып, беттің жарықталуы анықталады.

Ғрпотр (5.33)

мұнда Ғр - жарықталатын бетке түсетін қосынды жарық ағыны.

Бұл жағдайда жарық ағынынан шағылудан жасалған жарық үлесі ескеріледі, жарық ағыны коэфициентін пайдалану әдісі шырағдандардан шашыранды, шағылған және- басым шағылған

жарықта ашық қабырғалары және төбелері бар бөлмелердің есебі үшін де жарамды.

Әдетте көлбеу жазық бетіне бөлмелерде орналасқан шамдардан барлық жарық түспейді, оның бір бөлігі жарықтағыш арматурамен, қабырғалармен және төбелермен жүтылады.

Демек,,

Ғр<nҒл

мұнда n - шамдар саны;

Ғл - бір шамның жарық ағыны.

Жарықтандырғыш қондырғының пайдалану коэфициенті деп осы бөлмеде орналасқан барлық жарық көздерінің жарық ағыны қосындысына жарықталатын бөлме ауданына тең көлбеу жазықтыққа түсетін жарық ағынының қатынасын айтады:

Формуладан жарық қондырғысының жарық ағынын пайдалану коэфициенті әрдайым бірден кем болатыны көрінеді. Оның шамасы шырағданның типіне және п.ә.к.не, ілменің биіктігіне, қабырғалар мен төбелердің бояуына, бөлменің геометриялық мөлшерлеріне және ауданына тәуелді.

Шырағданның әр түрі жарықтың қисық күшімен сипатталады. Шьфағдан бөлетін жарық ағынының үлкен бөлігі жарықталатын бетке көп түскен сайын, соншалықты қабырға және төбелермен көп жүлылады, демек, пайдалану коэфициенті артады. Шырағдандар қаншалықты жоғары ілінсе, соншалықты пайдалану коэфициенті төмен болады.

Қабырғалар мен төбелердің бояуы ашық болған сайын, шағылу коэфициенті артады

Пайдалану коэфициентінің бөлменің геометриялық мөлшерлеріне тәуелділігі бір і шамасымен ескеріледі, мұны бөлме көрсеткіші деп атау қабылданған. Тік бұрышты бөлмелер үшін і тәжірибелік формуламен өрнектеледі:

мұнда А және Б - бөлменің ұзындығы мен ені, м;

Нр - шырағданды жұмыс бетінен ілу биіктігі.

Әр шырағдан типі үшін есептік беттің,қабырғалардың, төбелердің шағылу коэфициентіне және бөлме көрсеткіштеріне тәуелді пайдалану коэфициенттері есептелген, олар кестеге жинақталган.

Көлбеу жазықтықтың орташа жарықталуы өрнекпен анықталады:

Есептеуде орташа емес, нормаланған ең аз жарықталуды қамтамасыз ету қажет (орташа жарықтану әр уақытта ең аздан көп болады, яғни,

Ол үшін орташа мен ең аз қатысын көрсететін түзеу коэффициенті енгізіледі.

5.2 кесте. Кейбір шырағдандар үшін Z мәндері

 

Шырағдан типі — қатынасы
0,8 1,2 1,6 2,0
  Z мәндері
Көлеңкелеусіз ' әмбебап 1,2 1,15 1,25 1,5
Эмальданған терең сәулелегіш 1,15 1,1 1,2 1,4
Люцеттатұтас шынысы     1,2 2,2
Сүт түстішар     1,1 1,3
Айналы шам. 1.2 1,4 1,5 1,8
СК-зоо     2,2 1,3
ПМ     1,1 1,2

Zмәні шырағдан типіне және шырағдандар арасындағы салыстырмалы қашықтыққа байланысты. Кейбір стандартты шырағдандар үшін Z мәні 5.2 кестеде берілген.

Люминесцентті шамдары бар қондырғылар үшін есептеуде z коэфициенті 1,1 - 1,2 шектерде бағдар үшін берілген.

Уақыт өткен сайын жарықтандыру қондырғысьшан жарықтану төмендей береді.

Бұл факторды ескеру үшін запас Кзап, коэфициентін енігізеді, ол әр уақытта бірден үлкен.

53 кесте. Запас коэффщиентерінің мәндері

 

Нысан сипаты Запас коэффициенті  
Люминис- ңенті шамдар Қыздыру шамдары Шырағдандарды Тазалау мерзімі
Көпшаң,түтін,күйелі бөлмелер (цементзауыты, құю цехы, тоқыма фабрикаларының жүн түту бөлімі және б..) 2,0 1,7 Айына 4 рет
Орташа шаң, түтін, күйелі бөлмелер (цемент механика цехы, тоқыма току фабрикалары және б..) 1,8 1,5 Айына 3 рет
Шаң аз бөлінетін бөлмелер (аспап жасау өнеркәсібі, кеңсе, конструкторлык бюро жэне б.) 1,5 1,3 Айына2рет
Ашық кеңістіктер 1,5 1,3 »
Қоғамдық және тұрғын ғимараттар 1,5 1,3 »

формулаға запас коэффициентін Кзап енігзіп, жарықталатын бөлменің әр шамының жарық ағынын есептеу үшін негізгі есептік теңдік аламыз:

Жарық ағынының есептелген Ғл мәні бойынша жарық ағынының жуық мәні бар стандартты шамды кернеу желісіне байланысты таңдайды

Пайдалану коэффициенті әдісін қыздыру шамдары бар шырағдандар үшін де, сондай-ақ, люминесцейтІк шамдар үшін де пайдаланады.

Көбіне отандық зауыттар шығаратын шамдардың қуатының шектелуіне байланысты тәжірибеде бір жарық ағынына келетін қажетті шамдар анықталады:

Жарықталатын бөлменің сәулеттік ерекшелігіне сәйкес алынған сан есебінен шырағдандардың санын және ер шырагданға қойылатын шамдардың санын таңдайды.

Меншіктік қуаты бойынша есептеу негізіне пайдалану коэффициенті салынған. Меншікті қуат бойынша есеп:

а)жалпы біркелкі жарық беруде жарық қондырғысының белгіленген қуатын алдын ала анықтау үшін;

б)жарық қондырғысының шығарылған жарық техникалық есебінің дұрыстығын жуықтап бағалау үшін;

в)дәл есептеулерді талап етпейтін шағын және орташа бөлмелерді жобалауда қолданылады.

Меншіктік қуат деп белгілі бір бөлменің жарықталатын ауданға шамдардың жалпы белгіленген қатынасы айтылады:

мұнда Руд - меншіктік қуат;

n - бөлмеде орнатылған шамдар саны;

Рл - бір шамның қуаты, вт;

S- жарықталатын бөлме ауданы, м2.

Осы берілген шамадағы жарықтылық бойынша меншікті қуат шырағдандар типтеріне және олардың орналасуына, шамдарының қуаты мен типтеріне, ілу биіктігіне, бөлме ауданына және оның құрылымына байланысты.

Меншікті қуаттың мәндерінің кестелері жарық-техникалық анықтамаларда келтіріледі.

Меншіктік қуат көмегі арқылы жарықталатын бөлмедегі белгіленген қуатты және жеке шамның қуатын анықтау тәртібі төмендегідей:

1) шырағдан типін және оның ілмесінің биіктігін таңдау;

2) шырағдандардың ең тиімді сандарын белгілейді;

3) сәйкесті кестеден меншікті қуатты Руд табады;

4) электр желісінің кернеуіне байланысты кестелер бойынша алынған меншіктік қуат мәндерін үйлестіреді. 127 В кернеуде меншікті қуатты 15% төмен алады;

5) шамдардың белгіленген қуатын формуламен анықтайды

6) бір шамның қуатын анықтайды

Меншіктік қуат бойынша есептеу тәсілі дербес жарықтандыру үшін, сондай-ақ ауыр заттармен, технологиялық жабдықпен және т.б. көлеңкеленген бөлмелердің жарықтандыруын есептеу үшін жарамсыз.

Жергілікті және сырт жарықтандыру есептеулері нүктелік әдіспен шығарылады. Сондай-ақ нүктелік әдіс жұмыс бетінен кеңістікте түрліше орналасқан, мысалы, көлбеу, тік немесе еңісте орналасқан нүктелердің жарықтануын анықтау үшін қолданылады. Нүктелік әдістің кемшілігі шағылған жарық ағынымен жасалған жарықтануды есепке алмайды. Сондықтан нүктелік әдіс шағылған жарық онша рөлге ие болмайтын, мысалы, төмен шағылу коэфициенті бар қабырғалар мен төбелерде, сондай-ақ сыртқы жарық қондырғыларында жарықтандыруды есептеу үшін қолданылады. Тәжірибеде көп жағдайда шырағданның осіне (келбеу жарықтану) немесе шырағдан осіне паралель тіке жарықтану) жұмыс беттерінде жарықтандыруды анықтауға тура келеді.

Көлбеу жарықтандыруды анықтау былай жүргізіледі. Жарық көзі - О көлбеу бетке Q жарық түсіреді. Жарық көзінен R қашықтықтагы А нүктесіндегі ЕT жарықтануын табу қажет (5.5 сурет).

Жарықтану мен жарық күшінің арасындағы белгілі қатынас негізінде А нүктесіндегі ЕAT жарықтануы теңдеумен анықталады:

мұнда Іα - қарастырылатын нүкте бағытындагы шырағданның жарық күші;

Кзап-қор коэффициенті.

Нр- есептік бет үстіндегі шырағданды ілу биіктігі арқылы R қашықтығын өрнектейміз:

5.5 сурет. Көлбеу жазықтықтағы нүктенің жарықтандыру есебін сұлбасы

 

Демек, бір шырағданнан А нүктесіндегі көлбеу жазықтықтың жарықтануы келесі формуламен анықталады:

Көлбеу жарықтандырудың есебі мына ретте жүреді:

1. Өрнектен шырағданның ілмесінің берілген биіктігі бойынша ща анықтаймыз:

мұнда (d - жазықтықтағы шырағдан осінің есептік нүктеге дейінгі кескін қашықтығы (d шамасы жоспар бойынша өлшенеді), м.

2. Табылған тангенс α бұрышы бойынша тригонометриялық шамалар кестесінен α бұрышын және cos3 α анықтаймыз.

3. Шартты алынған Ғл = 1000 лм шамы бар таңдалған шырағдан типі қисық жарық күшінен табылған бұрышы бойынша жарық Іа.1ОО0- күшін анықтайды. Шартты 1000 лм шамы бар стандартты шырағдандардың қисық жарық күші жарық-техникалық анықтамаларда келтірілген.

4. Есептік формула бойынша шартты көлбеу жарықтандыруды ЕАг (1000 лм шам үшін) анықтайды.

5. Формула бойынша алынған шартты жарықтануды (5.44), шырағданға қойылған шам ағынын ескеріп қайта есептейді:

мұнда Ғ л - ГОСТ бойынша шамның жарық ағыны.

Егер А нүктесі Q бетінде бірнеше шырағданмен жарықталса, онда

мұнда - жекелеген шырағдандармен нүктеде жасалатын жарықтану.

Онда бірнеше шырағданнан А нүктесіндегі нақты жарықты анықтау үшін есептік формула былай өрнектеледі:

мүнда µ- қашықталған шырағдандардан жарықтануды және жарық ағынын қабырғалардан, төбеден және есептік беттен шағылуды ескеру коэффициенті. Бұл коэфициент шамдардың қуатының артуын болдырмау үшін түзету есебінде енгізіледі. Тік жарықты эмальданған шырағдандарда Айналыларда - µ=1,0. Басымды тік жарықты шырағдандарда µ=1,3 -1,6. Шағын шамалы µ қабырғадан қашықталған нүктелерге, ал үлкендер - бөлме қабырғасына жақын тұрған нүктелерге жатады.

Егер бірдей қуаты бар бір типті шырағдандармен жэне шамдармен берілген ЕГ көлбеу жарықтықтағы шам ағынының жарығын анықтау қажет болса, онда (5.47) теңдеуді пайдаланып шығарамыз:

^

О жарық көзімен жарықталатын тік жазықтықта жатқан А нүктесінің тік жарықталуын анықтау үшін осы жазықтыққа перпендикуляр және А нүктесі арқылы өтетін көлбеу жазықтық жүргіземіз (5.6 сурет). Тікбұрышты ОАС үшбұрышынан:

мұнда р - көлбеу жазықтықтағы шырағданның симметрия осінен кескіннің есептік тік жазықтығына дейінгі қашықтық;

R - шырағданнан нүктеге дейінгі қашықтық.

5.6 сурет. Тік жазыцтыцтагы нүктеніц жарықтану есебінің сұлбасы Нүктелік әдістің негізгі теңдеуі бойынша

Жарық көзінен оның ілмесі арқылы есептік А нүктесіне дейінгі қашытықты R белгілейміз:

және оны өрнекке қоялық (5.49), сонда:

Немесе

Жеке жагдайда, егер А нүктесіне түсетін жарық сәулесінің кескіні жарықталатын тік жазықтыққа перпендикуляр болса, (5.51) өрнек төмендегідей болады:

Жұмыс бетінің жекелеген учаскелерінде шырағдандар жасайтын жарықтың есебі үшін тексеру сапасында нүктелік әдісті қолдануда басқа нүктелермен салыстырғанда, жарықталуы алдынала аз болатын жарық нүктелерін таңдап алады. Бұл жағдайда ең аз жарықталу нормаланған жарықтан кем болмауы керек.

5.7 сурет. Нүктелік әдіспен жарықтандыру есебі сұлбасы

 

Қуатты прожекторлармен жарықтандыруда келесі жарық-техникалық есептеулер қажет болады:

а) прожекторларды орнату биіктігін анықтау;

б) прожекторлардың көлбеу бұрышын анықтау;

в) прожекторлардың қажет санын анықтау және олардың жарықтану аумағындағы қолайлы орналасуын шешу;

г) қажетті жағдайларда берілген нүктелердегі жарықтануды анықтау.

Прожекторды орнату биіктігі көз шағылдырмайтын шектеулерде таңдалады. Жасанды жарықтандырудың қолданыстағы ережелері мен нормаларына сәйкес жер деңгейінен прожекторды орнату биіктігі шегі теңдеумен шешіледі:

мұнда 1mах — католог бойынша прожектор жарығының ең үлкен (осьтік) күші.

Егер болса, онда жарықтану нормасын екі есе

азайтуға жол беріледі.

Мысалы, 220 В кернеуде қуаты 1000 Вт шамы бар ПСЗ-45 типті прожектор орнату үшін бағанның ең аз биіктігін анықтау қажет:

Шешімі:

Іmах=130 000 св;

Прожектордың тік түсуі бойынша көлбеуі Ө прожектордың оптикалық осі мен көкжиек арасындағы бұрышпен анықталады (5,8 сурет). Бұл бұрыштың маңызы үлкен, себебі оның артуымен прожектор жасайтын жарық дағы мөлшері азаяды, есесіне жарықтану өседі. Прожектордың ең тиімді көлбеуі Ө болады, мұнда қабылданған ең аз жарықтануда жарық дағының ауданы ең үлкен болады. Ең қолайлы бұрыш есептік жарықтану шығындысынан құрылған функциялар қисықтығы бойынша анықталуы мүмкін.

5.8 сурет. Прожектордың көлбеу бұрышы

5.9 сурет. Ең қолайлы бұрышты анықтау үшін кескіндеме

 

Егер участок бір прожектормен жарыкталса, . Аумақ бірнеше прожекторлармен жарықталғанда олардың жарық дақтары жекелеп бірін бірі жабады. Осы жарық дағының бір шетінде жатқан нүктелердің аз жарықтануын ескеріп, және берілген жарықтану екі прожектордың жарық ағынымен жасалатынын қабылдап, прожектордың ойысу бұрышын таңдауда келесіні аламыз:

мұнда Енорм - нормалар бойынша жарықтану.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 212 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)